Араб мемлекеттер лигасы
СӨЖ
Тақырыбы:
Араб мемлекеттер
лигасы
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Араб мемлекеттер лигасы
1.1Құрамы
1.2тарихы
2. Қазақстан
мен араб әлемiнiң арасындағы
қарым-қатынастар
Қорытынды
Араб
мемлекеттерінің
Лигасы
Араб
елдерінің жамағаты
– арабтар мекендеген
елдерінің өзара ынтымағын
нығайтуды, сыртқы саясатын
үйлестіруді, тәуелсіздігі
мен мүдделерін қорғауды
мақсат еткен ұйым.1945
жылы 22 наурызда әл-Қаһира
қаласында құрылған.
Құрамында алғаш 5 ел (Мысыр,
Ирак, Сирия, Ливан, Йордания)
болған, кейін Йемен
мен Арабстан қосылды.
Оған тәуелсіздікке
қолы жеткен араб мемлекеттері
қабылданып, қазір лига 22
елді біріктіріп отыр.
Олар (жоғарыда айтылғандардан
басқа): Мавритания,
Мағрибия, Жезаир, Ливия,
Судан, Джибута, Эритрея,
Сомалия, Ұман, Біріккен
Араб Әмірліктері, Қатар,
Бахрейн, Куейт, Палестина.
Жамағаттың жоғарғы
құрымы – Сыртқы істер
министрлерінің кеңесі.
Кеңес жылына екі рет
өтеді. Ұйымның тұрақты
органдары – Бас хатшылық,
Бас хатшы кеңсесі; арнайы
күштерінің (саяси, әскери,
заң, қаржы-экономикалық,
мәдени, т.б.) штаб-пәтері
Мысыр астанасы – әл-Қаһирада
орналасқан.
Құрамы:
Араб мемлекеттер лигасы құрамына Солтүстік Африка және Таяу шығыстан 19 араб мемлекеті кіреді. Бұл елдердің басым бөлігінің ана тілі - араб тілі. Сонымен қатар Араб мемлекеттер лигасы құрамына Африкадағы Джибути және Сомали кіреді, олардың көбі кушит тілінде сөйлейді, бірақ араб тілі ресми тілдердің бірі болып табылады. Араб мемлекеттер лигасының тағы бір мүшесі Комор кішігірім аралдық мемлекеті болып табылады.Бұл елде негізінен анталоатра( метисы, афро - арабо -малагасиялық туынды) өмір сүреді,басым бөлігішикоморо тілінде сөйлейді, сонымен қатар араб тілі де ресми тілдің бірі болып саналады.
| мемлекет | Территория (км²) |
Халқы (адам.) |
астана |
| Алжир | 2 382 741 | 33 769 668 | Алжир |
| Бахрейн | 695 | 718 321 | Манама |
| Джибути | 22 000 | 476 703 | Джибути |
| Египет | 997 739 | 81 713 520 | Каир |
| Западная Сахара[2] | 252 120 | 393 831 | Эль-Аюн |
| Йемен | 536 869 | 23 013 376 | Сана |
| Иордания | 97 740 | 6 173 579 | Амман |
| Ирак | 435 317 | 28 221 180 | Багдад |
| Катар | 11 437 | 824 789 | Доха |
| Коморы | 2 170 | 798 000 | Морони |
| Кувейт | 17 818 | 2 596 799 | Эль-Кувейт |
| Ливан | 10 452 | 3 971 941 | Бейрут |
| Ливия | 1 775 500 | 6 173 579 | Триполи |
| Мавритания | 1 030 700 | 3 364 940 | Нуакшот |
| Марокко | 458 730 | 34 343 220 | Рабат |
| Объединённые Арабские Эмираты | 77 700 | 4 621 399 | Абу-Даби |
| Оман | 212 457 | 3 311 640 | Маскат |
| Палестина[3] | 6 257 | 3 907 883 | |
| Саудовская Аравия | 1 960 582 | 28 146 656 | Эр-Рияд |
| Сирия | 185 180 | 19 747 586 | Дамаск |
| Сомали | 637 657 | 9 800 000 | Могадишо |
| Судан | 2 505 813 | 38 114 160 | Хартум |
| Тунис | 163 610 | 10 383 577 | Тунис |
Тарихы:
Араб
мемлекеттер лигасының құрылу туралы
келісімі 1945 жылы 22 наурызда Каир қаласында
төменде көрсетілген №
Египет, Ирак, Сауд Арабиясы, Сирия, Йордания. Дәл сол жылы келісімге Cолтүстік Йемен 5 мамыр 1945 жылы қосылды.
1956жыл — Судан ( [оңтүстік пен орталығынан басқа 19 қаңтар), Ливия (28 наурыз);
1958 жыл Марокко мен Тунис (қазан);
1961 жыл — Кувейт (20шілде);
1962 жыл — Алжир (16 тамыз);
1967 жыл — Южный Йемен ( 1990жылы Солтүстік Йеменмен Йеменге бірігеді );
1971 жыл — Бахрейн и Катар
1973 жыл — Мавритания (26қа
1974 жыл — Сомали (14ақпан)
1977 жыл — Джибути (4 қыркүйек);
1993 жыл — Коморские Острова (20қараша).
Араб
мемлекеттер лигасының
- Абдул Рахман Хассан Аззам — 1945—1952
- Abdul Khalek Hassouna — 1952—1972
- Mahmoud Riad — 1972—1979
- Chedli Klibi — 1979—1990
- Ахмед Исмат Абдель Магид — 1991—2001
- Amr Moussa — 2001 жылдан қазірге дейін
Қазақстан мен араб әлемiнiң арасындағы қарым-қатынастар
Соңғы бiрнеше жылда Қазақстан мен араб әлемiнiң арасындағы қарым-қатынастар жаңа сапалық деңгейге көтерiлдi. Ислам елдерiмен iскерлiк барыс-келiс пен алыс-берiс күшейе түсiп, сол жақтан елiмiзге құйылған инвестицияның көлемi де артып келедi. Өткен аптада ғана Елбасымыз Сауд Арабиясымен Иорданияға арнайы сапарлап, бiрқатар экономикалық байланыстардың негiзiн қалады. Президент сапары барысында HSBC банкiнiң басшыларымен ислам банкингiн дамыту, жаңа қаржы құрылымдарын ендiру мәселелерi бойынша талқылаулар да жасады. Әсiресе, бүгiнгiдей дағдарыс кезiнде қазақ елiне ислам банктерiнiң аяқ басуы қаржылық топтар мен былайғы бұқараның ерекше қызығушылығын оятып отырғандықтан Мемлекет басшысының бұл бастамаларынан көпшiлiктiң үмiтi зор. Батыстың бүгiнгi бедерi бiздiң қоғамға таңсық емес. Өйткенi, даму бағдарымыздың бағдаршамы батыс болғандықтан, оның елесi Орта Азияны кезiп жүргенi қашан?! Ал мұсылман әлемiнiң көшбасшысы саналатын араб мемлекеттерi жайында ақпарат аз айтылатындықтан шыны керек, көпшiлiгiмыз хабарсызбыз. Төмендегi мақаланы оқи отырып, талайларға мәлiм де беймәлiм арабтардың бет-бейнесiн тани түсесiз.
Мұнай,
шөл, түйе және дiни экстремизм... араб әлемi
жайлы таным-түсiнiгiмiздiң
Араб халқының тарихына көз жүгiрте отырып, қайран қаласың. Аравия түбегiнен тараған көшпелi халық қысқа мерзiм iшiнде Азия мен Африка құрлықтарының кең-байтақ жерлерiн жаулап, ислам дiнiн, мәдениетiн тарата алды. Қызығарлығы сол, Шыңғысханның империясы секiлдi жойылып кеткен жоқ. Осы аймақтарда күнi бүгiнге дейiн ислам дiнi үстемдiк құрып отыр. Орта ғасырларда араб халифаты, тiптi Еуропаның Пиреней түбегiн де (қазiргi Испанияның жерi) уысында ұстап отырған. Дегенмен, кезiнде дүниежүзiлiк мәдениет пен ғылымның орталығы саналған елдердiң бүгiнi жай-күйi мүлдем басқа.
Қазiргi таңда араб әлемi 14 миллион шаршы шақырым жердi, яғни Қазақстаннан бес есе үлкен аймақты алып жатыр. Шартты түрде Машриқ пен Мағриб, яғни Шығыс пен Батыс болып екiге бөлiнетiн қоғамы 22 мемлекеттен құралады. Халқының саны 336 миллионнан асады.
Дүниежүзiнде дәл мұндағыдай қарама-қайшылықтарға толы аймақ жоқ десек қателеспеймiз. Оны дiнi мен тiлi, тарихы мен тағдыры бiр ұлттың көптеген мемлекеттерге бөлiнiп, басы бiрiге алмай жатуынан-ақ ұғына аламыз. Бұл мәселе қазiр арабтардың өздерiн де жиi толғантады. Олай дейтiнiмiз, соңғы жылдары ислам елдерiне ортақ валюта енгiзу, түрлi мемлекетаралық ұйымдарды құру секiлдi бастамалар жиi қолға алынуда. Дегенмен, бұл мемлекеттерде ынтымақтан гөрi бақталастық, бiрiгушiлiктен бөлiнушiлiк басым. Қай жағынан алсақ та – саяси ахуалы, әлеуметтiк-экономикалық жағдайы, халқының өмiр сүру деңгейi тұрғысынан араб елдерiнiң арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Жер шарындағы ең бай мен ең кедей де осында тұрады.
Барлық арабтар мұсылман деген түсiнiк те қате. Сарапшылардың санағына жүгiнсек, араб-христиандардың саны бүгiнде 15 миллион адамға жетедi. Олардың жартысына жуығы Мысырға қоныстанған.
Араб әлемiнiң тағы бiр ерекшелiгi - Таяу Шығыс пен Солтүстiк Африкада күнi бүгiнге дейiн көшпендiлер өмiр сүредi. Өркениеттiң рахат өмiрiн тәрк еткен бәдәуилер тайпасы, тiптi Парсы шығанағының бай елдерiнде де кездеседi.
Араб әлемi дегенде әдетте көз алдымызға бiрден Аравия түбегi елестейтiнi рас. Онысы түсiнiктi де. Бұл — арабтардың отаны. Барша мұсылманға ортақ қасиеттi Мекке мен Медине осында. Дегенмен, бүгiнгi заманда бұл әлемiнiң негiзiн Солтүстiк Африканың араб мемлекеттерi құрайтыны анық. Экономикалық күш-қуаты, саяси беделi мен халқының саны жағынан осы елдер құрлықтағы мұсылман мемлекттерiнiң көшiн бастап келедi. Мәселен, бiр ғана Египеттiң өзiнде бүкiл арабтардың үштен бiр бөлiгi қоныстанған. Ал Марокко, Тунис пен Алжирмен бiрге бұл төрттiк iрi әскери, саяси және экономикалық одақ құруға қауқары жетедi.
Араб мемлекеттерiнiң арасындағы түсiнiспеушiлiктер күнi бүгiнге дейiн жалғасып келедi. Бұл шетелдiк басқыншылардың отаршылдық саясатының «жемiсi». Ғасырлар бойы әуелi Осман империясы, одан соң Ұлыбритания, Франция, Италия мен Германия секiлдi мемлекеттердiң қол астында өмiр сүрген халық ақыры жiк-жiкке бөлiнiп тынды. Жай ғана бөлiнбей, кейбiр елдердiң арасындағы жер дауы күнi бүгiнге дейiн жалғасып келедi. Қиындық тудырып отырған тағы бiр жайт – осы аймақта көшбасшы атануға ұмтылып отырған бiрқатар мемлекеттiң арасындағы бақталастық өңiрдегi экономикалық интеграцияға тұсау салып отыр. Белгiлi бiр географиялық аймақта орналасқан елдердiң арасында интеграциялық, яғни жақындасу процестерiнiң жүруi әлемдiк тәжiрибедегi бар үрдiс. Экономикалық, мәдени ынтымақтастықтың үлгiсiн әлемнiң кез келген түкпiрiнен байқаймыз. Еуропада - Еуроодақ, Оңтүстiк Америкада – МЕРКОСУР сауда-экономикалық блогы, Азияда - АСЕАН ұйымы ойдағыдай қызмет етiп келедi. Ал араб әлемiндегi жағдай бұдан әлдеқайда күрделi.
Қазiргi таңда араб әлемi 14 миллион шаршы шақырым жердi, яғни Қазақстаннан бес есе үлкен аймақты алып жатыр. Шартты түрде Машриқ пен Мағриб, яғни Шығыс пен Батыс болып екiге бөлiнетiн қоғамы 22 мемлекеттен құралады. Халқының саны 336 миллионнан асады.Бiр қарағанда, ынтымақтасу мүмкiндiгi жөнiннен арабтар алдына жан салмауы тиiс. Тiлi, дiнi тұрмақ ұлты бiр елдердiң арасында тығыз саяси және экономикалық байланыстар орнату аса қиын шаруа емес секiлдi. Алайда, бiрқатар саяси-экономикалық блоктар құрылғанымен, олардың тiршiлiгi қағаз жүзiнде ғана жүрiп жатты. Рас, Ортақ Араб мемлекетiн құру жайлы бастама бұрын да айтылған, қазiр де емiс-емiс естiлiп тұрады. «Панарабизм» идеясын жақтайтындардың пайымдауынша, 20-ғасырдың басында осындағы халықтың бiртұтас мемлекетке бiрiгу мүмкiндiгi болды. 1917 жылы Бiрiккен Араб мемлекетi құрылып та үлгерген едi. Алайда, кейiнгi бұл саяси бастама тұйыққа тiрелдi. Араб елдерiн бiрiктiру саясаты iс жүзiнде Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн де көрiнiс тапты. Айталық, 1958 жылы Египет пен Сирия басшылары ортақ мәмiлеге келiп, Бiрiккен Египет Республикасын құрды. Көп ұзамай бұл мемлекетаралық одаққа Йемен де қосылды. Жаңа республиканың президентi болып Гамаль Абдель Насер сайланды. Алайда, әлем картасында ендi ғана пайда болған мемлекеттiң ғұмыры ұзаққа созылған жоқ. 1961 жылғы Сирияда өткен әскери төңкерiс жаңадан қаланған мемлекеттiң тамырына балта шапты. Билiк басына келген ұлтшылдық бағыттағы саяси күштер Египетпен бiрiгуге қарсылық танытқан соң одақ тарады.
Барлық арабтар мұсылман деген түсiнiк те қате. Сарапшылардың санағына жүгiнсек, араб-христиандардың саны бүгiнде 15 миллион адамға жетедi. Олардың жартысына жуығы Мысырға қоныстанған.
Тағы бiр талпыныс 1960 жылы орын алды. Бұл жолы Египет ендi Иракпен бiрiгудi көздедi. Алайда, бұл идея да жүзеге асқан жоқ. Арада бiраз уақыт өткен соң Иордания мен Ирактың монархиялық басшылығы Араб федерациясын құру жайлы келiсiмге келдi. Бiрақ, оны да сәтсiздiк күтiп тұрды. Әскери төңкерiстен соң Ирактағы монархиялық режим құлап, мемлекетаралық келiсiм күшiн жойды. 1970-шi жылдардың басында Бахрейн, Қатар мен Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi де бiртұтас мемлекеттi құру жолында келiссөздер жүргiзе бастады. Өкiнiшке қарай, бұл бастаманың да жолы болмады.
Геосаяси тұрғыдағы қайшылықтар әсiресе Сирия мен Ливан, Ирак пен монархиялық елдер, сондай-ақ Сауд Арабиясы мен Йеменнiң арасында көрiнiс табуда. Египет пен Суданның арасындағы шекара дауының да жалғасып келе жатқаны қай заман. Тiптi бiр үйдiң балаларындай тату-тәттi өмiр сүрiп келе жатқан монархиялық елдердiң арасында да шешiмiн таппай жатқан даулар аз емес. Мәселен, Бахрейн мен Қатар елдерi бұрыннан берi Қызыл теңiзде орналасқан Хавар аралы үшiн таласып келедi.
Бұл сәтсiздiктердiң себебiн еуропалық отаршылдардың әрекетiнен iздеу керек секiлдi. Өйткенi, бiртұтас араб халқын көптеген елдерге жасанды жолмен бөлiп жiберген солар. Мұндағы мұсылман мемлекеттерiнiң қатысуымен құрылған ең iрi саяси құрылым – Араб мемлекеттерiнiң лигасы 1945 жылы дүниеге келгенiмен, бұл одақ әлi күнге дейiн айтарлықтай ықпалға ие бола алмай келдi. Оның саммиттерiне кейбiр елдер бiрде қатысса, бiрде қатыспайды. Қабылданған шешiмдердi орындауға да асығатындар аса көп емес.
Қазiргi уақытта сарапшылардың пiкiрiнше, ислам банктерiнiң саны 300-ге жеттi, қаржы айналымы 1 триллион доллар шамасында. Алдағы 4-5 жылда бұл көрсеткiш 1 триллион 400 миллиард долларға жетпек.
Қазiргi таңда араб әлемiндегi ең сәттi саяси-экономикалық одақ ретiнде Парсы шығанағы елдерiнiң экономикалық ынтымақтастығының кеңесiн атауға болады. 1981 жылы құрылып, Парсы шығанағының бойында орналасқан алты монархиялық мемлекеттi бiрiктiрген бұл ұйым тек экономикалық мәселелердi шешуде емес, сыртқы саясатқа да ықпалын жүргiзуде.
Авторитарлық
режимдер мен монархиялар билеп-
Соңғы
онжылдықтарда бұрын-соңды
Катар Қазақстаннан астық пен мал өнiмдерiн алуға ықылас танытып отыр. Жақында агроөнеркәсiп кешенi қызметкерлерiнiң басқосуында Елбасы «экономикалық тұрғыдан алғанда араб елдерi бiздiң ашылмаған әлемiмiз» деген едi. Ендi сол әлем есiгiн аша бастады.
Ең алдымен қолға алынатын жобалардың бiрi Астана-Доха арасында тiкелей әуе қатынасын орнату.
Келiссөздер барысында Катар Әмiрi Қазақстанды «бауырлас халық» деп қайта-қайта атады. Әмiрдiң бiзге деген ерекше құрметi осылайша, айқын сезiлiп тұрды. Ал, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Азиядағы өзара iс қимыл және сенiм шаралары жөнiндегi кеңестiң мақсат мiндеттерiн айта келiп, Катар басшысын аймақтық, жаһандық қауiпсiздiктi сақтау үрдiсiне қосылуға шақырды, дiнбасыларын елiмiзде өтетiн әлемдiк және дәстүрлi дiндер құрылтайына қатысуға үндедi.
Тағы да бiр жаңалық бар. Жақында Қазақстанның Катардағы елшiлiгi ашылады, сөйтiп ол көп ұзамай толыққанды жұмыс iстей бастайды. Катарлық әрiптесiн өзiне қолайлы уақытта Қазақстанға келуге шақырған Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысын шейх Хамад бен Халифа әл Тани зор ықыласпен қабыл алды.
Катар басшысы Қазақстан Президентiн ұшаққа дейiн шығарып салды.
ҚАЗАҚҚА МЫСЫРДЫҢ ЫҚЫЛАСЫ ЫСТЫҚ
Катардан кейiн Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары Египет Араб Республикасында жалғасты.
Президент ұшағы алдымен Египеттiң оңтүстiк аймағындағы көне тарихи орындардың бiрi Әбу-Симбел әуежайына келiп қонды. Елбасы Әбу-Симбелдегi көне ескерткiштердi аралап, олармен терең танысты. Ежелгi Египеттiң ең әйгiлi перғауындарының бiрi – Рамзес екiншiнiң Нiл өзенi жағасына тұрғызған таңғажайып ескерткiштерi ешкiмдi де бей-жай қалдыра алмайтыны мәлiм. Бұл әлемдiк мәнi бар тарихи жәдiгерлер.
Әбу-Симбелге бiрнеше сағат аялдаған Елбасы кешкiсiн Каирге келдi. Нұрсұлтан Назарбаевты ескi досы, сыйлас әрiптесi Египет Президентi Хосни Мубарактың өзi күтiп алды. Мемлекет басшыларының бiр-бiрiне деген сыйластығы айрықша екенi байқалып тұрды. Мұның өзiндiк сыры да жоқ емес. Мысыр мен қазақ тарихында мәмлүк сұлтандарының алар орны ерекше.
Олар Мысыр үшiн ең қиын кезде сол елдi басқарып тұрды, билiк құрды. Сол тарихи кезеңде батыстан – крест жорығына шыққандар, шығыстан –моңғол-татар шапқыншылары Мысырға қайта-қайта шүйлiктi. Сол шабуылдарды тойтарып, Мысырдың сол кездегi дербестiгiн сақтап қалуға мәмлүк сұлтандар өлшеусiз үлес қосты. Мысырды қорғаған жауынгерлердiң көпшiлiгi қазақ даласынан шыққан ержүрек сарбаздар едi. Сондықтан да, тарихы терең Мысыр халқы мәмлүктерге айрықша ықыласпен қарайды.
Елбасы Мысыр Президентi Хосни Мубаракпен оңаша кездестi. Содан соң кеңейтiлген құрамда екiжақты келiссөздер өттi.
Елбасы Н.Назарбаев Египетке қазақ инвестициясын салуға даяр екенiн жеткiздi. Мысырдағы әйгiлi туризм орталығы Шарм-Әл-Шейхте қазақстандық кәсiпкерлердiң демалыс орындарын, Александрия портында астық терминалын салу жөнiнде ұсыныс айтылды. Нұрсұлтан Әбiшұлы Оңтүстiк Қазақстан облысында тоқыма кластерi жобасының жүзеге асырылып жатқанын айта келе, мысырлықтарды мақта-мата өндiрiсiн өркендетуге шақырды. Египеттiктердi елiмiзде фармацевтика саласына атсалысса деген ниетiн бiлдiрдi. Тараптар ынтымақтастықты дамытудың барлық саласын қамтитын жол картасын жасауға келiстi.
Алдағы уақытта Египетке республикамыздан жөнелтiлетiн астық көлемiн жылына 1 млн. тоннаға дейiн жеткiзу туралы уағдаластыққа қол жеттi. Каир-Алматы-Астана әуе қатынасы жолы ашылатын болды. 2008 жылы Қазақстанда Египет күндерiн өткiзу келiсiлдi. Осы мәдени шара аясында Мысырдың ұлттық мұражайындағы көне заман жауһарларынан Астанадағы Бейбiтшiлiк және келiсiм сарайында көрме ұйымдастыру туралы сөз болды. Египет тарабы Қазақстанның құрлықта бейбiтшiлiк орнатуды көздеген халықаралық бастамасын қолдап, АөСШК-ге мүшелiкке енуге ықыласты екенiн танытты.
Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Хосни Мубаракқа жас елiмiздiң аяғынан тiк тұруы жолында саңлақ саясаткердiң қолдауын сезiнгенiмiздi жеткiздi. Ал Мысыр басшысы Қазақстанның кез келген ұсынысы кедергiсiз қабылданатынын айтты.
Қазақстандық қонақтардың құрметiне Мысыр тауарларының көрмесi ұйымдастырылыпты. Президент бастаған Қазақстан делегациясы осы көрменi аралады. Содан кейiн Нұрсұлтан Назарбаев Ливаннан келген кәсiпкерлер тобымен кездестi.
Елбасы Египет Араб Республикасына ресми сапары барысында мәмлүк сұлтандарының мешiттерiне арнайы соқты. Елбасының ресми сапары барысында екi елдiң Сыртқы iстер министрлерi Марат Тәжин мен Абу Гейт «Хаср ат тахрир», яғни Бостандық сарайында Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының арасындағы лаңкестiкпен, ұйымдасқан қылмыспен, есiрткi және психотропты заттардың заңсыз айналымымен және басқа да қылмыс түрлерiмен күрестегi ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қойды. Елбасының Египетке ресми сапарының бағдарламасы, осылайша өте тығыз болды.
Елбасы Қазақстан мен Мысыр арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 15 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты кешке қатысты. Дүниежүзiндегi ең iрi ислам теологиялық орталығы «Әл-Азһарға» барған Қазақстан басшысы оның бас имамы, барша мұсылмандардың ең ғұлама ұстаздарының бiрi шейх Мұхаммед Сейд Тантауимен кездестi. Тантауи да Елбасының ескi таныстарының бiрi. Жасы келiп қалғанына қарамастан оның Астанада өткен әлемдiк және дәстүрлi дiндер құрылтайына қатысуға ықылас бiлдiрiп, Қазақстанға келiп қайтқанын бiлемiз. «Әл азхардан» кейiн Нұрсұлтан Назарбаев штаб пәтерi Мысыр шаһарында орналасқан Араб елдерi лигасына келдi. Осында Қазақстан басшысы ұйымның бас хатшысы Әмiр Мұсамен кездестi.
Араб мемлекеттерi лигасындағы кездесулер кезiнде АМЛ мен елiмiздiң Сыртқы iстер министрi Марат Тәжин «АМЛ мен ҚР СІМ арасындағы өзара түсiнiстiк туралы меморандумға», сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Египеттiң Жоғары бiлiм және ғылыми зерттеулер министрлiгi арасында өзара түсiнiстiк туралы меморандумдарға қол қойды.
Сондай-ақ, осы сапар барысында Елбасы мәмлүк сұлтандары Ан- Наср Мухаммад ибн Қалауын мен Сұлтан Хасанның, атақты Сұлтан Бейбарыстың мешiттерiне барды.
Елбасының ресми сапары барысында Мәдени-гуманитарлық салада да бiрқатар уағдаластықтар жасалды. Атап өтер болсақ, 2008 жылы Қазақстанда«Нұр-Мубарак» Египет ислам мәдениетi университетi құрылысының екiншi кезеңiн аяқтау көзделуде. Тараптар Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешiтiне қайта жөндеу жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмге келдi. Соған сәйкес, екi ел аталған нысанды қалпына келтiру жұмыстарын бастайтын болады. Қазақстан тарапы осы шараға 4,5 млн. АҚШ доллары көлемiнде қаржы бөлетiн болды. Ал Египет жағынан бөлiнетiн қаражат бұдан екi еседей көп.
Ресми сапарының соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мысырдың белдi басылымдары «Әл Шарк әл Аусат» газетi мен «Әр раджуль» журналына сұхбат бердi.
Дүниежүзiлiк ақпарат агенттiктерi Нұрсұлтан Назарбаевтың Катар мен Египет Араб Республикасына сапарына тоқтала келе «Қазақстан мен араб елдерiнiң арасындағы қарым-қатынас барлық салалар бойынша жаңа деңгейге көтерiлетiн болды» деп жазып жатыр. Шынында да Елбасының екi араб елiне жасаған ресми сапарларынан кейiн осылай деуге негiз бар.
Елбасымыздың осы жолғы ресми сапарының саяси, экономикалық және гуманитарлық мазмұны тереңдiгi соншалықты, оның халқымызға, елiмiзге тигiзер пайдасын мамандар келешекте тереңiрек таразылайтын болуы керек. Бiр мәселе ақиқат. Елбасымыз мемлекетiмiздi сыртқы қарым-қатынастың жаңа көкжиектерiне бастап келедi.
Батыс
пен Шығыс әлемінің шекарасында,
түрлі діндердің түйіскен тұсында
қоныс тепкен қазақ елі осымен
үшінші мәрте әлемдік және дәстүрлі
діндердің бейбітшілікті
35
мемлекеттен келген сексенге
тарта делегация қатысқан ІІІ
Әлемдік және дәстүрлі діндер
көшбасшыларының съезіне

- Арабо-израильская война 1973 г. в системе советско-американских взаимоотношений
- Арабо-израильский конфликт
- Арабо-израильский конфликт: Истоки и способы урегулирования
- Арабо-израильский конфликт на Ближнем Востоке
- Арабо-израильский конфликт на Ближнем Востоке
- Арабоязычная средневековая философия
- Арабские страны после распада Османской империи
- Аптечное изготовление лекарств
- Аптечные организации, их виды, сравнительная характеристика
- Аптечный склад. Задачи. Функции. Складская логистика
- А. П. Чехов - публицист. Ранние годы творчества
- А.П. Чехов. Хорошие люди
- Араб-Израиль қақтығысының пайда болу себептері мен тарихи алғышарттары
- Араб - Израиль соғысы