Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары

КІРІСПЕ

 

Біздің  елімізде шығармашылық жұмыстармен  айналысуға толықтай кепілдік берілген. Ол Қазақстан Республикасының Негізгі  Заңы Конституциясының 20-бабында: «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады» деп айқын тұжырымдалған [1; 20-бап]. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде мүліктік қатынастар теңдігі тайға таңба басқандай айқын көрініс тапқан. Мұнымен қоса азаматтық заңнамалардың негізгі принциптері, олармен реттелетін қатынастардың теңдігі, кез келген меншік түріне қол сұқпау, келісімдердің еркіндігі, азаматтардың жеке ісіне араласуға жол бермеу, азаматтық құқықтардың кедергісіз жүзеге асыруын, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету немесе сот арқылы қорғау зор маңызға ие. Сайып келгенде, осы қағидалардың барлығы да келісім жасаудың еркіндігіне, азаматтардың және заңды тұлғалардың өз мүдделеріне қатысты шараларды анықтауына негізделеді. Азаматтық құқықтың ең жетекші бөлімдерінің бірі бола тұра, тек әлеуметтік - экономикалық салада ғана емес, сондай-ақ құқықтық қатынастардың бірқатарында авторлық құқықтың кеңінен көрініс беруі – оның аса күрделілігімен қатар, ауқымының кеңдігін де айғақтаса керек.

Ғылым, әдебиет  және өнер  туындыларын  шығару  және  пайдалану саласында  соңғы үш  жыл  ішінде  біздің  қоғамымыздың  құқықтық  өмірінде  елеулі  өзгерістер  болды.  1996 жылы  10  маусымда ҚР «Авторлық  құқық  және  сабақтас құқықтар  туралы» Заңның  қабылдануымен, авторлық  құқықтарды  қорғаудың  өзіндік  әлемдік  эталоны  болып  табылатын, әдеби және көркем  туындыларын қорғау туралы Берн Конвенциясының  талаптарына толықтай  сәйкес  келетін, авторларының  құқықтарын  қорғаудың өте жоғарғы сапасын көздейтін нормалардың жүйесі  ретінде авторлық  құқықтың  қазақстандық  жүйесінің қалыптасуы  аяқталды. Себебі, жоғарғы  құндылық  болып  табылған  адам,  оның  құқықтары  мен  бостандықтарына  қатысты  мемлекет  саясатының  өзгеруіне  байланысты,  «мықты» заңды қабылдау  туралы  сұрақ  бұрыннан  қойылған  болатын.

Берн  Конвенциясының  қағидаларының  бірі  болып  қорғаудың  ең  төменгі  көлемі    приципі  болып  табылады. Ол, Конвенцияның  өзі оған  қатысушы  елдерде  міндетті  қолдануға  жататын  авторлық-құқықтық  қорғаудың  кейбір  нормаларын  бекітуді  білдіреді [2;]. Көптеген  уақыт  бойы  КСРО,  одан  кейін Қазақстан да  Берн  Конвенциясына  қосыла  алмады, себебі, ұлттық  заңнама  авторлық  құқықты  қорғаудың  мұндай  деңгейін  қамтамасыз  ете  алмады.  Тек  қазір  ғана  қазақстандық   заңнамамен  ұсынылатын  қорғау  деңгейі  Берн  Конвенциясының  деңгейіне  қол  жеткізгенде  ғана,  Берн  Конвенциясына  қосылуға  нақты  мүмкіндік  пайда  болды. Яғни, Қазақстан 1998 жылдың  10 қарашасында  оның  толық  құқылы  қатысушысы  бола  отырып  жүзеге  асырылды.  Осындай  құқықтық  шешімдердің   маңыздылығын   тани  отырып  тәжірибе үшін  анағұрлым маңызды болып келетін   мынадай сұрақты анықтау қажет,  яғни  Конвенция заңының   нормалары қолданыла ма? Олар қандай  жағдайлар мен фактілерге  қолданылады,  қандай  туындыларды   шығаруда  және  пайдалануда  олар  күшіне  ие  болады,  заң  немесе халықаралық   шарт  өз   күшіне  енген  уақыттан  кейін  шығарылған  туындылар  ғана  қорғау  объектісі  болып  табыла ма?  Құқықтық  жалпы  теориясы  заңның  өз  күшіне  енгенге  дейін  орын  алған жағдайларға немесе  фактілерге  таралуы ретінде, заңның  кері  күшін анықтай отырып  жалпы ереже бойынша «заң  кері  күшіне ие  бола  алмайды» деген принцип жүзеге  асырылатынын  көрсетеді.

 

 

 

 

 

1 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ  ҰҒЫМЫ

 

1.1 Авторлық  құқықтың ұғымы және қағидалары  

 

Авторлық  құқық - азаматтық  құқық институттарының   бірі   болып  табылады. Онымен реттелетін   мүліктік  және жеке мүліктік емес қатынастар әдебиет, ғылым және өнер туындыларын шығарумен және пайдаланумен байланысты. Дербес жеке институт ретінде авторлық құқық нақты міндеттерді атқарады. Бұл міндеттерге автордың мүліктік, жеке мүліктік емес құқықтары мен заңды мүдделерін жан-жақты қорғау, ғылыми және көркем туындыларын шығару үшін анағұрлым қолайлы жағдайларды құқықтық әдіс - тәсілдер арқылы қамтамасыз ету, оларды қоғамның кеңінен пайдалану жатады. Объективтік мағынада авторлық құқық, ғылым, әдебиет және өнер туындыларын бұл шығару және пайдалану бойынша қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Субъективтік мағынадағы авторлық  құқық - бұл  әдебиет, ғылым  және  өнер туындыларын шығарған тұлғаларға тиесілі жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар.

Авторлық  құқықтың қағидалары. Біздің авторлық құқыққа нақты бір жалпы қағидалар тән. Шығармашылық еркіндігі қағидасы, авторға шығаратын туындының, өзіне қызықты тақырыбын, нысанын, оны шығару әдісін таңдап алуға, өзінің туындысын  барлық заңмен рұқсат етілген әдіс-тәсілдер бойынша пайдалануға мүмкіндік береді. Конституциялық  заңнама ғылыми техникалық және көркем шығармашылық еркіндігін, ғылыми, зерттеу, ойлап құрастыру және рационизаторлық қызметтің анағұрлым кең ауқымда қолдану, әдебиет пен өнерді дамыту жолы арқылы кепілдік береді.

Автордың  жеке мүддесін барлық  қоғамның  мүддесімен сәйкес  келу  қағидасы, автордың туындыларын жеке мұқтаждықты  қанағаттандыру мақсатында пайдалануға  жол береді. Яғни, Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексінде көзделіп  отырғандай, автордың келісімінсіз және оған авторлық сыйақыны төлемей шығарылған туындыны жаңа, шығармашылық жеке туындыны  шығару үшін пайдалануға болады.

Туындыны  шығаруға және пайдалануға автордың  моральдық және материалдық қызығушылығы қағидасы тәжірибеде моральдық көтермелеудің  әртүрлі нысандары бар: құрметті атақ беру (еңбек сіңірген артист және т.б.), халықтың марапаттауына ие болған туындыны қайта шығару. Моральдық және материалдық көтермелеу болып ғылыми, әдебиет және өнер туындыларының авторларына әртүрлі мемлекеттік және атаулық сыйақы беру табылады. Әртүрлі туындылар үшін ауысымды ставка түріндегі авторлық сыйқыны белгілеу де материалдық ынталандырудың әдісі болып табылады.

Автордың  құқықтары мен заңды мүдделерін жан-жақты қорғау қағидасы тек авторлық құқық қатынастарының қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін белгілейтін субъективтік құқықтарды жүзеге асыру кепілін  бекітетін және мемлекеттік органдардың құзіретін анықтайтын құқық нормаларында ғана көрініс таппаған, сонымен қатар, ол бұзылған авторлық құқықтардың  қорғауын қамтамасыз ететін құқық нормаларында да орын алған.

Қазақстан егемендік алғаннан бастап, дүниежүзілік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, сол арқылы халықаралық қатынастарда өзіне сәйкес құқықтар мен міндеттерді қабылдап отыр. Солардың бірі зияткерлік меншікті қорғау. Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік Ұйымының мүшесі, сондықтан да зияткерлік еңбек әрбір азаматтың жеке мүліктік және мүліктік құқығы, немесе оның жеке меншігі.

Жалпы автор ол шығармашылық еңбегімен  туынды жасаған жеке тұлға болса, авторлық құқық – автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары  болып табылады. Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берілу әдісі мен нысанына қарамастан шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет туындыларына қолданылады. Авторлық құқық жазбаша, ауызша, үнжазба немесе бейнежазба, бейнелеу, көлемді-кеңістікті сипатта жарияланған туындыларға да, жарияланбаған туындыларға да қолданылады. Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердің, әдістердің, жүйелердің, процестердің, жаңалықтардың, фактілердің өздеріне қолданылмайды. Жалпы авторлық құқық ғылым, әдебиет және өнер туындысына, оның жасалу дерегіне қарай туындайды[ 5;56 б.].

Авторлық  құқық туралы заңнама.

Ғылыми  және көркем туындылар аясындағы  қарым –қатынастар  жиынтығы авторлық құқық туралы заңнаманы құрайтын әртүрлі нормативтік актілермен  реттеледі. Ол нақты бір бірлікпен  сипатталады. Бұл бірлік барлық заң  актілерінің  міндеттері мен жалпы бағыттылығында, сондай-ақ онымен реттелетін қарым-қатынастар аясында және авторлық құқықты  қорғау әдіс-тәсілдерінде көрініс табады. Авторлық құқық туралы заңнама-азаматтық заңнаманың құрамдас бөлігі. Азаматтық заңнаманың негізі мен азаматтық кодексте авторлық құқық өзі дербес жеке тарау болып  қарастырылса да, онымен реттелетін қарым-қатынастарға бұл заңдардың басқа нормалары да қолданылады және жалпы нормалары ғана емес (мысалы, авторлық құқыққа ие бола алатын азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы), сонымен қатар бірқатар арнайы нормалар (мысалы, автордың кейбір құқылығын мұра бойынша ауысу кезіндегі мұрагерлік туралы, авторлық шарттарды жасасу және орындау  кезіндегі шарттар  туралы, авторлардың  мүліктік  құқықтарын қорғау кезіндегі шығындардың орнын  толтыру және т.б.).

Авторлық  құқықтың  нормалары  республикалық  маңызы  бар  әртүрлі  заңды  және  нормативті актілерде  көрініс  табады.  Азаматтық заңнаманың  негізі    барлық  республикаларда  біркелкі  шешімді  талап  ететін  сұрақтар   бойынша  қағидалық  ережелерді  бекітеді.  «Авторлық  құқық»  негіздері  бөлімі  авторлық  құқықтың  объектілері  ретінде  туындылардың  қорғау қабілеттілігінің критерийлеріне ғылыми және көркем  шығармашылығы  субъектілерінің  құқықтарын,  ғылыми  және  көркем  шығармашылықтың нәтижесін пайдаланудың құқықтық сұрақтарын,  авторлық құқықтың әрекет ету мерзімін жатқызады. Мұндай бірлік  авторлық  құқықты қорғау бойынша халықаралық конвенцияларға қатысу  қажеттілігімен  анықталған. Авторлық істер бойынша  дауларды шешу  кезінде 1986 жылы 18 сәуірде қабылданған КСРО  Жоғарғы Сот Пленумының «Авторлық  құқық қатынастардан  туындайтын дауларды шешу кезінде  соттардың заңнаманы  қолдану»  басшылық  етуші  қаулысы  қолданылады.

Бұрынғы КСРО-ң  басқа да субъектілері секілді Қазақстан Республикасы  да  авторлық  құқықтарды  қорғаудың  халықаралық  жүйесіне  қатысады. Бұл КСРО-ң 1973 жылы Авторлық құқық туралы жалпы әлемдік (Женева) конвенциясына қосылумен байланысты болды. Жалпы әлемдік конвенция ұлттық режим  қағидасынан бастау алады. Осы қағиданың арқасында әрбір қатысушы елде шетел авторларының туындылары, өз азаматтарының туындылары секілді бірдей қорғалады, яғни авторлық құқық туралы ұлттық заңнаманың ережелері қолданылады. Конвенция қорғалатын туындылардың  болжамды тізімін береді. Бірқатар елдің заңнамасы осы жолмен келеді.

Әлемдік конвенцияда қорғалуға құқығы бар  тұлғалар туралы мәселе тиянақты түрде  шешілген.

Оның ережелеріне сәйкес, Конвенцияға  қатысушы мемлекеттердің авторлық құқығы, олардың туындыларының алғаш рет жарық көрген орнына қарамастан қорғалады.      

Конвенцияға қатысушы мемлекеттің  аумағында  туындылары алғаш рет жарық көрген,Конвенцияға қатыспайтын мемлекеттің  азаматтары-ның   авторлық құқығы да қорғалады. Жалпы әлемдік  конвенция азаматтығы жоқ тұлғалардың авторлық құқықтарына  қолданылады, себебі әрбір қатысушы мемлекет ішкі заңнамамен өзінің азаматтарының  секілді, осы мемлекеттің аумағында тұрақты тұрып жатқан барлық тұлғалар да авторлық құқығын  қорғау құқығына иеленеді. Сонымен қатар Жалпы әлемдік конвенция авторлық құқықтарды қорғауды ұсынудың шарттарына назар аударады: бірінші басылымнан  бастап туындының барлық даналарына авторлық құқық иеленушінің атын, жарыққа алғаш рет шығу жылын арнайы белгілеу; арнайы процессуалдық  талаптар, қорғау мерзімінің  ұзақтығы және т.б.

Сондай-ақ мынаны атап өту қажет: әдеби және шығармашылық туындыларды қорғау туралы Халықаралық конвенцияның (Берн Конвенциясы) және орындаушы әдістердің, фонограмма дайындаушылардың  және хабар таратушы ұйымдарының  мүдделерін қорғау туралы конвенцияның анағұрлым көптеген қатаң ережелерін ескере отырып, (Рим  конвенциясы) 1991 жылғы азаматтық заңнама негіздерінің нормалары, авторлық құқықтарды қорғауды кеңейту жолы бойынша одан әрі дамыды.

Авторлық  құқық өзіндік ерекшелігі бар  сала ретінде  шығармашылық, интеллектуалдық еңбекпен айналысатын адамдардың мүддесін қозғайды. «Авторлық құқық материалдық зат ретінде  әдеби жазба мен  бейнені қорғамайды, керісінше ол оның ішіндегі рухани өнімді, яғни шығарманы қорғайды».

 

1.2 Авторлық  құқықтың объектілері және объектілері  болып   табылмайтын туындылар

 

Авторлық  құқық объектілері - туындылардың топтамасы. Қазақстан Республикасының Азаматтық  Кодексінің 972-бабында айтарлықтай толық, бірақ сонымен қатар шектеусіз түрде берілген. Айта кететін болсақ, онда берілген туындылардың көбі бұрын да белгілі болған және КСРО-ның АК-нің 471-бабында көрініс тапқан. Бұрынғы авторлық құқықпен қорғалмаған, мүлдем жаңа объектілер болып қала құрылысының және бақ - парктік шаруашылықтың туындылары, қолданбалы өнер туындылары, ЭЕМ үшін бағдарламалар табылады. 

ЭЕМ үшін бағдарламаларды авторлық құқықтың объектілерінің қатарына қосуға, осы  объектілердің мәні және олардың  интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелерінің арасындағы орны туралы әлемнің бірнеше елдерінің қатарында әдебиеттегі ұзақ пікірталас себепші болды. Әртүрлі елдердегі тәжірибе әртүрлі жолдардан өтті, кейбір елдерде бағдарламалар патенттік заңнамада қорғалды, ал екінші бір елдерде - аралас жүйе бойынша сараптама мен тіркеудің элементтерімен қорғалды. Бағдарламалардың иеленушілерін құқықтық қорғау және ұйымдастыру бойынша мамандар, заңнаманы қолдану тәжірибесін талқылау және анализ жасау нәтижесінде, авторлық құқық бұл объектілерді анағұрлым жедел және арзан тәсілмен қорғайды деген пікірге тоқталды.

Түсініктеме беріп отырған бөлім олардың  сыртқы көрінісінің барлық элементтерін - мұндай бағдарламалардың мәтінін  және олардың жазылу тілін, операциялық  жүйені құрайтын бағдарламалардың үйлесімін, объектілік кодты қорғайды. Қорғаудың мұндай әдісінің осал жағының көрініс табуы, әрине орын алады - оның көмегімен, бағдарлама жазылған алгоритмдерді қорғау мүмкін.Объектілердің тізімін кеңейтуден басқа, заң шығарушы оларды нақты бір жүйе бойынша тәртіппен орналастырған. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексініңнің 971, 972 -баптарында, істің мән-жайы бойынша, құқықтардың көрініс табу әдіс-тәсілдерінің және алдын ала келісіп алудың дәрежесінің белгілері бойынша объектілердің топтамасы берілген.

Яғни, Қазақстан Республикасының Азаматтық  Кодексінің 971-бабына сәйкес:

1.Авторлық құқық шығармашылық  қызмет  нәтижесi болып табылатын  ғылым, әдебиет және өнер туындыларына  олардың бағытына, мазмұны мен  маңызына, сондай-ақ оларды білдіру әдісі мен нысанына қарамастан қолданылады.

2. Авторлық құқық халыққа таратылған (жарияланған,  жарыққа  шыққан, басып  шығарылған, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiкке  көрсетiлген), сондай-ақ  халыққа таратылмаған туындыларға  қандай  да бiр объективтi нысанда:

1) жазбаша (қолжазба, машинаға басылған, нота жазбасы және т.б.);

2) ауызша (көпшiлiк алдында айту, көпшiлiк  алдында  орындау және т.б.);

3) дыбыс немесе  бейне жазу (механикалық, цифрлық,  магнитті, опти-калық және т.б.);

4) бейнелеу (сурет, эскиз, картина, жоспар, сызба, кино, теле, бейне немесе фото кадр және т.б.);

5) көлемдiк-кеңiстiктi (мүсiндеме, модель, пакет, құрылыс және т.б.);

6) өзге де  нысандарда қолданылады.

3. Осы баптың 1-тармағында аталған белгiлерi  бар және дербес пайдаланылуы мүмкiн туындының бiр бөлiгi (оның атауын, кейіпкерлердің атауларын қоса) авторлық құқық объектiсi болып табылады.

4. Авторлық құқық  идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң,  әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң,  жаңалықтардың, фактiлердiң жеке өздерiне қолданылмайды».

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Авторлық  құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусым №6-1 Заңының 6-бабында  бұл туралы айтылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. САБАҚТАС  ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

 

2.1 Сабақтас құқық ұғымы

 

Сабақтас  құқықтар - орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымының мүлiктiк құқықтары және орындаушының жеке мүлiктiк емес құқытары.

Сабақтас  құқықтар қойылымдарға, орындаушылыққа, фонограммаларға, эфирлік және кабельдік  хабар таратушы ұйымдардың хабарларына, олардың мақсатына, мазмұны мен  маңызына, сондай-ақ олардың көрсетілу  әдістері мен нысандарына қарамастан қолданылады.     

Орындаушылар, фонограмма жасаушылар мен эфирлік  және кабельдік хабар тарату ұйымдары сабақтас құқық субъектілері болып  табылады.

ҚР аумағында  алғаш рет орын алған орындаушының орындауға құқығы ҚР аумағында қолданылады. Бұл жағдайда орындаушының және оның мұрагерлерінің, сондай-ақ азаматтығына қарамастан орындаушының құқықтық мирасқорларының  құқықтары танылады.

Орындаушыға қатысты сабақтас құқықтар алғаш рет орындалғаннан кейін немесе қойылғаннан кейін елу жыл бойы күшінде болады. Орындаушының өз аты-жөніне және орындауды немесе қойылымды бұрмалаудан қорғауға құқықтары мерзімсіз қорғалады.

Орындаушының  құқықтары ҚР заңдарына сәйкес мынадай жағдайларда танылады:

орындаушы Қазақстан Республикасының  азаматы болса; 

орындаушылық, қойылым алғаш  рет Қазақстан Республикасының  аумағында жүзеге асырылса; 

орындаушылық, қойылым қорғалатын фонограммаға жазылса; 

фонограммаға  жазылмаған орындаушылық, қорғалатын эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар  тарату ұйымының хабарына енгiзiлген болса. танылады.

Шетелдiк  жеке және заңды тұлғалардың сабақтас құқықтары, егер тиiстi орындаушылық, фонограмма, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар  тарату ұйымының хабары Қазақстан Республикасы бекiткен тиiстi халықаралық шарттың  ережелерi бойынша айқындалатын олардың  шыққан елiнде, сабақтас құқықтардың  сол елде белгiленген қолданылу мерзiмiнiң  өтуi салдарынан қоғам игiлiгіне айналмаған болса және сабақтас құқықтардың  қолданылу мерзiмiнiң өтуiне байланысты Қазақстан Республикасында қоғам  игiлiгiне айналмаған болса, Қазақстан  Республикасының аумағында Қазақстан  Республикасы бекiткен халықаралық  шарттарға сәйкес танылады.

Орындаушының  құқықтары:

орындаушылықты  немесе қойылымды орындаушының ар-намысына және қадiр-қасиетiне нұқсан келтiре алатын кез келген бұрмалаудан немесе өзге де қолсұғушылықтан қорғалу құқығы (беделiн қорғау құқығы); 

орындаушылықты  немесе қойылымды пайдаланудың әрбiр  түрi үшiн сыйақы алу құқығын қоса, кез-келген түрде пайдалану құқығы берiледi. 

 

2.2 Сабақтас  құқық субъектілері мен объектілері

 

Сабақтас  құқықтың субьектісі болып, тікелей  және кабельдік хабарлау ұйымдарының  әуенжазба өндірушілері мен орындаушылары  болып табылады:

әуенжазбаны өндіруші хабарлама ұйымдары, әуенжазбаға  жазылған автордың шығармаларын эфирге және кабельге беру құқығын жүзеге асырады.

орындаушы орындайтын шығармасының автордың құқығын сақтай отырып, жүзеге асырады.

Орындаушы құқығы

атына;

орындауды немесе қойылымды әртүрлі бұрмалаудан  қорғау;

сый ақы  алуға;

қойылымды әртүрлі  үлгіде немесе орындауды жазып, жаңадан  өндіру;

эфирге жіберу пракатқа беру;

орындауды, қойылымды  әуенжазбаға жазу;

әуенжазбаға жазылмаған орындаулар мен қойылымдар эфирлік және кабельдік хабар мен жіберуге қосылады.

Әуенжазба өндірушілердің құқығы:

әуенжазбаны тікелей  немесе жанамалық тәртіппен кез  келген үлгіде өндіру;

әуенжазбаның  түп нұсқасын және көшірмесін тарату, оның ішінде импортқа;

әуенжазбаны жалға  (прокатқа) жазу,  оның таратылуынан кейінде, фәуенжазбаны өндірушінің  рұқсатымен жалға беру;

әуенжазбаны қайта  жасауға немесе басқа әдіспен  өңдеуге, әуенжазбаны барлық жалпы  мәліметтерге жеткізу.

Автор өзінің айрықша меншіктік құқығын таразылау үшін, өзінің авторлық құқық белгісін пайдалануға болады, ол латынның «Р» әрпінің шеңберінде әр данада белгіленіп, міндетті түрде үш данадан тұрады,ол шығарманың бірінші жарияланған жылымен белгіленіп,автордың араласқан құқығының атын(атауын)көрсетуі керек.

Фонограмма  жасаушы, эфир және кәбіл бойынша хабар таратушы ұйымдар осы тарауда көзделген құқықтарын орындаушымен және фонограммаға жазылған не эфирде немесе кабель бойынша берiлетiн туындыны орындаушымен, сондай-ақ  оның авторымен жасалған шарт бойынша алған құқықтары шегiнде жүзеге асырады.

Сабақтас  құқықтардың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшiн қандай да болсын формальдылықты сақтау талап етiлмейдi. Фонограмма шығарушы және (немесе) орындаушы өз құқықтары туралы хабарлау үшiн фонограмманың әр данасында және (немесе) оның әрбiр қорбындата көрсетiлетiн және үш элементтен тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, олар:

1) қоршауға алынған латынша Р  әрпi: Р

2) айрықша сабақтас құқықтар иесiнiң  есiмi (атауы);

3) фонограмманың алғаш жарияланған  жылы.

Егер  өзгеше дәлелденбесе, фонограммада және (немесе) оның қорабында есімі немесе атауы көрсетілген жеке немесе заңды  тұлға фонограмма шығарушы болып  танылады [28,25 б.].

Авторлық  және сабақтас құқық Қазақстан Республикасының  «Авторлық құқық», «Әділет ұйымы  туралы» Заңымен  тіркеледі. Тіркеуге қабылданады:

әдеби шығармалар;

драмалық  және музыкалы шығармалар;

сахналық шығармалар;

хореографиялық  және пантомималық шығармалар;

мәтінмен және мәтінсіз музыкалық шығармалар;

аудиовизуалдық  шығармалар;

сурет, скульптура, графика, басқа да бейнелеу өнерінің шығармалары;

құрастырмалы  өнер шығармалар;

сәулет, қаласалу және бақшалы – саябақтық өнер шығармалары;

фотографиялық шығарма және оған ұқсас әдіспен  алынған фотографиялық  шығарма;

карталар, жоспарлар, искиздер, иллюстрациялар,топография;

ЭЕМ үшін бағдарлама;

Басқа да шығармалар;

Туынды шығармалар (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар, түйіндеме, шолулар, қойылымдар, музыкалы өңдеулер және басқа ғылыми, әдеби және өнер шығармаларының өңдеулері;

Жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базасы, құрастырмалы шығармалар, шығармашылық еңбек нәтижесінің  материалдарының орналасуына, олардың  таңдауымен көрсетілетін шығармалар;

Обьектілердің сабақтас құқығы (тұрақты орындау, әуенжазба, ұйымдардың хабарларын олардың мәніне, мазмұнына, мүмкіншілігіне  қарамай эфирлік және кабелдік хабарлау).

Обьектінің  зияткерлік меншігін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мерзімісіз және шығарманың авторы немесе құқылығын басқа  тұлға иеленбейінше, сот тәртібі көрсетпегенше жұмыс істейді  [29, 89б.].

Әдеби,  драмалық, сахналық шығармаларды тіркеу кезінде мына құжаттар ұсынылады:

өтініш;

шығарманың  тұп нұсқасы мен көшірмесі;

өтініш берушіні куәландыратын жеке куәлік, құжаттың көшірмесі;

Музыкалы  және музыкалы-драммалық шығармаларды тіркеу кезінде мына құжаттар ұсынылады:

өтініш;

шығарма жазылған аудиокассеталар, мәтіндер, ноталар  және партитуралар;

шығарманың  тұп нұсқасы мен көшірмесі;

өтініш берушіні куәландыратын жеке куәлік, құжаттың көшірмесі;

Музыкалы шығармалар, авторлардың бірігуі арқылы бөлек  құрастырылған, бөлек тіркелуі және бірге тіркелуі де мүмкін болады.

Хореграфиялық, пантомималық, аудиовизуалдық шығармаларды тіркеу кезінде (кино, теле, видеофильмдер, диафильмдер, және басқа да кино-телешығармалар) мына құжаттар ұсынылады:

өтініш;

шығарма жазылған видиокассеталар;

шығармаға сипаттама (атауы, құрастырылған күні);

өтініш берушіні куәландыратын жеке куәліктің көшірмесі.

Сәулет, қаласалу, мүсіндеу, көркем сурет, графикалық, сол  сияқты басқа бейнелеу, бақшалы-саябақтық  және декоративті-құрастырмалы өнерді тіркеу кезінде мына құжаттарұсынылады:

өтініш;

эскиздер,сызбалар,суреттер,иллюстрациялар, шығарманың бейнелегене фотосурет  түріндегі  сұлбасы;

шығармаға сипаттама ,(атауы,құрастырылған күні);

өтініш берушіні куәландыратын жеке куәлік,құжаттың көшірмесі.

Фотосуреттік  шығармалар мен фотосуретке ұқсас әдістерімен жасалған шығармалар, сол сияқты карталар, жоспарлар, эскиздер, иллюстрациялар, географияға, топографияға, басқа да ғылымға жататын үш еселік шығармаларды тіркеу кезінде мына құжаттар ұсынылады: 

өтініш;

шығарманың  тұпнұсқасы;

өтініш берушіні куәландыратын жеке куәлік, құжаттың көшірмесі.

Деректер қорын  электрондық-есептеу машинасы үшін бағдарламаларды тіркеу кезінде  мына құжаттар ұсынылады:

өтініш;

ЭЕМ-сы үшін бағдарламамен  дерек қор әкелуші, дискета және т.б.

ЭЕМ-сы үшін реферат бағдарламасы немесе дерек қоры, өтініш берушінің (аты, фамилиясы, әкесінің аты,)атауы,құрылған күні, пайдалану саласы, белгілері, функцияланған мүмкіндігі, негізгі техникалық ерекшеліктері,бағдарлау тілі ,ЭЕМ-сын тарату түрі және т.б.;

өтініш берушіні куәландыратын жеке куәлік,құжаттың көшірмесі.

ЭЕМ-сының  бағдарламалары (бағдарламалық кешендер),құрамына ЭЕМ-сы үшін бірнеше бағдарламалар бар, тіркеуге толығымен жатады. 

Фонограмманы  тіркеу кезінде мына құжаттар ұсынылады:

өтініш;

авторлық келісім-шарттың көшірмесі;

аудио-видиокасетталар  немесе фонограмма жазылған компакт-диск ;

фонограмманы  сипаттау (атауы, құрылған күні, ойналу уақыты, фонограмма мазмұны және т.б);

жеке тұлғалар үшін куәліктің көшірмесі, заңды  тұлғалар үшін, мемлекеттік тіркеуден өткен куәліктің көшірмесі;

Эфирлік және кабелді  хабарлар таратуұйымын тіркеу кезінде  мына құжаттар ұсынылады:

өтініш;

шығарманың  сценарийі;

шығарманы пайдалануда, шығарманың авторымен бекітілген айрықша  құқықтарды арзандату туралы шарттың  көшірмесі;

жеке тұлғалар үшін куәліктің көшірмесі,

заңды тұлғалар үшін –мемлекеттік тіркеуден өткен  куәліктің көшірмесі.

Қызметтік міндеттер  мен қызметтік тапсырмаларды  орындау барысында құрылған қызметтік  шығармаларды тіркеу кезінде мына құжаттар ұсынылады:

өтініш;

шығарманың  түпнұсқасы мен көшірмесі;

өтініш берушіні куәландыратын жеке куәліктің көшірмесі;

автор мен жұмыс  берушінің арасындағы, қызметтік  шығармаларды пайдаланудағы меншіктік  құқықты иемдену шартының көшірмесі;

Егер құжаттарды сенімді тұлғамен ұсынсаңыз тағы да қосымша  мына құжаттарды ұсыну қажет:

автордың қолын  куәландарған, заңдылық тәртіптерімен  қарастырғандай сенімхат;

жеке куәліктің, құжаттың көшірмесі.

Сабақтас  құқықтардың объектiлерi. Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылықтарға, фонограммаларға, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларына олардың мақсатына, мазмұны мен сапасына, сондай-ақ жеткiзiлу әдiсi мен нысанына қарамастан қолданылады [30,23б.].

 
 2.3 Сабақ құқықтарды қорғау  

 

Сабақтас  құқықтарды қорғау Азаматтық кодекстің 48-бапта көзделген негізгі ережелер қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Сабақтас құқықтарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес азаматтық, әкімшілік  және қылмыстық жауаптылық туындайды.

Туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қатысты:

1) автордың немесе өзге де құқық  иеленушінің  рұқсатынсыз  туындыларды  немесе сабақтас құқықтар объектілерін  пайдалануға  авторлық  құқықты  және сабақтас құқықтарды қорғаудың  техникалық  құралдарын қолдану арқылы белгіленген шектеулерді алып тастауға бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыруға;

2) егер мұндай іс-әрекеттер нәтижесінде  авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын пайдалану мүмкін болмаған не осы техникалық құралдар аталған құқықтардың тиісті қорғалуын қамтамасыз ете алмаған жағдайларда кез келген құрылғыны немесе оның компоненттерін дайындауға, таратуға, прокатқа беруге, уақытша пайдалануға беруге, импорттауға, жарнамалауға, оларды пайда табу мақсатында пайдалануға не қызмет көрсетуге;

Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары