Акционерлік қоғам. 11

   ЖОСПАР 
 

   КІРІСПЕ...........................................................................................................3 

   І. Акционерлік  қоғамды  құру. Оның  ұйымдық-құқықтық

       жағдайы,  жарғысы   мен  жарғылық  капиталы.......................................4 

   ІІ. Акционерлік  қоғамды  басқарудың  қаржылық

        аспектілері 

        а)  Қоғамды  басқару  ерекшеліктері........................................................9

        ә)  Қоғамның  қаржылық  есептілігі  мен  аудиті...................................12

        б)  Қоғамды  қайта  ұйымдастыру   мен  таратудың 

             қаржылық  ерекшеліктері....................................................................13 

   ІІІ.  Акционерлік  қоғамды  басқару  құрылымы

          (Шетел мемлекеттерінде)…………………….......................................19  

   Қорытынды.....................................................................................................24

   Әдебиеттер  тізімі...........................................................................................25 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   КІРІСПЕ

   Акционерлік  қоғамдардың  қаржысы -  ішкі  қызмет  етудің  ең  күрделе  жүйесі  болып  табылады. Акционерлік  қоғамдар  жеке  және  заңды  тұлғалардан  құралған  үлкен  шеңберді,  яғни  акционерлер  шеңберін  құрайды.  Акционерлер  құқықтарының  сақталуы - акционерлік  қоғамның  қаржылық  қызметі  шарттарының  бірі  болып  табылады.

     Акционерлік  қоғам  бұл  - жарғылық  капиталы  белгілі   бір  акциялар  санына  бөлінген  және  бұл  акциялар  қоғамға   байланысты  әр  бір  қатысушының   міндетті  құқықтарын  куәландыратын   коммерциялық  ұйым  болып   табылады.

   Жұмыстың  басты  мақсаты: акционерлік қоғамдар  туралы  түсінік алып,  оның  құрылуы,  жарғысы мен жарғылық  капиталының құрылымымен танысу.  Сонымен қатар акционерлік қоғамдардың қаржысын  басқару ерекшеліктерін  және  шетел акционерлік қоғамдарын  басқару құрылымын   көрсету болды. 

   Курстық  жұмыс  барысы  үш  бөлімнен  тұрады:

  • бірінші  бөлім,  акционерлік қоғамдардың құрылуы,  олардың ұйымдық-құқықтық  жағдайы мен жарғылық  капиталының құрылымын көрсетуге арналған;
  • екінші  бөлім,  акционерлік қоғамды басқарудың  қаржылық  аспектілеріне арналған,  яғни  қоғамды басқару ерекшеліктері,  қаржылық  есептілігі  мен аудиті,  сонымен қатар қоғамды қайта ұйымдастыру мен таратудың  қаржылық  ерекшеліктері  анықталған;
  • үшінші  бөлімде,  акционерлік қоғамдарды  басқару құрылымы,  атап  айтқанда  шетел мемлекеттерінің қоғамды басқару ерекшеліктері көрсетілген.    

      Сонымен бірге  жұмыс  барысы  кіріспе  және  қорытынды  бөлімдерінен  құрылған,  әдебиеттер  тізімінде  бастысы -  «Заң»  журналы,  «ҚР-ның  акционерлік  қоғамдар  туралы  заңы»,  сонымен  қатар  «Финансы»  журналы  алынған.

І. Акционерлік  қоғамды  құру.  Оның  ұйымдық-құқықтық  жағдайы, жарғысы   мен жарғылық  капиталы

   Акционерлік қоғам дегеніміз - өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға. Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғамның акционері оның  міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда акционерлік  қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.

   Қоғам (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымнан басқасы) облигациялар және бағалы қағаздардың өзге де түрлерін шығаруға құқылы. Қазақстан Республикасының заң актілерінде қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысаны міндетті болып белгіленуі мүмкін. Қоғамның фирмалық атауы болады, онда "акционерлік қоғам" ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету және оның атауы қамтылуға тиіс. Қоғамның атынан кейін "АҚ" аббревиатурасын пайдалана отырып, қоғамның атауын қысқартуға жол беріледі.

      Қоғамды құру

   Қоғамның  құрылтайшылары:

   Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және заңды тұлғалар оның құрылтайшылары болып табылады. Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметін, жергілікті атқарушы органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік мекемелер қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды.

   Мемлекеттік кәсіпорын осы кәсіпорынға қатысты  меншік иесі мен мемлекеттік басқару  органының функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімімен  ғана қоғамның құрылтайшысы болуға және оның акцияларын сатып алуға құқылы.

   Қоғамның  құрылтайшысы жалғыз тұлға болуы  мүмкін. Қоғамның құрылтайшылары қоғамды құруға байланысты және ол мемлекеттік тіркелгенге дейін туындаған шығыстарды төлеу жөнінде ортақ жауаптылықта болады. Кейіннен мұндай шығыстарды қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы мақұлдаған жағдайда ғана аталған шығыстарды қоғам өз құрылтайшыларына өтейді.

   Құрылтай  жиналысы. Жалғыз құрылтайшы

   Қоғам өз құрылтайшылары жиналысының шешімі бойынша құрылады. Қоғамды бір  құрылтайшы құрған жағдайда қоғамды  құру туралы шешімді ондай тұлға  жеке-дара қабылдайды.

   Бірінші құрылтай жиналысында құрылтайшылар:

   1) қоғамды құру туралы шешім  қабылдайды және қоғамды құру  жөніндегі бірлескен қызмет тәртібін  белгілейді;

   2) құрылтай шартын жасайды; 

     3) құрылтайшылар төлейтiн акцияның алдын ала төлем мөлшерiн белгiлейдi;

   4) жарияланған акциялардың, соның  ішінде құрылтайшылар төлеуге  тиісті акциялардың санын белгілейді;

   4-1) қоғамның акцияларына айырбастауға жататын қоғамның бағалы қағаздарын айырбастаудың шарттары мен тәртібін белгілейді;

   4-2) Заңға сәйкес қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын белгілеудің әдістемесін бекітеді;

   5) шығарылатын болып жарияланған  акцияларды мемлекеттік тіркеу  туралы шешім қабылдайды;

   6) қоғамның тіркеушісін таңдайды;

   7) мемлекеттік тіркеуге арналған  құжаттарға қоғам атынан қол  қоюға уәкілетті адамдарды сайлайды;

   8) қоғам құрылтайшыларының жарғылық  капиталды төлеуге енгізілетін  мүлкін Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес бағалайтын  адамдарды белгілейді;

   9) қоғамның органдары құрылғанға  дейін қоғамның қаржы-шаруашылық  қызметін жүзеге асыруға және  үшінші тұлғалар алдында оның  мүдделерін білдіруге уәкілетті  адамдарды сайлайды;

   10) қоғамның жарғысын бекітеді.

   Акциялар  орналастырыла бастағанға дейін  құрылтайшылардың кейіннен бірнеше  жиналысын өткізуге жол беріледі. Бұл орайда құрылтай жиналыстарына  құрылтай шартының барлық тараптары  қатысқан жағдайда ғана бірінші құрылтай жиналысында қабылданған шешімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі.

   Қоғамның  бірінші құрылтай жиналысында әрбір  құрылтайшының бір дауысы болады. Егер құрылтай шартында өзгеше белгіленбесе, кейінгі құрылтай жиналыстарында әрбір  құрылтайшының бір дауысы болады. Құрылтай жиналысының шешімдері қоғамның барлық құрылтайшылары қол қоюға тиісті хаттамамен ресімделеді.

   Қоғамның  жарғысы 

   Қоғамның жарғысы қоғамның заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін айқындайтын құжат болып табылады. Жұмыс iстеп тұрған акционерлiк қоғамның акционерлердің жалпы жиналысы уәкілеттік берген тұлға қол қоятын жарғысының жаңа редакциясын қоспағанда, қоғам жарғысына құрылтайшылар не оның өкiлдерi қол қоюға тиiс. Қоғамның жарғысы, сондай-ақ оған енгiзiлетiн барлық өзгерiстер мен толықтырулар нотариаттық куәландырылуға тиiс.

   Қоғамның  жарғысында мыналар:

   1) қоғамның толық және қысқартылған  атауы; 

   2) қоғамның атқарушы органының  орналасқан жері;

   3) қоғамның артықшылықты акцияларымен куәландырылған құқықтар көлемiн қоса алғанда, акционерлердiң құқықтары туралы мәлiметтер;

   5) қоғамның органдарын құру тәртібі және олардың құзыреті;

   6) қоғам органдарының қызметін  ұйымдастыру тәртібі, соның ішінде:

  • қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын және алқалы органдарының отырыстарын шақыру, әзірлеу және өткізу тәртібі;
  • қоғам органдарының шешімдер қабылдау тәртібі, соның ішінде шешімдері айқын басым көпшілік дауыспен қабылдануға тиісті мәселелердің тізбесі;

   7) қоғамның қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралын көрсете отырып, қоғамның акционерлеріне оның қызметі туралы ақпарат беру тәртібі;

   7-1) қоғам акционерлерi мен лауазымды тұлғаларының өз аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты беру тәртiбi

   8) қоғам коммерциялық емес ұйым  болған жағдайда: қоғамның коммерциялық  емес ұйым екендігін көрсету,  дауыс беру рәсімі, дивидендтерді  төлемеу туралы ережелер мен  Заңда және Қазақстан Республикасының  өзге де заң актілерінде белгіленген  басқа да талаптар;

   9) қоғам қызметінің тоқтатылу талаптары; 

   10) Заңға және Қазақстан Республикасының  өзге де заң актілеріне сәйкес  өзге де ережелер болуға тиіс.  

   Барлық  мүдделі тұлғалар қоғамның жарғысымен танысуға құқылы. Қоғам мүдделi тұлғаның талап етуі бойынша оған қоғамның жарғысымен, сонымен бірге оған кейін енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен танысуға мүмкіндік беруге міндетті. Қоғам акционердің өзіне қоғам жарғысының көшірмесін беру туралы талабын үш жұмыс күні ішінде орындауға міндетті. Қоғам акционерге жарғының көшірмесін бергені үшін ақы алуға құқылы, ол көшірме дайындауға, сондай-ақ жеткізіп беру қажет болған жағдайда оны жеткізуге жұмсалған шығындардан аспауға тиіс. Қоғам өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қоғамның үлгі жарғысы негізінде жүзеге асыруға құқылы. Қоғамның қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн қолданылуы мүмкiн бұқаралық ақпарат құралдары және оларға қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленеді.

Қоғамның жарғылық капиталы

   Қоғамның  жарғылық капиталының ең төменгі  мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан  Республикасының заңында белгіленген  айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселенген  мөлшерінде болады. Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың акцияларды олардың нақтылы құны бойынша және инвесторлардың осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес айқындалатын орналастыру бағалары бойынша төлеуi арқылы қалыптастырылады және ол Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiледі.Акцияның құрылтайшылар алдын ала енгiзетiн төлем мөлшерi қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға және оны құрылтайшылар қоғам заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап отыз күн iшiнде толық төлеуге тиiс. Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту қоғамның жарияланған акцияларын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.  
 
 
 
 
 
 

ІІ.  Акционерлік  қоғамды  басқарудың  қаржылық  аспектілері

Қоғамды  басқару  ерекшеліктері

   Мыналар қоғам органдары болып табылады:

   1) жоғары орган - акционерлердің  жалпы жиналысы (барлық дауыс  беретін акциялары бір акционерге  тиесілі қоғамда - сол акционер);

   2) басқару органы - директорлар кеңесі;

   3) атқарушы орган - алқалы орган  немесе атауы қоғамның жарғысында  белгіленетін атқарушы орган  қызметін жеке-дара жүзеге асыратын  тұлға. 

   Бұрын мемлекеттiк қызметшi болған және өзінің қызметтік функциялары бойынша қоғам қызметіне мемлекет тарапынан бақылау мен қадағалау жөнінде өкілеттігі болған жеке адам осындай өкілеттік тоқтатылған күннен бастап бір жыл ішінде, барлық дауыс беретін акциялары мемлекетке тиесілі қоғамның органдарын қоспағанда, осы қоғамның органына сайлана алмайды.

   Барлық  дауыс беретін акциялары бір  акционерге тиесілі қоғамда қоғамның жарғысында қоғамды директорлар  кеңесін құрмай-ақ басқару мүмкіндігі көзделуі мүмкін.

   Жарғылық  капиталына мемлекет қатысатын қоғамды  басқару ерекшеліктері:

   Республикалық меншіктегі мемлекеттік акциялар пакетін  иелену және пайдалану құқығын мемлекеттік  меншікке билік етуге уәкілетті  мемлекеттік орган Қазақстан  Республикасы Үкіметінің немесе Ұлттық Банкінің шешімі бойынша өзге мемлекеттік  органға беруі мүмкін.

   Коммуналдық меншіктегі мемлекеттік акциялар пакетін  иелену және пайдалану құқығы жергілікті атқарушы органның шешімімен өзге мемлекеттік  органға берілуі мүмкін.

   Мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану  құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік  орган Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес акционерлердің жалпы  жиналысының құзыретіне жатқызылған  мәселелер бойынша акционер ретінде  мемлекеттің мүдделерін білдіреді.

   Мемлекеттік акциялар пакеттерін иелену мен пайдалануды  жүзеге асыратын мемлекеттік органдар акционерлердің жалпы жиналыстарында қабылдауға ұсынылатын шешімдердің  жобаларын мемлекеттің қатысуымен Қазақстан Республикасының Үкіметімен және мемлекеттік меншікке билік  етуге уәкілетті мемлекеттік  органмен алдын ала жазбаша түрде  келісуді қамтамасыз етуге міндетті мәселелер тізбесін Қазақстан Республикасының  Үкіметі белгілейді.

   Ұлттық  компанияларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық басқарушы компанияға тиесілі қоғамның директорлар кеңесі атқарушы органның ұсынуымен қоғамның қаржы-шаруашылық қызметінің орташа мерзімді жоспарларын бекітеді.

   Жарғылық  капиталына мемлекет қатысатын қоғамдардың  қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарлары мемлекеттік органдарға Қазақстан  Республикасының заңдарында белгіленетін тәртіппен және мерзімдерде табыс  етіледі. Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық компаниялардың даму жоспарларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.Ұлттық холдинг акционері болып табылатын ұлттық компаниялардың даму жоспарларын осы ұлттық компаниялардың директорлар кеңесі бекітеді.

   . Қазақстан Республикасының Үкіметі құрылтайшысы және жалғыз акционері болып табылатын, қызметінің негізгі мақсаты ұлттық даму институттары мен басқа да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығымен тиесілі акциялар пакетін (қатысу үлестерін) басқару болып табылатын акционерлік қоғам ұлттық басқарушы компания болып табылады.Ұлттық даму институттары - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен акционерлік қоғамдар ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған, қызметінің басты мақсаты индустриялық-инновациялық даму және кәсіпкерлікті қолдау саласындағы жобаларды іске асыру болып табылатын қаржылық, консалтингтік, инновациялық, сервистік ұйымдар.Қазақстан Республикасының Yкіметі құрылтайшысы және жалғыз акционері болып табылатын, ұлттық компаниялардың және өзге де акционерлік қоғамдардың өзіне меншік құқығымен тиесілі акциялар пакеттерін тиімді басқару үшін құрылған акционерлік қоғам ұлттық холдинг болып табылады.

   Қазақстан Республикасының өзге заң актілерінде  көзделген жағдайларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық холдингке тиесілі және ұлттық экономиканың негізін құрайтын стратегиялық жағынан маңызды салаларда қызметін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған акционерлік қоғам ұлттық компания болып табылады. Жекешелендіруге жатпайтын мүлікті ұлттық компанияларға берудің талаптары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Ұлттық компаниялардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

   Жарғылық  капиталына мемлекет қатысатын қоғамның атқарушы органы аталған акцияларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органға мемлекеттік  акциялар пакетіне дивидендтер мөлшерінің болжамды көрсеткіштерін жоспарланып  отырған жылдан алдыңғы жылдың бірінші  сәуіріне дейін табыс етуге міндетті. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қоғамның қаржылық есептілігі мен аудиті

     Қоғамның бухгалтерлік есебін  жүргізу мен қаржылық есептілігін  жасау тәртібі Қазақстан Республикасының  бухгалтерлік есеп пен қаржылық  есептілік туралы заңнамасымен белгіленеді. Атқарушы орган жыл сайын акционерлердiң жалпы жиналысына талқылау және бекiту үшiн аудитi Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет жөнiндегi заңдарына сәйкес жасалған өткен жылғы жылдық қаржылық есептiлiктi табыс етедi. Атқарушы орган қаржылық есептiлiктен басқа жалпы жиналысқа аудиторлық есептi табыс етедi. Жылдық қаржылық есептілікті директорлар кеңесі акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өтетін күнге дейін отыз күннен кешіктірмей алдын ала бекітуге тиіс. Қоғамның жылдық қаржылық есептілігін түпкілікті бекіту акционерлердің жылдық жалпы жиналысында жүргізіледі. Қоғам жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында уәкілетті орган белгілеген мерзімде бухгалтерлiк балансты, капиталдағы барлық өзгерiстердi көрсететiн есептi, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептi және пайда мен залал туралы есептi жариялап отыруға міндетті. Қоғам өзге қаржылық есептiлiктi қосымша жариялауға құқылы.

   Әр  бір  қоғам жылдық қаржылық есептіліктің аудит жүргізуге міндетті. Қоғамға аудит директорлар кеңесінің, атқарушы органның бастамасы бойынша қоғам есебінен не ірі акционердің талап етуі бойынша оның есебінен жүргізіледі , бұл ретте iрi акционер аудиторлық ұйымды дербес анықтауға құқылы. Iрi акционердiң талап етуi бойынша аудит жүргiзiлген жағдайда, қоғам аудиторлық ұйым сұратқан барлық қажеттi құжаттаманы (материалдарды) беруге мiндеттi Егер қоғамның атқарушы органы қоғамға аудит жүргізуден жалтарса, аудит кез келген мүдделі тұлғаның талап-арызы бойынша сот шешімімен тағайындалуы мүмкін. 
 

Қоғамды қайта ұйымдастыру мен таратудың  қаржылық   ерекшеліктері

     Қоғамды қайта ұйымдастыру (біріктіру,  қосу, бөлу, бөлініп шығу, қайта құру) Қазақстан Республикасының заң  актілерінде белгіленген ерекшеліктер  ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

   Қоғам бөліну немесе бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастырылған кезде  қайта ұйымдастырылатын қоғамның кредиторлары осы қоғам борышкер болып табылатын  міндеттеменің мерзімінен бұрын  тоқтатылуын және залалдардың өтелуін  талап етуге құқылы. Егер қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда өз қызметін тоқтатса, оның  акциялары шығарылымының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен күші жойылуға тиіс.

   Қоғамдардың бiрiгуi

     Екi немесе бiрнеше қоғамның өз қызметiн тоқтатып, бiрiгу туралы шарттың негiзiнде және өткiзу актiлерiне сәйкес өзiнiң бүкiл мүлкiн, құқықтарын және мiндеттерiн беру арқылы жаңа қоғамның пайда болуы қоғамдардың бiрiгуi деп танылады. Қоғамдардың бiрiгуi жолымен құрылатын қоғамның жарғылық капиталы қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың өз капиталдарының сомасына тең болады. Құрылған қоғамның акциялары қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың акционерлерi арасында мынадай тәртiппен орналастырылады:

   1) құрылған қоғамның әрбiр қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерi арасында орналастырылатын жарияланған акцияларының саны сол қоғамдардың өз капиталдарының арақатынасына сүйене отырып айқындалады;

   2) әрбiр қайта ұйымдастырылатын қоғамның акционерлерi арасында бөлiнетiн, осы айқындалатын акциялар саны әрбiр қайта ұйымдастырылатын қоғамның акционерлерi арасында олардың қолында болған қайта ұйымдастырылатын қоғам акциялары санының осы қоғамның орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) акциялары санына арақатынасына барабар мөлшерде орналастырылады.

   Қайта ұйымдастырылатын әрбiр қоғамның директорлар кеңесi бiрiгу нысанында қайта ұйымдастыру туралы, бiрiгу нәтижесiнде құрылатын қоғамның акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және оларды орналастыру тәртiбi туралы мәселенi акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына ұсынады.

   Бiрiгу туралы шешiм қайта ұйымдастырылатын қоғамдар акционерлерiнiң бiрлескен жалпы жиналысында әрбiр жеке қоғам акционерлерiнiң айқын басым көпшiлiк даусымен қабылданады. Акционерлердiң жалпы жиналысының осы шешiмiнде:

   1) қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың әрқайсысының атауы, орналасқан жерi, акцияларды орналастыру тәртiбi туралы мәлiметтер және бiрiгудiң өзге де талаптары көрсетiлетiн бiрiгу туралы шартты бекiту туралы ереже;

   2) бiрiгу нәтижесiнде құрылатын қоғамның акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы ереже болуға тиiс.

   Бiрiгу туралы шартқа қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың барлық акционерлерi қол қоюға тиiс.Өткiзу актiсiне қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың атқарушы органдарының басшылары мен бас бухгалтерлерi қол қояды және ол қоғамдардың мөрлерiмен расталады.Қайта ұйымдастырылатын қоғамдар өздерiнiң барлық кредиторларына қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарламалар жiберуге және бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi. Хабарламаға өткiзу актiсi қоса тiркеледi.

   Қоғамның қосылуы

   Қосылатын қоғамның қосылу туралы шарттың негізiнде және өткiзу актiсiне сәйкес бүкiл мүлкiн, құқықтары мен мiндеттерiн басқа қоғамға бере отырып, өз қызметiн тоқтатуы қоғамның басқа қоғамға қосылуы деп танылады.Қосылатын қоғамның барлық акциялары сатып алынғаннан кейiн аталған акциялар жойылады, ал қосылатын қоғамның мүлкi, құқықтары мен мiндеттерi қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың атқарушы органдары басшылары мен бас бухгалтерлерi қол қойған және сол қоғамдардың мөрлерiмен расталған өткiзу актiсiне сәйкес қосылу жүзеге асырылатын қоғамға берiледi.Қосылатын қоғам акцияларын сату бағасы қосылатын қоғамның өз капиталының оның орналастырылған акцияларға арақатынасына қарай айқындалады.

   Қосылу жүзеге асырылатын қоғам акцияларын орналастыру бағасы қосылу жүзеге асырылатын қоғамның өз капиталының оның орналастырылған акцияларының санына арақатынасына сүйене отырып айқындалады.Қосылатын қоғамның директорлар кеңесi қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы, қосылатын қоғамның акцияларын сату тәртiбi, мерзiмi және бағасы туралы мәселенi акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына шығарады.

   Қосылу жүзеге асырылатын қоғамның директорлар кеңесi өзiне басқа қоғамды қосу нысанында қоғамды қайта ұйымдастыру туралы, акцияларды орналастыру тәртiбi, мерзiмi және бағасы туралы мәселенi акционерлердiң жалпы жиналысының шешуiне енгiзедi.

   Қосылу туралы шешiм қосылу жүзеге асырылатын қоғам мен қосылатын қоғам акционерлерiнiң бiрлескен жалпы жиналысында әрбiр жеке қоғам акционерлерiнiң айқын басым көпшiлiк даусымен қабылданады.

   Акционерлердiң бiрлескен жалпы жиналысының қосылу туралы шешiмiнде қосылуға қатысатын қоғамдардың әрқайсысының атауы, орналасқан жерi, қосылатын қоғам акцияларын сату бағасы, қосылу жүзеге асырылатын қоғам акцияларын орналастыру бағасы, қосылудың өзге де талаптары мен тәртiбi болуға тиiс.Қосылатын қоғам, сондай-ақ қосылу жүзеге асырылатын қоғам өзiнiң барлық кредиторларына қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарлама жiберуге және бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi. Хабарламаға өткiзу актiсi, сондай-ақ қосылу жүзеге асырылатын қоғамның атауы мен орналасқан жерi туралы мәлiмет қоса тiркеледi. 

Қоғамның бөлiнуi

   Қоғамның жаңадан пайда болатын қоғамдарға өзiнiң бүкiл мүлкiн, құқықтары мен мiндеттерiн бере отырып, өз қызметiн тоқтатуы қоғамның бөлiнуi деп танылады. Бұл орайда бөлiнетiн қоғамның құқықтары мен мiндеттерi бөлiну балансына сәйкес жаңадан пайда болатын қоғамдарға ауысады.

Акционерлік қоғам. 11