Аңыз әңгімелер

 

 

Жоспар

 

Кіріспе..........................................................................................................3

Негізгі бөлім

1 тарау. Аңыз (әңгіме) әңгімелерді айта білу өнері оқушыларды терең рухани

                адамгершілік әңгіме үрдісін тарта білу әдістерінің бірі

 

1.1.   Аңыз әңгімелер....................................................................................4-5                                                               

1.2.   Аңыз – шындық өмір көрінісі.............................................................6-7

                                                                 

1.3.  «Аңыз- әңгімелердегі Бекет ата бейнесі» .................................................8-14                                                              

Қорытынды .............................................................................................................15

Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   Кіріспе

 

 Өзін-өзі   тану  сабағында біздің ойымыз өркендейді. Өйткені оқушылар әндер,  аңыз   әңгімелер , тақпақтар үйренеді.. «Жақсылықпен жаным дос» деген тақырыпты өткенде «Біз өмірдің гүліміз» деген ән, «Жақсылыққа жақсылық» деген  әңгіме  өтіледі. . Бұл әңгімеде  баласы мен анасы жайлы айтылады. «Махаббат өмір өзегі» тақырыбында «Ана туралы жыр» деген ән бар.  «Отбасы жарастығы» тақырыбында «Сен бақытты ұлансың» деген ән, «Отбасы татулығы» деген аңыз   әңгіме  өттік. Ол жерде отбасы тату болу үшін жүз рет сүйіспеншілік, жүз рет кешірім, жүз рет бірлік және жүз рет шыдамдылық болуы керек екендігі айтылады.

 

Өзін-өзі танымаған адам – басқаны да, өзінің тәңірін  де танымайды. Өзін-өзі тану сабағы әр адамның бойындағы жағымсыз қасиетінен арылтып керісінше бойына жақсы  қасиет енгізеді. Сол жақсы қасиеттердің ішіне сыпайылық, инабаттылық, бірлік және өз тілін қадірлей білу деген  сияқты әдептерді үйретеді. Әрине, өз тілін білу біз үшін және біздің ұрпағымыз үшін үлкен парыз. Соған  орай біздің дана халқымыз «Өз тілін  білмеген адам, дінін білмейді» деген  екен. Ал, өз дінін ұмытқан адам, әрине  үлкен күнаға батады. Жалпы осы  өзін-өзі тану сабағын қарап отырсақ, біздің қасиетті «Ислам» дініне де сәйкеседі екен. Тек қана біздің дінімізбен сәйкесіп қоймай, әр адамның  басқаларға қалай үйлесетіндігін де үйретеді.

 

Өзін- өзі  тану сабағында  аңыздардан, өлеңдерден және ертегілерден  түрлі мәліметтер аламыз. Мысалы: кітапта отбасы туралы, махаббат туралы ертегілер және  аңыздар бар.

 

Бүгінгі таңдағы білім  беру саласындағы көңілге қонымды  атқарылған істің бірі – оқу-тәрбие үдерісінің ең төменгі, яғни, мектепке дейінгі тәрбиеден бастап арнаулы  жоғары білім беру мекемелерінің  арасында түгелімен «Өзін-өзі тану»  пәнінің ендірілуі деп есептейімін.

 

Бұл пән баланың өзін тұлға  ретінде сезініп, өзіндік пікірінің, өмірлік көзқарасының қалыптасуына тікелей ықпал жасайтыны айқын. Бала осы сабақты өткен күні үйде отырып сабақтан алған әсерімен бөліседі. Тіпті кей жағдайда бізге ақыл-кеңес  береді. Бұл жағдайлар баланың  өзін-өзі тану сабағынан оң әсер алып жүргенінің айғағы деп санаймын.

 

 

 

 

 

 

 

                                                     Негізгі бөлім

1 тарау. Аңыз (әңгіме) әңгімелерді айта білу өнері оқушыларды терең рухани

                адамгершілік әңгіме үрдісін тарта білу әдістерінің бірі

 

                                                 1.1.Аңыз әңгімелер.

 

Қазақ халқының оқиғасын шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем шығармаларының бір саласы – аңыз әңгімелер. Аңыз әңгімелер тарихта  болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда  жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа  жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Олардың  өміріне байланысты әңгімелерде  ертегілердегідей әсіре қиялдау  көп кездеспейді. Уақиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке  құрылады. Кейіпкерлері. Қазақ аңыздарындағы  Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар  көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т.б. – бәрі де қарапайым адамдар ретінде  суреттеледі. Кейбір аңыз әңгімелердің басты кейіпкері көрші елдерге  де ортақ болып келеді. Мысалы, Қожанасыр  қазақ, қырғыз, өзбек ауыз әдебиетінде  ортақ кейіпкер. Ол "ауылы аралас, қойы қоралас", қыз алысып, қыз  берісіп құда-жекжат болып кеткен көрші елдердің ежелгі мәдени байланысының куәсі. Аңыз әңгімелерде көбінесе сарандық пен сақилықты, жалқаулық пен  қиқарлықты өткір сатирамен ажуалап  сынау арқылы жастарды жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат тұтады. Қожанасыр  әңгімелерінде (аңызда) оғаш қылығы, аңғал  мінезі әжуа-күлкі туғызып отырғанымен, негізі түйін ойда үлкен тәрбие-тәлім  толқыны анық байқалады; оқушы оқып күле отырып шындықты түсінеді. Осындай  халық арасына кең тараған  күлкілі сықақ аңыз әңгімелердің бір тобы Алдар көсе атымен байланысты туған. Көсе образы – қарапайым халықтың күлкіні сараң байларға, оның өкілдеріне қарсы жұмсау, оларды келеке-мазақ  ету тілегінен туған образ. Мұны біз "Алдар көсе мен Алаша хан", "Алдар көсе мен шық бермес Шығабай", "Алдар көсе мен саудагер", т.б. аңыз әңгімелерден көреміз. Осы  аттары аталған хан, бай, саудагерлерді  Алдар көсе өзінің тапқырлығы, ақыл-айласының  арқасында алдап соғады, ел алдында  мазақ, күлкі етеді. Халық аузындағы  мәтелге айналған "Жұмыртқадан  жүн алатын", "Өзі тойса да, көзі тоймайтын", "Кесіп алса қан  шықпайтын" шық бермес Шығайбай –  сараңдықтың жиынтығы. Шығайбайдың  әдеті мен ісінен сарандық, дүниеқорлық, өзімшілдік айқын көрінеді. Оның осы  мінезін жек көрген халық қапияда  жол, қапылыста сөз табатын, айла-амалы  мол Алдар көсені жіберіп, Шығайбайды бірнеше рет жер қаптырады. "Ұрының әйелі өзіне лайық" дегендей, оның тәрбиесіндегі үй-іші – әйелі, қызы Шығайбайдың өзі тәріздес пиғылы тар сараң жандар. Көсе үйге кіріп  келгенде әйелі илеп отырған нанды, қызы үйітуге әзірлеп отырған  қазды жасыра қояды. Бұл әрекеттер  Шығайбайдың образын толықтыра  түседі. Сараңдық пен дүниеқорлыққа  жаны қас Алдар көсе табан аузында сөз тапқыштығымен өзінің жаңа ғана көргендерін әңгімеге қосып, келе жатып үлкен сары бас жылан көргенін, оны өлтіргенін тұспалдап айтып береді. "Осы айтқандарым өтірік болса, байеке сіздің астыңыздағы қазыдай тілінейін, бәйбішенің нанындай иленейін, қызыңның астындағы қаздай жұлынайын", – деп аяқ астында оларды масқара етеді. Алдар көсе ақыры байдың қызы Бізбикені алдап алып кетумен уақиға аяқталады. Ал "Алдар көсенің шайтанды алдауы" деген әңгіменің сюжеті, құрылысы басқаша болып келеді. Халық ұғымында шайтанды ешкім алдай алмайтын болса, бұл әңгімеде Алдар көсе өзінің қулығымен шайтанды да алдап кетеді. Оның өтірік өліп тірілуі, шайтанға қазы алдыруы, үлкендігін бұлдап, шайтанның мойнына мініп қамшымен сабауы, шайтандар қорқатын тікен арасына тығылып, ала қаптағы алтында алып құтылып кетуі арқылы адам айласы шайтанды да жеңеді деген идеяны білдіреді. Алдар көсе туралы аңыздардың қай-қайсысы болмасын оны тапқырлықтың өкілі етіп және ол қандай іс-әрекет жасаса да жазғырмай, сүйікті етіп көрсетуі Алдардың ел санасынан ұнамды кейіпкер түрінде тұрақты орын алғандығын аңғартады. Шешендік – қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік – сирек ұшырасатын қасиет-дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма-қол туып айтылатын, суырыпсалма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады. Асыл ойдың алтын қазығы болған шешен-билердің халық жадында сақталып келген дана ойлары келешек ұрпақ үшін әрқашан тәрбие-өнер мектебі болған. Енді елдікке, бірлікке шақыруда, халық тарихын байыппен саралап, бүгінгі ұрпақ санасына жеткізуде шешендік сөздердің маңызы ерекше. Халқымыз "Сөз қадірін білмесең, өз қадірінді білмейсің", "Сөз сүйектен өтеді", "Шешеннің тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік" деп, сөз өнерін ерекше тани білген. Шешендік сөздер – ғасырдан-ғасырға ұласып, халық игілігіне жарап келе жатқан ұлттық мұрамыздың бірі. Қысқа да нұсқа, бейнелі, мағынасы терең, шымыр, қисынға құрылған бұл сөздер тындаушының көңілінен шығып оны сөзсіз иландырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                1.2.Аңыз – шындық өмір көрінісі

 

 

            Мифті аңыздан, ал аңызды шежірелі  сырға толы көне әңгімелерден  айыру қиын-ақ. Аңыздар тарихта  шын мәнісінде болған әлдебір  оқиғаларға құрылады әрі осы  оқиғалар көбіне-көп нақты бір  мекенмен, тау-таспен және өзен-көлмен  байланыстырылады. Мұндай аңыздар  топонимикалық деп аталады. Себебі, олар белгілі бір жағрафиялық  нүктенің неліктен солай аталатынын  түсіндіреді. Топонимикалық аңыздарға  Бурабай, Баянауыл, Қарағанды, Жеке  батыр, Шайтанкөл, Екібастұз т.с.с.  жер-су аттарымен байланысты аңыздар  жатқызылады.

Тарихтың терең қойнауларынан  орын алып, аңызға айналған оқиғалардың  өтірік-шынын тексеріп жатудың өзі  ақылға сыймайтын нәрсе. Олар ойдан  шығарылған оқиғалар болғандықтан да – аңыз. Ақындар мен жазушылар  шабытының ғаламат қайнар көзі –  халық қиялы бәрін де өзі ойлап  тауып, қиыннан қиыстырып түсіндіріп берген. Алайда баяғы замандарда өткен  тарихи тұлғаларға, оқиғаларға тікелей  байланысты аңыздар да көптеп кездеседі. Бірақ қазіргі уақытта мұны дерек-құжатпен дәлелдеу қиын. Сондықтан да бұл  оқиғалар аңыз-хикаяларға айналып, оқырманға  сонысымен де қызғылықты болып отыр.

Аңыздар – халықтың ауызекі  шығармашылығының ерекше жанры, оларда халық қиялы нақты жадығаттарды емін-еркін сапырып, оқиғаларды өзінше пайымдайды. Мысалы, Бурабай жайындағы  аңыздың бір нұсқасында атақты ақ Бураны аңда жүрген Қасым сұлтан өлтірсе, дәл осы оқиғаның басқа бір  баянында ол қарақшылардың қолынан мерт болады.

Қазақ аңыздарының үлкен  бір тобын ғышықтардың қыйғысымен, өлімі немесе айрылысуымен аяқталатын махаббат хикаялары құрайды. Бұларға  Зарина ханшайымның, Айша бибі арудың, Балқаш қыздың бастарынан өткерген оқиғалары жатады.

Қатыгез жауларға қарсы ерлікпен шайқасқан ата-бабаларымыздың қаһармандығын  паш ететін батырлар жайындағы аңыздар  да ауыз әдебиетімізде айрықша орын алады. Бұлардың қатарына біз массагеттер  патшайымы Томирис (Тұмар), Отанын құтқару  жолына өз өмірін құрбан еткен бақташы  Шырақ (Ширак) жайындағы аңыз әңгімелерді  жатқызамыз. Бұл оқиғалардың аңызға айналу себебі – сол уақыттан бері талай ықылым замандар өтіп кеткендігі ғана емес, олар шын болды ма, жоқ  па, ешкім дәлелдеп бере алмайтындығы.

Ең ақырында, тарихи деректер мен оқиғаларды халық қиялы мүлде  өзгертіп жібергендіктен, ақиқаттың  өзі уақыт өте келе аңыздық  сипат алған қазақ аңыздарының  бір тобы бар. Моңғолдардың атақты әміршісі Шыңғыс хан, оның ұлы Жошы хан және басқалар хақындағы кейбір аңыздар бұған дәлел болып табылады.

Аңыз ертегі, жылнама, шежіре қай елде болса да бар. Оларда тарихи оқиға, жеке адамдар, жер-су т.б. Ә. Қоңыратбаев  осы ерекшеліктеріне қарап аңыздарды  екі топқа бөледі – мифтік және тарихи аңыздар.

Мифологиялық аңыздардың басты сипаты – көршілес жатқан түрлі елдер мен халықтарға ортақтылығы. Қазақ аңыздарының түп-тегі сақ, ғұн, үйсін, Тұран, Түрік қағанаты, Оғыз – қыпшақ, Ноғайлы дәуірлеріне  кетеді. Солардың мазмұнына көз жіберсек, онда матриархат, патриархат, феодализм  дәуірлерінің таңбасы бар. Тарихи аңыздарда  өзінің сиапатына қарап  Ә. Қоңыратбаев  екіге бөледі – қала және дала туындылары.

Қазақ ауыз әдебиеті оқылықтарында  аңыз жанрына ғылыми анықтама берілмеген. Кейбір қазақ әдебиетшілері шешендік өнерді сөз тапқыштық десе, енді біреулері аңыздың кейіпкері  біреу ғана болады дейді. Аңыз дегеніміз  – мифологиялық кейіпкерлер мен  тарихи адамдар жайында айтылатын  әңгімелер. Оның классикалық үлгілері басында Бабыл, Ассирия, Орта Азия, Үндістан, Иран, Мысыр елдерінде туып, жазбаға  түскен аңыздың басы жабайылық, анайылық  дәуірде туған. Оның бас кейіпкерлері – Анахития, Бәну, Шалаш, Ауана, Баршын қыз, Ұмай ана сияқты тәңірлер болған. Кей мифологиялық кейіпкерлер аңызы  Томирис, Зарина қыз, Аққағаз, одан аоң  Ескендір, Наушаруан, Атилла сияқты геройлар атына көшеді. Бұлар кұлдық  қоғамда  өмір сүрген. Басында аңыз-тарих  ғылымының қызметін атқарады. Қазақ  аңыздары фольклор сатысында қалған,  Доспан-Шайық  жайындағы аңыздар  бұл кейіпкердің даралығына ғана танытып қоймай, ол кісі өмір сүрмеген елді-мекен тұрғындарының кәсібін, салтын, наным-сенімін, жалпы тарихын  таныта аларлықтай дәрежеде. Аңыздар  шындық өмірдің көріністері аңыз әңгімелердің тарихи адамдының төңірегінде  тууының негізгі себебі сол адамның  өз басына, істеген ісіне белгілі  бір тарихи кезеңде атқарған роліне байланысты. Бірақ ол адамдардың  іс-әркеттерімен байланысты айтылған әуелгі шындыққа қоспалар қоысылып, сол   істепті – міс, айтыпты – мыс  деген әртүрлі лақап біртіндеп  аңызға айналады. Естіген ауыздан  – ауызға тарайды, аңызды әр топ  өкілі  өзінше баяндап, өзінше түсініп, оны өз тобының көзқарасына лайықтап, өз мүддесіне пайдалануға әкеліп тірейді. Доспан-Шайық жайлы әңгімелер  нұсқасы өте көп. Көне көріп, құлақпен естідік деп баяндаса жастары  атам айтқан деп бастайды. Әйтсе  де барлық әңгіме барысында  байланыс көп. Доспан-Шайықтың  өзгелерден өзгешелігінде, даралығында еш шүбә жоқ.

Шиелінің барлық ауылдарына ортақ тағдыр – бұл ұжым да Сырдарияның  батыс беткейінен көшіп, осы жайға  орналасқанында да ғасырға жуық мерзім өтіпті. Алғашында «Қызылдихан», бірде  Ленин, бірде Ақтоғанмен қосылып, қайта  ажырасып, нәтижесінде 2005 жылдан «Телікөл»  ауылдық округі болды. Сыр бойы Шиелі  өңірінің атпал азаматы, ақиық, тұлпар ақыны Тәжібайұлы Әбділданың туған  ауылы. Сондықтан да ауыл Әбділда  аталарының атында. Орта мектебі, клубы, емханасы, дәрігерлік орны, сауда нүктелері, байланыс мекемесі жұмыс жасайды. Шағын, жинақы ауыл. Досмахан Сұлтанов, Жиенбек  Молдабеков, Ысымов сияқты елге елеулі азаматтардың туған жері. Бұл күндері  округ әкімі қызметін Сайлау Әшір атқаруда.

 

 

 

                         1.3.«Аңыз- әңгімелердегі Бекет ата бейнесі»

 

Бекет әулие –ел қорғаған  ерен ерлігімен, жер асты мешіттерін  салдырған, сәулетшілігімен әлемге  танылған, ұрпақтың көзін ашқан ұстаздығымен,  алдына келген адамға дұғасын оқып, емшілік қасиетімен , болашақты болжап, алысты аңғарар,  әулиелігімен аты  аңызға айналған көреген абыз, көріпкел пір. «Мәдинада -Мұхаммед, Түркістанда- Қожа Ахмет, Самарханда- Сайд Ахмед, , Бұхарада- Шейх Ахмед, Маңғыстауда – Пір  Бекет»- деп  басталатын қанатты  сөз әр  мұсылман қазақтың аузында  жүргені мәлім.  Атағы алты алаштан  асып, Маңғыстаудың қасиетті жерін  мекен еткен үш жүз алпыс екі  әулие топырағынан туған қандай ақын- жазушы болмасын Ата қасиетіне  бас иіп, өлең- жырларына  арқау  етіп, Ата рухымен тілдеспеген  жан жоқ болар . Соның бірі Бейнеулік  Сабыр Адайдың:

 

….Бекетім- құдайлардың арысындай,

Жасылы – ерлерімнің намысындай

Әйтеуір мен білетін Маңғыстаудың

Иті де басқалардың барысындай ,- деп жүрегінен жан сырларын ақтарып төгілсе, қазақтың қайсар ұлы  Мелс Қосымбаев :

 

… Ақтауға келсең , ақ тілек айтып тойлап кел,

От басы емес,  Орданың  қамын ойлап кел,

Адайдың бірі әулие Бекет  атаның

Аруағымен ойнап көр! –  деуі тегін болмаса керек. Маңғыстау  тарихқа толы мекен. Талай ғасыр  қойнауында жатқан ақиқат аңызға айналып,ел аузында  сақталып келеді.

 

Мұхтар Әуезов қазақ аңыздарын  екі топқа бөлді: «Бірінші топқа  тарихта болған адамдар жайындағы  аңыздар, екінші топқа  күй аңыздары жатады »десе біз Бекет ата  жайындағы әңгімелерді бірінші  тобына жатқызар едік. Сондай — ақ белгілі  әдебиеттанушы ғалым Ғазиз Райыс  «Сөз өнері» кітабында аңыздарды  бес топқа бөліп қарастырса  Бекет ата аңыздарын екінші топқа  жіктеп көрсетер едім. Жалпы  «Аңыз  — дегеніміз шындық, нақтылап айтсақ, рух шындығы » десек қисынға  келеді.

 

Аңыздарда ең әуелі шындық, сол шындыққа негізделген қиял әрекет етеді. Қиялдың өзінің астарында  қисынға негізделген астарлы  ой, ишаралы мән бар. осы тұрғыдан келгенде Бекет ата туралы аңыздарды  әдеби таным тұрғысынан бірнеше  қабаттардан тұратын,  мұра ретінде  қабылдаймыз.  Сол көп қабаттың  бірі — мифтік таным.

 

Мифтік таным арқылы санаға сіңісіп,ойлау жүйесімен тұтасқан, содан көркемдік шындықпен үйлескен мифопоэтикалық қабат. Ата туралы айтылған әңгімелердің барлығы дерлік мифопоэтикалық құрылыммен дараланады. Жалпы аңыз атаулының бір сипаты осы десек қателеспейміз.[1 – 107]

 

«Ниетің құбыла болмаса» аңыз әңгімесіндегі оқиға Бекет атаның әулиелігінің тағы бір айқын  көрінісі  іспетті. Аз уақытқа  атамекенін аңсап  келген Канадалық қазақтар Маңғыстаудың  жерінде болып бірнеше мазар  — ескерткіштерді зиярет етеді. Ата  басына арнайы бара алмаған  жерлестеріміз, аттанар алдында «Асығыс болсақ та Бекет ата басына соға кетелік  » деп  түйген олар өз ұшақтарымен  Оғланды тауының  үстімен ұшып бара жатып жерге қонуға әрекет жасайды. Алайда алапат дауыл көтеріліп, көз  көрсетпес құм дауыл боран  болып, көз алдарын көрсетпей , көп  әуреге түсіреді. Бұл аңыз талай  уақыт өтсе де Атаның текті, қасиетті күш  иесі екенін көрсетіп тұрғандай. Арнайы келмей атүсті қабылдап саяхат көріп, жөнді- жосықсыз келе салғанды Ата  әруағы қабылдамаса керек .Бекет  ата әруағының жаман ырым бастап жақтырмағанын сезінген қандастарымыз  аттарының басын елдеріне қарай  бұрса керек. Бұндай оқиғалар қазір  де кездесіп жатыр. Ата басын ермек  етіп көру зияратке жатпайды. Ата басына баратын жалғыз айдау соқпақ қана бар. Төрт құбыласы түгел адам болмаса  да, ең қиын жағдайда  барарға жері басарға тауы қалмай, соңғы үмітпен  ниетпен барған адам ғана шипасын  алып ауруынан құлан таза  айығып, күш- қуат алып  кетері сөзсіз. «Атаның  қасиеті не үстінен, не жанынан қарекет  жасағандарды қасиет иесі қабыл алмайды» деген қағиданы растай түссе керек. Сөзімізді түйіндей келе Түрік халқының перезенті ғалым Фетхуллах Гүленнің : «Әулие хикмет даналық иесі…. Қарапайым  адамдардың түйсігі жете бермейтін  ерекше сый алған бұл ұлы тұлғалар пайғамбарлық ақиқатының  көлеңкесі  сияқты. Міне біз бен олардың айырмашылығы.»[2,]

 

«Өсиет»  аңыз әңгімесінде  атаның тағы бір ерекше қасиеті көрініп  тұрғандай . көзі тірісінде көпшілік ықыласына бөленіп,  бүкіл бір  рудың  әрі пірі, әрі ұранына  айналған Бекет Ата пайғамбар  жасына жетіп, алпыс үш жасында дүниеден озыпты.  Өлер алдындағы өсиетінде  өзін Оғландыға жерлеуді тапсырып Бекет  Ата былай депті:

 

-Қарқараға жандарың келіп,  қашан қиын жағдайда қалғанша  атымды атамаңдар. Ондай ауыр  халде ауыздарыңа алсаңдар, әруағым  жар болып жүрер, — деп көз  жұмса керек. Шындығында  Бекет  атаның мына өсиет аңызында  қадап айтқандай  жанымыз алқымға  тығылғанда, әлсізге медет  іздеп,  зарыққанға жебеу іздеп жетер  жеріміз екенін ескерсе керек.  Ақын Фариза Оңғарсынова апамыз  айтқандай: 

 

 Түн құшып жатыр  бұл маңда…

 Жарқ етер екен таң  қашан?

 Сенімсіз түнде үмітімді немен жалғасам?

 Ал , менің әлі сапарым  қанша алдымда,

 

 күш құяр жанға жолымды сәуле- барма шам?

 Әлі де біраз жолым  болмайтын секілді – ау,

 

 Оғланды тауда бір  түнеп қуат алмасам – дегендей  жалпы Ата әруағын осындай  қиын қыстауда болмаса мазалай  берудің дұрыс еместігін көруге  болғандай. Бұл аңызда қазақ  халқының ежелден ата- баба  әруағын құрмет тұтқаны , ел  тыныштығын сиыну арқылы сақтағаны,  дінімізге берік болғанымызды  дәлелдегендей. Заманының ұлы  ұстазы атанған  Ибн- аль-  Араби «Әулелер жатқан жерде  ерекше энергия болатынын» айтады, ал Ашраф  Джахангир Симнани   «Қайда жүрсең де  әуелі   әулиелердің басына барып зират  етіп,  дұға оқы », деп жазады.[-51]Маңғыстаулық  ақын Ғалым Әріптің:

 

 О, әруақ, демей гөр,

О, Бекет желеп- жебей гөр!

 Оғландының басында  -

 Ордабасын тіккен кемеңгер!- деп халық сеніміне айналған  Пір  Атаның қасиеттері керемет  болып, өзге ұлт өкілдерін де  таңдай қаққызғаны барша жұртқа  аян. Жастайынан ел сенімін  алып Ахмет  есімін иеленген  пір әулие даналығы мен даралығын  , ақылы мен парасатын жұмсайтын  кемеңгер күш  иесі еді. Атаның  басқа да ел аузында жүрген  бірнеше аңыз әңгімелері бар.

 

Татулық тағлымы атты аңызында  бекет Ата  Хорезімдегі намазға  Оғландыдан ұшып барады екен. Ата кемпірі  екеуі сәл нәрсеге келіспей қалса  керек. Кемпірі:

 

Сенің таң намазына үлгеріп  жүргенің  менің арқам, бойыңды  тазалап жіберген менмін ,- дейді. Сонда :

 

Қолыңнан келсе жібермей гөр!- деген Бекет Ата дәретін  алып, ұшайын десе дәрмені жоқ. Қалжыңға бола ұстазынан ұятты болған  Ата кемпіріне ренжісе керек.  Кемпірі тазалық жасап, Бекет  Ата Хорезімдегі сәске намазға  үлгерген деседі.[39] Бұл аңызда адам санасы жете бермейтін рухани бір  құбылыс байқалады. Ф.Гүленнің бұл  туралы нақты ойы былай өріледі: «Рухтың елес денесі кәдімгі дененің  бейнесіне ұқсайды. Әулие кісілер  бір мезетте әр түрлі жерлерде осы елес денесімен көріне береді. Мәселен, олар түрмеде отырса да, таңғы  намазда мешітте, әрі дәл бір  мезгілде қағбада да бола алады. Хазірет  Абдулхамид қажылыққа еш бармаған, бірақ, қажылықта көргенін ант етіп отырып айтқандар бар.Тіпті, «келіп мына үйге түсіпті» дегендерді де көрдік. Ел арасында «Пәлен соғыста пәлен  деген әулие кісі әскерлерге көмектесіпті»  деген көптеген оқиғалар айтылады. Алысқа барудың қажеті жоқ, Кипр шайқасында бір әулие кісі ұшқыштың жанында  отырып «Балам, бомбаларды анда таста: мұнда таста» деп жол көрсеткенін  айтқандар бар. Олардың кәдуілгі денелері жерленген қалпында жатқанымен, рухани болымысы әр жерде болу қабілетіне ие», - деп жазады. Сондай – ақ отбасындағы татулықтың  да маңызы ерекше екенін көрсетіп, рухани байлықтың кемелденуіне де жол ашса керек.

 

Бекет ата аңыз әңгімелерін  оқи отырып,  оның рухани кемелденген  биік жан екенін дәлелдесе, болашақ  ұрпақтың  білімді , ғылымды игеруіне зор көңіл бөліп, болашақ қамын  ойлаған Ұлы ұстаз ретінде  бағалауға болады.  Сөзімізді  түйіндей келе Ресей  жаратылыстану  ғылымдар академиясының мүшесі , Құранды  орыс тіліне тәржімалаған аудармашы  имам Валерия  Прохорованың Бекет  Атаның мерейтойына айтылған сөздерінен  сыр шертелік: « Бекет Ата ерекше жаратылыс. Ол рухты тәрбиелеуші. Бәрімізге  белгілі , бір кездері әруақты  сыйлауға , сыйынуға, тіпті дінге  тыйым салынды. Бұл қате көзқарастар  бізді біраз рухани тоқырауға  әкелді. Әйтсе де қазіргі Атаны  қайта танып, дінді қайта мойындауымыз қуантады. Сондықтан әруақ сыйлауды, сенуді жастарға үйрете түсуіміз қажет.  Ұрпақ адаспауы тиіс,» — деген  өзге ұлт өкілінің жылы лебізі таңдай қаққызып, қайран қалдырары  сөзсіз.

 

«Өзіңді тану — өмірді тану»

 

Мақсаты: Оқушылардың адам өмір жолының маңызды құрамдасы  ретіндегі өзін-өзі тану туралы түсініктерін кеңейту.

 Міндеттері:

 Оқушылардың «Өзін-өзі  тану» пәні бойынша алған білімдерін  пысықтай отырып,өзін-өзі танудың  үздіксіз үдеріс екендігін ұғындыру;

 Оқушылардың өмірдегі  ұстанымын, болашағын анықтауына  оқу материалдары арқылы ықпал  ете отырып, адамның қайталанбас  тұлға екендігі туралы түсініктерін  дамыту;

 әр адамның қайталанбас  тұлға екендігін есте тұта  отырып, өзін-өзі түсіну, өзін-өзі  бағалай білу және өзін-өзі  тәрбиелеу туралы халық даналығымен  таныстыру;

 өзін-өзі тәрбиелеу  үрдісінде рухани құндылықтардың  қайнар көзі – халықтық тағылымдардың  тәжірибесінен тәлім ала білуге  баулу.

 Түрі: тренинг-сабақ

 Көрнекіліктер: мультимедия,дәйексөз,шығармашылық  жұмысқа қажетті құралдар

(түрлі-түсті қағаз, қайшы,желім),жүрекшелер.

 Шаттық шеңбері:

 

Мұғалім: Қайырлы күн балалар! Әр күніміз қуаныш пен сүйіспеншілікке  толы болсын! Бүгін өздеріңмен көріскеніме  ризамын!

 Оқушылар: қайырлы күн,  мұғалім!

 Оқушылар шеңберге  жиналып, Ж.Қалжанованың өлеңін  хормен орындау.

 Өз-өзіңмен, балашым,

 Жаның тапсын жарасым.

 Теңдесі жоқ ешкімге,

 Бұл өмірде дарасың.

 Желден жүйрік көңіл-күй,

 Есті сөзді ойға  түй.

 Жылуына бөлеген,

 Жаным, жарық күнді  сүй.

 Тарихты біл, тілді  сүй,

 Төрт түлігің –  төлді сүй.

 Орманды сүй, белді  сүй,

 Айдын шалқар көлді  сүй.

 Халқыңды сүй, елді  сүй,

 Ел басқарған ерді  сүй.

 Қасиетті мекенің –

 Туып өскен жерді  сүй…

 

Ой қозғау: Өмірге келген әр балаға деген анасының тілектері: «өз-өзімен жарастықта  болуы», «өмірдегі  даралығы», «дана сөздерді ұғына  білуі», «өз тарихын, тілін, табиғатын, туған жерін сүйе білуі» сияқты талаптардың  маңызы туралы ой қозғау.

 Оқушыларға сұрақ қою:  «Осындай ана тілектеріне сай  болу үшін не істеу керек?»

 Оқушылар пікірін тыңдау.

 Ойын: «Таныс болайық»

 Ойынның мақсаты: әр  баланың өмірде өз жолы,өз тағдыры,  өз таңдауы бар екендігіне  көңіл аудару.

 Шарты:шеңберде тұрған  әр бала өз есімін атайды  да, оның немен байланысты қойылғаны  жөнінде мәлімет береді. Мысалы, Асыл есімі-жаны сұлу,таза,ақылды  болсын;

 Болат – ержүрек,  қайратты, елін қорғайтын азамат  болсын т.б.

 Әңгімелесу:

1. Біз «Өзін-өзі тану»  пәнінен не үйрендік?

2. Өзін-өзі танудың адам  өміріндегі маңызы қандай?

3. Өзін-өзі тануды «сарқылмас  қазына» деуге бола ма?Неліктен?

 

Мәтінмен жұмыс:

 Оқулықтағы «Таным  тағылымы» атты аңыз әңгімені  оқушыларға оқытып, талдау.

 Сұрақтары:

 Алыстан көруге үйренді  дегенді қалай түсінесіңдер?

 Сендер танымның қай  жолын таңдап алар едіңдер?

 Қай данышпанның тағылымы  табандылыққа, болашақты болжауға  үйретеді?Неліктен?

 Оқушылардың ой-пікірін  тыңдау, түйіндеу.

 Оқушыларға ой тастау:

 Тәрбие – үздіксіз  процесс.Адам ғұмыр бойы өзі  көріп, естіп-білгендерін ой елегінен  өткізіп, жақсысын өз бойына  дарытуға тырысады. Кез-келген шығарманы  немесе өмірде кездескен жаңалықтарды  зерделей отырып, адам өз-өзін салыстырып талдау жасайды. Әсіресе бала кезінде жаңалыққа құмар, әсершіл келеді.Тек жақсы мен жаманды айыра білу керек.

 Абайдың адамның өзін-өзі  тәрбиелеуі туралы үзіндісі:

 «адам ата-анадан туғанда  есті болмайды:естіп, көріп, ұстап,  татып білсе, дүниедегі жақсы  мен жаманды таниды.Сондықтан  білгені, көргені көп адам есті  болады…

 …егер де есті кісілердің  қатарында болғың келсе, күніне  бір рет, болмаса жұмасында  бір рет, ең болмаса айына  бір рет өзіңнен өзің есеп  ал!

 Оқушыларға сұрақ:

 Абай атамыздың «Өзіңнен  өзің әр күн сайын есеп ал»  деген сөзін қалай түсінесіңдер?

 Есті болу үшін адамға  қандай қасиеттер керек деп  ойлайсыңдар?

 Оқушылар пікірін тыңдау, ой қорыту: адам өмірде өз сезімдері,  эмоциясы және әрекеттерін үнемі  қадағалап, кемшін тұстарын жою  барысында жұмыс істеу керек.

 

Дәйексөз:

 «Дүниедегі ең оңай  нәрсе – біреуге ақыл айту,

   ең қиын нәрсе  — өзіңді-өзің түсіну»

 Әл – фараби

 Нақыл сөздің мағынасын  қалай түсінесіңдер?

 Тапсырма:

 Шығыс философы әл-Машанидың  өлеңін оқып, даналыққа қол жеткізудің  басты шарты – адамның өзін-өзі  тануы деген бағытта әңгіме  жүргізіледі.

 Адам ғалам, ғажайып  жеке-дара,

 Жан құмары – ізденген  мәңгі сана.

 Өзіңді-өзің танысаң  – істің басы,

 Түзеген өз ғаламын  болған дана.

 

Әл-Машани

 

Түйіндеме: Адамның бүкіл ғұмыры бойына жалғасып отырады

                   Өзін-өзі тәрбиелеуге, жетілдіруге мүмкіндік береді.

                    Өзін-өзі тану

                    Өзгелерді түсініп, бағалауға негіз болады

                     Өмірден өз орнын табуға көмектеседі.

 Жүректен – жүрекке:  Балалар шеңберге тұрып бір-біріне  тілектерін жазып жүрекшені тарту  етеді.

 Ә.Орманшинаның «Мен  дне өсіп келемін» өлеңін хормен орындайды.

 Өміршеңдік ережесімен  сабақты аяқтау:

    Әр адамның  ережесі-өз жүрек қалауымен жүру  және батыл әрекет жасау. Сол  сияқты иығыңды тіктеп, жарқын  көңілмен іштей табысқа жетуге  талаптанып, өміршеңдік ережелерін  айтып, өздері қағаздан жасаған  күнге жапсырады.

1. Жігер деген – Мен

2. Күш деген – Мен

3. Махаббат деген –  Мен

4. Кешірім деген –  Мен

5. Құдірет деген –  Мен

6. Жасөспірім деген –  Мен

7. Жастық шақ деген  – Мен

8. Денсаулық деген –  Мен

9. Жарқындық  деген  – Мен

10. Адалдық деген –  Мен

11. Бар ғажайып деген  – Мен

Аңыз әңгімелер