Аралық стансаның жобалануы
М.ТЫНЫШПАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗККА ЖШС «АҚТАУ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ»
Мамандық: «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымластыру және қозғалысты басқару»
КУРСТЫҚ ЖОБА
Пәні: «Жол және станса құрылғылары»
Тақырыбы: «Аралық стансаның жобалануы»
Орындаған: Өтесінова.А
Тобы: ОПЖД-9/09-02
Тексерген: Берікбаева Р.Р.
Ақтау – 2012
Кіріспе
Аралық станса жеке бөлімнің ең көп таралған түрі. Теміржол жүйесінде 5000 – нан астам аралық станса орналасқан. Тасымалдау жоспарын толық және уақытында орындау, олардың жұмыстарының ұйымдастырылуына байланысты. Аралық стансаның негізгі қолданылуы – желістің өткізу қабілетін қамтамасыз ету, жергілікті жүк жұмысында және жолаушылар тасымалы кезіндегі халық мұқтажына байланысты. Бір жолдық желісте пойыздарды өткізу қабілеті пойыздардың басып озуына немесе пойыздардың қиылысуына байланысты. Транзиттік пойыздарды аралық стансадағы арнайы қабылдау – жөнелту жолына немесе платформа орналасқан басты жолға қабылдайды.
Аралық стансаның жергілікті жүк айналымын атқаруда дәрежесі өсуде. Стансада минералды тыңайтқыштармен әр түрлі ауыл шаруашылық техникасына арналған қоймалар орналасады.
Аралық стансадағы қабылдау – жөнелту жолдарының орналасуына сызба түрлеріне қарай мынадай түрлері бар:
- қатар орналасқан түрі – қабылдау – жөнелту жолдарының бір-біріне параллель орналасуы;
- бойлық орналасқан түрі – қабылдау – жөнелту жолдарының бірінен соң бірі қарама-қарсы орналасуы;
- жартылай бойлық – қабылдау – жөнелту жолдарының бірінен соң бірі араласып орналасуы.
Түсінік жазба
Мазмұны және көлемі: түсінік жазба және кестелік бөлім.
Кіріспе.......................
1. Станса және кірме телімдерінің техникалық пайдалану мінездемесі.....
2. Станса сызбасын таңдау........................
2.1. Аралық станса түрін таңдау........................
2.2. Жолаушылар ғимаратының орналасу жерін таңдау........................
2.3. Жүк ауласының орналасу жерін таңдау........................
3. Құрылыстардың өлшемін анықтау.......................
3.1 Жолдың ұзындығы мен саны. Жолдың үстіңгі құрылысы......................
3.2 Жолаушыларға қызмет ету құрылғысы.....................
3.3 Жүк құрылғылары. Өзге құрылғылар....................
3.4 Шекаралық тіректермен сигналдардың орналасуы.....................
3.5 Жолдың соңының қосылуын есептеу.......................
3.6 Съездің есептелуі.....................
4. Пойыздық және маневрлік жұмысты ұйымдастыру...................
5. Жер төсемінің бойлық бедері........................
6. Станса жұмысшыларының еңбегін қорғау және пойыздың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету...........................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Кестелік бөлім.........................
1. Станса және кірме телімдердің техникалық пайдалану мінездемесі.
Жобаланатын аралық станса II жолдық учаскеде орналасады. Максимальды қозғалыс жылдамдығы 120 км/сағ. жақын жатқан теміржол аралығы автоблокировкамен қамтылады, тартқыш түрі – Тепловоз. Бағыттама және сигналдарды басқару үшін станса электрлік орталықпен қамтылған. Жұп және тақ бағытындағы ең қысқа қабылдау – жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығы 850 метрге тең.
Жобаланатын стансаның оңтүстік – шығыс жағынан кірме жол іргелес орналасады. Қызмет көрсету мекемелері тәулік сайын құрама пойызбен вагон қабылдайды.
Аралық стансада мынадай құрылғылар орналасады:
- I – басты жолдар;
- Қабылдау – жөнелті жолдары –1;
- Тартымды және тұйық жолдар – 9,8 жолдар;
- Түсіріп – тиеу жолдары – 7 жол;
- Жолаушылар ғимараты және платформалар – I Жолда орналасқан.
Аралық стансада мынадай операциялар орындалады:
- жолаушы және жүк пойыздарын қабылдау және жөнелту; оларды өткізу;
- пойыздардың басып озуы және қиылысуы;
- жүктерді түсіріп – тиеу және сақтау, жүк құжаттарының толтырылуы;
- құрама пойызынан вагондардың ажыратылуы және тіркелуі;
- тиелген вагондармен жөнелту маршрутына топ жинақтау;
- вагондарды өлшеу.
2. Станса сызбасын таңдау
2.1. Аралық станса түрін таңдау
Жалпы аралық стансаның жобасы өткізу қабілетінің есеп уақытын және оның болашақта дамуын қамтамасыз ету керек. Аралық стансадағы ең қысқа станса алаңының ұзындығы жадуал 2.1. көрсетілген.
Аралық стансадағы ең қысқа станса алаңының ұзындығы – 2900 м.
Жадуал 2.1
Линия дәрежесі | Қабылдау- жөнелту жолдарының орналасуы | Ең қысқа станса алаңындағы жолдың пайдалы ұзындығы, м | ||
850 | 1050 | 1250 | ||
1 | Бойлық | 2500 | 2900 | 3300 |
1 | Жартылай бойлық | 2000 | 2200 | 2400 |
1 | Қатар | 1450 | 1650 | 1850 |
Аралық стнаса II жолдық учаскеде 1 жәрежеде жобаланады. Берілген қабылдау – жөнелту жолының пайдалы ұзындығы 850 метр, станса алаңының ұзындығы 2000, стансаға жақындау бедер еңістігі 7% - 3%.
2.2. Жолаушылар ғимаратының орналасу жерін таңдау
Станса алаңының ұзындығы 2000 метр, қабылдау – жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығы 1050, сондықтан жарты бойлық стансаның сызба түрі қолданылады.
Жолаушылар ғимаратының орналастыру жерін таңдау: тапсырма бойынша ауыл солтүстік – батыстан орналасқан, сондықтан да жолаушылар ғимаратын осы түрде орналастыру қажет. Мұндай орналастыру басты жолдағы жолаушылармен, шығарып салушылармен, күтіп алушылармен, кесіп өтуін жоғарылатады.
2.3. Жүк ауласының орналасу жерін таңдау.
Жүк құрылғылары аралық стансада жолушылар ғимаратына қапталынан және де қарама – қарсы жағынан орналасуына болады. Жүк ауласы оңтүстік – шығыста орналасқан.
- пойыз қозғалысының қауіпсіздігін сақтау;
- жолаушылардың ыңғайлы дәрежесі;
- станса жолаушыларының қауіпсіздігін сақтау дәрежесі;
- станса құрылғыларының бір жақта орналасуы;
- стансаның одан әрі даму мүмкіншілігі;
- жүк ауласына кіре берісінің ыңғайлылығы.
3. Құрылғылардың өлшемін анықтау
3.1. Жолдың саны мен ұзындығы. Жолдың үстіңгі құрылысы
Қабылдау – жөнелту жолдарының саны көбінесе мінездемеден және қозғалыс өлшеміне байланысты орнатылады, станса және торапты жобалау нұсқауындағы ұсыныстан кем болмауы қажет.
Аралық стансадағы қабылдау – жөнелту жолдарының санын анықтау. Бір жолды желіс 16 құрама поез -2 жол
Аралық стансада маневр жұмысын өндіру үшін бір тартымды жол қарастырылады, оның ұзындығы қабылдау – жөнелту жолының пайдалы ұзындығының жартысынан кем болмауы керек.
Вагондардағы жүкті ұйымдастыру үшін міндетті түрде түсіріп – тиеу жолын қарастыру қажет, түсіріп – тиеу жолының ұзындығын қойма ұзындығына тәуелді етіп қабылдайды.
Вагондарды жүк орнына қайта қою үшін маневр есебі бойынша кірме жол қарастырылады, оның ұзындығы тиеп – түсіру жолының ұзындығына тәуелді болады. Жеке вагондардың өтуін, пойыздардың сапар желісіне еруін тоқтату үшін қорғауыш тұйық жол қарастырылады, бұл жолдың пайдалы ұзындығы 50 метрден кем болмауы қажет.
Жолдың үстіңгі қабатының қуаты.
Жадуал 3.1
Жолдың атауы | Реліс түрі | Шпал түрі | Вид шпал | 1км жолдағы шпал саны | Құм, м | Щебень, м |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Басты | Р65 | т/б | 1А | 1840 | 0,2 | 0,35 |
Қаб.-жөнелту | Р50 | Ағаш | 2А | 1640 | 0,25 |
|
Тағы басқа | Р50 | Ағаш | 3А | 1440 | 0,25 |
|
3.2 Жолаушыларға қызмет көрсету құрылғысы.
Жолаушылар құрылғысының бірі болып жолаушылар ғимараты, жолаушылар платформасы, бір және әр деңгейдегі өту жолы, жүк қоймасы, перрон әжетханасы, өрт сарайы, жолаушылар ғимараты жанындағы алаң. Вокзал түрлерінің негізгі өлшемдері жадуал 3.2 көрсетілген.
Вокзал түрлерінің негізгі өлшемдері
Вокзал сыйымдылығы, адам | Ұзындығы, м | Ені, м |
50 | 18 | 12 |
Жақын орналасқан басты жолдың осінен жолаушылар ғимараты орналастырылады, 20 метрден кем болмауы керек, ал жолаушылар пайыздарының жылдамдатылған қозғалыс желілерінде 25 метрден кем болмауы керек. Вокзал алаңының өлшемі 5000 метрден кем болмауы тиіс.
Жолаушылар платформасы станса сызбасының есебіне, жолаушылар қозғалысының көлеміне және жолаушыларға ыңғайлы деңгейде орнатылады. Олардың ұзындығы 400 метрден кем емес және 500 метрден артық болмауы қажет, ал есеп бойынша ені 6 метрден кем емес, аралық платформаның ені тапсырма бойынша қабылданады.
Биік жолаушылар платформасы реліс шүйдесінен 1100 мм орналасқан.
3.3 Жүк құрылғылары. Өзге құрылғылар.
Жүк мінездемесі мен құрылғылар саны жобамен бекітілмегеннен кейін жүк операцияларын орындау үшін жалпы қолдану орнында аралас құрылыс секциясы түрлері қарастырылады, ол жабық қойма мен платформадан тұрады.
Автоматтық және телемеханика құрылғылары кіру, шығу және маршруттық сигналдардан тұрады, бағыттама мен сигналдар электрлік орталықпен станса кезекшісінің бөлім ішімен басқаруымен, жолаушылар ғимаратына орналасқан.
3.4 Шекаралық тіректермен сигналдардың орналасуы.
Шекаралық тірек жылжымалы құрамның тоқтау шегі болып табылады, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және де жол аралығы 4,1 метрге тең.
Бағыттама бұрмасының центрінен шекаралық тірекке дейінгі арақашықтық.
Жол аралығы, м | Айқастырма маркасы | |
1/9 | 1/11 | |
1 | 2 | 3 |
4,8 | 43,4 | 53,11 |
5,3 | 43,4 | 46,86 |
6,5 және> | 43,4 | 46,86 |
Кіру сигналы
Кіру сигналы өзекщеден бірінші бағыттама бұрмасына дейін немесе шекаралық тіректен бағыттама бұрмасына дейін 50 метрден (Тепловоздық тартқыш түрінде) және 300 метрден (электровоздық тартқыш түрінде) кем болмайтын арақашықтықта орналасуы қажет.
(300м+а)
(300м)
Шығу сигналы
Шығу бағдаршамы шығуға арналған бірінші бағыттаманың алдында, пойыздар қозғалысының оң жағында орналасады.
а) Шекаралық тірек берілген жолдың ұзындығын анықтайды және бір жол аралығында сол жолдың шығу бағдаршамымен орналасады.
Арақашықтығы жадуал 3.3 көрсетілген
б) Сигнал әр түрлі жол аралығында шекаралығ тірекпен орналасқандағы арақашықтығы 3,5 м шекаралық тірекпен.
в) Сигнал қарама қарсы бағыттама бұрмаларының алдында орналасқандағы арақашықтығы а ББЦ – дан бастап.
Бағыттама бұрмасының центрінен шығу бағдаршамына дейінгі арақашықтық.
Жадуал 3.4.
Жол аралыгы, м | А | |
| 1/9 | 1/11 |
1 | 2 | 3 |
5,3 | 56 | 63 |
6,5 және > | 47 | 56 |
3.5 Жолдың соңына қосылуын есептеу.
Жолдың соңына қосылуы деп екі жолдың бір бағыттама бұрмасы арқылы қосылуы және де бір жолдың бағытының аяқталуын айтады.
3.6 Съездің есептелуі.
Съезд деп екі жолдың екі бағыттама бұрмасы арқылы қосылуын айтады.
4. Стансадағы пойыз және манерв жұмысын ұйымдастыру
Аралық станса жеке бөлімнің жол дамуындағы ең көп таралған түрі. Бұл стансада мынадай операция түрлері орындалады:
- жолаушы және жүк пойыздарын қабылдап, жөнелтеді, тоқтауына жағдай жасайды;
- Пойыздардың басып озуы;
- Пойыздардың қиылысуы;
- Жолаушыларды түсіріп және мінгізу;
- жүктерді тиеу – түсіру, сақтау, жүк құжаттарын рәсімдеу;
- құрама пойыздардан вагондарды ағыту және оларға тіркеу;
вагондарды жинау және жөнелту маршрутының вагондарын құрастыру;
- вагондарды өлшеу.
Құрама пойыздармен жұмыс жасау.
Аралық стансада маневрлік жұмыстарды құрама пойыздың локомотивімен орындайды, бір немесе бірнеше стансаға бекітілген арнайы лакомотивтермен, ал кейбір кезде итергіш және тартқыш лакомотивтерді қолданады. Егер аралық стасаға қызмет ету кезінде арнай локомотив бөлінетін болса, оның жұмысы кесте бойынша орындалады. Бұл кесте қозғалыс кестесіне байланысты болады, стансадан жөнелтілетін вагондар құрама пойыздың келуіне дейін, тіркелуге дайын тұруы үшін, ал қабылданған вагондар ажыратылуынан кейін түсіріп – тиеу жұмыстарына берілгенше күтіп тұрмауы үшін.
Пойыздың соңғы жағындағы маневрларды мұндай стансада маневр локомотиві орындайды, ал пойыздың басты бөлігінде құрама пойыздың локомотиві орындайды. Құрама пойызды шығарып салатын басты кондуктор стасадағы жинақталуды, құрамдағы вагондарды дұрыс орналасуын тексереді.
Жол бойында тіркелетін вагон құжаттарын жинайды, ал аралық стансада вагондардың ажыратылуын және тіркелуін басқарады.

- Аралық стансияны жобалау
- Аралық станция
- Аральское море и причины его гибели
- Аранеофауна Беларуси
- Ара өнімдерін варроа-тоз ауруына байланысты ветеринариялық-санитариялық сараптау және санитариялық бағалау, аурудың қысқаша сипаттамасы
- Арбитраж, его виды и порядок проведения
- Арбитраж на фондовом рынке
- Аралас типтер. Иерархиялық жазбалар
- Аралас экономика
- Аралас экономика мәні
- Аралас экономиканың мәні мен қалыптасу тегін ашатын алғышарттар
- Арал теңізі
- Арал теңізінің зерттелуі
- Аралық қаржылық есептілік