Анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент нәтижелері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ..............................
1 ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ДЕРБЕС ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Білім беру үрдісінде ұлттық құндылықтар негізінде дербес тұлға
тәрбиелеу
мәселелерінің ғылыми әдебиеттердегі
көрінісі......................
1.2 Ұлттық құндылықтар негізінде
дербес тұлға тәрбиелеу мүмкіндіктері.................
2 ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ
ДЕРБЕС ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕУ
2.1 Сабақта ұлттық құндылықтар
негізінде дербес тұлға
2.2 Анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент нәтижелері ......................27
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Әлемдегі болып жатқан
тарихи әлеуметтік, саяси –экономикалық
өзгерістер қоғамымыздың
Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық құндылықтары қайта өркендеу жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық дәстүрде тәрбиелеудің заңды обьективті қажеттігі туды. Мұндай жағдайда жеткіншек ұрпақтың халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық мәдениетімен, әдет –ғұрып дәстүрлері мен неғұрлым танысу қажеттігі бірінші орында тұр. Өйткені мұндай негіздерді білмей өз халқының ұлттық ерекшеліктерін сезбей, басқа халықтың өзіне тән ерекшеліктерін салыстырмай өз рухани байлығын арттыра түсу мүмкін емес. Тәрбие ұйымдастырудағы сыртқы ұқсастықтарға қарап, тәрбие барлық халықтар үшін біртұтас деп себеп болмайды, деген заңдылық осыдан туындайды.
Қазіргі жалпы
білім беретін мектептің
Қай заманда
болмасын жас ұрпақтың өнеге
тұтар өзіндік ұлттық тәлім
тәрбиесі болатындығы белгілі.
Егемені Қазақстан
Ұлттың да халықтың да мемлекеттің
де дербес тұлғаға айналуы «Мен қазақпын»,
«Мен Қазақстандықпын», «Мен Қазақстан
Республикасынанмын» деген
Зерттеудің мақсаты: Жеке тұлғаны қалыптастырудағы ұлттық құндылықтардың маңызын ашып көрсету.
Зерттеу міндеттері:
- Ұлттық құндылықтар
негізінде дербес тұлға
- дербес тұлға тәрбиелеу мүмкіндіктерін ашып көрсету;
- ұлттық құндылықтар
негізінде дербес тұлға
Зерттеу болжамы: Егер мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде, отбасында ұлттық құндылықтар дәріптеліп бала бойына сіңірсе, онда жан –жақты дербес тұлға қалыптастыру үрдісі тиімді болар еді.
1 ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
НЕГІЗІНДЕ ДЕРБЕС ТҰЛҒА
1.1 Білім беру үрдісінде
ұлттық құндылықтар негізінде
дербес тұлға тәрбиелеу
мәселелерінің ғылыми
Қазір әлемдік жаһандану үрдісі қарқын алған сайын дүние жүзі халықтары өздерінің ұлттық төл тумаларын сақтап қалуға, отаншылдық сенімдерін шыңдай түсуге айрықша көңіл бөлуде. Қазақстанның ұлттық құрамы демографиялық кескіні басқа елдерге қарағанда біршама күделі болса да ұлттық мемлекет, ұлттық бағдар, ұлттық тәрбие ұлттық идиология ұлттық құндылықтар сияқты мәселелерді алдыңғы орынға қойып отыр. Себебі Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан сол барлық ұлт өкілдерінің мүддесін ұштастыратын сананы қалыптастыру, қазіргі кездегі ең үлкен мәселе. Ұлттық тілді дамыту, ұлттық тарихты жаңғырту, Ұлттық құндылықтарды қалпына келтіру тағы да көптеген мәселелер үлкен көңіл аударуды қажет етеді.
Қазақстан үшін бүгінде өзіндік қазақ өркениетін дамыту, экономикалық әлеуетін өсіру, салт –дәстүрін әдет ғұрпын, тілінділін, тағы да басқа ұлттық құндылықтар аясын кеңейту өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Әрбір тарихи дәуір өзіне тиесілі болымысы мен айрықша ерекшеленеді. Осы ерекшелік адамзат қоғамның жаңа әлеуметтік тәжірибелері мен толықтырылып отырады. Қазақтың рухани әлемі – Қазақстанның қол жеткізіп отырған тәуелсіздіктің қайнар бұлағы. Осы орайда ұлттық тәрбие, ұлттық құндылықтарымыз туралы айтатын болсақ, бұл екі мәселе де ұлттық мәдениетпен тікелей байланысты. Ал ұлт мәдениеті – бүкіл дүниежүзілік мәдениет атауының өзіндік «ішкі» қасиеті. Ол бұрыннан келе жатқан мәдени дәстүр. Қазақ мәдениетінің дамуын күллі адам мәдениетінің тарихы мен байланысты түрде біртұтас әлеуметтік процестің бөлінбес бір буыны ретінде қарағанымыз дұрыс. Жекелеген елдердің ұлттық мәдениеті өзінің даму үрдісінде әлемдік мәдениетке дейін көтеріледі. Бүгінде заман талабына сай күн тәртібінде қойылып отырған мәселелердің бірі, тарихымызды жаңғырту. Өткенге жаңа көзқараспен қарау. Бұл ұлттық идея жаңа талпыныс беріп отыр.
Бүгінгі педагогика ғылымы қоғамдық дамудың обьективті заңдылықтарына жүгіне отырып қоғамның ілгерлеуіне қызмет ету қажеттілігін, адамды қоғамның ең жоғарғы құндылығы деп тануды өз міндеті деп санайды. Себебі осы құндылықтардың өмірдегі мәнін түсініп, талдап, саралап, қабылдайтын бұл адам санасы.
Педагогикалық сөздікте: «құндылық»
- адамның ішкі құқы, ізгілігі
адамдармен қатынасы, іс –әрекет
кезіндегі көрсетілетін, қайырымдылығы,
тұрақтылығы, мейірімділік
Ал ұлттық құндылық белгілі бір ұлтқа тән, адам болмысындағы, қарым-қатынасындағы адами құндылықтар, ұлылықтың жетілген бейнесі. Ұлттық құндылықтар негізінде оқушыларға ұлттық тәрбие беруде, жалпы ұлттық құндылықтарға қатысты сөздер жиі қолдануымыз керек.
Ұлттық құндылық – тарихи айқындалған қоғамның немесе топтың адамдарына шындық, мақсат және идеал ретінде пайдалы, қажетті құбылыстардың, қасиеттердің табиғат пен қоғам құбылыстарының түйіні. Құндылықтарды саралай келгенде адам өмірінде басты орын алатын құндылық азаматтық құндылықтар екені анықталды. Ұлттық құндылықтарды жүйелеу ұстанымдары дегенде адам қандай құндылықтар жүйесін ұстанады, нені мақсат етіп, неге талпынады деген сұрақтарды анықтауда өзекті. Денсаулық, махаббат, сұлулық білім, сүйікті жұмыс сияқты құндылықтар қай дәуірде болмасын маңызын жоғалтқан емес. Еліміздегі демократиялық үрдістердің дамуына байланысты үйлесімді дамыған, әлеуметтік белсенді, өз бетімен шешім қабылдайтын және оларды іске асыра алатын « шығармашылық тұлға » сұраныс тауып отыр. Бүгінгі күні дербес тұлғаны дамытудың мазмұны мен түріне әлеуметтік, экономикалық мәселелердің шешімі адамның қауіпсіздігі де тәуелді деуге болады. Демек қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі –адамның үйлесімді дамуы, оның ізгілікке бағыты, психологиялық жай –күйінің қорғалуы. Бұл мәселелердің шешімін табу білім беру деңгейімен де байланысты.
Ұлттық құндылықты іріктеудің ұстанымдары: ізгіліктілік, азаматтық компоненттік, демократиялық ғылымилық, құндылық бағдарлық, жүйелік, үздіксіздік, мақсатсыздық, өмірмен байланыстылық, жеке тұлғаға байланыстырылған білім, тұлғаны әлеуметтендіру, оқушының дара жас ерекшелігі, мәдени –ментальдық, тарихилық және тағы да басқалары. Ұлттық құндылықтарды қалыптастыру «мәдениет-тарих –білім» деп аталатын қоғам дамуының макропарадигмалы логикасы арқылы жүйеленеді. Құндылықтар негізінен адам арқылы анықталады және олар адам үшін қажет болғандықтан әлеуметтік сипатқа ие болады. Құндылықтарға тәрбиелеу тек педагогикалық мәселе емес, біле білсек бұл қоғамның даму мәселесі. Бұл екеуін қоғамнан бөліп қарауға болмайды.
Ал тұлға – біртуар «Мен» ретінде алынған жеке адам. Тұлға ұғымы «индивид» адам ұғымдары мен салыстырыла анықталады. «Адам» ұғымы барлық адамдарға тән қасиеттер мен қабілеттерге мінездеме беру үшін қолданылады. Бұл ұғым адамның жануарлардан өсімдіктерден, машиналардан тағы ба басқа дүниедегі әр түрлі құбылыстардан айырмасын атап көрсетеді. «Индивид » адамзаттың дара өкілі, адамдық ақыл, ерік –жігер, көзқарас тағы басқа да әлеуметтік психологиялық сипаттармен анықталушы жан иесі. Тұлға болып туылмайды, тұлға болып өсу барысында қалыптасады. Жас нәресте – адам, бірақ жеке тұлға емес, себебі рол өзінің іс - әрекеті үшін әлі де жауап бере алмайды. Тұлға болу дегеніміз өзінің ешкімге ұқсамайтындай өзінің ішкі рухани дүниесін құрай білу. Қалыпты дамып өзінің өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиетке ие болу, әлеуметтік ортадан өз орнын таба білу. Адамның тұлға аралық қасиеттері оның іс - әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл әрекеті, оның мінез –құлқынан, ниет – тілегі мен бағыт бағдарынан айқын байқалады, сөйтіп жеке адамның ішкі дүниесінің сыры, жан сарайы сыртқа білініп тұрады. Тұлғаның қасиетті құпиясы оның еркін рухында жатыр. Соның арқасында адам өзіне дейінгі ұрпақтар мұрасын – мәдениетті жасампаз түрде қайта қарап, өзгертеді. Тұлғаның шынайы айқындалатын саласы – адамгершілік, мораль. Сыртқы мақсаттарға бет бұрмай өзінің рухани еріктілігін ізгі ықтияры мен тоғыстыра білу тұлғаны танушы ісі. Осы жайында неміс классикалық философиясының ірі тұлғасы Кант былай деген: Адамзатқа оның ішінде өзіне де, басқаларға да барлық уақытта мақсатқа жетудің тек бір құралы емес тек мақсатпен қатынас жасап, әрекет істе деген.
Тұлға болып қалыптасу –үздіксіз әрі қиын процесс: себебі: бұл жолдың қиындығы стихиялы арнайы, әлеуметтік табиғи жол мен пайда болатын факторларға тәуелділіктен туады. Тәрбие жүйесін қайта құруда оған негіз болатын мақсаты мен мазмұны, принціптері мен идеяларына үлкен мән беруге тоталитаризм «жетістерінен», идеологиялық унифоризм догматизмнен алыс болу. Міне осы жерде философтар мен педогогтардың бірлесіп шешетін мәселелері бастан асарлық .
Осындай жағдайда жастарымызды оқытуда тәрбиенің мынадай өмірлік негіздеріне сүйенген абзал:
- Дербес тұлға ретінде қалыптастыру үшін жан –жақты дамыту идеясы.
- Ұлттық құндылықтыр арқылы жалпы адамзаттық құндылықтарды дамытуға жету.
Қазіргі Қазақстандағы тәрбиенің идеялары:
А) Қазақстан азаматын – жерін, елін, отанын сүйетін, халқының құндылықтырын жоғары қастерлейтін рухы жоғары азамат етіп тәрбиелеу;
Ә) Өмірде алдына мақсат қоя алатын азамат етіп тәрбиелеу;
Б) Өз ісінің кәсіпкері (профессионалы)етіп тәрбиелеу;
В) Қоғамың және онымен бірге өзі тұлға ретінде дамуға жетелейтін идеяны жақтаушы етіп тәрбиелеу;
Г) Заңды құрметтейтін азамат етіп тәбиелеу;
Д) Салауатты өмір салтын сүйетін дені сау азамат етіп тәрбиелеу;
Е)Ертеңіне сеніммен қарай алатын адам етіп тәрбиелеу.
Дербес тұлғаны қалыптастыру процесінде бірден –бір әсерін тигізетін – қоршаған ортасы, яғни қоғам. Кез келген адам баласы дүниеге келгеннен бастап қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды қабылдау арқылы өзінің ойлау қабілеті, санасы мінз –құлқының және басқа да қасиеттерінің реттелуіне жол береді. Сондықтан да дербес тұлғаның қалыптасуына және дамуына бірден –бір ықпал етуші қоғам.
Дербес тұлға өзінің көздеген міндетін шешу арқылы қоғамдық мүддені де шешеді. Сол себепті тұлға мен қоғам бір –бірімен тығыз байланысты. Қоғамда болып жатқан құбылыстардың барлығы адамдардың қатысуы саладарынан пайда болады. Адамның қалыптасуына қоғам әсері қандай болса, қоғамдағы болатын және болып жатқан құбылыстарға адамның да әсері сондай.
Тұлға дегеніміз біріншіден өз ұлтын да өзге ұлтты да қадірлей білетін адам, екіншіден өз ұлтын қастерлейтін, жаны мен де, тәні мен де, ісі мен де, әрекеті мен де қайраткерлігі мен де көрсеткен адам. Осы үш қасиет қалыпқа бірдей ие болған адамды ғана тұлға дейміз. Егерде осының бірі орындалмаса, онда ол адам тұлға дәрежесіне, тұлға деңгейіне, тұлға мәртебесіне көтерілмеген адам. Осы айтылып кеткен сөздерді сөзге тиек ете отырып жан – жақты дамыған дербес тұлғаны №1 суреттегідей жіктеп көрсетуге болады:
№1- сурет. Жан - жақты дамыған дербес тұлға
Мәдениеттен адам өзінің бейнесін көреді. Адам айнадағы бейнесін көңілі толу үшін оның өнегелі тәрбиесі, терең білімі бар тұлға болып қалыптасуға мүдделі болу жағында қарастырғанымыз жөн. Себебі: жақсы нәтижеге жету үшін әрдайым қажеттілік туғыза білу керек. Ұлттық тәрбие мен білімнің бүгінгі таңда кездесіп отырған қиыншылықтар дәл осы ұлттық болмысымыздан алшақтап кетуіміздің нәтижесі болып отыр. Сондықтан тәрбие берудің тамыры терең ұлттық кен байлықтарымыздан бастауымыз керек. Әке –шешесіне, еліне, жеріне, отанына деген сүйіспеншілігі мол адамнан жалпы азаматтық қауымдастыққа деген шынайы сезім туатыны сөзсіз. Міне ұлттық тәрбиенің қажеттілігі де, мақсаты да, мазмұны да осында жатыр.
Кез – келген іспен сөздің арасындағы алшақтықтың тәрбиеге тигізер кесірі зор. Ол өмірлік озық болар көзқарастар: адамның өмірдегі ролі орны мен маңызы, ұлттық құндылықтары оның ішінде ар – ождан, даңқ, абырой, құндылық және тағы да басқа қасиеттерінің қалыптасуына әсер етуі сөзсіз.
Адамның өмірдегі орны еш уақытта түпкілікті, біржақты, мәңгілік шешімін таппайды. Оны әрбір жас буын, жеткіншек әрбір адам тікелей шешуіне тұра келеді. Ал ұлттық құндылық – ұлттық қасиет. Сондықтан оны біреуге күшпен таңып қоямын деуге ешкім келіспес. Ол адамның жүрегінің түбінен оянады. Сол секілді адамның жеке көқарастары, өмірінің мәні туралы айтуға болады. Дербес тұлға өз іс - әрекетіне жауап бере алатын, қоғамдық маңызы бар мақсаттар мен міндеттерді шеше білумен қатар оларды іске асыратын саналы қоғамдық дамудың ең жоғары мүшесі деп жүрміз. Қай заманда болмасын жастар жаңалық атаулыға өз көзқарасымен қарап, оны өзінше қабылдау мен және тез қабылдау мен ерекшеленеді. Сондықтанда біздің өміріміздің негізі - адамды дербес тұлға ретінде қарамасақ, кез – келген ісіміздің болашағынан нәтиже күту екіталай. Себебі, ол біздің ойлап тапқан қиялымыздың жемісі емес, өмірдегі бар адам: оның іс - әрекеті, оның кездесіп жатқан қарама – қайшылықтары, оларды кейбір жағдайда одан өзіне өмірлік сабақ болар тәжірибе жинақтап жатуы оған дәлел.
Жалпы тәрбие мәселесіне әсіресе, жақсы тәрбиенің игі ықпалына қазақ халқы өте үлкен мән береді: «ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер», «баланы туады екенсің, мінезді тумайды екенсің». Ата –ана үлкендер көргенділікті әуелі көп алдында өзің көрсет. Балаңды бетімен жіберме. Бесіктен белі шықпаған бөбек кезінен жақсылыққа үйрет, жамандықтан жирент. «Бас мүлгісе аяқ - сүрінеді ». Әуелі өзің үлгі бол, ұрпағың сонда ғана өнегелі тәрбие алады. Әйтпесе ертең опық жейсің. Қазақ тәрбиесінің негізгі өзегі осыған саяды. Сайып келгенде азамат тарихы дәлелдегендей «адамның күні адаммен», «Кісі болар адамның кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменнен несі бар». Ендеше балаңа игі жақсылықты көп көрсет, соған бой ұсындыр. Осылардың ішінде қауымдық тәрбиенің маңызын баса көрсеткен «ұлың өссе –ұлы үлгімен ауылдас бол » мақалы анаша тартып, ішімдік ішіп, жезөкшелікпен айналысып, кісі өлтіріп ұрлық істегендерді, тілін, ділін білмей, ұлттық құндылықтарымен өз отанынан безіп, басқа жерден бақыт іздеп кеткендерді тәрбиелеуде аса құнды. Қоғамдық тәжірибе ұлттық тұлға қалыптастырудың қайнар көзі болып табылыды. Дербес тұлға одан кісілік сапаларымен жеке бастың ұлттық қасиеттерін қалыптастыруда нәр алады. Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт –дәстүрін, тілін, білімін меңгерген мәдениетті, адами қасиеті мол шығармашылықты тұлға етіп тәрбиелеу - өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Әрбір азаматтың білім алуға құқығын негізге ала отырып, оқушы бойында ұлттық құндылық қаиеттерін құрметтеуге тәрбиелеуде дидактикалық шарттар яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісінің жан –жақты қажеттілігі туындайды. Оқушы бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, халық тағылымдары, тағы да басқа мәселелеріне тоқталып өткен жөн. Дербес тұлғаның ұлттық қасиеттері мимандостық, кісілік, сыйласымдылық, имандылық, кішпейілділік, кеңпейілділік, салауатты тіршілікке бейімділік, өнерпаздық, шешендік ақынжандық, мәдениеттілік тағы басқа қасиеттер арқылы ерекшеленеді. Сондай-ақ ұлттық салт–сананың өмірдегі қолданбалы көріністері: рәсімдер рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар діни уағыздар, сенімдер адамгершілік борыш, перзенттік парыз ұрпақтың міндеті арқылы іске асырылып, ұлттық қасиетке айналды.
Қазақ халқының тәлім –тәрбиелік ой –пікірін, халықтың өткендегі өмірі мен салт –санасы мен тұрмыс –тіршілігі мен етене бірлікте, тығыз байланысты алып қараған жөн. Халқымызда « жеті атасын білмейтін ер –жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел – жетесіз», «тарих сабағын ұмытқан таяқ жейді», туған атаң ұлтыңды ұмытудан, ана тіліңді білмеуден асқан күнә бар ма ? «тегінен нәр алған тозбайды», «жастықта жиған білімің – қарттықта жұмсар мүлігің»- дейтін мақалдар бар. Бұлар дербес тұлғаны рухтандыру, оның сана –сезімін оятып, күш –жігер беру, шынайы ұлттық тұлға қалыптастыру мақсаты көзделеді.
Халықтың тұғыры оның бүгіні мен ертеңі рухани байлықпен тығыз байланысты, егер біз одан айырылсақ, біз халық түгіл адам болудан қаламыз. Өркениетті дамыған ел тарихты қадірлейді, құрметтейді, тарих ұлттың ар –ожданы деп санайды. Ешбір ғылым тарих тәрізді отан сүюді, ұлттық мақтанышты тәрбиелей алмайды .
Қазақстан мемлекетінің алдында біріншіден біртұтас ашық білім кеңістігін қалыптастыру міндеті тұрса, екіншіден, жас ұрпақты ұлттық мәдени рухани қайнарлардан сусындату қажеттілік болып отыр. Ұлттық мәдениеттің өзіндік құндылықтарын айқындап көрейік. Біріншіден ұлттық құндылық ретінде оның бірегейлену функциясын алған жөн. Адам қанша дара субьект болғаны мен ол өзіне арқа сүйер тірек іздейді. Оны отбасы да мектепте атқара алады. Бірақ этникалық аяның орны бөлек. Сондықтан тәні мен рухы сау ел азаматы өз ұлтына ерекше бір жылулықпен және елжандылықпен қарайды. Жаһандану аясында ұлт ретінде жойылып кетуге апарып соқтыруы мүмкін рухани мәңгүрттіктен сақтану, оның алдын алу шараларын бүгінгі күннен бастаған жөн. Қазақстан Республикасы қазірдің өзінде ТМД елдері арасында экономикалық дамудың алдынғы шебіне шығып, халықтың әл – ауқатын жақсарту жолында батыл қадамдар жасап отыр. Егер әлемдегі аймақтық дау – жанжалдардың шарпуы тимесе, ішкі этнос аралық татулығымызды сақтасақ, таяу жылдары экономикалық тұрғыдан қуатты, азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесі жетіліп өркениетті үлгідегі демократиялық институттары толық жасақталған елге айналарымызға күмән жоқ.
Біздің осындай қоғамға
жетуіміздің жолын белгілеп берген
Президентіміздің «Қазақстан 2030» стратегиясы
күн өткен сайын айқын
Бүгінгі таңда өзіміз
тәлім – тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндер
ертеңгі күні тек білімді кадр
ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық
тарихымен мәдениетін қастерлейтін,
рухани кемелденген азамат болып
өсуі қажет. Еліміздегі балабақшалардан
бастап, орта білім беретін оқу
орындарына дейін, жас ұрпақтың бойында
ұлттық дүние таныммен дін мәйегін
сіңіріп оларды нағыз отаншылдық
рухта тәрбиелеп өсіруге
Мұның бәрі таяу болашақта атқарылуы тиіс шаралар. Оларды күтпей - ақ қолда бар мүмкіншілікті пайдалана отырып кең байтақ отанымыздың тарихы мен табиғатын жас ұрпаққа таныстыру жолымен, олардың бойында мемлекеттік рәміздерімен салт – дәстүрлеріне және ұлттық құндылықтарына құрмет сезімін қалыптастыру рухында аталған бағытта жемісті жұмыс атқаруға болатыны анық. Өзінің Қазақстандық екенін, Қазақстанда туғанын әрбір бала мақтаныш ете алса ғана біздің бұл ісіміздің нәтижелі болғаны. Сонда ғана ұстаздар, бүгінгі заман алдымызға қойып отырған күрделі міндетті абырой мен атқарып еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеп өсірдік деп сенім мен айта аламыз.
1.2 Ұлттық құндылықтар
негізінде дербес тұлға
Балаңды өз тәрбиең мен тәрбиеле ме, өз ұлтыңның тәрбиесі мен тәрбиеле деген бабалар өсиетінің мағынасына үңілсек баланы дербес тұлға етіп қалыптастырудың негізі ұлтымыздың ұлттық құндылықтарында екенін көрсетеді. Біз үлкен болайық, кіші болайық, бәрімізде ата –бабамыздан келе жатқан тәлімнің төліміз, тоқсан тарау ана мен келіп тоғысқан татымды тәрбиенің жемісіміз. Баяғы заманда көз жұмған арғы бабаларымыз, үлкен әкелерімізбен, кіші әжелеріміз де мәңгі өшпес ізгі дәстүрдің өнегесі мен бізді баулып жатыр, баули да береді.
Тәуелсіз еліміздің бүгінгі мақсаты - өркениетті елдердің қатарына көтерілу болса, оған қол жеткізудің негізгі жолы әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Ұлттық білім беру жүйесін жаңа арнаға бұру, нәтиже мен сапаға бағыттау, бәсекеге қабілетті дербес тұлға тәрбиелеуді міндеттейді.
Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау өзінің бет –бейнесін, ізгі дәстүрін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну қиын емес. Ал мұның бәрі мәдениет, тіл, тарих, деген ең негізгі құндылықтардың беріктігіне келіп тіреледі. Әлбетте бұлар – халқымыздың рухани дамуының түп қазығы, тірегі. Олай болса осы төрт тағанды сақтау ғана оны барлық кері ықпалдарға төтеп бере алатындай жағдайға келтіру ғана халықтың болашақ тағдырын оңды шешеді. Бұл орайда білім беру саласындағы барлық өзгерістердің өзегіне осы тұрғыдан келуіміз заңды. Бүкіл жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесініңде осы негізде жүйеленуі қажеттігін өмір өзі дәлелдеп отыр.
Сананың өзін - өзі қорғауы, ең алдымен бүкіл халықтық, мемлекеттік ұлттық мақсаттың тұтастығын түсіну арқылы мүмкін болады. Сонда ғана оның жас ұрпақ бойында қалыптасуы тиіс рухани ішкі иммунитетінің де негізі болатыны сөзсіз. Білім –ұлттық ақыл –ойы мен ерік жігерін қалыптастырушы тірек. Ендеше ол мемлекеттік саясатың әр адамның сол мемлекет мүддесін дұрыс түсінуінің, оны сақтауға орындауға деген шын сенімінің де негізі болуы тис. Білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыру –ұлттық дәстүрді сыртқы кері күштерден қорғаныс ретінде біліммен сабақтастыра пайдалану деген сөз.
Білім беру жүйесіндегі оқыту мәселелері мен ұлттық мүдденің жақындасуы ғана білімнің мемлекет дамуындағы стратегиялық ролін күшейте түспек. Тәрбиелік қуаты берік білім халықтың болашақ даму бағытын өзі айқындауына жол ашады.
Жастарымызды ұлттық құндылықтарымызбен тәрбиелеуде, алға сүйреуде үкімет жарлықтары жеткілікті ме? Адамның ішкі рухани байлықтарының негізін салуда оған жол көрсету – осы мен шектеле ме? Бұл жерде үкімет жарлығымен шектелу әрине жеткіліксіз. Адамның алға дамуының шегі болмайды. Әр уақытта ізденуден жаңа жол, идеялар іздеуімізден талмауымыз керек. Бірақ қай уақыта болмасын ата – баба дәстүріне негізделген бай мұраларымызбен қаруланып, соған арқа сүйеген жөн. Ұлттық құндылықтарға бай тәрбие жайдан – жай пайда болмайды . Ұлттық құндылықтар қайдан бастау алады? Неліктен ұлттық тәрбиенің дұрыстығына сеніміміз мол? Себебі, ол – бізде табиғатымызбен сіңіп жасап келе жатқан, қалыптасып үлгерген, талай – талай сыннан өткен, дұрыс жөн сілтей алған құндылықтарға негізделген. Сондықтанда ұлттық құндылық өркениеттік құндылық ретінде қаралуда. Стандартты құндылықтарға қарағанда ұлттық құндылықтарды сіңіру оңай. Себебі қанымыз бен сіңіп, қоғам дамуы мен бірге жоғалмай келе жатқан ұлттық құндылықтармыздың адам жанына жақын болары анық. Ұлттық тәрбие бастауы – ұлттық құндылықтар. Өркениеттік құндылықтарға ұлттық құндылықтармыз арқылы ғана жетеміз.
Бүгінгі таңдағы Қазақстан білімі әлеуметік мәдениет пен рухани қабілеттің бірі ретінде қоғам мен дербес тұлға менталитетіндегі жеткіншектер мен ересектердің құндылық бағдарындағы өзгеріске байланысты даму кезеңінен басталады. Жаңа жолдарды іздестіру екі бағытта жүзеге асуда дербес тұлғадан да жоғарғы мәні бар қазақтың дәстүрлі ұлттық құндылықтарын қалыптастыру жолы бойынша және адамның тұрмыс қарекетін батыстың құндылық бағыты мен ұлғайта жетілдіруге байланысты. Білім ордасы –жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру мен қатар халықтың биік рухы мен ғасырлар бойы жинақтаған мұраларын келешек ұрпақ иелігіне жеткізіп отыратын мәдени орын, ұлттық тәлім – тәрбие орталығы. Ұлттық мектеп тағдыры қай уақытта да, қай ұлттың болсын көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып келген өзек жарды мәселелердің бірі болып саналады.

- Аңыз әңгімелер
- АО и виды ценных бумаг
- АО и виды ценных бумаг
- АО и ценные бумаги
- АП Адм право как отрасль права
- Апарат більшовицької влади в боротьбі з релігією в 20-30х рр ХХ ст.
- Апаратні засоби персональних комп’ютерів
- Антропонім у творчості Марка Твена
- Антропонозы
- Антропоцентризм в культуре и философии Возрождения
- Антропоцентризм в культуре и философии Возрождения
- Антропоцентризм и гуманизм в философии Возрождения
- Анықталмаған және анықталған интегралдар, олардың қасиеті
- Анықтамалар, қысқартулар мен белгілеулер