Апеляциялық іс жүргізу тәртібі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ..3
1 АПЕЛЛЯЦИЯЛЫК ІC ЖҮРГІЗУ ТАРИХЫ ..4
1.1 Апелляциялық институтының пайда болуы мен даму тарихы ..4
1.2 Қазіргі кездегі аппелляциялық институтының қайта жаңаруы...................6
2 АПЕЛЛЯЦИЯЛЫК ІC ЖҮРГІЗУ……………………………………...…..…10
2.1 Заңды күшіне еңбеген шешімдерге апелляциялық шағым беру
сатысының мәні мен маңызы ...10
2.2 Апелляциялық шағым беру мен наразылық құқығы ...13
2.3 Апелляциялық шағым беру құқығының субъектілері………………….....16
2.4 Сот шешіміне шағым беру мерзімі ...19
КОРЫТЫНДЫ ....20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....21
КІРІСПЕ
Жоғарғы соттың пленумінің қаулысына "Азаматтық істерді кассациялық тәртіпте қайта қарауға тәжірибесі туралы" белгіленеді: кассациялық шағымдар мен наразылықтарды қарай отырып екінші инстанциялық соттар, соттың қаулылардың заңдылығы мен негізділігін тек көре отырып үлкен жүмыс атқарады және азаматтық құқық қатынастарда заңдылықгың нығайтылуына әділеттіктің орнатылуына ықпал етеді[4].
Менің бұл тақырыпты таңдау себебім: қазіргі таңца I-инстанциялық соттардың қаулылары заңдылықтың өрескел бұзылуы, азаматтардың конституциялық құқығының шектелуі соттардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты істерді қараудан бұзылып жоғарғы тұрған сотпен қайта қаралуы орын алады. Өткен жылы республика бойынша Аппеляциялық және бақылау тәртібімен 6704 сот шешімі бұзылды және өзгертілді. Соның ішінде 2251 сот шешімі прокурорлардың араласуымен бұзылған және өзгертілген. Тек бас прокуратураның бақылау тәртібімен бір жыл ішінде соттардың 101 заңсыз шешіміне наразылық келтірілді. Оның 98-і қаралып, 88-і қанағаттандырылды. Бұзылған және өзгертілген сот шешімдері Шығыс Қазақстан облысы сотында қомақты болып отыр. Бұл облыста 514 шешім, Қарағанды облысында - 503, Маңғыстау облысында - 234, Солтүстік Қазақстан облысында - 303, Алматы қаласында - 359 шешім бұзылған және өзгертілген. Азаматтық істерді қараудың мерзімін сақгаудың жағдайы жақсармай отыр. 6241 істі қараудың белгіленген мерзімі бұзылған, 2415 істі қарау үш айдан артық уақытқа тоқтатылған. Ал кейбір азаматтық істер соттардың кінәсінен жылдар бойы сөзбүйдаға салынып, қақпақылға түсіп отырған.
Жоғарғы соттың шаруашылық істер бойынша алқасының жұмысын қанағаттанғысыз деуге болады. Тек өткен жылдың өзінде Жоғарғы соттың президиумы осы алқаның 25 қаулысын негізсіздігі үшін бұзған[5].
Осы жоғарыда келтірілген статистикалық мәліметтер негізінде сот жүйесінің екінші сатыдағы өкілеттігі шегінде бұл істердің қаралу тәртібіне тоқталайық.
1 АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ 1C ЖҮРГІЗУ ТАРИХЫ
1.1 Апелляциялық институтының пайда болуы мен даму тарихы
Апелляция институты өзінің жалпы негіздерін Ежелгі Рим мемлекетінің дамуы мен Батыс Европа елдерінің мемлекет және құқық негіздерінен тапты.
Ежелгі Рим мемлекетінің ертерек дамуы негізінде, орталық үкіметтің даму сатысында, сот шешіміне шағымдану сот жүйесінде болмады. Римде іс жүргізудің 2 кезеңі болды: біріншісі - "injure", екіншісі - "injudiko"[6]. Бұл кезеңдердің өз айырмашылықтары болды. Жоғарыдағы кезеңдерді "legis actiones" жүйесіне енгізді.
Апелляцияның әрмен қарай дамуы және жетілдірілуі Петрдің патшалығы тұсында жүзеге асырылды[7]. Уақыт өте бұл жүйенің іс жүргізу өндірісінің ынғайсыз болуы, жаңа қоғамдық экономикалық қатынастардың дамуына сәйкес келмеді.
Ибуция заңы мен Юлия заңдарының нәтижесінде, Римде іс жүргізу өндірісінің жаңа реформасына шағымдану институтының жаңа формуласы енгізіліп, анықгалды. Ежелгі Римде сот шешіміне шағымдану өтінішін апелляция (appellatio-шақыру) деп атады. Дәл осы уақытта б.э.д. III ғасырда шағымдану институты апелляция түрінде пайда болды.
Сот шешімдерін қайта қарау институты — 1864 жылғы сст реформасы аясында сот реформасының негізгі ережесі, үш бөліктен тұрады. Олар — сот өндірісі, азаматтық және қылмыстық сот өндірісі. Реформаның нөтижесі ретінде II Александр патша қабылдағак мынандай зан актілерін атап өтуге болады.
- Сот анықтамаларын құру
- Азаматтық сот өндірісінің жарғысы
- Қылмыстық сот өндірісінің жарғысы
- Халықаралық судьялар қолданатын жазалар туралы жарғысы[8].
Император Августың билік ету кезінде сот шешіміне шағымданып, іс барлық инстанциялардан өткен жағдайда іс императордан шешімді дұрыс шығарылмағандығын тексеру үшін өтініш ретінде жіберді. Бұл кезеңде бір іс бойынша, шағымды бірнеше рет беруге рұқсат еді. Император Юстианның кезеңіндс, апелляцияны бір іс бойынша екі рет қолдануға рұқсат етілді. Сот шешіміне шағымдану апелляциялық институт ретінде, Император юстианның патшалық ету кезеңінде шағымданудың негізгі тәсілі ретінде толығымен заң жүзінде бекітіліп (527-565 жж.) апелляцияның түрлерімен жоғарғы инстанцияға берілу мерзімдері анықталды.
Апелляциялық жүйе өзінің пайда болуымен көптеген мән-жайларды қиындатты. Мысалы: өндірістің тежелуін, шағымдануға баж салығы тағайындалып, оның қымбат болуы. Алайда бұл қиындықгар істің әділ шешілуіне кедергі жасай алмады. Ежелгі Рим мемлекетінде пайда болған апелляция институтының азаматтық іс жүргізу өндірісіндегі зандылықтары. Европа елдерінде де дамуға кең көлем алды.
1918 жыл 21 ақпанда жарияланған сот жөніндегі N 2 декрет ең алдымен соттың атын — жергілікті халық соты деп өзгертті және бұл соттардың ауыр қылмыстық істерді немесе азаматтық істерді кең ауқымды қарау үшін олардың өкілеттігін кеңейтуді мақсат етіп қойды. Сатылы кезеңце негізделген сот инстанцияларын құрып, сот жүйесін мынадай құрылымға ыңғайлады:
- Жергілікті халық соты
- Аймақгық сот
- Облыстық сот
- Жоғарғы бақылайтын сот[8].
Германияда XIV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың басында Рим құқығының нормалары ене бастады.
Апелляциялық іс жүргізудің тарихы сонау көне римдік құқықган бастау алады. Ол заңды құшіне енген сот шешімдерін қайта қарау сатысы ретінде жақсы таныс. С.И.Ожегов орыс тілі сөздігіне бұл терминге мынадай анықтама береді. "Апелляциялық істі қайта қарау мақсатымен жоғарғы сатыдағы сотқа шешім жөнінде шағымдану құқығы"[9, 98б.].
XIV ғасырдың өзінде дамушы қоғамды әдет-ғұрып құқықгары қанағаттандырмайды. Бұл жағдай соттық тәжірибеге Рим құқығынын толығымен енуіне мүмкіндік беріп, Германияда сот жүйесінде апелляция институты пайда болды.
Германияның 1877 ж. азаматтық іс жүргізу кодексінде апелляция сот шешіміне шағымданудың негізгі тәсілі болып қабылданды.
Францияда апелляция ұғымы XIII ғасырдың аяғында 1667 ж. шыкқан Ордоносовтың заңында апелляциялық шағымданудьі, судьялық өзіне емес, оның шығарған шешіміне шағым келтірілетіндігі бекітілді. Аппеляция инстанциясы 1664 жылғы Людовик указының негізі бойынша қүрылды. Сот шешіміне шағымдану тәсілінің Аппеляциялық (Француз тілінен kasser сөзі -бұзу) институты алғаш рет Францияда қолданылды. Осылайша Францияда сот шешіміне шағымдану тәсілінің Аппеляциялық және кейінгі апелляциялық институттары ұйымдастырылып, Францияның 1807 жылғы АІЖК-не заңды түрде енді [10, 27б.].
Ресейдің құқықгық жүйесін қарастыратын болсақ, ол үзақ уақыт өзіндік үлттық ерекшелігімен ерекшеленеді. XVIII ғасырдың басында Петр І-нің Ресей құқық жүйесіндегі реформасына, Батыс Европа елдерінің крдықгық жүйелері әсер етті. Апелляциялық институтының даму сатысы Петр І-нің патшалық құру кезеңінде болды. 1864 жылғы сот реформасы бойынша АІЖ Уставында соттың үш инстанциясы бекітілді. Уставтың түсіндірме жазбаларында инстанциялардың бірі апелляция инстанциясының қажеттілігі ерекше атап өтіліп, жаңа заң жобасына еңгізілген.
1917 жылғы революциядан кейін,
апелляция институты АІЖ өндірі
1.2 Қазіргі кездегі апелляциялық институтының қайта жаңаруы
Азаматтық іс жүргізу өндерісіне апелляция институтының енуіне қажетті мынадай негізгі себептері бар:
- Біріншіден, апелляция институты істі негізінен екінші рет қайта қарайтындықтан апелляция институты соттық қорғауға толық кепіл бола алады.
- Екіншіден, апелляция
жылдамдық пен дәлдікке кепіл. Бұған
себеп апелляция
институтының істі негізінен қарап, өз
бетінше жаңа шешім шығаруға құқығының болуы. Ал, Аппеляция
инстанциясы істі қарап шығып жаңа шешім шығару үшін
бірінші инстанцияға қайта жібереді.
- Үшіншіден, соттық қаулыларына апелляциялық шағымданудың енуі соттық практиканы жалпы жүйеге жинақталуына ықпал етеді және бірінші инстанцияны" соттық қате жібермеуінің алдын алады.
Республикада округтік сот жүйесін құрудың жақгастары бір мезгілде солардың апелляциялық соттар ролінде қарауды үсынуды және олардың пікірінше, сол арқылы сотта іс қараудың аралығы едәуір қысқартылды, демек бұзылған құқықгар мен бостандықгар қалпына келтірілді.
Сот қаулыларына апелляциялық шағымданудың қағидалары; жарыспалы және диспозитивті және осы қағидалар жеке тұлғаның бостандығын қамтамасыз етеді.
Жарыспалы қағидаға - азаматтық іс
жүргізудегі жақтардың
Диспозитивті қағидаға - іске қатысушы жақгардың біріншіден, іске қатысты материалдарын қолдану, екіншіден процессуалдық құқықгарды қолданады. Бұл қағида процестің қозғалуын анықтап, бір сатыдан келесі сатыға өтуін қадағалап реттейді. Апелляциялық өнгдірістің қағидалары: ауызша, жариялылық, коллегиялдық, зандылық, жақтардың процессуалдық тең құқықтығы, сот эділдігін тек соттық жүзеге асыруы, соттардың егемендігі мен олардың тек заңға ғана бағыныштылығы.
Қ.Р. Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының Ішенарлық мәжілісінде "Сот шешімдерінің тұрақгылығы қажет. Бірақ оны қолдан жасауға болмайды. Аппеляциялық тәртіппен қаралған істермен салыстырғанда қадағалау өндірісінде қаралған істердің көптігі алғашқысының мүмкіндігі толық пайдаланылмай отырған жоқ па деген сүрақтың туындауына итермелейді" [12], - деген болатын.
Апелляциянның мінездемелік сипатына мыналар жатады:
- Апелляция заң қүшіне еңбеген барлық соттардың шешіміне келтіріледі.
- Апелляциялық іс, жоғарғы сотқа қаралуға жіберіледі.
- Апелляцияны беру бірінші сот инстанциясының шығарған шешімінің дұрыс еместігіне негізделіп, шешім шығаруда заңды дұрыс қолданбағандығы және жақтардың материалды толық үсынбауының негізінде болады.
- Апелляциялық
сот, бірінші инстанциядағы
- Апелляцияға
әр іс бойынша бір
рет шағымдануға болады.
Апелляциялық шешім ең
соңғы шешуші шешім
болуы қажет және ол
барлық құдік пен үмітке
жол бермеуі
керек.
- Апелляциялық өндіріске
Азаматтық процессуалдық құқық теориясына апелляцияның екі түрі белгілі: толық апелляция және жартылай апелляция. Бірінші түрі: Франция, Италияда бекітілген, ал екіншісі Австрия, Германияда бекітілген.
Жартылай аппеляция дегеніміз - барлық бірінші инстанциядағы сот шешімдерінің, істегі жақтар ұсынған нақты мәліметтердің негізінде соттардың қайта қарауы. Жартылай аппеляциялық ережесі бойынша сот істі қарауда жаңа дөлелдемелермен фактілерге сүйенуге болмайды. Кейде маңызды фактілер ұсынылуы мүмкін. Заңда көрсетілген жағдайларда жаңа шешім шығару үшін соттық бірінші инстанциясына қайта жіберіледі.
Толық апелляция бойынша іске қатысушы
жақтағы
апелляциялық сотқа қаралған дәлелдерге
жаңа іске маңызды қажетті
дәлелдер ұсынылуы қажет [13]. Апелляцияның
мұндағы мақсаты, соттың
жіберілген қателіктері мен жақтардың
да ырқымен және ырқынсыз
жіберген қателіктерін түзету ғана емес,
толық апелляция ережесі
бойынша әрекеттенетін апелляциялық
соттар, апелляциялық
шағымдануды сотта қарау кезінде, істі соттың бірінші инстанциясына
жаңадан қарауға қайтаруға құқығы жоқ, апелляциялық
сот өзі шешім шығару керек.
Апелляциялық шағымданудың объектісі болып, соттың бірінші инстанциясының шешімі табылады. Шешім заңды құшіне енбеген болуы керек және де жақтардың көзқарасы бойынша апелляциялық шағымданушының өзіне ыңғайсыз салдары көрсетілуі керек. Апелляциялық шағымданудың объектісі туралы айтылғанда, кем бағалы істер жайында сұрақгар туындайды. Оған: талап бағасы жогары емес мүліктін даулардың шешімдері, апелляциялық шағымдану істерінің категориясына кіре ме деген жағдайлар.
Мысалы: Франция, Германия АІЖК-де апелляциялық шағымдану үшін талап сомасының мөлшері заңда көрсетілген мөлшерден төмен болған жағдайда апелляциялық шағым қабылданбайды. Занда бұл жағдайды "мемет" деп атайды.
Заңда көрсетілген талап сомасының анықтауда мынадай жағдайларға сүйенеді: біріншіден бұл категориядағы істердің ереже бойынша жай істердің болуы, екіншіден: істің тез шешілуі, үшіншіден: қаржы қатынасы бойынша, апелляциялық сотта істің жүргізілуінің ауыр болуы, төртіншіден - шағымдану шығындардың өндіріп алу соммасына жоғары болуы, бесіншіден - кем бағалы істердің апелляциялық соттарда алынып тасталуы, үлкен талап сомасы бар істерді шешу үшін, көбірек мүмкіншіліктер туындайды.
Апелляциялық шағымдану
Апелляциялық шағымдану толық немесе бір бөлігіне беріледі. Егер шағымдану бір бөлігіне ғана көрсетілетін болса, шағымды міндетті түрде қай бөлігіне берілетіндігі көрсетіледі. Апелляциялық шағымданудың соңғы сатысы болып мемлекеттік баж салығының төленуі. Осыған байланысты апелляциялық шағымдану кезінде мемлекеттік баж талап-арыз сомасынан жоғары немесе тең болуы керек [15].
Апелляциялық шағымданушы жоқ занда көрсетілген ретте сотқа депозит (кепіл) енгізу керек. Егер апелляциялық сот шағымды қанағаттандырса, кепіл енгізуші жақ қа қайтарылады. Егер шағым қанағаттандырылмаса, кепіл мемлекеттік қазынаға аударылады.
Жарыспалық қағидасына сәйкес дәлелдемелерді негізгі ауыртпалық жақтарда болуы қажет, өйткені мән-жайнын жақсы біледі. Сот сайыстану қағидасы бойынша дәлелдемелер жинамайды Егер апелляция толық болатын болса, онда апелляциялық сот инстанциясында соттың бірінші инстанциясында қаралған дәлелдемелерге қосымша жаңа дәлелдемелердің барлығы ұсынылады.
Соттың апелляциялық инстанциясының істерді қарау шегіне соттың бірінші инстанциясының шешімді тексеру жүргізетін аумағы жатады.
Апелляция инстанциясында іс қарау нысанасы- Апелляциялық шаєымдар, наразылықтар бойынша апелляциялық сатыдаєы сот істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша істің нақты мән-жайы анықталуының, материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын, сондай-ақ істі қарау мен шешу кезінде азаматтық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын тексереді (347 бап) Соттың апелляциялық инстанциясы соттың бірінші инстанциясының шешімін тексеруде тиісті процессуалдық өкілеттілікке ие болады. Апелляциялық сот инстанциясында істі қарауды коллегиялды үш кәсіби судьялардың қатысуымен, ал кейбір жағдайларда судьяның қатысуымен қаралатындығын айтуға болады.
Апелляция - мен Аппеляциялық айырмашылығы, яғни апелляциялық сотта істің қаралу кезінде дәлелдемелер зерттеліп жаңа шешім шығарылады. Ал Аппеляциялық инстанцияда іс қарау кезінде жаңа дәледдемелер мен жағдайлар пайда болса, шешім құші жойылып іс соттың бірінші инстанциясына жаңадан қаралуы үшін жіберіледі. Сот апелляциялық тәртіп бойынша істі қарап шығып, өзінің қаулысы арқылы мынадай құқықгары бар:
- шешімді өзгеріссіз қалдыруға шағымды қанағаттандырмауға;
- шешімнің немесе толық
бір бөлігінің құшін жойып соттың
бірінші инстанциясына жаңадан қайта
қарауға жіберуге;
- шешімнің толық
немесе бір бөлігінің
құшін жойып,
өндірісті іс
бойынша тоқтатуға
немесе арыздың
қарастырмауға;
- іс
бойынша жаңа шешім шығаруға құқығы,
өкілеттігі бар.
Сонымен апелляциялық
сот инстанциясының қаулылары,
шешім және ұйғарым түрінде шығарылады
екен. Шешім түрінде тек істі негізінен
қарап, жаңа шешім шығарғанда; ал ұйғарым
түрінде аппеляциялық инстанция істі
бірінші инстанцияға қайтарған кезде, істі
тоқтатқанда, бірінші инстанцияның шешімін
өзгеріссіз қалдырған жағдайда жеке
шағымды қарастыру нәтижесінде, ұйғарым
түрінде толтырылады.
2 АПЕЛЛЯЦИЯЛЫК 1C ЖҮРГІЗУ
2.1 Заңды күшіне еңбеген шешімдерге апелляциялық шағым беру
сатысының мәні мен маңызы
Мемлекет басшысы тәуелсіз Қазақстанның алғашқы күндерінен бастап құқықтық саясатты өзінің жеке бақылауына алды.
Осы бір қиындығы көп жұмысқа нәтижесінде еліміздің негізгі заңдары (ҚР Конституциясы, Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық, Қылмыстық-атқару кодекстері және басқалары) қабылданған Құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы (1994 ж.) тұғыр болды. Өзін өзі толық ақтаған бұл тұғыр еліміздің құқықтық жүйесіндегі түбегейлі өзгерістерді бастаған, 2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты тұжырымдамасын өмірге әкелді. Оны іске асырудың басты міндеті құқықтық жүйені дамытудың негізгі бағыттарын айқындау ғана емес, сонымен бірге 2010 жылға дейінгі кезеңде әлеуметтік-экономикалық және саясат салаларындағы реформалармен құқықтық саясаттың үйлесімді жүргізілуін қамтамасыз ету болып табылды [16]. Тұжырымдама азаматтық процессуалдық заңнаманы одан әрі дамытуды көздейді. Осы мақсатта істердің соттылығын анықтаудың қазіргі қолданыстағы принципі ерекше субъектілік пәндік принциптеріне өзгертіліп, сот ісін жүргізу тәртібін жеңілдету саласы кеңейтілді, азаматтық істер бойынша басы артық жалаң іс жүргізу жойылатын болады. Азаматтық іс жүргізу заңнамасын жаңарту “диспозитивтік және жарыспалылық принциптеріне жаңа мазмұн қосатын” бағдарламалық талаптарға сай жүзеге асырылады, ол жеке-меншікке қол сұқпаушылықты, кәсіпкерлік қызметтің еркіндігін, азаматтық іс жүргізуге қатысушыларды мемлекеттің өз бетінше араласуынан қорғайтын диспозитивтік бастамалардың дамуын қамтамасыз етуге міндетті. Аталған принциптердің жаңа мазмұны өз кезегінде, соттың белсенді рөлі, объективті ақиқат, процессуалдық үнем сияқты принциптердің арақатынасы мен мазмұнын айқындап береді.
Заңды құшіне енбеген сот шешімдеріне шағым беру мен қарсылық көрсету соттын қорғану және соттың заңды, негізді шешімдер шығаруының конституциялық құқықгарының жүзеге асырылуының бірден-бір нақты кепілі болып табылады. Бұл құқық, іс бойынша қандай да бір бұзушылықтың болған, я болмағанына байланысты болмайды. Сонымен бірге, кейбір жағдайларда сот ісінде қателіктер мен кемшіліктерге жол беріліп, соның нәтижесінде заң талаптары бұзылып, заңсыз және негізсіз шешімдер шығарылуына жол беріледі.
Заң, іске қатысушы тұлғаларға шағым беру құқығын береді, ал прокурорға - заңды күшіне енбеген шешімдерге қарсылық білдіру құқығын беріп, оған сот шығарған шешімдердің заңды және негізді екендігін тексеруді екінші сатыдағы соттың қарауына береді[17, 3б.].
Шағым беру және қарсылық корсетумен азаматтық іс жүргізудің негізгі сатысы болып табылатын екінші инстанциядағы (аппеляциялық өндіріс) сотта іс қозғалады.
Апелляция институты - заңды құшіне енбеген сот шешімдерінің заңдылығы мен негізділігін тексеру бойынша екінші инстанциядағы сот қызметін қозғауды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.
Апелляциялық және кассациялық іс жүргізу өзіменен бірге азаматтық іс жүргізудің бір сатысын ұсынады, олардың алдында азаматтық сот ісін жүргізудің мақсаттарымен қатар өздерінің айрықша мақсаттары бар.
Олардың ең басты мақсаты — заңдық құшіне енбеген сот шешімдерінің заңдылығы мен негізділігін тексеру.
Шағым беруді қарау кезінде екінші инстанциядағы сот, шағымды көрсетілген байланысы болмай, өз бастамасымен сот шешімдерінің заңды және негізділігін тексеруге міндетті. Іс Аппеляциялық жолмен тек Аппеляциялық шағымдардың немесе Аппеляциялық наразылықтын негізінде ғана қаралады.
Мысалы, Жоғарғы сот қабылдауына басына іс түскен адамдардың және келемін деушілердің діттеген адамдарына жолығу тәртібі арнайы жасалған кесте бойынша: Жоғарғы сотының төрағасы - дүйсенбі, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы -сейсенбі, шаруашылық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы -сәрсенбі, әскери істер жөніндегі сот алқасының төрағасы - бейсенбі, қылмыстық істер жөніндег сот алқасының төрағасы - жұма құндері қабылдайды .
Бұл лауазымды адамдар болмаған кезде қабылдауды Жоғарғы сот төрағасының кеңесшілері мен сот алқалары төрағаларының бас кеңесшілері жүргізеді.
Ал, қабылдауға кіру тәртібі былай. Келуші сол қабылдау құні тәңертеңгі 9-бен 10-ның арасында Жоғарғы соттың өзі жолығам деген басшысының қабылдауына жазылады. Бұл жерде Жоғарғы сот төрағасына келуші егер оның шагымы Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты сот алқасының біреуінде бұрын қаралған жағдайда ғана кіре алатынын ескерген жөн.
Мекемеміздің азаматтарды
Тағы бір айтатын жәйт, кейбір шағымданушылар, әсіресе астанаға алыстан келушілер заң талаптарын жете білмегендіктен дұрыс арызданбайды. Сондықтан осыған назарларыңызды аудару қажет.
Іс жүргізу заңдарының талаптарына сәйкес Жоғарғы сотқа тек қана процеске қатысушылар ғана шағымдана алады. Олар мыналар: азаматтық талапкерлер мен жауапкерлер, прокурор адвокат, тараптардың заңды өкілдері бар өкілдері. Бұдан басқа адамдардың арыз беруге құқығы жоқ.
Аппеляциялық сатыдағы сот істі мәні бойынша қарайтын болғандықтан оның үкімдері мен қаулыларына шағымдану кассациялық тәртіппен жүзеге асырылады.
2005 жылғы 18 ақпандағы халқына
жолдаған ҚР Президентінің "
Сондай-ақ шағымда іс өндірісінде қандай кемшіліктер жіберілгені және олардың шығарылған сот шешіміне қалай ықпал еткені анық көрсетілгені жөн, арызға шағым түсіріліп отырған сот шешімдері мен шағымдағы дәлелдердің негізділігін растайтын басқа да материаддардың көшірмесі қоса тіркелуі керек.
Жоғарғы сотқа жолданған арыздар барған сайын көбейе түсуде. Өткен жылы 1997 жылға қарағанда олар екі есе артып 12 мыңнан асып жығылды. Бұл үрдістің осылай жалғаса беретінін жаңа жылдың алғашқы құндері-ақ дәлелдеп отыр. Бұл арада айтпағымыз мынау. Кейбіреулер тиянақгы жауап алғанына қарамастан "тисе терекке, тимесе бұтаққа" деп үсті-үстіне арыз тоғытуды әдетке айналдырып алған. Арыз санын молайтып отырғандар да солар [19, 23б.]. Мұндай адамдарға жоғарыда айтылған Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының 7-бабында жаңа дәлелдер не жаңа ашылған жәйттер келтірілмесе бұрын тексерілген мәселе бойынша қайталап түскен шағым қаралуға жатпайды деп нақты көрсетілгенін қадап айтқан жөн.
Екінші инстанция соты істі үш тұрақты судья құрамында қарайды және бірінші инстанция сотының заңды қүшіне еңбеген үкімнің, шешімінің не ұйғарымының заңдылығы мен негізділігін тексереді. Екінші инстанция соты заңда көрсетілген негіздерге сүйене отырып, шешімінің немесе үкімнің құшін жойған кезде істі қысқартуы, қылмыстық істі қосымша тергеуге жіберуі, сондай-ақ үкімнің немесе шешімнін құші толық жоймай-ақ, оларды белгілі бір шекте өзгертуі мүмкін.
Екінші инстанция соты белгілі
бір негізі болған жағдайда шешімнің құшін жойған немесе
оларды өзгерткен ретте анықтамада төменгі
сот жіберген қателерді көрсетеді, өз
шешімін негіздейтін дэледцер келтіреді. 07.09.2009 жылғы,
азаматтық іс №2-10867/09, 2-5632/09 бойынша шығарылған
ұйғарым негізінде келесіні хабарлаймыз,
яғни 04.09.2009 жылы «Автопарк» ЖШС бұрынғы
жұмысшылары Н.Ермаханов, С.Елібаев жэне
бір топ азаматтар болып облыс әкімі тарапына
ашық хат дайындаған болатын. Хат мазмұнында
шағымданушылар «Автопарк» ЖШС-мен облыстық
әкімшілік арасында іріткі салып, сонымен
қатар жалған ақпаратты таратты. Н.Ермахановпен
оның өкілі Б.Ерманов 05.09.2009 ж. «Автопарк»
ЖШС-не келіп өздерінің шарттарын баяндап
«ауыз басар үшін» бес жарым миллион теңге
талап етіп бір шама уақыттан кейін сол
сомманың жартысына келісім берді, ал
егер солардың талаптары орындалмаған
жағдайында Қазақстан Республикасы Президенті
Н.Назарбаевтың Актөбеге іс-сапар мен
келетін кезеңде шағымданушылар алдына
транспоранттармен шығып, керек болса
өздерін өртеп немесе басқа да іс - әрекеттер
жасауға дейін баруға дайын екенін білдірді.
Осындай тікелей шарттар қойылып жатырған
соң «Автопарк»-ЖШС экімшілігі саяси және
қоғамдық резонанстарды болдырмау мақсатымен,
Н.Ермахановтың шарттарына амал жоқтан
көніп бітімгершілік келісімге келуге
мәжбүр болды. Осы жасалған келісім негізінде
Н.Ермаханов барлық арызданушыларды тоқтатып
жэне сыртқа ешқандай ақпаратты таратпау
туралы сөз берген болатын, бірақ бір шама
уақыттан кейін Бауыржан Ерманов (Н.Ермахановтың
жэне С.Елібаевтың өкілі) өзінің қолымен
«С.Елібаевтың атынан» деп тағы да қосымша
талаптарын дайындап екі жарым миллион
теңгеден астам ақшаны сұрап келді, осымен
қоймай басқа арызданушыларға да миллиондаған
соммаларды төлеттіремін деген ойын жеткізді,
Н.Ермахановқа төлесеңдер қалған бэріне
де төлеңдер деді. Сонда неге «Автопарк»
ЖШС Н.Ермахановтың С.Елібаевтың және
басқа арызданушылардың кезіндегі заңды
түрінде алған еңбек ақыларын қайтадан
төлеу керек?
Жоғарыдағы белгіленіп
кеткен жағдайларды ескере отырып «Автопарк»
ЖШС соттан 07.09.09 ж. жасалған бітімгершілік
келісімді бұзып Н.Ермахановқа қатысты
азаматтық істі әрі қарай қарауын сұрады
[20].
2.2 Аппеляциялық шағым беру мен наразылық құқығы
Сот шешіміне шағым беру және наразылық көрсету қуқығына, заңды құшіне енбеген бірінші инстанция шешімін тексеру бойынша іс қозғау құқығына ие болған екінші инстанция құқығы жатады.
Іске қатысушы тұлғаларда шағым беру құқығы пайда болады, ал наразылық көрсету прокурорларда сот шешімі жарияланған соттан пайда болады. Сондай-ақ заң жүзінде бекітілген мерзім бойынша жүзеге асырылып отырады.

- Апеляційне провадження
- Апеляційний суд України
- Апирогенность как одно из основных требований к качеству парентеральных лекарственных форм. Пирогенные вещества. Способы депирогенизаци
- АПК в России
- АПК в России
- АПК в системе национальной экономике, его структура и тенденции развития в Республике Беларусь
- АПК в системе национальной экономики, его структура и тенденции развития (на примере Республики Беларусь)
- Апелляция в гражданском процессе
- Апелляция в гражданском процессе
- Апелляция в Гражданском процессе
- Апелляция в Гражданском процессе
- Апелляция в российском уголовном процессе
- Апелляция в уголовном процессе
- Апелляция как институт современного гражданского процесса