Баланың денесі мен психикасының даму акселерациясы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы
«М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК
Педагогика – психология пән бірлесітігі
Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Баланың денесі мен психикасының даму акселерациясы»
Орындаған: Абзолдина Ж.
404 «Ә» топ білім алушысы
Мамандық: 0111013 «қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»
Ғылыми жетекші: Карымсакова Э. Ж.
Семей 2014 – 2015
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………
І Баланың денесі мен психикалық
дамуының акселерациясының теориялық
мәселелері....................
1.1Акселерация және оның әлеуметтік -
педагогикалық мәні..........................
1.2 Баланың психикалық дамуын зерттеуге
үлес қосқан ғалымдардың ой – пікірлері.....................
ІІ Баланың денесі мен психикасының
даму жолдары.......................
2.1 Баланың денесі мен психикасының
даму жолдарына байланысты жүргізілетін
жұмыс түрлері.......................
2.2 Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың
қабілетін дамыту........................
ІІІ Баланың денесі мен психикасының
даму акселерациясын эксперименттік
жолмен анықтау.......................
ІҮ. Қорытынды.....................
Ү. Пайдаланған әдебиеттер
тізімі........................
ҮІ. Қосымшалар....................
Кіріспе
Курстық жұмысының көкейтестілігі: Қазіргі кезеңде арнайы білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар жан – жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Сондықтан оқушылардың дербестігін және танымдық қабілеттерін дамытып, өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білуге үйретудің қажеттілігі туындайды. Соңғы жылдары психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін дамыту – түзету (коррекция) жұмыстарының, сондай – ақ арнайы мамандарды дайындаудың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар тобы, соңғы көрсеткіш бойынша
35 % - ға жуығын нервтік – психикалық сферасы зақымданған мектепке дейінгі балалар құрайды. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар категориясын 50 жылдардың аяғынан бастап зерттеу кеңінен қолға алына бастады. Проблеманы зерттеумен айналысқан ғалымдар: М. С. Певзнер, Т. А. Власова, К. С. Лебединская, В. В. Ковалев, П. Е. Сухарева, В. И. Лубовский т.б. бала дамуы ерекшеліктеріне қарай өз пікірлерін ұсынды.
Қазақстан Республикасының «Білім беру заңының» 20 – шы бабында мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім беру мәселелері қарастырылған:
- Арнаулы білім беру бағдарламаларын білім беру ұйымдары жүзеге асырады;
- Дамуында әртүрлі ауытқулары бар балаларды емдеуге және психикалық – педагогикалық тұрғыда түзетуге, оған диагноз қоюда арнайы ұйымдар, бала бақшалар, психикалық – медициналық – педагогикалық консультациялық ұйымдар құрылады.
- Ұзақ емдеуді қажет ететін балалар үшін, сондай – ақ білім беру ұйымдарында оқытуда кедергісі бар мұмкіншіліктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арнаулы түзету мекемелері ұйымдастырылады. Балалар мен жасөспірімдер бұл ұйымдарға ата – аналарының, психологиялық – медициналық – педагогикалық консультациялар негізінде жіберіледі.
Сонымен қатар, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2002 жылдың 11 – шілдеде «мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары мен олардың әлеуметтік қамсыздандыру туралы» заңы қабылданды.
Бұл заңда: «Барлық мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың ерекше түрін ескере отырып, оларды арнайы мекемелерге орналастыру, оларға жағдай жасау, психологиялық – педагогикалық консультациялар арқылы балаларды үйде оқыту мен тәрбиелеуді қолға алу, әрбір мүмкіндігі шектеулі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңы бойынша білім алуға құқығы бар» делінген. Сонымен қатар:
- кемтар балалардың әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кепілдікті тегін алуға;
- мемлекеттік медициналық ұйымдарда психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияларда тегін тексерілуге және тегін медициналық көмек алуға;
- дене немесе психикалық кемістіктері байқалған сәттен бастап, оның көріну дәрежесіне қарамастан, психологиялық медициналық – педагогикалық консультация қорытындысына сәйкес тегін психологиялық – медициналық – педагогикалық түзетуге;
- медициналық айғақтамалары бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен протез – ортопедия бұйымдарымен және аяқ киіммен, арнайы қарпі бар баспа басылымдарымен, дыбыс күшейткіш аппаратурамен және сигнал бергіш құралдармен, компенсаторлық техникалық құралдармен тегін қамтамасыз етілу;
- психологиялық – медициналық – педагогикалық консультациялардың қорытындысына сәйкес білім беру ұйымдарында немесе мемлекеттік жалпы білім беретін оқу орындарында тегін білім алуға;
- мемлекеттік оқу орындарында мемлекеттік білім беру бағдарламалары шегінде конкурстық негізде тегін кәсіптік білім алуға;
- оқу бітіргеннен кейін алған біліміне және (немесе) кәсіби даярлығына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жұмысқа орналасуға құқығы бар;
- бюджеттен қаржыландыру арқылы мемлекеттік тегін білім алу, білім беру бірдей болған жағдайда, медициналық – әлеуметтік сараптау бөлімдерінің қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұймдарында білім алуға болатын І және ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінде мүгедектер басым құқыққа ие болады;
- жетімдер қатарындағы ата – анасының қамқорлығынсыз қалып, толықтай мемлекет қамтамасыз ететін кемтар балалар арнаулы білім беру ұйымдарында болуын аяқтағаннан кейін және кәмелет жасқа жеткен соң, жергілікті атқарушы органдар оларды заңдарда белгіленген тәртіппен тұрғын үймен қамтамасыз етеді.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата – аналарының және өзге де заңды өкілдерінің:
- Баланы психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияларда куәландыру кезінде қатысуға;
- Баланы тексерудің нәтижелері, жеке әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың мақсаттары мен нәтижелері туралы дұрыс ақпарат алуға, медициналық арнаулы білім берумен және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетумен айналысатын органдар мен ұйымдардан консультациялар алуға;
- Өз балаларының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау алуына;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен және мөлшерде, мүмкіндігі шектеулілер қатарындағы кемтар баларын жеке оқыту жоспарына сәйкес үйде тәрбиелеу мен оқытуға жұмсаған шығындарының өтемін алуға құқығы бар.
Қазіргі өркениетті заманымызда қоғамдағы алға қойылып отырған ең өзекті міндеттердің бірі – арнайы білім беру жүйесіндегі жетістіктерді дамыта отырып, оны жаңаша бағытта ұйымдастыру нәтижесінде жан – жақты жетілген тұлғаларды қалыптастыру болып отыр.
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны:
Мектептегі біртұтас оқу – тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: баланың психикалық дамуы
Зерттеу жұмысының мақсаты
- Бала дамуы жайлы, оның ішінде дене дамуы мен психикасының дамуы туралы түсінік беру;
- Баланың психикалық дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектерімен таныстыру, ой – пікірлерін талдау;
- Бала ағзасының дамуындағы акселерацияны қарастыру.
Зерттеу жұмысының міндеті:
- Акселерация, баланың психикалық даму ерекшеліктерін теориялық тұрғыда тұжырымдау;
- Баланың психикалық, танымдық процестерінің дамуына жағдай жасау жолдарын қарастыру;
- Баланың психикалық дамуын эксперименттік жолмен анықтау.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:
Егер баланың денесі мен психикасының дамуына әдіс – тәсілдерді тиімді қолданса, онда баланың психикалық дамуы өз деңгейінде жүреді.
Зерттеу жұмысының көздері:
- Қазақстан Республикасының заңдары, нормативті құжаттар, кешенді бағдарламалар;
- Бала психикасының дамуына байланысты педагогикалық – психологиялық ғылыми зерттеу еңбектері;
Зерттеу жұмысының зерттеу әдістері:
Салыстыру, жинақтау, ғылыми әдебиет көздеріне талдау, бақылау, сауалнама, тест, эксперимент.
Зерттеу базасы: Семей қаласының №34 орта мектебі
Зерттеу жұмысының құрылымы:
Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Кіріспе бөлімінде зерттеудің өзектілігі, зерттеудің мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні, зерттеу базасы, әдістері, теориялық және практикалық мәні, негізділігі беріледі.
Акселерация және оның әлеуметтік - педагогикалық мәні атты бірінші бөлімінде баланың психикалық дамуының ерекшеліктері, баланың психикалық дамуын зерттеуге үлес қосқан ғалымдардың ой – пікірлері қарастырылады, «Баланың танымдық процестерінің даму жолдары» атты екінші бөлімінде баланың танымдық процестерінің даму жолдарына байланысты жүргізілетін жұмыс түрлері, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың ойлау қабілетін дамыту жолдары қарастырылады. «Баланың денесі мен психикасының даму акселерациясы эксперименттік жолмен анықтау» атты үшінші бөлімінде оқушылармен жүргізілген, оқушылардың танымдық процестерінің дамуы бойынша жүргізілген тәжірибелік – эксперименттік жұмыстар нәтижелері айқындалды. Қорытынды және зерттеу барысында пайдаланылған әдебиеттер тізімі ұсынылды.
Зерттеудің теориялық мәні:
- Акселерация, баланың психикалық даму ерекшеліктерін теориялық тұрғыда тұжырымдалды.
- Баланың психикалық, танымдық процестерінің дамуына жағдай жасау жолдарын қарастырылды.
Зерттеу жұмысының іс жүзіндегі маңызы:
Мектеп мұғалімдері, машықкерлер мектеп іс – тәжірибесінде қолдана алады.
1.Акселерация және оның әлеуметтік - педагогикалық мәні
- Баланың психикалық дамуының ерекшеліктері
Акселерация; латынша (accelarae) - жылдамдық деген сөзден шыққан. Акселерация қазіргі замандағы адамдардың биологиясындағы жалпы қарқындылықты көрсетеді, табиғаты көп факторлы болып келеді. Көптеген гигиенистердің пікірлері бойынша балалар мен жасөспірімдердің қызмет функцияларының үйлесімді дамуын бұзатын болғандықтан және қызмет қаблетін азайта-тындықтан акселерация балалар организмі үшін қолайсыз болып табылады. Сондықтан, өсіп келе жатқан балалардың дене бітімінің дамуын бақылауға ерекше көңіл бөлінуі керек.
Организмнің өсіп, даму заңдылықтары балалар мен жасөспірімдердің қалыпты өсіп, дамуы үшін, қоршаған орта факторларын гигиеналық нормаландырудың теориялық негізі болып табылады. Бұл заңдылықтарды білу, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің дәрігеріне жеке органдар мен жүйелердің баланың әртүрлі жас кезеңдерінде бүтін организм ретінде қызмет етуін, оның қоршаған ортамен байланысын анықтауға және осы жағдайдың мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын, даму жағдайын бақылау кезінде жиналған мәліметтерге, санитарлық дәрігер, өсіп келе жатқан организмнің жас ерекшеліктерін терең ескеру негізінде ғана дұрыс анықтама бере алады.
Яғни, осы заңдылықтарды терең түсініп алмайынша балалардың күн тәртібін ұйымдастыру, тәрбиелеу, оқыту процесстеріне, тамақтану жағдайына ғылыми негізделген талаптар қою және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу мүмкін емес.
Акселерация – жасөспірімдердің денесінің дамуының уақыттан бұрын, тез қарқынмен үдеп жүруі; балалармен жас өспірімдердің жыныстың жетілуінің өсуі мен дамуының күрт жылдамдануы.
Планетаның магнит денесінің кернеуі төмендеген кезде жануарлардың көптеген түрінің денелерінің салмағы мен көлемінің ұлғаюы. Аккселерацияның ең айқын көрнісі ержеткен балалардың денесінің өздерінің ата-аналарының денесімен салыстырылғанда іріленуі.
Ю.К. Бабанский акселерацияны балалардың денесі мен психикасының аса ерте дамуы деп анықтады.
Акселерация оның әлеуметтік және педагогикалық мәні. Адамның өсіп жетілуінде белгілі заңдылық болады. Ал, бұл заңдылық әр балада әр қалай болады. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін олардың жас және дара ерекшеліктерін білу қажет.
Мектептегі кезеңнің өзі бастауыш (6-10 жасқа дейін), тоғыз жылдық (10-15-ке дейін), орта мектеп оқушылары (15-18-ге дейін) болып үшке бөлінеді. Баланың дене дамуындағы ең маңыздысы - орталық жүйке жүйесі, өйткені адамның психикалық әрекеттері осы орталық жүйке жүйесіне байланысты болады. Балалардың дене және психикалық дамуында соңғы жылдары айқындалған күрделі өзгерістердің бірі - ағзаның жедел дамуы. Бұл құбылыстарды акселерация (латынша "дәлелдеу") деп аталады. Акселерацияға тән ерекшелік: балалардың бойының, салмағының бұлшық еттерінің жедел түрде өсіп жетілуі. Акселерация құбылысы түрғысынан қарағанда қазіргі жеткіншек балалардың бойы биік, иықтары қысыңқы, кеудесі қысқа, аяқтары ұзын келеді. Күні бұрын тез жетілген ағза ауруға, суыққа және дене салмағына төзімсіз келуі анықталуда. Ересек жастағы балалар жыныс мүшесі жетілу кезінде тез шаршайды. Осындай тез өсетін ағзада жүрек тамыр жүйесінің дамуы бірнеше есе қалыс қалады да, өз міндеттерін атқара алмайды. Ал баланың психикалық жетілу денгейі артта қалады. (соңдықтан ер немесе қыз бала қоғам, отбасы алдындағы өзінің борышын ар-намысын, міндеттерін, жауапкершілігін түсіне көрмейді. Осы мәселені ата-аналар, мұғалімдер ескеріп отыруы қажет.
Акселерация - биологиялық фактор, әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы сонымен бірге радио толқындардық және географиялық-климаттық жағдайлардың өзгеруі аталған құбылыстың пайда болуына әсер етті. Әрине акселерация құбылысы жайлы түпкілікті қорытынды шығару ертерек. Өйткені бұл әлі де зерттеуді қажет етеді, дегенмен акселерацияға байланысты мектеп жиһаздарына, сырт және аяқ киімдерінің үлгілеріне, дене шынықтыру және жаттықтыру кешендеріне қайта қарауға тура келіп отыр. Акселерацияның ақыл-ой дамуына ықпал жасайтындығы байқалуда. Сонымен адамның дамуы өзара байланысты бірнеше факторлардың ыңпалымен жүретін күрделі педагогикалық, психологиялық процесс болып табылады.
Даму дегеніміз не? Оның мінездемесі қандай? Объект өзгеруі мүмкін, бірақ дамымайды.
Даму – жаңаның пайда болуы, жаңа процестер, жаңа құрылым, яғни жаңа сапалық өзгерістер дегенді білдіреді.
Х. Вернер мен Л. С. Выготский даму ерекшеліктерінің белгілерін атап көрсетті. Олар: дифференциация, бұрынғы бір элементпен бөлшектеу, жаңа белгінің пайда болуы, дамудың өзінде жаңа элементтің пайда болуы және т.б.
Л. С. Выготский даму типтерін былай бөледі: преформалы тип бойынша басында белгіленген құбылыстардың жетілу қорытынды нәтижесі бекітіледі де, ағзаның нәтижесі көрсетіледі. Мысалы, оған эмбрионалды даму жатады. Преформалы емес тип дамудың кең тараған түрі. Дамудың бұл түрін алдын ала анықтау мүмкін емес. Оған жердің, ғаламшардың дамуы, қоғамның дамуы, биологиялық эволюция процесі жатады. Бұл типке бала психикасының дамуы да жатады. Әр кезеңдегі қоғамда балалардың дамуы, психикасы әр түрлі деңгейде болады.
Бала психикасының дамуын стратегиялық зерттеу. Алғашқы кезеңдегі балалар психологиясының міндеті фактілерді жинақтау болса, келесі міндет констатациялық эксперименттң пайдалану болды. Қазіргі кезеңдегі стратегиялық зерттеу психикалық процесті қалыптастыру стратегиясы.
Оны зерттеген ғалымдар Ж. Пиаже, Н. А. Рыбников, Н. А. Менчинская, В. С. Мухина, т.б. болды.
1925 жылы Ленинградта Н. М. Щеловановтың басшылығымен балалардығң қалыпты даму клиникасы пайда болды. Онда 24 тәулік бойы бала үздіксіз бақыланды, юаланың алғашқы кезеңі туралы мәліметтер жинастырылды. Ж. Пиаже өзінің үш баласын үздіксіз бақылау арқылы сенсмоторлы интеллект туралы еңбегін жазды. Д. Б. Эльконин мен Т. В. Драгунованың жасөспірімдерді 3 жыл бойы үздіксіз зерттеуі жасөспірімдер мінездемесін жасауға ісер етті. В. С. Мухинаның егіз ұлдардың дамуын сипаттап жазған күнделігі бала психикасын зерттеуде үлкен еңбекке айналды.
Психикалық процестерді қалыптастыру стратегиялары:
- Л. С. Выготскийдің тарихи – мәдени тұжырымдамасы. Интерпсихика интрапсихикаға айналды.
- А. Н. Леонтьевтің әрекет теориясы: әрбір әрекет саналы, қозғалыс жоғарыдан төменге – іс – әрекеттен функцияға ұласады.
- П. Я. Гальперин ақыл ойды қалыптастыру теориясы психикалық функцияны қалыптастыру заттық әрекет негізінде, одан кейін сөз формасы арқылы ақыл – ой әрекетіне ауысады.
- Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов оқу әрекетін зерттеді.
- И. А. Соколянский, А. И. Мещеряков «алғашқы адамдану» теориясын зерттеді.
Даму психологиясының практикалық міндеттері:
- қалыпты психикалық
- проблемалық жағдаяттар туа қалса ата – аналарға көмек беру, психикалық дамуды жүйелі бақылауға байланысты жұмыс жүргізу;
- жас ерекшелік және клиникалық диагностика;
- адам өмірінде дағдарыс бола қалса, психологиялық көмек беру;
Даму психологиясының негізгі түсініктері: даму, писхикалық даму, пісіп жетілу, жас және т.б.
Психикалық даму – психикалық процестердің сандық, сапалық, құрылыстық өзгерістері.
Жас – психикалық процестердің сандық аспектісі.
Дамудың жастан айырмашылығы:
Жас – сандық өзгерістерді көрсетеді, ал даму сапалық өзгерістер, жаңаның пайда болу механизмін, құрылысын, үрдістерді көрсетеді.
Дамудың негізіне жататындар:
- дамудың әлеуметтік жағдайы;
- қарым – қатынас шеңбері;
- негізгі іс – әрекет типі;
- сензитивтілік;
Дамудың нәтижесі:
- тұлғаның өзгеруін;
- адамдармен араласу нысанын;
- эмоционалдық ерік аймағын;
- қарым – қатынастағы
- жаңа іс – әрекет түрін қамтиды.
Пісіп жетілу – ағзаның жүйке жүйесінің психофизиологиялық жүйелі өзгерісін көрсетеді. Ол – дамудың негізгі факторы. Ол психологиялық функциялардың дамуы мен сыртқа шығуына, пайда болуына, қалыптасуына жағдай туғызады. Пісіп жетілуіне жағдай туғызады. Пісіп жетілуіне байланысты принцип дамудың гетерохрондылығы.
Дамудың гетерохрондылығы – ерте кезеңдегі жүйке жүйесінің қалыптасуы және дамуының индивидуалды дамудың әр кезеңінде пісіп жетілу қарқыны әр түрлі болады.
Психикалық дамудың ерекшеліктері:
- сапалық өзгерістер
- дамудың қайтарымсыздығы;
- прогресс пен регресстің
- дамудың әртүрлілігі;
- дамудың зигзаг түрі;
- даму сатыларының деңгейге өтуі;
- тұрақтылық тенденциясы.
Балалардың психикалық дамудың негізгі көрсеткіштері. Нерв жүйесі барлық мүшелер мен жүйелердің қызмет бірлігін қамтамасыз етіп, организмның сырт ортаға бейімделуін реттейді. Жаңа туған баланың нерв жүйесі өз қызметін толық атқаруға жетілмеген және анатомиялық ерекшеліктерімен өзгешеленеді.
І. Бас миы үлкен, ол баланың өз салмағының 1/8 бөлігіне тең, ересек адамдарда бұл көрсеткіш – 1/40
ІІ. Нерв жүйесі клеткалары суға бай, белок мөлшері аз болады
ІІІ. Ми айғыздары мен зоналары нашар нашар айқындалған.
IV. Мидың сұр заты ақ затынан айқындалып бөліндеген. Сұр зат нерв клеткаларына сай, ол жетілмегендіктен бала көп ұйықтайды (сөткесіне 20 сағатқа дейін), қорғансыз, қимыл қозғалыстары үйлесімсіз.
Баланың ұйықтау уақытын есептеу:
1 жасқа дейін 22 – ½ m , m – айы
1 жастан жоғары 16 – ½ n , n- жасы.
Нерв клеткалары баланың 6-7 жасына қарай жетіледі, сондықтан мектепке осы жастан кейін барады.
Баланың жұлын құрылысы жағынан ересектердің жұлынандай, тек өз денесімен салыстырғанда ұзын болып келеді, сондықтан жұлынның сұйық затын ересектерде 1-2 бел омыртқа аралығынан пукциялап алса, балалардан 3-4 бел омыртқа аралығынан алады. Бас миына қарағанда едәуір дамып жетілген. Мидың қызмет атқаруының негізі рефлекстерге байланысты.
Рефлекс дегеніміз нерв жүйесінің әртүрлі қоздырғыштарға қайтаратын жауабы. Мысалы, дыбыс шыққан жаққа басын бұрып қарайды, ыстық нәрсеге денесі тиіп кетсе тартып алады, қараңғы жерде шырақ жанса көзін жұмады т.б.
Бала ему, жұтыну, кірпік қағу, жөтелу, түшкіру, түзге отыру шартсыз рефлекстерімен туады. Шартсыз рефлекстердің негізінде белгілі бір уақытта шартты рефлекстер пайда болады. Шартты рефлекстер тұрақты қалыптасу үшін әрдайым оларды қуаттандырып (қайталап) отыру керек.
Қоршаған ортаны жас бала сезім органдары арқылы тани бастайды. Шартты рефлекс пайда болу үшін ми қабыршығының жетілуімен қатар сезім мүшелерінің жақсы дамуы шартты. Олар, иіс тану, көру, сезу, есту, дәм түйсігі.
Жаңа туған баланың иіс тану қабілеті жақсы дамыған. Әртүрлі иіске ол түшкіріп, бет әлпетін құбылтады. Нәрестенің туа салысымен көру қабілеті болады. Бірақ, көз қозғалысы үлеспеген және жиі қыли болып келеді. Бұл қылилық бала әртүрлі әсем жылтырақ заттарға көзін тіге бастағанда кетеді. 6 айдан бастап түрлі-түсті ажыратады.
Есту қабілеті. Туа сала нәресте тек қатты дыбыстарды естиді, 2 жұмадан бастап өз анасының дауысын ажырата бастайды, ал 6 айдан бастап дауыстың екпінін ажыратады: зекіп ұрысқанға жылайды, жылы сөзге күледі.
Дәм айыру қабілеті туғаннан бастап жақсы дамыған (қант қосқан суды жақсы ішеді).
Дене сезімі өте жақсы дамыған шымшу, түрту, жоғары температура тағы басқа факторларға тыжырынып, қозғалып, жылап жауап қайтарады. Баланың орталық нерв жүйесі тез қозғыш және тез тозғыш. Жаңа ортаға, жаңа жүздерге бала әсершіл болады, бірақ, біраздан кейін бала шаршап мазасызданып кетеді. Баланың бірқалыпты жайбарақат нерв жүйесінің қалыптасуы үшін сабырлы орта керек.
Шартты рефлекстердің пайда болуына байланысты 4 түрлі дағды қалыптасады.
І. Тіл дағдысы – бала психикасының дұрыс дамуының көрсеткіші.
ІІ. Қимыл дағдысы – бала денесінің физикалық дамуының көрсеткіші.
ІІІ. Гигиеналық дағды және ұқыптылық
IV. Дұрыс күн тәртіп дағдысы
1,5 – 2 айдан бастап бала гуілдейді – бұл болашақ сөздердің негізі. Тіл дыбысқа еліктеуден, басталады, сол себепті балаға бұрмаламай сөйлеген дұрыс. Туғаннан бастап бала сергек кезінде онымен сөйлескен дұрыс,
3-4 айында бала ұзақ уілдейді, өз дыбысын өзі тыңдайды,
6-айында әртүрлі буындар айта бастайды –ба, -ма, -па;
7-8 айында буындарды қайталайды: -ба, -ба, -ба, — ма-ма-ма, -ма-ма, -па-па-па;
9-айында аты аталған заттарды көзімен көрсете алады.
10-айында жануарларды өзінше атайды: сиырды «му», мысықты «мәу», күшікті «ав-ав» дейді;
11-айында бірінші сөздерді атайды;
1- жасында 8-10 сөз біледі;
2-жасында 300-ге жуық сөз біледі.
Сергек кезінде баланы қозғалысқа еліктіру оның қимыл дағдыларының қалыптасуына жақсы әсер етеді.
1,5-2 айында бала басын өз бетімен ұстай алады, осы кезде оны манежге етбетімен салу, массаж жасау қажет,
3айында бала етбетімен жатып басын көтеріп жан-жағына бұрады
4,5-5 айында шалқасынан жатқан бала қырынан және етбетінен аударыла алады,
6-айында ойыншықтарын өзі алып ойнай алады, отырады, қасықпен тамақ ішіп үйретуге болады,
7-айында еңбектейді,
8- айында сүйеніп тұра алады,
9-10 айында жатқан бала отырып, онан кейін ұмтылып тұра алады, қайтадан отыра алады, диванда, орындықты айналып жүреді.
11-айында өзі тұрып,
12-айында өзі жүре алады.
Тамақтандырған кезде гигиеналық дағды және ұқыптылыққа тәрбиелеген дұрыс: тамақтандырудың алдында қолын жуып, алдына алжапқыш тұтып, тамақ ішкен кезде аузының айналасын сұлықпен сүртіп, тамақтанғаннан кейін қол-аузын жуған дұрыс. Жүйелі түрде шомылдырып, киімін таза ұстау керек, баланың бөлмесінде тазалық тәртіп болуы керек, балаға ұйықтар алдында өз ойыншықтарын жинуды үйреткен дұрыс.
Дұрыс күн тәртібі дегеніміз ұйықтау, тамақтану, сергектікті дұрыс ұйымдастыру. Жаңа туған бала 20-22 сағат ұйықтаса, өсе келе ұйқының уақыты қысқарып сергектік кездері ұзарады.Есептеу формуласы: 1 жасқа дейін – 22 – ½п, п- айы. 1жастан кейін 16 – ½ п , п -жасы.
1.2 Баланың психологиялық дамуына үлес қосқан ғалымдардың ой пікірлері.
Психоаналитикалық теорияның пайда болуы. Психоаналитикалық бағыттың негізін салған З. Фрейд болды. Психикада ауытқуы бар адамдарды зерттеу барысында ол ауытқулардың бәрінің органикалық себебі денесінде немесе жүйке жүйесінде емес, көп жағдайда оны санадан немесе адамның жеке проблемасынан қарастырып, іздестіру керек деді.
1 – кесте «Жас кезеңдерін бөлу»
Жас кезеңі |
З. Фрейдтің психожы-ныстық даму сатылары |
Э. Эриксонның психоәлеуметтік даму сатылары |
Сатылардың жалпы сипаттамасы |
0 – 1 жасқа дейін |
Оральді |
Сенімділік базасына қарсы сенімсіздік |
Нәресте адамға деген сенімділікке ие болады, өзінің құнды екендігіне сенеді. Егер қажетті қамқорлық болмайтын болса, онда дүниеге деген сенімсіздік пайда болады. |
1 – 3 жасқа дейін |
Анальді |
Ұялу, күмәндану сеніміне қарсы автономдылық |
Бала ата – анаға тәуелсіз іс – әрекеттер жасауға ұмтылады, өзін – өзі күтуге байланысты дағдыларды меңгереді. Егер баланың өзбеттілік қасиеттері тежелсе, онда балада ұялу, өз – өзіне деген сенімсіздік сезімдері пайда болады. |
3 – 6 жасқа дейін |
Фалликалық |
Кінә, айып, сезіміне қарсы инициативашыл-дық |
Атономдылықтың нәтижесінде бала өзбеттіліктің белсенді аутивті, белсенді формаларын: ойын, құрбылармен қарым – қатынас, т.б. пайдаланады. Белсенділікті тежеу, кінә, айып сезімдерін тудырады да, баланың инициативасын тежейді. Бала өзінің инициативасы мен ата – ана талабының арасында баланс орнатады. |
7 – 11 жасқа дейін |
Латентті |
Өз – өзіне толымсыздыққа қарсы еңбекқорлық |
Балалар әр түрлі дағдыларды, соның ішінде оқу және әлеуметтік, т.б. меңгереді. Үнемі сәтсіздікке ұшырау барысын да баланың өз – өзіне сенімсіздік кешені пайда болады. Бұл кешен бала белсенділігін тежейді. |

- Баланың жас ерекшеліктері
- Баланың психикалық дамуында ойынның алатын орны
- Баланың салауатты өмір сүру қалпын қалыптастыру жолдары
- Бала тілін дамыту
- Бала тұлғасын қалыптастырудағы табиғаттың әсері
- Балетмейстери "Російських сезонів"
- Балетмейстер и сфера деятельности
- Баланс финансовых ресурсов субъекта Российской Федерации
- Балансы международных расчетов
- Баланс энергии в организме человека
- Баланс энергии в организме человека
- Баланс энергии в самостоятельном разряде
- Баланын зейінін тәрбиелеу оны тәрбиелеу жолдары
- Баланын музыкалык кызмети