Ауқымды компьютерлік желі. Электронды пошта

           Кіріспе

 

 

ХХІ ғасырдың басы адамзаттың индустриялық заманнан информациялық  заманға өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты информацияны ала біліп, оны өңдеу және күнделікті істе қабылдау өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.

Президентіміздің білім саласын ақпараттандыруға байланысты мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының үкіметі мектептерді техникамен қайта жабдықтауға, жаңа информациялық технологияларды енгізуге көп көңіл бөлуде.

Информатика пәнінің  орта арнаулы оқу орындарына енгізілгеніне аз уақыт болғанына қарамастан пәнді оқытуға әртүрлі бағыттардың пайда болғанын атап өтуге болады. Орта арнаулы оқу орындарында оқытылатын басқа пәндермен салыстырғанда информатика пәні әлдеқайда жас ғылым.

Егер сіз компьютермен таныс болмасаңыз, күнделікті өмірде оның көмегіне жүгінуге үйренбесеңіз, онда өмірге бейімделуіңіз қиын. Себебі, қазіргі қоғамда компьютерлер барлық жерлерде қолданылады.

Заман талабына сай қандай да болмасын мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді,  интернетті жәнеэлектрондық поштаны қолдана алуы, пайдалана білуі міндетті талап болып отыр.

ХХІ ғасыр – ақпарат  ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауатттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың  алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімді меңгеруі тиіс. Ал, теориялық білімді практикамен ұштастыру үшін компьютердің қажет екендіге даусыз.

Мектептегі информатиканы  оқытудың негізгі міндеті: ақпаратты  түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процесстерін меңгеру, оқу барысында  кеңінен қызмет ету саласында да өзін-өзі көрсету дамыту құралы

 

 

 

 ретінде компьютерлік  технологияларды тиімді пайдалану  тәсілдерін үйрену болып табылады.

Білім беру реформасы  табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез-келген азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтеру болып табылады.

Біз бүкіл елімізде әлемдік  стандарттар деңгейінде сапалы білім  беру қызметіне қол жеткізуге  тиіспіз.

Курстық жобаның мақсаты:   Оқушылардың пәнге деген    қызығушылығын қалыптастырып бекіту. Интернетті  ақпаратты іздеу жайында оқушылардың ой - өрісін  кеңейтіп,  сабаққа деген қызығушылығын арттыра отырып  жұмыс ретімен, жұмыс режимімен, ережелерімен таныстыру, олардың  болашаққа  деген  сенімділігін  қалыптастыру.

Курстық жобаның мазмұны: Оқушыларға Интернет желісі арқылы интернеттің қызметін, шығу тарихын, оның пайдалану жолдарын, қажетті мәліметтерді іздеу және алу жолдарын, электрондық пошта арқылы хабарламаларды қабылдау, жөнелту мүмкіндіктерін айқын көрсету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Оқу жоспарына талдау және тақырыптың сипаттамасы

1.1 Оқу жоспарына  талдау және жылдық санының  кестесі

Жұмыс оқу жоспарында әр курста, әр семестрде өтілетін пәндер және олардың уақытының апталары, саны әр аптада өндірістік оқыту неше рет болатындығы көрсетілген. Сонымен қатар бір курста өтілетін сағаттың қорытындысы және оқу мерзімі бойынша жалпы өтілетін сағат саны белгіленген:

Жалпы пән бойынша берілген жалпы  сағат саны: 138 сағат, оның ішінде – 93 сағаты теориялық сабақ, ал – 20 сағаты практикалық сабақтар, курстық жобаға дайындыққа – 25 сағат берілген.

3 – курстың 5-семестрге 42 –  сағат берілген, оның ішінде - 36 теориялық  сабақтар, ал - 6 практикалық сабақтар.

3 - курстың 6-семестрге 48 – сағат берілген, оның ішінде - 42 теориялық сабақтар, ал - 6 практикалық сабақтар.

4 – курстың 7-семестрге  48 – сағат берілген, оның ішінде - 15 теориялық сабақтар, ал - 8 практикалық  сабақтар, курстық жобаға дайындық  – 25 сағат. 

3 – курстың І –  ші жарты жылдығында 1-қыркүйектен  31-желтоқсанға дейін 16 апта берілген. Өндірістік оқуды ұйымдастыру  пәні аптасына 3 сағат, яғни бір  аптасына – 2 сабақ, екінші  аптасына – 1 сабақ болады. І  – курстың     І-ші жарты  жылдығы бойынша 42 – сағат берілген.

3 – курстың ІІ –  ші жартыжылдығында 15 қаңтардан  5 мамырға дейін 13 апта берілген. Өндірістік оқуды ұйымдастыру  пәні аптасына 4 сағат, яғни аптасына  – 2 сабақ берілген. І – курстың  ІІ-ші жартыжылдығы бойынша                48 – сағат берілген. Жалпы 3 курс бойынша сағат саны – 90 сағат.

4 – курстың І –  ші жартыжылдығында 1 қыркүйектен  31 желтоқсанға дейін 14 апта берілген.  Өндірістік оқуды ұйымдастыру  пәні аптасына                     4 сағат, яғни аптасына – 2 сабақ. 23 – сағаты оқу сабақтары, ал – 25 курстық жобаға дайындық өтіледі.

Бақылау жұмысы – 6 семестрде, курстық жоба – 7 семестрде, емтихан  – 7 семестрде,  мемлекеттік емтихан  – 8 семестрде.

1.2. Тақырыптың  күрделілігі және оның сипаттамасы

Менің курстық жобамның тақырыбы: 9-сынып бағдарламасы, тақырыптық жоспарынан 8 тарау, "Компьютерлік желілер" тақырыбының "Ауқымды компьютерлік желі. Электронды пошта" тақырыбы бойынша сабақтың әдістемелік өңдеуі. Тақырыптың сипаттамасы: Оқушыларға Интернет желісі арқылы интернеттің қызметін, шығу тарихын, оның пайдалану жолдарын, қажетті мәліметтерді іздеу және алу жолдарын, электрондық пошта арқылы хабарламаларды қабылдау, жөнелту мүмкіндіктерін айқын көрсету.

"ХХІ ғасыр  технология  заманы" деген пікірге келісе  отырып, мен оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп , заман талабына сай қандай да болмасын мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерлік сауаттылықты, Интернетті, Электрондық поштаны пайдалана және    қолдана білуі қажет. 

Интернетке қосылу келесі әрекеттерді  орындаймыз. ADSL модем ––> Вызов ––> Microsoft Internet Explorer іске қосқаннан кейін экранға Microsoft Internet Explorer терезесі шығады. Интернеттегі ақпараттар Веб-сайт түрінде ұсынылады.Веб-сайт ортақ тақырыппен, ортақ URL мекен-жайымен біріктірілген, өзара еренсілтемелер көмегімен байланысып, бір  серверде орналасқан веб-беттері жиынтығы. Әрбір веб-сайттың өзінің мекен-жайы бар, оны желіден осы мекен-жай бойынша тауып алуға болады.

Интернеттің мүмкіндігі шексіз. Талғамыңыз бен көңіл күйіңізге қарай одан сізді қызықтыратын көп нәрсе табуға болады. Үйден шықпай газеттің номерін парақтағыңыз келе ме, ол үшін тек WWW немесе Web деп аталатын әлемдік шырмауықты қолдансаңыз жетеді. Гиперсілтеме жүйесі арқылы қажетті басылымыңызды санаулы минуттар ішінде тауып аласыз.

Веб-сайтқа арналған URL-дің көрінісі:

http://www/атауы.үйшік (http://www/akorda.kz.)

Үйшік Интернет желісінің ірі бөлігін  белгілейді. Ол мемлекет .kz –Қазақстан Республикасы, .ru-Ресей, .ua-Украина, .fr-Франция,  .cn-Қытай, .it-Италия т.б.

http://www.google.com- ақпаратты іздестіру жүйесі

http://www.hotbot.com-HotBot - іздестіру жүйесі арқылы құжаттар ішінде кездесетін бір немесе бірнеше терминдер арқылы жеке фразалар бойынша іздестіру мүмкіндігін береді.

http://www.yahoo.com-Yahoo- тез іздестіретін анықтамалардың бірі

http://www.rambler.ru-Rambler- өзекті сөз бен қатар классификкаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

                                                                                                                                                                                                                                                                                 http://www.tabu.nursat.kz-TABU іздестіру жүйесі KZ доменіндегі ресурстармен қатар Қазақстанна  тысқары жерлердегі еліміз туралы веб-парақтарды  іздестіруге арналған. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Шебердің сабаққа  дайындығы

2.1. Тақырыпқа және сабаққа дайындығы

Тақырыпқа дайындық кезінде  мен оқу жылының басында оқу  жұмысының бағдарламасын, сабақтың үлгі-жоспарын, құрал-жабдықтарды, көрнекі  құралдарды, компьютерлік технологияларды, интерактивтік тақтаны алдын-ала  дайындап аламын. Тақырыпқа сай әдебиеттерді, ақпараттарды таңдап аламын.

Қазіргі заман мұғалімінен  тек өз пәнінің терең білгірі  болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық  сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп. Оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологияларын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Сондықтан да мен осы қасиеттерді өзімнің бойыма сіңдіріп, оны іс жүзінде пайдалана отырып оны оқушыларыма көрсетуге барынша тырысамын.

Әрбір сабаққа мұғалім  өз тақырыбы бойынша жоспар  құрады. Сондықтан да мен ең алдымен сабақ  жоспарымды құрамын. Сабақ жоспарын құруымның мақсаты – сабақты тиімді өткізу.  Жеке сабақтың жоспары- -ол әрбір мұғалімнің  жеке сабақ құжаты болып табылады. Мен өз тақырыбым жөнінде алдын-ала қандай жұмыс жүргізетіндігім анықталады. Сондықтан тиімді жасалған жоспар-тиімді өткен сабақ болып табылады.

Сабаққа мұқият дайындалу оның мазмұны мен ұйымдастыру әдісін ойластыру жұмысын әрбір мұғалім өзінің ең басты міндеті деп сезінуі тиіс.

Менің сабаққа дайындығым аса жауапты іс. Мен өзім оқытатын пәнді қанша  жақсы білгеніммен, сабақтар жүйесі жөнінде тыңғылықты жұмыс істемесем және әр сабаққа  жеке даярланып отырмасам, онда бұл менің ірі кемшілігім болмақ. 

 

 

 

 

2.2 Сабаққа және тақырыпқ  материалды-техникалық базны дайындау

 

Қазіргі ақпарттық технологияның  дамыған кезінде барлық оқу орындары мен мектептерде интерактивтік тақтаның енуіне байланысты мұғалімдер интерактивтік сабақтарды беруді үйрену керек.

Оқытудың техникалық құралдарынан басқа сабақ барысында  көрнекі плакаттар, ойын карточкаларын   пайдаланамын.

Көрнекілік  принципі. Көрнекілік принциптерін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский т.б. Осы принцип негізінде алғашқы оқытудың әдістемесін жазды.

К.Д.Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, көрнекілік - балалардың психологиялық ерекшеліктеріне  жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды деді.

Оыту процесінде сөз  бен іс, теория мен практика өзара  байланысты болады. Әр түрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі  түсінікті, әрі қызықты болып  өтеді. Көрнекілік абстрактілі ұғымды игеруге әсер етеді.

Сонымен, көрнекілік принципінің  оқыту маретиалдарын, әсіресе, теориялық  ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орны ерекше.

Көрнекіліктің түрлері:

Табиғи көрнекілікке коллекциядағы кептірілген өсімдіктер, хайуандар мен құстардың тұлыбы, минералдар және т.б. жатады.

Заттар және бейнелеу көрнекілігі: муляж, геометриялық фигура, макет, портреттер, архитектура, кескіндеме және мүсін үлгілері, жер бетінің бедері т.б.

Символикалық  көрнекілікке карталар, картограммалар, схемалар, диаграммалар, кестелер жатады. Мысалы кестенің бірнеше түрлері бар. Олар: хронологиялық, синхрондық, тақырыптық, графикалық кестелер.

Экранды - динамикалық  көрнекілік шындық дүниені бейнелейді. Олар: диапозитивтер, диафильмдер, эпипроекциялар, оқу киносы, оқу теледидары.

Дыбысты           техникалық       көрнекілікке грампластинкалар, магнитофильмдер,  радиоқабылдағыштар жатады.

Көрнекі құралдар оқу  материалдарын, әсіресе, теориялық  ережелерді есте жақсы сақтау және жеңіл түсіну үшін қолданылады.

Педагогикалык процестің бағыттылық принципі.  Педагогикалық процестің бағыттылық принципі жеке адамның әр жақты дамуына, оқыту мен тәрбие үйлесімділігіне ықпал жасайды.

Кешенді ықпал жасау  идеясы қоғамдық кұрылыстың өз табиғатынан  шығады - оқыту мен тәрбие жұмысы жүйесінің тұтас, мызғымас бірлігі.

Мұғалім сабақты пысықтау, бекіту және соған орай оқушылармен  практикалық жұмыстарды орындау барысында олардың белсенділігін оятуы тиіс. Әсіресе, оқушылардың қабілетімен қатаң санасып отыруы керек. Сондықтан, олармен жеке дара немесе топтық және ұжымдық әрі фронталдық жұмыс түрлерін ұйымдастырады.

 Оқыту процесі - мұғалімнің бір мезгілде барлық  оқушыларды бірыңғай оқытуы болғанымен  де, негізінен ол оқушының жеке  дара жұмысының түрі. Себебі, әрбір  оқушы оны өзінің шама-шарқысы,  дайындық жағдайына байланысты өзінше қабылдап, меңгереді.

 Соған орай жеке  дара жұмыс әр оқушының өз  бетімен жұмыс істеуге, білімді  саналықпен ұғынуға дағдыландырады, оларды қоршаған ортадағы құбылыстар-дың  заңдылықтарын оқып білуге ықыласын  тудырады, ойлау белсенділігін арттырады.

 Оқушылардың жеке  дара жұмыс түрлеріне: 

 Оқулықпен жұмыс  істеу. 

 Практикалық жұмысы: ауызша, жазбаша жұмыстары (есеп  шығару, шығарма жазу, диалог құру  т.б.).

3. Мұғалімнің тапсырмасы  бойынша әр түрлі лаборатория-лық  тәжірибелерді орындау.

 Жеке дара жұмыс  оқушыларды өз бетімен білім  алуға ынталандырады, тәртібін  күшейтіп, оқуға ықыласын арттырады.  Сабақта оқушылардың оқу-таным  әрекетін ұйымдастыруда жеке-дара  жұмыс түрінен басқа олардың  топтық және ұжым болып жұмыс  істеуінің маңызы ерекше.

 Оқушылардың топтық  танымдық жұмыстары сабақ барысында  оқу міндеттерін шешуде, өзара  көмекке негізделген екі, төрт, алты т.с.с оқушылар тобының  белгілі бір жұмыс көлемін  атқаруын көздейді.

 Жұмыстың бұл түрі  негізінен екі бағытта іске  асады: біркелкі немесе бірыңғай (однородный) және бірнеше бөлшекке бөлу (диференция) жағдайында ұйымдастыру.

 Оқушылардың бірыңғай, біркелкі оқу жұмыстары мұғалімнің  барлығына ортақ бірыңғай тапсырмасын  шағын топтарға бөліп өзара  әрекеттесу жағдайында орындауы  жатқызылады.

 Ал бөлшекке бөліп  оқыту - бір мезгілде бірнеше  тапсырманы әр түрлі тәсілдермен  оқушылардың бірнеше тобы арқылы  орындалуы қарастырылады. 

 Жұмыстың бұл түрі  топ ішінде оқушылардың тап-сырманың  мақсатын , мазмұнын, оны орындау  тәсілдерін бір-бірімен өзара ақылдасып шешуі, оның нәтижесін талдауы, бағалауымен ерекшелінеді. Оқушылардың осын-дай өзара бірлесіп атқаратын оқу-танымдық жұмыстары олардың жеке дара жұмыстарына қарағанда әлдеқандай жемісті болып келеді. Әрі уақытты аз және тиімді пайда-лануға мүмкіндік туғызады.

 Сонымен қатар бір  сыныптағы оқушылардың оқу міндеттерін  топ болып шешуде өзара әрекеттесуі  немесе жарысы олардың ортақ  іске деген жауапкершілік сезімін  тудырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Тақырып бойынша сабақ жоспары

 

Сабақтың тақырыбы:  Ауқымды компьютерлік желі. Электронды пошта

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Интернет, Электрондық пошта жайлы айтып, тақырыптың мазмұнын ашып түсіндіріп, Интернет жүйесін қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушыларды Интернет жүйесінің жаңа мүмкіндіктерімен, қасиеттерімен таныстыра отырып, жан-жақты ойлау қабілетін дамыту, жаңа технологияларды пайдалану жолдарын, ғылыми дүниетанымдарын қалыптастыру.

Тәрбиелілік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жігерлілігін, ынталылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Іскерлік дағдыны қалыптастыру сабағы

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:

Компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиалық проектр, Электронды оқулық, карточкалар, плакт суреттер

Сабақтың өту  кезеңдері:

Кіріспе нұсқау

1 кезең. Ұйымдастыру кезеңі

2 кезең. "Білгенге маржан" (Өтілгенді қайталау)

3 кезең. Жаңа сабақ (презентациялық  көрсетілім)

Ағымдық нұсқау

4 кезең. "Интернет  ақпараттың қайнар көзі"  (практикалық   тапсырма)

5 кезең.  "Ретін тап"  (сабақты бекіту)

6 кезең. Техникалық  диктант (сабақты  қорытындылау)

7 кезең. Бағалау (Балдық  жүйе)

8 кезең. Үйге тапсырма  беру

 

Сабақтың барысы:

1.Ұйым дастыру  кезеңі

 

2 кезең. "Білгенге  маржан"   (Өтілгенді қайталау)

Өткен тақырыпты  қайталау сұрақтары:

  1. Мультимедия дегеніміз не?

(Мультимедия-компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнені біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология)

  1. Мультимедия қай жылы қай жерде шықты?

(1990 жылы Америкада  шығарылған)

  1. Мультимедиялық зат құрамына нелер жатады?

(Музыкалық және ауызекі  жетелеу, анимация, гоафиктер және слайдтар, мәтіндер базасы кіретін интерактивтік компьютерлік жиынтық кіреді)

  1. Лазерлік ойнатқыштың мүмкіндіктері?

(CD-ROM-ды пайдаланып, музыкалық компакт дискіні ойнатуға мүмкіндік береді)

  1. Әмбебап ойнатқыштың қызметі қандай?

(CD-ROM-ды пайдаланып, дыбыстық және бейнелік ақпарат көрсетілім қызметтерін атқарады)

  1. Фанограф программасының қызметі қандай?

(Компьютерге микрафон  қосып, фанограф программасының  көмегімен өз дауысыңды жазуға, оны файлда сақтауға мүмкіндік  береді)

Мен сабағымды материалдық тұрғысынан да қарастырып , дайындап қойдым. Материалдық тұрғыда плакат пен карточкаларды пайдаланамын.

 

 

 

 

 

3 кезең. Жаңа сабақ (презентациялық  көрсетілім)

 

Жаңа  сабақ:

WWW  дүниежүзілік  тармакталған желісі (World Wide Web - всемирная паутина) - бұл Internet-тің ең кең таралған, күннен күнге тоқтаусыз өсіп жатқан қызмет түрі. World Wide Web -   Internet-тегі барлық құжаттар және мультимедиалық ресурстарды сипаттайтын термин. Бұл мәліметтерді пайдалану жолында оларды оқып көру үшін Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator сияқты программалық жабдықтар қолданылады. Олар Internet-тен керекті құжаттарды іздеп табуға, қарауға, жазып алуға мүмкіндік береді. «Гипермәтін» (байланысқан мәтіндер) мүмкіндігі Web мәліметтерінің бірінен біріне көшуді жеңілдетеді. Файлдардың «HTML» (hipertext markur Language) форматын іске қосатын гипермәтін мүмкіндігі Web-парақтарының бір бетінен екінші бетіне «сілтеу» бойынша көшуді жеңіл жүзеге асырады. Бұл беттерде суреттер, бейнежазбалар, дыбыстар, үшөлшемді (кеністіктегі)  нақты бейнелер т.с.с. орналасады. Осындай сілтемелер арқылы байланысқан парақтар World Wide Web - тің негізгі құрылымын құрайды. Web жүйесіне қосылғаннан кейін әрбір адам WWW-желісіндегі кез-келген мәліметті басқалармен бірдей пайдалану құқығына ие болады. Бұдан соң басқа компьютерлермен байланысу үшін немесе қосымша артықшылық, шектеулер үшін ақы төлеудің қажеті жоқ.

      World Wide Web (WWW немесе Web) Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді. Ондағы мәліметтер мен олардың бір-бірімен байланысын ақпараттық «Өрмек» деп айтса да болады.

     Web-тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме белгілері бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен кітапхана деуге болады. Бір тораптық компьютерде орналасқан мәліметтер Web кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге елестетеді. Бұл беттердегі мәліметтер дүниенің кез-келген бұрышында орналаса береді. Солар арқылы жер шарындағы барлық серверлік компьютерлердегі ақпараттар көз алдынызда орналасады, мұнда қашықтағы - қымбат, жақындағы - арзан деген ұғым жоқ, олардың бағасы тек мәліметтің көлеміне немесе сіздің байланысып отырған уақытыныздың ұзақтығына байланысты. Web мәліметтерін қарау адресі көрсеілген белгілі бір тораптық (түйінді) компьютерден басталады.

    Түйінді компьютердегі  мәліметтің бірінші беті кітаптың  сырты немесе мазмұны тәрізді,  әрбір беттің URL (Universal Resource Locator) форматында берілген қайталанбайтын өзіндік адресі болады.

URL – адрестері

        URL ұғымы «Uniform Resource Locator» деген сөзден шыққан, яғни «Ресурстардың әмбебап атауы»- деген ұғымды білдіреді. Бұл желіге қосылған компьютерлердің Web-тегі адресін нақты, әрі дәл белгілеп, олардың орналасуын ыңғайлы және бір мәнді түрде анықтайтын адрестеу тәсілі. URL адрестерінің көрші бөлмедегі достарынызға немесе Австралиядағы Гиперорталарды (HTTP://) сипаттайтын, Gopher (Gopher://) мен FTP (FTP://) ресурстарын, жаңалықтар топтарын, электрондық хабарландыру тақталарын (News://) т.б. сипаттайтын URL-адрестері бар. URL-кез келген ресурстың орналасуының нақты анықтауышы. Қысқаша айтқанда, ол көру - программаларына (броузерлерге) белгілі бір іс-әрекетті орындататын нұсқау. Мысалы, мынадай адрес: URL:HTTP//www.ropnet.ru/ogonyek/  - Огонек  журналы сайтының Интернеттегі адресі. Осы адресті броузердің адрестер өрісіне еңгізсе Огонек журналыңын алғашқы іске қосу (бастапқы парақтарын оқимыз).

        «URL адресі табылмай жатыр» деген хабарлама шықса, не істеу қажет?   Ол әлі аяқталмаған әлде қате терілген URL-адресі дегенді білдіреді, әлде осы адрес көрсетіп тұрған парақ басқа орынға ауыстырылған немесе өшіп қалған. URL-адресін еңгізе кезінде (еңгізгеннен кейін) оның дұрыс екнеіне көз жеткізу керек. Терілген URL-адресінің ішінде бос орын болмауы тиіс.        

 

       Бұл  Интернетте орналасқан құжаттардың  адресін жазудың арнайы формасы.  Ол - желінің қай серверінде орналасса  да, керекті мәліметті айнытпай  қатесіз табуды қамтамасыз ететін  сөз тіркесі. URL - адрестерінің жазылуынан мысал келтірейік:

http://www.soccer.ru/dinamo/rus/index.html

мұндағы,

http - протокол, яғни хаттама;

http://www.soccer.ru - адрестің домендік бөлігі, оның ішінде:

               www - компьютердің (сервердің) аты:         

               soccer.ru - доменнің аты;

               dinamo/rus - серверлегі каталог (бума) аты;

               index.html - Web-парақтары файлының аты.

 Домен - бір компьютермен  басқарылатын немесе бір желілік жұмыс машинасының (желі торабының) басшылық етуімен істейтін информациялық желі қорлары тобы.

 

Интернет қосымшаларының адрестік құрылымы:

Қосымша://қосымша.мекеме.домен

gov-үкіметтік

org-үкіметтен, коммерциядан тыс

edu-білім

com-коммерциялық

mil-әскери

net-желілік

museum-музейлер

name-жеке есімдер

aero-авиакомпании

coop-бірлеске, коммерциялық

biz-бизнес

info-ақпараттық

pro-кәсіпқой

Аймақтық белгісі  бойынша домендер атауы:

uk- Ұлыбритания

us-АҚШ

ru-Ресей

se-Швейцария

kz-Қазақстан

de-Германия

ua-Украина

fr-Франция

it-Италия

Интернеттің негізгі  қосымшалары

E-mail (Electronic Mail) –электрондық почта. Желі тұтынушылары арасындағы мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Ол арнайы почта программалары көмегімен  жүзеге асырылады. Мысал ретінде, Outlook Express программасын атауға болады.  Оның көмегімен сіз санаулы минуттар ішінде хабарды жеткізе аласыз.  Ол үшін клавиатурада тиісті хабар мәтінін теріп, белгілі электрондық адреске жіберсеңіз болғаны. Осынау тәсілдеме арқылы достарыңызбен, әріптестеріңізбен араласуға болады.

E-mail адрестік  құрылымы:

есім@мекеме.домен

Мысалы:

с[email protected]

Usenet- тегі жаңалықтар тобы дүние жүзіндегі адамдардың пікірлесетін, яғни ақпарат алмасуына арналғани электрондық пікірталас топтары. Usenet-тегі жаңалықтар ретінде оқыған мақалаңызға жауап беруге және өз ойларыңызды мақала ретінде жариялауға болады.

FTP (File Transfer Protocol)- файлдарды жіберу протоколы –бұл көбінде үлкен көлемдегі файлдарды жібнеру кезінде қолданылатын Интернеттің қосымшасы. ҒТР көмегімен кез-келген файлдарды жіберуге және қабылдауға болады.

Чат (IRC-Internet Real Chat)-Интернеттің қосымшасы, желіде нақты уақытта интерактивті сұхбаттасу. Әңгімелесушілер бір-бірімен өз компьютерлеріндегі клавиатурада сөздерді теріп жібереді және ол сөздер бірнеше секундтардан кейін сұхбаттасушыларға монитордан көрінеді, осындай тәсілмен әңгімелесулеріне болады.  

Интернет қосымшаларының адрестік құрылымы:

Қосымша://қосымша.мекеме.домен

gov-үкіметтік

org-үкіметтен, коммерциядан тыс

edu-білім

com-коммерциялық

mil-әскери

net-желілік

museum-музейлер

name-жеке есімдер

aero-авиакомпании

coop-бірлеске, коммерциялық

biz-бизнес

info-ақпараттық

pro-кәсіпқой

Аймақтық белгісі  бойынша домендер атауы:

uk- Ұлыбритания

us-АҚШ

ru-Ресей

se-Швейцария

kz-Қазақстан

de-Германия

ua-Украина

fr-Франция

it-Италия

 

Интернеттегі  ауқымды іздестіру жүйелері:

Интернет желісіндегі мәліметтерді милллиондаған мекемелер даярлайды.Әлемдік желідегі ақпараттарды тез тауып алуда іздеу серверлерінің көмегі зор. Оларда мыңдаған іріктелген құжаттардың, сайттардың адрестері сақталады. Көптеген іздеу серверлерінің ішіндегі нң тараған іздеу каталогтары мен машиналары бар.

http://www.google.com- GOOGLЕ ақпаратты іздестіру жүйесі 1999 жылы қыркүйек айында ашылған. Бүгінгі күндері Searchenginewatch.com эксперттерінің айтуына қарағада базаның көлемін 560 млн құжаттар құрайды. Жүйе қолданушыларғ қарапайым және кңейтілген іздестіру интерфейсін ұсынады. Көптеген тілдерде соңнымен қатар орыс тілінде ақпарат іздеу мүмкіндігі бар.

http://www.hotbot.com-HotBot - іздестіру жүйесі арқылы құжаттар ішінде кездесетін бір немесе бірнеше терминдер арқылы жеке фразалар бойынша іздестіру мүмкіндігін береді. Құрамыніда аудио, видио немесе анимациялары барфайлдарды іздестіруге де болады.

http://www.yahoo.com-Yahoo- тез іздестіретін анықтамалардың бірі. Ақпараттарды жеке сөздер бойынша немесе классифиатор бойынша іздеу мүмкіндігі бар.

http://www.rambler.ru-Rambler- іздестіру жүйесінде Россияның және ТМД елдеріндегі  12 миллионға жуық мәліметтер индекстелген.Өзекі сөзбен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

http://www.altavista.com-   Alta Vista  ақпараттық ізлдестіру жүйесі 1995 жылы желтоқса айында ашылған. Ол қазіргі таңда индекстелген html-құжаттар (350 миллионға жуық) көлемімен алдыңғы қатарда. Alta Vista  қарапайым және кеңейтілген іздестіру мүмкіндігін және WWW арасындағы жұмыс істеуде қосымша сервистерді ұсынады. Арнаулы "Help" (көмек) деген бөлімде барлық парақтарды қолданушылар интерфейсі сілтемелермен жабдықталған. Ол қарапайым қолданушылар интерфейсі сілтемелермен жабдықталған. Ол қарапайым қолданушыларға өздерінің тапсыратын дұрыс құрастыруда көмек бере алады. Әлемнің 25 тілінде ақпарат іздестіру мүмкіндігі бар.

Ауқымды компьютерлік желі. Электронды пошта