Акционерлік қоғам қызметін ұйымдастыру
Жоспар
Кіріспе.......................
1-тарау. «Самал» акционерлік қоғамының қалыптасуының экономикалық көрсеткіштері
1.1 «Самал» акционерлік қоғамының
ұйымдық-экономикалық көрсеткіштерін
талдау........................
1.2 «Самал» акционерлік қоғамында
қалыптасқан өндірістік қызметтер көрсеткіші....................
1.3 «Самал» акционерлік қоғамының қаржылық көрсеткіштері ......................21
2-тарау Акционерлік
2.1 «Самал» акционерлік қоғамдардың тиімділігін қалыптастыру жолдары..25
2.2 Қазақстанда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру жолдары......31
Қорытынды ..............................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Ақционерлік қоғам дегеніміз – жарғылық капиталы акцияларға аударылған шаруашылық бірлестік. Қазіргі нарықтық экономиканың негізгі, алдынғы қатарлы қызмет етуші обьектісі болып – акционерлік қоғамдар табылады. Сондықтан да барлық дамыған елдердегі ірі кәсіпорындар акционерлік қоғам формасында құрылып, қызмет етеді.
Біздің елімізде де осы жүйе орын алуда. Шаруашылықтардың акционерлік қоғам формасында қалыптасуы, бұл елдегі өндірістік күштердің дамуы мен нарықтық қатыныстардың талаптарын айқындайтын обьективті сипатта болуымен айқындалады.
Республикамызда акционерлердің даму қарқыны бұл олардың өзара бірігіп жасаған өндірістік қатынастары, қызметері негізінде жүзеге асырылып отыр.
Акционерлер үшін ақшалай капиталды тарту салықтардағы өзінің артықшылығының арқасында дамыған акционерлік қоғамның капиталдарының бірігу ауқымын кеңейтіп, көлемді арттыру тиімді. Осы арқылы акционерлік қоғамдарға жаппай өндірістік технологияларынан артықшыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Сол себепті акционерлік қоғамның мөлшері еңбек ресурстарын пайдалануда жоғары кәсібилікті жүзеге асыруына мүмкіндік туады. Егер де шағын бизнесті басқарушы өзінің уақытын өндіріс, бухгалтерлік есепке, нрықтағы іс – қызметке жұмсайтын болса, ал ірі акционерлік қоғамдар әрбір сала бойынша арнайы маман кадрларды тартып, жоғары тиімділікке қол жеткізу мүмкіндігіне ие бола алады.
Акционерлік қоғамдарды
дамыту мемлекеттің негізгі
Сондықтан елімізде күннен – күнге дамып келе жатқан өндірістік қаржылық жағдайымен нарықтық экономика елдегі акционерлік қоғамдардың дамуы мен белсенді қызмет етуін талап етеді.
Себебі акционерлік қоғамдар бизнесті ұйымдастырудың айтарлықтай толық және заманауы формасы болып табылады.
Акционерлердің қызметі 2003 жылы 13 мамырда қабылданған «Акционерлік қоғам » туралы заңымен реттеліп отырады.
Курстық жұмыстың мақсаты – акционерлік кәсіпорындардың дамуын зерттеп және олардың экономикалық тиімділін сараптап талдау жасай отырып, жетілдіруге қатысты ұсыныстар беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- акционерлік қоғамдардың экономикадағы алатын орнының теориялық мазмұнын зерттеу;
- акционерлік қоғамдардағы басқару жүйесінің қызметтерімен танысу;
- акционерлік қоғамдардың қалыптасуының құқықтық негіздерін талдау және акционерлік қоғамдардың қалыптасу тарихын талдау;
- «Самал» акционерлік қоғамының ұйымдық-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізу;
- «Самал» акционерлік қоғамында қалыптасқан өндірістік қызметтерді талдау және олардың көрсеткіштерін зерттеу;
- акционерлік қоғамдардың дамуындағы корпоративті басқару жүйесінің маңыздылығын зерттеу және ұсыныстар беру;
- акционерлік қоғамдардың тиімділігін қалыптастыру жолдарын қарастыру және жетілдіруге қатысты ұсыныстар дайындау.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі – «Самал» акционерлік қоғамы. Акционерлік қоғам өнірдегі алдынғы қатарлы өндіріс ошақтарының бірі болып табылады.
Акционерлік қоғам қазіргі қолда бар өндірісті диверсификациялау барысында нақты әрекет етіп, өзінің өндірістік қуатын үнемі арттырып келеді.
Акционерлік қоғам бәсекеге қабілетті және тұтынушылардың қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыру үшін алдына мақсат қойып отырады. Олар: қоғамды білікті кадрлармен қамтамасыз ету; жергілікті халықты жұмыспен қамту; сапаны үнемі жоғары деңгейде ұстау; әлемдік нарыққа ұмтылу; қоғамды озық технологиялармен қамтамасыз ету; алдағы уақытта өндірілетін өнімнің ассортиментін жоғарылату; еңбек тиімділігі үшін жұмысшыларды ынталандырып отыру.
Осындай мақсаттарды пайдалана отырып қоғам өзінің тұтынушыларын жоғары деңгейде, қолжетімді түрде өз өнімдерімен қамтамасыз ету үшін аянбай қызмет ету үстінде. Мұның барлығы «Самал» акционерлік қоғамының табыс алу мүмкіндігі мен қоғамдағы беделін одан әрі жоғарылата түспек.
Зерттеу үрдісінде теориялық талдаулар және экономикалық талдаулар (теориялық тұжырымдамалар, абстрактілі-логикалық, салыстырмалы), құқықтық нормативтік әдістері қолданылды.
1-тарау «Самал» акционерлік қоғамының қалыптасуының экономикалық көрсеткіштері
1.1 «Самал» Акционерлік қоғамының ұйымдық-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Акционерлік қоғам – өз қызметін жүзеге асыру үшін, қаражат тарту
мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға. Акционер – акцияның меншік иесі болып табылатын адам.
Шаруашылықтың
акционерлік формасының
Республикада акционерлердің өзара қарым-қатынасы шаруашылық реформаларды жүзеге асыру барысында өндірістік қатынастардың жүйесіндегі жалпы өзгерістер шеңберінде дамуда. Бұл өзгерістердің мәні шаруашылық үшін қажетті жағдайлар туғызу болып саналады, яғни әрбір адам, жұмысшылар ұжымы өз істерінде иелік етуші ретінде және еңбек арендалық нәтижелері мен өндіріс құралдарының иесі тұрғысынан сезінуге мүмкіндік беріп, бұл құралдарды өзінің тікелей үлесін алуға жағдай жасауы қажет. Шаруашылықтың акционерлік формасын құруды ұсыну бірден бір себеп тұтыну сұранысынан халықтың табысының ақшалай бөлігін басқа салаларға шоғырландырып, оларды жинақтауға бағыттап, соңында тауарлар мен қызметтерді жеткізу мақсаты болып табылады.
Республикада қалыптасқан
Акционерлік қоғамдардың іс-
«Самал» Акционерлік қоғамының
2000 жылғы 17 тамызда құрылған. ««Самал»
Акционерлік қоғамы қазіргі қолда бар
өндірісті деверсификациялау барысында
нақты әрекет етіп,өзінің өндірістік қуатын
үнемі артырып келеді.Сондай ақ, алдағы
уақытта ауқымды жобалармен сапалы жұмыс
істеуді қажет ететін әлемдік нарыққа
ұмтылады.
Ел басының Қазақстан халқына жолдауына сәйкес агро өнеркәсіп кешенің дамыту жұмыстары шенберінде «Самал» АҚ мен КазАгроФинанс АҚ сүт өндіру кешені желісін құру және дамыту бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілуде.
Азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және өндірістен тұтынушыға қағидасына сәйкес куріш,сүт,шұжық өнімдерін өндірудің кластерлік жүйесі бойынша жұмыс істеу жолға қойылды. Акционерлік қоғамда германдық технологиямен жабдықталған шұжық цехы жұмс істейді. Мұнда етті бастапқы өндеу үшін озық технологиялар қолданылады. Зауыт ауысымына 2 тонна шұжық өнімдерінің 15-тен аса түрін шығарады. Мұнымен қатар германдық технологиялармен жабдықталған қуаты ауысымына 2 мың литр шағын сүт цехы алты түрлі сүт өнімін дайындайды. «Самал» Акционерлік қоғамында Оңтүстік Кориялық технологиялармен жабдықталған Korea Industrial CO LTD сағатына 5,5 тонна күріш ақтайтын зауыт жұмыс жасайды. Кластерлік жұмыс бойынша жоғары сортты өнімдер шығару арқылы біздің күріш Ресей, Белоруссия , Тәжікстан және Украина мемлекеттерінде жоғары сұранысқа ие болып отыр. Жыл көлемінде қоғам 749,4 миллион теңгенің өңделген азық түлік өнімдерін тұтынушыларға ұсынды, оның ішінде 124.7 миллион теңгенің өнделген азық түлік өнімдерді экспортқа шығарады.
Нарықтағы бәсекенің басты элементі болып тұтынушы оның көмегімен өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын тауар немесе өнім болып табылады.
Өнімнің сапасы – бұл оның мәніне сәйкес белгілі – бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға өнімнің жарамдылығын негіздейтін қасиеттердің жиынтығы. Өнімнің сапасы тек техникалық тауар тану емес, сонымен қатар экономикалық категория ретінде де қарастырылады. Экономикалық категория ретінде өнімнің сапасы тұтыну құнымен тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны бұл тауарлардың пайдалылығы болса, ал өнімнің сапасы оны пайдаланудың нақты жағдайында тұтыну құнының пайда болу деңгейі. Өнімнің сапасы экономикалық категория ретінде келесідей қызметтер атқарады:
- Өнімнің тұтынушының қажеттілігін неғұрлым толық қанағаттандыруы;
- Кез- келген тауар немесе қызметтің маңызды қасиеті;
- Тұтыну құнының қоғамдық пайдалылығының деңгейін нақты қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жарамдылық шарасын сипаттайды;
- Өнім сапасы жұмысшының еңбегіне ақы төлеуге, өзіндік құнды және өнімнің бағасын қалыптастыруға негіз болып табылады.
Сонымен қатар өнімнің сапасы бұл сол өнімнің бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіш болып табылады. Өнім сапасы деңгейі – бағаланатын өнімнің техникалық және эстетикалық жетілдірілуі мен пайдалану қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштер мәнін сәйкес көрсеткіштердің базалық мәндерін салыстыруға негізделген өнімнің салыстырмалы сипаттамасы. Өнімнің сапасы деңгейін бағалау- бағаланатын өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдауды өнім сапасын бағалау кезінде осы көрсеткіштің маңыздылығын анықтауды кірістіретін операциялардың жиынтығы.
Сондықтан да әр тарапты кәсіпорынның жұмысын одан әрі жетілдіру үшін және мемлекет аумағында ғана емес, бәсекеге қабілетті әлемнің елу елінің қатарына қосылып , Дүнежүзілік сауда ұйымына кірген кезде әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болу мақсатында РЗА акционерлік қоғамында Халықаралық стандартының Сапа менеджменті жүйелерін енгізілген.
ИСО 9001: 2000 Халықаралық стандартының Сапа менеджменті, 2007 жылы ҚР СТ ИСО 22000-2006 Тамақ өнімдерді қауіпсіздігінің менеджменттінің жүйелері бойынша құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізуге , күріш және сүт өнімдерін өндіру, өңдеу, таратуға қатысты сәйкестік сертификаттарын алуға байланысты іс шаралар жүргізіп, оларға ие болды. Сапасын үнемі жоғары деңгейдк ұстау «Самал» Акционерлік қоғамының айнымас стратегиялық бағытының негізіне айналып отыр. Биыл 2010 жылмен салыстырғанда күріш 1000 га, арпа 280 га , жоңышқа және сүрлемен жүгерінің көлемі екі есеге артты. Осының нәтежеінде қосымша 100 жұмыс орны ашылды. «Самал» акционерлік қоғамы 400-ден аса адам қызымет атқаратын техникалық және өндірістік базасы, жеке темір жол құрылыс монтаж жұмыстарымен қатар ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін және өндейтін әр тарапты кәсіпорын. «Самал» акционерлік қоғамы қөлік кешенімен айналысатын «Курорт Транс» ЖШС құрғаның атап өткен жөн. «Курорт Транс» ЖШС замауи талаптарға сай ауылшаруашылығы және құрылыс салаларында қызымет көрсететін өндірістік қуаты жоғары техникалар жинақталған.
Акционерлік қоғамның құрылтайшылары болып – қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және заңды тұлғалар табылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметін, жергілікті атқарушы органдары,
сондай- ақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік мекемелер қоғамның құрылтайшылары немесе акционері бола алмайды.
Мемлекеттік кәсіпорын осы кәсіпорынға қатысты меншік иесі мен
мемлекеттік басқару органының функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімімен ғана қоғамның құрылтайшысы бола алады және оның акцияларын сатып ала алады. Қоғамның құрылтайшылары жалғыз тұлға бола алады және қоғамның құрылтайшылры қоғамды құруға байланысты және ол мемлекеттік тіркелгенге дейін туындаған шығыстарды төлеу жөнінде ортақ жауаптылықта болады. Кейіннен мұндай шығыстарды қоғам акционерлердің жалпы жиналысында мақұлдаған жағдайда ғана аталған шығыстарды қоғам өз құрылтайшыларына өтейді.
Қоғам өз құрылтайшылары жиналысының шешімі бойынша құрылады, ал қоғамды бір адам құрған жағдайда қоғамды құру туралы шешімді ондай жеке- дара қабылдайды.
Акциялар орналастырыла бастағанға дейін құрылтайшылардың кейіннен бірнеше жиналысын өткізуге жол беріледі. Бұл орайда құрылтай жиналыстарына құрылтай шартының барлық тараптары қатысқан жағдайда ғана бірінші құрылтай жиналысында қабылданған шешімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі.
Қоғамның бірінші құрылтай жиналысында әрбір құрылтайшының бір
дауысы болады. Егер құрылтай шартында өзгеше белгіленсе, кейінгі құрылтай жиналыстарында әрбір құрылтайшының бір дауысы болады. Құрылтай жиналысының (жалғыз құрылтайшының) шешімдері қоғамның барлық құрылтайшылары қол қоюға тиісті хаттамамен расталады.
Құрылтай шартында енгізілуге тиіс талаптар мыналар:
- Қоғамның құрылтайшылары туралы мәліметтер, соның ішінде: жеке тұлғаға қатысты: аты, азаматтығы, тұратын жері және жеке басын куәландыратын құжат деректері; заңды тұлғаға қатысты: оның атауы, орналасқан жері, мемлекеттік тіркеуден өткені туралы деректер;
- Қоғамның құрылуы туралы жазба, қоғамның толық және қысқартылған тауы, сондай-ақ оның құлылу тәртібі;
- Құрылтайшылар( жалғыз құрылтайшы) төлейтін жарғылық капиталдың мөлшері, сондай-ақ оны төлеудің мерзімдері мен тәртібі;
- Акциялар шығаруға мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін қоғамның құрылтайшылары арасында орналастырылатын( жалғыз құрылтайшы сатып алатын) жарияланған акциялардың саны, түрлері және нақтылы құны;
- Оның құрылтайшыларының құқықтары мен міндеттері және қоғамның құрылуына байланысты шығыстарды бөлу, сондай-ақ құрылтайшылардың қоғамды құру жөніндегі қызметін жүзеге асырудың өзге де талаптары;
- Қоғамды құру және мемлекеттік тіркеу процесінде оның мүдделерін білдіру тапсырылатын адамдардың өкілеттіктерін белгілеу;
- Қоғам құрылтайшыларының кейінгі жиналыстарын шақыру мен өткізу тәртібі, сондай-ақ әрбір қоғам құрылтайшысының кейінгі құрылтай жиналыстарындағы дауыс саны;
- Қоғамның жарғысын бекіту туралы жазба;
- Құрылтай шартына (жалғыз құрылтайшының шешіміне) құрылтайшылардың шешімі бойынша.
Құрылтай шартында ( жалғыз құрылтайшының шешімінде ) жазылған
мәліметтер, егер шарттың өзінде ( жалғыз құрылтайшының шешімінде ) өзгеше көзделмесе, коммерциялық құпия болып табылады. Құрылтай шарты (жалғыз ұүрылтайшының шешімі) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға қоғамның шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларда ғана берілуге тиіс. Құрылтай шартының (жалғыз құрылтайшы шешімінің) қолданылуы жарияланған акциялардың шығарылуымемлекеттік тіркелген күннен бастап тоқтатылады.
Құрылтай шартының жасалу тәртібі бойынша – құрылтай шарты әрбір
Қоғамда акционерлердің жылдық жалпы жиналысын жыл сайын өткізіп отыруға міндетті, ал акционерлердің өзге жалпы жиналыстары кезектен тыс болып табылады. Акционерлердің бірінші жалпы жиналысы жарияланған акциялардың шығарылуы мемлекеттік тіркеуден өткізілгеннен және акцияларды ұстаушылардың тізілімі жасалғаннан кейін шығарылуы және өткізілуі мүмкін. Акционерлердің жыл сайынғы жалпы жиналысында қоғамның жылдық қаржы есептілігі бекітіледі, өткен қаржы жылындағы қоғамның таза табысын бөлу тәртібі және қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері белгіленеді.
1- Сурет «Самал» акционерлік қоғамының басқарушылық құрылымы
Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзіретіне мына мәселелер жатқызылады:
- Қоғам жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакциясында бекіту;
- Қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;
- Қоғамның жарияланған акцияларының санын өзгерту туралы шешім қабылдау;
- Есеп комиссиясының сан құрамын және өкілеттік мерзімін белгілеу оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату;
- Директорлар кеңесінің сан құрамын, өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеудің мөлшері мен талаптарын айқындау;
- Қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгілеу;
- Жылдық қаржы есептілігін бекіту;
- Қоғамның есепті қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және жыл қорытындылары бойынша қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту;
- Қоғамға тиесілі барлық активтердіңжиырма бес және одан да көп процентін құрайтын сомадағы активтердің бір немесе бірнеше бөлігін беру арқылы қоғамның өзге заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне қатысуы туралы шешім қабылдау;
- Қоғамның ірі мәмілелер жасасу және жасалуына қоғам мүдделі болатын мәмілелер жасасу туралы шешімдерін бекіту;
- Қоғам міндеттемелерін оның өз капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын сомаға көбейту туралы шешім қабылдау;
- Акционерлердің жалпы жиналысын шақыру туралы қоғамның акционерлерге хабарлау нысанын белгілеу және мұндай ақпаратты баспасөз басылымында беру туралы шешім қабылдау;
- Қоғам акцияларды Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес сатып алған жағдайда олардың құнын белгілеу әдістемесін бекіту;
- Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
- Акционерлерге қоғам қызметі туралы ақпарат беру тәртібін белгілеу ,оның ішінде, егер мұндай тәртіп қоғам жарғысында белгіленбесе, баспасөз басылымын анықтау;
- «алтын акцияны» еңгізу және оның күшін жою;
- Шешім қабылдау қоғам жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзіретіне жатқызылған өзге де мәселелер.
Шешім қабылдау акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзіретіне жатқызылған мәселелерді басқа органдардың, лауазымды адамдардың және қоғам қызметкерлерінің құзыретіне беруге жол берілмейді. Егер жарғыда өзгеше белгіленбесе, акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның ішкі қызметіне жататын мәселелер бойынша қоғамның өзге органдарының кез-келген шешімінің күшін жоя алады.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы, шешім қабылдау қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының құзіретіне жатқызылған, басқа да мәселелерді қарауға құқылы.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын директорлар кеңесі шақырады.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы:
- Директорлар кеңесінің;
- Ірі акционердің бастамасы бойынша шақырылады.
- Ерікті түрде тарату процесіндегі қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын қоғамның тарату комиссиясы шақыруы, әзірлеуі және өткізуі мүмкін.
Акционерлердің жалпы жиналысын әзірлеу мен өткізуді:
- Атқарушы орган;
- Өзімен жасалған шартқа сәйкес қоғамның тіркеушісі;
- Директорлар кеңесі;
- Қоғамның тарату комиссиясы жүзеге асырады.
2- Сурет «Самал» акционерлік қоғамының ұйымдық құрылымы
Еңбекақы бұл- орындалған
жұмыстың белгілі – бір санына
және сапасына берілетін
Еңбекақының нақты көлемі өндірісте, нарықта қамтылатын түрлі факторларға: жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арақатынасына, білімі, жасы, заңдық шектеулерге және жұмысшылардың қоғамдық психологиясына байланысты.
1-кесте
Қызметкерлердің жалақы қоры мен орташа айлық жалақысының динамикасы
Көрсеткіштер атауы |
2010жыл |
2010жыл |
2012жыл |
2012/2010 ж % қатынасы |
Қызметкерлердің жалақы қоры, мың теңге. Соның ішінде: |
140330,8 |
149250,0 |
156614,9 |
111,5 |
әйелдерге есептелгені |
14255,3 |
16200,0 |
17396,2 |
122 |
Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы.мың теңге |
25870 |
30440 |
36331 |
140,4 |
Соның ішінде: әйелдер |
18600 |
21355 |
25887 |
139,2 |
Бұл кестеден көріп отырғанымыздай кәсіпорындағы қызметкерлердің жалақы қоры 2012жылы 2010 жылмен салыстырғанда 11,5% ға өсті, соның ішінде әйелдерге есептелген жалақы мөлшері 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 22% ға өсті. Ал бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 40,4% ға өскен,соның ішінде әйелдердің жалақысы 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 39,2% ға өскен.
«Самал» акционерлік қоғамында да еңбекті ұйымдастыру арқылы, қызметкерлердің жұмыс уақытын тиянақты пайдалануы қатаң қадағаланып отырады.
Кестеден көріп отырғанымыздай барлық қызметкерлермен істелген жұмыс 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 33,3% ға жоғарылаған,адам- күн саны 42,8 % ға өсті, 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда адам-сағат 28,2% ға өскен. Соның ішінде әйелдермен істелген жұмыстың адам – күн саны 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 53,8 % ға жоғарылады, ал адам- сағат 129,8 % ға жоғарылаған. Қызметкерлердің тізімдік саны 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 35% ға жоғарылаған.
2-кесте
Қызметкерлердің күнтізбелік уақыт қорын пайдалану динамикасы
Көрсеткіштер атауы |
2010жыл |
2011жыл |
2012жыл |
2012/2010% қатынасы |
Барлық қызметкерлермен істелген жұмыс, адам- күн |
70157 |
85190 |
100223 |
142,8 |
Барлық қызметкерлермен істелген жұмыс, адам- сағат |
547248 |
596360 |
701600 |
128,2 |
Соның ішінде: Әйелдермен істелген жұмыс |
||||
Адам-күн |
10475 |
13700 |
16114 |
153,8 |
Адам- сағат |
86856 |
95880 |
112800 |
129,8 |
Қызметкерлердің тізімдік саны |
311 |
336 |
420 |
135 |
Кадр саясатын дамыту мақсатында «Самал» АҚ жоғары оқу орындарында жас мамандарды оқытып, оларға оқу ақысын және шәкіртақы төлеуді жүзегі асырды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бизнестін әлеуметтік жауапкершілігін көтеру жөнінде берген тапсырманы орындау мақсатында «Самал» АҚ жетім жесірлерге, мүгедектерге, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына демеушілік көрсетіп тырады. «Самал» АҚ Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жолдауын жүзеге асыруға бағытталған 2010 жылғы іс-қимылдар жоспары «Жол картасына» сәйкес аймақтарда жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясына белсенді үлес қосуда. Сонымен қатар 2012 жылы мекеме есебінен 5 жоғары білікті маман даярланды.
Қазақстан бойынша бұл «Самал» АҚ ең жоғары деңгейде жұмыстарын атқару үстінде, алға қарайда бұл көрсеткіш жоғары көтеріледі деп жоспарлануда.
Кәсіпорынның экономикалық- әлеуметтік тиімділігін бағалау үшін қажетті көрсеткіштер болып мыналар табылады: Негізгі құралдар – өнім өндіру процесіне ұзақ уақыт бойы өзінің натуралдық формасын сақтай отырып қатысатын және өзінің құнын өндірілген өнімге бөлшектеп аударатын өндіріс құралдарының жиынтығы айтады.
Негізгі қорларды олардың құнын өнім шығаруға кеткен шығындарға қосу арқылы қалпына келтіру амортизация деп аталады. Амортизацияның жылдық сомасының негізгі корлардың құнына қатынасы амортизация нормасы деп аталады.
3-кесте
Кәсіпорынның негізгі құралдар динамикасы
Көрсеткіштер |
2010жыл |
2011жыл |
2012жыл |
2012/2010 % қатынасы |
Негізгі құралдардың барлығы,мың теңге соның ішінде: |
425530 |
590400 |
745532 |
174,49 |
Ғимараттар |
212765 |
307008 |
408392 |
191,94 |
Транспорт |
97871,9 |
123984 |
178207,68 |
182,08 |
Басқа да негізгі құралдар |
114893,1 |
159408 |
155931,72 |
135,71 |
Амортизациялық төлемдер |
250220 |
300535 |
381665 |
152,53 |
Негізгі құралдардың бастапқы сомасы |
675750 |
890935 |
1124197 |
166,36 |
Кестені қорытындылайтын болсақ, негізгі құралдар 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 74,19% ға өскен, соның ішінде осы жылдар аралығында ғимараттар 91,94% ға, транспорт 82,08% ға, басқа да негізгі құралдар 35,71% ға , амортизациялық төлемдер 52,53% ға жоғарылаған. Ал негізгі құралдардың бастапқы сомасы 66,36% жоғарылаған.

- Акционерлік қоғам қызметін ұйымдастыру
- Акционерлік қоғам: мәні, түрлері
- Акционерлік Қоғамның қаржылық жағдайын басқару стратегиясы
- Акционерлік қоғамның қаржылық саясаты
- Акционерлік қоғамның меншікті акцияларының қозғалысы бойынша операцияларының есебі
- Акционерлік қоғамның нарықта алатын орны мен мәні
- Акционерная деятельность
- Акционерлік қоғам
- Акционерлік қоғам
- Акционерлік қоғамдар
- Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын
- Акционерлік қоғамдардың дамуы
- Акционерлік қоғамды ұйымдастыру
- Акционерлік қоғам қаржысы