Банкроттықтың мәні және кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару,курстык жумыс



ЖОСПАР

 

 

КІРІСПЕ............................................................................................................................3

 

1 БАНКРОТТЫҚТЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫНДЫ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ .........................................................5

        

1.1 Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні ......5

1.2               Кәсіпорындағы дағдарыс түсінігі, типтері және дағдарысқа қарсы

басқару .......................................................................................................................11

1.3.  Дағдарысқа қарсы басқаруды ұйымдастыруды, концептуалды

тұрғыдан қарастыру .................................................................................................15

 

 

2 КӘСІПОРЫН ДАМУЫНДАҒЫ БАНКРОТТЫҚ ЖӘНЕ ДАҒДАРЫСТАР, ОЛАРДЫ БАСҚАРУ САЯСАТЫ ...........................................................................19

 

2.1 Кәсіпорындағы дағдарыстың пайда болуы .........................................................19

2.2. «Тас - құм» АҚ сипаттамасы және оның қаржылық - экономикалық жағдайын талдау .......................................................................................................22

 

3 КӘСІПОРЫНДЫ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУДЫДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ..............................................................................32

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................................36                                                         

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................38                                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

              Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан қүрылымды мүлдем жаңартып, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуға жол ашатын де-мократиялық қоғам күруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшіру міндеті түр. Осы негізінде әлеуметтік, рухани және тағы басқа күрделі мәселелерді шешу - бүгінгі күннің басты талабы. Сөйтіп бұл мәселелерді дәйекті түрде жүзеге асыру бүкіл қоғам мүшелерінің жаңаша көзқарасына, нақты іс - қимылына және олардың экономикалық біліміне тікелей байланысты. Экономикалық тәрбие - қоғамды дамытудың пәрменді күші. Сондықтан бүгінгі жаңа шаруашылықты жүргізу тәсілдеріне негізделген экономиканы басқаруға тартылатын мамандардың экономика-лық білім дәрежесі де жоғары болуы қажет.

              Біздің ойымызша, нарықтық экономиканы қалыптастыру біздің Қазақстан Республикасында жаңа қоғам қүру. Осы мәселе туралы әлі де бірқатар пікір - таластарды алға тартуға болар еді. Қазақстан Республика-сының Президенті   Н. Ә.Назарбаев: «Қазастанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу мен дамуының стратегиясы » деп аталатын еңбегінде біздің стратегияны былай деп анықтайды: « меншіктің негізгі түрлерін (жекеменшік пен мемлекеттік меншік) үйлестіре және өзара іс -қимыл жасай отырып бәсекелестік бастамаға негізделген әлеуметтік - экономика қүру... ».

«Дағдарысқа қарсы басқару» термині салыстырмалы түрде жақында пайда болды. Оның пайда болу себебі Қазақстан экономикасын реформалау және Қазақстанның дағдарысты даму аясына өтуімен байланысты. Ре-формалау нәтижесі дағдарысқа әкелетінін көбісі күткен жоқ, бірақ бүгінгі күні экономиканы дағдарыстан тек жаңа типтегі басқару шығара алатынын көбісі түсінеді. Бүндай басқару « дағдарысқа қарсы » атауына ие болды. Бірақ аты атымен, ал мәні үлкен пікір талас туғызды. Дағдарыс қандай тереңдікте болмасын, әйтеуір өтеді. Бүны көптеген елдердің экономикалық даму тарихы  көрсетті.  Және  дағдарысқа қарсы  басқару  қажеттігін  керек

етпейді. Сонда бүндай типтегі басқару уақытша мінезді немесе тек праг-мативті   мәнде   ма?   Онда   неге   жоғары   білім беру   жүйесінде   мамандар дайындап, ғылыми концепция қалаудың қажеттігі қанша?

Банкроттық-кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды. Сондықтан шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу денгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және қаржылық банкроттықы жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның жағдайын жақсартуға бағыттылған бағдарлама жасау керек.

Банкроттық – нарықтық экономика жағдайында объективті экономикалық құбылыс болғандықтан Қазақстанда ол оны сауықтырудың құралына айналмады.

Сондықтан бұл жұмыстың мақсаты – кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы, төлемқабілетсіз болу себептері, оның салдары және оның алдын алу бағыттарын анықтау, банкроттыққа қарсы басқарудың ролі мен маңызын зерттеу болып табылады.

Қойылған мақсатқа сәйкес және мәселенің зерттелу маңыздылығына қарай міндеттері:

      -«банкроттық» ұғымының әлеуметтік-эконмикалық, экономикалық-құқықтық мазмұнын ашу;

      -кәсіпорындағы банкроттықтық жағдайлардың пайда болу себептері мен белгілерін анықтау;

      - кәсіпорында дағдарысқа қарсы басқару саясатын жан-жақты талдау;

      -кәсіпорын дәрменсіздігінің даму кезеңдерін сипаттау;

      -банкроттыққа қарсы басқарудың кәсіпорында дамуын жетілдіру;

Зерттеу объектісі ретінде банкроттыққа ұшыраған кәсіпорындарды атауға болады.

Зерттеу пәні банкроттықтың алдын алу шаралары бойынша теориялық және практикалық мәселелер жиынтығы және Қазақстан кәсіпорындарда оны шешудің жаңа бағыттарын талап ететін мәселелер.

              Бұл курстық жұмыста дағдарысқа қарсы басқару мәселелерін кешенді түрде мемлекетпен, экономикамен, өндіріспен, ұйымдастырылумен, адамдармен байланыстырып жазуға тырыстық. Сонымен қатар бұл еңбекте тек дағдарыстың мүмкін болатын масштабын ғана емес, сонымен қатар оның әр түрлі формалары, мазмұны, себептері және оның салдары қарастырылған.

              Курстық жұмыс үш тараудан түрады. Бірінші тарауда қүбылыстың объективті мәні қарастырылған, онда «дағдарыс» түсінігі сипатталып, экономикалық дағдарыстар талданып және оған анықтамалар берілген, оның қүрылымдарына ғылыми көзқарастар және пайда болу себептері берілген. Бүл жерде әртүрлі фаза да пайда болған дағдарыстарды басқару мүмкіндіктері және қажеттілігі дәлелденген.

              Екінші тарау мемлекеттің экономиканы басқарудағы дағдарыстар туындауы және дағдарысты реттеудегі мемлекеттің рөліне арналған. Тәжірибе көрсетуі бойынша мемлекеттік басқару оның ішінде дағдарысқа қарсы басқару шараларына байланысты дағдарыстар әртүрлі өтеді. Өйткені дағдарыс сферасы тек объект ғана емес, сонымен қатар басқару субъектісі де болуы мүмкін. Тіпті соңғысы дағдарыс көзі болуы да мүмкін, оның жағдайы мен дамуы басқару объектісінің даму тенденциясы мен жағдайына сай келмей дағдарыс жағдайы туындауы мүмкін. Бұны мемлекеттік басқару жүйесінде қарастыру өте маңызды.

              Үшінші тарауда дағдарысқа қарсы басқару концепциясының жеке үйымға немесе фирма, кәсіпорын және сол сияқтыларға қатысты матери-алдарды қамтиды. Бұл жерде дағдарыс құбылысы тек макроэкономикалық көлемде ғана емес, сонымен қатар қандай кішігірім болмасын жекелей үйымда да пайда болатын құбылыс ретінде ой қалыптасады. Жұмыс қолданылған өдебиеттер тізімі мен және қосымшалармен аяқталады.

3

 



1 БАНКРОТТЫҚТЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫНДЫ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

        

1.3               Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні

 

   Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі оның қаржы-экономикалық тұрақтылығы болып табылады. Бірақ бірқатар отандық кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуы ойдағыдай қолданыс таба алмай, дәрменсіз немесе банкроттық жағдайға душар болуда.

Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы ретінде соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралың 07.04.1995 жылғы № 2173 Заңына сәйкес, ол қарызын төлей алмайтын, ақшалай міндеттемелер талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады.Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, мідеттемелердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің балансының қанағаттанарлықсыз құрылымына байланысты ұғымдар кіреді.

Баланстың қанағаттанарлықсыз құрылымы борышкердің мүлкі мен міндеттемелерінің өтімділік деңгейінің жетіспеуіне байланысты кредитордың алдында мүлік есебінен міндеттемелерін дәл уақытысында төленбеуі жағдайында орын алады. Мұндай жағдайда мүліктің жалпы құны борышкер міндеттемелерінің жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.

«Банкроттық» ұғымы экономикалық және құқықтық қатынастардың өзара тығыз байланысқан кең саласын қамтиды. Құқықтық тұрғыдан, банкроттық – кәсіпорынның жойылуына (ликвидация) негіз болатын төлемқабілетсіздігінің құқықтық танылуы болып саналады. Совет энциклопедиялық сөздікте банкроттық (итальян сөзі Banco – банк және gotto – құлдырау) – дәрменсіз, кәсіпорынның немесе азаматтың қаржысыз болуы, осыған орай өз міндеттемелерін төлеуге дәрменсіз болуы .

Дәрменсіздік (банкроттық) орыс ғалымдарының көзқарастары бойынша – борышкердің төлемқабілетсіздігінің сотпен анықталуы немесе баланс құрылымының қанағаттанарлықсыз болуы.

Ал қазақстандық ғалымдар өз анықтамасын ұсынды: банкроттық – шаруашылық субъектісінің экономикалық дәрменсіздігі, оның қарыз міндеттемелері бойынша төлемқабілетсіздігі, шаруашылық соттың шешімімен жариялануы.

Жалпы банкроттық өзінің мәні бойынша – нарықтық экономиканың қалыпты құбылысы, бәсекелік күрестің табиғи процесі. Банкроттық бәсекелік күрес нәтижесі ретінде өндірістің дамуын, іскерлікті ынталандырады.

Банкроттық-кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды. Сондықтан шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу денгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және қаржылық банкроттықы жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның жағдайын жақсартуға бағыттылған бағдарлама жасау керек.

     Дегенмен көптеген ғалымдар банкроттықты құқықтық қатынастарды сипаттайтын категория ретінде қарастырады. Құқықтық тұрғысынан банкроттық – ол сот шешімімен немесе борышкердің жариялауы бойынша борышкердің қаржы міндеттемелері бойынша кредиторлардың талабын толық қанағаттандыруға дәрменсіздігі. Банкроттық – кәсіпорынның жойылуына негіз болатын оның төлемқабілетсіздігінің құқықтық танылуы болып табылады. Құқықтық бағыттың негізі соттың дәрменсіз деп тануы.

Сонымен бірге қазақстандық зеттеушілер төлемқабілетсіз және дәрменсіз түсініктеріне нақты жауап берген: төлемқабілетсіз – деп борышкердің өтеу мерзімі бойынша қаржы міндеттемелрі мен басқа да қарсы сипатындағы талаптарын орындай алмауы, ал дәрменсіз – деп кәсіпорынды банкрот деп тану мақсатында тауарлар (жұмыс, қызмет) төлемі бойынша кредиторлар талабын қанағаттандыра алмауы.

Жалпы әрбір кәсіпорын үшін кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралардың маңыздылығы банкроттыққа қарсы басқарудың рөлін атқарады. Осыған сәйкес кәсіпорындар өндірген өнімдердің бағасын төмендету, өткізу көлемін көбейту, әрі нарықтағы тауарлардың сапалық көрсеткіштер жағынан ерекшеленетін өнім түрлерін өндіру арқылы нарықтағы жағдайын нығайтуға ұмтылады.

    Экономика-құқықтық тұрғыда банкроттықты қарастыруда оны таза экономикалық, немесе таза құқықтық деп бөлуге болмайды.

Банкроттықты экономикалық тұрғысынан қарастырғанда негізінен шаруашылық субъектісінің дәрменсіз болуының себептерін зерттеуге бағытталады. Сонымен бірге, банкроттық макро-, микроэконмикалық түрде қарастырылады, яғни бірінші бағыт бойынша нарық теориясының қорытындыларына негізделсе, екінші – фирмалар теориясына негізделеді.

Басқаша айтқанда, экономикалық бағыт кәсіпорынның банкроттығын экономикалық механизмдерін, яғни оны қаржы банкроттықы ретінде қарастырады, ал құқықтық бағыт-кәсіпорынның төлемқабілетсіз, яғни банкроттық жағдайға душар болғанын мойындағаннан кейінгі кәсіпорындардың жоюлуы. Ұйымдастырушылық – құқықтық механизмі, банкроттықтың күрделі табиғатынан туындайды, яғни ол макроэкономикалық, микроэкономикалық және қоғамдық аспектіге ие: экономика тұрғысынан банкроттық және ликвидациялық процесс ретіндегі банкроттық.

Сонымен, банкроттық деп кредиторлар мен борышкерлер арасындағы соңғылардың төлемқабілетсіздігі мен міндеттемелері бойынша уақытылы қарызын төлей алмауы бойынша қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория болып табылады.

Кез келген басқару қызметі өз деңгейінде тәуекел сипатына ие болады. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы басқару шешімдерінің қабылдау күрдешілікті мен олардың нәтижесін болжау күрделілігімен сипатталады. Коммерциялық ұйымдар пайданы максимализациялауға ұмтылуда заңдылыққа сүйенеді: пайда көп болған сайын, тәуекел де көп болады. Мұндай жағдай үш мүмкін болатын экономикалық нәтижесінен сипатталады: теріс (жеңілу, жоғалту, банкроттық, зиян), нөлдік, оң (жеңіс, пайда, табыс).

Кәсіпкерлік және тәуекел екі ажырамас түсінік. Банкроттық жағдайында кәсіпорынның банкроттыққа ұшырау ықтималдығы жоғары болады.

Кәсіпкерлік процестің қозғаушы күші (тәуекелге бару тілегі) Макконел К.Р. мен Брю бойынша жеке қызығушылық: «әрбір экономикалық бірлік өзіне тиімді іске ұмтылады. Сондықтан кәсіпкерлер мақсаты кәсіпорынның пайдасын максимализациялау немесе жоғалтуларды максимализациялау болып саналады. Осыған байланысты кәсіпкер пайда табу үмітіне қарай баруға мәжбүр.

  Кәсіпкерліктің соңғы нәтежиесі-өндірілген өнім мен  қызмет болып табылады. Жалпы кәсіпорынның  табысты дамуын  қарастыруға болады,ол 4 сатыдан тұрады :

     1) Жаңа идеяларды іздеу мен бағалау.

Барынша көп табыс келтіру-кәсіпкерліктің ең қозғаушы факторы. Кәсіпкерлер өзіне тиімді өзгерістер,яғни жұмыстарына жаңалықтарды енгізеді, мақсаты-пайда табу. Нарыққа жаңа тауар ұсынған алғашқы фирма   оларды   белгілі   бір уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне осы қабілет әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және іске шығармашылықпен қарау іскерлік әлемінде жоғары бағаланады.

      2) Бизнес-жоспарды құру.

Бизнес-жоспарды құру -күрделі мәселелердің бірі, яғни өзіне нарық   сегменттерін қосатын, оның қөлемін және негізгі сипаттамаларын, маркетинг жоспарын,  өндірістік және қаржылық    жоспарларды   қамтамасыз  ету болып табылады.

     3) Қажетті  ресурстарды   табу.

Бұл ең бастысы қандай ресурстар қажеттігін нақты бағалау; бастапқы деңгейден қаталама  деңгейді ажырата білу; ресурстар жетіспеушілігімен байланысты теріс зардаптарды бағалау жұмыстары жүзеге асырылады.

     4) Құрылған кәсіпорынды басқару.

Әрбір кәсіпорынды басқару мәселесі - нақтыланған өнім стилінің басқарушысынан тұрады, ұйымдық  құрылым   құруды ұйымдастыру, табыстың шешуші тетіктерін  және де әлсіз   жақтарын   табу   арқылы шешім қабылдаудан тұрады.

  Ал жалпы жаңа  кәсіпорын құру процесі 3 негізгі кезеңнен тұрады:

1-ші кезеңді дайындық кезеңі деп аталады,  мұнда кәсіпкердің қызмет түрін және көлемін анықтау және ұйымдастырушылық- құқықтық   формасын таңдайды;

2-ші кезең, яғни құрылтайшылық кезеңде құрылтайшы құжаттарды дайындау процесиері мен  мемлекеттік тіркелу және  кәсіпорынның  атрибуттарын енгізу мәселелері шешіледі,

3-ші ұйымдастырушылық кезеңінде жаңа шағын кәсіпорынның  ұйымдастырушылық құрылымын құру мәселесі қарастырылады, яғни негізгі  өндірістік құрылымын, басқару құрылымы, персоналдық құрылым және өндірістік инфрақұрылым.

ған    нұсқалармен   салыстырғанда табыс ала алмау немесе зиян шегудің ықтималдығы.  Шаруашылық тәуекелдің  негізінде   мүмкін болатын және шығындар мен нәтежиелердің ара-қатынасы   жатады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлікті тиімді ұйымдастырудың мәнді сипаттамалары да бар және олар келесідей:

     1) Мақсатты анықтау.Ол пайдалылықтың негізін  енгізуде маңызды болады. Кезінде Барух Спиноза әлемді билейтін мүдде деп атап көрсеткен екен.Ал Аристотельде мүдде туралы: игілік барлық жерде екі шартты сақтауды талап етеді Біріншісі-қандай қызмет болмасын ең соңғы мүддені дұрыс табу. Екіншісі-сол түпкі мүддені іске асыру үшін керекті құралдарды табу.

     2)  Мақсатқа жету жолдары. Мақсатқа жету жолында кәсіпкер жету құралдарын, әдістерін анықтауы қажет. Бұл тұрғыда пайда алу мен басқару сапасының өзара үйлесуінің қамтылуы қажет.

     3) Мадақтау мен жазалау жүйесінің болуы. Мұнда жұмысты ұйымдастыруда шығармашалақ ықылас көрсеткені үшін марапаттау туралы айтылады. Жазалау-ықыластың жоқтығы үшін мәселені қою жөнінде болады. Кәсіпкер алдына жаңа мәселелерді іздеп қояды және оларды шешудің жолдарын іздейді. Бұл жағдайда ғылыми тәсіл  қолданылады.

     4) Басқару стилі. Мұнда кәсіпкерге төнетін қаіп-қатер де, адамдарды жұмысқа жұмылдыру, оларды марапаттау және тағы басқа факторлар да жатады.

      5) Ұйымдастырушылық құрылым. Бұл жерде оның икемділігі туралы сөз болады,яғни оның негізгі объектісі-өндіріс болып табылады. Құрылым өндіріске қарағанда екінші болып, рынок жағдайына байланысты бағытталуы тиіс.

      6) Кәсіпкерлік кәсіпорындардың айырмашылығы, яғни сонымен қатар, сандық сипаттары бары: жұмыскерлер саны, капиталдың жылдық айналымы, кәсіпорындардың шамалары.

      7) Кәсіпкерлікті сипаттайтын негізгі қасиеттері- ол қызмет еркіндігі, субъектілердің тәуелсіздігі, сонымен қстар, кәсіпкерлік қызмет өрісінде тәуелсіздік.

     8) Қандай басқару тәсілін таңдау қажеттілігі. Еркіндік өндіріс бағдарламасын қарастыруда көрінеді,мысалы бағдарлама, өндіріс жоспары.

     9) Тәуекелдікке қатынасы. Жасағыштық тәуекел және тәуекелдік түрлерінің жиынтығының тепе-теңдігі болып саналады.

      Енді кәсіпкерге тән сипаттарды анықтайтын болсақ ол келесідей болады:

1)       қызмет өрісін кәсіпшілік біліммен басқару;

2)       өндірістік-маркетингтік қызметті басқару үшін басқарушы білімі мен тәжірибесі болу;

3)       өзінің мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білу және рыноктағы жағдайды ескеру, қаржы құралдарын тарта білу,

4)       экономикалық ойлау қабілеттілігі, құзыретті болу, іскерлік мәдениетті, тәжірибелі болу,

5)       өндірісті ұйымдастыруды білу, қойған мақсатқа жету үшін тәуекелге бару,

6)       талдай білу және рыноктің мүмкіндіктерін пайдалану, жаңашыл ойлар болуы.

              Сонымен қатар кәсіпкерлік бірнеше белгілер мен қызметіне байланысты жіктелінеді:

   біріншіден, көлемі бойынша:-шағын,орта,ірі;

   екіншіден, меншік түріне қарай:-жеке, мемлекеттік және аралас;

   үшіншіден, аумағы бойынша:-жергілікті, аймақтық, республикалық, халықаралық;

   төртіншіден, салалық бағыты бойынша:-өнеркәсіптік, аграрлық, құрылыс, көліктік, саудалық, инфрақұрылымдық;

   бесіншіден, атқаратын қызметтеріне байланысты:-өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңестік;

   алтыншыдан, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы бойынша:

  индивидуалды кәсіпкерлік, өндірістік кооперациялар;

  толық серіктестіктер; -сенім серіктестіктері;

  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер;

  біріккен кәсіпорындар формалары;,

  акционерлік қоғамдар.

     Ал жалпы экономикасы дамыған елдерде кәсіпкерлікті ұйымдастырудың үш негізгі нысанан кездестіруге болады: жеке шаруашылық, серіктестік, корпорациялар.

     1) Жеке шаруашылық дегеніміз әрбір меншік иесі жеке өзі ғана шешім қабылдап, шаруашылықтың барлық ісіне жкек жауапкершілікті алатын, өндірісті ұйымдастыру болып табылады. Мысалы, 80-жылдар ортасында АҚШ-та 7 миллионға таяу жекеше шеруашылықтар болған.

     Артықшылығы: барлық істің жүруіне меншік иесі -қожайынның толық бақылауы.

     Кемшілігі: капитал мөлшерінің аздығы, шығын, зиян және тағы басқалары үшін жеке жауапкершілік.

     2) Серіктестік дегеніміз-екі немесе бірнеше кәсіпкерлер кәсіпорын үшін бірге шешім қабылдап, бірге жауап беретін өндірісті ұйымдастыру түрі болып саналады. Мысалы, АҚШ-та 80-жылдардың ортасында 1 миллионнан астам серіктестік түрінде кәсіпкерлік болған.

    Артықшылығы: капитал мөлшері жоғары, барлық серіктестіктер бірдей иелік етеді және шығын үшін де, зиян үшін де бірдей жауап береді.

  Бұл кәсіпкерлік түрі көбінесе сауда, делдалдық қызметтерде, қызмет көрсету салаларында көбірек тараған, немесе көпшілік жағдайда ол өндіріске байланыссыз болады.

Банкроттық кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың жоғарыда аталған бірнеше әдіс-тәсілдерін ескере кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштерін талдау сызбасы арқылы да түсіндіруге болады (Сурет-1).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет-1 Банкроттық кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштерін талдау сызбасы

 

Барлық дерлік экономикалық әдебиеттерде, кәсіпорынды қаржылық сауықтыру – кәсіпорындарды трансформациялау мен оның басқаруды жақсартуға бағытталған принциптерін өзгерту, өндірістің тиімділігі мен шығарылатын өнімнің бәсекеқабілеттілігін, еңбек өнімділігін арттыру, өндіріс шығындарын төмендету, мемлекеттік қолдау, қаржылық сауықтыру жоспарларын даярлау мен жүзеге асыру, дағдарысты кәсіпорындарға инвестициялық ресурстар тарту, реабилитациялық процедуралармен жалғасқан инфрақұрылымдар (сақтандыру, лизингтік, субконтрактылық немесе т.б.) мен дағдарысқа қарсы кампаниялар ұйымдастыру іс-әрекеттері арқылы кәсіпорынның қаржы-экономикалық нәтижелерін жетілдіру.

Банкроттық кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың негізгі мақсаты, өнеркәсіптің өндірістік-технологиялық құрылымының кәсіпорынның пайдалы жұмыс жасауына қол жеткізілуі жағдайындағы нарықтық төлемқабілетті сұранысқа сәйкестендірірілуін қамтамасыз ету болып табылады.

 

 

1.4               Кәсіпорындағы дағдарыс түсінігі, типтері және дағдарысқа қарсы басқару

 

Қазіргі күнгі әдебиеттерде, әлеуметтік - экономикалық жүйенің дамуын-дағы ортақ дағдарыс түсінігі қалыптаспаған. Тұрмыстағы көзкарас бойынша, дағдарыс тек капиталистік өндіріс тәсілінде ғана тән қүбылыс және социа-листік өндірісте болмауы тиіс. Тіпті бұрьндары социализмде дағдарыс жоқ, тек "өсім қиындықтары" деген теория қалыптасқан болатын. Көп жылдары біздің елімізде бұл түсінік, өндіріс дамуындағы экономикалық саясатты қалыптастырудың нақты факторы емес, тек идеологиялық тұрғыда болды [1].

              Кейбіреулердің айтуынша, бұл тек макроэкономикалық даму процесіне қатысты, ал кәсіпорын немесе фирма масштабында, мысалға, басқарудағы қателіктермен немесе басшылардың кәсіби деңгейінің төмендігінен туындайтын үлкен немесе кішігірім өткір мәселелердің болуы. Бүндай мәселелер дағдарыс дамуын көрсетпейді, олар объективті тенденциялардан туындамаған, бірақта кейбір сыртқы әсерлерге байланысты.

              Мұндай ұсынымдар бір жақты және ұйымды басқаруда жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін. Егер осы позициямен фирмаішілік басқаруды қарастыратын болсақ, даму стратегиясын қүрастырғанда дағдарысты көре білу және оның мүмкіндіктерін ескеру мүмкін емес. Сонда, дағдарыстың болуы заңды қүбылыс екенін ескерсек, стратегияның қаншалыкты нақты болатынын көріңізші?

              "Дағдарыс" түсінігі "тәуекел" түсінігімен тығыз байланысты, ол өз кезегінде барлық басқару шешімдерін жасау методологиясына әсер етеді. Бұдан дағдарыс күтімін алыптастасаңыз, тәуекелдік өткірлігі жоғалады да дағдарыс жағдайы күрделене түседі. Дағдарыс мәселесіне басқа көзқараспен қарауға болады [2].

              Әлеуметтік - экономикалық жүйенің қандайда түрі болмасын, қоғамдық формация болсын, фирма немесе кәсіпорын өзінің өмірінде екі тенденциясы болады: жұмыс істеу және даму.

              Жұмыс істеу - бұл тіршілік әрекетін ұстап тұру, өзіне тән бүтіндігін, сапалы анықтамасын, мінезін білдіретін қызметін сақтау [3].

              Даму - бұл ортаның өзгеруіне байланысты тіршілік әрекетін нығайтуда жаңа сапаны игеру.

              Жұмыс істеу және даму, өте тығыз байланысты, және әлеуметтік -экономикалық жүйедегі негізгі тенденциялардың бірлігін білдіреді. Бұл байланысты келесі көрсеткіштерден көруге болады (сурет 1.).

 

 

 

2-сурет, – Ұйымдағы дағдарыс қаупінің пайда болуы

             

Жұмыс істеу және даму байланысы диалектикалық мінезде болады, ол дағдарыстың басталуының заңдылығын және шешу мұмкіндіктерін көрсетеді. Жұмыс істеу дамуды ұстап түрады, және сол уақытта оның қоректі ортасы болып табылады, даму жүмыс істеудің көптеген процестерін бүзады, бірақ оның нық орындалуына жағдай жасайды [3].

              Сөйтіп, дамудың циклдық тенденциялары пайда болады, ал ол кезеңді дағдарыстың басталуын білдіреді. Дағдарыс тек қирату немесе күйрету болуы міндетті емес, ол белгілі өткір дәрежеде болуы мүмкін, бірақ дағдарыс басталуы тек субъективті ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік -экономикалық жүйедегі табиғи әсердегі объективті жағы да бар.

Банкроттықтың мәні және кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару,курстык жумыс