Авторлық құқық бұзушылық
1. БӨЛІМ. Авторлық құқық бұзушылықпен байланысты қылмыстардың құқықтық табиғаты.
1.1. Авторлық құқық бұзушылықпен байланысты қылмыстардың қылмыстық – құқықтық сипаттамасы.
Қазіргі қоғамның кез келген, яғни саяси, әлеуметтік , өндірістік саласының мемлекеттің эконмикалық дамуымен байланысты процестер эконимкалық жағбдайларды нашарлатуға әкелңп соқты. Аталған қылмыстың экономикалық құрылымдағы мотиві әртүрлі болып келеді, оның ішінде адам өміріне және денсаулығына қарсы, жеке басының бостандығы, ар- намысына қарсы, отбасы мен жасөспірімдерге қарсы, халық денсаулығына және қоғам қауіпсіздігіне қарсы және т.б. қылмыстарды жасауда доминантты болып келеді.
Мемлекеттік реттеуден бас тартып, экономикғаны жаңа нарықтық жүйемен басқаруға көшу, сондай- ақ басқа бірқатар себептер интеллектуалдық қызметінің әртүрлі нәтижелеріне заңсыз шабуыл жасаумен байланысты қылмыстың жаңа түрлерінің пайда болуына әкелді. 20 ғасырдың екінші жартысында жаңа нарық құрылды, атап айтқанда тауар айналымының заты туралы түсінікті қарама- қарсы бағытқа бұрған интеллектуалдық өнім рыногының пайда болуы,яғни «тауар» ретінде материалдық әлем заты болып танылмады. Тек қана мәліметтің материалдық жағдайы емес, ал қалыпты материалдық формасы жоқ болған мәліметтің өзі таныла бастады. Қазіргі уақытта интеллектуалдық өнім рыногы ауқымды болып келеді. «тауардың» жалпы құны жүздеген миллиард, тіпті одан да көп доллармен есептеле бастады. Бұл рынокта дыбыс- бейнежазбалар, басқа мәліметтер тауар және компьютерлерде сақталатын мәліметтер базасы ретінде айналымға түседі. Аталған жағдайлар бұрын біздің мемлекетте кездеспеген еді.
Қазақстан Республикасында авторлық құқық- азаматтардың құқықтық институттарның бірі- объективтік мағынада бірінші, ғылыми, әдеби және өнер туындыларын жасаудағы қарым- қатынасты, екіншіден, осы туындыларды қолдану тәртібін реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Ал субъективтік мағына бойынша авторлық құқық ғылыми, әдеби және өнер туындыларын шығаруда жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтарының жиынтығы болып табылады.
Авторлық құқық идеялардың өзін қорғамай,авторлық құқық көркем шығармалардың авторлық құқығын оларды заңсыз түрде көшіруші , авторлық түпнұсқалардың формаларын қолданушы тұлғалардан қорғайды.
Сабақтас құқық деп фонограммаларды орындаушы, өндірушінің, эфирлік және кабельдік көрсетілім ұйымының мүліктік құқығы және орындаушының жеке мүліктік емес құқықтары ретінде танылады.
Ғылыми , әдеби және өнер туындыларын қолдану аясын Берндік конвенцияның 2 бабы анықтайды. (1) Бұл конвенция тек қана туындылардың өзін емес, сондай- ақ туындылардың кейбір түрлерін орындауды қорғауды қарастыратын ескеру қажет. Бұл жағдай әбден түсінікті, себебі орындауды халықаралық деңгейде қорғау 1964 жылдан бастап Рим конвенциясының күшіне енгеннен кейін таныла бастады.
Авторлық құқық шығармашылық жұмыстың нәтижесі болып табылатын олардың бағытына, мазмұнына, сондай- ақ оларды көрсету, жарыққа шығару тәсілдері мен формаларына байланысты болмайтын ғылыми, әдеби және өнер туындыларына таралады. Авторлық құқық игерілген туындыларға және бір объективтік жағдайдағы игерілмеген туындыларға, оның ішінде:
1 Жазбаша (жазбалар, машинамен жазу, ноталық жазбалар т.б.);
2 Ауызша (көпшілікке жария ету, көпшілік алдында орындау және т.с.с);
3 Дыбыс немесе бейне жазбалар ( механикалығқ, сандықғ, магниттік, оптикалық және т.б.);
4 Бейнелеу (сурет, эскиз, картина, жоспар, сызба, кино, теле- бейне немесе фотокадр және т.б);
5 Көлемдік- кеңістік (мүсін, модель, макет, құрылым және т.б.) және басқа түрлер бойынша тарайды.
Негізінен авторлық құқық идеяларға, тұжырымдарға , принциптерге, әдіс- тәсілдерге, жүйелерге, процестерге, ашылуларға, фактілерге таралмайды.
Қылмыстың әр құрамы төрт әлементтен тұратындықтан, яғни бұл қылмыстың объектісі, субъектісі, объективтік жағы және субъективтік жағы болғандықтан, осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 184- бабының диспозициясының қылмыстық- құқықтық сипаттамасын зерттеу отандық қылмыстық – құқықтық доктринасында белгіленген қылмыстың осындай құрылымына сәйкес жүзеге асырылады.
Сонымен, авторлық құқықтың заты болып туындылар танылады. Бұл жерде автордың туындыларының жұмысының нәтижесі, адам миының ойлау қабілетініңғ өнімі жөнінде айтылуда. Дегенмен, бұл нәтижені қорғауға оны объективтік қалыпта көрсету кезеңінен бастап алады. Мұнда шығармашылық жұмыстың барлық нәтижесін қорғайтын авторлық құқықтың әмбебаптылығы көрінеді.сонымен, авторлық құқықтың объектісі болып материалдық емес объектілер жатады.(2) Қарастырылып отырған қылмыстың объектісі болып сондай- ақ авторлық және сабақтас құқықтар табылады. 1996 жылы 10 маусымда қабылданған . ҚР-ның «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы ғылыми, әдеби және өнер туындыларды, фонограммаларды, орындауларды, қойылымдарды, эфирлік немесе кабелдік көрсетілім ұйымының бағдарламаларын жасау немесе орындаумен байланысты туындаған қарым қатынаст реттейді.
Туындылар мен орындаулардың ерекшеліктерін талқылау біздің міндетке жатпайды, сондықтан Берн конвенциясымен, ТРИПС келісімімен және ВОИС келісіім шартымен авторлық құқық бойынша қорғалатын туындылар тізбесін ғана айқындап береміз, яғни авторлық құқық объектілеріне мыналар жатады:
-әдеби туындылар;
- драмалық және музыкалық- драмалық туындылар;
- сахналық шығармалар;
- хореограмма және пантомималар;
- мәтінді және мәтінсіз музыкалық туындылар;
- аудиовизалдық шығармалар;
- мүсіндік, кескіндеме, графика және басқа бейнелеу туындылары;
- қолданбалы өнер туындылары;
- сәулет, қала құрлысы және бау- саябақ туындылары;
- фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас тәсілдермен алынған туындылар,
- географияға, топографияға және басқа ғылымдарға қатысты карталар, жоспарлар, эскиздер, безендірмелер және үш өлшемді туындылар;
- ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
- өзге де туындылар.
Сондай- ақ авторлық құқық объектілеріне :
6 туынды шығармалар (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар, түйідеулер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық аранжировкалар және ғылыми , әдеби және өнер туыныдыларының басқа да қайта өңдеулері);
7 жинақтар ( энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және басқа да іріктелу және (немесе) материалдардың орналасу бойынша шығармашылық еңбек нәтижесі болып саналатын құрастырылған туындылар жатады(«Авторлық құқық және сабақтас құқық туралы ҚР Заңының 7- бабы).
Өзінің туындыларына қатысты авторға жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар беріледі. Жеке мүліктік емес құқығының біріншісі- бұл туынды авторы танылу құқығы, осындай танылуды басқалардан талап ете алуы, ал екіншісі- бұл өз атын немесе лақап атын көрсету немесе көрсетпеу құқығының болуы. (3)
Авторға жеке мүліктік емес құқық негізінен берілген. Оған сондай- ақ туынды авторы болып тану құқығы, туындыны қолдану немесе қолдануға рұқсат беру құқығы, өңдеу немесе туындыны өңдеуге рұқсат беру құқығы жатады . Автордығң мүліктік құқытарына туындыны өндіру, туынды таралымдарын тарату, кғөпшілікке жария етіп, көрсету, көпшілік алдында орындау, туындыны аудару, өзгерту, аранжировка жасау немесе туындыны басқаща қайта өңдеу және басқа құқықтар жатады.
Интеллектуалдық меншік материалдық емес объектілерді қорғаудың құқықтық режимін орнатқандығын, яғни материалдық объектіге қатысты меншік құқығы сияқты материалдық емес объектілер аталған функцияларды атқарып, субъектіге (құқық иесіне) шаруашылық айналымға объектіні енгізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін шексіз құқық беретіндігін айқындай кету керек.
ҚР- ның аталған Заңы интеллектуалдық меншік құқғын бұзған үшін азаматтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қарастырады.
Авторлық құқықты бұзумен байланысты қылмыстың объективтік жағы
Аталған қылмыстың объективтік жағының ең алдымен бірінші белгісін қарастырайық. Яғни бірінші белгісі болып авторлық және сабақтас құқықтардың объектілерін заңсыз пайдалану табылады.
Авторлық құқықтың объектілерін заңсыз пайдалану деп автор келісімінсіз оларды пайдалану, яғни туындыны жариялау, өндіру және тарату , қайта өңдеу , туыдының өзіне , атауына және автор атына өзгерістер енгізу; туындыны безендендіру, кіріспе , қорытынды немесе түсініктеме енгізу; автор туындыларын басқа тілге аудару, басқа тұлғаларға оны қолдануға беру; мәжбүрлеп авторлас ету танылады.
Бейнекассеталарға қатысты авторлық, яғни авторлардың ат беру құқығы негізінен бұзылмауы тиіс , сондай- ақ авторлардығң өздері, бейнефильмдерде рөлдерді сомдаушы, режиссерлерді және басқаларды ( бейнеконцерттер, бейнеклиптер т.б.) қосқанда өздерінің авторлық сыйақы алуынан басқа, авторлық келісім – шартқа сәйкес белгілі уақытқа өздірінің авторлық құқығын бейнекомпанияларға бере алады. Ал өз кезегінде соңғылар құқықты өздерінің өкілдеріне таралымға беруі мүмкін. Мысалға алатын болса, «Видео-Гамма- Меломан»ЖШС, «Гамма-Видео» ЖШС, «STAR VIDEO COMPANY» ЖШС және басқа компаниялар бар. Аталған қоғамдар немесе ұйымдар(кәсіпорындар) «заңды тұлға» тсінігіне енетін құқық иеленушілер болып табылады.
Бірақ авторлық құқық (бейнефильм, бейнеклип т.б. қатысты) бұзылуы әбден мүмкін және жоғарыда аталған авторлық келісім шарт мәтінінен шыққан жағдайлардан туындауы мүмкін. Мысалы, авторлық келісім – шартқа сәйкес автор (авторлар) құқықты бейне туындыларын дайындау және таралымға жіберуге осындай бейнекассеталардың жарыққас шығуының әр жекелеген жағдайы үшін авторлық сыйақы алу мақсатымен беру. Бұл жерде автор әр туындының жарыққа шыққаны үшін сыйақыны дұрыс алмай қалған жағдайлары қарастырылады. Осыған сай шығын, әриине, құқық иеленушіге келтіріледі.
Осындай нақты жағдайда бейне туындыларды жасау ерекшелігін ескере отырып, авторлық құқықтың объекғтілерін заңсыз пайдалану деп жеке тұлғамен, тіпті кез келген заңды тұлға атынан нақты бір құқық иеленушініғң бейне өнімі ретінде бейнекассеталарын дайындау, таралымға жіберу және таратуға деген құқығын заңсыз пайдалану түсіндіріледі.
Интеллектуалдық меншік объектілерін және авторлық(сабақтас) құқық объектілерін таралымға беру, тарату және тұтыну бұрыннан бері жоғары деңгейдегі кірісі бар индустрияның ірі салсында құрылғанр және бұл эконмикғалық прогресті қамтамасыз етуде аңызды рөлді ойнайды. Бұд факт интеллектуалдық меншік өнімін таралымға берңһіп, таратудың жоғарғы кірістік пайдасы көптеген мемлекеттерде қылмыстың элементтеріне ене бастады. Осы жөнінде статистика мәліметтері көрсетуде. Дыбыс жазушының әр төртіншісі контрафактілі болып табылады.
Аталған бейне өнімді таралымға жіберіп, таратудың арнайы рұқсаты нмесе құқық иеленушінің ерекше сенімхатының болмауы авторлық құқықты бұзу болпып табылады. Бұл «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР-ның Заңының 48- бабының 2 тармағында көрсетілген. Мысалы, «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР-ң Заңының талаптарын орындамаған жеке немесе заңды тұлға авторлық құқық және сабақтас құқық ты бұзушы болып табылады.
Сонымен, автор немесе құқық иеленушінің арнайы рұқсатынсыз бейне өнімді «қайта жазу» (түпнұсқаны көшіру) арқылы дайындаушы және (немесе) таратушы тұлға «контрафактілі өнімді» шығарады. «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР-ның Заңы «контрафактілі өнім» түсінігін ашпай, тек контрафактілі деп авторлық құқық және сабақтас құқықты бұзатын туындылар мен фонограммалар таратып, дайындайтын таралымдарды айқындайды( «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР-ның Заңының 48- бабы 3 тармағы).
Заңсыз өндіру немесе дайындау деп барлық жазба түрлерінің көмегімен оларды контрафактілі түрде қайталауды, яғни материалдық заттағы жазба таралымдарын (көшірмелерін) дайындауды айтады,
«Контрафактілі» сөзі (contrefacon – француз сөзі) интеллектуалдық меншік құқығын бұзуды білдіреді және Қазақстанда құқықты қолдану тәжірибесінде авторлық құқық және сабақтас құқықты бұзушы ретінде қолданылады. Соңғы уақытта «контрафактілі» термині ретінде «қарақшылық» танылып жүр. Ол «piracu» ағылшын сөзінен- интеллектуалдық меншік құқығын бұзушы ретінде танылады. Сондай-ақ аталған Заң «контрафактілі» сөзін тек туындылар(соның ішінде бейнекассеталар) және фонограммалар (аудиокассеталар және компакт- дискілер, грампластинкалар) таралымдарна, сондай- ақ орындау және телевиз иялық бағдарламалардың беғәне жазбаларының таралымдарына қатысты қолданылады. Сонымен, «контрафакт» түсінігі заңнама бойынша тар ауқымда қолданылады.
«Контрафактілі» туындылар мен фонограммалар туралы тағы бір айта кететін жағдай – бұл туындылардың, фонограммалардың контрафактілі өнімі міндетті түрде Қазақстан аумағында дайындалуы шарт емес. Мысалы, «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР-ның Заңының 48- бабының 4 тармағына сәйкес туындылар және фонограммалардың контрафактілі таралымдары болып мына жағдай танылады. Қазақстанға авторлық және сабақтас құқық иесінің келісімінсіз басқа мемлекеттен импорттау. Бұл жерде туындылар және фонограммалар қоғам игілігі ретіндке танылатындығын түсіну керек,ал қазақстанға импорттау құқық иеленушініің келісімінсіз жүзеге асырылады. Аталған контрафактілі тауарды негізінен Қазақстан жеріне контрабандалық жолмен енгізеді. Сондықтан осындай қылмыстық әрекеттерді тек қана ҚР ҚК 184- бабымен ғана емес, сонымен қатар ҚР ҚК-ҒҢ 209- бабы бойынша («Контрабанда») реттеу қажет. Мысалы, №301-302 «Новосібір- Алматы» поезының №11 вагон жолсерігі А.Жолшыбековтан қызметтік бөлмедегі желдеткіш тесігінен 205 аудиовизуалдық туындылар жазылған DVD дискілері тіркеуге алынды. Сарапшы қорытындысы бойынша брлық тіркеуге алынған туындылар таралымының арнайы рұқсаты болмаған. Дискіге жазылған аудиовизуалдық туындылардың рұқсаты бар таралымының орташа нарықтық бағасы бойынша (990 теңге) А.Жолшыбековтан алынған туындылар таралымының бағасы 205*990=202 950 теңгені құрайды және бұл 100 АЕК тең. Сонымен, поезд жолсерігі А.Жолшыбеков контрабандалық жолмен РФ новосібір қаласынан аталған өнімді сату үшін шекарадан өткізуге тырысқан. ҚР ҚК-нің 184- бабының 2- тармақшасына сәйкес А.Жолшыбеков і- әрекетінде қылмыс құрамы бар,себебі оо өз іс-әрекетімен Қазақ АСҚ –тың қатысушыларына мүліктік зиян келтірген.
Сонымен, ҚР-ның ҚК-ң 184- бабының 1 тармағының диспозициясының объективтік жағын қорытындылауға қайта оралайық.Сабақтас құқықтың объектілерін заңсыз қолдануды аудиокассеталарға және компакт- дискілерге қатысты қарастырайық. Жоғарыда атап өткендей, «контрафакт» түсінігі фонограммаларға да , яғни оның ішінде көрсетілген объектілер- аудиокассеталар мен компакт – дискілерге де қатысты. «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР-ның Заңы сабақтас құқық әрекет саласын фонограмманы «орындаушы» және «өндіруші» деп бөледі. Орындаушы- әрқашан жеке тұлға, ал өндіруші болып жеке тұлға да, заңды тұ лға танылады. Дегенмен, орындаушыларда өңделген жазбаны тарату құқығы болмайды.
Фонограммаларды пайдалануда сабақтас құқық объектілерін заңсыз пайдалану деп орындаушылардың құқықтары н бұзуды айқындайды(«Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР-ның Заңының 37 бабының 2 тармағы). Яғни бұл құқық бұзушылыққа бұрын жазылмаған орындауды немесе қойылымды жазу, орындау немесе қойылым жазбасын орындаушы келісімнсіз ойнату(«Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР-ның Заңының 37- бабының 3 тармақшасынан басқа).
Фонограмманы жасаушы құқықтың объектілерін заңсыз пайдалану деп фонограмма жасаушының келісімінсіз келесі әрекеттерді пайдалану жатады:
8 фонограмма таралымдарын тарату: сату, өткізу және прокат т.с.с;
9 тарату мақсатымен фонограмма таралымдарын импортқа шығару.
Фонограмма таралымдрын импортқа шығару жөніндегі фонограмма жасаушының құқығы келесі екі жағдайда көрініс табады:
1 егер фонограмма таралымдары Қазақстанға енгізіп, осы жерде таралса, онда оларды тарату тарату құқығына түседі;
2 егер фонограмма таралымдары Қазақстан шекарасына оларджы тарату үшін енгізіліп, бірақ таратылмаса, онда бұл әрекеттер фонограмма жасаушылар рұқсатымен жүзеге асуы тиіс.
Аталған баптың бірінші бөлігі жауапкершілікті келесі жағдайларға қарастырады:
10 авторлықты иемдену;
11 авторлас болуға мәжбүр ету.
Қылмыстың объективтік жағының екінші белгісі болып авторлықты иемденіп алу табылады. Бұл жерде бөтен тұлғаның туындысын толық көлемде немесе жартылай өз атынан шығаруы (плагиант); авторлас кезінде басқа тұлғаның аты- жөнін көрсетпей, туындыны өз атымен шығару; өз шығармашылық еңбектерінде басқа авторлардың туындыларын сол авторға сілтеме көрсетпей пайдалану.
Бейнекассеталар түріндегі бейне туындыларды жасауда авторлық құқықтың осындай объектілеріне қатысты авторлықты иемденіп алу болмайды. Себебі, контрафактілі бейне кассеталарды жасаушы тұлға әрқашан белгілі бір тұлғаның(құқық иеленушінің) құқығы болып табылатын бейне туындыны көшіреді. Сондықтан бейне қарақшылық авторлықты өзіне иемдене алмайды.
Контрафактілі бейне өнімді таратушы тұлға авторлықты иемденбей,керісінше, шынайы атын, өзінің қылмыстық ниетін жасыру немесе контрафактілі тауарды белгілі құқық иеленушінің арнайы рұқсаты бар туынды ретінде көрсету мақсатымен бейнекассеталар ды, беткі қабын, фирманың тауар белгісін , тіпті голограммаларын жалған етуі мүмкін.
«Авторлықты иемдену деп белгілі бір еңбекте өзінің шығармашылық үлесін қоспаған тұлға өзін басқа тұлғамен жасалған әзірлеменің авторы деп есептеуін айтады».(5) бейне туындыны жасау кезінде авторлықты иемденіп алу теориялық жағынан бір ғана жағдайда мүмкін. Мысалы, 10 таралымда бейне компания бейнефильм шығарып, бірақ белгілі себептер бойынша оны таратпады делік. Қандайда бір бейнеқарақшы бұл фильмнің бір таралымын ұрлап немесе оны көшіріп алып, кейіннен оны көп таралымда басып шығарып, титрларында өзінің атын жазады. Бұл жерде, әрине, авторлықты иемденіп алу (плагиант) болады, бірақ тәжірибеде мұндай жағдайлар жоқ.
Контрафактілі бейнетуындыларды анықтау, егер авторлық құқық әрекетін ҚР ҚК –нің 184- бабының объективтік белгісін дәрежелеуге жатқызса, онда авторлық құқық объектілерді пайдалану бейнетуындылардың контрафактілік даналарын таралымға жіберу және (немесе) сату түрінде жүргізіледі.
Авторлық құқықты беру әрқашан жазбаша түрде бекітілген авторлық келісімшарт бойынша жүргізілетінін білу маңызды(«Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР-ның Заңының 32- бабы 1 тармағы). Сондықтан тергеу (алдын ала тергеу) барлық жағдайларда қылмыстық іске авторлық келісім- шартты тігіуі керек. Авторлық келісім- шартта келесі жағдайлар қарастырылады:
а) автор айрықша авторлық құқықты құқық иеленушіге береді;
б) автор айрықша емес құқықты береді.
Осы жағдайларда айрықша авторлық құқық кез келген үшінші тұлғалардан бұл құқықты қорғау мүмкіндігін береді. Ал айрықша емес авторлық құқық талаптарды тек келісілген әріптестерге ғана қоя алатындығын ескеру қажет. Сонымен айрықша құқық- шексіз құқық, ал айрықша емес авторлық құқық- қатысты(міндетті) құқық.
Авторлық келісім- шарт жағдайларын қылмыстық істің нақты жағдайларынмен (туындыны пайдалану тәсілдері, авторлық құқықты беру көлемі, мерзімі, оларды пайдалану т.б.) салыстыру жолымен тергеу (алдын ала тергеу) авторлық құқықтың айрықша объектілері заңсыз пайдалану фактілерін анықтауы керек. Осыған байланысты келесі бес жағдай маңызды болып табылады:
1 авторлық келісім- шартта авторлық құқықтың жүзеге асырылу территориясы туралы көрсетілмесе, онда келісім- шарт бойынша берілетін құқықтық әрекет ҚР территориясымен шектеледі;
2 авторлық келісім- шартта авторлық құқық берілетін мерзімі анықталмаса, келісім- шарт қол қойылған кезден бастап, егер қолданушы келісім- шарт бұзылуы туралы 6 ай бұрын ескертілсе, онда 5 жылдан кейін бұзылады.
3 Авторлық келісім – шарт бойынша туындыны пайдаланудың барлық құқығы тура берілмесе, онда берілмеген болып есептеледі;
4 Авторлық құқық бойынша берілген құқықтар, егер келісім- шартта тура көрсетілсе, басқа тұлғаларға толықтай немесе жартылай берілуі мүмкін.
5 Авторлық келісім- шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе дұрыс орындамаған жақ басқа жаққа келітірілген барлық шығын мен жоғалтып алған пайдасының орнын толтыру керек «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР-ның Заңының 34- бабының 1 тармағы).
Практикадан қарағанда теориялық түрде авторлық құқықты, сондай- ақ «өңдеуші – режиссерлердің» құқықтарын құқық иеленушілердің өздері де бұзады. Мысалы, өңдеуші- режиссер әрқашан бір уақытта бейнетуындының әрі авторы немесе қосалқы автор(кітап бойынша туындылардан бейнетуынды жасауда) болып табылуы мүмкін және ол айрықша авторлық құқықты бейнекомпонияға 3 жыл мерзімге Қазақстан шекарасында ғана бейнетуындыны тарату талабымен береді. 5 жылдан кейін авторлар мен қосалқы авторлар олар жасаған бейнетуындыны Болгарияда,Ресейде көрсетіліп, онымен қоймай бейнетуынды аударылғанын(дубляждалған) біледі. Авторлар шетелде өз туындыларының көрсетуге рұқсат бермегендіктен, қазақстандық бейнекомпания шетел фирмасына бейнефильмды таралымға беруге ресми құқық берді ме, әлде жоқ па, осы сұрақты анықтау ғана қалады. Егер Қазақстан бейнекомпаниясы бұл бейнефильмді көрсетуге дегенмен өзінің ресми рұқсатын берсе, онда ол- авторлық құқықты бұзушы. Егер мұндай жазбаша рұқсат берілмесе, онда авторлық құқықты бұзушы- шетел фирмасы.
Келесі залал келтіру түрлерінің болуы кезінде қылмыс аяқталған деп есептеледі:
12 Авторға немесе басқа құқық иеленушіге келтірілген залал;
13 Авторға немесе басқа құқық иеленушіге келтірілген зиян.
Автор болып оның шығармашылық еңбегімен туынды жасалған жеке тұлға танылады.
«Үлкен шығын болып 100 айлық есептік көрсеткіштерден асатын сомадағы шығын табылады. Маңызды зиян оның мөлшерімен, сипатымен, сондай- ақ жәбірленуші үшін бағалы болып табылатын мінезімен анықталады. ҚР ҚК-нің 184- бабының бірінші тармағында көрсетілетін қылмыс құрамы материялды болып табылады».(6)
Аталған баптың екінші тармағы жауаптылықты келесілер үшін қарастырады:
14 Авторлық құқық немесе сабақтас құқықтың объектілерін заңсыз пайдалану;
15 Туындылардың немесе фонограммалардың контрафактілі даналарын сатып алу;
16 Туындылардың немесе фонограммалардың контрафактілі даналарын тасымалдау;
17 Туындылардың немесе фонограммалардың контрафактілі даналарын дайындау.
Авторлық немесе сабақтас құқықтың объектілерінің контрафактілі данасы- бұл ҚР ратификациялаған халықаралық келісім- шарт немесе Заң ережелерінің күшіндегі авторлық және сабақтас құқықтарды бұзғандығымен ұштасатын туындылар, жазып алыған орындаулардың,
ҚР ҚК-нің 184- бабының екінші тармағында көрсетілген іс- әрекет үшін жауапкершіліктің болуының қажетті жағдайы болып аталған әрекеттерді үлкен мөлшерде жасалуы тиістілігі табылады. Егер интеллектуалдық меншік объектілерін пайдалануға құқық бағасы 100 айлық есептік көрсеткіштен асса,онда үлкен мөлшер деп танылады.
Аталған баптың үшінші тармағы, егер екінші тармақта көрсетілген әрекет келесідей жасалса, қолданылады:
18 бірнеше рет;
19 адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен жасалса;
20 ірі мөлшерде немесе ірі мөлшерде шығын келтірілсе;
21 өз қызмет бабын пайдаланған тұлғамен жасалса.
Бірнеше рет жасалғн деп осы баппен көрсетілген қылмыстық әрекетті екі немесе одан да көп рет жасауы түсіндіріледі. Ірі мөлшердегі шығын деп, егер ол бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асса, саналады. Аталған әрекеттерді ірі мөлшерде жасау деп, егер интеллектуалдық меншік объектілерін пайдаланудағы құқықтың құны немесе туындылардың немесе фонограммалардың даналарының құны бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асса, саналады(7).
Қылмыс құрамы формальды болып табылады.
Қылмыс субъектісі болып есі дұрыс, 16- ға толған тұлға танылады,
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей қасақаналықпен сипатталады. ҚР ҚК- нің 184- бабының екінші тармағымен қарастырылған қылмыс құрамының міндетті белгісі туындылар немесе фонограммалардың контрафактілік даналарын өткізу мақсаты болып табылады.
ҚР ҚК –нің 184- бабының 2 тармағымен қарастырылған қылмыстың белгілері: бірнеше рет жасалуы, алдын ал сөз байласқан топпен жасалуы- тергеушілер үшін қиындық туғызбайдығ, себебі бұл белгілер біздің Қылмыстық кодекс үшін типтік және олардың сипаттамасы мәні бойынша басқа қылмыс құрамынан еш айырмашылығы жоқ. Бағдарламаларды, фонограммаларды, фильмдерді заңсыз таралымға жіберуші тұлғалар және осы өнімді жүзеге асуымен айналысатын , сондай- ақ контрафактілі даналарға қап, этикетка жасайтын тұлғалар- бұлардың барлығы қосымша орындаушылар болып табылады, себебі олар өз әрекеттерімен қылмыстың объективтік жағын құрайды. Бұл қылмыстарда қосалқы субъектілер болып , егер бұл жағдайда топтың барлық мүшелері бір қылмыстылық мақсатпен әрекет еткен және міндеттерді өзара бөлісіп алған ұйымдасқан топтың әрекеті екені дәлелденбесе, осы мақсат үшін техника, көлік, өзінің сауда орнын берген азаматтар танылады.
1.2. Авторлық құқықты бұзумен байланысты қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы.
Қылмыскер тұлғасының криминологиялық сипаттамасының проблемасы криминология мен криминалистикада біріккен нақты мәліметтерді бағалау маңыздылық деңгейінде оны оқып үйренумен қатар, қылмыскер тұлғасының қылмыстық- құқықтық сипаттамасының, зерттеу объектілерді мінездейтін статистикалық мәліметтерінің қорытындылауын талап етеді.
Құқық бұзушылардың қарапайым модельдерін құру, бұл адамдардың жалпы белгілерін зерттеу қылмыскерді іздестіруді жүргізуде тұлғаларды табу процесін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Авторлық құқық пен сабақтас құқықтың бұзылуы жөніндегі істер бойынша шетел және отандық соттық- тергеу пактикасын , сондай- ақ ҚР ҚК –нің 184- бабына сәйкес қозғалған қылмыстық іс материалдарын зерттегенде айыпталушының ( күдіктінің) жеке басын сипаттайтын келесі мәліметтерді айқындады. Жағдайлардың абсолюттік көпшілігінде (80 %) бұл 18-30 арлығындағы жас мөлшеріндегі ер адамдар. Жас мөлшері үлкен тұлғалар, әдетте, қылмыстық топ құрамдарына кіреді. Аталған тұлғалар, әдетте, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерде есепте жоқ, көпшілігі бұрын сотталмаған, бірақ осыған ұқсас, ҚР ҚК-нің әртүлі баптар (ұрлық, т.б.) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғалар да бар.
Көп жағдайларда аталған тұлғаларда тұрақты жұмыс орындары болмаған, сол себепті олар белгілі тұлғамен контрафактілік компьютерлік компакт- дискілерді сатумен және қорғаумен байланысты жұмысты орындауға келісім- шартқа отырады. Тергеу барысында жүзеге асырылған өнімнің контрафактілік екенін олар біле ме,әлде жоқ па деген сұраққа жауап берушілер, әдетте бұл жағдайды жоққа шығарады,ал кейбіреулерінің ойынша, аталған өнімді, соның ішінде контрафактілік сипаттағы өнімді сату қылмыстық әрекет емес, тек әкімшілік жауапкершілікті ғана қарастырады.
Көп жағдайда контрафактілік тауарды жүзеге асырушы аталған өнімнің сипатын, әсіресе, оның белгілері бойынша, сондай- ақ сәйкес тауардың нағыз бағасы бойынша таниды. Контрафактілік өнімді (компакт- дискілерді) жүзеге асыру түріндегі авторлық құқық пен сабақтас құқықты бұзу фактілері бойынша тергеу жүргізілген тұлғалардығң көбі жергілікғті тұрғындар болып табылады, яғни олар нәтижесінде қылмыстық әрекет жасаған қалаларда, қала типтік жерлерде тіркеуде болған. Аталған тұлғалардың ішінде ауылды жерлердің тұрғындары көп кездеспейді. Бұл контрафактілі өнімді өткізу орындары болып, әдетте, қалалық тұрғын жерлерде,көп жағдайларда облыстық және (немесе) аудандық орталықтарда сауда орындары болып табылады.
Компьютерлік компакт- дискілерді жүзеге асыру бойынша жұмыс техникаға қатысты салада қарапайым білімнің болуын талап етуін ескере отырып (мысалы, сатып алушыға кеңес беру қажеттілігі кезінде), қылмыстық істің материалдарын зерттеу кезінде біз аталған тұлғаның пайда болу сипаты мен деңгейіне көңіл бөліп қарадық. Контрафактілік өнімді жүзеге асырушылар да көп жағдайларда жоғарғы немесе аяқталмаған жоғарғы білімі бар, немесе жоғарғы оқу орындарында техникалық мамандар бойынша іштеі және сырттай бөлімдерде оқиды, немесе орта мамандықта техникалық білімі бар.
Жұмыс және оқу орындары бойынша тұлғалар негізінде жақсы мінезделеді: мысалы, оқушыларда, студенттерде көрсетілген анықтамалар бойынша оқу жөнінде академиялық қарызы, немесе әкімшілік жақтан ешқандай талабы жоқ. Бірақ тергеу сұранысы бойынша тұрғын жерден келген жауптар көп жағдайда формальды болады, яғни онда тұлға аталған мекен- жай бойыша тұратындығы және оған қатысты көршілерден ешқандай шағымы жоқ екендігі көрсетіледі. Тергеу нәтижелерін бағалау кезінде осы категориядағы қылмыстық істер бойынша куәгер, күдікті,айыпталушы тұлғалар туралы мәліметтерді тергеумен іздеу оңтайланбайды.
Қылмыстық істер материалдарының көпшілігініде жауап беруші контрафактілік өнімді жүзеге асырушылардың кәрсетілімі бойынша қарасақ, олардың көпшілігі осындай жұмыстарға негізінен, тауар иеленушілермен отбасы және жеке қажеттіліктер үшін демалыс уақыттарында ақша табу мақсатымен ауызша келісімге отырады екен.қылмыс істеріне қарасақ, кғөп жағдайларда қылмыстық топ құрамына туыстары- әйелі немесе зейнеткер ата- аналары, ағасы, апайы; кәмелетке толмағандар және еңбек қабілеттілігі жоқтар кіреді. Қылмыскерлер контрафактілі өнімді алдымен арзан бағамен сауда орындарынан, қоймалардан аз мөлшерде (20-30 д аналар) алып,осындай сауда орындарында көтерме бағалармен сатады. Нәтижесінде, егер базарларда жүзеге асырса, сатушылар сауда орындарына бір реттік билет алады.
Интеллектуалдық меншікке қарсы ұымдасқан қылмыс түрлеріне ( ұйымдасқан қылмыс ретінде) бұл құбылысты сапалы сипаттамасының нәтиже беретін маңызды белгісі ұйымдасу деңгейі болып табылады. А.И.Долгова ұйымдасу деңгейін үшке бөлуді ұсынды. Бірінші деңгейі- ең төменгісі. Қылмыс ұйымдасқан топпен жасалса да, оның ұйымдасуы мен тұрақтылығына қарамастан, онда күрделі құрылым, иерархиясы жоқ және ұйымдастырушылар мен орындаушылар арасында функциялары нақты бөлінбеген. Осындай жеке топтар өзінің қауіпсіздігі бойынша ұйымдасуы жоғарғы деңгейлі топтардағы басқа қылмыстық құрылымдарға тез арада өз орнын береді.

- Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары
- Автороведческое исследование письма
- Автор пьесы Чехов. Анализ его творчества
- Авторская колонка Нины Чегевари
- Авторская концепция построения системы оплаты труда работников образования в Кировской области
- Авторская программа на радио
- Авторская программа на телевидении
- Авторитет руководителя – как элемент управления
- Авторитет руководителя – как элемент управления
- Авторитет руководителя организации
- Авторитет учителя и его значение в процессе воспитания школьников
- Авторитет учителя педагогический феномен
- Авторлық құқық
- Авторлық құқық