Авторлық құқық

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігі

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

 

 

 

Факультет: Менеджмент және халықаралық коммуникация                                    факультеті

Кафедра: Халықаралық Коммуникация

Мамандық: 5В050504 «Журналистика»

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

 

 

Тақырыбы: Авторлық құқық

 

 

 

 

 

Орындаған 217 топ студенті: Оразаева Т.Н.

Тексерген аға оқытушы: Жабаева  А.Н.

 

 

 

 

Алматы, 2013 жыл

 

 

ЖОСПАР:

 

 

 

КІРІСПЕ.......................................................................................................3-5бет 

1.Творчестволық қызмет және оны ұйымдастырудағы азаматтық құқықтың ролі.............................................................................................................6-13бет 

1.1.Творчестволық қызмет оның ұғымы және мәні................................6-7бет  

1.2. Авторлық құқықтың түсінігі және  мәні.........................................7-11бет 

1.3. Авторлық құқықтың принциптері және негізгі категориялары..11-13бет 

 

2. Автор құқықтар және оларды қорғау...............................................14-20бет 

2.1. Автор құқығы, оның мазмұны және іске асуы.............................14-15бет 

2.2. Автордың мүліктік және мүліктік емес құқықтары.....................15-17бет 

2.3Авторлық құқықты қорғаудың негізгі әдістері және қорғау органдары................................................................................................17-20бет

Қорытынды..............................................................................................21-22бет 

Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................23бет 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың  өзектілігі: Біздің елімізде шығармашылық жұмыстармен айналысуға толықтай кепілдік берілген. Ол Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы Конституциясының 20-бабында: «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады» деп айқын тұжырымдалған.[1] Өйткені, Қазақстанда авторлық құқық бұзушылық орын алуда. Сол қателіктерді болдырмау барысында осы заңды қолданысқа енгізді. Көбінесе бұл заң шығармашылықпен айналысатын адамдарға қажет және өз құқықтарын заңды түрде қорғай алады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде мүліктік қатынастар теңдігі тайға таңба басқандай айқын көрініс тапқан. Мұнымен қоса азаматтық заңнамалардың негізгі принциптері, олармен реттелетін қатынастардың теңдігі, кез келген меншік түріне қол сұқтырмау, келісімдердің еркіндігі, азаматтардың жеке ісіне араласуға жол бермеу, азаматтық құқықтардың кедергісіз жүзеге асырылуын, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету немесе сот арқылы қорғау зор маңызға ие. Осы орайда ТМД елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев бекіткен «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының заңына дүниежүзілік санаткерлік, меншік саласының аса білгір сарапшылары мен мамандары зор құрметпен қарауы — қазақстандықтар үшін айрықша мәртебе екендігін мақтаныш сезіммен айтқан лөзім.[2] Біз қоғам өміріндегі, сондай-ақ ғылымның, әдебиеттің және өнердің барлық саласындағы қозғаушы күш — шын мәніндегі шығармышылық екенін түсінуге және жантәнімізбен сезінуге тиіспіз. Осы салаға деген көзқарасымыз арқылы қоғамның өркениеттілік деңгейі сигатгалады. Осыған сәйкес санаткерлік еңбектің баршасының негізі авторлық тұлгаға тәуелді екенін атап өткен жөн.

Мақсат-міндеттері: Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының авторлық құқық мәселесін қарастыра отырып тақырыпты ашу.

Осы мақсаттарға қол  жеткізу үшін келесі міндеттер қойылды:

- Авторлық құқықтар  туралы мәліметтер жинақтай отырып, тақырыпты ашу,

- авторлық құқықтың  түрлерін анықтау,

- авторлық құқықтың принциптерін және негізгі категорияларын анықтау т.б.

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында 1998 жылы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға иелік құқығын мемлекеттік тіркеудің Ережелері» және «Туындыларды және сабақтас құқық нысандарын пайдалану үшін жасалған лицензиялық шарттар мен келісімдерді мемлекеттік тіркеуге алу Ережелері» сияқты екі бірдей нормативтік құқықтық кесімдер қабылданды.[3]

Соңғы жылдары Авторлық құқықтар жөніндегі комитет нормативтік  құқықтық база құру бойынша айтарлықтай  жұмыстар жүргізгенін айтқан ләзім. Жоғарыда атап өткен заң жобаларын, және  де нормативтік құқықтық кесіндерді әзірлеу жөніндегі барлық ұсыныстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Комитеттің бастамасымен енгізілген болатын. Парламент Мәжілісі депутаттарымен бірлесе отырып Комитет санаткерлік меншікті қорғап, оны еркендетудің «Тұжырымдамасын әзірлегенін де еске сала кетудің артықшылығы жоқ.

Мемлекетімізді, әлеуметтік-экономикалық жағдайды дамытуға байланысты жүріп  жатқан реформалар қоғамдық қатынастардың  өзгеруін, ең алдымен құқықтық қатынастардың, оның ішінде авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласын жаңаша бағалауға және құруға бағытталды. Өйткені Қазақстан Республикасының ұлттық заң кесімдерінен өзге авторлық құқық және сабақтас құқықтардың республикадағы заң негіздері халықаралық шарттардан құралатындығын естен шығармауға тиіспіз. Бүгінгі таңда Қазақстан үш бірдей авторлық құқықтар жөніндегі халықаралық Конвенсияға мүше болып табылады.

Зерттеу объектісі: Авторлық құқық шығармашылықпен айналысатын тұлғалардың басты қаруы болмақ. Шығармашылықтың сан алуан түрлері бар. Осы курстық жұмыстың тақырыбы «Авторлық құқықты» қарастыра отырып, қамтитын аумағын, яғни, объектісін зерттеу. Творчестволық қызмет, яғни шығармашылық қызмет ғылым, техника, әдебиет, дизайн, таурлық белгілерді жасауда және т.б. салаларда жүзеге асырылады.  Творчестволық қызметтің маңызы орасан, өйткені ғылым мен техника қоғам мүддесіне орай табиғаттың байлықтары мен күштерін пайдалануға мүмкіндік береді. Ал әдебиет пен өнер адамның рухани байлығын қалыптастырып, оның эстетикалық деңгейін арттырады.

Бүгінгі таңда, Қазақстан  Республикасы әлеуметтік-экономикалық жаңарудың жаңа сатысына қадам жасауда. Ұлттық экономикамыздың дамуындағы осы кезеңнің негізгі міндеттері Елбасының 2006 жылдың 18-ші қаңтарындағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» халыққа жолдауында айқындалған. Онда, «өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл — жекеменшік институты мен келісім-шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика» деп атап өтілген. Бұл маңыздылық, халық шаруашылығы салаларының инновациялық жүйеге бағдарланып, дамуын талап ететіні сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Творчестволық қызмет және оны ұйымдастырудағы азаматтық құқықтың ролі

1.1. Творчестволық қызмет оның ұғымы және мәні

 

     Творчестволық қызмет, яғни шығармашылық қызмет ғылым, техника, әдебиет, дизайн, таурлық белгілерді жасауда және т.б. салаларда жүзеге асырылады.  Творчестволық қызметтің маңызы орасан, өйткені ғылым мен техника қоғам мүддесіне орай табиғаттың байлықтары мен күштерін пайдалануға мүмкіндік береді. Ал әдебиет пен өнер адамның рухани байлығын қалыптастырып, оның эстетикалық деңгейін арттырады.

  Енді творчестволық қызметке анықтама бере кетейік. Творчестволық қызмет деп ғылым, техника, әдебиет немесе өнер саласында жаңа, творчестволық өзіндік нәтиже жасап шығуды атаймыз.  Мұндай қызметті өндірімді қызмет дейді. Мысалы жаңа бағдарламалық өнім жазып шығарған программа әзірлеушінің еңбегі осының қатарына жатады. Осыған байланысты қазіргі компьютерлердегі операциялық жүйені жасап шығарушы «Майкрософт» фирмасының президенті әлемдегі ең бай адамдардың көшбасшысы болып отыр.

   Творчестволық қызметтің нәтижелерінің бәрінің азаматтық құқық инстиуттарының авторлық құқық, өнертапқыштық құқығы, өндірістік үлгіге арналған құқық тәрізді салаларында бекітілген өзіндік ерекшеліктері болады.

Азаматтық құқық  тікелей творчестволық, ғылыми-техникалық, әдеби немесе басқа қызметтерді  реттемейді. Ғылыми-техникалық және көркем шығармашылық процессі оның нормаларынан тыс қалады.

Азаматтық құқық авторлықты танып, олардың құқықтық режимдерін белгілейді, авторларды материалды және моральды ынталандырып және олардың құқықтарын қорғауды жүзеге асырады.  Авторлық құқық нормалары қоғамымыздың мәдени деңгейінің өсуіне, сонымен қатар авторлардың мүдделерін қорғауға бағытталған.  Өз кезегінде өнертапқыштық құқық, өндірістік үлгіге арналған құқық ғылыми-техникалық прогрестің жеделдеуін, өндірістің тиімділігін арттыруға және өнім сапасы мен оның бәсекелестігін ұлғайта түседі.         

Авторлық құқық ең алдымен шығарманың формасын қорғаса, ал өнертапқыштық құқық оның мазмұнына мән береді. Бірақ бұл екеуі ұқсастығы бар болғанымен өз алдына бөлек құқық тармақтары деуге келеді.

 

1.2. Авторлық құқық түсінігі және  мәні

 

Авторлық құқық — программалық бұйымды әзірлеуге қатысты автордың құқықтық жағдайын анықтайтын заң шығаратын нормалар жиынтығы. 
          Авторлық құқық ғылым, әдебиет, өнер шығармаларын шығару және пайдалануға байланысты қатынасты реттейтін азаматтық құқық тарауы; ол ұлттық құқық пен авторлық құқықты қорғау жөніндегі халықаралық конвенциялармен реттеледі.[4]

Ғылым, әдебиет және өнер шығармаларын жасаумен және пайдаланумен (басып шығару,орындау және т.б.) байланысты қатынастарды реттейтін азаматтық құқық бөлімі. Авторлық құқықты қорғау жөніндегі ұлттық құқықпен және халықаралық конвенциялармен реттеледі. Құқықты калпына келтіру, сондай-ақ келтірілген залалды өтеу туралы талап арыздың көмегімен, бұзылған құқықтарды қорғау, сотта істі қарау тәртібімен жүзеге асырылады.[5]

Авторлық құқық-азаматтық құқықтың бір институты. Авторлық құқық реттейтін мүліктік және мүліктік емес қатынастар әдебиет, ғылым және өнер туындыларын шығару және қолданумен байланысты. Авторлық құқық жеке институт ретінде белгілі бір мәселелерді реттейді, оған мүліктік, мүліктік емес құқықтар және автордың заңды мүдделерін толықтай қорғау, ғылыми және көркем туынды шығару үшін құқықтық әдістерді пайдаланып жағдай жасау, туындының қоғамда кең қолданылуы жатады.

   Объективті мағынада авторлық құқық дегеніміз ғылым, өнер, әдебиет туындыларын шығару және қолдануға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Субъективті мағынада авторлық құқық дегеніміз ғылым, өнер, әдебиет туындысын шығарған адамның мүліктік және мүліктік емес қатынастары.

Тең авторлар: Екi немесе одан да көп адамның (тең авторлардың) бiрлескен шығармашылық еңбегiмен жасалған туындының авторлық құқығы, мұндай туындының бөлiнбес бiртұтас болуына немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие бөлiмдерден тұратындығына қарамастан, тең авторларға тиесiлi болады.

Егер туындының бiр  бөлiгiн осы туындының басқа  бөлiктерiне қарамастан пайдалану мүмкiн  болса, бұл бөлiгi дербес мәнi бар  туынды деп танылады.

Егер тең авторлар арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, олардың әрқайсысы туындының  дербес мәнi бар өзi жасаған бөлiгiн өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.

Тұтас алғанда туындыны пайдалану құқығы тең авторларға ортақ. Тең авторлардың өзара  қатынастары олардың арасында жасалған келiсiм арқылы белгiленуi мүмкiн. Егер тең авторлардың туындысы бөлiнбейтiн  бiртұтас дүние болса, тең авторлардың бiр де бiрiнiң туындыны пайдалануға жеткiлiктi негiздерi болмайынша тыйым салуға құқығы жоқ.

Тең авторлардың әрқайсысы  өз атынан, соның iшiнде, басқа тең  авторлардың рұқсатын алмастан, егер олардың арасында келiсiммен өзгеше көзделмесе, өз құқықтарын қорғауға байланысты осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген шараларды қолдануға құқылы.

Құрамдас туындыларға авторлық құқық: Жинақтың және басқа да құрама туындылардың авторына (құрастырушысына) шығармашылық (құрастырушылық) еңбек нәтижесi болып табылатын материалдарды iрiктеудi немесе орналастыруды жүзеге асырғандығы үшiн авторлық құқық берiледi.

Құрастырушының өзi құрама туындыға енгiзiлген әрбiр туынды авторларының құқықтарын сақтаған жағдайда авторлық құқықты пайдаланады.

Егер авторлық шартта өзгеше көзделмесе, құрама туындыға енгiзiлген туындылардың авторлары өз туындыларын  құрама туындыға қарамастан пайдалана  беруге құқылы.

Құрастырушысының авторлық құқығы басқа адамдардың сол материалдарды басқа құрама туындылар жасау үшiн дербес iрiктеуiне немесе орналастыруына кедергi жасамайды.

Энциклопедияларды, энциклопедиялық  сөздiктердi, мерзiмдi және шығуы жалғаса  беретiн ғылыми еңбектер жинақтарын, газеттердi, журналдарды және басқа  да мерзiмдi басылымдарды жарыққа шығаратын баспагерге мұндай басымдарды тұтас пайдалануға айрықша құқық берiледi. Баспагер мұндай басылымдарды кез-келген жағдайда пайдаланса да өзiнiң атауын көрсетуге немесе оны көрсетудi талап етуге құқылы.

Мұндай басылымдарға енгiзiлген туындылардың авторлары жалпы басылымға қарамастан өз туындыларын пайдалануға айрықша құқықтарын сақтап қалады.

Туынды шығармаларға авторлық құқық: Аудармашыларға және басқа да туынды шығармалардың авторларына өздерiнiң жасаған аудармасына, қайта жасағанына, музыкалық әуендерден немесе басқа да өңдеуден өткiзгенiне авторлық құқық берiледi.

Аудармашы және басқа  да туынды шығарма авторы өзi аударатын, қайта жасайтын, музыкалық әуендейтiн  немесе басқа да өңдеуден өткiзетiн  туынды авторының авторлық құқығын сақтаған жағдайда өзi жасаған туындыға авторлық құқықты пайдаланады.

Аудармашылардың және басқа  да туынды шығарма авторларының авторлық құқығы сол туындыларды өзге адамдардың аударуына және өңдеуiне кедергi болмайды.

Авторлық  құқықтың объектілері мен субъектілері. Авторлық құқық объектілерінің басым бөлігін әдеби шығармалар құрайды. Ой, сезім, идея және образ сөз арқылы берілгендіктен, бұл шығармалар ерекше болып келеді.

 Әдебиет шығармаларымен  қатар өнер тундыларын да бөліп  көрсетуге болады. Олар: музыкалық, хореографиялық, бейнелеу өнерінің шығармалары, кинофильм, телефильм және т. б.

   Музыкалық шығармалар  ырғақпен байланысқан әуенді  құрайтын дыбыстар арқылы көрініс  табады. Олар оратория, симфония, соната, квартет және т. б. форма  түрінде болады. Музыкалық шығармалармен қатар музыкалық-драмалық шығармалар да бар. Олар әдеби-драмалық негізге (либретто) сүйеніп, сахнада опера, балет және оперетта түрінде көрініс табады. Композитор музыкалық шығармаларды ерекше белгілермен жазады.

   Пантомима және  хореографиялық шығармалар адам денесінің икемді қимылдары арқылы жасалады. Музыкамен бірге хореография  музыкалық-сахналық туындыны құрайды.

   Бейнелеу өнері  туындыларының қатарында кескіндеме, мүсін өнері, графика, қолданбалы  сәндік өнер, сурет және т.б.

   Авторлық құқықтың объектілеріне жататын архитектуралық туындылар инженерлік өнердің, бионика, кескіндеме, мүсін, ғылым, архитектура синтезі болып табылады. Бұл туындыларда ғылым, техника, өнер біріктірілген.

Заң әдебиетттерінде  авторлық құқық тек архитектура  өнерінің материалдық тасушысын ғана қорғайды деген пікір қалыптасқан. Бұл даулы мәселе, өйткені авторлық құқық идея мен образды да қорғайды.

Кинематографиялық туынды кино түсіру үшін көптеген шығармаларды қамтиды. Мысалы, сценарий, жоспарлар, диктор тексті, өлең текстері, кинофильмдер және т. б. Кинотелевизиялық фильмнің материалды тасушылары-пленка, видеокассета, видеодисктер т. б.

Осыған дейін тек  түпнұсқа туындылар туралы айтылды. Түпнұсқа туындыларының негізінде  жасалған тәуелді шығармаларды да заң  қорғайды. Бұл туындылар-аудармалар қайта жасау нәтижесінде пайда болады. Әдеби, ғылыми және көркем шығарманың аудармасы дербес туынды болып табылады. Авторлық құқық объектілерінің қатарына заң аударманы да қосып, оны басқа туындыларды сияқты қорғайды. Егер де аудармашы шығарманы «сөзбе-сөз» аударса, бұл аударма авторлық құқық объектілеріне жатпайды. Егер де бір аудармашы белгілі бір туындыны автор немесе оның мирасқорының келісімімен аударса да, бұл екінші аудармашының сол туындыны аударуына кедергі келтірмейді.

Авторлық құқық объектілеріне  шығармалар жинақтары да жатады. Бұл  жинақққа белгілі бір автор еңбегі болмайтын туындылар да кіреді (заңдар, сот шешімдері және т. б.).[6]

Жоғарыда айтылғандарды  қорытындылай келе, авторлық құқық  объектілері мыналар болып табылады:

1) әдеби туындылар  (әдеби-көркем, ғылыми, оқу, публицистикалық  және т.б.);

2)   драмалық және  музыкалық-драмалық туындылар;

3)   сценарийлік  туындылар;

4)   хореография  және пантомима туындылары;

5)   мәтінді және  мәтінсіз туындылар;

6) аудио-бейне туындылар, (кино, теле және бейне фильмдер,   диафильмдер және басқа кино, теле туындылар), радио туындылар;

7) кескіндеме, мүсін, графика  туындылары мен басқа да бейнелеу  өнерінің туындылары;

8)  қолданбалы өнер  туындылары;

9)  сәулет, қала құрылысы  және бау-саябақ өнері тундылары;

10) фотосурет туындылары  және фотосуретке ұқсас әдістермен  алынған туындылар;

11) географияға, топографияға  және басқа ғылымдарға қатысты  карталар,  жоспарлар, эскиздер, безендірмелер  мен үш өлшемді      туындылар;

12) ЭЕМ-ге арналғн бағдарламалар;

13)ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау ЭЕМ-ге арналған бағдарламалардың (соның iшiнде операциялық жүйелердiң) бастапқы мәтiн мен объектiлiк кодты қоса алғанда, кез-келген тiлде және кез-келген нысанда жасалуы мүкiн барлық түрiне қолданылады.

14) өзге де туындылар;

                               Авторлық құқық объектілеріне, сондай-ақ:

15) туынды шығармалар (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар, түйіндеулер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық аранжировкалар және ғылым, әдебиет пен өнер туындыларының басқа да өңделімдері);

16) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және басқа да іріктелу және (немесе) материалдардың орналасу бойынша шығармашылық еңбек нәтижесі болып саналатын құрастырылған туындылар жатады.

Туынды және құрастырылған  шығармалар олардың негізге алынған  немесе оларға енген туындылардың авторлық құқықтың объектілері болу-болмауына  қарамастан авторлық құқықпен қорғалады.

Авторлық құқық объектілері  болып табылмайтын туындылар:

1) ресми құжаттар (заңдар, сот шешімдері, заң шығару, әкімшілік, сот және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтіндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары;

2) мемлекеттік рәміздер  мен белгілер (жалаулар, елтаңбалар,      ордендер, ақша белгілері және  өзге де мемлекеттік рәміздер мен     белгілер);

3) халық шығармашылығының  туындылары;

4) ақпараттық сипаттағы  оқиғалар мен фактілер туралы  хабарлар.

 Авторлық құқық субъектілері  шығармашылық еңбекпен әдебиет, ғылым және өнер туындыларын шығарған тұлғалар болып табылады. Субъективтік авторлық құқық азаматтың жасына, денаулығына, мүліктік жағдайына, шығарманы жарыққа шығарудың орнына байланысты болмайды. Егер шетел азаматының туындысы бірінші рет Қазақстанда шықса немесе белгілі бір объективті формада Қазақстан территориясында болса шетел азаматы Қазақстандық авторлық құқық субъектісі болып табылады.

   Авторлармен қатар,  авторлық құқық субъектілерінің  қатарына әдебиет, ғылым және  өнер туындысын шығару процесіне  қатыспаған тұлғаларды да жатқызуға  болады. Оларды мирасқорлар деп атайды. Мирасқорларға туындыны пайдаланудың белгілі бір құқықтары өтеді. Заң мұрагер мен автор арасында жасалған шарт белгілі бір құқық шеңберінің мирасқорға өтуінің негізі болып табылады. Автормен оның туындыларын пайдалану туралы шартқа отырған мұрагерлер, мемлекет немесе мекемелер (баспалар, театрлар және т. б.) мирасқорлар болып саналады.

   Жоғарыда аталған  тұлғалардың құқықтары автор  құқықтарымен салыстырғанда шеклеулі  болады. Мұрагер мен автор құқықтары  көлемі жағынан ғана емес, пайдалану  мерзімі жағынан да әртүрлі. Мұрагердің авторлық құқығы автор өлгеннен кейін 25 жыл ғана күшінде болады.

 Белгілі бір жағдайларда  ғана мемлекет авторлық құқық  субъектісі болып табылады. Мысалы: авторлық құқықты еріксіз саттырғанда,  туындыны халық игілігі деп  жариялағанда, авторлық құқыққа ие болған заңды тұлғаның жойылуы кезінде.

   Азаматтық заң  негіздері бойынша: энциклопедиялар,  газеттер, журналдар, ғылыми еңбек  жинақтарын және т. б. жарыққа  шығаратын баспалар өздері шығарған  өнімді (кітаптар, журналдар, жинақтар, газеттер және т. б.) пайдалануға құқықтары бар. Сол сияқты кино-телестудиялар фильмді пайдалануға құқықтары бар. Бірақ заң бұл құқықтарды авторлық құқықтар қатарына жатқызбайды. Осыған байланысты заң бойынша авторлық  құқыққа шығармашылық коллектив мүшелері, композитор, суретші, қоюшы-режиссер, оператор және басқа да шығармашылық жұмысшылар ие болады. Өйткені қандай туынды болмаса да белгілі бір азаматтардың шығармашылық еңбектері болып табылады.

 

1.3. Авторлық құқықтың принциптері және негізгі категориялары

 

Қазақстандағы авторлық құқыққа жалпыға бірдей принциптер тән. Еркін шығармашылық принципі автор  қызығушылық танытатын тақырыпқа  болашақ туындының формасын, шығару әдісін, өз туындысын рұқсат етілген әдістермен қолдануға ерік береді. Конституциялық заң шығармашылық, ғылым, өнер және әдебиетті дамытуға негізделген ғылыми-техникалық және көркем шығармашылық еркіндігіне кепіл береді. Автордың жеке мүдделері бүкіл қоғамның мүдделерімен үйлесу принципі Азаматтық кодекстің 983-баптың 1–2 тармақтарында баяндалған. Бұл баптар бойынша жеке қажеттілікті қанағаттандыру үшін автор туындыларын қолдануға болады. Азаматтық кодекстің 983-баптың 2-тармағы бойынша автор туындысын автордың келісімінсіз пайдалану және оған жаңа жеке шығармашылық туынды  шығару үшін, оған дейін шығарған туындысына сыйақы беруге болады.

   Автордың туындыны  шығару және қолдануға моральдік және материалдық қызығушылық принципі. Тәжірибеде моральді мадақтаудың  жеке формалары кездеседі мысалы құрметті атақ беру (еңбек сіңірген әртіс және т.б.) немесе халық қолдауына ие болған туындыларды қайта басып шығару. Ғылым, өнер және әдебиет туындыларының авторларына моральді және материалды мадақтауға әртүрлі мемлекеттік және атаулы атақ беру жатады. Белгілі бір туындыға ұтыс тігу де материалды мадақтаудың бір түрі болып табылады.

   Автордың заңды  мүдделерін және негізгі құқықтарын қорғау принципі тек авторлық құқықтық қатынастарға түсетін адамдардың міндеттері мен құқықтары реттелген, субъективті құқықтардың іске асу кепілін бекітетін мемлекеттік органдардың құзырын анықтайтын нормаларда ғана көрсетілген жоқ. Сонымен қатар, бұзылған авторлық құқықтарды қорғау нормаларында да бейнеленген.

   Ғылым және  көркем шығармашылық саласындағы  қатынастар әртүрлі нормативті актілермен реттеледі, осы актілердің жиынтығы авторлық құқық заңдарын құрайды.

Азаматтық кодекстің 971 бабына сәйкес авторлық құқық әдебиет, ғылым және өнер туындыларына таралады. Шығармашылық әрекетінің басқа нәтижелерінен ерекшеленетін, белгілі бір нышаны бар туындылар ғана құқықпен қорғалады. Бұл нышандар заңның өзінде белгіленген. Ең алдымен туынды шығармашылық қызмет нәтижесі болу керек. Содан кейін оның көшірмесін қамтамасыз ететін объективті нысанда болу керек. Авторлық құқықтың объектісі болып табылатын туынды шығармашылық қызметтің нәтижесінде пайда болады, бірақ тек әдебиет, ғылым және өнер саласына жататын туындылар ғана авторлық құқық объектілері болып саналады.[7]

 Заң әдебиеттерінде жаңа шығарма жасауға бағытталған жеке әрекеттер жатады. В. И. Серебровский бойынша шығармашылық бұл белгілі бір нәтижеге жету мақсаты бар саналы, көп жағдайда көп еңбек сіңіруді қажет ететін процесс. Шығармашылыққа саналы жұмыс және шығарған туындының жаңалығы тән болу керек. Шығармашылық адамның саналы, жеке әрекеті туындыны шығарғанша оның санасында қалыптасады. Туындының болашақ үлгісі түпкі ой өз дамуында бірнеше кезеңнен өтеді. Түпкі ой-арман, түпкі ой-жоспар, болашақ туындының үлгісі, түпкі ойды іске асыру, туындыны шығару. Бір кезеңнен екінші кезеңге өтү шығармашылық процесті құрайды. Әрбір кезеңнің өз ерекшелігі бар. Олар авторға ақиқат болмысты түсініп, оны эмоциялық қабылдаумен салыстыруға көмектеседі. Сонымен қатар, шығармашылық әдістері мен стилі бойынша әртүрлі болады. Жаңалық тек туындыға ғана емес шығармашылық қызметке де тән болады. Автор бірегей туынды шығарған кезде және белгілі бір туындыға негізделіп жаңа туындыны шығарған кезде жаңалық байқалады. В. И. Серебровский бойынша шығармашылықтың элементі жаңалық-жаңа мазмұн, туындының жаңа формасы, жаңа идея, жаңа ғылыми концепция түрінде көрінеді. Шығармашылық әрекеттің жаңалығынан басқа объективті көрініс  тапқан туынды жаңалығы болады. Ол заңмен бекітілген міндетті және жеке белгісі бар ғылыми немесе техникалық шығармашылық нәтижелері. Авторлық құқық объектілеріне байланысты заң жаңалық белгілерін анықтамаған. Заң әдебиеттерінде туындының жаңалығын оның тақырыбы, идеясы, мазмұны және формасымен байланыстырады. Туындының басқа белгісі объективті көрініс. Түпкі ой іске аспағанша қорғау объектісі де болмайды. Оның әдебиет, ғылым, өнер туындыларына белгілі бір құқықтық реттеуді талап етеді. Әрбір шығарма белгілі бір көріну формасын иеленеді. Ол жазбаша, ауызша, қолжазба түрінде, сызу және т.б. Туындыны авторлық құқықтың объектісі ретінде тану үшін заң туындының аяқталуын талап етпейді. Туынды аяқталмаған болса да заңмен қорғалады. Авторлық құқық объектілеріне туындыны шығарған кезде автор пайдаланған эскиздер, жоспорлар және т. б. материалдар жатады. Туынды, оны авторсыз көшіруге болатындай объективті формада болу керек. Егер туындыны авторсыз көшіру мүмкін емес  болған жағдайда,  туынды авторлық құқықтың объектісі болып танылмайды.

 

 

 

 

 

                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Автор  құқықтар және оларды қорғау

 

2.1. Автор құқығы, оның мазмұны және іске асуы

 

Әдебиет, ғылым, өнер туындыларының  авторы келесі құқықтарға ие: Авторлық құқық, тақырып таңдау құқығы, туындыны жариялау және пайдалану, шығармаға қол сұқпаушылық және т. б.

   Ғылым немесе  көркем шығармашылық пен айналысатын  тұлғаның ең негізгі құқығы автор құқығы. Автор құқығы бойынша автор оның туындысын пайдаланған жағдайда авторға сілтеу жасауды талап етуі де мүмкін. Автор құқығы туындының формасына немесе туындының мақсатына байланыссыз сақталады. Туынды басылса да, басылмаса да автор құқығы сақталады.  

Қол сұқпаушылық құқығы туындыны немесе  оның атын өзгертуге тыйым салады. Азаматтық кодекстің 977-бабы бойынша автордың келісімінсіз туындыны суреттермен, алғы сөздермен, қорытындымен, түсіндірумен немесе басқа да анықтаулармен қамтуға тыйым салады. Туындының қол сұқпаушылығының шегі бар. Автор баспамен, театрмен және басқа да мекемелермен шартқа қол қойған кезде мекеме қажетті өзгертулерді енгізуге құқы бар. Редактор немесе режиссер туындыны дамыта отырып, автор идеясын, стилінің ерекшелігін және т. б. өзгертпеу керек. Олар енгізетін өзгертулер автормен келісіліп жасалуы керек.[8]

Заңда бекітілген автор  құқығының қатарында туындыны пайдалану үшін сыйақы беру құқығы да бар. Бұл - мүліктік құқық. Сыйақы шығармашылық еңбекке қарай беріледі. Сыйақы тағайындаған кезде туындының түрін, көлімін, құрылысын есептейді. Ғылыми немесе көркем шығармаға сыйақы әрбір бетке есептеліп тағайындалады. Поэзиялық туындыларға сыйақы әрбір жолына есептеледі. Әдебиет, ғылым және өнер шығармасын жарыққа шығарған кезде автор 100% сыйақыны алады. Әрбір келесі басылымдардың сыйақылары төмендеп отырады. Мысалы, біріншісімен саластырғанда екінші және үшінші басылым үшін 60%, төртінші басылым үшін 30% және т. б. Автор туындыны жариялауы сыйақы алу керектігін білдірмейді. Туынды қоғамға жаққан кезде ғана пайдаланылады.

Заң бар мүмкін әдістерді  пайдаланып, туындыны жариялау, көшіру және таратуға құқық береді. Туындыны жариялау дегеніміз белгілі бір  топқа  туындыны орындау, көрсету, басу, радио, телевидение арқылы және т. б. заңды жолдармен жариялау.

Автордың туындыны көшіру құқы дегеніміз туындының копиясын түсіру немесе басқа да тәсілдер арқылы көбейту. Туындыны жариялау да, көшіру де автормен белгілі бір мекеме (баспахана, театр, киностудия және т. б.) шартқа отыру  негізінде жүзеге асады. Туындыны көшіру туындыны жариялау сияқты автор келісімін талап етеді. Туындыны шарт негізінде пайдаланудың ерекше жағдайлары заңда көрсетілген.

Авторлық құқық