Бала тілін дамыту
КІРІСПЕ
Н.Ә. Назарбаевтың жолдауында «Біз бүкіл елімізде стандарттар деңгейіне сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деген болатын. Сондықтан да бүгінгі өскелең уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге қатар жүрері анық. Балабақшада берілген тәрбие — барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан-жақты тәрбиемен дамыту ісінін түпкі негізін қалайтын орын.
Егемен еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі азамат, яғни бүгінгі бүлдіршіндер тәрбиесі аса жауапты басты мәселенің бірі.
Қазақ халқында: «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан асқасын досыңдай сырлас» - деген тамаша сөздің терең философиялық мәні бар. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Ұрпақтың азаматтық тұлғасы мен отаншылдық асқақ сезімдері, туған ел, төлтума мәдениет, салт-дәстүр, моральдық-этикалық нормаларын қалыптастырудың қайнар көзі мектепке дейінгі кезеңнен бастау алатыны ақиқат.
Бала тәрбиесі - әр сағат, әр күн сайын тынымсыз жүргізіле беретін аса жауапты, аса күрделі процесс.
Сондықтан да әрбір ата-ана өзінің баласын Отанға пайдалы, өзіне мейірімді, еңбекқор, адамгершілігі мол адам етіп тәрбиелеуге халық алдында да, мемлекет алдында да жауапты. Бірде-бір ата-ананың бала тәрбиесіне немқұрайлы қарауға еркі жоқ. Егер де ол, бала өсіруде қате жіберсе, осалдық байқатса, қартайғанда опық жейтінін, өкінішке ұрынатынын - ешбір дәлелдеп жатудың қажет етпейтіні ақиқат.
Балабақшадағы тәлім-тәрбие барлық тәрбиенің бастауы. Өйткені әр балдырғанның салауатты тіршілігі мен өмірден өз орнын табуының негізі балабақшада қаланады. Бала-ата-ананың болашақ үміті. Адамзаттың келешегі. Оның бүгінгі өмірі ертеңгі күннің өлшемі екені анық. Бала тәрбиесі, оны мәпелеп өсіру бүгінгі таңның үлесіндегі күрделі міндет. Осы міндетті балабақша ұжымы өздерінің ауызбіршілігімен, ізденімпаздығымен, шығармашылық еңбектерімен орындауда.
Баланың айналадағы өмірді танып білудегі басты жәрдемшісі тіл, ал тіл баланың сана-сезімі, ой-өрісінің жетіле түсінуіне негіз болады. Балалар сөздерді байланыстырып сөйлеуге үйретіп, өлең, тақпақ жаттату арқылы тіл байлығын дамыту, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы жан-жақты білімділікке тәрбиелейді.
Мектеп жасына дейінгі мекемеде тәрбиеленетін бүлдіршіндер мектепке толық дайындықпен барады. Айталық, бала санауды біледі, сурет бойынша сөйлем құра алады, сурет салады, тақпақ жаттап, өлең айтады, би билейді, ертегі айта біледі.
Мектепке дейінгі
Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын, бала айналадағы адамдармен, өзі қатарлас балалармен белсенді қарым-қатынас жасайды.
Баланың айналадағы дүниеден алған әсерін әрі қарай кеңейте отырып, бір аранаға түсу балабақшада арнайы өтетін сабақ, ойын, еңбек процестерінде тәрбиешінің басшылығымен іске асады. Балаға бағдарламалық материал негізінде білім беруге баса назар аудару керек.
Мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу қабілеттерін, тіл байлықтарын арттыру. Бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы тілдің пайдасын түсіндіру.
Зерттеу объектісі: Сөйлеу қабілетінің диагностикасы
Зерттеу субъектісі: Сөйлеу қабілетін зерттеу жұмысы
Гипотеза: Біз ұсынған диагностикалар арқылы балалардың сөйлеу қабілеттерінің диагностикасына, олардың сөйлеу деңгейіне, сөздік қорына бір шама өзгерістер өзгертуге мүмкіндік береді. Тіл кемістігі бар балалардың сөздерді, әріптерді дұрыс айтуға арналған диагностикалар нәтижелі әрі тиімді.
1. СӨЙЛЕУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Тіл қатынасы жөніндегі түсінік
Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, өз қимыл-қозғалыстарын басқару, реттестіру үшін басқалармен қарым-қатынасқа түседі.
Ойымызды басқа біреуге жеткізудегі жеке адамның дербес әрекетін сөйлеу деп атайды. Сөйлеу - бұл пікір алысу процесінде адамның белгілі тілді өзінше пайдалануы. Сөйлеу процесі арқылы кісі өзінің білімін іс-тәжірибесінде байытып қана қоймайды, сонымен қатар қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады. [4]
Сөз халық қазынасы, рухани өнегелі өріс. [3]
Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Олар бір мезгілде жүріп отырады. Мұның біріншісі - сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі - оның мәнерлілігі. Сөйлейтін сөзінің мазмұны болмаса, ол өзінің сөздік мәнін жояды. Сөздің маңыздылығы дегеніміз - екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындылығы.
Сөздің мәнерлілігі дегеніміз - адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айтуы.
Адам миының жарты
шарының сол жақ бөлігінде (
Сөзді сигналды дұрыс талдай алу адам психикасы дамуының түрлі кезеңдерінде әр қилы көрінеді. Жас баланың алғашқы кезде дыбыстарға қайтаратын жауап реакциясы жалпылама түрде (генерамцация) болады. Мысалы, ол «сағат» деген сөзді айтқанда немесе сағатқа қарап сөйлегенде, сол затқа ұқсас дыбыстардың жиынтығына баса назар аударады да, дыбыстың қалай айтылуын дұрыс айыра алмайды. Бұл жағдай баланың ми қабығындағы талдау мен жинақтау әрекеті әлі де жөнді жетілмегендігін, яғни онда сөзді дұрыс қабылдау, оны түсіну мардымсыз екендігін көрсетеді. Сөздерді жалпылай алу - адамның ойлауы мен сөйлеуінің басты ерекшелігі. Бала мұндай қабілетке тілі шығып жүре бастағаннан кейін біртіндеп ие бола бастайды. [4]
«Сөйлеу» мен «тіл» ұғымдары бірдей емес. Сөйлеу дегеніміз - адамдардың тіл арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау әрекеті. Бұл қарым-қатынасты әр адам өзінше, бірақ та сол ұлттың қолданып жүрген тіл құралдары арқылы іске асырады. Ал тіл - осы құралдардың (дыбыс, сөз, сөйлем, осылардың арасындағы байланыс) жүйесі, яғни дыбыс қоры және сөздік қоры, сондай-ақ, грамматикалық формалар болып табылады. Тіл қоғамдың өндірістің даму барысында, адамдардың өзара сөйлесу процесінде пайда болады, сөйтіп адам дайын тілді игереді.
Сөйлеу баланың ойлау дағдысын дамыту арқылы қарым-қатынастың мақсаты мен міндетін анықтайтын шығармашылық іс-әрекеттің негізгі қызметтерін іске асырады. [3]
Адамдардың бір ұжымға бірігіп, еңбек ету процесінде бір-біріне бірдеңе айту қажеті пайда болған. Адамдар замандастарына сөйлесу арқылы сол кезеңде болып жатқан оқиғаларды баяндап қана қоймай, ол бүкіл адамзаттың барлық жинақтаған білім қорын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады. Бала сөйлесуді үйрене отырып, өзі дүиеге келген қоғамның өмірінен тыныс алады. Егер бала кездейсоқ бір жағдаймен сөзді үйрене алмаса, онда оның ой-өрісі төменгі дәрежеде қалған болар еді.
Бөбектер алғаш дүниеге келген жылдары адамзат қоғамынан сырт қалып, адамдардың сөйлеген сөздерін мүлдем естімеген жағдайларды бастарынан өткерді. Мәселен, туған кезден бастап маймылдар асырап, солардың арасында өскен бірнеше баланың әр кезеңдер бойынша Үндістанда табылғаны рас. Ой өрісі жағынан бұл балалар өздерін асырап, өсірген маймылдардың дәрежесінде болған. Кейіннен мұндай балалар адамдармен бірге тұрғанда олардың ақыл-ойы өте баяу дамыған. Адам өмірінің алғашқы жылдарында оның интеллектісінің дамуына сөйлеудің қаншама мәні бар екенін осы жағдайдың өзі дәлел бола алады.
Ойлау мен сөйлеу, жоғарыда айтылғандай, бір-бірімен тығыз байланысты. Адам ойлағанда, әдетте өз ойын іштей сөз және сөз тізбегі арқылы құрып, іштей сөйлеу деп аталатын түрде береді. Іштей, ең болмаса, бір-екі сөзді құрап алмай бір нәрсені шынында да ойлап көріңізші, ойлай алмайсыз.
Алайда, адамдар өз ойын сөзбен жеткізіп, айтып бере алмайтын жағдайлар да болады. Бұдан ой сөзден бөлек бола береді деген ой тумайды. Бұл жерде адамның іштей ойлаған сөзін сыртқа шығарып, өз ойын басқа адамға түсінікті етіп, кеңінен айтып жеткізуінің қиын екендігі турасында сөз болып отыр. [4]
1.2 Сөйлеу түрлері
Пікірлесудің кез келген түрі сөз арқылы жүзеге асады. Пікір алысудың нақты мақсаты жеке жағдайларға қарай түрлі сөйлеу ерекшеліктерімен көрінеді. Сөйлеу бірнеше түрге бөлінеді. Алдымен ол сыртқы және іштей сөйлеу болып үлкен екі топқа бөлінеді. Сыртқы сөйлеу - ауызекі және жазбаша сөйлеу болып, ал ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог болып екіге бөлінеді. Ауызекі сөйлеу - тілдің негізгі түрі. [4]
Ауызша сөйлеудің негізгі түрі - диалог. Диалог (грекше dialogos – сөйлесу, әңгімелесу), сұхбат – ауызекі әңгімелесу пішіні, екі не одан да көп адамдардың пікір алысу; ғылыми және көркем әдеби шығармаларда қолданылатын тәсіл. [7]
Диалог сөздің кейбір психологиялық ерекшеліктері төмендегідей:
- мұндай сөз бөгелмей, еркін айтылады;
- ықшам келеді. Тек әңгімелесушінің өздеріне ғана түсінікті болады;
- диалогтың қисындық жағы (жоспарлылығы, бірізділігі, дәлелділігі, т.б.) кемдеу болады;
- диалог сөз ым-ишарамен, бет пен көздегі мәнерлі қозғалыстармен (қолдың, ауыздың, көздің қозғалысы, т.б.) толықтырылады. [4]
Монолог (грекше monoloqos, mono – бір, loqos – сөз) - бір адамның сөзі, яғни баяндамашының, лектордың, мұғалімнің сөздері. Сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданатын тәсіл. Монологтың ерекшелігі сол адамның ішкі сыры, көңіл күйі, психологиясы терең ашылып, көрініс табады. [7]
Монолог сөзге тән кейбір психологиялық ерекшеліктері:
-монолог сөз белгілі жоспарға сәйкес құрылады;
-логикалық жағынан қатаң талаптар қойылады;
-монолог сөз адамға әсер ететін мәнерлі сөздерді қажет етеді;
-грамматикалық құрылысы белгісіз жүйеден ауытқымайды.
Ауызша сөйлеуде актив және пассив сөздер болады. Актив сөздер - күн сайын жиі қолданылатын сөздер. Пассив сөздер - сирек пайдаланылатын, мән-мағынасын түсінгенмен, күн сайын қолданылмайтын сөздер.
Сөйлеудің ерекше бір түрі - жазбаша сөз. Жазбаша сөйлеу қалам-қағаз ұстауға жараған адамның сөйлеуінің біршама дамыған кезінде ғана пайда бола бастайды.
Жазбаша сөйлеу түріне айрықша талап қойылады. Оқушы жазбаша жұмыстың мазмұнымен әдетте оның авторынсыз танысады, сондықтан ол анық, түсінікті, дәл болуы қажет. Сондай-ақ, сөйлеудің жазбаша түрінде сөйлеген сөзді жандандыра түсуге қажетті сөз ырғағын, мимика мен қол қимылдарын пайдалана алмайсың. Сондықтан да сөйлеудің жазбаша түрінде қиыншылықтар көп кездеседі. Егер сөйлеу кезінде тыңдаушының түсінбегенін баяндаушы адамнан әр уақытта сұрап, айқындап алуға мүмкіндігі болса, ал ауызша және жазбаша сөйлеу адамдарға әр түрлі талап қояды. Мәселен, кейбір адамдар шешен сөйлеп, жазуға шорқақ болса, ал енді біреулер өз ойын майын тамыза жазады, бірақ сөйлеген сөзінде кемшіліктер кездесіп отырады.
Сөйлеудің көрсетілген түрлері актив сөйлеу ұғымына жатады. Сонымен қатар, адамдардың сөйлемей, тек тыңдап отыруға тура келетін пассив сөйлеу түрі де бар. Пассив сөйлеуге басқа адамның сөйлеген сөзін тыңдап, түсіну кіреді. Ол үшін тіл құралын, сондай-ақ осы құралдар арқылы білдіретін ойларды анықтап алу қажет.
Сөйлеудің жеке бір түрі - ішкі сөйлеу. Бұл - тілдік материалдар негізінде дауыстамай-ақ, сөйлей алудың көрінісі. Ішкі сөйлеуді сөйлеу аппаратының жасырын жұмысы деуге болады. Ішкі сөйлеу өте қысқа, икемді болып келеді. Өйткені, адам әр кез өз ойлауының мазмұнын жақсы біліп отырады.
1.3 Сөйлеудің дамуы және сөйлеу қызметтері
Бала сөйлеуінің дамуы бірнеше сатыдан тұрады. Алғашқы саты - сөйлеуге дейінгі кезең. Бұл кезең баланың 2 айлығынан 11 айға дейінгі аралықты қамтиды. Екінші саты - бала тілінің алғаш шыға бастаған 11 айдан 1 жыл 7 айға дейінгі аралық. Үшінші сатыда - бала тілдің грамматикасын меңгере бастайды. Бала тілінің шығуы оның дүниетаным шеңберін кеңейтіп, сөйлеу тілін дамытады. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тілінің дамуын психологиялық тұрғыдан қарастырып, ғылыми жүйеге келтірген әйгілі мамандар Л.С. Выготский мен швейцариялық психолог Жан Пиаже.
Тілді меңгеру осы заманғы ғылымда айрықша маңызы бар мәселе болып саналады. Әсіресе, баланың ана тілінде айқын сөйлеп, тіл грамматикасын меңгеруі шетел тілдерін меңгеруге тұрақты тиянақ болатынын нақты деректер дәлелдеп отыр. [4]
Қазақстан Республикасының "Тілдер тыралы" Заңында:
"Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы – тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты" делінген.
Тілдің көмегімен өнер-білімді, ғылымды игереміз, өткен-кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Өзіміз танып қана қоймай, сол асыл қазыналарымызды әлемге танытамыз. Әлемді танимыз. Сондықтан адам баласының байлығының бірі – сөз өнері. «Өнер алды – қызыл тіл» - деген аталы сөздің астарында қаншама сыр жатыр. [8]
Тіл – халықтың даналығы, танымы мен талғамын тауып айтатын шыншылдығын көрсететін, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес қазынасы. Онда ақиқатты танып білудің сан ғасырлық аса бай ұжымдық тәжірибесі жинақталған. Қоғамдағы мәдениетке жеткізіп, қоғамдық ой-сананы биікке көтеретін, қуатты да құдіретті мұндай тілдің көмегімен өркендеген елде оның құрылымы мен жүйесі дами түсіп, небір нәзік ой мен сезімді, аса күрделі құбылыстарды дәл бейнелейтін қабілеті арта береді. Әрине, тілдің мұндай баға жетпес мәнділігі, ең алдымен, оның сөз байлығынан байқаладық. [15]
Тіл ғылымы мен психология пәнінің сабақтасқан буыны психолингвистика деп аталады. Ол тіл мен ойдың байланысын және өзіндік ерекшеліктерін тіл білімі, психология, логика, социология, тарих, т.б. ғылымдар тұрғысынан қарастырып, тіл мен сөйлеу әрекетінің жеке психикалық процестері мен өзектестігі сияқты жайттарды зерттейді.
Табиғат шындығы, болмыстағы нәрселер мен олардың сыр-сипаттары адам санасында түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау, сөйлеу сияқты психологиялық таным процестері арқылы бейнеленіп, сезімдік таным мен ақыл-ойды дамытады. Бейнелеудің өзара байланыстары мен қасиеттері ашық сөйлеу арқылы таңбаланып, адамның жалпы дүниетанымдық көзқарасы мен санасын, ақыл-ойын қалыптастырады.
Адам дүниетанымының терең болуы сөйлеу әрекетіне, болмысты, дыбысты ашық тіл арқылы тепе-тең етіп бейнелей алуына байланысты.
1 - сыныптағы балаларды алдымен ана тіліндегі сөздердің барлық дыбыстарын ажырата біліп, оны дұрыс айтуға үйрету үшін сөздің дыбыс талдауын жүйелі түрде жаттықтыру қажет. Бұл дұрыс жазуға үйретуде және ауызекі сөйлеуде маңызы бар фонематикалық естудің дамуына көмектеседі.
Баланың тілінде кемшілік болса, онда тиісті педагогикалық әдіспен мектепке келген күннен бастап оны бірқалыпқа келтірумен айналысу қажет. Мұндай балаларды дұрыс сөйлеуге үйренетіндігіне сендірген жөн. Сыныптағы кейбір балалардың тілінде кездесетін кемшіліктерге басқа балалардың күлуіне жол бермеу керек.
Мектепте оқыған кезінде балаға фонематикалық, лексикалық (сөздік) және грамматикалық жағынан тиісті талап қойылса, онда олардың тілі тез жетіледі. Тілдің мектепте сабақ ретінде өтуінің маңызы зор. Балалар сөйлесудің сөйлемнен, сөйлемнің - сөзден, сөздің - буыннан, дыбыстан құралатынын біледі. Мектеп оқушылары сөз бен буыннан әрбір дыбысты бөліп (талдау), жеке дыбыстардан сөз құрастырып (біріктіру) үйренеді.
Зерттеулерге қарағанда оқу процесі үш кезеңге бөлінеді: оқушының дыбыстармен және оны бейнелейтін әріптермен танысатын талдау кезеңі; біріктіру кезеңінде дауыстап оқығанда дыбыстардан буын, буыннан сөз құрайды; ал талдау-біріктіру кезеңінде бала шапшаң оқу үстінде әріптер мен тиісті дыбыстардың ара-қатынасын біліп, оларды тез қосады.
Егер оқу кезінде бала әріптен дыбысқа көшетін болса, ал жазған кезде керісінше дыбыстан әріпке көшетін болады. Жазуға дағдыланғанда ол төрт кезеңнен өтеді. Бірінші бағдарлау кезеңінде бала жазу құралдарын (қалам, қарындашты) пайдалана білуді үйренеді. Бұл көбінесе мектепке дейінгі кезде бала сурет салуға дағдыланғанда басталады. Екінші талдау кезеңінде оқушы әріптің жеке элементтерін жаза алу қабілетіне ие болады, үшінші кезеңде ол әріптерді жазады, ең соңғы төртінші кезеңде жеке сөздерді құрастырып жаза алады. Бұл процесс алғашқыда өте баяу өтеді. Соңынан бірте-бірте жылдамдық артқанда, кейде жазудың сапасы уақытша төмендеуі мүмкін. Мұғалім оқушылардың жұмысына көбірек зейін салса, арнаулы жаттығулар жүргізсе, бұл кемшіліктерден арылуға болады. [4]
Балалардың ауызекі тілін дамыту үшін мұғалім
оқушылардың мәтінді сөзбе-сөз айтып берген
жауабына қанараттанбағаны жөн. Кітапта
оқыған материалды өз сөзімен айтып беру
үшін мәтінді өз сөзімен қайта құрайтындай
қосымша сұрақтар берген жөн. Кейде оқушыдан:
«Ал осыны басқаша қалай айтар едің?» -
деп сұрауға болады. Баланың тілін дамытуда
еркін тақырыпқа (олардың шығармашылық
қиялын өрістететін) шығарма
жаздыру өте тиімді және киноға, театрға,
саяхатқа барғанда көрген-білгендері
жайлы оқушылардың бір-бірімен тілдесуінің
де пайдасы зор. Мұндай өзара әңгіме арқылы
балалар өз бетінше ойлауға үйренеді,
ал тапқыр ой бар жерде дел, түсінікті
сөз де (ауызша жазбаша) болады. Тіл дамытуда
оқушылар монологінің пайдасы мол, мұндай
кезде мүғалім баланың сөзін бөлмей аяғына
дейін тыңдап, әңгіменің кемшіліктерін
көрсетеді.
Тіл дамытуда, лексикалық қорды байытуда кітап оқудың маңызы орасан зор. Сондықтан, баланың мектепке келген алғашқы күнінен бастап, олардың кітапқа деген құмарлығын арттырып, оларды өз бетінше мектепте ғана емес, үйде де кітап оқуға тәрбиелеу қажет. Оқығандарын жазбаша және ауызша айтып беру оқушылардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытады, олардың тілін сөз орамдарымен байыта түседі. Бастауыш сыныптарда түсіндірме оқу өткізудің пайдасы мол, онда балалар сөздің мағынасын ашып, синонимдер мен антонимдерді талдай біліп, мәтіндегі негізгі ойды бөлектейді, әңгіменің жоспарын құрады.
Төменгі сыныптағы грамматика
мен көркем жазу сабақтары балаларды
мәтінге ойланып қарауға
Тіл дамытуда арнайы өткізілетін сабақтың маңызы зор. Мүғалім балалардан жеке сөздер мен сөйлемдерді қажетті интонацияда, грамматикалық формада айтып, үзіліс жасап, екпінді дұрыс түсіріп сөйлеуді талап етеді. Ол оқушыдан ауызша әңгімеде не суреттеме жазғанда белгілі бір жоспар бойынша сұраққа толық жауап беруін қадағалайды. Мұғалім оқушыны алдын ала ойлануға үйретіп, жауабының мазмұнына ғана емес, өз ойын қалай жеткізіп тұрғанына көңіл бөледі.
Мұғалімнің дұрыс, дәл, аның, мазмұнды да әсерлі сөзі оқушыларға үлгі болуы керек. Төменгі сынып оқушыларының тілін дамытуда әр түрлі техникалық құралдар (диафильм, оқу киносы, видеокамера, магнитофон) мен көрнекі құралдардың көмегі мол. Театрға бару, көркем-өнерпаздар, көркемсөз үйірмелеріне қатысу сияқты сыныптан тыс жұмыстар да осы мақсатқа арналған.
Оқушылардың тілін дамыту олардың активті түрде айналадағы дүние жайлы алған білімі мен мектеп оқушысының жалпы мәдениетінің өсуімен, оның танымдық қызығуларының арта түсуімен, білмекке құмарлығымен байқағыштығымен тығыз байланысты.
Мектепке дейінгі жастағылардың тілінің дыбыстық (фонетикалық) жағынан дамуы негізінен аяқталады. Бала іс жүзінде дыбыстың бар түрін меңгерген. Оның сөздік қоры да едәуір көп. Мектепке дейінгі жастағы бала ана тілінің грамматикалық формаларын пайдаланып, сөздерді сөйлемге (жай және күрделі) құрастыра алады.
Оқуға үйренгенде 1-сыныптың оқушысы дыбыстарды буынға ұластыра алмай қатты қиналады. Мектепке оқуға келгенде балада сөздің мағыналық (семантикалық) жағы әлі де болса жетіле қоймаған. Сөздің мәнін түсінуі көп жағдайда дәл болмайды: кей кезде бұл мағына тарылып, кейде тым кеңейіп кетеді.
3-сыныптың оқушысы ағаштан жасалған сырғауылға (ұзын, жуан сырғауыл) қатысты «рычаг» деген сөзді бірінші рет естиді.
Естіген жаңа сөздің мәні бала үшін күш салатын физикалық дене деген ұғым қалдырмай, құр жуан таяқ ретінде ұғынылған. Мұнда көрнекі елес сөздің мағынасын дерексіз түсінуге бөгет жасаған. Пружиналы табағы бар безбенді талай рет көрген басқа бала бұл құрал-сайманның құрылысымен танысқан соң оның санасында «өлшем» деген сөздің мағынасы толысып, кеңейе түседі.
Үлкендермен сөйлесуі, әсіресе мектепте оқуы балалардың сөздік қорын сан жағынан молайтып қана қоймай, оның сапасын байытып, сөздің мағынасын дәл анықтай түсуге көмектеседі.
Сөйлеген сөздің басты ойын қағып алып, қажетті сөз тауып, сөйлем құра білмеушілік, әсіресе 1, 2-сыныптағы оқушыларды оқығанын өз сөзімен айтудың орнына дәлме-дәл айтуға итермелейді. Баланың сөздік қоры бұл кезде біршама мол болғанымен, ол актив емес, пассив болып есептеледі, яғни бала көп сөзді біліп, ұғына тұра, оны дер кезінде пайдаланып, үнемі қажетіне жарата алмайды.
Адамдардың бір-бірімен сөз арқылы қатынас жасауы адамның жалғыз өзі сөйлеп қана қоймай, біреудің сөзін тыңдай білуден тұрады. Төменгі сынып оқушысының мұғалім сөзін қабылдауының да өз ерекшеліктері болады. Мысалы, 1-сыныптың оқушысы мұғалімнің бүкіл сыныпқа сөйлеп тұрған сөзінің оған да қатысты екенін әрдайым түсіне бермейді. Педагог кейде берілген тапсырманың оған да қатысы бар екенін түсіндіру үшін баланың жеке өзіне қадағалап айтуына тура келеді.
Сөзді қабылдауда төменгі сынып оқушыларының тағы бір ерекшелігін атап өткен жөн. Мұғалімнің нені қалай істеу керек екені жайлы айтқанын аяғына дейін тыңдап алмай, қолма-қол іске кірісетіні де жиі кездеседі. Не істеу керектігіне көздері жетпеген балалардың көпшілігі мұғалімнің сөзін естімейді де, ұқпайды да.
Балалар іштей оқыған мәтінді қабылдауды бірден меңгере алмайды. Мұнда ауызша сөйлескендегідей интонация және түсіндіргендегідей қимылдар болмайды. Бұл түсінуді қиындатады. Балалар жазу жазғанда өз ойларын жеткізе алмай, осындай қиындықтарға ұшырасады.
Мектепке оқуға келген балалардың сөйлеген сөзінде жас ерекшеліктеріне байланысты кемшіліктер ғана кездесіп қоймайды, сондай-ақ айналасындағы адамдардың әдейі не болмаса сауатсыздықпен қисық айтқан сөздерін қағып алу секілді теріс қылықтары да кездеседі. Балалар еліктеуге жақын тұрады: «иә» дегеннің орнына «айа», «тиме» деудің орнына «тимегін», т.б. дейді.
Мұғалім бастауыш сыныптың өзінде-ақ балаларды сөз бен сөйлемді өз мәнінде қолданып, сөзді бұрмалауды жек көруге, дұрыс сөйлеуді сүюге баулуы қажет.
Сөз негізінен екі қызметті атқарады: коммуникативтік және сигнификативтік. Осы қызметтеріне орай сөз тілдесу құралы және ой мен сананың көріну формасы ретінде танылады.
Баланың тілін дамытуда сөйлеу басты рөл атқарады. Сөйлеудің негізгі және басты өлшемі қарым қатынас құралы ретінде коммуникативтік қызмет атқарады. Бала әлеуметтік қарым қатынасқа түсуде ақпарат алысады. Тілдің коммуникативтік қызметінің бұл аспектілерін мектеп жасына дейінгі балалар белсенді меңгереді. Дәл осы тілдік қызмет баланың тілді меңгеруіне ықпал етіп, фонетика, лексика, грамматикалық тұрғыда дұрыс сөйлеуі мен диалогтық сөйлеуді игертеді. [9]
Сөздің негізгі сипаты оның мағынасында, семантикалық мазмұнында екені белгілі. Адам тілінің әрбір дара сөзі қандай да бір затты өрнектейді, оны атаумен біздің санамызда нақты бір заттың не құбылыстың бейнесі пайда болады. Осынысымен де адам тілі жануарлардың қысқа мерзімді қылықтың күйін білдіретін аффектік «тілінен» ажыратылады. Жануарлар «тілі» ешқашанда нақты бір затты белгілі дыбыстың өрнекпен таңбаламайды, таныта алмайды. Сөздің бұл қызметі сигнификативтік қызмет деп аталады. Сөздің белгілеу қызметі - нақты ұлт өкіліне түсінікті сөздерден құралған тілдің қызметі. Осы қызмет нәтижесінде адам әр түрлі заттардың бейнесін жанама түрде санада тұрғыза алады. Осыдан адам танымы еселеніп байиды, яғни адам өзіндік сана қорында заттың тікелей бейнесін сақтап таниды, оған қоса сол заттың таңбалық баламасымен де байланысқа келеді.
Сөздің және бір күрделі қызметі бар. Ол арқылы заттарды талдап, олардың мәнді қасиеттерін ажыратып, заттарды белгілі категорияларға топтастыру мүмкіншілігіне ие боламыз. Сөздің бұл қызметі «сөз мағынасы» терминімен белгіленеді. Сөзді игеру арқылы нақты заттар араласатын адамзаттың сан ғасырлық тарихында қалыптасқан байланыстар мен қатынастарды танимыз, зерттеп, үйренеміз.
Сөйлесудің бір қызметі - коммуникативтік өрнектер мен ықпал жасау құралдарының бірлігінен орындалады. Өрнекке, яғни дыбыстардың бірігіп, сөз және сөйлем формасына келуінен сөйлеу шықпайды. Сөйлеу заттық негізі бар мағына болғанда ғана іске асады. Сөздің белгілі зат жөнінде баяны болып, екінші біреуге бағытталса ғана өзінің коммуникативтік қызметіне сай болады.
Сөз бір нәрсе жайлы баяндаумен бірге ықпал жасау құралы болып та қызмет етеді. Адам тілінің ықпалдың қызметі тікелей әрекет-қылықты өзгертпегенімен, тыңдаушының ой-санасына, сезіміне қандай да бір өзгеріс енгізеді. Сөйлеу - әлеуметтік міндетті орындау, тіл қатынасының құралы бола отырып, саналы ықпал қызметін орындайды.
Сөйлеу процесінің негізгі тірегі - түсіну, түсінісу. Сөздің қоғамнан тыс болуы мүмкін емес, сөйлеу - тілдесуге арналған және тілдесуде пайда болатын әлеуметтік өнім. Сөйлеу саналы әрекетке айналуы үшін әңгіме арқылы шешілетін мәселе және оның мақсаты анық болуы керек. Әңгіме мақсаттары мен жағдайларын біріктіре отырып, адам не айту керек, қалай айту керек екендігін қарастырады, өз сөзін алдындағы міндетті шешуге жарайтын саналы әрекетке айналдырады.
1.4 Сөйлеу мәдениеті
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу - оқу-тәрбие процесінде көзделетін негізгі міндеттердің бірі. Өйткені, сөйлеу мәдениеті - мәдениеттіліктің басты белгісі. Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу түрлі әдістер арқылы жүзеге асып отырады. Мәселен, оларды өз ана тілін қадір тұтып, құрметтей білуге тәрбиелеу - сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеудің бір элементі. Өйткені, ана тілі - Ж.Аймауытов айтқандай, халықң болып жасағаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазынаң.

- Бала тұлғасын қалыптастырудағы табиғаттың әсері
- Балетмейстери "Російських сезонів"
- Балетмейстер и сфера деятельности
- Балетмейстер и сфера его деятельности
- Балетмейстер и сфера его деятельности
- Балийский индуизм. Агама Хинду Дхарма
- Бали как туристический объект Индонезии
- Баланс энергии в самостоятельном разряде
- Баланын зейінін тәрбиелеу оны тәрбиелеу жолдары
- Баланын музыкалык кызмети
- Баланың денесі мен психикасының даму акселерациясы
- Баланың жас ерекшеліктері
- Баланың психикалық дамуында ойынның алатын орны
- Баланың салауатты өмір сүру қалпын қалыптастыру жолдары