Акционерлік қоғамды ұйымдастыру

КІРІСПЕ

 
       Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» (2004 ж) заңы бар, осы Заң акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртібін, акционерлердің құқықтары мен міндеттерін, сондай – ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды; акционерлік қоғам органдарының құзіретін, құрылу және жұмыс істеу тәртібін және жауапкершілігін белгілейді.

Бүгінгі күні Қазақстанда  нарықтық экономиканың негіздерін құрудың  маңызды шарттарының бірі акционерлік қоғамдардың дамуы. Олар шетел капиталын тарту арқылы нарықтық бейімделген шаруашылық құрылымдар мен бәсекелестік ортаның құрылуына мүмкіндік береді, сонымен қатар алып – сату мен кәсіпкерлік әрекеттердің дамуына жағдай жасайды. Акционерлік қоғамдар акционерлерді басқаруға және пайданы бөлуге қатысуын қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың әлеуметтенуінің акционерлік формасы капиталды демократияландырады. Акционерлік қоғамдардың әлеуметтік бөлігі меншік иелерінің массалық негізі ретінде қоғамның орта табын қалыптастыру шарттарының бірі болып табылады.

Экономикадағы өндірістің құлдырауы және дағдарыс жағдайларында акционерлік қоғамдардың  дамуы қаржылық ресурстардың көлденең түрде ауысуын қадағалап, салааралық қаражаттардың қозғалысын рационалдайды, яғни экономиканы көтерудің және қайта құрудың алғышарттарын қалыптастырады.

Елімізде акционерлік  қоғамдардың дамуы мемлекет иелігінен  алу мен жекешелендіруді жүзеге асыру нәтижесінде кеңістікте де, уақыт бойынша да жаңа қарқынға ие болды. Оның негізгі жекешелендіру формаларына акционерлендіру жатады. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру кезінде әр түрлі деңгейде мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдар құрылады.

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі. Қазақстан Республикасында  кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын, ең кең таралған ұйымдастырушылық – құқықтық нысан болып акционерлік қоғамдар болып табылады. Акционерлік қоғамдардың ролі мен маңызы 2003 жылы 13 мамырда Акционерлік қоғамдар туралы ҚР арнайы Заңы қабылданғаннан кейін күшейді.

Жекешелендірудің мемлекеттік саясаты акционерлік қоғамдарды мүліктік айналымның орталығына қойды, кәсіпкерлік қызметтің акционерлік нысаны шаруашылық жүргізудің ең кең тараған нысанына айналып, Қазақстан Республикасының экономикалық қайта құрулар механизміне терең енді және оның дамуына біршама әсер етуде.

Мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорындарды жекешелендіру  салдарынан кәсіпкерліктің акционерлік  нысанының кең таралуы – бизнестің  әр түрлі сфераларында қайта құрылып  жатқан акционерлік қоғамдар санының  динамикалық түрде өсуі және олардың ел экономикасына әсері акционерлік қоғамдардың экономико – құқықтық мәнін, оларды құқықтық қамтамасыз етудің және дамудың негізгі тенденцияларын терең зерттеуді талап етеді. Акционерлік қоғамға, ұжымдық кәсіпкерліктің құқықтық нысаны ретінде, заңды тұлғаның барлық негізгі белгілеріне тән, атап айтқанда:

1.Акционерлік  қоғам – акционерлік заңнамасымен, жарғысымен, жергілікті нормативті  актілерімен бекітілген ұйымдастырушылық  бірлік, оған ең аз дегенде үш элемент кіреді:

Біріншісі: жеке субъектілер жалпы біртұтасқа бірігетін әлеуметтік мәнді өзара байланыстар жүйесінің бар болуы;

Екіншісі: құрылу мен қызмет етудің белгілі бір  мақсатының болуы. Акционерлік қоғам, кез – келген әлеуметтік ұйым сияқты мақсатты жалпылық – бұл осындай мақсат үшін адамдардың бірігуі, ол әрқайсысы үшін маңызды болса да, жеке түрде оған ешкім қол жеткізе алмайды. Бірақ та бұл мақсатқа жету оларды рольдер бойынша, мақсаттар бойынша, бағынуы бойынша бөлінуіне мұқтаж етеді.

Акционерлік қоғамдардың  құрылуы мен қызмет етуінің негізгі мақсаты болып, кез – келген коммерциялық ұйымдікі сияқты пайда табу болып табылады. Ары қарай, бірақ та акционерлік қоғамдардың құрылуы мен қызмет етуіне селсоқ қарауға болмайтыны түсіндіріледі – акционерлік қоғамның дамуы акционерлік қатынастардың субъектілерінің (акционерлер, персонал, несие берушілер, мемлекет және оның органдары ретінде т.б.) әр түрлі топтарының мүдделер жүйесінің жиынтығын жүзеге асырумен анықталады.

Үшіншісі: ішкі құрылымның және функционалды дифференциацияның бар болуы (акционерлік қоғамды ұйымдастырудың корпоративті әдісі, компанияның өндірістік – шаруашылық қызметінің ұйымдастырушылық құрылымы).

2.Экономикалық  белгі – жарна ретінде жарғылық  капиалға акционерлермен берілген  жинақталған мүлікті, сонымен  қатар қызмет үрдісінде заңды негізде құрылған немесе иемденген қоғамды иелену.

3. Материалдық  – құқықтық белгі, оған екі  элемент кіреді: азаматтық айналымда  өз атынан жеке түрде шығу  қабілеті және жеке мүліктік  жауапкершілік, яғни өз атынан  мүліктік және мүліктік емес құқықтарды иемдену және міндеттерді өз мойнына алу қабілеті.

4. Процессуалды  – құқықтық белгі – соттарда  талапкер және жауапкер болу  қабілеті. Заңнамаға сәйкес акционерлік  қоғамдар соттарда міндеттемелерді  орындау, өнімді, жұмыстарды, қызметтерді  және т.б. иемдену бойынша шаруашылық субъектілер ғана емес, сонымен қатар директорлар кеңесі мүшелерінің (бақылау кеңесі), коллегиялық атқарушы органның (басқарма, дирекциялар), сонымен қатар жеке атқарушы органның (бас директор, директор) мүшелеріне, басқарып отырған ұйымға немесе басқарушыға жауапкершіліктің негізі мен өлшемдері орнатылмаған болса, шығындарды өтеу, қоғамға олардың қателі іс әрекеттерімен (іс әрекет етпеуі) жасалған қателері бойынша талабымен сотқа жүгіне алады.

Зерттеу жұмыстың мақсаты: нарықтық экономика жағдайындағы акционерлік қоғамдардың маңызы мен тиімділігін ашып көрсету.

Зерттеу жұмыстың құрылымы:

Бірінші бөлімде –  акционерлік қоғамның қалыптасуы, оның қоғамда алатын орны мен қызметі, түрлері қарастырылады.

Екінші бөлімде – Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдары: негізгі мәселелері және шешу жолдары қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТИПТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Акционерлік қоғамның пайда болуы, орналасу жері

Акционерлік қоғам  – заңды тұлға. Акционерлік қоғам  деп өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады. Акционерлік қоғам өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлкі болады, өз міндеттемесі бойынша өз мүлкі шегінде жауапты болады және өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сонымен қатар өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты зияндарға тәуекел етеді. Заңды тұлға негізіндегі акционерлік қоғам заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер қабылдайды. Бұған қоса, акционерлік қоғамның тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.Тағы да оның басты белгілеріне, сотта талапкер және жауапкер болуын жатқызамыз. Экономикасы дамыған, капиталистік елдерде қабылданған терминология бойынша олар корпорациялар деп те аталады.

Акционерлік қоғам  заңды тұлғалардың ішінде коммерциялық ұйым бола тұрып, өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздеп, мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейді.

Акционерлік қоғамның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс және өз атауы жазылған мөрі болады. Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлері аталған қорлардың міндеттемелері бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгіленген тәртіп пен жағдайларда ортақтасып жауап береді. Егер акционерлік қоғам өзінің жаңа акциялар немесе акцияларға айналатын (конверсияланатын) басқа да бағалы қағаздар шығаратын ниеті туралы хабарлағанда, акционерлердің артықшылықты сатып алу құқығы ескеріледі, яғни оларға қолындағы акцияларға сәйкес бірдей жағдай ұсынуға міндетті. Уәкілетті орган акционерлерге артықшылықты сатып алу құқығын пайдалану жөніндегі ұсыныс беру тәртібін белгілеуге құқылы. Заңдарда көзделген жағдайларға орай, акционерлік қоғамда табысы тек қана қоғамды дамытуға жұмсалатын коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.

Акционерлік қоғамның оқшау  мүлкі дегеніміз, шаруашылық қатынастарына  дербес түсуі үшін ұйымның тек  қана басқа ұйымдардың ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің мүлкінен де оқшау мүлкі  болуы керек дегенді білдіреді. Азаматтық айналымда өз атынан сөйлеу қабілеті — бұл ұйымды өз атынан азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болу, талапкер және 
жауапкер ретінде жауап беру мүмкіндігі, бұл акционерлік қоғамды құқық субьектісі деп мойындауының салдары болып табылады. Акционерлік қоғам ұйымдық біртұтас болу керек. Ұйымдық біртұтас болу ұжымдық құрылымның біртұтас құрылым ретіндегі қызметін қамтамасыз етеді. 
Аталған белгі қоғамның мақсаттары мен міндеттерін, оның құрылымын, құзыретін, қызмет тәртібін анықтаудан көрінеді. Акционерлік қоғамның азаматтық құқықтары болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес мойнына алуы мүмкін.Оның азаматтық құқықтары болуы және заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге асыру үшін қажетті азаматтық міндеттерді атқаруы мүмкін. Заң актілерінде көзделген жағдайларда белгілі бір қызмет түрін жүзеге асырушы акционерлік қоғам үшін басқа қызметпен айналысу мүмкіндігі болмауы немесе шектелуі мүмкін. Акционерлік қоғам тізбесі заң актілерінде белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен лицензия негізінде ғана айналыса алады. Құқық қабілеттілігіне келетін болсақ, құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшін лицензия алу қажет болатын қызмет саласында акционерлік қоғамның құқық қабілеттілігі сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолдану мерзімі өткен немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.

Акционерлік қоғамның атауы, орналасу жері. Акционерлік қоғамның азаматтық айналымға дербес шығуы үшін ол жекеленуі, яғни басқа біртектес заңды тұлғадан ерекшеленуі тиіс. Оған ең алдымен оның атауымен қол жеткізуге болады. Себебі әрбір акционерлік қоғамның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Қоғамның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық құқықтық нысанын көрсетуді қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкін. Құрылтай шартында қоғамның атауы белгіленеді. Акционерлік қоғамның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль қалыптарына қайшы келетін аттарды, егер жеке адамдардың есімдері қатысушылардың есімдеріне сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есімін пайдалануға олардан рұқсат алмаса, олардың есімдерін пайдалануға жол берілмейді. Мұнда келесі бір есепті мысал ретінде келтіру орынды. Қазақстан Республикасының азаматшасы Аділбаева С. өзіне атасынан мұрагерлікпен өткен «Манғыстау-газ» акционерлік қоғамының атауын өзгертпекші болады. Акционерлік қоғамға өзінің сүйікті әртісі С-тің атын бермекші болады. Егер бұл мысалға құқықтық талдау жасасақ, әрине бұл заңға қайшы әрекет. Себебі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 38-бабының бірінші тармағына сәйкес, заңды тұлғаның атауында жеке адамдардың, соның ішінде атақты адамдардың есімдерін, олардың келісімінсіз пайдалануға жол берілмейді делінген.

Акционерлік қоғамның тұрған жері (оның тұрақты жұмыс орны ) «оның  құрылтай құжаттарында почталық толық  мекен-жайы жазылып көрсетіледі» (Қазақстан  Республикасы Азаматтық кодексінің 38-бабы). Акционерлік қоғамның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып табылады. Үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста қоғам өзінің нақты мекен-жайының бірыңғай мемлекеттік тізілімге енгізілген мекен-жайға сәйкес келмейтініне сілтеме жасауға құқығы жоқ. Бұл орайда үшінші тұлғалар заңды тұлғаға мемлекеттік тізілімге енгізілген мекен-жайына да, нақты жайына да почталық және өзге де хат-хабарлар жіберуге құқылы.Қоғамның тұрған жерінде банк мекемесінде оның есеп шоты ашылады және тұрған жерін белгілеу жауапкер болатын сот істерінің қай ведоствоға қарайтындығын анықтау үшін маңызды. Акционерлік қоғам директорлар кеңесінің шешімі бойынша заң құжаттарында көзделген тәртіппен өз филиалдары мен өкілдіктерін құруға құқылы. Ал заңдарда көзделген жағдайларда, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.

 

 

1.2 Қазақстанда акционерлік  қоғамның құрылуы. Қоғамды басқару

 

 

Жоғары орган — акционерлерінің  жалпы жиналысы ( барлық дауыс беруші акцияларды бір акционерге тиесілі қоғамда — осы акционер) 
Басқарушы органы — директорлар кеңесі;

Атқарушы орган — алқалы орган немесе атауын қоғамның жарғысы  белгілейтін, қоғамның атқарушы органының  қызметін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға;

Акционерлік қоғамның органдары: жалпы жиналысы, директорлар кеңесі, алқалы орган немесе басқарма, тексеру коммисиясы ( алқалы немесе жеке- дара тексеруші) болып саналады. 

Қоғам акционерлерінің жалпы  жиналысы жылдық және кезектен тыс  жиналыстар болып табылады.Қоғамның ең жоғары органы — оның акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып табылады. Ол қаржы жылы аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуге тиіс. Есепті кезеңдегі қоғам қызметінің аудитін аяқтау мүмкін болмаған жағдайда аталған мерзім үш айға дейін ұзартылған болып есептеледі.Жыл сайынғы жалпы жиналысында қоғамның өткен қаржы жылының таза табысын бөлу, бір жай акцияға шаққандағы дивидент мөлшері сияқты мәселелер жауабын табады. Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын жыл сайын өткізіп отыруға міндетті. Акционерлердің жылдық жиналыстан басқа     жалпыжиналыстары кезектен тыс болып саналады.

Акционерлердің жалпы  жиналысының айрықша құзыреті заң  актілерімен белгіленеді. Айрықша  құзыретіне қарасты кейбір мәселелерді  айтсақ, олар: қоғамның жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу немесе оның жаңа редакциясын бекіту, акциялардың санын өзгерту; қоғамның үлгісін өзгерту мен оны ерікті түрде қайта құру және тарату; қоғамның жарғылық капиталының мөлшерін өзгерту; оның жылдық қаржылық есебін және жыл қорытындысы бойынша дивиденттер мөлшерін бекіту; қоғамның таза пайдасын бөлу тәртібі, оның облигацияларын және туынды бағалы қағаздарын шығару шарттары мен тәртібі сияқты көптеген басқа жайттар. Барлық акциялары жалғыз акционерге тиесілі қоғамда акционерлердің жалпы жиналысы өткізілмейді.

Акционерлердің жалпы  жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуді акционерлік қоғамның өзге органдарына  беруге болмайды. Егер акционерлердің жалпы жиналысына қатынасу үшін тіркеу аяқталған кезде жиынтығында  қоғамның дауыс беретін акциялардының елу және одан да көп процентіе иеленген акционерлер тіркелсе, онда жалпы жиналыс шешім қабылдауға хақылы болып саналады және қоғамның жарғысымен акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді жазбаша шешімдерін түрде ресімдеуге құқығы бар.

Акционерлік қоғамда директорлар  кеңесі құрылады. Ол қоғамның қызметіне  жалпы басшылықты жүзеге асырады  және қоғамның басқару органы табылады. Жоғарыда атап кеткендей сияқты бұл  директорлар кеңесінің айрықша  құзыретіне жатқызылған мәселелерін акционерлік қоғамның атқарушы органының шешуіне беруге болмайды.

Қазақстан Республикасының  заң актілерімен белгіленген  жағдайларда, бір акционері бар  акционерлік қоғамда қоғамның жарғысымен директорлар кеңесін құрмай-ақ, акционерлік  қоғамды басқару мүмкіндігі көзделуі мүмкін. Оның міндеттеріне қоғам қызметінің басым бағыттарын айқындау, акционерлердің жылдық және керек жағдайларда кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру туралы шешім қабылдау, олардың күн тәртібін бекіту, қоғам шығарған акцияларды, облигациялар мен өзге де бағалы қағаздарды сатып алу туралы шешім қабылдау, таза табысты, резервтік апитал мен қоғамның өзге де қорларының қаражатын пайдалану тәртібін айқындау және сол сияқты көптеген қоғамның жылдық жиналыстары аралығында шешілетін мәселелер жатады.

Акционерлік қоғамның атқарушы органы алқалық (басқарма) немесе жеке дара ( директор, бас директор, президент ) болуы мүмкін. Ағымдағы қызметке басшылық жасауды, жалпы жиналыс  шешімдерін жүзеге асыру — осы  органның құзырында. Ол акционерлік қоғам қызметіне күнделікті басқаруды жүзеге асырып, директорлар кеңесі мен акционерлердің жалпы жиналысына есеп береді. Алқалы атқарушы органды директорлар кеңесі қоғамның жарғысында көрсетілген санда және мерзімге сайлайды. Бұл орган акционерлік қоғамның атынан іс-қимыл жасайды, оның мүддесін қорғайды, штатты шығарып, қоғамның барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді. Акционерлік қоғамның атқарушы органының қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын мүшелік орган – тексеру комиссиясы.Ол кемінде үш мүше құрамында құрылып, бес жыл мерзімге сайланады. Тексеру комиссиясы кез-келген уақытта өзінің бастамасымен, акционерлер жалпы жиналысының, қоғамның директорлар кеңесінің тапсырмасы бойынша және акциялардың 10 пайызынан астамын иеленетін акционерлердің талабы бойынша қоғамның атқарушы органының қызметіне тексеріс жүргізеді.Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 92-бабының 6-тармағына сәйкес, қоғамда өзге де органдар құрылуы мүмкін. Акционерлердің саны жүзден асатын қоғамда акционерлердің жалпы жиналысында құрамы үш адамнан кем болмауға тиіс есеп комиссиясы бекітіледі. Ол жалпы жиналыстың кворумын анықтайды, жиналыста дауыс беру тәртібін түсіндіреді және дауыстарды санап, дауыс беру қорытындыларын шығарады. Акционердің жеке өзі немесе өкілі арқылы жалпы жиналысқа қатысуға және дауыс беруге міндетті. Акционердің өзі жиналысқа қатынаспай оның өкілі қатысса, онда ол заңдарға сәйкес ресімделген сенімхат негізінде іс-әрекет жасайды.

Дауыс беру «қоғамның  бір акциясы – бір дауыс» принципі бойынша жүзеге асырылады. Қоғамның басқару билігі қолында акциялардың бақылау бумасы бар ірі акционерлерде болады. Акциялардың бақылау бумасы деген қоғамда үстемдік беретін акциялардың саны. Ол меншік иесіне қоғам қабылдайтын шешімдерді айқындауына құқық беретін белгілі бір акциялар бумасының қоғамның шығарылған жарғылық капиталының мөлшеріне проценттік ара қатынасы. Бұрын уәкілетті мемлекеттік реттеу органының мемлекеттік қызметшісі болған және өзінің қызметтік міндеттері бойынша акционерлік қоғам қызметіне мемлекет тарапынан қадағалау жөнінде өкілеттігі болған жеке адам осындай өкілеттік тоқтатылған күннен бастап бір жыл ішінде, барлық дауыс беруші акциялары мемлекетке тиесілі қоғамның органдарын қоспағанда, осы акционерлік қоғамның органына сайлана алмайды.

Қоғамды ерікті түрде тарату туралы шешім несие  берушілердің келісімдері бойынша  және олардың бақылауымен акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады. Таратуды жалпы жиналыстың шешімі тағайындаған тарату комиссиясы жүзеге асырады. Қоғамды тарату кезінде ең алдымен оның несие берушілердің талаптары қанағаттандырылады. Несие берушілермен есеп айырысу аяқталғаннан кейін таратылатын қоғамның қалған мүлкі акционерлердің арасында төмендегідей кезекпен бөлінеді:

Бірінші кезекте  өтелуге тиісті акциялар бойынша төлемдер беріледі;

Екінші кезекте  артықшылықты акциялар бойынша есептелген, бірақ төленбеген дивиденттер төлеу жүзеге асырылады;

Үшінші кезекте артықшылықты акциялардың иелеріне оларға тиесілі акциялардың атаулы құнын өтеу жүргізіледі;

Қалған мүлік  барлық акционерлер арасында оларға тиесілі акциялардың атаулы құнына бара-бар түрде бөлінеді. Аталған әрбір кезектің мүліктерін бөлу алдыңғы кезектің мүліктерін бөлу толық аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

Акционерлік қоғам  акционерлер жиналысының шешімі бойынша қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкін. Акционерлік қоғамды қайта құрудың және таратудың өзге негіздері мен тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және өзге де заң құжаттарымен белгіленеді. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 93-бабының екінші тармағына сәйкес, акционерлік қоғам шаруашылық серіктестігі немесе өндірістік кооператив болып қайта құрылуға құқылы. Оның мүлкін меншіктенуші немесе меншік иесі уәкілдік берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттарында шешім қабылдауға уәкілдік берілген заңды тұлға органының шешімі бойынша, акционерлік қоғам кез келген негіз бойынша таратылуы мүмкін.

Соттың шешімі бойынша акционерлік қоғам:

1) Акционерлік қоғамды құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған;

2) Қоғамның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асырылған;

3) Тиісті рұқсат алынбаған ( лицензиясыз ) қызметті, не заң құжаттарына тыйым салынған қызметті жүзеге асырған, не қызметін заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргізген жағдайларда, соның ішінде заңда белгіленген табыс ету мерзімінен кейін бір жыл өткен соң корпорациялық табыс салығы туралы ( жиынтық жылдық табыс пен жасалған шегерімдер туралы ) декларация немесе оңайтылған декларация табыс етпеген, акционерлік қоғамның кредиторлары, оның орналасқан жері бойынша немесе нақты мекен-жайы бойынша болмаған, сондай-ақ бір жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар және лауазымды адамдар болмаған;

4) Заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.

Акционерлік қоғамның мүлкін меншіктенуші немесе қоғамды  тарату туралы шешім қабылдаған орган бұл туралы заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына дереу жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

2. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ҚАРЖЫЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

 

2.1 Акционерлік қоғамды құру мен ұйымдастыру тәртібі

 

Акционерлік қоғамды  құру туралы шешім қабылдаған жеке және заңды тұлғалар қоғамның құрылтайшылары болып табылады. Акционерлік қоғамның құрылтайшысы немесе құрушысы жалғыз тұлға болуы мүмкін. 
Акционерлік қоғамның құрылтайшылары оны құруға байланысты ол мемлекеттік тіркеуден өткенге дейін туындаған мәліметтер бойынша бірлесіп жауап береді. Егер шығыстарды төлеу жөнінде мәселе туса, мұндай шығыстарды қоғам өз құрылтайшыларына кейіннен осындай шығыстарды акционерлік қоғамның құрылтайшыларының жиналысы немесе акционерлердің жалпы жиналысы мақұлдаған жағдайда ғана өтейді.

Қоғам өз құрылтайшылары жиналысының (құрылтай жиналысының) шешімімен  құрылады. Ал оны жалғыз тұлға құрған жағдайда акционерлік қоғам құру туралы шешімді осы тұлға жеке — дара қабылдайды. Қазақстан Республикасының Үкіметін, жергілікті атқарушы органдарды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік мекемелер қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды. Мемлекеттік кәсіпорын акционерлік қоғамның құрылтайшысы болуға және осы кәсіпорынға қатысты меншік иесі мен мемлекеттік басқару органдарының міндетін жүзеге асыратын мемлекеттік органының келісімімен ғана оның акцияларын сатып алуға құқылы.. Акционерлік қоғамдар туралы заңға және басқа да заң актілеріне сәйкес, акционерлік қоғамды қайта құру арқылы құрылуы мүмкін. 

Акционерлік қоғам  акционерлерінің бірінші құрылтай жиналысында әрбір құрылтайшының  бір дауысы болады. Егер құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, екінші және одан кейінгі құрылтай жиналыстарында әрбір құрылтайшының бір дауысы болады. Құрылтай жиналысының (жалғыз құрылтайшының ) шешімдері қоғамның барлық құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы ) қол қоюға тиісті хаттамамен ресімделеді.

Акционерлік қоғамның көптеген құрылу жолдары бар. Олар –  жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаны  акционерлік қоғам түрінде қайта  құру , олардың бірнешеуін біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару және өзгерту. Акционерлік қоғамды ұйымдастырудың осы айтылған жолдары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа қоғамның жарғысын бекітуді және органдарын сайлауды жаңадан пайда болған қоғамның ұсынысы бойынша белгілі-бір мерзімде өткізілген акционерлердің жалпы жиналысының асыруы қоғамды қайта құру болып есептеледі. 
Екі немесе одан да көп қоғамның соңғысының қызметін тоқтатып, барлық мүліктерін, құқықтарын және міндеттерін өткізу актісіне сәйкес берумен жаңа қоғамның пайда болуы қоғамдардың бірігуі деп аталады. Бірігуге қатысқан әрбір қоғамның барлық өзгерген деректері жаңа қоғамның акционеріне баспасөзде жариялау арқылы берілуі тиіс. Қосылатын қоғамның мүліктерін, құқықтары мен міндеттерін тиісті өткізу актісіне сәйкес басқа қоғамға өткізу мен оның қызметінің тоқтатылуы қоғамның қосылуы деп танылады. Қайтадан ұйымдастырылатын қоғамның акцияларын, кейіннен жаңадан құрылатын қоғамдардың акцияларына айырбастаумен осы қоғамның барлық мүліктерін жаңадан пайда болған қоғамдар арасында бөлу арқылы қоғамның барлық мүлкін, құқықтарын және міндеттерін өткізу мен оның қызметін тоқтатуды жүзеге асыру қоғамды бөлу болып танылады. Мұнда бөлінетін қоғамның құқықтары мен міндеттері бөлініс балансына сәйкес жаңадан пайда болған қоғамдарға өтеді. Қоғамнан бөліну нәтижесінде пайда болған қоғамдар қайта ұйымдастырылған қоғамның міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болады. Қызметін тоқтатпастан қайта ұйымдастырылған қоғамның мүліктерінің, құқықтарының және міндеттерінің бір бөлігін өткізумен бір немесе бірнеше қоғамды құру қоғамның бөлініп шығуы деп аталады. Егер қоғамның барлық құқықтары мен міндеттері жауапкершілігі шектеулі серіктестікке немесе өндірістік кооперативке акт бойынша өтсе ол қоғамды қайта құру деп танылады.

 

2.2 Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдары: негізгі мәселелері және шешу жолдары

 

 

Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын  әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң  тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған. 
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.

Дүниежүзiлiк  экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi — ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.

Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге  қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң  қызметiн жандандырумен қатар  Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты  сақтандыру жөнiндегi корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделiп отыр.

Бұл ретте осы  институттар қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi құруға және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын дамытуға және келелi салаларды кешендi талдау, олардың  ең маңызды элементтерiн анықтау  негiзiнде ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзiрленiмдерге қолдау көрсетуге инвестициялау саясатын жүргiзетiн болады. 
Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрi дамыту және фискалдық, бiлiм бepу, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға көшу көзделуде.

Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын, өндiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген тұрақты  өркендеуiне алып келетiн оның құрылымында  сапалы өзгерiстер жасауға, Қазақстанның әлеуметтiк дамудың және қоғам құрылысының сапалық жаңа деңгейiне шығуына ықпал етуi керек.

Экономиканы мемлекеттiк  реттеу әдiстерi мен тетiктерiн жетiлдiру жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды  негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi бөлiмдерiнде  импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған саясатты iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн факторлар келтiрiлген.

Қазақстан “Самұрық”  мемлекеттік активтерді бас¬қару жөніндегі  холдингі” және “Қазына” тұрақты  даму қоры” акционерлік қоғамдарын құру және олардың қызметінің тиімділігі үшін құқықтық базаны бекітуге, сонымен  қатар қазақстандық ұлттық компаниялар  мен мемлекеттік даму институттары қызметін жүйелі әрі үйлестіруге жәрдемдесетін шаралар әзірлеу мақсатында “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық акті¬леріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықты¬рулар енгізу туралы” заң жобасы әзірленген болатын.

Әзірлік жұмыстары  барысында Еуропадағы, Азиядағы, Солтүстік  Америкадағы, Австралия және Океания  елдеріндегі алдыңғы қатардағы  мемлекеттік активтерді басқару  жөніндегі 13 мемлекеттік холдинг  пен агенттіктің халықаралық тәжірибелері зерделенді. Біздің елімізде табысты қолдануға үлгі болатын Сингапурдың Тамасек холдинг компаниясының тәжірибесі егжей-тегжейлі зерттелді. Тамасек холдинг компаниясын құру барысында Сингапур үкіметінің алдында стратегиялық маңызды салалардағы компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру және басқару мәселелері өткір тұрған болатын. Қазір Тамасек – Азиядағы жиырма жылдық бай тарихы бар, 60 миллиард долларға бағаланатын телекоммуникация, қаржы секторы, жылжымайтын мүлік, көлік және логистика, энергетика, инфрақұрылым, сонымен қатар фармацевтика салаларында қызмет ететін 20-дан астам компаниялар акцияларының диверсифи¬кацияланған портфелімен тиімді басқарып келе жатқан ірі инвестициялық компаниялардың бірі. Оның үстіне Тамасек өзі дүниеге келгеннен бері қарай портфелін 210 миллионнан 60 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғайтты. Холдинг құрылғаннан бері акционерлердің бірлескен кірісі жылына 18 пайызға көбейді. Холдинг халықаралық Standard and Poor’s және Moodu’s секілді рейтингілік агенттіктердің жоғары корпоративтік несиелік рейтингілеріне ие болды. 
Осындай негізгі тұжырымдамалық қадамдар аясында “Қазақстан “Самұрық” мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі холдингі” және “Қазына” тұрақты даму қоры” акционерлік қоғамдары құрылды. “Самұрық” холдингі” акционерлік қоғамын құрудағы негізгі мақсат ұлттық компаниялардың құндылықтарын арттыру, ал “Қазына” акционерлік қоғамының мақсаты Қазақстан Республикасы экономикасының барлық секторларында инвестициялық және инновациялық белсенділікті жоғарылату және оған серпін беру болып белгіленді. Осы қағидалар ұлттық компаниялар мен даму институттарын дамытуға “Самұрық” холдингі” және “Қазына” тұрақты даму қоры” акционерлік қоғам-дарының акционерлер мен директорлар кеңесінде өкілдік қызметтері арқылы белсенді қатысу жолымен жүзеге асырылады. “Самұрық” холдингі” акционерлік қоғамына “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы, “Қазпошта”, “Кегок”, “Қазақтелеком”, “ҚазМұнайгаз” ұлттық компаниясы акционерлік қоғамдарының мемлекеттік акция пакеттері, ал “Қазына” акционерлік қоғамына “Қазақстан инвестициялық қоры”, “Қазақстан даму банкі”, “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры”, “Ұлттық инновациялық қор”, “Экспорттық несие мен инвестицияны сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы”, “Маркетингтік-талдау зерттеулері орталығы” акционерлік қоғамдары мен “Қазинвест” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік акция пакеттері берілді. 
Осы заңмен “Акционерлік қоғамдар туралы”, “Мұнай туралы”, “Жер қойнауы және жер қойнауларын пайдалану туралы”, “Пошта туралы”, “Теміржол көлігі туралы”, “Қазақстан Республикасындағы банк және банк қызметі туралы”, “Қазақстан Инвестициялық қоры туралы”, “Қазақстан Даму банкі туралы”, “Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы”, “Жеке кәсіпкерлік туралы” заңдарға түзетулер енгізілді. 
Заң ережелері салалық заңнамалық актілердегі ұлттық компаниялар ұғымын нақтылайды, осы компаниялардың “ұлттық” мәртебесін сақтау мақсатында және “ұлттық холдинг”, “ұлттық басқару компаниясы”, “ұлттық даму институттары” секілді ұғымдарды заңдық негізде енгізуді қарастырады. Мемлекеттік корпоративтік басқарудың ұлттық холдинг және ұлттық басқару компаниясы секілді осындай институттарды енгізу корпоративтік басқару мен компаниялар арасындағы үйлестіру деңгейін едәуір дәрежеде жақсартуға мүмкіндік береді, ірі әрі көкейкесті жобаларды жүзеге асыруға және Қазақстанның қор рыногын дамытуға серпін береді.

Акционерлік қоғамды ұйымдастыру