Араб - Израиль соғысы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
1 Палестина мәселесі пайда
болуының алғышарттары..................
1.1 Сионистік қозғалысының пайда болуы
..............................
1.2 Еврейлердің ұлттық
ошақ идеясын жүзеге асыра
бастауы.......................
2 1948-1956 жылдар арасындағы Палестина
мәселесі………….................
2.1 Бірінші палестина-израиль соғысы:
пайда болу себептері, жүрісі, нәтижесі……………………………………........
2.2 Екінші палестина-израиль соғысы: басталуы,
жүру барысы, нәтижесі……………………………………….......
3 ХХ ғ. ІІ жарт. мен ХХІ ғ. бас. араб–израиль қарым-қатынастары .......37
3.1 Араб-израиль қатынастарындағы әскери
қақтығыстар...................
3.2 ХХІ ғ. бас. Таяу шығыс мәселесін реттеу (“Жол картасы”) …….….........40
3.3 Әлемдік қауымдастықтың ықпалы........................
Қорытынды…………......……………………………
Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………….....…………………….
Кіріспе
Таяу Шығыс мәселесі
сол аймақта екінші
Адам өмірінде көптеген
нәрселерден айырылады: жақын,
жақсы көретін адамдар
Адамның Отаны қарлы
Лапландия, Амазонка
Таяу Шығыс мәселесі, Палестинаның 5 млн. араб халқы туралы сөз қозғағанда, оны тек қасірет деп қана анықтауға болады. Көптеген жылдар бойы жалғасып келе жатқан және жыл сайын тереңдей беретін бұл проблема қашан шешілетіні белгісіз. Палестина арабтарының бір емес ұрпағы осы қасіретті көріп өскен, өзінің туған елінде бейбіт қатар өмір сүре алмаған, тіпті қасиетті жер болып табылатын мәңгілік Иерусалим қаласын да көрмегендер қаншама! Барлығына себепші-сионистер, олардың саясаты және олардың қолдаушылары.
Егер Палестина мәселесін жалпы қарастырсақ, оның бүкіл Палестинаны еврей мемлекетіне айналдыруға тырысатын сионистер мен бұл аудандарда бұрыннан бері өмір сүріп, көпшілікті құраған және өздігінше дамуға тырысқан арабтар арасындағы қақтығыстан туындағаны белгілі болады. Палетиналықтар мемлекетін құру үшін түріктермен (Осман империясы), Ұлыбританиямен, ал енді Израильмен күресіп отыр.
Бұл тақырып қазіргі
халықаралық қатынастар
Тарихта барлық жағдайлар
мен оқиғалардың қайталанатыны
белгілі. Армения мен
Бұл зерттеудің маңыздылығы
бүгінгі күнде араб-израиль
Өзінің тарихи дамуындағы араб-израиль қақтығыстың дау-жанжалды қарым-қатынастар бүгінгі жағдайда және оны алдын алудың және реттеудің шаралары - зерттеу нысаны болып табылады.
Зерттеу нысыны – араб-израиль қақтығыстың тарихи маңызды фактор ретінде, бүгінгі жағдайың және дамуының ерекшелегін айқындауы болады.
Зерттеудің мақсаты Таяу Шығыс мәселесін мүмкіндігінше түпкілікті зерттеп, оны талдап беру.
Осы мақсатқа жету үшін бір қатар міндеттерді шешуді алға қойдық :
- араб-израиль тарихты талдау, араб-израиль қатынастардың мәселенің негізгі дауласушы факторларды айқындау;
- сионистік қозғалыстың пайда болу тарихын ашып беру;
- еврейлердің ұлттық ошақ идеяның жүзеге асуынның тарихын айқындау;
- соғыстардың негізгі құрылысты элементтерін иерархия ретпен айқындау;
- араб-израиль әскери қақтығыстың тарихи процесстің негізгі кезеңдерді талдау;
- реттеуге арналған әр түрлі жолдарды талдап, ашып беру;
- әлем қауымдастықпен араб-израиль қақтығысты реттеу үшін қолданған шаралардың эффектісін айқындау;
- қақтығыстың халықаралық статусты және оны онан арғы реттеудің жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыста арнайы құжаттар мен дерек көздері кеңінен пайдаланылды.
Дерекнамалық талдау. Осы жұмысты зерттеу барысында 1947 жылдың 29 қарашадан БҰҰ-ның Бас Ассамблеяның №181 резолюцияның материалдары пайдалынған [2], онда Израиль және Палестинаның екі тәуелсіз мемлекеттердің құру туралы шешімі қабылданды. 1964 жылдың Палестинаның Халқының Ұлттық Хартия [16] . Хартияның 4-бапта: «Барлық палестиндықтар Палестинаны азат ету ұйымның заңды мүшелері болып табылады, және палестин халық бұл ұйымның негізі болып табылады». 26-бапта: «Ұйым азат ету күресте палестин халықтың қозғалысына жауапты болады.... және егер де палестин ісін араб арасындағы немесе халықаралық форумға шығарылуын талап етілген жағдайда да».
Палестинанаы азат ету ұйымның жетекшілердің біреуі, оның әскери департаменттің басшысы, кейінен трагиктік қаза тапқан Зухейр Мохсин өзінің «Палестинская революция между настоящим и будущим»[18] деген еңбекте 1973 жылы жазды: «Бүгін біз қарсыласу қозғалысты піскен және біріккен халықты көрсететін, ержеткен палестиндық ұлттық қозғалысқа айналған, өзінің дамуында алысқа барғанын айта аламыз». Документ ООН А/АС. 183/L 3 от 11 марта 1976 [19], БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының ХХІХ сессия палестин мәселесінің талқылағанның қортынды бойынша бірнеше резолюциялар қабылданды. Ол Палестинаны азат ету ұйымның саясаттық табысты және оның кең халықаралық мойындауын білдіретінін айтуға керек. Сонымен қатар, араб-израиль қақтығысты реттеу бойынша Жол карта жоспардың материалдары пайдалынған еді [22], онда Палестинада бейбітке келу кезеңдері белгіленген, 1994 жылдың 25 шілденің Вашингтон конференцияның және Суэц шынағын ұлттандыру туралы Декреттің материалдары бар.
Тарихнамалық талдау. Араб–израиль қақтығыстың мәселеге көптеген кітаптар, мақалдар, монографиялар арналған. Алтыкүндік соғыс және оның нәтижелері мен салдары журналист-халықаралық маманың П. Е. Демченконың назарын аудартты, соны оның «Арабский Восток в час испытаний» еңбегі дәлелдейді. Қақтығысқа байланысты Израиль езгісінен барынша зиян кешкен аудандар туралы Михайлов Г. «Западный берег реки Иордан и Сектор Газа под гнетом израильских колонизаторов.» деген еңбекте баяндалған. Хайри аль Ориди «Ближневосточный мирный процесс – палестинское направление» , Пырлин Е. «Трудный и долгий путь к миру», Дмитриев Е., Ладейкин В. «Путь к миру на Ближнем Востоке» деген еңбектерде ХХ ғасырдың 70 жылдардың таяу шығыс жағдайдың жан-жақты талдауы бар және осы қақтығысты шешу барысында бейбітшілікке ұмтылған саясатты жазылған . Поцхверия Б., Орлов А. «Международные отношения на Ближнем Востоке после Второй мировой войны (1940-1950-е годы) » халықаралық қатынастарда соғыстардың рөлі мен маңыздылығы туралы айтылған еңбек. Л.И. Медведко «Мины под оливами» деген жұмыста халықаралық қатынастардың көптеген сұрақтарын ашып берді, сонымен қатар, американдық-израильдық қатынастар және олардың Таяу Шығыс ахуалға ықпалы, 1956 жылғы үштік агрессия.
Студенттерге арналған Трошин Ю. «История стран Азии и Африки в новейшее время» оқулығында осы курстық жұмыстың тақырпқа жалпы мағлұмат береді.Р. Г. Ланда азаттық күрестің кезеңдерін толықтай қарастырды, әсіресе «Освободительная борьба арабов Палестины» жұмысында, ол 1947 жылдың қарашадағы резолюция жариялаудың қарсаңында және Палестиндық соғыстың бірінші жылдарда ұлт-азаттық қозғалыстың ерекшілігін түсінуге көмектеседі. М. Е. Хазанов «ООН и ближневосточный кризис» монографиясы бұл тақырыпқа арналған, кеңестің ең жақсы еңбек деп саналады. Бірақта, сол уақыттың идеологиялық көзқарастарында және де БҰҰ-ның деректердің толықтай қарастырылмауымен байланысты бір қатар жетімсіздіктері бар. Палестин зерттеушінің Амер Рашедтің «Палестинская проблема : история и современность» деген монографиясы Палестинада ең бірінші израиль қоныстардың құрылуынан бастап және соңғы жылдардың оқиғаларға дейін араб-израиль қақтығыстың тарихқа арналған. Автор сионистік қозғалыстың эволюциясын толықтай жазып, жүйелі Израильдің экспансияның кезеңдерін көрсетеді.
Бұл жұмыста интернет қорыдан алынған материалдары да бар. Осы сайттардан американдық журналдың ақпарттар қарастырылған. Қазіргі болып жатқан оқиғаларды осы сайттардағы жаңалықтардан оқып білуге болады. Бүгінгі күнде жүргізіліп жатқан келіссөздер, палестин –израиль мәселені реттеу туралы бағдарламалар және т.б. зерттеліп, осы жұмыста қолданылған.
Жұмыстың құрылымы. Кіріспеде араб-израиль қатынастардың таңдалған мәселенің маңыздылығы, оның тәжірбиелік маңыздылығы негізделген, бұл жұмыстың мақсаттары мен міндеттері айтылп кеткен, жұмысты жазу барысында қолданған әдебиеттерге қысқаша очерк жасалған.
Жұмыстың негізгі бөлімі
үш тарауға бөлінген. Бірінші тарауда
араб-израиль қақтығыстың
Екінші тарауда палестина-
Үшінші тарау 21 ғасырдың таяу шығыс реттеу бойынша бебітке келу процесстің сұрақтары жарықтанған. Онда үш подпункт бар, біріншіде ХІХ ғасырдың аяғындағы мәселелері мен Палестинаны азат ету ұйымы құрылуы туралы, екіншіде палестин-израиль қақтығысты реттеу бойынша Жол картаның жоспар туралы қарастырылған. Келісі подпункте бұл реттеуде әлемдік қауымдастықтың рөлі туралы айтылып тұр.
Қорытында үш тарау бойынша қысқаша тұжырымдама жасаланды. Таяу шығыс реттеу барысында жасалған келісімдердің және келісімшарттардың талдауы шығарылады. Және де, араб-израиль қатынастардың және оны реттеу мен шешудің перспективасының болашағы талдалынды.
Бұл жұмыстың хронологиялық шеңбері ХІХ ғ. аяғынан – ХХІ ғасырдың басына дейін уақытын қамтиды.
1 Палестина мәселесі пайда болуының алғышарттары
1.1 Сионистік қозғалысының пайда болуы
Егер Солтүстік
Африканың жағалауларымен
Ерте ғасырларда араб тілі тек Аравия жарты аралының тұрғындары үшін ғана туған тіл болатын. VІІ ғасырдың басында ол жерде мұсылман діні-ислам таралды, орталықтанған мемлекет-Араб халифаты құрылды. Оның шекаралары жылдам кеңейді, олар Атлант мұхитының жағалауы мен Каспий теңізінен, Гималай таулары мен Пиреней жарты аралынан көрінді. Бұл мұсылман империясында тұратындардың біреуі арабталып кетсе, яғни олардың дінін, тілі мен мәдениетін қабылдаса, басқалары (мысалы, Иран, Батыс Үндістан, Орталық Азия) тек исламды ғана қабылдап, қалған жақтарда өз ерекшеліктері мен дәстүрлерін сақтап қалды.
Әрине халифат
барлық жағынан өте дамыған
болды, бірақ осыншама үлкен
территоррияны өз бақылауында
ұстау қиынға соққандықтан, ол
бірнеше бөліктерге, ұсақ князьдықтар
мен сұлтанаттарға бөлініп
Араб елдерін
тек олардың тарихи және
Дегенмен,
әлеуметтік-экономикалық және
Бүгінгі күні колония, империализм деген терминдер жоқ болса да, оларды сипаттайтын әрекеттер әлі тоқтаған емес. Оның айқын мысалы-Палестина қасіреті, яғни Палестина мен Израаиль арасындағы конфликт. Бұл проблема жаңадан туындаған жоқ, сондықтан да, ол бойынша көзқарастар баршылық. Кейбір жазушылар оны КСРО мен АҚШ-тың өз ықпалын көрсеткісі келуі нәтижесінде, яғни ”әлемде кім күштірек” позициясын ұстануы нәтижесінде пайда болды десе, басқалары еврейлерге мемлекет алып беру немесе Палестинаны “еврейлендіру” тек Батыс державалары тарапынан ғана болды деп айтады. Ол дегеніміз-Палестинаны басып алып, сол арқылы бүкіл Орта және Таяу Шығысты билеу үшін оларға “адам материалы” керек болды, яғни Батыс державалары колониализм саясатын жүргізу үшін ерте кездегі тарихқа сүйеніп, еврейлерді пайдаланғысы келді. Осыдан біз сионизмнің шын мәніндегі “әкелері” немесе “аталары” еврей идеалистері емес, христиан колонизаторлары болғанын түсінеміз. Бұл-Палестина мәселесін түсіндірудің бірінші жолы.
Екінші жолы бойынша, Батыс державалары жұмысшы таптарының назарын басқа нәрсеге аударып, оларды “дұрыс жолға” салу үшін еврейлердің қоныс аударуын пайдаланды. Тарихтан белгілі, XІX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында Европа мен Америкада марксистік теория және социалистік революциямен “қаруланған” жұмысшылардың ең үлкен бас көтерулері болды. Осы кезде империалистердің басты мақсаты-жұмысшы қозғалысы отрядтарын ажыратып, оны басып тастау болды. Ол үшін олар расистік, шовинистік идеологияны пайдаланып, жұмысшылардың көздерін жапқысы келді.
Сонымен, Германияда болған “арийлендіру” принципіне сәйкес еврейлер Палестинаның экономикалық, мәдени, саяси, әлеуметтік өмірін “еврейлендіру” принципін жүргізді. Бірақ, олардың немістерден бір айырмашылығы-еврейлер бұл саясатын ертерек, яғни “арийлік” үлгідегі нәсілдік идеология саясаткерлері мектептегі партада отырған кезде-ақ бастаған болатын…
Израиль мемлекеті картада тек 1948 жылы пайда болса да, оның құрылуын 1917 жылмен байланыстырады. Оны түсіну үшін тарихқа жүгінейік. XІX ғасырдың аяғында Европада еврей буржуазиялық-ұлттық ағымы пайда болады, ал 1897 жылы ол ресми ұйымға айналады, яғни Базельде болған конференцияда Бүкіләлемдік Сионистік Ұйымның құрылуы туралы жарияланады. Сионизмнің лидерлері қуғын-сүргінге наразылық білдірген жұмысшы еврейлерді өз идеясын тарату мақсатында пайдаланғысы келеді. Сионизмнің негізін қалаған Теодер Герцль бұл идея ең алдымен ірі еврей буржуазиясы үшін тиімді екендігін жасырған жоқ. “Ақшаларын тығып, тыныштықта тойлауға мәжбүр болған еврей байлары өздерінің мемлекетінде емін-еркін тұрып, өмірдің рахатын көре алады”,-деді Герцль [1 , 44б.].
Бірақ, ондай мемлекетті құру туралы мәселе бірден шешілмеді. Сионистердің бір тобы мемлекетті Угандада, екіншілері Латын Америкасында құруды ұсынды. Ақырында, ең тиімді жер Палестина болып шықты, өйткені онда б.э.д. VІІІ ғасырда Израиль мемлекеті болған және оның атақты Соломон, Давид сияқты патшалары билік құрды.
Сионистер қозғалысының басшылары ірі державалар тарапынан қолдауға ие болу үшін екі ғасыр уақытты қажет етті.
Сонымен, Палестина территориясында екі мемлекет (Палестина мен Израиль) құру туралы шешім 1947 жылдың 29 қарашадағы БҰҰ-ның Бас Ассамблеяның №181резолюция [2] бойынша шықса да, проблеманың өзі одан бұрынырақ басталғаны мәлім.
1917 жылы 2 қарашада Ұлыбританиянвң Сыртқы Істер Министрі лорд Бальфур еврей миллиардері Ротшильдке хат жолдайды. Ол хатында Бальфур Ұлыбритания Үкіметі Палестинада еврей халқының ұлттық ошағын құруын қолдайды және оған жету мақсатында көмектесіп, бар күшін салуға дайын екендігін айтады. Онымен бірге, “Палестинада тұратын еврей емес халықтардың азаматтық және діни құқықтары шектелмеу керек, бірақ еврейлердің де құқықтары мен саяси статусына нұқсан келмеуі керек”,-деп жазылған [3, 9 б.]. Кейін Бальфур декларациясы аталып кеткен бұл хат палестина проблемасының барлық кезеңдерінде де кері әсерін тигізген болатын. Оны жүзеге асыру-көптеген қиыншылықтар мен проблемалар, ал ақырында палестиналықтардың Отандарынан айырылуына себеп болды.
Бальфур декларациясын жүзеге асыру барысында маңызды роль атқарған-Бүкіләлемдік сионистік ұйым болды, оның негізгі мақсаты-Палестинада палестиналық еместерді қоныстандыру болды. Палестиналықтардың құқықтары шектеліп, мүдделері ескерілмегенін айтпаса да болатын шығар, бірақ ең қызығы-ол документте арабтар немесе палестиналықтар туралы бір ауыз сөз айтылмаған. Сол кезде бүкіл халықтың 90%-ін құраған, ал территорияның 97%-ін өз қолдарында ұстаған арабтарды (мұсылмандар немесе христиандар болсын) тек Палестинадағы еврей емес қауымдастық деп атады [3 , 12 б.].
Бальфур декларациясын жариялауда Англияның өз мақсат-мүдделері болды. Кейбір авторлар оны біріншіден, Ұлыбританияның Таяу және Орта Шығыста билігін орнатқысы келгенімен және екіншіден, сол аймақта шоғырланған мұнай байлықтарымен байланыстырады. Басқа авторлардың пікірінше Палестина айтарлықтай табиғи байлықтарға бай емес, халқы аз және кедей мемлекеттердің қатарында болғандықтан, ағылшындарды оның стратегиялық орналасуы қызықтырды. Әсіресе оның жанында Жерорта теңізі мен Үнді мұхитын байланыстыратын Суэц каналы ашылғаннан кейін бұл аймақ өте маңызды бола бастады. Канал арқылы Батыс державалары Таяу Шығыс және Месопотамияға кіруге мүмкіндік алды. Бірақ, шын мәнінде, мұнда империалистерді аталған барлық жағдайлар да қызықтырды. Себебі, Палестина Европа метрополияларын олардың Азия және Африкадағы отарларымен байланыстыратын Суэц каналының жанында орналасқан, ол Европа, АҚШ және Азия арқылы өтетін әуе жолдарының ортасында орналасқан, Палестина арқылы Жерорта теңізін Парсы шығанағымен байланыстаратын автомагистраль өтеді және Таяу Шығыстың тура жүрегінде орналасқан Палестина арқылы империалистер басқа араб мемлекеттеріне де үстемдігін жүргізе алады.
Бірақ, бұл жерде Англия Американың қарсылығына кезікті. Яғни, бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің басты кредиторына айналған АҚШ та енді өзінің Палестинаға деген мүддесін білдіре бастады. Жалпы АҚШ Палестинада еврейлер мемлекетінің құрылуына қарсы болмады. Америка президенті В.Вильсон Бальфур декларациясын қолдады, оның айтуынша: ”Біздің үкімет пен халқымыздың қолдауын тапқан одақтастар Палестинада еврей достастығының негізінің қалануына келіседі”. Америкалықтардың ойынша бұл мемлекет сол аймақтағы Англияның билігін әлсіретеді, себебі ол уақытта араб мемлекеттері түгелімен Европа державаларының, оның ішінде ең алдымен Ұлыбританияның қол астында болатын. Ұлыбритания 1920 жылы сәуірде өткен одақаралық Сан-Ремо конференциясында Палестинаға мандат алады, бірақ АҚШ позициясына байланысты ол екі жылдан кейін ғана өз күшіне енді. Бұл кезде де Палестинаның құқықтары өте қатты шектелді: Ұлттар Лигасы мандат берген барлық араб мемлекеттері тәуелсіздікке қол жеткізгенде, Палестина тәуелсіздігін сол бойы ала алмады [4, 27б.].
1.2 Еврейлердің ұлттық ошақ идеясын жүзеге асыра бастауы
1920 жылы Лондонда өткен сионистік конференцияда Керен-ха-Иесод ұйымы құрылады, оған еврейлердің Палестинаға иммиграциясын қаржыландыру жүктелді. Еврейлердің Палестинаға иммиграциясы әрқашан бірінші орында тұратын мәселе болды. Егер 1918 жылы еврейлер бүкіл Палестина халқының тек қана 8%-ын құраса, 1947 жылдың аяғы 1948 жылдың басында бұл сан 33,8%-ға дейін өсті. Жалпы олардың қоныс аударуын төмендегі мәліметтер жақсы көрсетеді:
Жылдар |
Еврей халқы |
Араб халқы (Палестинадағы) |
1918 |
56000 |
644000 |
1922 |
87800 |
660000 |
1931 |
147900 |
848000 |
1944 |
528700 |
1196800 |
1947 |
608000 |
1237000 |
Бұл кестеден
жылдан-жылға өсіп келе жатқан
еврей халқының үлесі айқын
көрініп тұр. Бірақ, ол
Осыған
байланысты әр түрлі шешімдер
ұсынылды. Палестина арабтарының
көбісі екі ұлтты Палестина
мемлекетін құруды ұсынды. Ондағы
екі ұлттың да құқықтарына
кепілдік беретін мемлекеттің
құрылуын Палестина
Бұның
барлығы еврей және араб
Жоғарыда
айтып кеткен Нордаудың
Ағылшындардың мұндай реакциясы оның еврейлердің Палестинаға бақылаусыз иммиграциясының маңызды экономикалық және демографиялық нәтижелеріне байланысты ойлануымен түсіндіріледі. Лондонда егер еврей иммиграциясына белгілі бір шек қоймаса, арабтар мен еврейлердің қатынастары міндетті түрде шиеленіседі, ал бұл өз алдына мандаттық биліктің барлық жүйесіне негативті әсерін тигізетінін білді.
Палестина
арабтарының ағылшын
Осыған
байланысты, арабтардың антиағылшындық
қозғалыстары пайда болды. 1920 жылы
мамырда Яффада болған араб-
1921 жылы
мамырда Иерусалимде өткен
Бірақ,
палестиналықтар бұл жобамен
келіспеді, себебі келешек

- Араб мемлекеттер лигасы
- Арабо-израильская война 1973 г. в системе советско-американских взаимоотношений
- Арабо-израильский конфликт
- Арабо-израильский конфликт: Истоки и способы урегулирования
- Арабо-израильский конфликт на Ближнем Востоке
- Арабо-израильский конфликт на Ближнем Востоке
- Арабоязычная средневековая философия
- Аптечное дело в России в XX веке
- Аптечное изготовление лекарств
- Аптечные организации, их виды, сравнительная характеристика
- Аптечный склад. Задачи. Функции. Складская логистика
- А. П. Чехов - публицист. Ранние годы творчества
- А.П. Чехов. Хорошие люди
- Араб-Израиль қақтығысының пайда болу себептері мен тарихи алғышарттары