Акционерлік қоғамдардың дамуы

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ .................................................................................................................6

 

1 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАР ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ....................................11

1.1 Акционерлік қоғамдардар кәсіпкерліктің жетекші ұйымдық нысаны ретінде ....................................................................................................................11

1.2 Акционерлік қоғамның дамуын және тиімді жұмыс істеуін ынталандыратын факторлары және экономикалық механизмі……................17

1.3 Акционерлік қоғамдардың тиімді қызмет етуін бағалаудың әдістемелік сұрақтары ..............................................................................................................22

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ДАМУЫН ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ ...............35

2.1 Кәсіпкерліктің акционерлік нысанының даму жағдайы .............................35

2.2 Акционерлік қоғам қызметінің тиімділігін талдау және бағалау ..............39

2.3«Алматыметроқұрылыс» акционерлік қоғамның экономикалық тиімділігін талдау......................................................................................................................44

 

3 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДАҒЫ ҮЛЕСТІРУШІЛІК ҚАРЫМ–ҚАТЫНАСТАР МЕН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ .....................................60

 

    1.  Акционерлік қоғамдарды басқаруды жетілдірудің негізгі бағыттары.......60
    2. Акционерлік қоғамдардағы үлестірушілік қарым-қатынастардың тиімділігін жоғарылату жолдары ...................................................................71

 

ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................81

 

ҚОЛДАНЫЛАТЫН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................84

 

 

 

 

 

 

 

 

  КІРІСПЕ

 

Мәселенің көкейтестілігі мен зерттелу дәрежесі.

Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңі экономикада көптеген мәселелерді қарастырады. Бәсекеге қабілетті экономиканың қалыптасуы және «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді стратегиясының жүзеге асуы шаруашылық етудің барлық деңгейіндегі басқаруды жоғарылатуын талап етеді. 2006 жылдың 1наурызындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  Қазақстан халқына жолдауында бастапқы басымдылықты іске асыру үшін – Қазақстанның әлемдегі ең бәсекеге қабілетті және қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттер санатына жақындауы – маңызды бағыттарының бірі ретінде анықталғаны: «Қазақстанның жаңа технологияны жетілдіретін және дамытатын халықаралық компанияларда құрылтайшы немесе акционер ретінде қатысуы» [1].

Негізі ретінде  құралдарға жеке меншігінің болу және еңбек нәтижесі болып келетін  нарықтық экономика жағдайында оның  бастапқы тобының жетекші ұйымдық  нысаны болып ұжымдық кәсіпкерліктің және акционерлердің инвестициялық  белсенділігінің жеткілікті икемділігін қамтамасыз ететін акционерлік қоғамдар бой көрсетеді. Бірақ, тәжірбие көрсеткендей, оларды қамтамасыз ету акционерлік қоғамды басқарудың қандай жүйесі жұмыс істейтіндігі мен оның шаруашылық ету қызметіне ықпал ететін факторлардың қандай шамада ескерілетіндігіне байланысты. Басқаша айтқанда, көрсетілген жүйенің қарастырылатын факторлар мәнділігі мен басымдылығына байланысы деңгейін анықтау мәселесі пайда болады. Бұл Акционерлік қоғамның өндірістік қызметінің тиімділігін толықтай зерттеу үшін қолданыстағы механизмді басқаруды танып білуге мүмкіндік беретін немесе берілген Акционерлік қоғам жұмысының нәтижесін жақсарту факторларын анықтау негізінде істің кешенді шешімін қажеттігін білдіреді. Акционерлік қоғам жұмысының нәтижелілік мәселесі көбіне оның өндірістік қызметінің ұйымдық-құқықтық, басқарушылық, өндірістік, ресурсты – интеллектуалдық және басқа факторларының өзара ықпал етуін жүйелеусіз жиі қарастырылады. Сонымен қатар Қазақстандағы дәл сондай Акционерлік қоғам қызметінің даму тәжірбиесін талдау куәләндырады.

Алайда акционерлік  қоғамды басқару құрылымының  құрылуы және жүйесінің құрамы жеткілікті зерттелмеген, сондай-ақ қайта құрылу кезеңінен бастап еліміздің экономикасында отандық акционерлік қоғамдардың  айтарлықтай жол жүріп келгенін есепке алу керек. Сондықтан берілген тәжірибе байыптылықты, талдайды, ғылыми негізделген жолдарды табуды және Акцинерлік қоғам жұмысының тиімділігін жоғарылатуды қажет етеді.

Экономиканы басқарудың теоретикалық-әдістемелік негізі Дж. М. Кейнс, А. Маршалл, П. Самуэльсон және басқалардың еңбектерінде қаланған.

 Кәсіпорындардың  ұйымдық нысанын басқарудың теориясы  мен әдістемелігінің дамуына  Р. Акофф, Р. Джонсон, Н.К.  Спрополис, Д. Хан, И. Шумпетер  және басқалары сияқты шетелдік  авторлер үлкен үлес қосқан.

Жеке кәсіпорындарды басқару мәселесін шешу ТМД елдерінің  ғалым-экономистерінің жұмыстарында жарық көрді: М.М. Алексеева, В.М. Власова, В.Д. Грибов, А.И. Ильин, В.Д. Камаев, Н.Д. Кондратьев, В.М. Попов және басқалары.

Нарықтық экономиканың және кәсіпкерліктің дамуының көптеген ғылыми-әдістемелік мәселесі Қазақстанның жетекші ғалым-экономистерінің жұмыстарында жарық көрді: Я.А. Әубакіров, Т.А Әшімбаев, Р.А. Алшанов, У.Б Баймұратов, К.Б.Бердалиев, О.К. Есқараев, Т.А. Есіркепов, Ж.О. Ихданов, М.Б. Кенжегузин, А.К. Қошанов, К.Е. Кубаев, Н. К. Мамыров, К.А. Сағадиев, С.С. Сатыбалдин, Г.С. Сейтқасымов және басқалары.

Қазіргі уақытта  аз зерттелген акционерлік қоғамды  басқарудың ұйымдық-экономикалық әдісі  болып қалады. Әрі қарай жетілдіруді  қоғамдардың тиімді жұмысын ынталандыру тәжірибесі, акционерлер-инвесторлардың экономикалық қызығушылығын күшейту жолдарын жасап шығару, жалдамалы жұмысшылардың материалды көтермелеуді қажет етеді. Холдингтар мен әлеуметтік-кәсіпкерліктілік корпорациялардың тиімді жұмыс істеуін басқару жүйесін құру қажет.

Тақырыптың  көкейтестілігі және жеткіліксіз болуының, бірқатар шешілмеген мәселелердің болуының, даму барысын басқару механизмін әрі қарай жетілдіру және акционерлік  қоғамдар жұмысының тиімділігін  жоғарылатуның қажеттілігі тақырыпты, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін таңдау алдын ала анықталды.

Зерттеудің  мақсаты мен  міндеттері.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың қалыптасу және жұмыс істеу барысын кешенді талдау негізінде Акционерлік қоғамды басқару механизмін жетілдіру және оның әлеуметтік-шаруашылық қызметінің тиімділігін жоғарылату бойынша ғылыми-практикалық ұсынымдар жасап шығару.

Осы мақсаттарға  сәйкес студенттің алдында келесі міндеттер қойылды:

  • Отандық және шетелдік әдебиеттерде Акционерлік қоғам қызметінің мәселесін зерттеушілердің ұстанымы бар сыншыл шолулар негізінде оның тиімділігін жоғарылату факторын анықтау;
  • Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың дамуының қазіргі күйін зерттеу;
  • Акционерлік қоғамдар жұмысының экономикалық тиімділігіне талдау жасау оны жоғарылатудың сақтық қорларын жасау;
  • Акционерлік қоғамдардың қызметін басқарудың ұйымдық-экономикалық механизмін пайдалану тәжірибесін талдау және басқару жүйесін құруға ғылыми-әдістемелік шешімін жасап шығару;
  • Акционерлік қоғам жұмысының тиімділігінің дамуы мен жоғарылауына ықпал ететін тетіктері жүйесін анықтау, сонымен қатар оларды бөлу;
  • Кәсіпкерліктің ұйымдық нысанының дамуындағы холдингтердің және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың рөлін негіздеу;
  • Қазақстан Республикасындағы Акционерлік қоғам жұмысының тиімді-лігін әрі қарай дамыту және жоғарылату бойынша шаралар жасап шығару;
  • Кәсіпорындар жұмысының тиімділігін бағалаудың қолданыстағы әдістемесінің Акционерлік қоғам ерекшеліктеріне бейімделуін негіздеу.

Зерттеу объектісі – Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғам-дардың ұйымдық- экономикалық қызметі.

Зерттеу пәні – нарықтық экономиканың қалыптасуы және дамуы жағдайында акционерлік қоғамдардың дамуымен байланысты эконо-микалық қарым-қатынастардың жиынтығы.

Зерттеудің  теоретикалық және әдістемелік негізі кәсіпкерлік мәселелерінің жиынтығына, фирмалардың, акционерлік қоғамдардың теорияларына арналған отандық және шетел ғалым-экономистерінің еңбек-терінен құрылады.

Жұмыста Қазақстан  Республикасының Президентінің  заңнамалық актілері, Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы, министрліктер мен ведомстволардың нормативтік актілері, сонымен қатар акционерлік қоғамдарды басқаруды ұйымдастыру мәселелері бойынша дүркін баспалар материалдары қолданылады.

Зерттеулер  әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың мәнін түсінудің диалектикалық әдісін және экономикалық зерттеулердің жалпығылыми әдістерін: талдау және синтез, ғылыми абстракцияларын, экономико- статистикалық әдістерін пайдалануына негізделеді.

Зерттеудің  мәліметтік базасы болып Қазақстан Республикасының статистика бойынша Агенттігінің мәліметтері, Ұлттық банк, екінші деңгейлі банктердің материалдары  және кезекті баспасөз басылымдарынан, сонымен қатар Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдарыныңшаруашылық қызметі туралы есептік мәліметтері қызмет етті.

Жұмыстың  ғылыми жаңалығы – акционерлік қоғам жұмыстарын дамыту және жоғарылатудың теоретикалық және практикалық мәселесін шешуге кешенді оң шешімін табу, сондай-ақ Қазақстанда берілген кәсіпкерліктің ұйымдық нысанын дамыту бойынша іс-шараларды жасап шығару болып табылады.

Зерттеу барысында  дипломдық жұмыстың жаңалығын анықтайтын және қорғау мәні болып келетін нәтижелер алынған. Айтарлықтай елеулі нәтижелердің мәні мынада:

  • Акционерлік қоғамның мәнін анықтауға теоретикалық-әдістемелік оң шешімдер тереңдетілген және дамыған және оның кәсіпкерлік нысаны ретінде ерекшелігі анықталған.
  • Оның басқа кәсіпкерлік нысандары алдында артықшылығын есепке ала отырып акционерлік қоғамды басқару жүйесін құруға жаңа оң шешімдер жасап шығарылған;
  • Қазіргі уақыттағы жағдайына баға берілген және Қазақстандағы акционерлік қоғам жұмысының тиімділігін әрі қарай дамыту және жоғарылату жолдары анықталған;
  • Директорлар кеңесінің қызметін жақсарту, тәуелсіз директорлар функцияларын белсендіру және мәліметтік жұмыстарды пайдалану негізінде Акционерлік қоғамды басқару механизмін жетілдіру, ұжымдық басқару кодексін қабыодау және пайдалану шарттары белгіленген;
  • Акционерлік қоғамның таза табысын бөлуді оңтайландыру және оның дивидентті саясатын жетілдіру жолдары негізделген;
  • Акционерлік қоғам қызметін бағалау үшін кәсіпорын жұмыстарының тиімділігін есептеудің қолданыстағы әдісінің бейімделу бағыты жасап шығарылған;
  • Акционерлер, менеджерлер, қаржылық-несиелік органдар позиция-сынан Акционерлік қоғам жұмысының тиімділігін бағалау тәсілдері жасап шығарылған.

Қорғауға  арналған Ережелер:

  1. Басқару жүйесін құру кезінде берілген кәсіпкерлік нысанының өзіндік ерекшелігін есепке алуға мүмкіндік беретін акционерлік қоғамның мәніне теоретикалық –әдістемелік оң шешім.
  2. Акционерлік қоғамдардың дамуы мен тиімді жұмысын ынталандыру факторлері мен тетіктерінің бөлінуі.
  3. Акционерлік қоғам тиімді қызметін ынталандырудың экономикалық механизмін жасап шығару бойынша ұсыныстар.
  4. Акционерлік қоғамның таза табысын бөлуді оңтайландыру және оның дивидентті саясатын жетілдіруді бағыттау тәсілі.

Зерттеудің тәжірибелік  мәнділігі

Жұмыста Қазақстан экономикасы  үшін өзекті мәселелердің бірі – нарықтық экономикасы жағдайында басып болып  келетін кәсіпкерліктің ұйымдық  –құқықтық нысаны-акционерлік қоғамдардың тиімділігін дамыту және жоғарылату зерттелген.

Димломдық жұмысты зерттеудің тәжірибелік мәнділігі студенттің жалпылама берілген кәсіпкерліктің ұйымдық нысанын басқаруды жетілдіру механизмін жасап шығару барысында акционерлік қоғам туралы қазіргі заманғы пікірді тереңдетуге мүмкіндік беретінінде.

  Дипломдық жұмыстағы алынған нәтижелер: ең алдымен ұйымдық басқару принципін пайдалану жолымен акционерлік қоғамдарды басқару әдісін жетілдіруге; Акционерлік қоғам басқару экономикалық мүдделер иелерінің кең ортасын қамтитынын есепке ала отырып акционерлік қоғамдардағы экономикалық ынталандыру жүйесін көтермелеу функциясын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Компанияның тиімді жұмысына акционерлердің, менеджерлердің, инвесторлердің, қаржылық-несиелік ұйымдардың және сансыз көп әріптестердің мүдделерін мүмкін толығымен есепке алған кезде; акционерлік қоғам нәтижесін бағалау, олардың жұмысының тиімділігі әдісін жетілдіру үшін ұсынған жолының растылығын жоғарылатқан кезде; макро-және микродеңгейдегі ынталандыру жүйесіндегі тиімділігін және осылардың элементтерінің жұмыс істеуін ұсынылған келісу жолдарын күшейтуге жетуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАР ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Акционерлік қоғамдардар кәсіпкерліктің жетекші ұйымдық нысаны ретінде

 

Барлық өркениетті елдердің ауқаттылығының негізінде  нарықтық шаруашылық жатады. Нарықтық экономика кәсіпкерліксіз мүмкін емес, өйткені дәл сол кәсіпкерлік  экономикалық және әлеуметтік дамудың қуатты түрткісі болды. Кәсіпкерлік қызметісіз тиімді экономика жоқ, нарық жоқ, барлық адамдардың қажеттілігін толық қанағаттандыру жоқ болатын еді. Қазіргі заманғы экономикада бизнестің ұйымдық нысанының келесі түрі бар: жеке иелік, әріптестік пен бірлестік. Әрқайсысында :олардың нарықтағы жұмыс істеуі және тұрақтылығы көзқарасымен қарағанда өзіне тән артықшылығы мен кемшілігі бар [2].

Ең күрделі  ұйымдық нысан - бірлестік болып келеді. Жеке иелік пен әріптестіктен айырмашылығы, оның ортақ иеленушісі болып өздерінің қаражаттарын қосу жолымен акционерлік ұйымдық нысан құратын оншақты, жүзшақты және мың экономикалық агенттер (азаматтар немесе фирмалар) болуы мүмкін. Акционерлік қоғамдар – нарықтық экономиканың ажырамас бөлігі.

Акционерлік қоғамдар өзінің тиімділік күші арқасында бүкіл әлемдегі шаруашылық етудің ұйымдық нысаны басым. Олар капиталды орталы-қтандыру нысаны және бір уақытта кәсіпорынды ұйымдастыру нысаны болып табылады. Қазақстан Республикасының 13 мамыр 2003 жылдағы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес «Акционерлік қоғам болып өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражатты тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға болып келеді».Акционерлік нысан бір кәсіпорынға көп тұлғалардың, тіпті әр-түрлі себептермен кәсіпкерлік қызметімен айналыса алмайтындардың капиталын тартуға мүмкіндік береді.Жеке және заңды тұлғалардың еркін ақша қаражатын тарту шаруашылық жүргізуші субъектілерге жоғары технологиялық базасында анағұрлым бәсекеге қабілетті өндіріс құруға мүмкіндік береді.

Акционерлік қоғамдағы капиталды орталықтандыру жеке кәсіпкерлер-дің шамасы келмейтін, инвестицияны талап ететін ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың алғы шарттарын құрады. Өндірісті дамытудың, оны же-тілдірудің және инновациялық қызметін жандандырудың шынайы мүмкін-діктері пайда болады. Акционерлік қоғамдардың нысанында ірі де, орта да, кіші де кәсіпорындар болуы мүмкін.

Бірлестіктің  жарғылық нысаны қатысушылар саны мен  акционерлік капиталдың көлемін  оңай ауыстыруға мүмкіндік береді, бірлестіктің басқару органы (дирекциясы) қолында шоғырланатын жалпы басқару бөлімінің сол кәсіпорын басқармасынан бөлек болуын шешеді.

Акционерлердің  кәсіпорын қызметіне қатысуы; материалдық ресурс-тарды үнемді пайдалануға, еңбек өнімділігінің өсуіне дем береді және өндіріс тиімділігінің жоғарылаудың алғы шарттары пайда болады. Осы жағдайда әрбір акционер шығармашылық белсенділік танытады. Акционерлік қоғамдарда құрылтайшылар мен қатысушылардың ұжымдық мүдделері оңтайлы үйлеседі. Онда жеке азаматтарға, кәсіпорындарға және ұжымдарға тиесілі ресурстары бірлеседі. Сонымен қатар, мұнда ұжымдық меншік нысаны пайдаланылады, өйткені акционерлік қоғамдар ұжымдық бизнесті ұйымдастырудың кең тараған және өркениетті, қазіргі заманғы нысаны болып келеді. Бұл нысан миллион қарапайым азаматтардың кәсіпорын меншігіне араласуына шынайы мүмкіндігін береді [3].

Қоғамның жарғылық капиталы акцияларды төлеу арқылы қалыптасады. Акция – белгіленген айналым мерзімісіз және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу құқығын, осы арқылы дивиденттерді және оның жойылуы кезінде қоғам мүлігінің бөлігін алу құқығын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңында және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көрсетілген құқықтарын куәландыратын, тек акционерлік қоғаммен шығарылатын құнды қағаз.

Акционерлердің  өздерінің салымдарын кері қайтаруына құқығы жоқ, былайша айтқанда, акциялар қайтарымсыз сипатқа ие. Акция сатып алу-сатудың мәні болып келеді.  Биржада сату жолымен өтеу Акционерлік қоғамның қызметіне өзгеріс енгізілмейді. Құнды қағаздарды нарықта сату құқығы Акционерлік қоғамның басқа кәсіпкерліктің ұйымдық нысанынан маңызды айырмашылығы болып келеді. Акционерлік қоғамдар өзіне тиесілі мүліктік жиынтығына жалғыз толық билікті меншік иесі болып келеді.

Акционерлік қоғамның басқа бизнестік нысанынан айырмашылық белгісі дивиденттерді төлеу болып келеді, ол жеке және заңды тұлғалардың еркін қаражаттарды пайдалану мүмкіндігінің баламалы шығыны болып келетін банктік пайыздарды салыстырмалы қарастыру кезінде анық көрсетілген. Дивидентті саясаты акционерлердің, құрылтайшылардың, мемлекеттің, менеджерлердің және басқа да нарық қатысушыларының мүдделеріне бағытталуы керек.

Акция бойынша  дивиденттер компанияның табыстылығына  байланысты төленеді. Дивиденттер кіріс  жоқ болған кезде төленетін жағдайлар  да кездеседі. Кейбір кезде қоғамның жалпы жиналысының шешімі бойынша қоғамның барлық кірісі қайта инвестициялауға бағытталуы мүмкін.

Депозиттердің нақты бір түріне банктік пайызының қойылымдары сараланбайды, осы мезетте артықшылықты акциялардың меншік иелері алдын ала белгіленген, кепілденген  көлемде дивиденттерді алуға құқылы, ал акционерлер – жәй акциялардың меншік иелері – дивиденттерді алу құқығымен қоғамда таза кіріс бар болған кезде пайдаланады.

Құрылтайшылардың  және акционерлердің Акционерлік қоғам қызме-тінің еңбегіне қатысуы қарастырылмаған. Бұндай шаруашылықты жүргізу нысаны жалпы жиналыстарда қатысу жолымен қоғам қызметін басқарудағы акционердің қатысуы үшін кең мүмкіндік ашылады. Ол қоғамды басқарудың басшылық ету органына сайлану мүмкіндігі бар, қоғам қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарын айта алады.

Акционерлік қоғамның маңызды ерекшеленетін айырмашылығы – қоғамды басқару ұжымдық басқару принциптерін анағұрлым кең пайдалану деген мағынаны білдіреді. Соңғы уақытта көптеген Акционерлік қоғамдарда ұжымдық басқару кодексі енгізілді, директорлар кеңесінде тәуелсіз директорлер институты жұмыс істей бастады, мемлекеттік ұжымдық басқару мәселесі бойынша мамандандырылған кеңестер құрылды. Қазақстан республикасында экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігімен мемлекеттік қатысушылары бар акционерлік қоғамдар үшін ұжымдық басқарудың үлгілік тәртібін шығарды, «Тәуелсіз директорлар туралы» Ереже және «Директорлар кеңесі туралы» Ереже.

Акционерлік қоғамды басқаруға акционерлердің қатысу құқығы акциялар түрлері бойынша сараланады. Жәй акция акционерге барлық мәселелерді шешу кезінде акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығын береді, ал артықшылықты акция шектелген мәселелер бойынша қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді. Қазақстанда соңғы жылдары миноритарилердің проблемаларын шешуге назар аударуы күшейді. Сонымен қатар шағын акция пакет иелерінің проблемалары анағұрлым белсенді шешілуі қажет. Сондай–ақ миноритарилер проблемаларына «Ұжымдық басқару және Қазақстандағы инвестициялық климат» халықаралық конференциясы аса назар аударады. Бұл проблема өзінің көкейтестілігін сақтауда, сондықтан ҚР Президенті жаңа міндет белгіледі.

1наурыз 2006 жылғы Қазақстан Республика Президентінің Жолдауында «Бізде миноритарлы акционерлер құрылтайшылар құқығын қорғау бойынша баламалы заңнама болуы өте маңызды. Және де қайтадан мемлекет меншігіне айналдыруға қарсы заңнамалық кепілдікті ұсынуды қарастырған жөн» - деп айтылған. Сонымен, инвесторлар- акционерлердің, әсіресе акционерлік кәсіпкерліктің дамуындағы миноритарилердің мүдделілігін әрі қарай дамуына бағытталған әрекетті шаралар жүзеге асатын болады [4] .    

Акционелік қоғам жұмысының дамуы мен тиімділігінің маңызды факторы акционерлер құрылымын есептегенде басқаруды ұйымдастыру болып келеді, ол ірі және миноритарлы акционерлер мүдделері балансын қамтамасыз ету үшін керек. Сондай-ақ олардың құқығын және заңды мүдделерін сыйлау принципін сақтау қажет.

Акционерлік қоғамның маңызды ерекшеленетін айырмашылығы компанияның меншігі немесе кәсіпорынға тиесілі мүліктер жиынтығы және ақша қаражаты (үйлер, ғимараттар, көліктер және жабдықтар, материалдық босалқы қорлар, банктік салымдар, құнды қағаздарға патенттерге жұмса-лымдар, авторлық құқығы және басқалары) болып келетін оның активтерінің қалыптасу көздері  мен құрылымы айқын көрініп тұрады. Активтерге тек бағасы белгіленетін мүліктер ғана қосылады.

Акционерлер қоғамдардың активтері активтердің эмиссиясы есебінен, былайша айтқанда, тауарды - акцияны сату есебінен қалыптасады. Олар компанияның меншігінде болады, ал акционерлер өз салымдарын қолда бар акцияларын сату жолымен қайтара алады. Кез келген акционердің қоғамнан шығуы компания активтерінің көлеміне әсерін тигізбейді. Бұл да, басқа бизнесті ұйымдастыру нысандарымен салыстырғанда және оның артық-шылығы бойынша Акционерлік қоғамның ерекшеленетін айырмашылығы-ның біріне жатады.

Акционерлік қоғамның меншікті капиталы компанияның кіріс есебінен толықтырылып тұрады, және де бұл қоғам ерекшелігінде ешқандай көрін-бейді.

Акционерлік капитал басқаруды  ұйымдастырудың және акционерлік қоғамдарды реттеудің шешуші факторы болып келеді. Акционерлік қоғам шаруашылық жүргізуші субъектісі ретінде дивидентті саясатты тұжырым-дайды және жүзеге асырады. Акциялар солар арқылы кіріс табу мақсатында сатып алынады, сондықтан акциялар бағамы олардың әкелетін дивидент-теріне тікелей тәуелді. Екінші жағынан, акциялар бағамы банктік пайыз деңгейінен кері тәуелділікте болады: пайыз мөлшері төмен болған сайын акциялар бағамы жоғары болады. Инвестор өзінің ақшалай қаражатын депозитке берсе де, не болмаса акция сатып алса да болады. Егер ол өз ақшасын депозит түрінде банкке салатын болса, онда ол акциялар бойынша дивиденттерді сатып алғанда одан алуға болатын еді деген пайыздарымен үнемі салыстырып отырады. Бұл дивидентті саясатты анықтауға үшін баяндалған әдістемелік көзқарас шешуші болып келеді, сонымен қатар қаржылық нарықтың әсерін және осы мәселе бойынша Акционерлік қоғамның өзіндік ерекшелігін есепке алу қажет.

Дивидентті саясатты құру барысында әр түрлі капиталды  тарту тәсілін қолданатын басқа  елдердің тәжірбиесін пайдалануға болатын еді. Көбінесе бұл ерекшеліктер акция бағаларына байланысты. Оларды шығару өзіндік белгіленген құны бойынша немесе нарықтық құны бойынша жүзеге асырылады. Көптеген елдерде соңғы уақытта көбінесе нарықтық құны бойынша эмиссия тәсілі қолданылады. Өзіндік белгіленген құны бойынша акцияларды шығару кезінде тек айналысқа шығарылатын акция бағаларының жалпы соммасына ғана капиталдың көбеюі көрінеді, ал егер акцияны нарық құны бойынша шығаратын болса онда кәсіпорын тек капиталдың көбеюі мақсатына жетіп қана емес, сондай – ақ кіріс алып келеді [5]. Акционерлік қоғамның өзіндік ерекшелігі бизнесті ұйымдастыру нысаны ретінде дивиденттерді төлеу ерекшеліктерін алдын ала анықтайды.

Дивиденттер көлемі негізі Акционерлік қоғамның қарастыруы бойынша бекітіледі. Сондай-ақ, дивидент соммасының кіріске қатынасы қоғаммен анықталады. Тіпті теріс сальдо болған жағдайда, егер қорда ішкі ресурстар болса компания дивиденттерді төлеуге шамасы жетеді. Және де керісінше, тіпті оң сальдо болған жағдайда компания дивиденттерді төлеуден бас тартып табысты кәсіпорында дамытуға қалдыруы мүмкін.

Акционерлік қоғам инвесторлерге  олардың салымын қайтаруға міндетті емес.  Дәл сол акционерлер қаражатын қайтару мақсатында биржалар жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда, акция инвесторларға қайтару қажеттілігін талап етпейтін капитал болып саналады. Дәл осы ерекшелікті қоғамның дивидентті саясатын анықтау барысында есепке алу қажет.

Акционерлік қоғамның табысты дамуы және қарқынды жұмысы үшін оның басқару органдарының қалыптасуында маңызды мәні бар. Акционерлік қоғамның басқару органына мыналар жатады: акционерлердің жалпы жиналысы (жоғарғы орган); директорлар кеңесі (басқару органы); атқарушы орган - алқалы орган немесе атқарушы органның функцияларын бір өзі жүзеге асыратын тұлға. Мәлім болғандай, акциялар инвесторларды Акционерлік қоғам иегерлерінің бірі етеді, дегенмен әлдеқайда айқын түрде оны дауыс беру құқығын көрсететін акциялар қатарына жатқызған жөн. Сонымен қатар көптеген акционерлер үшін осы фактілерді атап көрсетуді тек декларация ретінде ғана қабылдайды, өйткені шындығында Акционерлік қоғам тек қолында акциялардың бақылау пакеті бар тұлғаны немесе адамдар тобын бақылайды.

Әрбір Акционелік қоғам еңбекақыны төлеуде де, бағаны белгілеуде де, таза табысты бөлу тәртібінде және басқа да кәсіпкерлік қызмет түрлерінде де толық қаржы-шаруашылық дербестігі бар. Сондай – ақ, Акционерлік қоғам өзінің мүлігі шегінде өзінің міндеттемелеріне жауапкершілік көтереді, бірақ акционерлерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Акционерлер қоғам міндеттемелері бойынша тек өздеріне тиесілі акция бағалары шегінде ғана жауап береді, олардың өз салымдарын қайтарып беруіне талап етуге құқылары жоқ. Салынған салым көлемімен Акционерлік қоғам жауапкершілігін шектеу қаражаттарды өнімділіктің тиімділігін жоғарылатуға және жаңартпалық үдерістің тездетуге себепші болатын болашағы бар және тәуекелді жобаларды инвестициялауға мүмкіндік береді.

Акция қоғамның рұқсаты және басқа акционерлердің рұқсатысыз сатылуына болады. Әрбір акционер акцияларды сатып алу немесе сату жолымен Акционерлік қоғамның жарғылық капиталындағы өзінің үлесін азайтуына немесе көбейтуіне болады. Акционерлер тек құнды қағаздардың меншік иесі болып келеді.

Акционерлік қоғамның тиімді жұмыс істеуі үшін маңызды мәні тәжірибеде Акционерлік қоғам туралы Заңмен белгіленген акционерлік қоғамның олардың салынған акцияларын орналастыру тәртібін сақтау, акционерлердің талаптары бойынша қоғамның акцияларды өтеуін төлеп алуы, белгілі бір жағдайларда акцияларды бір жерге шоғырландыру және ұсақтап бөлуінде. Акционерлік қоғамның олармен орналастырылған акцияларын сатып алу дегенді қоғамның акцияларды сатып алу міндетін болдырмайтын, ал акционердің, сонымен қатар оларды сатуы міндетін болдырмайтын күші бар шарттар деп түсінген жөн және акционерлік қоғамның акцияларды өтеуін төлеп алуы деп – қоғамды акцияларды сатып алуға міндеттейтін шарттар деп түсінген жөн. Атап айтылған акционерлік қоғамның акцияларымен операциялар олардың қызметінің маңызды құрамды бөлігі болып келеді. Алайда акционерлік қоғамның олармен орналас-тырылған акцияларын сатып алу, талап бойынша қоғамның акциялардың өтеуін төлеп алу әлі күнге дейін тиісінше кең тарамаған. Құнды қағаз-дардың бар болуы және қозғалысы туралы есептерде көптеген акционерлік қоғамдарда ондай операциялар көрсетілмеген, және де ол осы кәсіпкерлік нысанның даму денгейін сипаттайды.

Акционерлік қоғам қызметінде жарғылық қор маңызды роль ойнайды. Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы оның құрылуы және әрі қарай жұмыс істеуі барысында төр аса маңызды міндеттерді орындайды:

- қоғамның материалдық негізін құрады;

- акционерлердің мүдделеріне кепілдік береді;

- табысты бөлуге акционерлердің қатысу үлесін анықтайды;

- қоғам жұмысы тиімділігінің көрсеткіші болып келеді;

Бұнымен Акционерлік қоғам –ның дамуында жарғылық капиталдың мәні анықталады. Ол қоғам өндірістік және басқа да қызметтері үшін материалдық негіз болып келеді. Жарғылық капиталдың басты міндеті несие берушілердің алдында қоғамның мүліктік жауапкершілігінің кепілдігінен тұрады.

Акцияларды  шығару және оларды сату нәтижесінде алынған қара-жаттар Акционерлік қоғамның жекеменшік капиталы құрылады. Акция-лардан басқа Акционерлік қоғам облигациялар шығарады. Облигацияларды орналастырудан алынған қаражаттар қарыз капиталын құрады. Облигациялар бойынша Акционерлік қоғам тұрақты пайызды төлейді.

Біз осы шаруашылық ету формасының дәл экономикалық тұрғысында бизнестің ұйымдастыру нысаны арасында басымдық жағдайды қамтамасыз ететін артықшылықтардан қаланғанып қана қоймай, сонымен қатар инновацияны кең пайдалану негізінде қарқынды дамуы мен жұмысының жоғары тиімділігіне себепші болады. Сондықтан бұл шаруашылық етудің ұйымдық нысанына ғылыми негізделген басқарудың маңызы зор.

Акционерлік қоғамдардың дамуы