Ирина Эланс
Аквариум тритондарының тіршілішігін бақылау
Мазмұны
Кіріспе .............................. .............................. .............................. ...........................3
Систематикалық орны .............................. .............................. ...........................4
І Аквариум тритондарының
биологиясы.................... .............................. .....5
1.1Тритондардың құрылыс
ерекшеліктері................. .............................. .....5
1.2.Акватеррариумда ұсталатын
тритондардың түрлері....................... ...........8
II Акватеррариум
тритондарының жағдайы....................... .........................17
2.1 Акватеррариум дизайны......... .............................. .............................. ......17
2.2 Тритондардың аурулары
және емдеу.................... .............................. ...22
Тәжірибелік бөлім
3.Аквариум тритондарының тіршілішігін
бақылау....................... ..............28
3.1 Акватеррариум тритондарының
қоректенуі.................... ..........................28
3.2 Акватеррариум тритондарының
көбею жолдары................. .................32
Қорытынды..................... .............................. .............................. ....................37
Пайдаланылған әдебиеттер.................... .............................. ............................. 35
Қосымша
Кіріспе
Тритондардың нағыз саламандралар тұқымдасына жататын шағын қосмекенділер. Дене тұрқы 11см-дей. Көбінесе сарғыш-қоңыр түсті болып келеді. Көбею кезінде көпшілігінде жал болады. Жалы қосымша тыныс алу қызметін атқарады. Таралу аймағы өте кең, Франциядан бастап Батыс Сібірге дейін созылып жатыр. Ормандарда, таулы аймақтар мен сулы ортада мекендейді. Суға көктемде және жаздың алғашқы айларында көбею үшін келеді. Судан шыққан соң, көлеңкелі, дымқыл жерлерде тіршілік етеді. Күндіз құлаған ағаштардың, үйінді жапырақтар мен шыбықтардың астында, кеміргіштердің індерінде жасырынады. Түнде және сирек жаңбырлы күндері құрлықта қоректенеді.Тритондар саны жағынан ең көп таралған қосмекенділер, ауланған қосмекенділердің 20-30% кәдімгі тритондар. Тритондардың суда және құрлықта тіршілік етуіне байланысты қоректері де әртүрлі. Маса және түрлі қоңыздардың личинкаларынан бастап, қырықаяқ, шаяндар, құрттар, құрлықтағы шағын омыртқасыздардың барлығы тритондарға қорек болады. Тритондар қосмекенділердің ішінде төменгі температураға тұрақты бірден-бір түр. Әдетте ауа температурасы 8-10°С-та қыстауларынан шығады, ал 4-7С° -та суға келеді. Қолайлы темература 23,5°С. Әсіресе, судан тыс, жоғары температураға аса сезімтал келеді. Тритондар көбейер алдында неке биін билейді. Неке биі сәтті орындалса, уылдырық шашу процесі басталады. Ересектеріне мүлде ұқсамайтын дернәсілдері шығады. Дернәсілдерінде тыныс алуға қытысатын сыртқы желбезектері болады, 3 айдан кейін метаморфоз процесі өткен соң сыртқы желбезектері жойылып, дернәсіл ересек тритонға айналады.
Тритондардың көпшілігін
акватеррариумда асырауға болады.
Кәдімгі тритон, қызылқұрсақты тритон,
иран тритоны, кішіазия тритоны, сүйелді
тритон, қысқааяқты қызылқұрсақты тритон,
қолтырауын тритон, испан тритонын акватеррариумда
ұстау кең таралған. Қақпағы мықты жабылатын,
көлденең пішінді, шыны әйнектен жасалған
сапалы акватеррариум тритондар үшін
қолайлы жасанды пана болмақ. Ең бастысы
судың тазалығын қамтамасыз еткен дұрыс.
Көлемі онда ұсталатын жануарлардың санына
және дене мөлшеріне байланысты.
Курстық жұмыстың мақсаты: Акватеррариумда ұсталатын тритондардың биологиялық ерекшеліктерімен танысу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1) Акватеррариумда ұсталатын
тритондардың түрлерімен танысу.
2) Акватеррариумдағы тритондардың
жағдайы мен тіршілігін зерттеу.
3) Қоректену тәсілін бақылау.
4) Көбею жолдарының
Зерттеу обьектісі: Акватеррариумдағы тритондар.
Зерттеу әдістері: бақылау, салыстыру.
Систематикалық орны
Патшалық: Жануарлар – Animalia
Тип: Хордалылар – Сhordata
Тип тармағы: Омыртқалылар – Vertebrata
Бөлім: Жақтылар – Gnathostomata
Класс: Қосмекенділер – Amphibia
Кластармағы: Жұқаомыртқалылар – Lepospondyli
Отряды: Құйрықтылар – Urodela, seu Caudata
Тұқымдасы: Нағыз саламандралар – Salamandridae
Түрлері:
Кәдімгі тритон – Triturus vulgaris
Жалды тритон – Triturus cristatus
Испандық қылқанды тритоны – Pleurodeles waltli
Иран тритоны – Neurergus kaiseri
Кішіазия тритоны – Ommatotriton vittatus
Қытайлық-қызылқұрсақты тритон – Cynops orientalis
Қытайлық сүйелді тритон – Paramesotriton chinensis
Қысқааяқты қызылқұрсақты тритон – Pachytriton labiatus
Қолтырауын тритон – Tylototriton
1. Аквариум тритондарының биологиясы
1.1 Тритондардың құрылыс ерекшеліктері
Тритон (Triturus vulgaris) нағыз саламандра тұқымдасына жататын, дене тұрқы 11см-ге жетеді, әдетте 8см оның жартысы құйрық болып есептелетін шағын амфибия. Терісі бір тегіс немесе майда дәнді.Арқа жағы сарғыш-қоңыр, бауыры сарғыштау келген. Басында көлденең сызықтары болады. Шағылысу кезінде еркектерінің түрі өзгереді де, арқасында құйрық бөліміне дейін жал пайда болады. Артқы аяқтарында бұл уақытта қосымша өсіндіні көруге болады. Ұрғашыларының түсі де айқындала түседі. Еркектерінің арқасындағы қанға толы жалы қосымша тыныс алу мүшесінің рөлін атқарады.
Франция, Англия, Оңтүстік Швециядан бастап Батыс Сібірге дейін таралған. Жапырақты және аралас ормандарда, орманды далада , бұталардың арасында , дымқыл жерлерде , суда мекендейді.Ашық жерлерден, алаңдардан қашып жүреді. Көктемде және жаздың алғашқы айларында көбею үшін суға келеді. Суда болу ұзақтығы оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай қозғалысына байланысты. Батыс Сібірде жаз бойы суда болады.Тритондар су мекендері ретінде шағын өзендер, ескі арналар, арықтар, бөгеттер, шалшық суларды таңдайды. Судан шыққан соң, көлеңкелі дымқыл жерлерде тіршілік етеді. Күндіз құлаған ағаштардың астында, үйінді жапырақтар мен шыбықтарда, кеміргіштердің індерінде жасырынады. Түнде және сирек жаңбырлы күндері құрлықта қоректенеді.Суда күні бойы белсенді. Мамыр-маусым айларында суда қызу жүзіп жүрген тритондарды көруге болады және олар ауаға шығу үшін су бетінде жүзеді. Шілденің жылы жаңбырынан кейін тритонды құрлықта кездестіру екіталай. Кәдімгі тритон сан жағынан да Европа жазықтарында көп таралған. Аулағыш торға түскен қосмекенділердің 20-30% кәдімгі тритондар және саны жағынан шөп бақасы мен біз тұмсық бақадан кейінгі орынды алады. Кейбір тритондар қыс аязды болғанда өздерінің қыстауларында қайтыс болады, сондықтан қыстан кейін тритондардың сандары біршама қысқарады. [1]
Тритондардың суда және құрлықта тіршілік етуіне байланысты қоректерінің құрамы әр түрлі. 1,5-3 ай суда болғанда олар маса, су қоңыздары мен инелік личинкалары, ұсақ шаянтәрізділермен, ал су жағалауларында насекомдар, жауын құрттары және қырықаяқтармен қоректенеді. Қоректерінің ішінде маңыздысы ұсақ шаянтәрізділер-теңаяқтылар, тікенекмұртты және басқа шаяндар, бұлар асқазандағы қоректе 18-63% болады, ал қалғандары инелік личинкалары 20-26%, қандала-тырнауыштар 24%, жүзгіш қоңыздардың личинкалары 20%, су ұлулары 11-15%, балық және бақа уылдырығы 35%. Құрлықта қысқа дайындалу мерзіміне дейін, яғни 2-4,5 ай бойы тритондар қырықаяқтармен (15-18%), сауытты кенемен (9-20%), жауын құртымен (5-28%), жұлдызқұртпен (6-10)%, бунақденелілермен (4-9%) және басқа құрлықтағы омыртқасыздармен қоректенеді.
Тритондар қыстап шығатын мекендеріне (жапырақ үйінділері, көртышқан мен кеміргіштердің іні, сирек жертөле және жерқойма) қазан айының әр түрлі күндері кетеді. Көбінесе 3-5 жеке даралардан тұратын топ болып, бірақ жертөле мен жерқоймаларда, егер олар суға жақын болса,кейде оншақты және жүзшақты тритондар бірге қыстап шығады. Әдетте су мен қыстап шығатын мекеннің арасы 50-100м. Батыс Сібірде тритондардың қатпайтын суларда қыстауы тіркелген. Тритондар оңтүстікте наурыздың соңы мен сәуірдің басы, ал солтүстікте сәуір мен мамыр айларында қыстап шығатын мекендерін тастайды.
Тритондар қосмекенділердің ішінде төменгі температураға тұрақты бірден-бір түр. Әдетте ауа температурасы 8-10°С-та қыстауларынан шығады, ал 4-7С° -та суға келеді. Көктемде кейде мұздың шетімен суға жорғалап бара жатқан тритонды табуға болады немесе таң сәріде жерді қырау басқанда оны кездестіруге болады. 0°С-та қозғалыстарын жоғалтады. Еркіндікте өмір сүріп жатпаған тритондар ерте көктемде беткі температура 8-9°С-қа жеткенде акватеррариумның төсеніштерінен көрінеді. Қолайлы темература 23,5°С. Әсіресе, судан тыс, жоғары температураға аса сезімтал келеді.
Тритондар қыстап шыққан мекендерінен суға барады, сол жерде 5-9 күннен кейін көбеюге кіріседі, көбеюі сәуір-мамыр айларының әр күндері болады. Бұл уақытта судың температурасы 10°С. Аталықтарында күйлеу кезеңі қыстаудың соңында және суға келген алғашқы күннен басталады. Жұмыртқаларды ұрықтандыру қызу неке ойыны алдында болады. Олар бірде қыса, бірде бір-бірінен алшақтап жұптасып жүзеді. Аталықтары құйрығымен тез қозғалып, аналықтарын бүйірімен соғады. Осы неке ойынының нәтижесінде аталық өзінен сперматозойдқа толы қоймалжың, сілікпе тәрізді қапшық -сперматофор бөліп шығарады.Сперматофорын судағы қоршаған заттарға жабыстырады немесе су түбіне қалдырады. Неке ойынынан қозған аналық оны іздейді, сосын клоакасының шетімен ұстайды. Клоакада сперматофор ерекше қалтатәрізді қуыс -сперматекада орналасады. Осы жерден сперматозойдтар шығып, жұмыртқа жолынан келген жұмыртқаны ұрықтандырады. Әрбір аналық 60-700-ге дейін жұмыртқа салады, жиірек бүкіл көбею кезінде 150-200 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларының қабықсыз диаметрі - 1,6-1,7мм.
Уылдырығын су асты өсімдіктердің жапырақтарына салады, содан соң артқы табандарымен бүгедi. Сонда уылдырығы екі жарма жапырақтың арасына жасырылған. Жаңағы иілген жапырақ дернәсілі жарып шықпайынша, уылдырықтың шырышты қабығына жабысып тұрады. 14-20 күндері дернәсілі пайда болады. Оның ұзындығы 6,5мм. Дернәсілі шыққанда жүзбеқанаттарының қатарымен қоршалған құйрығы білінеді және ұрықтанған кезінен бастап алдыңғы аяқтары және қауырсын тәрізді сыртқы желбезектері болады. Оның сорғышы болмайды, бірақ басының бүйір жағында тез жойылып кететін безді теңгергіш (балансир) болады.
Алғашқы сағаттарда ол аз қозғалмалы, бірақ өмірге келген бірінші тәуліктің соңына қарай ауыз тесігі біліне бастайды, ал екінші күні ауызы ашылады да белсендірек қоректене бастайды. Қоректену тәсілі жағынан ересектеріне ұқсайды, оларда жыртқыштар, бірақ кішірек түрлеріне шабуыл жасайды. Әлі мүлде кіші тритондардың дернәсілдері өздерінің олжалары- ұсақ шаянтәрізділер мен масаның личинкаларын тоғайларда жасырынып күтіп отырады да сәті түскенде ауыздарын үлкенірек қылып ашып бас салады. Жыртқыштық жас тритондардың арасында болуы мүмкін, себебі үлкен аралық уақыт арқылы кейінге қалдырылған маңызды кеңістікте жалғыз жұмыртқадан шыққан дернәсілідері үлкен топ құрмайды және қорекпен қамтамасыз етілген. Құйрықты қосмекенділердің және кәдімгі тритондардың қоректену тәсілі ерекшеліктеріне және дернәсілдерінің дамуына байланысты осы қасиетімен құйрықты қосмекенділерден ерекшеленеді. Дернәсілдерінің ауыз бөлімінің және ішектерінің ұзындығының ересектерінен айырмашылығы жоқ, көздері жақсы жетілген. Екінші күні ауыздарымен қоса желбезек тесіктері де ашылады. Сыртқы және функционалды дернәсілдік кезеңі дамиды. Артқы аяқтары дернәсілдік кезеңнің 20-шы күні пайда болады. Барлық дернәсілдік кезең 60-70 күнге созылады және дернәсілдің құрлыққа шығар алдын денесінің ұзындығы 32-36мм. Кәдімгі тритон және басқа да құйрықты қосмекенділердің дернәсілдерінің метаморфозы біртіндеп, денесінің құрылысында қатты өзгеріссіз жүреді. Мұндай метаморфоздың болуы дернәсілдерінің жеке мүшелерінің аз және өмір сүру тәсілінің ересектеріне ұқсастығынан. Метаморфоз кезінде өкпемен тыныс алуға көшеді де желбезектері жойылады, терісінің құрылысында өзгерістер болады, дернәсіл ересек тритонға айналады. Кейбір жылдары, әсіресе, солтүстік кеңістікте кәдімгі тритонның дернәсілінде жазда метаморфоз жүрмейді, сыртқы желбезектерінін сақтай отырып өседі. Дернәсілдік сатыда қыстап шығады да келесі жазда ғана ересек тритонға айналады. Бұл толық емес неотения құбылысы деп аталады.
Жыныстық жағынан жетілу тіршілігінің 2-3 жылында болады. Тритонның жауларына сужыландар, улы сұр жыландар, көкқұтандар, байғұтандар жатады, бірақ тритонның жасырынып өмір сүруіне байланысты аз шабуыл жасайды.
Кәдімгі тритон - пайдалы қосмекенді. Ол суда маса личинкаларын жем етеді, сондықтан да қан сорғыш насекомдармен күресу үшін жағасында ағаш өскен суларда тритондарды көбірек өсіруге жағдай жасау қажет. Тритондарды лабораторияда тәжірибе жасау үшін пайдаланады.[ 2, 8]
1.2 Аквариумда ұсталатын тритондардың түрлері
Кәдімгі тритон (Triturus vulgaris)
Таралу аймағы. Кең аумақта таралған, батысында Британия аралдары мен Франциядан, шығысында Батыс Сібірге дейін созылып жатыр.
Дене мөлшері. 8-11см. Аталығының құйрығы денесінің ұзындығына тең, ал аналығында тең немесе сәл ұзынырақ. Көбейер алдында артқы аяқтарында қосымша өсінді болады. Арқа жағында сарғыш-қоңыр, қара түсті дақтар болады, кейде болмайды. Басының бүйір жағында 3 бойлай өткен сызықтары бар, әсіресе, көз аймағын басып өткен сызық айқын көрінеді. Құрсақ жағы сарғыштау және майда дақтар бар. Шағылысу кезінде аталығының түрі өзгереді де, арқасында құйрық бөліміне дейін жал пайда болады. Аталығының арқасындағы қанға толы жалы қосымша тыныс алу мүшесінің рөлін атқарады.
Күтімі. Аквариумда алғашқы күндері еркіндікке шығу үшін қашуға тырысады, егер ойлағаны жүзеге асса өмір сүруге қолайлы жағдай таппай өліп қалуы мүмкін. Кәдімгі тритонға бір бөлігі құрлық, екінші бөлігі судан тұратын 30-40 литрлік акватеррариум жарайды. Акватеррариумның төбесі қақпақпен жабылу керек және ауа келіп тұратын желдеткіш тесік болғаны дұрыс ,бірақ тритондар әлсіз жануарлар емес екені белгілі, сондықтан қақпақ берік жабылуы тиіс. Құрлыққа шығу үлкен тастар мен ұсақ жұмыр тастардың және суда өскен ағаштардың көмегімен жүзеге асады. Қолайлы су температурасы 18-22°С, ал қысқы ұйқыға кетер кезінде біртіндеп тепмератураны 5-10°С -қа төмендеткен жөн және акватеррариумды қараңғы жерге қою керек . Су өсімдіктері мен су сүзгісінің болуы да міндетті. Акватеррариумда өмір сүру ұзақтығы 20-30 жыл.
Қоректенуі. Ұсақ шаянтәрізділер, жауын құрттары, моллюскалар және су,құрлық омыртқасыздармен қоректенеді. Осыған сәйкес аквариумда да қорек түрін таңдауға болады. Тірі қорек түрлерімен қатар тоңазытылған қорек беруге болады. Ересек тритондарды аптасына 3-4 рет, ал жас ,енді өсіп келе жатқандарын күніне бірнеше рет тамақтандыру керек.
Көбеюі. Кәдімгі жағдайда аналығы су асты өсімдіктеріне 150-ге жуық жұмыртқасын жабыстырады. 14-20 күннен кейін жұмыртқадан дернәсіл шығады және сыртқы желбезектері дамиды. 60-70 күндей суда болады, бұл уақытта сыртқы желбезектері жойылған. 3,5 см-ге жеткенде құрлыққа шығадыда ата-анасы табысқан жерге барады.(22- сурет)
Жалды тритон (Triturus cristatus)
Таралу аймағы. Албания, Армения, Белоруссия, Бельгия, Босния, Герцеговина, Болгария, Хорватия, Дания, Эстония, Финляндия, Франция, Джорджия( Грузия), Германия, Греция, Венгрия, Иран, Ислам Республикасы, Латвия, Лихтенштейн, Литва, Люксембург, Македония, Нидерланды,
Ресей федерациясы,Украина, Швеция және т.б. Тауға теңіз деңгейінен 2000м биіктікке көтеріледі (Карпат 1450м, Алпі тауы 1100м).
Дене мөлшері. 18см-ге дейін. Жалды тритон-тритондар тұқымдасының ең ірісі. Терісі қатқыл,ірі түйіршікті,құрсақ жағы жұмыр.
Кәдімгі тритонға қарағанда 5-6 рет сиректеу кездеседі. Басы жайпақтау, денесі мығым әрі көлемді.Тісті жалы көз бөлімінен бастап, негізгі құйрық бөлімінде аяқталады.Құйрығы қысқа немесе денесінің ұзындығына тең. Аталықтарында тұмсығы жұмырланған, клоака дөңестеу, ал құйрығында ұзына бойы ақ-көк сызық бар. Аналықтарында жалы болмайды, арқа жағында жіңішке сары сызық бойлай өтеді, клоакасы жалпақ әрі қызғыштау. Түстерін өзгертуге бейім. [3]
Күтімі. Кәдімгі тритонмен ұқсас, тек айырмашылығы жалды тритон суыққа төзгіш салқынқанды, сондықтан күндізгі 19,4-20,6°С, түнгі 16-19°С температура қолайлы, суды жылыту қажет емес. Тері бездері улы шырыш бөледі,сондықтан жасырынып өмір сүретін кәдімгі тритонға қарағанда жалды тритондардың жаулары аз. Міне, осы себептен жалды тритонмен бірге акватеррариумда бірге орналастыруға болмайды. Субстрат есебінде үлкен малта тастар жарайды немесе ағаш бұталар, кендір талшықтары да болады. Суды алмастыру міндетті.
Қоректенуі. Көзінің жақсы көрмеуіне байланысты шапшаң қимылдайтын жануарды ұстай алмайды,сол себепті жиі аш жүреді. Бүйір жақтарындағы сезгіш мүшесінің көмегімен өзіне 1 см-дей қашықтыққа қалқып жүзіп келген шаянтәрізділерді сезеді. Олжаларын иістерінен бірден сезеді. Суда су насекомдары және олардың дернәсілдерімен, моллюскамен, дарабастармен, балықтардың уылдырығымен қоректенеді. Ересек жалды тритондардың арасында каннибализм (жануарлардың өзімен бір түрге жататын организмді жеуі, түр ішіндегі жыртқыштық) кездеседі. Құрлықта аз қоректенеді, кешқұрым жауын құрттарымен және т.б. Жеңіл ет кесегін пинцетпен беруге болады.
Көбеюі. Көюеюі және дернәсілдерінің жетілуі суда жүреді. Институт лабораторияларында қолдан өсіріп көбейту қиынырақ болады, себебі бұл тритондар жабайырақ келеді. Неке ойыны су температурасы 6°С-қа жеткенде басталады. Уылдырық шашатын орны кәдімгі тритонға қарағанда 0,5-0,7 м тереңдікті қалайды. Суға ен бірінші аналығы кетеді, әрбір аталық өз аумағын таңдайды, мысалы тас, бұта ағаш немесе балдырлардың шоғыры. Аталығы өзінің территориясын клоакасымен өсімдіктер мен тастарға жабысып таңба салып белгілейді. Бұны аналығының назарын аударту үшін жасайды. Ұрықтануы іштей. 60-800, әдетте 200-дей уылдырық шашады. Уылдырық шашу 2 аптадан 2 айға дейін созылады. Уылдырығы 2-4,5 мм және үсті пигментсіз. Уылдырықтарын судың үстіне шығып тұратын жапыраққа орайды, кейде түбінде жабыстырады. Дернәсілдік дамуы 3 айға жуық. Дернәсілінде сыртқы желбезектері болады. (21- сурет)
Испандық қылқанды (қабырғалы) тритоны (Pleurodeles waltli)
Таралу аймағы. Оңтүстік-батыс Испания, Португалия және Марокко. Ағынсыз немесе ағысы жай суларда тіршілік етеді.
Дене мөлшері. Еркіндікте өмір сүргенде 30 см-ге жетеді, ал акватеррариумда 20см-дей болады. Денесі созылыңқы әрі сымбатты.
Құйрығы бүйірінен сопақтау келген, соңы үстіңгі және астыңғы жағынан есуші қылқанмен жабдықталған. Басы сопақтау. Алдыңғы және артқы аяқтарында бос бес саусақтары бар. Көкіректің бүйір жағында кейде сүйір қабырғалардың ұштарынан өтетін мүйізді төбешіктер бар,сондықтан да қылқанды деп аталған. Денесінің түсі қара дақтары бар қоңырлау, ал құрсақ жағы сарғыштау қара-сұр дақтары болады.
Күтімі. Бұл күй талғамайтын, көнбіс тритондар. Лабораторияларда көлемі 50х50см, биктігі 25см-ге жететін акватеррариумда 10-ға жуық тритонды асыраса болады. Ал үй жағдайында көлемі онша үлкен емес, төбесі қақпақпен міндетті түрде жабылған акватеррариумда да жарайды. Су температурасы 15-27°С, қолайлысы 20°С. Судың тазалығын сақтау үшін фильтр болуы керек. Барлық уақыты суда өтетіндіктен, құрлыққа шығатын аралшалардың қажеті жоқ. Судың түбіне топырақ міндетті емес, егер қаласа гранитті түйіршіктер жарайды. Акватеррариумды көгалдандыру үшін кез-келген суда өсетін өсімдікті өсіруге болады. Акватеррариум жарық жерде тұрса , онда жарықтандыру қажет емес, егер қараңғы жерде тұрса жәна су өсімдіктерінің тез өсуі үшін, суды ысып кетуден қорғайтын люминесцентті шамдарды қолдануға болады. Аналықтары үлкен әрі күшті болғандықтан аталықтан бөлек ұстаған жөн, себебі қорек үшін талас кезінде жарақаттануы мүмкін.Тритондар жасырынғанды жақсы көреді, сондықтан акватеррариумда кішкене үйшік немесе басқа заттарды орналастырса артық болмайды. Тритондар түлеуге бейім. Терісінің түлеуі маңызды, себебі терісімен тыныс алады. Бұл су бетіне ауаға қайта-қайта шықпауға қолайлы. Терісі кірленсе түлеп, тастап кетеді.
Қоректенуі. Қорек түріне келгенде де талғамайды. Тірі және өлі көбелектерді аса тәбетпен жейді, жауын құрттары-ең сүйікті қорегі, сиыр бауырынан да бас тартпайды. Дегенмен, тірі қорек-ең қолайлысы,себебі одан су бүлінбейді. Сонымен қатар еттің немесе тауық етінің тритонның ауыз мөлшеріне сай келетін кесегі де қолайлы қорек түрі. Алғашында қоректі табу қиын болғандықтан, пинцетпен береді, сосын иісінен тауып алады. Зоодүкендерде негізінен көңді құрттар сатылады, тритондардың бұл құрттармен қоректенуі жауын құрттарынан кем түспейді. Тритондарды аш қалдыруға болмайды, себебі көршілеріне шабуыл жасауы мүмкін , яғни қорек үшін талас болады. Ересектерін аптасына 2-3 рет тамақтандырады, ал жаңадан өсіп келе жатқандарын күнде тамақтандыру керек. Қылқанды тритондарды өздері қоректен бас тартпайынша тойғанша тамақтандыру керек. (20- сурет)
Көбеюі. Уылдырығы жабыстырылған өсімдікті бөлек акватеррариумға немесе кристаллизаторға орналастырады. Температураның төмендеуі көбеюлеріне қолайлы жағдай . Қайтадан екінші рет уылдырық шашуға аналығы жақсылап тамақтанып болған соң бірнеше айдан кейін дайын болады. Акватеррариумның көлемі 20 литрдей болса жеткілікті, судың таза болуы міндеті, фильтр пайдаланылады. Уылдырықтың жетілуі 18°С -та, 11-13 күнге созылады. Жаңадан туылған тритондар алғашында қозғалыссыз. Дернәсілдері басында планктондармен қоректенеді де, өскен сайын қорегі үлкейе береді. Каннибализмнің алдын алу үшін, дернәсілдері өскен сайын сорттап отырады. [4]
Иран тритоны (Neurergus kaiseri)
Таралу аймағы. Шах-Базан, Нуристан, Хузестан, Иран. Көбінесе таулы жерлерде, біразы үлкен биіктіктерде (500-ден 1430м-ге дейін теңіз деңгейінен ) тіршілік етеді. Іс жүзінде суда өмір сүреді, құрлыққа тек қыстау үшін ғана шығады.
Дене мөлшері. 17-18см-ге дейін. Ішкі құрсақ жағы ашық сарғыш-қызыл, бүйірі көз шағылыстыратындай ақ түсті. Арқа жағы ақ-қара аралас, желкеден бастап құйрығына дейін омыртқаны бойлай ақшыл сарғыш сызықты жолақ өтеді. Табандары қара дақты сарғыш-қызыл. Құйрығы қара және әр түрлі ақшыл дақтармен, жіңішке сызықтармен әдеміленген.
Күтімі. Иран тритондарына көлденең типті немесе көлемі 60х30х30см , шамамен 30 литрлі , судың түбінде қиыршық тастары бар акватеррариум жарайды. 1-2 түрлеріне минимальді көлемі 40х25х20 , су мөлшері 20л болатын акватеррариум болады. Судың тазалығын қамтамасыз ету үшін фильтр орнатылады, бірақ судың ағысы тритондарға кедергі жасамайтындай жай болуы керек. Судың сүзілуі жақсы болғаны жөн, уылдырықтың инкубациясы үшін болмаса жылыту қажет емес. Жақсы өрмелегіш болғандықтан акватеррариумның қақпағы болу керек. Акватеррариумда кішкене аралша немесе тритондар шығу үшін жағаларды орнату керек. 15-23°С температура қолайлы, егер 25-28°С-қа көтерілсе жағдайлары нашарлап, солғын тарта бастайды, кейде өліп кетеді. Суда қыш құмыраға немесе топыраққа кез келген температураны салқындатуға әсерін тигізе алатын өсімдіктерді өсіреді, мысалы бұрамжапырақ, жебежапырақ, қауырсынжапырақ, кабомба, элодея, мүйізжапырақ, явалық мүктер жатады. Тритондарды топпен ұстаса да болады. Күндіз UVB 2% УФ шамының сәулесін пайдалануға болады, күн сайын 10-12 сағат сәулелендіруді керек.
Қоректенуі. Ірі және ұсақ масаққұртпен,ұсақ дарабастармен және усыз кез келген қосмекенділермен қоректеренді. Сондай-ақ құрлықта сақыналы құрттарды, шырылдауық шегірткені беруге болады.
Көбеюі. Шағылысу кезінде аталығының клоакасы жуандайды. Жыныстық жетілу өмірінің 1-2 жылдары. 14-16°С -тан 18°С-қа дейінгі көбеюге қолайлы температурада аналықтарының жолын бөгеп, құйрығымен бүйір жағынан толқынтәрізді осып жүріп неке ойынын бастайды. Шағылысып болған соң, 2-3 тәуліктен кейін аналығы уылдырық шығара бастайды. Аналығы уылдырығын судағы өсімдіктің жапырағына жабыстырады, сондықтан алдын ала суда жапырақты өсімдіктер өсіру қажет. Иран тритонының уылдырығы аса үлкен емес, 2-2,5 мм, ашық сұр түсті. Уылдырығын үлкен емес мөлшермен 5-30 тәулік шашады. Жарып шығуды тездету үшін инкубация температурасы 22-24°С. Инкубациялық кезең 18-22 күннен кейін , 4-5мм әлсіз сұр түсті, сарыуыз қабығынсыз дернәсілдері шығады.
Алғашқы 1-2 күндері еш қозғалыссыз су түбінде жатады, кейінірек су түбінде ары -бері жылжып қозғала бастайды. Алғашқы аптада молынан акватеррариумға салынған инфузория дернәсілдің қорегі болады. Жарып шыққаннан кейінгі 10-12 күндері 1см-ге жетеді және жіп тәрізді жіңішке қолдары пайда болады. 30 күннен кейін артқы аяқтары да жетіле бастайды. 50-110 күннен кейін, мөлшері 6-7см -ге жеткенде метаморфоз жүреді. Алғашқы айларда дернәсілдерінің түсі әлсіз құмтүстес қара дақты, сарғыштау. Дене тұрқы 5см-ге жеткенде ашық түстерге ауыса бастайды, бірінші арқасында ақшылдау сызық пайда болады, сосын табандарында қара дақтар,тұлғасы қарая бастайды да үстінде ақ жолақтар пайда болады. Метаморфоздан кейін акватеррариумда құрлыққа шығатын басқыштар немесе су деңгейін төмендетіп, тритондар өремелеп шығатын кішкене ағаштар орналастыру керек. Дернәсілдердің тез өсуіне қолайлы температура 20-22°С. Ауа сығымдағыш пен фильтрдің көмегімен үнемі суды таза ұстау керек.(17 сурет)
Кішіазия тритоны ( Ommatotriton vittatus)
Таралу аймағы. Батыс Кавказ, Кіші Азия, Израйль. Сирия, Грузия, Ирак, Ливан, Ресей федерациясы, Түркияда кеңінен тарлаған. 600-2750 м биіктікте, жыл бойына суда (кейде қыстайды) тіршілік етеді. Ағынды таза суларды қалайды. Құрлықта ормандарда, аңғарларда тастардың, ағаш пен жапырақ үйінділерінің арасында жасырынып тіршілік етеді.
Дене мөлшері. 17см-ге дейін. Денесі електі қара кесте тәрізі өрнегі бар қола-сарғыш түске боялған. Үстіңгі бөлімі астыңғы бөлімінен екі жағынан да ақ сызықпен сызылған күміс түстес ақ жолақпен бөлінген. Құрсақ жағы кірпіш түстес қызыл немесе отты сарғыш-қызыл түсті. Аналығы қаралау, үстіндегі кестетәрізді өрнегі айқын емес, бұлдырлау дақпен қосылып кетеді. Терісі тегіс, кейде дәнді түйіршікті. Аяқ-қолдары және саусақтары ұзын, үшінші саусағы білегінен ұзынырақ, ал төртінші саусақ саннан ұзынырақ келеді. Көбейер алдында көздің сызығынан бастап құйрыққа дейін 19мм-дей болатын кетілген жалы болады. Арқа жағындағы жалы тік жолақты, балықтардың жүзбеқанаттарының сәулесін еске түсіреді. Артқы аяқтарындағы жүзгіш жарғақтары кеңейген. Құйрығы жалпақ әрі пішіні жапырақа ұқсайды. Уылдырық шашып болған соң жалы жоғалады, бірақ олар сонда да баяғыша әдемі болып қалады.
Күтімі. Бұл тритон жыл бойына суда тіршілік ету қасиетіне ие. Басқа тритондарға сай акватеррариум мен күтім жасалады. Қақпағы бар акватеррариум жарайды және онда майда жапырақты өсімдіктер өсіруге болады. Сондай-ақ судың тазалығы мен ылғалдылығын қадағалау керек. Қысқы ұйқыға температура 6°С шамасында кетеді.
Қоректенуі. Ересек түрлерін жауын құрттары, масаққұртпен қоректендіреді. Дернәсілдері дафниямен, басқа да қорекпен қоректенеді. Жас тритондарға кішкентай көбелек, биттер, есекқұрттар, энхитреустар беруге болады.
Көбеюі. Аталықтары ақшыл түсті, қол-аяқтары ұзын, құйрығы биігіре әрі жапырақ формалы. Көбейер алдында жал болады. (24 сурет)
Жыныстық жетілу өміріні 3-5 жылдары. Көбею уақыты ақпанның аяғынан басталып, шілденің ортасын дейін жалғасады. Көбеюдің қарбалас уақыты сәуір-мамыр айлары. Аталықтарында көбеюге тән белгілері пайда болғанда ғана аналығы байқайды. Аталығы 5-7°С-та сперматофорын шығарады, ал аналығы уылдырығын 9°С-та шашады. Температура 15°С-қа жеткенде некелік белсенділік шегіне жетеді, аталығы жалынан айырылады. Аталығы су асты заттарына өзі жайлы ақпараттан хабар беретін өзінің хош иісті таңбасын қалдырады, осылай өзіне лайықты аналықты табады. Аталығы басқа аталықтарға сес көрсете бастайды. Әрбір аталық өз аумағын қорғайды, сол жерде сперматофорын шашады. Сперматофордың мөлшері 5-7мм. Аталығы аналығының жолын бөгеу үшін оның алдына перпендикулярлы тұрып алады. Денесі алға қарай иіліп, жалы аналығын жабады, ал құйрығы S тәрізді иіледі. Аталығы аналығының бүйірінен тұмсығының ұшымен итереді. Бұл дәстүр бірнеше рет қайталанады. Лезде аталығы сперматофорын субстратқа жабыстырып үлгереді, аналығы оны клоакасымен ұстап, ішке енгізеді. Аналықтары уылдырықтарын өсімдіктерге жабыстырады, мысалы бұражапырақ, элодея . Уылдырық бір-бірден жапырақтарға жабысады, аналығы оларды қаббатап жапыраққа орайды. Уылдырық кәдімгідей үлкен-диаметрі 3мм. Күнде аналықтары 10-15 уылдырықтан шашады. Уылдырық шашу аптаға жуық немесе одан да көп уақытқа созылады. Аналығы 100-ге жуық уылдырық шашуға қабілетті. Көбеюі және дернәсілінің жетілуі ағынсыз және ағыны баяу (pH= 7,2-8,5), орташа минералды суларда жүреді. Жаңадан шыққан дернәсілдері 10-12мм. Инкубация кезеңі 1 апта, 3 тәуліктен кейін дарабастар жүзе бастайды, 5-10 күннен кейін қоректене бастайды. 1,5 айдан кейін метаморфоз басталады. Уылдырық шашқаннан толық метаморфозға дейінгі уақыты 5-6 ай. Кейбіреулері дернәсілдік сатысында қыстап шығып, денесі 28-32мм-ге жеткенде келесі көктемде толық метаморфозға өтеді. Кішіазия тритонының дернәсілі моллюскалармен, насекомдармен , ал жас тритондар қосқанаттыларға, өсімдік биттеріне шабуыл жасайды [7].
Ескерту: Кішіазия тритоны Қызыл кітапқа енгізілген.
Қытайлық-қызылқұрсақты тритон (Cynops orientalis)
Таралу аймағы. Янцзы өзенінің сағасы, орталық-шығыс Қытай, Хубэй, Хэнань, оңтүстік Аньхой, Дзянсу, Чжэцзян, Цзянси, Хунань, Фуцзянь аудандары, Гаунси-Чжуанский автономиялы ауданы.
Дене мөлшері. 7-9см-ге дейін. Арқа жағы қоңырлау, құрсақ-қарын бөлімі қызыл, арқасында жалы болмайды. Паротит-құлақтүбі бездері жақсы жетілген.
Күтімі. 2 жұп тритонға 15 литрлік аралшасымен және жағасымен акватеррариум жарайды. Судың бетіне қалқып жүру үшін кішкене ағаштың бұталарын орналастыру керек. Аралшаны акватеррариумның қабырғасына іліп қояды. Төбесін қақпақпен жабу міндетті.

- А.К. Гастев и его вклад в развитие управления мысли
- Акдит основных средств
- А.К.Дойл. Шерлок Холмс: феномен популярности
- Акимшилик ис жургизу
- АКИТ
- Аккерманская крепость в Белгород-Днестровском
- АКК жобалау
- Академическая активность студентов
- Академический рисунок гипсовой головы античной скульптуры
- Академия художеств
- Академічні театри опери і балету України
- «АКА» ЖШС қаржылық жағдайын, ресурстардың ұйымдастырылуын талдау
- АКА» ЖШС-ның қаржыландыру қайнар көзін пайдалану тиімділігі мен жетілдіру жолдары
- Аквапарк «Атлантида»