Археологиялық ескерткіштердің түрлері мен археологиялық зерттеу орталықтары

    Кіріспе 

     Археологиялық ескерткіштер – халықтардың ежелгі тарихына қатысты материалдық мәдениетінің ескерткіштері. Оған: қалашықтар мен  қалалар; ежелгі қоныстардың қалдықтары; обалар, қабір үстіне орнатылған ескерткіштер мен салт-дәстүрлік құрылыстар; адамның  еңбек қызметін сипаттайтын ескерткіштер; тасқа және үңгірде қашалған жазулар; табылған жекелеген қазбалардың  орындары жатады.

     Тарих ғылымының іргелі салаларының бірі - деректануды көтермей, біздегі тарих ғылымы ешуақытта өз деңгейінде дамымайды. Ол -заңдылық. Тарих ғылымының іргелі негіздерін құрайтын бірнеше салалары бар, олар - қазба жұмыстарын жүргізіп, заттай деректермен айналысатын археология, ұлттың киімін, салт-дәстүрлерін зерттеу нысаны ететін этнология. Ал бірақ, қазақтың тарихы тек заттық деректерде ғана бейнеленбеген ғой. Ұлт тарихы заттай деректермен қатар фольклорда, жазба деректерде, әртүрлі сөз, әуендерде бейнеленген. Олардың бәрінде қазақ тарихына қатысты деректер тұнып тұр. Міне, солармен айналысатын және зерттейтін ғылым саласы - деректану деп аталады. Деректану - халықаралық ғылым. Оның негізі Батыста 200-250 жыл бұрын қаланған. Әртүрлі елдің тарихшы ғалымдары деректанудың ғылым ретінде қалыптасуына өз үлестерін қосты. Міне, сол, бүгінге дейін жасалған әлемдік деректанудың озық нәтижелерін біз өзімізге ала білуіміз керек. Сол деректанудың теориясын, принциптерін, заңдылықтарын меңгере отырып, өзіміздің төл деректерімізді зерттеуде пайдалана білуге тиіспіз. Деректану туралы жазылған мақала 1995 жылы жарияланды. Міне, содан бері осы мәселені әлі көтеріп келе жатырмын. Біршама жетістіктер де бар. Мәселен, 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Деректану және тарихнама кафедрасы ашылып, жұмыс жасай бастады. Археология курсының мақсаты алғашқы тайлардың материалдық мәдениетінің негізінде адамзат тарихындағы алғашқы кезең туралы студенттердің ғылыми көзқарасын қалыптастыру. Бұл пәнді оқыту барысында студенттер  алғашқы қауымдық құрлыстың мәнін оның адамзат тарихында алатын орнын біледі, адамдардың даму ерекшеліктері мен заңдылықтарын дұрыс түсініп бағалауға, жазба тарихына  дейінгі әлеуметтік- экономикалық, идиологиялық, теориялық және әдістемелік мәселелерге дұрыс сараптама жасауға үйренеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1. Археология ғылымының негіздері 

      1.1 Археологиялық барлаудың түрлері 

     Вавилон патшасы Набонид алғашқы археологиялық  зерттеулерді жүргізген. Геродот алғаш рет “археология” терминін қолданған.Тарихтың әртурлі кезеңдерінде “археологияны” басқа терминдермен алмастырған.Егерде Платон көненің бәрі археология десе,европаның өркендеу дәуірінде “көне өнер тарихы” деп атаған. Археологиялық мәдениет дегеніміз қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған археологиялық ескерткіштердің жиынтығы.Бұл ғылымда зерттеудің обьектісі мен пәні бар. Қазіргі археологияда  пән түсінігіне көне қоғамның материалдық, рухани, тұрмыстық, этногенетикалық, әлеметтік мәселелерін қарастырады. Ал зерттеу обьектісіне заттық деректер жатады.Яғни, археология ғылымы адамзаттың өткен тарихын заттай деректер негізінде зерттейтін ғылым.Тарих ғылымдарының ішінде археологияның алатын орны ерекше. Өткенді білмей, болашаққа болжау қиын. Ал, археология   ғылымы адамзаттың алғаш жер бетінде пайда болып,оның табиғаттан бөлініп шығып дами түсуін,еңбек құралдары арқылы қоғамдағы рөлін хабардар ететін ғылым саласы.Ол антропология, этнография,қолданбалы тарих ғылымдарының салаларымен тығыз байланыста болады.

       Археология – заттай деректерді зерттеу.

     Археос – көне, логос – көне туралы ғылым. Археология – ең алдымен алғашқы қоғам тарихына байланысты материалдар береді. Сонымен қатар құл иеленушілік, феодалдық формациялар туралы материал жинайтын ғылым.

     Археология  жан-жақты ғылым. Ол адамның физиологиялық дамуынан бастап, қоғамдық ақыл – ойдың шығуына дейінгі аралықты зерттейтін ғылым. Археология басқа ғылымдармен де тікелей байланысты.

     Жер астынан табылған заттай деректерді археологиялық деректер дейміз. Оларды бірнеше топқа:

- еңбек құралдар (соқа, кетпен, күрек, балта)

- қару-жарақтар (найза, садақ, жебе, айбалта)

- тұрмыстық заттар (құмыра)

- рухани мәдениеттер (діни нанымдарға байланысты заттар)

    Жалпы археологияны – кейде күрескен қаруланған тарих деп те атайды.

     Археологиялық ескерткіштер – ескі қала тамтықтары, қорғандар, ежелгі қоныстардың, бекіністердің, өндірістердің, каналдардың, жолдардың қалдықтары, тас мүсіндер, жартастағы бейнелер, көне бұйымдар, ежелгі елді мекендердің тарихи мәдени қабатының учаскелері.

     Мәдени  қабат дегеніміз – адамның іс-әрекеті нәтижесінде тарихи қалыптасқан жер қабаты. Адам аз уақыт мекендесе – 1 қабат, көп уақыт мекендесе – көп қабат. Қазақстанда, Орта Азиядағы мәдени қабаттар 20-30 метрге жетсе, Москванікі – 8 метр. Ал Мерке қасындағы – 14 метр.

Стратиграфия  деп – стратум – қабат, графо – жазамын деген сөздерден құралған. Стратиграфия – ескерткіштердің мәдени қабатын анықтау үшін қажет. Қазу барысында қазылған заттарды есепке алу үшін квадрад ярус есепке алу үшін жүргізіледі. 

Археологиялық мәдениет дегеніміз – бір кезеңге жататын белгілі бір көлемді алып жатқан, біртекті археологиялық ескерткіштердің археологиялық жиынтығы.

     Ескерткіштерді  дұрыс есепке алу үшін алдын–ала  зерттеу мақсатымен археологиялық  барлау жүргізіледі. Барлау екі түрлі  болуы мүмкін:

  • Іздеу
  • Барлау

   Іздеудің  мақсаты – бұрын белгісіз болып  келген жаңа ескерткіштерді ашып, олардың  сыртқы белгілерін зерттеу болып  табылады.

Барлау  рұқсат қағазына байланысты жүргізіледі.

Барлаудың мақсаты – бұрыннан:

 - белгілі болған ескерткіштерді жазба жұмысына даярлау, оны табу, қалай сақталғанын анықтау, болашақ қазбаның орнын белгілеу;

- рұқсат қағазына байланысты жүргізіледі. Рұқсат қағазы бойынша шағын көлемді қазба жұмыстары жүргізіледі;

- барлауға даярлық жүргізілетін жермен танысу керек;

- барлау жүргізілетін аудандардағы ескерткіштермен танысу керек;

- барлау жүргізілетін территорияның әдебиетімен танысу. Жер жағдайын білетін жергілікті адамдармен танысу.

     Барлау  барысында жүргізілетін жұмыстар:

1) Жерді  аралап көру

2) Әдебиет  бойынша - әдебиеттер бойынша  ескерткіштерді табу.

3) Мәдени  қабат іздеу

    Аңғар жиегінен, жардан, қазылған  жерлерден іздеу.

Ескерткіштің  формасына байланысты шурф (0,5 х 0,5)

Номер №2 формадағы рұқсат қағазы болса, елді мекендерді  зерттегенде траншея  қазуға болады, бір шетінен бастап, болашақта да зерттеуге болатындай етіп;

4) Жер  бетінен материал жинау. 

1.2 Археологиялық  обьектілердің хронологиясы мен кезенденуі 

     Археологиялық  кезендеу еңбек құралдарының  жасалу материалдарына негізделеді.Тас,қола және темір дәуірі.Тас дәуірінің  өзі үш кезеңнен тұрады-палеолит,мезолит,неолит. Палеолитте адамзат алғашқы тас  еңбек құралдарын жасаған,мезолитте  алғашқы жасанды материал керамиканы, ыңғайлы қару садақ пен жебені ойлап тапты.Неолиттік революция.Эниолит  тас ғасырынан қола дәуіріне өтер аралық. Осы кезеңде қазіргі адамдардың даму тарихы қалыптасады.Өнерлі адам”предзинжантроп,зинжантроп”, Тік жүретін адам”синантроп,питекантроп, атлантроп, гейдельберг адамы”, Саналы адам"неандерталь”.  Археологиялық  обьектілерді даталаудың үш топқа бөлінеді

1. Тарихи-филологиялық әдістері.

2. Тікелей археологиялық әдістері.

3. Жаратылыс ғылымдарының әдістері (палеонтология, палеоботаника, радиокарбондық, археомагниттік, дендрохронологиялық әдістері) 

     Еуразияның  ең ерттедегі тұрақтарыны қай  кезеңге жататыны қызықтырарлық  сұрақ. Бұл территорияда ерте елдувай  ескерткіштері әлі кездескен  жоқ еді. Төменгі палеолиттің  басталуы Шығыс Еуропа, Солтүстік  және Орта Азия территориясынада орташель кезеңін де қамтиды. Бұл территорияларға  қажыттану төменгі палеолитте әр уақытта және әр жерде басталды. Бірінші адамдар мұнда өзінің алғашқы тұрмыс жерлерінен Кавказ, Орталық Азия мен Молдова ауданының  оңтүстігіне келіп, өздерімен бірге  тасты өңдеу мен азық табу тәсілдерін әкелді.

     Оңтүстік  аудандарды қоныстау б.з. б 1  млн 300 мың  жылда болды. Мұнда плеистозеннің  алмасып келетін суық және мұздау, табиғат ортасы әсер етеді. Мұздықтардың пайда болған жерлері Скандинавия  тауы, Маймыр мен Солтүстік Америка. Сонымен қатар Альпы, Кавказ; Алтай  Гималай тауларында мұздықтар пайда  болды. Жер бетін мұздықтар үлкен  мөлшерде болып жатты. Бұл территорияларда  адам өмірі қалайсыз болғандықтан, олар мұздықтарын оңтүстікке, дала, тундра, орманды арал. т.б. жерлерге қоныс тепті. Бұл территорияда климат жұмсақ әрі жануарлар әлемі алуан  болды. Мұнда пілдер, жылқы, түйе т.б  мекен етті.

     Ерте  палмалиттік ескерткіштер 4 ауданда  орналасқан. Карпат, Кавказ, Орта Азия және Оңтүстік Азия. Тисса өзенінің жағалауын ең көне және жақсы зерттелген ескерткіш- Каралево, Гладилинның зерттеуімен. 15 қатар, 12 метрлік 7 жер қабат 1 млн  жылдан 40 мың жыл арасындағы хронологиясынан  хабар береді. Екінші ескерткіш Оңтүстік Маджникстандаво Культура; Раннов зерттеген. Мұндай плестоценнің орманды қалыңдығы 100 м жетеді. Ең көне алталар 11-12 палеопочвадан  тұрады, ал олардың жасы 800 мың ж.       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     2. Археологиялық ескерткіштердің түрлері мен археологиялық зерттеу орталықтары

     2.1 Археологиялық ескерткіштердің түрлері 

     Жалпы тарих ғылымында  тарихи деректердің  жазба және заттай деректер деп екіге  бөлінеді. Қазіргі  таңда жазба  деректерінің көбі зерттеліп қойған, жаңадан ашылғаны сирек.Заттай деректер қатарына қазба жұмыстарының нәтижесінде  табылған түймедей моншақтан  ұлы  пирамидаларға дейін  заттай деректер  қатарына жатады Жер-ана таусылмас  мұрағаттар қазынасы.

     Археологиялық ескерткіштердің түрлері-жерлеу орындары, қабірлер, қорғандар,обалар,тұрақтар,тау  кен орындары, шеберханалар, үңгірлер, гидротехникалық құрлыстар, көне  жерөңдеу алаңдары, көне жолдар, бекіністер, петроглифтер, кездейсоқ табылған заттар.

     Қоймалар. Барлық уақыттарда адамдар өздеріне маңызды әрі құнды заттарды жер астына көміп сақтауға тырысқан. Кейіннен тығылған заттың иесінің өлуіне  байланысты қазылған зат сол орында қалып қояды. Қоймаларды көбінде кездейсоқ адамдар тауып алып, екінші қолға беріп, дұрыс құжаттамайды. Қоймаларда тек бағалы заттар ғана емес металь құйындысы қола заттар жиынтығы да кездеседі

     Архитектуралық  ескеркіштер . Саулет ескерткіштерін зерттеу архиология мен өнертану ғылымдарының арасында тұр. Көптеген зерттеулерде архитектуралық құрылыстар қайтадан өңделу үшін арнайы архиологиялық әдістер қажет.

     Бейнелеу  ескерткіштері. Бейнелеу ескерткіштерін екі топқа бөлуге болады: фигуралық және абстрактік. Бірінші топқа нақты іс әрекет бейнеленген (адамдар, аңдар, өсімдіктер, заттар т.б. с.с.). Екінші топқа  мифология, эпос, фольклор кейіпкерлері көрсетіледі (кентавр, айдаћар, құбыжық).Екіншілері оюлар мен және өрнектер мен әсемделеді.Әрине оюлардың да бірнеше түрлері бар; жануарлар стилі, өсімдік стилі,  космагониялық стиль, геометриялық стил.  Фигуралық бейнелер жазық бетіне (фрескаға, графитке, үңгір қабырғасына, металл сүйек, мүйіз беттеріне, керамикаға және басқа материялдарға) салынады, кейде рельиефті және кең көлемді бейнеленеді (қабырға рельиефіне, көркем құйындыға, ағаш бетіне ойылып салынады) абстрактык бейнелер өзінің бейнелеу технологиясына байланысты ерекше болады.

     Тас бейнелер мен петроглифтер.Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар күнделікті өмірін, аңшылығын табынған күн тағы да басқа оқиғаларды тас бетінде бейнелеген. Оларды архиология ғылымы петроглифтер деп атайды. Латының тас белгі деген сөзінен шыққан.Қазақстанның  териториясында көп кездеседі

     Су  асты ескерткіштері. Көптеген жағдайларға байланысты кейбір археологиялық ескерткіштер су астында қалған .Су астында көне және орта ғасырлық кемелер мен порттық құрлыстар суға батып кеткен.Адамзат акваланг ойлап тапқанан кейін су асты археологиясы археологиялық зерттеулер техникасының жылдам дамыған саласына айналды

     Жерлеу  орындары. Топырақты молалар үстінде орнатылған белгі болмайды.Олар мустьер дәуіріндегі үнгірлерде пайда болып,жоғарғы полеолитте кең тараған.Мүмкін алғашында орнатылған бұл молалар үстіне қоршау орнатылған да шығар,бірақ осы уақытқа дейін сақталмаған.

     Қорғандар. Түріктің қалашық деген сөзінен шыққан .Кейбір деректерде бекініс деген мағына береді,ал ареология ғылымында қорғандар деп жерлеу ескерткіштерінің жиынтығын айтады.Сол себепті ғылыми мақалаларда “Ұзын қорғандар”,”Тас қорғандар”,”Мұртты қорғандар”деген атаулар кездеседі.Қорғандар көлеміне байланысты үлкен және кіші деп бөлінеді,құрамына қарай:тас,топырақты,таспен топырақ аралас түрлерге бөлінеді.Ішкі құрлысыда әртүрлі болады.Ішкі құрлысында үлкен жерлеу камералары болады.Жалғыз қорғандар сирек кездеседі.Көбінде қорғандар тобымен орналасады.Бір орында әр уақыттың қорғандары кездеседі.

     Кенотафтар. Қорғандарды қазу барысында молалар құрлысы болғанмен ішінде мәйіт орналаспайды.Мұндай жалған қорғандарды кенотафтар деп атайды.Олар әртүрлі дәуірде көп кездеседі.Этнографиялық бақылаулармен көне жазба деректерінің мәліметтері бойынша адамның тірі кезінде алдын ала дайындалып қойған молаларға жерленбеуінен осындай кенотафтар пайда болған

     Дольмендер, менгерлер, кромлехтер. Берілген үш ескерткіштің ішінде жерлеу орны дольмендер.Дольмендер ірі тастардан қаланған бетін тас плитамен жапқан қоршау.Олар қола дәуірінде кең тарап,Атлант жағалауларында,Батыс Европада,Солтүстік Африкада,Кавказда және Қырымда кездеседі.

     Менгерлер мен кромлехтерді жерлеу ескерткіштер қатарына жатқызу қиын.Менгерлер  биік тас бағандар кейде оюлармен әшекейленген.Кромлехтер-ірі тастан жасалған шеңберлі қоршау.Екеуіде неолит және қола дәуіріне жатады.Бұл ескерткіштер Кавказда,Орта Азияда жәнеОңтүстік Сібірде  кездеседі. 

     2.1 Ә.Х. Марғұлан атындағы археологиялық ғылыми-зерттеу орталығы 

     Ә.Х. Марғұлан атындағы археологиялық ғылыми-зерттеу  орталығы 2001 жылы Қ.Р. Ұ.Ғ.А. Ғ.М Ә.Х.Мағұлан  атындағы археология институтымен шарт бойынша құрылып, соның өңірлік  буыны болып табылады. Орталық 1988 жылы Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының  ескерткіштерді қорғау бөлімінің жанынан  ұйымдастырылған Павлодар археологиялық  экспедициясының (жетекшісі В.К.Мерц) негізінде құрылды. Оның мақсаты  – Солтүстік-Шығыс Қазақстан  аумағында апатты жағдайға ұшыраған археология ескерткіштеріне қорғау зерттеулерін жүргізу бағытындағы  ғылыми-зерттеу қызметі және оларды одан әрі жан-жақты зерделеу.

     Орталық құрылғаннан бері мәдени-тарихи маңызы зор көптеген апатты жағдайдағы ескерткіштер зерттеліп, Ертіс Павлодар өңірінің, жалпы Солтүстік және Орталық Қазақстанның көне және орта ғасырлық тарихының түрлі кезеңдері жөнінде жаңа материалдар алынды.

     Орталық құрылғанға дейін төменгі палеолиттен  энеолитке дейінгі тас дәуірінің  ескерткіштері Павлодар археологиялық  экспедициясының негізгі зерттеу  объектілері болған-ды. Соңғы жылдары  Орталықтың құрылуына және кадр құрамының  жас мамандарымен толығуына байланысты зерттелетін объектілердің шеңбері  кеңейді.

Павлодар  қаласынан оңтүстікке қарай 100км.жерде  тас құралдар Ертіс өңірінің аумағында 1 млн.жыл бұрын адамның тұрғанын дәлелдейтін көне және бірегей объектілер болып табылады. Олардың материалдары ертістік террасалардың көне шөгінділерінен жасалған қарапайым тас индустриясы  түрінде көрінеді. Мұндай ескерткіштер кешені Павлодар 60 км. шығысқа қарай  Маралды көлінде ежелден белгілі, оларды зерттеу әзірше көтеру материалын жинаумен шектелді, себебі мәдени қабат  өте тереңде жатқандықтан бұл  ескерткіштерде зерттеу жүргізудің басқа мүмкіншіліктері жоқ. 

      Бірнеше жылдар бойы Ескі Екібастұз аумағында  объектілерінің саны 20-дан асатын тас  дәуірінің тұрақ-шеберханалары мен  қоныстары кешеніне зерттеу жүргізілді. Екібастұз көмір орнының игерілуіне байланысты бұл кешен қатты бүлінген, алдағы уақытта толық жойылып  кетуі мүмкін, сондықтан Қазақстан  мен Батыс Сібірдің көне тарихы мен  археологияның көптеген проблемалары шешу үшін ас маңызды оны үнемі  зерделеу керек. Соның ішінде көне гоминидтердің  Қазақ үстіртінің солтүстік шет  аймақтарын бастапқыда игеруі, одан кейін  тас индустриясының дамуы, олардың  Орталық Азияның көрші өңірлерінің  мәдениетіне ықпалы мен тас дәуірінің  аяғында индустрияның одан әрі трансформация  проблемаларын түсіну үшін қажет.

     Орталық зерделеген ескерткіштердің басқа  тобы – Шідерті өзенінің орта ағысында орналасқан тас дәуірінің тұрақтары  мен көп қабатты қоныстары. Олар да жергілікті жұрттың шаруашылық қызметінен едәуір зақымданған. Шідерті 2,3,5 көп  қабатты тұрақтары мұнда барынша  перспективалы болып табылады. Голоценде  осы өңірде тас индустриясының эволюциясы және мәдени дәстүрлердің алмасуы туралы түсінік беретін Солтүстік және Орталық Азиядағы жалғыз көп қабатты  ескерткіш ретінде Шідерті 3 тұрағы соңғы 20 жыл бойы зерделенді. Осы  тұрақта мезолит-энеолит материалдарынан  тұратын 6 мәдени көкжиек анықталып, осы ескерткіштің жоғарғы қабатында  энеолит дәуірінің жаңа археологиялық  мәдениетінің материалдары мен өңірдегі ең көне сол кездегі адамның қабыры табылды. Шідерті өзені алғашқы  жайылма үсті террасасының голоценвтік  шөгіндісінің пачкасына салынған бірнеше  қабыр топырақтары байқалды.

     Кейбір  топырақтардан шірінді бойынша  радиокөміртекті даталар мен  тұрақтың бүкіл тілігіненшаңды спектрлер  алынды. Қазір бұл ескерткіш Солтүстік  және Орталық Қазақстан аумағында  голоценді кешендердің кезеңденуі мен хронологиясын жаасу және жаңа археологиялық мәдениеттерді  бөлу үшін эталонды объект болып табылады. Сондықтан Шідерті 3 көп қабатты  өз мәнінде Павлодар облысыынң археологиялық  ескерткіштерінің арасында жалғыз, бірегей объект ретінде «Мәдени мұра» республикалық бағдарламасына еніп, осы бағдарламаның шеңберінде 2 жыл зерделенді.  

     Әр  түрлі дәуірлердің бірқатар басқа  ескерткіштері де табылды. Бұл-Павлодардан  солтүстікке қарай және Лебяжі ауданы Шарбақты көліндегі неолит, қола және ерте темір ғасырының қоныстары, Ертіс қаласы мен Мичурино, Григорьевка, Набережное селоларының жанындағы  қола дәуірінің қабірлері, жартас суретті  көне қасиет орындары мен бұзыла бастаған және дереу зерттеуді қажет ететін көптеген басқа объектілер.  

     Қола  дәуірінің ескерткіштерін зерттеу  нәтижесінде археологиялық ақпарат  көздерінің елеулі массиві алынды. Елуниндік және шұңқыр типті материалдар  табылған Екібастұз қаласының, Шідерті  көлінде және Григорьевка селосының  маңындағы ерте қола кезеңінің қабірлері  мен қоныстары зерттелуде. Арттарында көптеген археологиялық ескерткіштер-қоныстар, тау үйінділерін, топырақты молалар, тас қоршаулар мен қорғандар  қалдырған андроновтық мәдени-тарихи қауымдастықтың, отырықшы малшылардың, диқандар мен металлургтердің ескерткіші елеулі ғылыми-қызығушылық туырады. 

Қаратұмсық, Кенжекөл 1, Черное, Набережное, Қызылжар тас молаларын, сол сияқты Павлодарское селосы Ақбидайық алқабының маңындағы  қоныстары және басқа андроновтық  тайпалар ескерткіштерін қазу нәтижесінде  керамикалық ыдыстардың сандаған үлгілері, қола қару, еңбек құралы, алқалар, тұрғын үйлер мен зират ғимараттарының, көне орындардың қирандылары алынды, олар керамика өндірісінің, тау кен  ісі мен металлургияның, құрылыстың, ағаш өңдеудің жоғары жоғары деңгейде дамығанын көрсетеді.

     Павлодар  облысындағы ұзақ жылғы археологиялық  зерттеулерге қарамастан бұл - Қазақстанның аса ірі су тамыры – Ертістің орта ағысында ертеде құрылған түрлі  географиялық және мәдени – тарихи аймақтардың тоғысында орналасқан Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігінің  аз зерттелген өңірі. 

      Орталық қызметкерлерінің зерттеу нәтижелері Қазақстан мен Россияның ғылыми басылымдарында жарияланды, дала зерттеулерінің қорытындылар мен алынған материалдар  жарияланатын жаңа еңбектер дайындалуда. Орталық құрылғаннан бері ертістің Павлодар өңірі мен көрші өңірлер  археологиясының проблемаларына арналған ғылыми мақалалардың 2 жинағы шығарылды, академик Ә.Х.Марғұланның 100 жылдық мерейтойына  арналған «Мағұлан оқулары - 2004» конференциясының материалдары, жартас суретті фотоальбом, археологиялық терминдер сөздігі, көне тарихтан оқу құралы жарыққа  шықты, жаңа басылымдар дайындалуда. Павлодар археологиялық экспедициясының 20 жылдық жұмыс қорытындысы көрініс тапқан. Осы уақыт ішінде Орталық қызметкерлері  Қазақстан мен Россияның ғылыми басылымдарында алпыстан аса мақала жариялап, Ертістің Павлодар өңірінің энциклопедиясы мен басқа кең  тараған басылымдарға жиырмадан  аса мақала жариялап, Ертістің Павлодар өңірінің энциклопедиясы мен басқа  кең тараған басылымдарға жиырмадан  аса мақала жазды. Археологиялық  ескерткіштерді зерделеу туралы «Очень древняя Азия» оқу – деректі  фильмдер сериялы түсірілді. 

      Май ауданы «Қызыл еңбек» ауылының маңында  «Қолбасы - мұнарасы» орта ғасырлық тану – мемориалды ғимараттары кешенін, қимақтар мен қыпшақтардың, ғұн-сармат заманының, сақ дәуірінің қорған молаларын, қола дәуірінің қоныстары  мен молаларын зерделеу жөнінде  экспедициялар өткізді. Орталық  Қазақстан аумағында тұңғыш рет  Сарыарқаның көне тарихының жаңа бетін ашқан ерте қола дәуірінің  ескерткіштері табылып, Баянауылдың  көне стелалары мен қашалған тастары  зерттеліп, жеке деректі фильмдер арналды.

     Осылайша  Павлодар облысының бүкіл аумағында  археология ескерткіштерін құрудан  қорғап, жалғастыра зерттеу, жаңа археологиялық  мәдениеттерді бөлу, олардың шығуын, өзара және басқа өңірлердің мәдениетімен байланыстарын анықтау Орталық  жүргізетін зерттеулердің негізгі  міндетті болып табылады.

     Ғылыми-педагогикалық  жұмыс та жүргізіледі, археорлогиялық экспедицияның негізінде оқу-дала тәжірибесін өткізу жүзеге асырылады, Орталықтың жанынан археологиялық  үйірме ұйымдастырлып, оған археологияға құмар студенттер мен мектеп оқушылары  қатысады.

     2002 жылы Павлодар археологиялық  экспедициясы жинаған археологиялық  материалдардың негізінде археология  мұражай ашылып, экспозициясына  Ертістің Павлодар өңірінің палеолит  дәуірінен осы заманға дейінгі  тарихын бірегей қойылған.

     Қазіргі Орталық қызметкерлері «Павлодар  облысы ескерткіштерінің жиынтығын» жасау, барлау жұмыстарын жүргізу барсыында  алынған материалдарды зерделеп, өңдеу, жұмысымен айналысуда. Өлкенің  көне тарихы проблемаларына, археологиялық  ескерткіштерді қорғауға, реставрациялау мен музеефикациялауға арналған бірқатар жобаларды өткеру, Ертістің Павлодар өңірі археологиясы проблемалары жөніндегі ғылыми мақалалар жинағының  үшінші шығарылымын баспаға дайындау жоспарланған.

Басымдық  мақсаттар мен міндеттер:

- Ғылыми-зерттеу  қызметін жетілдіруге бағытталған  археологиялық ғылыми жаңа табыстар  мен жете зерттеулерді оқу  үдерісіне енгізу;

- Студенттерді  оқыту деңгейін көтеру, олардың  археологиялық зерттеулерге қажетті  парктикалық дағыдысын қалыптастыру;

- Студенттерді  және оқушыларды археологиялық  ескерткіштерді қорғау және зерттеу  саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарына  баулу; 

- Өлкенің  археологиясына бағытталған әртүрлі  тақырыптар бойынша жете зерттеу  жасау, ғылыми еңбектер және  оқу құралдарын жазу;

- Аймақтың  көне және ортағасырлық тарихы  бойынша археологиялық материалдар  жинау және зерттеу;

- Алынған  археологиялық зерттеулердің нәтижесінде  ғылыми айналым енгізу;

- Тұрғындар  арасында археология және тарихи  білімділікті насихаттау мақсатында  ақпаратттық қамтамсыз ету, танымал  болу, облыстың педагогикалық активінің  кәсіби шеберлерін тарихи-мәдени  мұраларды қорғау жөніндегі қоғамдық  қызметке тарту. 

Қорытынды

     Облысымыздың  барлық аудандарында археологиялық  зерттеу жұмыстары жүргізілді: Сырым, Қаратөбе, Шыңғырлау, Теректі, Бөрлі, Жаңақала, Зеленов, Бөкейорда, Жәнібек, Казталовка, Ақжайық және Сырым аудандары. Нәтижесінде, 6000- нан жоғары жаңа археологиялық  ескерткіштер анықталды, соның ішінде, тас дәуірі адамының орны, қола дәуірі қоныстары, скиф-сақ кезеңінің обалары, Жаңақала ауданындағы «Қошқар (Узени)»  қалашығы, Орал маңына жақын жердегі  «Жайық» қалашығы т.б. Тарих және археология орталығының жұмысының  қорытындысының нәтижесінде, Қазақстан  Республикасының мемлекеттік тарих  және мәдени ескерткіштер тізіміне қосымша 1646 археологиялық нысандар енгізілді, қазіргі таңда облысымыз бойынша 1966 археологиялық ескерткіштер тіркелді. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан  облысының Археологиялық картасы  құрастырылды.

     «Батыс  Қазақстан өлкесінің табиғи және мәдени мұра ескерткіштерінің жиынтығы» 14 томнан тұратын басылым. 2005 жылдан бастап, 11 ауданның тарихи-мәдени ескерткіштерінің жиынтығы басылды. Олар: Сырым, Қаратөбе, Жаңақала, Тасқала, Теректі, Зеленов, Бөрлі, Казталовка, Бөкейорда, Ақжайық және Шыңғырлау. Әрбір ауданның тарихи және мәдени ескерткіштері жиынтығы жеке басылым түрінде жарияланып, бірнеше  бөлімді қамтиды: «Айрықша табиғи ескерткіштер мен қорықты аймақтар», «Тарихи  және археологиялық ескерткіштер», «Рухани мәдениет ескерткіштер». Жарық  көрген еңбектердің авторлық құрамында  Алматы, Орал, Челябинск, Орынбор, Уфа, Ақтөбе қалаларының ғалымдары бар. Аудандар бойынша тарихи және мәдени ескерткіштердің жиынтығын құрастыру  жалпы Қазақстан бойынша, біздің облысымызда ғана қолға алынып, жүзеге асты.

     Қазақстан 2012 жылға дейін археологиялық  ескерткіштердің толық реестрін жасауды жоспарлауда.  Бұл  туралы  бүгін  тарихи - мәдени   мұраларды   сақтау мәселесіне арналған  үкімет  отырысы  барысында  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  ғылым  академиясының  Археология  институтының  директоры Карл Байпақов   мәлімдеді.

Археологиялық ескерткіштердің түрлері мен археологиялық зерттеу орталықтары