1875 жылғы Франциядағы конституция және олардың кейінгі кездегі өзгеруі

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

 

 

I ФРАНЦИЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

1.1 Франция мемлекетінің тарихы............................................................................5

1.2 Орта ғасырдағы жаңа кезеңдегі  Франция..........................................................8

 

 

 
II 1875 жылғы ФРАНЦИЯДАҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ  ЗАҢДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙІНГІ КЕЗДЕ ӨЗГЕРУІ

2.1 1875 жылғы Франциядағы Конституциялық заңдар........................................14

2.2 1946 жылғы Конституция...................................................................................17

2.3 Конституция заңдарындағы өзгертулер............................................................23

 
 

 

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................26 
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  КІРІСПЕ

 

Тақырыптың  өзектілігі. Франция – Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет, аумағы – 550 000 ш. км-ге жуық, халқы – 58.5 миллион адам, бұл Еуропа одағы халқының 15.67%-ын құрайды.

Жаңа саяси ахуал  континенттегі экономикалық және саяси жағдайды өзгертті, сондықтан да қазіргі заманғы Еуропаның алдында шешімін табуды күтетін бірталай мәселелер тұр. Бұл Еуропа Одағына да тікелей қатысты.

Бұл мәселе Атлантикадан Оралға дейінгі бүкіл еуропалықтарды толғандырады. Еуропа елдері ортақ мақсатта тең мемлекеттер ретінде бірігу арқылы аумақтағы саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге тырысуда.

Француз Республикасы еуропалық  және әлемдік саясатта айрықша ролге  ие. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің  тұрақты мүшесі, экономикасы дамыған жеті мемлекеттің бірі, ракеталық-ядролық күш-қуаттың иесі.

Сондықтан да Францияның әлемдік саясатта орны да, салмағы  да ерекше. Осы ретте ХХІ ғасырда  «жаңа әлемдік тәртіп» қандай болады және мұнда жалпы Еуропа, оның ішінде Франция қандай роль атқарады деген мәселе салмақты болмақ.

Осы себептен де Францияның жалпыеуропалық интеграцияны жүзеге асыру  тәжірибесін зерттеп-зерделеу өзекті ғана емес, сонымен бірге осы күні әлемдік күн тәртібінде ежелден  келе жатқан геосаяси мәселе: болашақта  шешуші ролді кім атқарады деген мәселе тұрғанда қосымша маңызға ие болады.

Әсіресе, бұл жаһандану  дәуіріне аяқ басып отырған, әрбір  аймақтық мемлекеттер өзара бірігуге, одақтасуға көшкен қазіргі кезеңде  өте маңызды.

Жалпы Франция Еуропада өзінің автономды жағдайын сақтай ала ма? Біз бұл сұрақтың жауабы оның қазіргі кездегі еуропалық кеңістіктегі ролін геосаяси тұрғыдан пайымдағанда табылады деп санаймыз.

Франция бүгінгі таңда  әлемдегі барлық саласы жағынан жете дамыған мемлекеттері қатарында  алғашқы орынды иеленіп тұр.

Франция тарихының қай  кезеңін алып қарастырсақ та оның ешкімге бергісіз ұлы держава  болғанын көре аламыз. Әлемнің қай  түпкіріндегі болмасын болған оқиғаларға, мәселелерге Францияның қатыспаған немесе қозғаушы күші болмаған кезі болған емес. Бұл Францияның халықаралық аренадағы алатын беделді орнын дәлелдейді.

Француз өндірісшілері  саудаға бағалы маталар, сағат, шарап  және т.б. өз заманының аса сұранысына ие болған қат тауарлар шығаруымен айналысады. Сондай-ақ қару-жарақ шығаратын  кәсіпкерлік, қағаз мануфактуралары, баспаханалар бір орталықтанған мануфактуралар санатына ене бастайды. Кейбір Францияның солтүстік аудандарында мануфактураларды жаңаша сипатта негізделе бастаған капиталистік түрдегі жалға беру әрекеттері дами бастады.

Сонымен бірге, Францияда жерге иелігі мен шаруашылығын жүргізіп отырған шаруаларына сенген дворяндардың қал-ақуалы, жаңа дәуірдің лебі ескен сәттерде біршама шалқақтай бастайды. Алайда, ағылшын джентриіне қарағанда, жаңа мүмкіндіктеріне бейімделе ауқаттана бастаған француз дворяны сауда-саттықпен және кәсіпкерлікпен айналыспады. Әскери дворяндық та құрылады. XVII ғасырда қалыптаса бастаған өзіндік саясаттарын орнату мүкіндігі болмады және абсолютизмге жалтақ болды.  
Мемлекеттің негізгі табыс көзі соғыстарға жұмсалды. XIV Людовик билік еткен 54 жылдың 33 жылы соғыстармен өтеді.

Бұл елдің әлемдік  мемлекет пен құқыққа қосқан үлесі  өте мол. Сондықтан осы елдің  мемлекеті мен құқығының даму тарихына аса мән бергеніміз жөн. Себебі біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың да мемлекеттігі орнықты болып, мұндағы жағдай азаматтық соғыстарға айналмауы және ТМД елдеріндегі соңғы кездері орын алған (Грузия, Украина) теке-тірестерге ұласпауы да осындай іргелі елдердің тәжірибесін өз елімізде қолдана білуге итермелейді.

Тақырыптың  зерттелу деңгейі. Францияның халықаралық саясаты мәселесі отандық және шетелдік зертеушілерге кеңінен таныс. Алайда Францияның соңғы жылдардағы Еуропадағы халықаралық-саяси жағдайын қарастырған еңбектер соншалықты көп емес, негізінен оларды шетелдік ғалымдар жазған.

Зерттеушілердің қатарында Ш.Ү. Шапақ, А.Қ. Мұхтарова, Д.А. Булгакова, А.Ж. Истаев, В.Г. Васин, А.Б. Вебер, И.В. Данилевич, В.А. Качанов, И.М. Кривогуз, М.А. Неймарка, Ж.Ф. Осадчей, Б.С. Юрлов, В.С. Панькова, Ф.Я. Полянский, С.И. Попов, С.С. Салычев, Н.Г. Сибилева, Г.С. Согомонян, И.Н. Ундасынов, В.Я. Швейцер, В.Г. Шубин, В.С. Шумский және т.б. есімдерін атауға болады.

Біздің жұмысымыздың мақсаты: тарих, саясаттану және геосаясат секілді ғылымдар аясында жинақталған тәжірибелер негізінде Францияның қазіргі заманғы сыртқы саясатын бағдарлау болып табылады. Мұнда Еуропалық интеграция мәселесінің құқықтық, экономикалық және геосаяси перспективалары да тиісінше қарастырылады.

Осыған орай курстық  жұмыс алдына мынадай міндеттер  қойып отыр:

– Еуропа интеграциясы тарихы арқылы құқықтық, экономикалық және геосаяси аспектілерді бір-бірімен бірлікте де, бір-біріне қарсы қойып та қарастыру;

– Еуропада іске асырылып жатқан төрт іргелі еркіндік – тауарлардың, адамдардың, қызметтер мен капиталдың еркін қозғалысына еуропа елдерінің интеграциясы мен үйлесімі аясында талдау жасау;

– Францияның ұстанған саяси бағыттарына  талдау жасау;

– капиталды иелену мен басқарудағы, ұлттық мүдделерді қорғаудағы және қоғамда  әлеуметтік тепе-теңдікті құрудағы француздар тәжірибесін қарастыру.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

I ФРАНЦИЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

 

    1. Франция мемлекетінің тарихы

 

Франция аумағын адамдар  ең ежелгі заманнан бастап мекендеген.Палеолит пен мезолиттің ғылымға белгілі негізгі мәдениеттерінің бірқатары Франциядағы жер атауларына байланысты (шелль, ашель, мустье,ориньяк, солютрей, мадлен, азиль, тарденуаз).

Оңтүстік Франциядағы  палеолит кезеңіне тән үңгірлер (Фон-де-Гом, Ласко, Монтеспан, т.б.) жартастарға салынған суреттерімен көпке танымал. Ерте палеолит дәуірінде Франция аумағында кампиния мәдениеті тайпалары өмір сүрген (б.з.б. 6 — 4 мыңжылдықтар). 

Сена, Уаза, Марна өзендерінің алаптарынан алғашқы егіншілік құрал-саймандары (б.з.б. 3-мыңжылдық) табылды. Б.з.б. 6 — 5 ғасырларлардан бастап б.з. 1-мыңжылдықтың соңына дейін Франция аумағына кельт тайпалары қоныстанды. Римдіктер оларды галлдар деп атады, сондықтан бүкіл ел Галлия атанды. Оңтүстік-батыста негізінен иберлер тұрды, б.з.б. 6 ғасырдан бастап Жерорта теңізіжағалауларына гректер өз иеліктерінің негізін қалады.

Олардың ішінде негізгісі — Массалия (қазіргіМарсель) болды. Б.з.б. 2 ғасырдың соңы — 1 ғасырдың ортасында Галлияны римдіктер жаулап алды. Галлдар Рим империясына қарсы ерлікпен шайқасты. Дегенмен, күш тең емес еді. Рим үстемдігі елдің көп бөлігінде өндірістің дамыған құл иеленушілік әдісінің орнығуына себеп болды, көптеген қалалар салынды (Лион, Ним, Бордо, т.б.). 2 — 4 ғасырларда Францияда христиан діні таралды.

Романдану процесінің нәтижесінде кельт тілдерін латын тілі ығыстырып шығарды. 3 ғасырда басталған Рим империясындағы саяси дағдарысқа байланысты Галлияда тауарлы өндірістің көлемі қысқарып, Италиямен экон. байланыстар әлсіреді. 4 — 5 ғасырларда герман тайпаларының баса-көктеп кіруі ел аумағындағы Рим үстемдігін түпкілікті жойды. Жаңадан бургундтардың (406), вестготтардың (418) мемлекеттері құрылды. 486 ж. франктер Галлиядағы соңғы рим иелігін басып алды (қ. Франк мемлекеті, Карл). 10 ғасырдан бастап ел Франция деп атала бастады. 987 ж. франк тағын Капеттер әулеті иеленді.

Біртұтас корольдік іс жүзінде  бір-біріне тәуелсіз көптеген иеліктерге бөлініп кетті. 10 ғасырда бір-біріне туыстас екі ірі халық — Луара өзінінің солтүстігіне қарай солтүстік француз және оңтүстікте, Бретань түбегіне бретань халқы қалыптасты.

Алғашында король иелігі (домен) Францияның солтүстік бөлігіндегі Париж бен Орлеанның айналасында ғана болды. 11 — 12 ғасырларда крест жорықтарына байланысты оңтүстіктегі қалалардың (Бордо, Тулуза, Ним, Марсель, т.б.) гүлденуі басталды. Егіс көлемі артып, дәнді дақылдардың сорттары мен мал тұқымы жақсарды. Қолөнер (әсіресе, шұға тоқу) жоғары дамыды.

Солтүстік Франциядағы қалалардың дамуы мен жеке аймақтар арасындағы экономикалық байланыстардың кеңеюі елдің  бұл бөлігіндегі саяси бытыраңқылықты жоюға маңызды алғышарттар жасады. 13 ғасырдың бас кезінде Англия корольдігі Солтүстік Францияның көпшілік бөлігінде билік құрды. 13 ғасырдың 2-жартысында елдің орталықтануы күшейіп, Париж оның саяси және экономикалық орталығына айнала бастады. 14 ғасырдың бас кезінде король иелігі елдің көпшілік бөлігін алып жатты. 1302 ж. үш сословие өкілдерінен құрылған — Бас Штаттар шақырылды.

Ол орталық өкімет билігінің күшеюіне қызмет етті. Бірақ Жүз жылдық соғыс Францияның дамуын тежеді.

Соғыс қимылдары, тонау, салықтардың  өсуі халықтың азаюына, өндіріс пен  сауданың құлдырауына алып келді. 15 ғасырдың 2-жартысынан бастап Франция экономикасы біртіндеп қалпына келе бастады. Король билігі нығайып, елге жаңадан Бургундия, Пикардия, Ниверне герцогтіктері қосылды. 15 ғасырдың соңында Прованс пен Бретань бағындырылды. 16 — 17 ғасырларда Франция Батыс Еуропадағы үстемдік үшін Габсбургтер әулетімен (“Қасиетті Рим империясы” және Испаниямен) соғыстар жүргізді.

Ұзаққа созылған сәтсіз соғыстар, елдің материалдық ресурстарының елеулі сарқылуы, салықтардың өсуі мен экономиканың кері кетуінің нәтижесінде терең қоғамдық-саяси дағдарыс қалыптасты.

Халықтың әр түрлі топтарының әлеуметтік наразылығының идеологияның негізі сол кездегі кең тараған кальвин ілімі болды (бұл ілімді жақтаушыларды гугеноттар деп атады). Ел католиктер мен гугеноттар болып екіге жіктелді. Олардың абсолютизммен және өзара күресі ұзаққа созылған азамат соғысына (“Діни соғыстарға”) ұласты.

Оның шарықтау шегі — 1572 ж. 24 тамызда Парижде гугеноттарды жаппай қырғынға ұшырату болды (“Варфоломей түні”). Билікке келген Бурбондар әулеті діни соғыстарды тоқтатып, католик дінін Франциядағы ресми дін ретінде бекітті, ал гугеноттарға дін ұстану еркіндігі берілді. Людовик XIV кезінде Францияны іс жүзінде бірінші министр кардинал А.Ж.П. Ришелье биледі (1634 — 48).

Ол король билігін елеулі нығайтып, елдің орталықтануын күшейтті. Отыз жылдық соғыстың нәтижесінде Франция өзіне Эльзасты қосып алып, Еуропадағы ең қуатты монархияға айналды. 1701 — 1714 ж. испан тағы үшін болған соғыста Англия, Австрия мен олардың одақтастары Францияның Еуропадағы үстемдігіне тосқауыл қоюға тырысты. Жеті жылдық соғыста (1756 — 63) Франция Үндістан мен Канададағы отарларының көпшілігінен айрылып, Ұлыбританияға беруге мәжбүр болды. 1789 ж. басталған Француз революциясы нәтижесінде монархия мен феодалдық тәртіптер жойылып, Бірінші республика жарияланды.

1792ж. революциялық соғыстар басталды. Ол  Наполеон Бонопарт-тың билікке келуімен және Еуропаны түгел қамтыған соғыстың нәтижесінде Францияның жеңілуімен аяқталды.

Елде король билігі қалпына  келтірілді. 1848 ж. ақпан революциясының нәтижесінде Екінші республика орнады. Либералдар мен социалистердің арасындағы жанжалды пайдаланған Луи Наполеон 1852 ж. Екінші империяны жариялап, таққа отырды. 1870 — 1871 ж. Франция — Пруссия соғысының нәтижесінде Франция Эльзас пен Лотарингиядан айрылып, Екінші империя жойылды. 19 ғасырдың соңында отаршылдық империяның құрылуы негізінен аяқталды.

1914 — 18ж. бірінші дүниежүзілік соғысқа Франция Антан-таның құрамында қатысты. 1919 ж. Версаль бітім шарты бойынша Францияға Эльзас пен Лотарингия қайтарылды. 1920 — 30 ж. елде экономикалық дағдарыстар жиі-жиі болып тұрды. Нәтижесінде жұмысшы қозғалысы күшейіп, фашистік ұйымдар құрылды.

1936 ж. Халықтық майдан  құрылып, фашистік ұйымдарға тыйым  салынды, еңбекшілердің жағдайын жақсарту жөніндегі шаралар (40 сағаттық жұмыс аптасын, ақысы төленетін демалыс енгізу, т.б.) жүзеге асырылды.

1938 ж. Халықтық майдан ыдырады.  Екінші дүниежүзілік соғыс Франция  үшін сәтсіз басталды.

1940ж. Францияны Германия оккупациялады. Министрлер кабинетінің жаңа төрағасы маршал Анри Петен Германиямен бітімге қол қойып, елді екі аймаққа бөлуге келісті. Оның біреуі — немістер басып алған Солт. және Оңтүстік-батыс Франция аумағы болса, екіншісі Францияның қалған бөлігі мен теңіздің ар жағындағы аумақтар енген, астанасы Виши қала болған автономды француз мемлекеті атанған аймақ болды. Маршал Петен осы француз мемлекетінің президенті болып тағайындалды. 1944 ж. Францияны одақтастар әскері азат етті. 

Алжирдегі Француз Ұлттық азат ету комитеті өзін Француз Республикасының Уақытша үкіметі деп жариялады. 1946ж. Төртінші республиканың конституциясы қабылданды. 1949ж. Фрацния НАТО-ның құрамына кірсе де, 1966 ж. оның әскери құрылымынан шықты. Соғыстан кейін Ф-ның отарлық жүйесі ыдырай бастады. 1954 ж. сегіз жылдық соғыстан кейін Ф. Үндіқытайды тастап шықты. 1954 ж. 1 қарашада Алжирде ұлт-азаттық көтеріліс басталды. 1956 ж. наурызда Франция Марокко мен Тунистің тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болды.

1956 ж. қарашада Франция Египетке қарсы ағылшын-француз-израиль агрессиясына белсене қатысты. Осындай қиын жағдайда 1957 ж. Батыс Еуропадағы бірнеше мемлекет “Ортақ рынок” құру жөнінде шарт жасасты. Дегенмен, Алжирдегі сәтсіздіктер, Суэц арандатушылығының күйреуі, әскери шығындардың көбеюі Төртінші республиканың дағдарысына әкеп соқты. Армия мен елде реакциялық күштер бас көтерді. 1958 ж. мамырда олар Алжирде республикаға қарсы бүлік бастады.

Алжирдегі француз армиясының басшылығы  да бүлікшілерге қосылып, генерал Шарль  де Голль бастаған “Ұлттық құтқару” үкіметін құруды талап етті. 1 маусымда Ұлттық жиналыс Голльдің төтенше өкілеттілік жөніндегі заң жобаларын мақұлдады. 1958 ж. Бесінші республиканың конституциясы атқарушы билік құқықтарын кеңейтті.

Президент Ұлттық жиналысты тарату мүмкіндігіне ие болып, референдум өткізуге, заң жобаларын ұсыну, төтенше жағдайларда бүкіл өкімет билігін өз қолына алуға құқылы болды. 1958 ж. 21 желтоқсандағы сайлаудың нәтижесінде Голль президент болып сайланды. 1958 — 60 ж. Африкадағы француз отарлары — Гвинея, Судан, Сенегал, Мадагаскар, Дагомея, Нигер, Жоғарғы Вольта, Піл Сүйегі жағалауы, Чад, Орталық Африка Республикасы,  Конго, Габон,  Мавритания,  Того мен Камерун тәуелсіздікке ие болды.

1962 ж. ұзаққа созылған  соғыстан кейін Алжир толық  тәуелсіздікке қол жеткізді. 1960 — 90 ж. Франция экономикасы дамыған, демократ. қоғамы толық қалыптасқан әлемдегі жетекші елдердің біріне айналды. 1981 ж. ел президенті болып бірінші рет социалист Франсуа Миттеран сайланды. 1995 жылдан ел президенті Жак Ширак болды.

 

 

1.2 Орта ғасырлардағы жаңа кезеңдегі Франция

 

 

Франциядағы абсолютизм шашыраңқы феодалдық провинцияларды тұтас мемлекетке біріктірудегі корольдің ұзақ күресімен қалыптасты. Олар бұл бөліктерді өздеріне қосып қана қоймай, өз биліктеріне толық бағынышты етуді көздеді. Елдің барлық аумағында корольдің жоғарғы және тұтас билігі орнайды. Қарауына қарай олар Корольдік кеңес құрылымын жасайды. Бұл кеңес біртіндеп ішкі және сыртқы істерге, қаржы істеріне және өзге де салаларға байланысты басқармаларға бөлінеді.

Жергілікті әкімшіліктерді губернаторлар мен корольдік  соттар басқарады. Олардың ішінде Францияда  парламенттер деп аталған жоғарғы инстанциялық сот маңызды орынға ие болады. Ағылшындарға қарағанда, француз парламенттері заң шығарушы емес, сот және әкімшілік мекемелері құзырын иеленді. Парламенттер Францияның сол кездегі барлық ірі қалаларында болған.

XVII ғасырдың II жартысында Франция Еуропадағы бір орталыққа бағынған және ірі мемлекеттердің бірі болды. Отыз жылдық соғыстағы жеңіс Францияның еуропалық құрлықтағы әскери-саяси беделін асақақтата түседі.

Жаңа заманның бастапқы кезеңіндегі Францияның ішкі құрылымы аграрлық қатынастарға негізделген болатын. 28 млн халқы бар мемлекеттің 90%-ын шаруалар құрады. Соғыс нәтижесінде шаруалардың жағдайлары нашарлады, салық көбейді және ауру –сырқат адамдар саны арта түседі. Алайда, Францияда шашыраңқы мануфактура тез қарқынмен дами бастады. Олар негізінен тауарлары ішкі және сыртқы рынокта кең тараған тоқыма-тігін өнеркәсіп саласына бейімделген еді.

Француз өндірісшілері  саудаға бағалы маталар, сағат, шарап  және т.б. өз заманының аса сұранысына ие болған қат тауарлар шығаруымен айналысады. Сондай-ақ қару-жарақ шығаратын кәсіпкерлік, қағаз мануфактуралары, баспаханалар бір орталықтанған мануфактуралар санатына ене бастайды. Кейбір Францияның солтүстік аудандарында мануфактураларды жаңаша сипатта негізделе бастаған капиталистік түрдегі жалға беру әрекеттері дами бастады.

Сонымен бірге, Францияда  жерге иелігі мен шаруашылығын жүргізіп отырған шаруаларына сенген дворяндардың қал-ақуалы, жаңа дәуірдің лебі ескен  сәттерде біршама шалқақтай бастайды. Алайда, ағылшын джентриіне қарағанда, жаңа мүмкіндіктеріне бейімделе ауқаттана бастаған француз дворяны сауда-саттықпен және кәсіпкерлікпен айналыспады. Әскери дворяндық та құрылады. XVII ғасырда қалыптаса бастаған өзіндік саясаттарын орнату мүкіндігі болмады және абсолютизмге жалтақ болды.  
Мемлекеттің негізгі табыс көзі соғыстарға жұмсалды. XIV Людовик билік еткен 54 жылдың 33 жылы соғыстармен өтеді.

Осы соғыстарды жүргізудегі  оның бастапқы мақсаты Францияның Еуропадағы құдіреттілігіне қол жеткізу  болғанымен, ол жүзеге аспай қалады. Францияның өзге елдермен, коалициялармен соғыс әрекеттері адам өмірі құрбандығымен қатар, қаншама соғыс қажеттіліктерін талап етіп жатты.

Францияда XVII ғасырдың соңғы  ширегінде 15 млн халық болса, XVIII ғасырдың басында ол 3 млн кемиді. Әсіресе, ең ауыр соғыс Испан мұрагерлері (1701-1714) үшін болды. Соғыс әрекеттермен қатар, Севенн тауарларындағы камизарлар көтерілісі де бір тынбайды.

Сонымен бірге, соғыстың мемлекеттің экономикасына әкелген  зардабы да зор болды. Парижде  және өзге де ірі француз қалаларында көпшілік халықтық топтардың ғана емес, буржуазия мен дворяндар наразылығы да бой алады. Осы себепті бірқатар көтерілістер мен бүліктер жергілікті жерлерде орын алып жатады.

Тіпті талантты экономист, әрі Францияның өнеркәсіп, сауда және қаржы саласының ұқыпты бақылаушысы Кольбердің өзі біршама шараларына қарамастан елді тереңдеп кеткен дағдарыстан шығара алмады. Оның ірі мануфактуралардың құрылуын қолдауы, икемді салық заңдарын енгізуі және сол кездегі еуропалық меркантилизмнің озық үлгілерін терең қолданудағы талпыныстары ғана, француз экономикалық құлдырау жағдайының алдын алып қалған сыңайлы.

Жаңа отарларды игеру  мен жаулап алу мақсаттарында  мемлекеттің тікелей қолдауымен француздық Ост-Үнді, Вест-Үнді, Левантиялық  сауда компаниялары құрылады.

Революциялық жағдайдың түзілуі және басталуы (1789 жылдың 5-мамыры 1792 жылдың 10-тамызы). 1788 жылдың көктемінен басталған қуатты халық қозғалысы нан бүлігі, сеньорлар жерін басып алу, салықтық бақылауды жою, баспаханаларды цензурадан босату секілді талаптардан туындап жатты. Ең ірі қозғалыс Париждегі бай түсқағаз өндіріснің иесі Ревельенің жұмысшылардың жалақы мөлшерін төмендетуіне наразылықтан туындайды.

1789 жылдың 5-мамырында  Версальға Бас штаттардың шақырылуымен  халық көптеген ағылып жатады. Бұрынғы уақыттардағыдай шақырылу сословиелерге бөлініп жиналады. Бірінші сословие – шіркеу, дін иелері – 291 депутаттық орынды, сондай-ақ әр түрлі көңіл-күйдегі екінші сословие өкілдері дворяндар – 270 депутаттық орынды және қаржыгер, саудагер, жер иелері мен зиялылардан шыққан заңгерлерден тұратын үшінші сословие 578 депутаттық орынға ие болды. Көп жағдайда төртінші сословие өкілдері болып есептелетін шаруалар мен қала кедейлері бұлардың қатарында болған жоқ.

Халықтың сословиелік бөлінісіне наразы болған үшінші сословие депутаттары өкілдерінің жиналыс қарарларындағы сословиелік ұстанымдарға қарсы шығып, 17маусымдағы отырыста өздерін бүкіл ұлттың атынан сөйлейтін «Ұлттық жиналыс» деп жариялайды. Жиналыс егер таратылар болса, оған қарсы әрекет салық жинамау наразылығы ұйымдастыратындығы хабарланады.

Бас қосу барысындағы  мұндай әрекеттерге тыйым сала отырып, король отырыс залдарын жабуға, оларды әскери жасақ күшімен бақылауға  жарлық береді. 20-маусымның таңертеңінде Ұлттық жиналыс депутаттары ойын залына жиналып, депутат Мирабонның ұсынысымен конституция әзірленбейінше тарамау шешімін қабылдайды.

27-маусымда король  өзге де сословиелердің Ұлттық  жиналысқа қосылуына рұқсат беруге  мәжбүр болады. Ал, 9-шілдеде үш  сословие өкілдерінен тұратын  Ұлттық жиналыс өзін Құрылтайшы  деп жариялайды.  
Тұтанып келе жатқан революциялық бүлікті басудың алдын-алу мақсатында Парижге жалдамалы әскер кіргізген король әрекеті ешқандай нәтиже бермейді. Елдің экономикалық жағдайын реттей алмағанның кесірінен осындай бүліктің орын алуына кінәлі ретінде король тарапынан айыпталған Неккер қызметтен кетіріледі. 12-13 шілде аралығында әскер мен халық арасындағы соғыс әрекеттері басылмастан-ақ, қалада халық көтерілісі де қарыштай, тасымалданатын азық-түлік салықтарын жүргізетін бекеттер талқандалады.

14-шілденің таңертеңгісін халықтық бүлікшілер тобы қару-жарақ тығылған қойма бар Мүгедектер үйін басып алып, сонда тұрған қару-жарақты иемдене, деспотизммен азғындықтың символына айналған саяси түрме қызметін атқаратын Бастилия қамал түрмесіне лап қояды.

Қамал комендантына мұнараларын қоршай орнатылған зеңбіректен алып тастау мен қамалда сақталынған қару-жарақты беру талабын орындата алмаған көтерілісші Париж тұрғындары мен оларға қосылған француз гвардиясының әскерлері Бастилияны шабуылмен иеленеді. Қамал түрменің коменданты маркиз де Лонэнің басы алынады.

Бастилияны алғандардың  үш тізімі сақталған. Солардың бірінде 662 адам саны беріліп, мамандығына дейін  жазылған, Бастилияны алғаннан кейін  Францияның барлық аумақтарын халық  полициясын құрды. Француз шаруалары сеньорлар мен монастрь иелігіндегі жерлерді басып алып, сеньорлардың өздерінен тартып алған қауымдық жерлерін де қайтарып жататын. Париж қаласының мэрі қызметіне Байи және қалалық Ұлттық гвардия қолбасшылығына Лафайет сайланады. Жалпы абсолютизмнің жойылуын сипаттап жатқан француз қоғамындағы өзгерістер, дворяндардың эмиграцияға кету шараларымен бастау алды. Бұдан былайғы саяси билік ақсүйектер қарамағынан үшінші сословие өкілерінің қолына өте, елде Құрылтай жиналысының құзырындағы үкімет орнайды.

Халықтық қозғалыстан жасқанатын Құрылтай жиналысы 1789 жылдың тамызында маңызды екі заң актісін қабылдайды. 4-тамызда және 11-тамызда қабылданған бұл заң актілерінің бірнеше декреттерге арқау болған негізгі мазмұны феодалдық құқықтарды, шіркеу десятинасын, сословиелік артықшылықтарды жою және заң алдында барлығының тең болуына сай жасалынған еді. Алайда жерге кіріптарлыққа қатысты цензалар, әсіресе шампар, сатып алу жағдайымен күшінде қалды. 1789 жылдың 26-тамызда Жиналыс үлкен революциялық мәне бар құжат

«Адам және азамат құқығының декларациясын» қабылдайды. Оның мазмұны Ағартушылық идеяларын негізделген халықтық егеменділік, барлығының заң алдында тең болуы, адамның мәжбүрлеуге қарсылық және қорғаныс құқығы, ар-ождан, баспасөз, сөз бостандығы мәселелерін сипаттайды. Жалпы, «Адам және азамат құқығының декларациясының» құрылымына 1776 жылдың 4-шілдеде қабылданған АҚШ-тағы тәуелсіздік декларациясының саяси әсері болғанын айтып кеткен жөн. «Декларациясының» соңғы 17-бабында жеке меншіктің «қасиетті және ешкімнің қол сұқпайтындық» құқығы жарияланады.

Революциялық ахуалдың өрши түсуіне қарамастан, Францияның экономикалық жағдайында ешқандай ілгерілеушілік байқалмайды. Елдегі қымбатшылық, нан  тапшылығы, алыпсатарлық халық наразылығын  ушықтыра түскен еді. «Құқық декларациясына » және 4-11 шілдедегі жария болған декреттерге корольдің қол қоймауына наразы болған халық, сол кездегі король отбасының және Құрылтай жиналасының резиденциясы саналатын Версаль сарайына – 1789 жылдың 5 қазанында 20 мыңға жуық адамнан тұратын шоғыр құра ентелей енеді. Жиналған король отбасының сарайға тығылмай Парижге қоныс аударуын талап етті.

Ал, 6-қазанда Парихге  келуге мәжбүр болған король Құрылтай жиналысымен біріккен бас қосу өткізуге келіседі. Осылайша халықтық бақылауға өткен елдегі саяси ақуал жағдайында король 4-11 тамыздағы декреттерге және «Адам және азамат құқығының декларациясына» қол қоюға мәжбүр болады. 5-6 қазан аралығындағы халық қозғалыстың мұндай серпіліс алуы, революцияға қарыс сарай пиғылының жүзеге асуының алдын ала, оны бұдан былайғы әрекеттенуінің серпілісіне жағдай жасады.

Франциядағы революциялық ақуал еуропалық державалар монархтары мен дворяндарының мазасын алады. Ең алдымен Француз революциясынан Пруссия мен Австрия қауіп көреді. Император Леопольд II мен Прусс королі Фридрих-Фильгельм II Саксонияның Пильниц замогінде 1791 жылдың 27-сәуірінде Франциядағы «биліктің монархиялық түрін қорғау» туралы декларацияға қол қояды.

Король және оның жақтастары революция қауіпінен сақтап қалатын  күш соғыс деп есептей, оған енуден қашпайды. Фельяндар клубының бір бөлігі және яконбиншілдер жетекшілері соғысқа қарсы болып, одан сақтануға тырысады. Жиронда департаментіндегі жирондистер және өзге де департаменттегі негізгі сауда және өнеркәсіп иелері соғысты мақұл көре, оның шапшаң жеңісіне үмітпен қарайды.

1792 жылдың 20- сәуірінде соғысты қалаушылардың үміті басымдық ала, Франция Австрияға қарыс соғысы болды. Соғыстың бастапқы кезеңінде бұрынғы әскердің қайта жабдықталуының ретсіздігі, көптеген офицерлердің эмиграцияда болуы, революцияны қорғаушылардың ерікті жасағының біліксіздігі, офицерлерге деген сенімсіздік және нашар қарулану жағдайларымен Франция үшін сәтсіз басталады.

25-шілдеде герцог Брауншвейгсаий  Австрия және Прусс монархтарының  атынан Париж тұрғындарының корольға  бағынуларын, әйтпесе қаланы тас-талқан ететіндіктерін талап ете мәлімдейді. Ал оған жауап ретінде, Заң шығарушы жиналыстың 48 секциясының 47 секциясы мүшелері одан XVI Людовикті тақтан түсіру мен Ұлттық конвентті шақыруды талап етеді. Алайда Жиналыс бұл талаппен келіспейді. Нәтижесінде 10-тамызға қараған түні астана көшелерінде дабыл қағылып, секциялар ереуілдер бастайды. Осылайша Париждің ереуілші Коммунасы билікті қолына алады.

Революцияның белсенді жасаушылары қатарында саналған Шометт, журналшы Эберлер мүше болған бұл ереуілші коммуна комитетіндегілер Жиналыс Ұлттық конвентті шақыруды ұсынады деп жария етеді. Осы кезде Жиналыстан шығарылып тасталған министр-жирондистер саяси ақуалды пайдалана сайлаусыз-ақ өз қызметтеріне қайтып келіп алады. Министрлік құзырға, жирондист болмаса да, Дантон да тағайындалады. Ереуілшілер король сарай Тюильриді басып алады да, 13-тамызда король отбасы Тампль түрме замогіне көшіріледі.

1875 жылғы Франциядағы конституция және олардың кейінгі кездегі өзгеруі