Араб-Израиль қақтығысының пайда болу себептері мен тарихи алғышарттары



Мазмұны

 

Кіріспе                                                                                                                         3 

 

1.Араб-Израиль қақтығысының пайда болу себептері
мен тарихи алғышарттары                                                                                   5

 

2.Араб-Израиль қақтығысы өркениеттер қақтығысы                                       9     

 

3. Қазaқстан Республикасының осы мәселедегі позициясы және Араб – Израильдің шешу жолдары                                                                                 20                           

 

Қорытынды                                                                                                        22

 

Қолданылған әдебиеттер                                                                                 23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тақырып өзектілігі. Қазіргі заманда қақтығыстардың тарихын, оның ішінде шығу себептерін оқып білу өте қажет. Мұны оқып білудің зор теориялық және практикалық маңызы бар.

2001 ж. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «Дүниені қайдағы бір "ассиметриялық" соғыс дүр сілкіндірді. Тұрақты әскері жоқ эксаумақтық ұйымдар мен мемлекеттік айғақтары сайма - сай элемдік деңгейдегі державалар арасындағы соғыс. Жаңа геосаяси күш өзін жан түршіктірер тасжүректік тұрғысында танытты. Елбасшымыз сонымен қатар қақтығыстарды  шешуде дипломатиялық жолды алға тартып өтті [1].

Мұсылман әлемінің ғана емес, дүниежүзілік мәселеге айналған араб -израиль, қақтығысы, әлі күнге дейін шешімін таппай отыр.

Араб - Израиль    қақтығысының   шығу    себептерін   терең   түсіну   үшін,

бірнеше   факторларды   жеке-жеке   талдау   қажет.   Араб - Израиль   қақтығысың-зерттегенде   оның   ең   маңызды   кезеңін   ғана   емес,   барлық   кезеңін   терең зерттеуіміз      керек.     Осы   қақтығысты   зерттеу   арқылы,      әлемнін "басқа- аймақтарында болып жатқан қақтығыстардың шығу себептерін терең түсінуге болады. Үнді - Пакистан қақтығысы оған жарқын мысал бола алады.

Әлем тарихының қазіргі кезеңінде бүл қақтығыс ең маңызды тараулардың бірі болып табылады. Араб - Израиль қақтығысы әлі күнге дейін толық зерттеуді қажет етеді. Яғни бұл кақтыгысты зерттеуде тарихшылар әр түрлі баға береді. Араб әлеміндегі тарихшылар мейлінше Израиль жағын, айыитап жазса, Израиль мен батыс елдеріндегі тарихшылар терроризмді желеулеттті мұсылман елдерін сынга алуда.

Курс жүмысының кокейтестілігі ретінде, араб - израиль қақтығысы әлі күнге дейін, шешілмегенін айтуға болады. Деректерден нақты материалды таңдай отырып, біз қактығыс тарихын зерттейміз. Араб - Израиль қақтығысының күшейген кезеңі "Қырги қабак соғысы" кезеңінде болды. АҚШ пен Кеңес Одағы осы қактығысты және де басқа да халықаралық мәселелерді шешуде карама - қарсылыктарға ұшырап отырды. Араб-Израиль қақтығысы әлі де шынайы түрде зерттелмеген.

Қазіргі таңга дейін араб - израиль қактыгысы жайлы жазмлған_еңбектер мен шығармалар саны көп болса да, олар жан - жақты, толық зерттелмеген. Қақтығысқа арналган көптеген мақалаларда тақырып толық суреттелмеген.

Араб - Израиль қақтығысы тарихы Қазіргі заман дәуіріндегі ең бір күрделі, қайшылықты, шешілуі қиын, тарихтын зерттеуді көп қажет ететін бөлігі болып отыр [2].

БҮ¥ -ның бұрыңғы Бас  хатшысы   Кофи Аннан   айткандай   "Қайнау  шегіне  жеткен қақтығыс"   болып   отыр.   қақтыгысты   зерттеудін   тарихта   алатын   орны   зор,оның мақсаты мен зерттеу эдістері мэсёлені толық, жан - жақты зерттеуге бағытталган.

Зерттеудің объектісі: қазіргі кездегі халықаралық қақтығыстар.

  Зерттеудің пәні: Араб - Израиль қақтығысы. 

Зерттеу мақсат міндеті. Араб - Израиль қақтығысының жалпы сипатын анықтап,ғылыми түрде талдау. Қақтығысты зерттеудің тарихи маңызын ашып көрсету, қақтыгысты зерттей отырып, шынайы түрде баға беру.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі таңға дейін осы қақтығыс жайлы жазылған еңбектер мен шығармалар саны мыңнан асады. Соңғы уақытта шығыс
мұсыдмандарымен қоғамдық және саяси өміріне арналған бірқатар еңбектер жарыққа шықты. Бұл еңбектердің авторлары А.И. Ионова, З.И. Левина,Г.В.Милославски              И.Р.Полонской,.Т.Степанянц,Л.Р.Сюкияйнена,

және т.б.

Яғни бұл еңбектерде қазіргі жаңа замандағы  мұсылман әлеміндегі әлеумегтік - зкономикалық және саяси қайшылықтар қамтылған.

Еңбектердің негізгі мазмұны діни қозғалыстарға арналған. Шығыс елдеріндегі "Қоғамның жаңару" процесі діни фактор арқылы жүзеге асты. Оны совет зерттеушісі Н.А.Симония өзінің ғылыми еңбегінде
келтірген болатын.

Шығыс елдерінің экономикалық және саяси жүйесінің дамуында діни фактордың ықпалы күшті болды [3].

Палестина мәселесі, және оған дейінгі кезеңді қамтитын тарихи оқулықтардың саны өте көп. Таяу Шығыстагы қақтығысты мейлінше қамтитын оқулықтардың авторлары мыналар: Е.Дмитриев, В.Киселев, Р.Ланда, Г. Никитина, Е.Примаков [4] және т.б.

Араб - Израиль қақтығысы жайында негізгі деректі мына еңбектерден таба аласыз; "Исламский мир и палестинская проблема", "Новейшая история арабских стран Азии", "Сионизм правда и вымысли", "Новая история Арабских стран", "Всемирная история", "Египет во время президента Насера", "Государство Израиль" және т.б.

Араб - Израиль қақтыгысын тереңірек зертгеу үшін, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалаларды пайдалануга болады. Атап айтсақ, "Континент", "Рухани өмір", "Проблемы мира и социализма", "Международная жизнь", "Известия", "Егемен Қазақстан". Философия ғылымдарының кандидаты, дiнтанушы Мұртаза Бұлұтай, бұл мәселені терең байяндайды.

Сонымен қатар қактығыс жайында интернет мәліметтерінен де алуға болады. М.ысалы мен қолданға:н интернет сайтары мынадай: http://www.dmk.kz, www.rambler.ru/ ,www.mail.ru/  .

Қазіргі таңда бүл кақтыгыс жайлы мақалалар, ғылыми көпшілік басылымдарда және баспа соз бетгерінде 'коптеп жазылуда.             

Зерттеу    әдістемелік негізі. Зерттеудің    мақсаты    мен    міндеттеріне    сәйкес курстық жұмыстың зерттеу әдісі: тарихи-салыстырмалылық .

Жұмыс құрылымы кіріспеден, үш тараудан,қолданылған әдебиет тізімінен және қорытындыдан тұрады.

 

 

 

 

1 Араб - Израиль қақтығысының пайда болу себептері мен тарихи алғышарттары.

 

Таяу Шығыс.Бұл аймақ талай қанды қақтығыстарды бастан өткергені белгілі. Арыға бармай-ақ өткен ғасырдың екінші жартысынан бері алатын болсақ, Израиль – Египет қақтығысы (Египет тас-талқан болып жеңілгені белгілі), Израиль – Сирия соғысы (Дамаск Тель-Авив алдында тізе бүккен), Израиль – Ливан жанжалы (Бейрут Тель-Авивтен күйреп қалғаны мәлім), одан кейінгі Израильдің бүгінгі күнге дейін Палестинаға әлімжеттік жасап келуі. Аймақтағы кез келген қақтығыста Тель-Авивтің асығы алшысынан түсіп келді. Жеңілісті білмеді. Кәзіргі таңда жанжал бітпей жатқан Израиль – Палестина,  Газа Секторының мәселесін терең түсіну ішін әр бір мемлекетке жеке тоқталып өту керек деп санаймын.

Үкімет ең жоғары атқарушы орган және кнессетке тәуелді. Парламент сайлаулары өткеннен кейін, жаңа министрлер кабинеті кнессеттің мақұлдауымен құрылады. Кнессет (бір палаталы парламент) 120 депутаттан құрылады, бүкіл халықтык сайлау арқылы 4 жылдық мерзімге сайланады. 1996ж сайлаушыларға (Израиль азаматтыгы 18 жаста берілді) үкімет басшысын таңдауға құқық берді: 1948ж тәуелсіздік жарияланған кезеңде, Израиль территориясында 806 мың адам тұрды. Соның 650 мыңы еврейлер, 156 мыңы арабтары болды.

1998              жылы ортасында елдегі халықтың саны 6,1 млн. - ға өсті, соның 81%
еврейлер және 17 % арабтар. Израиль урбандалган мемлекет, халқының 90%
-қалада тұрады. Израильдегі ёврейлердің өзі екі негізгі топқа бөлінеді ашкеназы және сефарды болып [5].

Израильдің 1994 жылы мемлекеттің жылдық табысы 70 млрд. долларға жетті, жылдық табыс жан басына 13,5 мың долларға дейін өсті. Израиль экономикасын дамытуда АҚШ - пен Еуропалық Одақтың үлесі зор. 1995 жылы елдегі жұмыссыздық 7% көрсетті. 1994 жылы сыртқы айналым 41,1 млрд. доллар құрады. Сыртқы сауданы АҚШ пен Батыс Еуропа елдерімен жасайды.

Израильдегі арабтар мен еврейлер арасында қақтығыстар, жиі - жиі болып тұрады. «Палестина Азат ету» ұйымындағы кейбір қазғалыстар әлі күнге дейін террористік әдістерді қолдануда. Әрбір террористік әрекеттен кейін, Израиль әскерлері Газа секторы мен Батыс Иордан жағалауына өз әскерлерін енгізіп палестиндіктердің үйлерін аткылауда.

Бұл Таяу Шығыстағы жағдайды одан әрі өршітіп жіберді. Израиль үкіметінің бүгіндегі саясаты тәуелсіз Палестина мемлекетін құруга қарсылық білдірумен танылуда.

1996  жылы  Израиль  премьер  министрі   Беньямин   Нетаньяхо билік басына келгеннен кейін "үш жоқ" саясатын жүргізетіндігін мәлімдеді.

-Голан үстіртінен кету жок.

-Палестина мемлекетінің құрылуы жок.              

-Иерусалимге байланысты келісімге келу жоқ .

1999              жылы Эхуд Барактын жеңісінен кейін, бірнеше бейбіт келісімдер
жасалынды. А. Шаронның билігі кезеңінде де бірнеше бейбіт келісімдер
жасалынуда, бірак бәрі сәтсіз аякталды.

    1993 жылы Арафат және Израиль басшылары келісімге отырды, Израиль Үйымды мойындап, онымен іскерлікті дамытуға келісті, 1996 - 1997 жылдары Палестина автономиясын құруга жол ашылды. Елдегі саяси құрылымның өзегі «Палестинаның Азат ету ұйымы» болып табылады. Араб елдерінің лигасына мүше,ислам   елдерінің   конференциясына   қатысады,   БҰҮ   -   ңың   және басқа да халыкаралық ұйымдардың қадағалауындағы мемлекет. Әлемнің жүзге жуық елдерінде өкілдігі бар.

Палестинаның Азат ету ұйымының жоғары органы ұлттық кеңес болып табылады. (480 мүшесі бар). Онда палестиндік бірнеше ұйымдар мен қозғалыстардың қайраткерлері қатысады.

Палестина Азет ету ұйымының орталық кеңесінде жүзге жуық адам қызмет атқарады. Палестина Азат ету үйымының атқару комитетінде 18 адам жұмыс істейді.

Палестинаның Азат ету ұйымы бағытына қарай шыққан топтар : Палестина халықтық Азат ету фронты, Палестина демократиялық азат ету фронты, Хамас және т. б. Палестиндік арабтар ұзақ уақыт 181 резолюцияны мойындамаған болатын, ондаған жылдар бойы' карулы күрес жүргізіп келуде, бірақ белгілі бір нәтижеге қол жетпеді.

Батыс Жағалау (5879 км ) мен Газа секторында (387 км ) бугінде 2 млн. - нан астам палестиндік арабтар тұрады (100 мың Израиль қоныс аударушы).

Палестиндік арабтардың көпшілігі араб елдерінде тұруға мәжбүр болды.

Халқының көпшілігі ислам дінін ұстайды, христиан мен-иуда дінінде кең

тараған.             

Палестинаға экономикалық және қаржылай араб елдері, БҰҰ - ның фонды үлкен көмек көрсетуде. Негізінен ауыл шаруашылықты мемлекет.

      1948 жылы 14-мамырда Израиль мемлекеті Палестина мандаттығының территориясында құрылды. Израиль   үкіметі   елдің   аумағын   ұлғайту   арқылы,   еврей   қоныстарының   санын   өсірді.   АЌШ- тың   сионистерді   қолдауы, олардың өз  мемлекетін   құруына   әсер   етті. Израиль   мемлекеті   құрылмай  тұрып, оның жасақшыларын КСРО қаруландырды. Сталин  Израиль   мемлекетін   құруды   құптай   отырып,  Чехословакияда   еврейлерді    қаруландырды.   КСРО- ның  мұндағы  мүддесі   жаңадан құрылатын Израиль мемлекетін Таяу Шығыстағы Кеңес плацдарымына айналдыру еді.  1950 ж  Израильде   еврей  қоныс  аударушыларына  арналған заң  қабылданды.  Онда  әрбір   еврей  Израильге   келуге   құқылы  деген   мәлімдеме   жасалынды.  Израиль   мемлекетінің  құрылуымен   қатар,  елдегі   жаңа   парламент (Кнессет) бірқатар заңдар шығарды. Онда 1947 ж 29- қарашадан, 1948 ж 9-қаңтарға дейінгі кезеңде елден кеткендерге кіруге тыйым салды, және олардың меншігі  мемлекет тарапынан тартып алынды. Израиль мемлекетінің  құрылуы мыңдаған арабтардың өз отанын тастап кетуіне мәжбүр етті.  Израиль мемлекетінің барлық аймақтарында арабтар қудаланды. Израиль жұмысшыларының көпшілігін құрайтын арабтардың  тұрмысы еврейлермен салыстырғанда ауыр болды. Араб шаруаларының күйзеліске ұшырауы, оларды қалаға кетуге итермеледі.

Араб елді мекендерінің көпшілігінде әлі күнге дейін электр жарығы жоқ.

Араб шаруаларында ең қиын мәселе судың болмауы, ал еврей шаруалары үшін бұл мәселе шешілген. Арабтардың балалары көбінесе орта біліммен шектеледі, жоғары оқу орнына түсу өте қиын.

1949 ж. ақпанда Израильдің тұңғыш заң актісі қабылданды, оны кейде “кіші конституция” деп те атайды. Яғни қабылданған заңға үнемі толықтырулар енгізілуде. Елдің кнессеті (парламент)  президентті 5 жылға сайлайды. Оның билігі шектеулі, сот қызметкерлерін, елшілерді, ресми өкілдерді үкімет пен кнессеттің қолдауымен тағайындайды. 1948ж тәуелсіздік жарияланған кезеңде, Израиль территориясында 806 мың адам тұрды. Соның 650 мыңы еврейлер, 156 мыңы арабтар болды. 1950 жылдың басында Иеменнен (45 мың) және Ирактан (123 мың) еврейлерді көшіру операциясы жүргізілді.

Иерусалим университетінде арабтар 1,5% құрады, яғни ол ең төмен көрсеткіш еді. Арабтар барлық жерде кемсітушілікке ұшырады. Израильдік ғалым Амитан Бен – Иены өзінің бір сөзінде: “араб ғалымдары еврейлерге немесе Израиль үкіметіне қарсы бір сөз айтса, жұмыстан шығып кетер еді”,- деп ашық айтқан болатын.  Кейбір Израиль бұқаралық ақпарат құралдарында арабтарды шектен тыс жау ретінде бейнелейді. Израиль әскерлері араб территориясына енгеннен кейін, олар арабтарды қудалады. Газа ауданы мен Патхат – Рафиахта еврейлердің жері ұлғайды. 1967 жылы Израильдің араб елдеріне жасаған агрессиясынан мына жерлерді тартып алды: Газа секторы мен Синай түбегін Египеттен, Батыс  Иордан өзенінің жағалауы мен Шығыс Иерусалимді Иорданиядан, Голан үстіртін Сириядан өзінің ќол астына алды. Израиль үкіметі бұл әрекетті агрессия емес, қауіпсіздік шараларын алдын – алу деп түсіндірді [2]. 1972 жылы Рафах аумағында мекен еткен араб будуилері жаппай қуғынға ұшырады. Газа секторы территориясы үлкен емес Палестинаның бір бөлігі. Солтүстігінде Жерорта теңізімен шектелсе, батысында Египетпен, ал оңтүстігі мен шығысында Израильмен шекаралас. Газа секторы халық тығыз орналасқан аймақтардың бірі болып табылады. Израиль әскерлері көбінесе осы жерлерде қарама – қарсылықтарға ұшырап отырады. Газада болған Израиль әскерлерінің жауыздығы әлі күнге дейін жалғасып келуде. Газадағы арабтарды күштеу жаңа еврей қоныстарының пайда болуына жол ашты.

Израильдің бүгінгі территориясы 20,7 мың км2 дейін  жетті, солтүстіктен оңтүстікке 470 км–ге созылып жатыр. Солтүстігінде Ливанмен, солтүстік шығысында Сириямен, шығысында Иорданиямен, оңтүстік – батысында Египетпен шекаралас, ал Батысында Жерорта теңізімен шайылады. Астанасы және үкімет резиденциясы Иерусалим болып танылғанымен, көп мемлекеттер оны мойындамайды. Олардың елшілігі Тель-Авивте орналасқан. Израиль көппартиялы парламенттік республика. 1998 жылдың ортасында елдегі халыќтың саны 6,1 млн. – ға өсті, соның 81% еврейлер және 17 %  арабтар. Израиль урбандалған мемлекет, халқының 90% қалада тұрады. Израильдегі еврейлердің өзі екі негізгі топқа бөлінеді: ашкеназы және сефарды болып. Израиль бүгінде экономикасы дамыған елдердің қатарына жатады. Елде машина жасау, электроника, радиотехника, әскери өнеркәсіпте жоғары дамыған. АҚШ – тың қолдауымен Израильде әскери кешен де дамуда. Израиль сонымен қатар әлемдегі алмаз өңдейтін және саудалайтын елге айналды. Израильде сыртқа бриллиантты экспорттау соңғы он жылда тез өсті. КСРО бірінші болып Израильдің  тәуелсіздігін мойындаған ел. Израильдің сыртқы саясатындағы негізгі “стратегиялыќ одақтасы” АҚШ болып табылады. Израильдегі арабтар мен еврейлер арасында қақтығыстар, жиі – жиі болып тұрады.  

Араб – мұсылмандары  мен  еврейлер  арасындағы  қақтығыстың  тереңдеуі  жағдайды  одан  әрі  шиеленістірді.  Ағылшындар  екі  жаққа  да  жеңілдіктер  бере  отырып,  делдалдық  саясат  жүргізді. Мұсылмандардың  жаппай  көтерілуінен  сескенген  ағылшын  үкіметі мұсылман  діндарларымен  келісімге келді.  Дәл  осы  бағыттың  жүзеге  асуы  мандаттық  биліктің  алғашқы  жылдары  күшіне  енді.  20 - жылдардың  басында  «Ислам  жоғары  кеңесі»  құрылды,  ол  барлық  мұсылмандар  қауымының  басқару  органы  ретінде  қалыптасты.  Оны  “Ұлы муфти”  басқарды,  және  бұл  лауазым  Осман  империясы  кезеңінде  жоқ  еді.  Ислам  жоғары  кеңесінің  төрағасы  жєне  “Ұлы  муфти”  болып  Мухаммед  Амин  ал – Хусейн  тағайындалды. Амин  ал – Хусейн  палестиндік  мұсылмандардың  көсемі  ретінде  өзінің  қызметін  “исламның  қасиетті  мекендерін  қорғау”  деген  бағытпен  бастады.  Палестинада  және  басқа  араб  елдерінде  өзінің  беделін  өсіруге  тырысты. Бальфур  декларациясы  шыққанда,  сионистер  мұсылмандар  мен  христиандардың  әрекетіне  бейтараптық  жүргізе  отырып,  Иерусалимде  еврей  иммиграциясын  өсірді.  Сионистер  Ал – Акса  мешітінің  орнына  Соломон храмын  орналастыруға  тырысты,  бұл  араб – еврей  қатынасын  одан  әрі  шиеленістірді. Амин ал- Хусейн  діни қызметімен ғана емес, сонымен қатар Араб конгрессімен саяси байланысты да орнатты. Ағылшындар Араб Шығысын отарлай отырып көпшілік мұсылмандардың да талабын орындады. Осман империясының еуропалық державалар тарапынан бөлінуі, ислам халифатшылдарының ашу ызасын тудырды. Бальфур декларациясының пайда болуы Үндістандағы мұсылмандар мен халифатшылдарға қарсы Ұлыбританияның діни соғысы деп бағаланды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Шығыстағы жанжалдың басты себебі

 

       Христиан және мұсылман әлемі екі өркениет ретінде он төрт ғасырдай бір-бірімен өзара қа­рым-қатынаста өмір сүріп келеді. Бұл уақыт зор­лық пен түсінбеушілікке де, парасаттылық пен ынтымақтастыққа да толы. Сондай күрделі қарым-қатынас әлі де жалғасып, соңғы жылдары тіпті жиіленді. Ислам, иудаизм және христиан діндерінің ортақ тұстары көп, олар бір Құдайға та­бынады, Алла тарапынан жіберілген пайғам­барлары да ортақ. Дегенмен, олардың арасындағы бәсекелестік ғасырлар бойы жалғасып, талай-талай соғыстар мен қуғын-сүргіндерге соқтырды, бүгін де күрделі жағдай сақталып отыр [6].

       Ислам ең жас дін болғандықтан, оған хрис­тиан дініндегілердің көзқарасы өте маңызды еді. Исламда Иса Мұхаммедке дейінгі пайғам­бар­лардың ішінде ерекше құр­мет­ке ие. Құранда ол “Мариям­ның ұлы”, “Алланың құлы”, “Ал­ланың еншісі” деп атала­ды. Бірақ оның Құдайдан жа­ра­тылмағандығы анық айты­ла­ды. Осы жерде ислам мен хрис­тиан діндерінің ұқсас­ты­ғымен қатар қайшылықтары да көріне бастайды.

       Ислам өркениеті әлемге ғылым мен мәдениет сала­сындағы жетістіктерін паш етті. Кең көше­ле­рі, бай кітапханалары бар сәнді қалалар бой түзеп, әлемге үлгі көрсетті. Дегенмен де хрис­тиан­дар үшін мұсылмандар саяси, соғыс қарсыластары болып қала берді. Исламмен пікірталас бірнеше бағыттарда жүріп жатты. Алғашқыда ислам ілімін күпірлікке, болмаса әшейін бос сөзге балады. Тіпті ислам деген сөзден гөрі “сара­цин­дер”, “түріктер”, “татарлар” дегенді жиі қол­дан­ды.

       Мұсылмандар ұстанып отырған демократиялық үрдіс, ислам әлеміндегі адам құқы, әйел құқы тура­лы түсінік батыстық үлгіден өзгеше. Сондықтан Батыс­тың демократияны мұсылман елдеріне күшпен енгізуге тырысуын ислам дінін жоюға арналған әрекет деп қабылдады. Батыс болса ислам дінімен емес, экстремизммен күресеміз деп ақталады.

      Ислам дінінің тарауы басқа елдерді жаулап алудың арқасында болғанымен, исламға дінге мәжбүрлеу жат.

       Батысты, әсіресе Испанияны мұсылмандар бұғауынан азат ету, арабтар жаулап алған қасиетті жерлерді қайтару мақсатында еуропалықтар ХІ-ХІІІ ғасырларда, тарихшылардың жазуынша, 8 рет ірі айқыш (крест) жорығын ұйымдастырған. Соғысқа қатынасқандар салықтан босатылып, оларды жер бетіндегі жұмақта өмір сүресіңдер, шексіз байлыққа кенелесіңдер деп те сендірген [7].

       Дін мүддесінен гөрі ислам мен христиандар ара­сындағы соғыстар жер, байлық үшін болған еді, сондықтан өз діндеріне мәжбүрлеу ешуақытта басты мақсат болмаған. Жаулап алушылар қай дінде болмасын елді қанға бояп, байлығын тона­ған, қалаларын өртеп, халқын құл еткен. Айқыш жо­рықтары мұсылмандардың VІІ ғасырда баста­ған соғыстарына жауап еді. Екі жақ та өзіне қы­сым жасалды деп есептеп, әділдікті соғыс жо­лы­мен қайтаруды көздеген. Ешкім де жеңілген ха­лық­ты жеңгендердің дініне күшпен бағын­дыр­мады, бірақ “бөтендерге”, жеңілгендерге салық салуды, солардың есебінен пайда табуды басты мақ­сат етті. Дегенмен, айқыш жорығы да Батыс­тың мұсылман әлемін танып білуіне жағдай жасап, көзін ашты.

       Испандық саяхатшы Риколдо де Монте-Кроче Таяу Шығысты жиырма жыл аралады. Мұсы­л­ман­дардың бір-бірімен сыйластығы оны таң қалдырған. Шынайы ізгілік пен рақымшылықты мұсылмандардан таптым деп мойындайды автор, мұсылмандар зорлық жасамайтынын, адам өлтір­мейтінін, өздеріне де, қонақтарға да үлкен қоша­мет көрсететінін айтады. Айқыш жорығына арнал­ған тарихи еңбектерде де мұсылмандардың христиандарға қарағанда тұтқындарға мейірімді екендігі айтылған. Доминикандық Вильгельм Трипольский әскери басшы       Бейбарыс туралы ХІІІ ғасырда былай деген: “Он ненавидел вино и продажных женщин. Он приказал своим под­чиненным жить праведно и в мире и защищал христиан, которые были подвластны ему, особенно монахов горы Санай”.        Мұсылмандарды жоғары бағалай келе автор олар христиан болуға дайын тұр деген. Осылай келе-келе еуропалықтар мұсылмандарды өркениет иесі ретінде қабылдай бастаған [8].

     Қайта өрлеу заманы христиандар мен мұсылмандардың қарым-қатынастарына маңызды өзгерістер әкелді. Ғалым, священник Иоанн Сего­вия мұсылмандар мен христиандар арасындағы қайшылықтар соғыс жолымен шешілмеуі тиіс: соғыс зорлық пен қастандық туғызады деп сана­ды. Сондықтан ол миссионерлік қызметті басты мақ­сатқа айналдыруды көздеді. И.Сеговия мұсыл­ман және христиан ең жоғары дінбасыларының кездесуі соғыстың алдын алуы мүмкін деп сенді [9].

     Оның ойын жалғастырған белгілі философ-неоплатоншыл Николай Кузанский “О межре­лигиозной гармонии” атты еңбегінде И.Сеговия армандаған кездесуді көз алдына қиял бейнесінде елестетеді. Барлық діндер өкілі ортақ мәселелер­дің төңірегінде топтасқан екен дейді. Ортақ Құдай­дың әмірімен барлық зорлық-зомбылық шектеліп, әлемді негізгі діндер мен этностық топтардың өкілі Жоғары күштің алдында әртүрлі діни дәстүрлерге тән ортақ, жалпыға бірдей құндылықтар төңірегінде сыр бөліседі.

Араб  елдерінің  әскери  жолмен  Израильді  жою  әрекеті  сәтсіз  аяқталды.  Израиль  армиясы  181  (II)  резолюция  бойынша  құрылуы  тиіс,  Палестина  территориясының  едәуір  бөлігін  жаулап  алды.  Солтүстік  Палестинада  (Галилея)  және  оңтүстік – батыс  аймақтарында  өз  аумағын  кеңейтті.  Шығыс  Палестина  Трансиордания  армиясының  бақылауында  болып,  1950  жылы  Иорданияның  құрамына  ресми  түрде  кірді.  Иерусалим  қаласы  екіге  бөлінді:  бір  бөлігі  Израильдіктерге,  екінші  бөлігі  Иорданияға  тиесілі  болды.  Газа  қаласы  египеттіктердің  бақылауында  болды.  Соғыстың  зардабын  негізінен  палестиндік  арабтар  көрді,  олар  үшін  өз  мемелекетін  құру  адам  қолы  жетпес  арманға  айналды. Аймақтағы  жағдайға  “қырғиқабақ  соғыстың”  ықпалы  басым  болды.  Сонымен  қатар  ол  араб  елдерінің  арасында  қайшылық  тудырды.  1950-жылдары  Сауд   Арабиясы  мұсылман  елдері  ішінде  жетекшi  болу үшін   белсенді  күрес  жүргізді.  1950 – 1960  жылдары  Сауд   Арибиясы  мен  Египет  арасында  бірқатар  қайшылықтар  туындады.  Насерлік  Египет  “Араб  елдерінің  бірігуі”  үшін  күрес  жүргізсе,  Сауд   Арабиясы  оларға  қарсы  саясат  жүргізді.  Сауд  Арабия  басшылығы  Египеттің  үкіметін  “Израильге  қарсы  жеңіл  саясат  ұстауда”  деп  айыптады.  Өзінің  ықпалын  өсіру  үшін  Сауд  Арабиясы  мұсылман  елдерін,  жақтастарын  тарта  бастады.  1965 – 1966  жылдары  корол  Фейсал  ислам  пактісін  құру  туралы  жобаны  ұсынды.  Египет  және  бірқатар  араб  елдері  өздерінің  қарсылығын  көрсеттi

     Бұл – жалпы әлемдік діндерді жақындастыру туралы талаптанған алғашқы еңбектердің бірі. Ол қиялдаған кездесуге еуропалықтармен қатар арабтар, еврейлер қатысады. Әулиелер Петр мен Павел хрис­тиандар атынан айтқан уағыздарында: “Адамзаттың ортақ келісімімен бөлінген діндерді Құдай бейбіт жолмен бір дінге біріксін!” деп бұйырды” деген ұсынысына мұсылмандар “қисапсыз алуан түрлі діндердің ағымдарын қалай біріктіруге болады?” – деп сауал қояды. Әулие Петр мен Павел мәселе сенімде деп жауап береді. Әртүрлі салт-дәстүрлер сенімнің көрінісі, олар өзгеріп жатса да, олармен бірге діни сенім өзгермейді. Николай Кузанский өзінің ойын былайша бір сөзбен қорытындылайды: “ортақ сенім негізінде әртүрлі әдет-ғұрыптар” (“единая вера в разнобразии обрядов”). Ойдан шығарған пікір алысуда христиан діні ортақ дінге дайын деген де ой тасталған.

      Н.Кузанскийдің айтуынша, адамзатты Құдай тұтас бір сеніммен жаратқанмен, әлем түрлі-түрлі діндері бар ұлттарға бөлінді. Құдайдың жердегі елшілері – пайғамбарлар мен патшалардың сөзін Құдай сөзі деп адамдар қателеседі, олар      Құдайдың атынан сөйлейтін адамдар ғана. Тек өз діндері ғана ақиқат, Құдайға өздерінше сенеді деп адамдар басқаларды айыптауға тырысады. Бірақ Құдай барлық адам баласына ортақ, пенденің шектеулі көзқарасынан жоғары. Діни сенімдердің бір-біріне қарама-қарсылығы бірін-бірі жоққа шығармайды. Құдай алдында діндер бірі-бірімен үйлесім табады: Адамзат бөлінгенмен, құдіретті Құдай бөлінбейді. Ол жалғыз. Н.Кузанскийдің бұл тұжырымымен хрис­тиан дінінің басқа діндерде ақиқат жоқ деген қағи­дасын теріске шығарады. Сонымен бірге, ол ислам мен христиан діндерінің ортақ қағидалары, эле­мент­тері барлығын, монотеистік діндер екенін алға тар­та­ды. Әрбір мұсылманның жүрегіне Иса пайғам­бардың жақындығын айта келіп, Н.Кузанский қиял әңгімесінде мұсылмандарды христиан дінін қабылдауға шақырады. Н.Кузанскийдің еңбегі – өз заманы тудырған әртүрлі қайшылықтарына қарамастан, діндердің ортақ қасиеттері оларды ізгілікке жетелейді деген ой айтқан құнды еңбек [10].

       ХV ғасырдан бастап жаңа теңіз жолдары еуро­палықтарға бүкіл әлемнің есігін айқара ашты. Капи­тализмнің жаңа техникасы қоғамды алға сүйреді. Енді мұсылмандар түгелге жақын еуропалықтардың отар елдеріне айналды. Құрлықта да, теңіз бен мұхиттарда да Батыс өз үстемдігін жүргізді. Ең соны қарулармен жетілген теңіз кемелерін меңгерген Батыс ғылым мен мәдениет саласында мұсылман елдерінің алдына шықты. Осылай күшіне сенген Батыстың ел билеушілері батыс отаршылдығын әкелді. Азия мен Африка елдеріне Батыстан әскер­лер, саудагерлер, миссионерлер мен мұғалімдер ағыл­ды. Бірінен соң бірі отаршыл империялар пайда болды. Соның бір – Британ империясы еді. Оның бағын­дырған аумақтарының кеңдігі соншалықты, тіпті онда күн батпайды деген әңгіме тарады.

      Тарих­та Англия королінің қол астындағы мұсылман­дардың санына ешбір халифат тең келмеген. Қома­ғай, ашкөз капитализм шикізатқа қаншалықты мұқ­таж болса, мұсылман, басқа да отарланған елдердің халқы жаңа экономикаға, идеяларға, шынайы ақиқатқа, заңдарға соншалықты зәру еді дейді батыс тарихшылары. Осылайша отарлау екі жаққа да тиімді болды дегілері келеді. Кейінірек Махатма Ганди “өзіміздің нашар басқарғанымыз еуропалық­тардың жақсы басқарғанынан артығырақ”, деп түйді. Отаршылар салған ауыр жараның орны әлі жазылған жоқ. “Ақ адамның” “ақ ниеті” ақталмады. Адасқандардың көзін ашып, рухын емдеу деген пиғыл іске аспады. Дінаралық қатынастар одан әрі шиеленіспесе, бейбіт жолға түспеді.

     Бірақ ислам дінін ғылыми тұрғыдан зерттей бастаған батыс ғалымдарын оның терең пәлсапалық және мәдени астары таңдандырды. Ислам дінін енді тек жоққа шығару қиын бола берді [11].

     Дінаралық түсіністікке алғашқы ірі қадамдардың бірі 1965 жылы Ватиканның ІІ жиылысында (Собор­да) “Шіркеудің христиан емес діндермен қарым-қа­ты­насы жөніндегі Декларациясы” болды. Онда мұ­сыл­мандардың бір Құдайдың құдіретіне ғана құл­шы­лық ететінін, Иса пайғамбарды Құдай деп мойын­да­маса да, оны анасы Мариямен бірге құрмет­тей­ті­нін, мұсылмандардың Ақірет талқысы күнін күте­ті­нін жоғары бағалады. Мұсылмандар мен хрис­тиан­дар арасындағы тарихта орын алған алауыздық пен араздықты Қасиетті Жиылыс ұмытуға, түсіністікке шақырды, тұтас адамзат үшін әлеуметтік әділдік, имандылық, бейбіт өмір мен еркіндікті бірігіп сақтауға шақырды. Бұл дін өкілдеріне диалогқа жол ашты. Католик шіркеуі мұсылман дінбасыларымен қатынас жүргізетін ресми бөлімдер ашты [12].

    АҚШ протестанттарының 1985 жылы бас ассам­блеясы да мұсылмандармен түсінісуге, қарым-қатынасқа шақырды. Протестанттар да дінаралық қатынастармен айналысатын мекеме құрды. Айта кетелік, дінтанушы ғалымдар протестант шіркеуінің ислам­ға деген үш амалына көңіл аударады: ымыра­шыл бағыт, миссионерлік қызмет және қоңыр-салқын қатынас, оның астарында мұсылмандарды, әсіресе посткеңестік кеңістегі мұсылмандарды про­тес­тант шіркеуіне тартудың ашық мақсат-ниеті жатыр. Евангелистер де осы бағытта қызу жұмыс жасауда.

     Ислам әлемі де сақтықпен болса да хрис­тиан­дармен тіл табысуға ұдайы жол іздеуде. Дүниежүзілік мұсылман конгресі, Бүкіләлемдік лигасы және басқа да халықаралық ұйымдары христиан дін өкілдерімен қарым-қатынасқа дайындығын жария етті. Жа­һан­дану үдерісіне басқа да “әлемдер” сияқты мұсыл­ман­дар да екіұдай үн қосты. Біріншісі – бастапқы исламға оралу, оның әлеуметтік дәстүрлерін жаңар­тып, басқа әлемнен аулақта болу, тіпті қарсы тұру, жаһандануды қабыл алмау, онымен күресу болды. Екіншісі – жаһандануды қабыл алу, оның жаңа, әділ модельдерін табу, оны халықаралық қауым­дастықтың бақылауына алу деп түсінді. Жаһандану біз қалайық, не қаламайық жалғаса береді, әр ұлт, дін бұл үдеріске қай қырымен ілесетінін анықтауға ерікті болуға тиісті, оның жетегіне толықтай ену қауіпті екенін ескеру орынды [13].

Араб-Израиль қақтығысының пайда болу себептері мен тарихи алғышарттары