1993 жылғы ақша реформасы
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ.......................
I. Ақша теориясының эволюциясы....................
1.1. Ақшаның пайда болуы және мәні.......………………………….....
1.2.Ақшаның түрлері мен
1.3.Ақшаның атқаратын
II. Қазіргі заманғы ақша теориясының мәселелері....................
2.1.Ақшаның металдық теориясы.
2.2.Ақшаның номиналистік теориясы......................
2.3.Ақшаның сандық теориясы......................
III. Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы және
жоспарлау кезеңдері..........
3.1.ҚР алғашқы ақша реформасының мазмұны.......................
3.2.ҚР 1993 жылғы ақша реформасының ерекшелігі....................
3.3.ҚР ақша реформасын
Қорытынды.....................
Қолданылған әдибиеттер
..............................
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Ақшаның өндіргіш күштері мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғышарттарын туғызған.
Ақша
– бұл тауар айналысының
Сонымен, ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар.
Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады. КСРО және баска кеңес елдерде еңбекшілер мүддесі әр уақытта мемлекет қамқорлығында болды. Ол ақша реформасы кезінде еңбекшілердің әл- ауқатын жақсартуға бағытталған арнаулы экономикалық шаралар жүргізуден айқын көрінеді. КСРО-да ақша реформасы екі рет — жаңа экономикалық саясаттың (ЖЭС) алғашқы жылдары (1922-1924) және Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін (1947)жүргізілді. Азамат соғысы, одан кейін Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес үкіметі Отан корғау шараларына байланысты көп шығындарды өтеу мақсатымен ақшаны айналыс қажетінен артық шығара беруге мәжбүр болды. Бұған қоса көпшілік қолды тұтыну тауарларын өндіру мен сату мөлшерінің кемуі салдарынан нақты акшаның айналыс қажеттілігі де азайды. Ақша реформасы айналысқа банк билеттері - червонецтерді шығаруды көздеген 1922 жылғы заңнан басталады. Червонец таза алтынның 7,74234 г., яғни ескі 10 сомдық алтын шақаға (монетаға) теңелді. Кеңес Үкіметінің Министрлер Кеңесі мен БК(б)І I Орталык Комитетінің 1947 жылғы "Ақша реформасын жүргізу және азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларына карточкаларды жою туралы " қаулысында: "Акша реформасын жүргізу еңбекшілердің әл-ауқат дәрежесін арттыруға, халық шаруашылығын қалпына келтіріп, өркендетуге және кеңес мемлекетінің күш-қуатын одан әрі нығайта беруге көмектеседі " деп көрсетілді. 1947 жылғы ақша реформасы мемлекеттің қазыналық билеттер құрылысына ешбір өзгеріс енгізген жоқ, мұнда айналыстағы басы артық ақша жойылды, жалдаптар жинаған ірі ақшаларынан айырылды және карточка жүйесі жойылғаннан кейін олардың арзандатылған бағамен тауарларды көптеп сатып алуына мүмкіндік қалдырылмады. Ақша реформасы мен карточка жүйесінің жойылуының экономикалык маңызы зор болды, шаруашылықта ақшаның мәні көтерілді, кеңес сомының кұны толығынан қалпына келді. 1961 жылы "Баға масштабын
3
өзгерту және ақшаны жаңа ақшаға ауыстыру туралы" қаулы қабылданғаннан
бастап, ескі ақша жаңа акшаға 10 сомына 1 сом есебімен айырбасталды. Төл теңгеміз дүниеге келген күні бәріміздің бөркімізді аспанға ата қуанғанымыз рас. Оған да міне, он бес жылдың жүзі болыпты. Осы орайда ұлттық валютамыздың туу тарихын еске түсіру орынды.
Курстық жұмыстың мақсаты :
- ақша теориясының даму жолдарын жүзеге асыруға қол жеткізу;
- ҚР-ғы ақша реформасының ерекшеліктерін түсіну
Курстық жұмыстың міндеті:
- ақша теориясының мәнін, негізгі түрлерін және ақша реформасының теориялық аспектілері мен өткізу қажеттіліктерін қазіргі экономика тұрғысынан ашып қарастыру.
- ҚР-ғы ақша реформасының ерекшеліктерін толық қарастыру
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс мазмұннан, кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде ақша теориясының мәні, негізгі түрлері, функциялары және оның қажеттіліктері қамтылған.
Екінші бөлімде ақшаның сандық сипаттамасы жайында айтылған, яғни ақшаның теориясы.
Үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы ақша реформасының ерекшеліктері қарастырылады.
4
I. Ақша теориясының эволюциясы
1.1. Ақшаның пайда болуы және мәні
Қазақ
ұлысы Жібек Жолымен керуен
тартып келген саудагердің әр
теңін бір теңгеге балап, ақша
шығаруға бел байлады.
X ғасырдың ортасымен XIII ғасырдың бас шені – бұл қараханит мемлекетінің құрылуымен өмір сүру кезеңін қамтиды. Осы мезгілде тарихшылардың топшылауынша, қалалар қанат жайып, тауар өндірісімен сауда көлемі ұлғайған. Экономиканың өркендеуі ақша айналысында аса зор қаражат ағынын қажетсінген. Күмістің жетіспеушілігінен мәнет сарайлары дирхендерді, яғни "күмістелген" деп аталынатын беті күміспен жалатылған мыс мәнеттерін соға бастайды. Ұсақ бөлшек саудада мыс фельстерімен есептесілді.Мыс мәнеттерін күміспен жалату және ақша айналысының құрылымы осы ғасырдың екінші жартысындада күміс дағдарысын жойған Масұтбек реформасына дейін сақталынып келді.1271-1272 жылдары моңғолдардың Орта Азия мен Қазақстан өңіріндегі наменгері Масұтбек дүйім империя бойынша еркін айналымда жүретін күміс мәнетін енгізді. Күміс шығару бойынша бірінші орында Тараз, Отырар, Кендіж қалалары болды.
XIV ғасырдың аяғында Қазақстанда Әмір Темірдің мәнеттері айналысқа қосылды. Сонымен бірге қазақ қалаларына сауда жасау үшін Бұхарадан, Самарқаннан, Тәшкен,Ақсы,Шахрұхи Хисардан әкелінген мәнеттер, негізінен мыс динарлары кеңінен пайдаланылды. Қазақ даласындағы ақшалардың өз атауы терең тамырланған. XV ғасырдың басында Отырар мен оның айналысында 3 дәрежелі "тәнге" атты күміс мәнеттері пайдаланылды. Негізгі атауы – тәңге, оның ширегі – мір, ал он екіден бір бөлігі – тәңгеше деп аталды.
XV ғасырдың соңынан XVII ғасырдың I жартысына дейін мәнет сарайлары Ясыда (Түркістан), Сауранда, Сығанақта, Сайранда үздіксіз жұмыс істеді. XVI ғасырдың орта тұсында Ясыда шейбан Ескендір хан күміс мәнеттерін шекмеледі. Ташкент мен бірге Сырдария жағасындағы қалалар айналыста тек күміс қана бір экономикалық аймақ құрғандығы да тарихтан белгілі.
Тарихшылардың айтуынша, XVII ғасырдың ортасынан жоңғар шапқыншылығынан туындаған саяси және экономикалық себептер салдарынан қала тіршілігі мен сауда – саттығының құлдырауы басталады. Сонан кейін XVIII ғасырдың ортасынан қазақ жерінде Қоқанның, Ташкен хандарының ақша белгілері және орыс мәнеттері пайда бола бастайды. Ал XIX ғасырда барлық
5
сауда операциялары тек қана орыс ақша белгілермен жүргізілді.
XVI-XVII ғасырларда Қазақстанда 1655-1663 жылдары Александр патшаның тұсында аса зор мөлшерде шығарылған мыс тиындары пайда болған Нумизматикалық зерттеулер Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыстарын көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанның ұлттық валютасының пайда болуы да ежелгі қаржылық дәстүрлердің жаңғыруындай, ал ақша атауын - "теңгені" де біздің ата-бабаларымыз көне Отырардың өзінде пайдаланған.[6,4 б]
Теңгенің жасырын жағдайда жасалынуы мен Қазақстанның рубль аймағында қалуға мүдделік танытуы туралы әңгіме қозғағанда, оның экономикалық, саяси жіне техникалық себептерін жіктегенді дұрыс деп есептеймін.
Бірінші- экономикалық себебіне тоқталсақ. Бұл тұрғыда кеңестік жүйе бойынша Ресейден басқа одақтас республикалардың түгелге жуығы шикізат шығаруға бағытталып,соңғы өнімді өндіретін негізгі өнеркәсіп орындары мен зауыттардың барлығы ұлы көршіміздің еншісінде болды. Біз сыртқы және ішкі сауда айналымын жүзеге асыруда Ресейсіз түк бітіре алмайтын мүшкіл халде едік. Мұны сол жылдары еліміздегі экспорт пен импорт операциялары тұтастай көлемінің 70 %-дан астамы тек Ресеймен ғана жасалынуымен деп бағамдай беріңіз. Осындай жағдайда біздің рубль аймағынан бірден шығып кетуіміз өнеркәсібімізді өз қолымызбен тұншықтырумен теңеді. Осыған байланысты шамалы да болса уақыт ұтуымыз керек болды. Әрине Ресейдің өз валютасын енгізуге деген талпынысын біз Қазақстанға байланысты рыноктарын оңтайландырып жаққанынан-ақ біліп отырдық. Оның өз қазба байлықтары рыногына қарай икемделуі Қазақстаннан жөнелтілетін тауар көлемін күрт кемітетінінде алдын- ала есептедік. Сондықтан бізге басқа рыноктар тапқанша уақытты соза түсу тиімдірек болды.
Енді теңгені құпия жағдайда жасаудың таза техникалық себептеріне келсек. КСРО тарап, егемендігін алған 15 елдің ішінде 1992 жылы Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана рубль аймағын сақтап қалды. Қалған 11-нің түгелге жуығы өздерінің ұлттық валюталарын енгізіп үлгерген болатын. Осы жерде біз Кеңес Одағының валютасынан бас тартып, өз ақшамызды шығаратынымызды ашықтан-ашық жария еткенімізде, бұрынғы одақтас республикалар аумағында жарамсыз болып қалған миллиардтаған ескі ақшалар елімізге құйылатын еді. Ал оның соңы өмірге жаңа келген теңгеміздің құнын бірден жоғалтып, апатқа әкеп соқтыратыны анық еді.
-1992 жылдың қаңтарында Елбасының тікелей тапсырмасымен ұлттық валютаны дайындауға кіріскенімізде, бірінші кезекте жаңа ақшаның аты қандай болады деген мәселе тұрды. Соған байланысты тарихшылардың, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің, ақын-жазушылардың көптеген ұсыныс пікірлері жинақталды. Сарапқа салғанда, пікір білдірушілердің басым бөлігі "алтын", "сом" және "теңге" деген атауларға тоқталған екен. Біз осы үш атаудың қайсысы ұлттық нышанымызды дәл айқындап, негізге сай бола алатыны туралы республика Ғылым академиясының ғалымдарымен ақылдастық. Академик ағаларымыз бастаған білгір ғалымдар теңгенің жүздеген жылдар бұрын Орталық Азия аумағында айналымда болғанын және археологиялық қазбалар арқылы дәл
6
біздің еліміздің аумағында айналымда болғанын нақты деректер келтіреді.
- Ұлттық валютаны алғаш енгізгенде әлемдік тәжірибе бойынша 1 теңгелікке классикалық номинация түрін жасадық. Ал барлық елдерде одан кейінгі және жүздің сыртындағы валюталар елдің экономикалық деңгейінің көрсеткішінің анықтауышы қызметін атқарады. Сондықтан да елде инфляция болған жағдайда олардың айналымнан шығып қалуы табиғи құбылыс. Сондықтан да кейіннен жарыққа шыққан 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік купюрлерді шығарғанда ақша шығаратын мекеменің жаңа дизайнға шығын шығармауын есептеп классикалық негіз ретінде алынған 1 теңгеліктің нұсқасы қалдырылды. Әрі Әл-Фараби бабамыздың суретінің тұруы ешкімге ешқандай дау туғыза қоймас.
Теңгені шығарар алдында біз алыс- жақын елдердің тәжірибелерін көп зерттедік. Бізге уақытша валюта шығару тиімсіз болды. Осыған орай бірден негізгі валютамызды шығаруға тәуекел еттік. Дизайн жасаумен айналысқан еліміздің 4 азаматы әлемдегі ең мықты деген валюталардың қорғаныштық қабілетін зерттеді. Біз үшін теңгені басу басты шаруа емес еді. Теңге Лондондағы кәсіпорында небәрі 4 айда басылып шығарылды. Мемлекет басшылығымен оны 1 қыркүйекте шығару тапсырылды. Бірақ ол үшін алдын-ала көптеген маңызды міндеттерді бітіріп алуға тиіс едік.
Егер ақша дегеніміз не деген сауалға жауап іздесек, онда оның қоғамда үш түрлі негізгі қызмет атқаратынын айтқан жөн. Біріншіден, теңге айналым құралы болып табылады, яғни тауарлар мен қызметтерді сатып алу мен қайта сатуда пайдаланылады. Бұл базардағы ресурс иелері мен өндірушілердің кез-келген тауар мен қызметті сатып алуға пайдалануына мүмкіндік беретін өте қолайлы әлеуметтік құрал. Теңге айырбас құралы ретінде қоғамды баспа бас айырбастың қолайсыздығынан құтқарады. Тауар айырбасына қолайлы жағдай туғыза отырып , ақша қоғамға географиялық мамандану және адамдар арасындағы еңбек бөлінісі жемістерін пайдалануға мүмкіндік туғызады. Яғни теңгенің арқасында біз әлемнің көптеген елдерінен тауар ала аламыз.
Екіншіден, теңге бағаның өлшемі болып табылады. Қоғам ақшаны түрлі байлық пен ресурстар бағасының салыстырмалы өлшемі ретінде пайдалануды қолайлы көреді. Жолды шақырыммен, салмақты килограммен өлшейтініміз сияқты байлық пен қызмет құнын ақшамен өлшейміз. Яғни ақшамен жалпы ұлттық өнім мөлшері және басқа да экономикалық көрсеткіштер, барлық төлемдер мен қарыз, несие міндеттемелері өлшенеді.
Үшіншіден, теңге салым құралы ретінде қызмет етеді. Ақша тауар ретінде пайдалануға әлдеқайда қолайлы, ол арқылы байлықты салым ретінде сақтау ұтымды.
Тәуелсіз еліміздің экономикасын тұрақтандыруда, экономикалық өсу мен экономикалық – қаржылық тәуелсіздігімізді қамтамасыз етуде ұлттық валюта – теңгенің рөлі айтарлықтай.
Алғашқы кезде Теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрады: 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар, 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар, 1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар (бастапқыда қағаздан жасалған).
7
Кейіннен айналысқа : 1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар; 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар; 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар; 1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны); 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар; 2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген).
2001 жылы: 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар (дизайн өзгертілген); 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген); Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар; 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген).
2002 жылы: 2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар; 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген ) шығарылды.
Ұлттық валютаны енгізу туралы Жоғарғы Кеңес пен Үкіметтің бірлескен қаулысы қабылданды. Президенттің Жарлығы шықты. Осылайша, 1993 жылдың 15 қарашасы төл теңгеміздің туған күні деп саналады.
-Тәуелсіз мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі – оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез-келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Барлық ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Ал теңгенің – Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының тарихы – Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы Жарлығынан басталады.
8
1.2.Ақшаның түрлері мен қазіргі формалары
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.
Толық құнды ақшалар – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.
Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі формада болған. Монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы – авверс, артқы жағы – реверс және жаны гурт деп аталады.
“Монета” сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнон-Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуден берілген ақшалай қаражаттың көмегімен Римнің эпир ханы Пиррмен соғыста (б.э.д. 275 ж.) жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. “Монета” сөзі латынша “moneo” – “кеңес беремін, көңілінен шығамын” дегенді білдіреді.
Толық құнсыз ақшалар (құнның белгілері) – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.Оларға мынылар жатады:
-құнның металдық белгілері – арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
-құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екігі бөлінді: қағаз ақшалар және несиелік ақшалар.
Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналлыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.
Металл ақшалардың қағаз
ақшаға ауысуы себептері
-металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
-металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендету барысында бүлінуі;
-бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі;
-эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық қүны мен олардың наұты құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды шығаруы;
-бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.
Алғашқы қағаз ақшалар б.э. ХІІ ғ. Қытайда, 1690 ж. Ұлыбритан отары болған Солтүстік Америкада, 1762 ж. Австрияда және жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ ,Италия, Индия, Индонезия және т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 ж. болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1, 3, 5 рубльдік қазыналық билет фрмасында соңғы реет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-1992 жж. және Қазақстандағы 1993 ж. ақша реформасы нәтижесінде айналымнан алынды.
9
Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауысиырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарады.
Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар. Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота және чек.
“Вексель” сөзі ағылшынша bill note – міндеттеме шоты дегенді білдіреді.
Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі. Векселдің екі түрі бар: жай және аудармалы.
Векселдің түрлеріне «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» Қазақстан Республикпсының заңында мынадай түсініктемелер берілген:
-Жай вексель (соло) – вексельді ұстаушыға векселде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.
-Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген срманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеутуралы үшінші бір тұлға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмнген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.
Банкнота (ағылылшын сөзінде «Bank-note» аударғанда «банк билеті») – орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номинальдағы ақша бірліктері.
Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның вексельден мынадай айырмашылығы бар:
- мерзімділігіне қарай, егер де вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса (3-6 айлық), ал банкнота – мерзімсіз қарыздық міндеттеме;
-кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсілкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, ал банкнотаны қазіргі кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.
Экономикалық әдебиеттерде банкнотаны екі түрге бөледі: классикалық және жай.
Классикалық банкнота – бүл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген.
Жай банкнота – бұл қазіргі кездегі айналысқа шығарылған Орталық банк билеті.Олар металға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі.
Алғашқы чектер 1983 ж. Англияда пайда болды.
Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.
Чектің мынадай түрлері бар:
- ақшалай чек – банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы; -
10
-атаулы чек – аударуға құқысыз белгілі бір тұлғаның атына жазылады;
-ордерлі чек – бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент бойынша басқа бір тұлғаға беруге құқық береді;
-мәлімдеуші чек – чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;
-есеп айырысу чегі – заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылады;
-жол чегі – туристік сапарларға арналған төлем құралы;
-кепілдендірілген чек – банктің чекте көрсетілген соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайтын төлем құралы.
Электрондық ақшалар – компьютер торабының, ақпарттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы. Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келнді:
-Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлуге арналған төлем құралы.
-Кредиттік карточка – оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.
Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар
арасындағы белгілі бір экономикалық
қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи
даму үстіндегі экономикалық категория
болып табылады. Экономикалық категория
ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің
бірігуімен көрініс табады.
-жалпыға тікелей
айырбасталу;
- айырбас құнының дербес формасы;
- еңбектің сыртқы заттық өлшемі;
Жалпыға
тікелей айырбасталу формасында ақшаны
пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға
ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар
екендігін көрсетеді. Социализм жағдайында
бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік
қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және
бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар,
жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады
және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру
процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға
тікелей айырбастау формасында ақшаны
пайдаланудың көлемі едәуіркеңіді.
Ақшаның айырбас құнының дербес
формасы ретінде пайдалану тауарларды
тікелей өткізуімен байланысты емес. Ақшаны
бұл формада қолдану жағдайлары олар несие
беру бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді
өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін
қалыптастыру, өндірістік және өндірістік
емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық
банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге
сатуы және т.б.
Еңбектің сыртқы заттық
өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің,
11
олардың
ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын
анықтау арқылы көрінеді.
Ғалым-экономистердің арасында
алтынның ақшалай тауар ретіндегі ролі
туралы
әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның
демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға
бірдей эквивалент және ақша қызметтерін
атқару ролін орындау толығымен
тоқтатты дейді. Құнның ақшалай формасынан
жалпылама немесе жайылыңқы формасына
қайтып келді. Несие ақшалар жалпыға
бірдей эквивалент ретінде жүрді. Алтын,
ақшаның классикалық
Жекелеген елдердің ішінде алтын айналысы
жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы
болып, алтын белгілері – (қағаздай белгілері)
қағаз және несие ақшалар қызмет атқарады.
Бірақ та алтын дүниежүзілік ақша болып
қалып отыр десек, онда ол жалпыға бірдей
эквивалентті білдіреді.
12
1.3.Ақшаның атқаратын функциясы және оның қажеттілігі
Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі функциялары арқылы орындайды. Ақшаның әр функциясы тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі біржақтарын сипаттайды.
Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын функцияларына мыналар жатады:
- құн өлшемі және баға масштабы;
- айналыс (айырбас) құралы;
- төлем құралы;
- қорлану және қор жинау құралы;
- дүниежүзілік ақша.
Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: «мөлшері жағынан аттас, сапасы жағынан салыстыруға әкелетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру» қызметін атқарады.
Ақшаның айналыс құралы қызметі. Айналыс құралы қызметінде ақша тауар айналысы процесінде делдалдық роль атқарады. Тауар айналысы мынадай процестерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы. Бұл процесті арнайы формулада мынадый түрде беруге болады: Т (тауар) – А (ақша) – Т(тауар).
- 1995-2005жж. Қарағанды қаласындағы дизентериямен сырқаттанушылықты ретроспективті эпидемиологиялық талдау
- 1C: Бухгалтерия 8.2 Формирование баланса
- 1. Бухгалтерский баланс в анализе финансового состояния организации и оценке вероятности ее банкротства
- 1. Основные показатели уровня жизни и качества жизни население
- 1. Пантеизм и натурфилософия эпохи Возрождения
- 1. Понятие, предмет и метод административного права, как отрасли Российского права
- 1. Роль и значение бухгалтерской отчетности о финансовых результатах в информационном обеспечении ее пользователей
- 14-ти этажный двухсекционный жилой дом из панелей в г. Липецк
- 14-этажный кирпичный жилой дом
- 1649 год судопроизводство
- 1875 жылғы Франциядағы конституция және олардың кейінгі кездегі өзгеруі
- 1930-1939ж саяси дағдарыстар
- 1978-1979 Ирандағы Ислам ревалюциясы
- 1993 ж Ақша реформасы
