Білiмді беру және тiлді оқыту салаларында тiлдiк даму
1.Мемлекетіміз тәуелсіздік алып, жеке егемен ел болғалы он бес жылды еңсеріп қалдық. Тарихтың көне көзімен қарасақ, аса көп уақыт та емес, дегенмен де ел болып еңсе көтерген халық үшін аз да саналмайды. Аз ғана уақыт – 15 жыл өз тезінен көп дүниені өткізіп, өзгертті. Қазақ халқының қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы өз заманында былай деген екен: “Тіл байлығы елдің елдігін, жұртшылығын, ғылыми әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін сөзсіз дәлелі, мөлшері”. Яғни, қоғамның дамып өзгеруі, мәдениетінің өркендеуі тіл деңгейімен таразыланады. Сондықтан да біз тілге баса назар аударуымыз қажет.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде: “Қазақ қазақпен қазақ тілінде сөйлессін” деп атап көрсетіп еді. Шынымен де, қазақ пен қазақтың, әке мен баланың, әріптестердің жұмыста қазақ тілінде сөйлеспеуі көңілге қонымсыз-ақ жайт.
Бірақ қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз, Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриотымын деп есептейтін азаматтардың тілі. Сондықтан Президентіміздің Қазақстан халықтары Ассамблеясындағы айтқан сөзі бәрімізге қатысты. Тіліміздің мәртебесін көтеру, оны дамыту, сөйлей алмайтын азаматтарымызды оқыту – бұл да бәрімізге ортақ мәселелер.
Қазіргі кезде қазақ тілінің мәртебесін көтеру мен қолдану аясын кеңейту мақсатында билік тарапынан тиісті шаралар қабылданып жатыр, қазақ тілін меңгеру үшін барынша жағдай жасалуда. Алайда менің ойымша, тілді меңгеру үшін біріншіден, адамның тілді үйренемін деген ниеті болуы керек. Қандай тіл болмасын, адамның өзі сол тілдің қажеттілігін түсінбесе, оған ат басындай алтын беріп оқытсаңыз да пайдасы болмайды. Екіншіден, ұстаздың тілді оқытамын, мінсіз үйретемін деген шын ықыласы болуы керек. Үшіншіден, тілді меңгеру кезінде тілдік ортаның болуы да өте маңызды. Бұл үйренген тіліңді ұмытып қалмауға, іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.
Жеке тұлға үшін басқа тілді меңгерудің пайдасы орасан зор. Ең алдымен тілді оқыған кезде адамның дүниетанымы кеңейеді, басқа тілді оқып-үйрену арқылы өзге халықтың мәдениетін, салт-дәстүрін біледі. Пифагордың: “Кез келген халықтың мінез-құлқын танып білу үшін ең алдымен тілін меңгеруге тырыс”, – деген ұлағатты сөзі бар.
Сондай-ақ басқа ұлттың тілін меңгеру арқылы ділін біліп, жақсы дүниелерін өз бойыңа сіңіріп, көңіліне тоқып, санаңа ұялатасың. Қазақтармен тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде даласындай дархан қонақжайлық пен кеңпейілдікті, немістерден ұқыптылық пен тиянақтылықты, чешен жұртынан уәдеге беріктік пен намысқойлықты үлгі етіп, үйренуге болады.
Тіл – ұлттың ұлт екенін көрсететін ең негізгі белгі. Әрі онымен сол ұлттың психологиясы өзіндік дүниетанымы, салт-дәстүрі тығыз байланысты. Әрбір тіл – тұнып тұрған мәдениет, мөлдіреген рухани бастау. Ішсең мейірімің қанады, сөйлесең рухың көтеріледі, абыройың асады. Ендеше, мемлекеттік мәртебеге ие қазақ тілі тек қазақ халқының ғана емес, тәуелсіз елдің ақ тілеулі тірегі болып отырған қазақстандықтардың тілі. Біз осыны ұмытпасақ екен. Мемлекеттік тілді білу арқылы өзгені емес, өзіңді құрметтегенің екенін естен шығармағанымыз жөн.
Әрбір мемлекеттің мемлекеттік тілі болуы тиіс және де бұл айдай ақиқат. Тілдің ең алдымен қажеттілігін, өміршеңдігін қалыптастырудың орны бөлек. Мемлекеттік тіл – қазақ тілін барлық қазақстандықтардың жетік меңгеруі бір күндік жұмыс емес, ол – бірқатар уақытты талап етеді. Олай дейтінім, біздің мемлекетіміз өте жас, көптеген маңызы бар мәселелерді іске асыруға құлшыныспен бірге, мол дайындық та қажет.
Жасыратыны
жоқ, кезінде Кеңес үкіметі билік
құрған заманда қазіргі ТМД
Қазақ тіліне деген ынта-ықыласты бала бақшадан, мектептен қолға алып, жоғары оқу орындарында одан әрі жалғастырған жөн. Оған қоса ең маңыздысы – оқытушылардың білімі, тәжірибесі мол болуының мәні зор. Республика көлеміндегі мемлекеттік тілді үйрететін курстардың ақысыз, тегін болуы – басты талаптардың бірі десем, артық айтқандық емес. Өйткені, қалтасынан қомақты қаржы төлеп, тіл үйренуге көп адамның жағдайы келмеуі әбден мүмкін.
Барлық қазақстандықтар түгелдей мемлекеттік тілде түсінісе алатындай дәрежеге жету – түпкі мақсат болса, қолдағы бар мүмкіндікті пайдалану да қозғаушы күштің бірі болып есептелінбек. Сондай-ақ методикалық оқу құралдарының сапалық деңгейін көтеріп, мазмұндылығын тереңдетпесе, іс ешқашан алға баспайды. Әрине, талап қойылғаны жөн, әйтсе де мемлекеттік маңызды шарада – асыра сілтеушілікке жол берілмеуі тиіс. Сонда ғана қазақ қазақпен ғана емес, республиканың барлық тұрғындары бір-бірімен мемлекеттік ортақ тілде сөйлесе алады. Ғалымдардың тұжырымдауынша, әуезді де әсем, шебер де шешен қазақ тілі өзінің байлығы мен көркемдігі жағынан әлем тілдері арасында алғашқы орындардың бірін алатын көрінеді. Әлемдегі бес мыңнан астам тілдің арасында жоғары бағаланатын тілдің,қазақ тілінің бүгінгі тағдыры көпшіліктің алаңдаушылығын туғызуы орынды. Ырыс алды – ынтымақта. Тату-тәтті өмір сүру үшін – өзің тіршілік етіп отырған елдің туған тілін, мемлекеттік тілді игеру ең негізгі парыз.
Мемлекеттік тілді дамыту үшін – оған деген қажеттілікті, қолайлы ортаны құру, сол тілдің айдынында еркін жүзу керек. Қазақ халқының әдет-ғұрпы, дәстүрі мен тарихының сақталуы, түптеп келгенде халық тағдырының өміршеңдігі де сол тілге тәуелді. Тіл өлсе – халық та өледі. Жасыратыны жоқ, қазір біздің жастар ағылшын тілін тез үйреніп жатыр. Мұндай шапшаңдықтың себебі неде десек, сол тілді үйретудегі озық тәжірибеде екен. Ағылшын тілін үйренушілерге көмекке – техника, компьютер, өзге де насихат құралдары көптеп келуде.
Мемлекеттік тіл
– қазақ тіліне де сондай озық тәжірибе,
әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдаланған
жөн. Сондықтан теледидар
2.1. Бағдарламаның
паспорты
Атауы |
Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы |
Әзiрлеуге негiздеме |
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 5 қазандағы N 4106 Жарлығымен бекiтiлген Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасының 3-тармағына сәйкес әзiрленген |
Негiзгi әзiрлеушiлер |
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi |
Мақсаттары |
Қазақстан халықтарының тiлдерiн дамытудың стратегиясы үш негiзгi мақсатты айқындайды: мемлекеттiк тiлдiң әлеуметтiк-коммуникативтiк қызметiн кеңейту мен нығайту; орыс тiлiнiң жалпы мәдени қызметiн сақтау; этникалық топтардың тiлдерiн дамыту. |
Мiндеттерi |
Мақсаттарды іске асыру үшiн мынадай мiндеттердi шешу көзделедi: |
Қаржыландыру көздерi |
Бағдарламаны қаржылай қамтамасыз ету осы Бағдарламаны iске асыруға бөлiнетiн республикалық бюджеттен, жергiлiктi бюджеттер қаражаттары есебiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен тыйым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады. Бағдарламаны iске асыруға арналған бюджет қаражатына ең төменгi есептiк қажеттiлiк 3087,7 миллион теңгенi құрайды. Оның жыл сайынғы көлемi тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын болады. |
Күтiлетiн нәтижелер |
Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру Қазақстан аумағында қолданылатын тiлдердiң қажеттi функционалдық арақатынасына қол жеткiзумен айқындайтын, оңтайлы әлеуметтiк-лингвистикалық кеңiстiк құруды көздейдi. |
Тiлдердi қолдану мен дамытудың
2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы
(бәдан әрi - Бағдарлама) 10 жылға арналған.
Бағдарламада Қазақстандағы тiл құрылысының
ұзақ мерзiмдi келешегiнiң стратегиялық
мақсаттары мен мiндеттерi айқындалып,
сондай-ақ оларды iске асырудың басты бағыттары
мен тетiктерi белгiленген.
Белгiленген мақсаттарды, мiндеттердi және
басымдықтарды жүзеге асырудың нақты
iс-әрекеттерi, уәкiлеттi орган әзiрлеп,
Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн
Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi шаралардың
екi жылдық қысқа мерзiмдi жоспарлары түрiнде
жасалынады.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының
7, 93-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы
тiл туралы" 1997 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан
Республикасының Заңына (бұдан әрi - "Қазақстан
Республикасындағы тiл туралы" Заң),
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
1996 жылғы 4 қарашадағы N 3186 өкiмiмен мақұлданған
Қазақстан Республикасының Тiл саясаты
тұжырымдамасына, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 5
қазандағы N 4106 Жарлығымен бекiтiлген Тiлдердi
қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасына
сәйкес әзiрленген.
Тiл құрылысының оңтайлы
процесi этнолингвистикалық және мәдени
қажеттiлiктердi толыққанды iске асыруды
қамтамасыз ете отырып, қоғамда азаматтық
татулықты нығайтуға және оның одан әрi
топтасуына жағдай жасайтындықтан, мемлекет
өмiрiнiң аса маңызды әлеуметтiк қырларының
бiрi болып табылады. Бұл елiмiзде тiлдердi
дамыту мәселелерiн мемлекеттiк реттеу
қажеттiгiн бiлдiредi. Мемлекеттiк тiлдiң
қоғамдағы рөлi оның дамуының басымдығын
бiлдiретiн жоғары деңгейдегi топтастыру
әлеуетiнен көрiнедi.
Осы Бағдарламаны әзiрлеу Қазақстанда
оңтайлы функционалдық-лингвистикалық
кеңiстiк құру үшiн мемлекеттiк билiктiң
барлық тамақтары мен тұтас қоғамның нысаналы
да жүйелi қызметiн жүзеге асырудың бiрыңғай
стратегиясын тұжырымдау қажеттiгiнен
туындайды. a) Проблеманың
бүгiнгi таңдағы жай-күйiн талдау
Қазiргi уақытта елде тiлдер қолданысының
дамуын табысты iске асырудың құқықтық
негiздерi қалыптасты. Тіл құрылысының
үрдiстерi қоғамда түсіністік пен қолдау
тауып отыр.
Мемлекеттiк органдар жүйесінде
мемлекеттiк тiлдi талап етiлуінің арту
үрдiсi байқалуда. Бұл орайда қазақ халқы
басым тұратын аймақтарда бiршама айтарлықтай
нәтижелерге қол жеттi. Бұл, ең алдымен,
Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан,
Оңтүстiк Қазақстан облыстарына тән.
Қазақстанның Солтүстiк, Орталық
және Шығыс облыстарында да мемлекеттiк
тiлдi дамыту бағытында белгiлi бiр деңгейде
жұмыс жүргiзiлуде. Орталық атқарушы органдардың
мемлекеттiк тiлдi қолдану аясын кеңейтуге
бағытталған нысаналы жұмыстарының арқасында
оның талап етiлуiнiң өсу үрдiсi байқалады.
Көптеген мемлекеттік органдар мен ұйымдарда
іс қағаздары екi тiлде - мемлекеттiк және
ресми тiлде жүргiзiледi.
Алайда, қол жеткен нәтижелерге қарамастан,
мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлдiң
әлеуетiн iске асыру деңгейi әлi де төмен
екенiн атап өту керек. Мемлекеттiк қызметшiлер
арасында мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген
мамандар аз. Сол себептi Бағдарламаны
iске асыру барысындағы басты мiндеттiң
бiрi бiлiктi кадрлар даярлау болып табылады.
Мемлекеттiк тiлдiң алдында тұрған маңызды
мәселелердiң бiрi оның жаңа әлеуметтiк-мәдени
болмысты бейнелеудегi мүмкiндiктерiн кеңейтудiң
қажеттiгi болып отыр. Бұл бағытта нысаналы
ғылыми зерттеу жұмысы жүргiзiлуде. Қазақ
тiлiнiң терминологиялық базасын түзу мен
жетiлдiруге басты назар аударылып отыр.
Мемлекеттiк терминологиялық комиссия
610 жаңа терминдi бекiттi, алғашқы рет 31-томдық
салалық терминологиялық сөздiктер шығару
жүзеге асырылуда.
Қолданылып жүрген заңдармен айқындалған,
республика аумағындағы тарихи атауларды
қалпына келтiру мен жүйелеу және жер-су
атаулары мен басқа да атауларды фонетикалық,
таңбалық және лексикалық принциптерге
сәйкестендiру жұмысы жандандырылуда.
Осы уақытқа дейiн 64 аудан, 8 қала, 420 ауыл
мен поселке, 680 бiлiм беру, мәдениет, денсаулық
сақтау мен басқа да объектiлер жаңа атауларға
ие болды.
Мемлекеттiк тiлде қорғалған кандидаттық
және докторлық диссертациялардың жалпы
санының ұлғаюы байқалады. Алайда, олардың
саны әлi де көп емес, ол республикада 1999
жылы қорғалған диссертацияның 14%-нен
аспайды (1267-нiң 174-і).
Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары
салаларында мемлекеттiк тiлдi дамытуда
белгiлi бiр оң iлгерiлеуге қол жеттi. Қазақ
тiлiндегi телехабарлардың көлемiн ұлғайту
бағытында айтарлықтай оң қадамдар жасалды.
Бұл ретте мемлекеттiк тiлде хабар тарататын
мамандандырылған телеарнаның ашылғанын
атап айтуға болады. 2000 жылы 192 телеарнаның
басым көпшiлiгi - 144-i екi тiлде хабар таратты.
Дегенмен мемлекеттiк тiлде және басқа
тiлдерде хабар тарату уақытының заң актiлерiмен
айқындалған сандық арақатынасы көп жағдайда
сақталып отырған жоқ.
Мемлекеттiк басқару органдары жүйесiнде,
елiмiздiң Қарулы Күштерiнде, халыққа қызмет
көрсету, мәдениет пен өнер салаларында
ресми қолданылатын тiлдiң тұрғысы дәстүрлi
түрде күштi болып отыр. Орыс тiлiнiң бiлiм
мен ғылымдағы басымдығы сақталуда, оның
бұқаралық ақпарат құралдары саласында
жетекшi тiл болып қалуы жалғасуда. Мәселен,
2000 жылы елде 2365 орыс тiлiнде оқытатын мектеп,
орыс тiлiнде оқытатын сыныптары басым
2055 аралас мектеп есепке алынды, орыс тiлiнде
393 газет, 78 журнал атауы шығарылып, 20 телеарна
жұмыс істейдi.
Қазақстан аумағында тұрып жатқан барлық
диаспоралар тiлiне мемлекет тарапынан
көмек көрсетiлуде. Ана тiлi мен мәдениетiн
дамыту мақсатында елiмiзде ана тiлiн оқытудың
жексенбiлiк мектептер жүйесi құрылған.
1999-2000 оқу жылында жексенбiлiк мектептерде
14 тiл ана тiлi ретiнде оқытылды: корей, иврит,
украин, татар, немiс, түрiк, шешен, ұйғыр,
армян, әзiрбайжан, чуваш, поляк, курд және
дұнған тiлдерi. Жексенбiлiк мектептер туралы
үлгi ереже әзiрлендi. Оқытудың мұндай түрi
өзiн жақсы жағынан көрсетiп үлгердi және
келешегi де бар. Елiмiзде диаспоралар тiлiнде
11 газет шығарылып, 12 тiлде телехабарлар
жүргiзiледi
Мемлекеттiк тiлдiң әлеуметтiк-коммуникативтiк
қызметiн кеңейту мен нығайту мақсатында
қол жеткiзу өз кезегiнде мына мiндеттердi
шешудi талап етедi:
1) мемлекеттiк тiлдiң мемлекеттiк басқару
тiлi ретiнде қолданылуын қамтамасыз ету:нормативтiк
құқықтық базаны жетiлдiру;
мемлекеттiк қызметкерлердiң мемлекеттiк
тiлдi қызметтiк міндеттерін орындауға
қажеттi деңгейде меңгеру үшiн шаралар
қолдану;
мемлекеттiк органдар жүйесiнде мемлекеттiк
тiлдiң іскерлiк қарым-қатынастың негiзгi
тiлi ретiнде қолданылуын қамтамасыз ету;
мемлекеттiк органдарда актiлердi әзiрлеу
мен қабылдауда негiзгi тiл ретiнде мемлекеттiк
тiлдiң қолданылуын қамтамасыз ету;
сот ісiн жүргiзудi, сондай-ақ әкiмшiлiк
құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізуді
заңнамаларға сәйкес қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде,
сондай-ақ әскери және әскерилендiрiлген
құралымдардың барлық түрiнде мемлекеттiк
тiлдiң қолданылуы үшiн шараларды қамтамасыз
ету;
іс жүргiзудi мемлекеттiк тiлге көшiрудiң
кестесiн (нақты мерзiмдер мен iс-шараларды
көрсете отырып) белгiлеу арқылы барлық
мемлекеттiк ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдарында іс жүргiзудiң негізгі
тiлi ретiнде мемлекеттiк тiлдiң қолданылуын
қамтамасыз ету;
халықаралық қызметте мемлекеттiк тiлдiң
қолданылуын қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының
мемлекеттiк тiлдi меңгеруi үшін жағдай
жасау:
Қазақстан Республикасы Конституциясының
7 және 93-баптарын iске асыру мақсатында
мемлекет көлемiнде республикалық және
жергiлiктi бюджеттің, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңнамалық актiлерiмен
тыйым салынбаған басқа да көздерi есебiнен
азаматтарға мемлекеттiк тiлдi тегін оқыту
курстарының бiрыңғай жүйесiн жасау;
ғылым, мәдениет, бiлiм беру, денсаулық
сақтау және халыққа қызмет көрсету салалары
қызметкерлерiнiң мемлекеттiк тiлдi тиiстi
деңгейде меңгеруі үшін құқықтық, ұйымдық
шараларын және материалдық-техникалық
жағдай жасалуын қамтамасыз ету;
меншік нысанына қарамастан барлық үлгiдегi
мектеп жасына дейінгі мекемелердiң, жалпы
бiлiм беретiн мектептердiң, орта арнаулы
және жоғары оқу орындарының тәрбиеленушiлерi
мен оқушыларының мемлекеттік тiлдi меңгеру
саласындағы бiлiмi мен бiлiктерiнiң барынша
жоғары деңгейге жетуiн қамтамасыз ету;
3) ғылыми-лингвистикалық зерттеулер мен
олардың нәтижелерiн нақты іске асыруды
жеделдетудi жүзеге асыру жолымен қазiргi
қазақ әдеби тiлiнiң нормаларын бiрыңғайлауды
қамтамасыз ету:
қазiргi қазақ әдеби тiлiнiң сөзжасам процестерiнiң,
оның iшiнде терминжасам принциптерiн ғылыми
негізде жүйеге келтiру, қазақ тілінің
толыққанды терминологиялық жүйесiн енгiзу;
қазiргi қазақ тiлiнiң тiлге ортақ әдеби
нормаларын жүйеге келтiру;
қазақ тiлiнiң фонологиялық ерекшелiктерiн
ескере отырып, қазақ әлiпбиi мен орфографиясын
жетiлдiру жөнiнде шаралар қолдану;
ономастика мәселелерiн ғылыми тұрғыдан
қамтамасыз ету;
4) мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары
саласында мемлекеттiк тiлдiң қолданылуын
қамтамасыз ету:
кино- және бейнеөнiмдердi, оның iшiнде анимациялық
фильмдердi (аударма жұмыстарын қоса алғанда)
мемлекеттiк тiлде шығару мен тарату (телеарналардан
көрсету) шараларының жүйесiн ұйымдастыру;
мәдениет, ғылым, көркем әдебиет пен өнердiң
әртүрлi саласында мемлекеттiк тiлде баспа
өнiмдерiн шығаруды қамтамасыз ету.Тiлдердi
дамытуды құқықтық қамтамасыз етудегi
маңызды мiндеттердiң бiрi қызметi тiкелей
әлеуметтiк коммуникация барысында iске
асатын қоғамдық өмiрдiң бiрқатар салаларының
қызметкерлерi үшiн мемлекеттiк тiлдi меңгеруге
қатысты бөлiгiн әзiрлеу мен талаптарын
нормативтiк тұрғыдан бекiту болып табылады.
Бұл ең алдымен, мемлекеттiк қызмет, денсаулық
сақтау, бiлiм беру, ғылым, мәдениет, халыққа
қызмет көрсету, көлiк, байланыс салалары.
Осыған байланысты мемлекеттiк тiлдi белгiлi
бiр көлемде және бiлiктiлiк талаптарына
сай білудi қажет ететiн кәсiптер, мамандықтар
мен лауазымдар тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе)
заңмен айқындалуға тиiс. Аталған Тiзбе
"Қазақстан Республикасындағы тiл туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының
үшiншi бөлiгiне сәйкес Қазақстан Республикасы
заңдарымен белгiленедi. Жекелеген кәсiптерге,
мамандықтар мен лауазымдарға қатысты
нормативтiк талаптардың күшiне ену уақыты
саралануға тиiс. Осылайша, мемлекеттiк
тiлдi меңгеру бөлiгiнде талаптардың күшіне
ену процесi жекелеген лауазымдар үшiн
кезең-кезеңiмен жүргiзiледi, мұның өзi қажеттi
бейiмделу кеңiстiгiн жасауға мүмкiндiк
бередi. Оның үстiне, Тізбені түзу процесi
жаңа кәсiптердiң, мамандықтар мен лауазымдардың
бiртiндеп қосылуын көздеуi қажет.
Тiлдi дамытудың ынталандыру сипатындағы
қосымша шаралармен нығайтылмаған қасаң
әкiмшiлiк әдiстерiнiң жеткiлiктi түрде тиiмдi
бола бермейтінін практика көрсетiп отыр.
Сондықтан бұйрық мәндi шаралармен қатар
ынталандыру әдiстерiн де кеңiнен енгiзу
қажет. Өз жұмысында мемлекеттiк тiлдi қолданатын
мемлекеттiк органдар, ұйымдар мен мекемелер
қызметкерлерiн материалдық ынталандыру
жөнiндегi шаралардың тиiмдi жасау үшiн
құқықтық негiздер әзiрлеу қажет. Аталған
мәселенi шешу мемлекеттiк тiлдi меңгеру
үшiн неғәрлым пәрмендi тетiктердiң бiрi
болуға тиiс.
Сонымен қатар, тiл заңдарының бәзылуына
кiнәлi тұлғаларды жауапқа тарту туралы
мәселе іс жүзiнде шешудi талап етедi. Оның
негiзгi ережелерiн бұзғаны үшiн пәрмендi
санкциялар жүйесiн әзiрлеу қажет.
Тiл саласындағы қатынастарды реттеушi
заңдарды одан әрi жетiлдiру тiл құрылысының
өзектi талаптарына негiзделуi қажет. Бұл
мемлекеттiк ұйымдарда аудармашылық қызметтi
реттеудiң құқықтық тетiктерiн әзiрлеудi
талап етедi. Мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi
нормативтiк құқықтық актiлер мәтiндерiнiң
дәлме-дәл сәйкестiгi мен оларды ресми
практикада қолдану тәртiбi туралы мәселе
де нормативтiк реттеудi қажет етедi. Қабылданатын
нормативтiк құқықтық актілердiң тiл туралы
заңдардың талаптарына сәйкес келуiне
назар аударған жөн.
Мемлекеттiк тiлдiң мемлекеттiк органдар
жүйесiнде қолданылу аясын одан әрi кеңейту
кадрлардың тиiстi тiл даярлығын талап
етедi, ол уақыт өте келе бiлiктiлiк талаптары
мен қызметтiк мiндеттерiне қарамастан
мемлекеттiк қызметшiлердiң күллi санаттары
үшiн мiндетті болуға тиiс. Осы мақсатта
мемлекеттiк қызметшiлер үшiн бiрыңғай
оқу-әдiстемелiк бағдарламаға негiзделген
оқыту курстарының орталықтандырылған
жүйесiн жасау қажет. Мәндай курстарды
түзуде Қазақстан Республикасы Мәдениет,
ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң
жанындағы Республикалық мемлекеттiк
тiлдi жеделдетiп оқыту орталығы базалық
ұйым бола алады. Сонымен бiр мезгiлде арнаулы
кестеге сәйкес мемлекеттiк қызметкерлердiң
әрбiр санаты үшiн мемлекеттiк тiлдi белгiлi
бiр көлемде меңгеру бөлiгiндегi мiндеттi
талаптарды әзiрлеу керек. Осы кесте мемлекеттiк
тiлдi оқыту курстарының жұмыс бағдарламаларының,
аталған талаптардың қызметкерлердiң
ағымдағы лингвистикалық даярлығының
деңгейiмен сай болуы үшiн сәйкестендiрiлуге
тиiс.
Құжат мәтіндерiн мемлекеттiк тiлде даярлаудың
орнына оларды ресми қолданылатын тiлден
аударудың кең тараған тәжірибесiнiң мемлекеттік
органдар жұмысында одан әрi беки түскен
үрдiсi белең алып барады. Соған қарамай,
ол тек уақытша шара ретiнде ғана қарастырылуға
тиіс. Сондықтан мемлекеттiк органдарда
құжаттамаларды тiкелей мемлекеттік тілде
жасауға кезең-кезеңiмен көшудi орталықтан
бекiтiлген ұзақ мерзiмдiк жоспарға сәйкес
нақты жүзеге асыру керек. Бұл ретте мемлекеттік
тiлдiң тек iс қағаздарын жүргiзу саласында
ғана емес, мемлекеттік органдар актiлерiн
әзiрлеу мен қабылдау саласында да қолданылу
мәселесiне назар аударған жөн.
Мемлекеттiк тiлдiң республиканың Қарулы
Күштерiнде қолданылу мәселесін атап айту
айрықша қажет. Тарихи қалыптасқан жағдайларға
орай аталған салада мемлекеттiк тiлдiң
қолданылуы "Қазақстан Республикасындағы
тiл туралы" Заңның 12-бабының талаптарына
толық жауап бермейдi. Ал елiмiздiң Қарулы
Күштерiнде оның толыққанды қолданылуы
Ұлттық қауiпсiздiктi нығайту мәселесi де
болып табылады. Сондықтан офицерлiк және
сержанттық-сарбаздық құрамның мемлекеттiк
тілді меңгеруiнiң мiндеттi талаптарын
белгiлеу қажет. Аталған талаптардың табысты
іске асуы үшiн ерекше бағдарлама бойынша
арнаулы жоспарға сәйкес әскери қызметiн
өтеу орындарында мемлекеттiк тiлдi тұрақты
оқытуды ұйымдастыру қажет.
Мемлекеттiк егемендiктiң аса маңызды
атрибуттарының бiрi ретiнде мемлекеттік
тiл елдiң халықаралық қызметiнде лайықты
көрiнiс табуы керек. Ресми халықаралық
кездесулер мемлекеттiк тiлде жүргiзiлуге
тиiс.
2.2.Білiм беру және тiл оқыту салаларында тiлдiк даму
Тiл дамуын табысты жүзеге
асырудың неғұрлым маңызды шарттарының
бiрi қоғамдағы жалпы мәдениеттiң құрамдас
бөлiгi болып табылатын тiлдердi оқытудың
толыққанды жүйесiнiң тұрақты қызмет етуiн
ұйымдастыру мен қамтамасыз ету болып
табылады. Аталған жүйе түрлi деңгейлерде
және әр түрлi нысандарда жүзеге асырылатын
өзара байланысты сабақтас және мүмкiндiгiнше
үздiксiз процесс болуға тиiс. Қазіргі уақытта
Бұл саладағы негiзгi назар жеткіліктi
көлемде лингвистикалық даярлықты жүзеге
асырудың неғұрлым оңтайлы әрi табиғи
жолы болып табылатын әр түрлi оқу және
тәрбие мекемелерiне аударылып отыр. Талап
етiлетiн бiлiм мен дағдыны толық әрi терең
игеру үшiн қажеттi үздiксiздiк принципi
оқытуды мектепке дейiнгi тәрбие мекемесi
- мектеп - жоғары (орта арнаулы) оқу орны
классикалық схемасы бойынша құрған жағдайда
ғана қамтамасыз етiлуi мүмкiн. Алайда аталған
модель оның жоғары сапалық көрсеткiштерi
бола тұра, талап етiлетiн сапалық аспектiнi,
яғни халықтың әр түрлi әлеуметтiк топтарын
кеңiнен қамтуды толық көлемде қамтамасыз
ете алмайды. Осыдан барып, республика
азаматтарының тiлдiк даярлығын жүзеге
асырудың басқа да жолдары мен тәсiлдерiн
iске асыру қажеттiгi туындайды.
Балалар әлеуметтiк коммуникациялардың
алғашқы дағдысын құрдастарымен араласу
кезiнде алатынын ескере отырып, олардың
бастапқы тiл даярлығында мектепке дейiнгi
мекемелер зор рөл атқаруға тиiс. Сондықтан
олардың санын көбейту жөнiнде мүмкiн болатын
барлық шараларды қолдану керек. Атап
айтқанда, қазақ тiлiнде оқытатын мектепке
дейiнгi мекемелер жүйесiн кеңейтуге назар
аударған жөн.
Тiл даярлығын ұйымдастыруды қамтамасыз
етуде жалпы бiлiм беретiн мектептер үлкен
мүмкiндiктерге ие болып отыр. Бұл жерде
маңызды проблемалардың бiрi оқушыларды
отандық оқулықтардың жаңа буынымен қамтамасыз
ету болып табылады. Бiрiншi кезекте Бұл
қазақ тiлiнде оқытатын сыныптарға қатысты.
Бүгiнгi таңдағы оқулықтар өзбек, ұйғыр
және басқа тiлдердегi ұлттық мектептерге
де қажет. Қазақстанның әлеуметтiк-мәдени
жағдайына бейiмделген орыс тiлiндегi оқулықтар
шығаруды ұйымдастыру қажет.
Оқу орындары түлектерiнiң мемлекеттiң
әлеуметтiк кеңiстiгiне одан әрi табысты
кiрiгуi мақсатында оқыту тiлi мен меншiк
нысанына қарамастан, барлық оқу орындарында
жетекшi пән болуға тиiс мемлекеттiк тiлдi
оқытудың саны мен сапасына көңiл бөлу
керек. Бұған қажеттi сағат саны басқа
тiлдердiң есебiнен емес, оқу процесiн жалпы
оңтайластыру нәтижесiнде бөлiнуге тиiс.
Мемлекеттiк тiлдiң бастауыш, орта және
жоғары кәсiптiк бiлiм беру жүйесiндегi жағдайы
одан әрi де жақсартуды талап етедi. Бұл
жекелеген пәндердi оқыту сапасымен қатар,
олардың санына да қатысты. Елдiң бастауыш,
орта және жоғары оқу орындары ұсынатын
қазақ тiлiнде оқытылатын мамандықтар
шеңберi мүмкiндiгiнше шаруашылық, мәдени,
қоғамдық және басқа да қызметтер саласын
қамти отырып, жоспарлы түрде кеңейтiлуге
тиiс.
Тiлдердi тиiмдi меңгеру саласындағы мүмкiндiктердi
кеңейту мен тереңдету үшiн дәстүрлi оқу
орындарындағы оқытумен қатар кейбiр басқа
әдiстерде керек екенiн тәжiрибе көрсетiп
отыр. Бұл, атап айтқанда, халықтың түрлi
оқу орындарында оқу мүмкiндiгi жоқ ересек
тобына қатысты. Қазақстан Республикасының
барлық азаматтарының мемлекеттiк тiлдi
еркiн және тегiн меңгеруi үшiн қажеттi ұйымдық,
материалдық және техникалық жағдай жасау
туралы Конституцияның 93-бабының талабы
аталған топқа да қолданылуға тиiс. Өз
бетiмен оқып-үйренуге арналған теле- және
радио хабарлар, газеттердегі арнаулы
жарияланымдар сияқты қазақ тiлi сабақтарын
өткiзудiң түрлi нысандары кеңiнен енгiзiлгенi
дұрыс.
Алайда, Бұл жерде басты бағыт мемлекеттiк
тiлдi жеделдетiп оқытуға арналған тегiн
тiл курстарының жүйесiн ұйымдастыру мен
қолдану болуға тиiс. Мұндай курстар жұмыс
орындарында арнайы нормативтiк актiге
сәйкес құрылғаны жөн. Курстарда оқудың
нәтижелiлiгiне мүдделіліктi арттырудың
тиiмдi тетiктерiн әзiрлеу керек. Курстарда
оқудың нәтижесi қызметкердiң негiзгi кәсiби
қызметiнiң нәтижелерiмен бiр деңгейде
қаралуға тиiс. Аталған ереже тiл туралы
заңдардың талаптары қолданылатын қоғамдық
қызмет салалары үшiн мiндеттi болуға тиiс.
Мұндай курстар сонымен қатар түрлi деңгейдегi
әкiмияттарда ашылып, жергiлiктi бюджеттен
қаржыландырылуы мүмкiн. Курстарды ұйымдастыру
мен материалдық-техникалық қамтамасыз
ету үшiн қосымша қаржылай қолдау Қазақстан
халықтары тiлдерiн қолдау қорын құрудың
нәтижесiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
Қолданыстағы заңдарға сәйкес ресми пайдаланылатын
тiлдiң қолданылуы қоғамдық өмiрдiң барлық
саласында iс жүзiнде тұрақты болып отыр
және мемлекеттiң күш-жiгерi бұл жерде осы
жағдайды қолдауға бағытталуға тиiс.
Қазақстан халықтарының тiлдерiн қолдау
мақсатында қарым-қатынас, оқу және шығармашылық
тiлiн еркiн таңдауға конституциялық құқықты
iске асыру жөнiндегi шараларды қамтамасыз
ету қажет. Ана тiлiн үйрететiн таңдаулы
жексенбiлiк мектептер тәжiрибесiн жинақтау
мен тарату мақсатқа сай келедi. Жексенбiлiк
мектептерге мүмкiндiгiнше одан әрi қолдау,
соның iшiнде кiтап және оқу-әдiстемелiк
қорын құруға көмек көрсету керек. Елдiң
орта арнаулы және жоғары оқу орындарында
ұлт тiлдерiн оқытатын мамандарды даярлау
жөнiндегi қызметтi жалғастырған жөн.
Ғылыми қамтамасыз
ету
Қазақ тiлiнiң мемлекеттiк мәртебесiн iске асыру әлем
тiлдерiн дамыту тәжiрибесiне сәйкес жаңа
әлеуметтiк-мәдени және ғылыми болмыс
аясында оның лексикалық және семантикалық
тынысының мүмкiндiктерiн кеңейтудi талап
етедi. Аталған саладағы негiзгi мiндет,
терминологиялық шығармашылықты қоса
алғанда, жаңа лексикалық бiрлiктердi енгiзу
процестерiн бiрыңғайлау болып табылады.
Терминологиялық жұмыстың негiзгi принциптерін
тұжырымдау қажет. Терминологиялық шығармашылық
жоспарлы түрде жүзеге асырылатын қызмет
жүйесiнiң бiрыңғай принциптерiне сүйенген,
орталықтандырылған ғылыми негiзделген
болуға тиiс.
Қазіргi қазақ әдеби тiлiнiң грамматикалық
нормаларының бiрiздiлiгiн сақтауды қамтамасыз
ету мақсатында орфографиялық кеңес құру
мүмкiндiгiн көздеу қажет. Оның қатысуымен
қазақ әлiпбиi мен орфографиясын жетiлдiру
жөнiндегi қызметтi жалғастырған жөн.
Қазақ тiлiндегi ғылыми шығармашылықты
одан әрi дамыту талап етiледi. Бұл мақсатта
диссертация қорғау жөнiндегi ғылыми кеңестер
қызметiн кезең-кезеңiмен мемлекеттiк тiлге
көшiру жұмыстарын жалғастыру қажет.
Мемлекеттiк тiлдi дамыту мәселелерiн ғылыми
қамтамасыз етуде А.Байтұрсынов атындағы
Тiл бiлiмi институты басым рөлге ие болуға
тиiс. Осы мақсатта оның материалдық-техникалық
базасын күшейту, мамандар құрамын ұлғайту,
iргелi және қолданбалы лингвистикалық
зерттеулердi әзiрлеуге мемлекеттiк тапсырысты
кеңейту қажет. Институт лингвистиканың
теориялық және қолданбалы мәселелерi
бойынша сараптамалық бағалау мен қорытындылар
беруде жетекшi орында болуға тиiс.
Мәдениет және бұқаралық
ақпарат құралдары, денсаулық сақтау
мен халыққа қызмет көрсету салаларындағы
тiлдiк даму
Мәдениет саласында неғұрлым бұқаралық
әрi көрiнiстi нысандарға айрықша назар
аудару қажет, Бұл кино, мультипликация,
телешоу, сазды бағдарламалар, жастар
журналдары. Солардың арасында мемлекеттiк
тiлде шығарылатын теле- және радио хабарлар,
журналдар, көркем және анимациялық фильмдердiң
жалпы саны мен сапасы егемен Қазақстанның
қажеттiктерiн қанағаттандыра алмай отыр.
Қоғамдық қызметтiң аталған саласында
мемлекеттiк ынталандырудың тиiмдi тетiктерiн
әзiрлеп, енгiзу қажет. Мемлекет Бұл ретте
белсендi позиция ұстануға тиiс. Бұл сонымен
қатар мемлекеттiк тiлдi компьютерлендiру
мәселелерiне, оны ғаламдық компьютер
желiсiне енгiзуге қатысты.
Мемлекеттiк тiлдiң жұмыс істеуiн қамтамасыз
етудiң неғұрлым күрделi учаскелерiнiң
бiрi халыққа қызмет көрсету саласы болып
отыр. Бұл аталған саладағы тiлдiк қызметтi
мемлекеттiк реттеудiң күрделiлiгiмен сабақтасып
жатыр. Алайда, мемлекеттiк тілдiң денсаулық
сақтау, сауда, көлiк және байланыс сияқты
салаларға енуi мүмкiндiгiнше мұндай ықпал
ету мемлекет тарапынан жүзеге асыруға
болатын жерлерде іске асырылуға тиіс.
Бұл үшiн, бiрiншi кезекте, елдiң мамандандырылған
оқу орындарында - жоғары, орта арнаулы
және кәсiптiк оқу орындарында мамандарды
тиiстi даярлауды кеңейту қажет. Одан басқа,
аталған талаптар атқаруға тиiстi кәсiби
мiндеттерiнiң қажеттiгiмен сабақтасып
жатқан салаларда мемлекеттiк тiлдi меңгеру
бөлiгiнде мiндеттi талаптарды белгілеу
қажет. Оларға денсаулық сақтау, байланыс,
көлiк ұйымдары, банктердiң есеп-кассалық
бөлiмдерi жатады.
Бағдарламаны iске асырудың негiзгi тетiгi Тiлдердi қолдану
мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған
мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру
жөнiндегi Iс-шаралар жоспарында (бұдан
әрi - Бағдарламаны іске асыру жөнiндегi
Iс-шаралар жоспары) көзделген Iс-шаралар
жүйесiн жыл сайын кезең-кезеңмен орындау
болып табылады. Бағдарламаны іске асыру
жөнiндегi Iс-шаралар жоспарын уәкiлеттi
орган Бағдарламада қойылған мiндеттердi
iске асыру нәтижесiнде бұдан алдыңғы кезеңде
болған өзгерiстердi ескере отырып, әрбiр
келесi екi жыл сайын жасайды. Мұндай жоспарлау
Бағдарлама ережелерiнде айқындалған
ұзақ мерзiмдi стратегиялық перспективаларды
міндеттi түрде ескере отырып жүзеге асырылуға
тиiс. Мұның алдындағы Тiлдердi қолдану
мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын
iске асыру тәжiрибесi орындалуы қысқа
мерзімге есептелген іс-шаралар жүйесін
жүзеге асыру - шешiмi ағымдағы перспективада
айқындалған мiндеттердi жүзеге асыруға
орай әлеуметтік-лингвистикалық ахуалдағы
өзгерiстерге неғұрлым икемдi оңтайласуға
мүмкiндiк беретiнiн көрсетедi. Осындай
ұзақ мерзiмдi перспективаны ескере отырып
жасалған ағымдық жоспарлау барынша нақтылығымен
және нәтижелерiнiң шынайылығымен ерекшеленедi.
Сонымен бiрге, Бұл Тiкелей орындаушылардың
жауапкершiлiгi мен Бағдарламада көзделген
iс-шараларды іске асыруға бақылауды қамтамасыз
ету мүмкiндiктерiн арттыруға жәрдемдеседi.
Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерiн
iске асыру оның қолданылуының аумақтық
және әлеуметтiк тынысын кеңейтетiн аймақтық
және салалық бағдарламалар елеулi рөл
атқаруға тиiс.
Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру
оны іс жүзiнде жүзеге асыру үшiн неғұрлым
тиiмдi әрi нақты мүмкiндiктермен қамтамасыз
етiлуге тиiс. Бағдарламаны іске асыру
жөнiндегi іс-шараларды тиiмдi жүзеге асыру
мынадай негiзгi принциптердi сақтау негiзiнде
ғана мүмкiн болады:
сандық және сапалық деңгейдi тұрақты
өсiрудi (жинақтауды) қамтамасыз етудi көздейтiн
кезеңдiк және ұдайылық;
орындалуына қатаң бақылау жасаумен ұштастырылған
жан-жақты мемлекеттiк қолдау;
тiлді меңгеру саласындағы талаптарды
мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн оқып-үйрену
үшiн мүмкiндiктер жасаумен ұштастыру;
моральдық және материалдық мүдделiлiк
жағдайын жасау;
қоғамдық пiкiрдi белсендi түрде қалыптастыру;
тiл құрылысын жүзеге асыру кезiнде функционалдық-лингвистикалық
тепе-теңдiктi сақтау;
Тiлдердi дамыту бағдарламасындағы iс-шараларды
қаржылық қамтамасыз ету
Елдегі этнолингвистикалық жағдайды талдау негізінде мемлекеттік органдар жүзеге асыратын негізгі басымдықтарды анықтау мақсатындағы табысты шешім тілдерді дамыту саласындағы жағдайды тұрақтандыратын, осы саладағы құқықтық қатынастарды жетілдіретін, қоғамдық өмірде тілдерді қолданудың біркелкілігінің оң сұлбасын жасауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік тілде мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие, жоғары білім мен жоғары білімнен кейінгі білім жүйесі, оқу процесінің үздіксіздігі принципін қамтамасыз ету, мұнда сапаның көтерілуіне, оқыту процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, тілді білу деңгейін бағалау және біркелкі оқыту әдістемесін жасауға көңіл бөліну керек.
Жоғары білім жүйесінде
Сонымен қатар қашықтан оқыту,
Интернет-технологиялар
Тілдерді дамыту
саласында ақпараттық саясатты жетілдіру,
ол процестің шамадан тыс
Мемлекеттік органдарда,
мекемелер мен ұйымдарда
Тіл дамыту және
аударма мәселелерімен
Үйірме жұмыстарын, білікті маман-оқытушыларды тарта отырып, мемлекеттік тілді үйрету курстары жұмысын, олардың жұмысын тыңдаушылардың тілді білу деңгейін ескере отырып ұйымдастыру керек. Қазіргі ақпараттық технологияларды, қимыл және көру арқылы әсер ететін әдістер мен түрлі формаларды пайдана отырып, мемлекеттік тілді насихаттау және енгізу жөніндегі шараларды жасау қажет.
Біліктілік деңгейін көтеру және мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қажетінше қытай, неміс, француз, испан, жапон тілдерін де кәсіби деңгейде үйрету жөніндегі курстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметкерлерінің қазақ тілін білу деңгейлерін оң бағалау үшін тестілеу жүйесін және тілді оқыту әдістемесін жасау керек. Мұнда халықаралық тәжірибе мен шет тілдерін оқытудың озық технологияларын ескеру керек.
Мамандықтар мен қызмет тізбесінде көзделген мемлекеттік тілді белгілі бір дәрежеде білу және оны жүзеге асырудың кезеңдерін анықтау үшін Заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет.
Қазақстан халықтары
Ассамблеясы, Білім және ғылым министрлігі
өзара қарым-қатынас бойынша
Қазақстандық
бағдарламаларға бейімделген
Мына мамандықтар бойынша тіл тәртібі оқытушыларын даярлау: қазақ-ұлттық-шет (ағылшын, неміс, француз) тілдері мұғалімдерін, шет-қазақ-ұлттық тілдері, қазақ пен орыс тілдері мұғалімдерін және т.б.
Қазақ тілін оқитын жалпы білім беру мектептеріндегі оқушылардың тілді меңгеруін және мектеп бітіргеннен кейін де тілді еркін білу денгейіне жеткізу үшін жағдай жасау қажет.
Жоғары білім - білімді мамандардың ортасын қамтамасыз етеді, болашақ мамандардың қазақ, орыс және шет тілдерінің бірін меңгеруі, алдағы уақытта қызмет бабында еркін қолдануы өте маңызды. Арнайы білімнің маңызды элементтерінің бірі білім беру орындары болып табылады, олар денсаулық сақтау саласында мамандарды дайындайды, көлік және басқа қызметер көрсетеді. Бұл мамандар, сонымен қатар қазақ, орыс және басқа тілдердің кәсіби лексикасын еркін білуі қажет.
Жастар халықтың ең белсенді динамикалық құрамы болып саналады, олар тіл саяаты мен тілдік қатынаста жағымсыз стереотиптерге тәуелді келеді. Еліміздегі қазақ тілінің жағдайын жақсартудың ең тиімді тетігі жастармен күнделікті жұмыс жүргізу болып табылады.
Қоғамның ең көп саласын жеке бизнес алып жатыр және кәсіпкерлердің қазақ тілін қолдануда олардың тек әлсіз жақтарын ғана емес, (бланкілер, маңдайшалар, мөрлер, мөр табандар, жарнамалар) сонымен қатар қарым-қатынас және күнделікті қызмет көрсету тілі ретінде ұтымды жақтарын да көрулері керек.
Тілдерді дамытудың облыстық
өкілетті органдары республикалық
мемлекеттік тілді оқыту
Қазақ тілін оқыту бойынша озық компьютерлік бағдарламаларды әзірлеуде, орыс тілінен қазақ тіліне, сондай-ақ қазақ тілінен орыс тіліне аудару жөнінде тұрақты республикалық конкурстарды өткізуді (3 жылда 1 рет) қамтамасыз ету қажет.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікпен бірге мемлекеттік қызметкерлерді аттестациялау жүйесіне, қызметтік міндеттеріне мемлекеттік тілді менгерудің нақты талаптарын енгізу мәселесін мақсат етуіміз қажет.
Көрсетілген агенттікпен
бірге мемлекеттік тілді
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінде «электронды үкімет» жүйесінде мемлекеттік тілдің басым қолданылуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар дайындап енгізу қажет.
Жаңа ақпараттық
технологияларда қазақ тілін
қолдану жөніндегі жұмыстарды жетілдіру,
қазақ тілінде портал желілерін
дамыту қажет. Қазақстанда және қазақ диаспоралары
арасында қазақ тіліндегі кітаптарды
тарату үшін ИНТЕРНЕТ дүкендерін ашу,
компакт дискідегі кітап өнімдерін шығару
үшін «электронды баспасын» құру, сонымен
қатар қазіргі қазақстандық әдебиеттің
жаңа есімдерін таныту және өз шығармаларын
баспа түрінде таратуға мүмкіндіктері
жоқ авторларға ықпал етуіміз қажет. Білiм беру жүйесiнде мемлекеттiк
тiлдiң рөлi бiртiндеп артып келеді. Бiлiм
және ғылым министрлiгiнiң мәлiметi бойынша,
1999-2000 оқу жылында, республика мектептерiндегi
3,5 миллион оқушының 1,6 миллионы (50,6%) - қазақ
тiлiнде, 1,5 миллионы (45%) - орыс тiлiнде, 80
мыңы (2,3%) - өзбек тiлiнде, 23 мыңы (0,6%) - ұйғыр
тiлiнде, 2,5 мыңы (0,07%) - тәжік тілінде және
мыңнан астамы басқа тілдерде оқыды. Қазақ
тiлiнде оқытатын мектептердiң жалпы саны
бiртiндеп өсiп, 2000 жылы республикадағы
мектептердiң жалпы санының 43% (7910) шамасына
жеткенiмен, олардың аймақтар бойынша,
сондай-ақ "қала-ауыл" схемасы бойынша
бөлiнуi бiркелкi емес. Бұдан басқа, қазақ
тiлiндегi сыныптардың тепе-теңдiгi сақталмауына
байланысты тиiстi тiлдiк ортадан бөлiнiп
қалған "аралас мектептер" деп аталатын
мәселе де бар. Оның үстiне, қазақ тiлiнде
оқытатын мектептердiң көпшiлiгi дәрiс берудiң
жоғары жеткiлiксiз деңгейiн көрсетуде.
Басқа тiлдерде оқытатын мектептер туралы
да осындай жайды атап өтуге болады. Едәуiр
толымды оқу-әдiстемелiк әлеуетi қалыптасқан
орыс тiлiнде оқытатын мектептерде бұл
проблемалар соншалықты өзектi болып отырған
жоқ.
Қазақ тілі дегеніміз – қазақтардың
ана тілі. Қазақтардың өмір сүруі мен рухани
дамуының өзегі, тарихта ұлт болып сақталып
қалу қайрат-құралы. Ал қазақ тілін оқыту
дегеніміз – қазақтардың ана тілінде
білім алып, сол тілдің өсіп-өнуіне өз
үлесін қосатын, ана тілін көзінің қарашығындай
сақтайтын, ана тілінің рухани дамуында
негізгі қару-құрал ретінде пайдалана
білетін ұрпақты баулу, тәрбиелеу, қалыптастыру,
ана тілінің фонетикалық, лексикалық,
морфологиялық, синтаксистік жүйелерін
игеруге үйрету. Сондықтан қазақ тілі
қазақ мектептерінде ғана ана тілі ретінде
оқытылады.
Ал мемлекеттік тіл дегеніміз – Қазақстан
Республикасында тұрып жатқан басқа ұлт
өкілдерінің «Мемлекеттік тіл туралы
Заңды» азаматтық борышы ретінде адал
ақтау, бұлжытпай орындау, бір-бірімен
мемлекеттік тұрғыда хабар-ақпарат алмасу,
достық қарым-қатынаста болу, осы мемлекеттің
келешегін ойлап, оның тұрақтылығына,
дамуына ортақтасып, тыныштықта өмір сүру,
бір-бірімен түсініс және қарым-қатынас
құралы. Ал мемлекеттік тілді оқыту дегеніміз
– Қазақстан азаматтарының бір-бірімен
түсініс және қарым-қатынас құралы ретінде
ұтымды пайдаланудың тәсілдерін игеруге
толық әдістемелік жағдай жасау, «Тіл
туралы Заңды» бұлжытпай орындауды талап
ету. Осы айтылғанның бәрінен де шығатын
қорытынды: оқу орыс тілінде жүретін мектепте
қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты
– оны мемлекеттік тіл ретінде оқыту.
Егер мемлекеттiк тiлде бiлiм беретiн мектептер
саны бiртiндеп өсiп келе жатса, мектеп
жасына дейiнгi балалар мекемелерiнiң саны
азайып барады. Олардың саны 2000 жылы елiмiз
бойынша осы тектес ұйымдардың жалпы санының
25%-нен (1158) асқан жоқ. Осылайша, неғұрлым
тiлдi қабылдауға бейiм ұрпақ тiлдiк қатынастарды
мемлекеттiк реттеу саласынан сырт қалуда.
Республиканың бастауыш және орта кәсiптiк
оқу орындарында 200 мамандық, жоғары оқу
орындарында 75-тен астам мамандықты оқыту
мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi. Қазақ тiлiнде
оқыту бөлiмдерiнде оқитын студенттердiң
саны 2000 жылы барлығы 32%-тi (85300) құраса,
орыс тiлiндегi бөлiмдердегi студенттердiң
саны 68%-тi (181000) құрайды. Қазақ тiлiнде оқыту
бөлiмдерiнiң жалпы алғанда өсуiне қарамастан,
осы тiлде оқытылатын мамандықтар санын
көбейтуге назар аудару керек. Мәселен,
1998-1999 оқу жылынан бастап елiмiздiң жоғары
және орта арнаулы оқу орындарына "Мемлекеттiк
тiлде іс жүргiзу" атты жаңа мамандық
енгiзiлдi.
- қазақ тілін оқытудың нақты
және тиімді әдістерін жасайтын қазақ
тілі пәні оқытушыларын және мемлекеттік
тілде сабақ жүргізетін өзге ұлт өкілдері
оқытушыларын моральдық және материалдық
тұрғыда көтермелеу;
- орыс тілді топтарда кейбір гуманитарлық
пәндерді қазақ тілінде қатар
оқытуды эксперимент түрінде енгізу;
- жыл сайын профессорлар - оқытушылар
құрамындағы өзге ұлт өкілдері арасында
мемлекеттік тілді білуіне байланысты
сайыстар өткізу;
- қосымша пәндер есебінен студенттердің
қазақ тілін игеру
сағат саны мен мерзімін екі жылға дейін
ұзарту;
- өзге ұлт өкілдері студенттері арасында
болашақ мамандықтары
бойынша мемлекеттік тілді үздік меңгеру
сайыстарын өткізу;
- жоғары оқу орны бағдарламасын игеру
үрдісінде мемлекеттік тілді
толық меңгерген жоғарғы курстардағы
өзге ұлт өкілдері студенттерін материалды
ынталандыру үшін ректордың арнайы шәкіртақысын
енгізу;
- студенттер, аспиранттар, магистранттар
арасында олардың болашақ
мамандықтары бойынша үш тілді (қазақ,
орыс, ағылшын тілдерін) бірдей игеру деңгейін
анықтайтын сайыстар өткізу.
Бүгінде Елбасының Қазақстан халқына
жолдаған жолдауында белгіленген басым
бағыттардың бірі – барлық қазақстандықтарды
біріктірудің басты факторы ретінде мемлекеттік
тілді жан-жақты дамытуға басты назар
аударылып отыр. Сондықтан қоғамда қазақ
тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту
және оның әлеуметтік-коммуникативтік
міндеттерін кеңейту еліміз саясатының
басты стратегиялық басымдығы болып қала
береді. Мемлекеттік тілді дамыту Тілдерді
қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасының
басым мақсаттарына сәйкес жүзеге асырылып
келеді. Осы мақсатта Қазақстан халықтары
Ассамблеясы да өзінің стратегиясында
мемлекеттік тіл мен қазақ халқы мәдениетінің
басты рөлі азаматтық және рухани мәдениеттің
ортақтығы негізінде Қазақстанның барлық
этностарының бірігуі жолында қазақстандық
сәйкестіктің қалыптасуының басты міндеттерінің
бірі болып табылатынын жариялады.
Басқа ұлт өкілдерінің диаспорасы болып
табылатын қазақстандықтар бүгінгі таңда
қандай этникалық топқа жататындығына
қарамастан, қазақ тілі мен мәдениетіне
оның мемлекеттік қызметінің сақталуы
мен нығаюының маңыздылығына көңіл бөлуде.
Бұған дәлел ретінде соңғы жылдары Қазақстанда
қазақ тілінде еркін сөйлейтін адамдар
санының біртіндеп көбейіп келе жатқаны,
жыл сайын Тіл комитеті жүргізетін тілдік
жағдай мониторингі деректерінен айқын
байқалуда. Мәселен, 2000 жылы қазақ тілін
білетін өзге ұлт өкілдерінің саны 36,4%-ды
құраса, 2004 жылы бұл көрсеткіш 40%-ға жетіп
отыр. Бұған қоса, зерттеу нәтижелері орыс
тілді қазақтардың мемлекеттік тілді
меңгеруге деген ұмтылысы да белсенді
түрде жүзеге асырылып келе жатқаны байқалады.
Республиканың бес облысында – Атырау,
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік
Қазақстан облыстары іс-қағаздарын мемлекеттік
тіл – қазақ тілінде жүргізуде. Бұл аймақтар
басқа облыстарға қарағанда өзге ұлт азаматтарының
қазақ тілін меңгеру деңгейінің жоғарылығымен
ерекшеленеді. Ал 2005-2006 жылдар аралығында
Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында
іс жүргізуді толықтай мемлекеттік тілге
көшіру қажеттігі көзделіп отыр. Сондай-ақ
соңғы екі жылда орта мектептерде қазақ
тілін оқыту сағаттары көбейтіліп, қазақ
мектептері мен қазақ бала бақшаларының
саны артты.
Бүгінде біз қазақ мәдениетінің қалыптасу
процесінің куәгеріміз және елімізде
барлық халықтардың мәдени ынтымақтастығын
біріктіретін күш ретінде қазақ мәдениетінің
дамуына ықпал ететін барлық қажетті жағдайлар
жасалған. Азаматтардың қазақ тілін игеру
деңгейіне қарай мемлекеттік тілді кезең-кезеңімен
енгізу біртіндеп жүзеге асырылуда. Қоғамда,
әсіресе, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі
жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс
аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға
толық негіз бар.
Қазіргі таңда мемлекеттік органдар мен
ұйымдарда қоғамның жан-жақты салаларында
оңтайлы әлеуметтік лингвистикалық кеңістікке
қол жеткізу үшін жаңа қадамдар жасалуда.
Басты мақсат – тілдік мұраны сақтау және
қоғамдық өмірдің барлық саласында қазақ
тілінің қолданылуын қамтамасыз етіп,
оның барынша дамуына қол жеткізу. Осы
мақсатта бірқатар ауқымды іс-шаралар
қолға алынуда. Мысалы, қазір қазақ тілінің
терминологиялық қорын жасап, жетілдіруге
ерекше көңіл бөлініп отыр. Терминологиялық
жұмыстардың тұжырымдамасына сәйкес 2006
жылы 2007-2010 жылдарға арналған терминология
жөніндегі салалық бағдарлама енгізу
жоспарлануда. Сонымен қатар Тілдерді
қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасының
қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін
нығайтуға байланысты бөлігіне толықтырулар
енгізу бойынша жұмыстар жасалып, осы
мақсатта жаңа іс-шараларды жүзеге асыру
көзделуде.
Көңілге қуаныш ұялататын жақсы нышан,
ол көптеген қазақстандықтардың балаларын
қазақ мектептерінде оқытып, олардың мемлекеттік
тілде білім алуы үшін жағдай жасауға
ұмтылуы болып отыр. Соңғы әлеуметтік
зерттеулер нәтижесі балаларына қазақша
білім беруді қалайтын қазақстандықтар
санының артып отырғанын байқатты. 2000
жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш орташа
есеппен 3,8% артқан. Балаларына қазақ тілінде
кәсіби білім беруді қалайтын қала қазақтары
санының көбейіп келе жатқаны да қуантады.
Республика бойынша екі мыңға жуық өзге
тілді оқушылар қазақ тіліндегі мектептер
мен сыныптарда білім алуда. Сондықтан
да білім беру мекемелерінде мемлекеттік
тілді тереңдетіп енгізу және халықтың
ықпалды бөлігі жастарға баса назар аудару
арқылы тіл саясатын жүргізу мол жемісін
береді деп ойлаймыз.
Сонымен негізгі міндетіміз – біздің
азаматтарымыздың, этникалық қауым өкілдерінің
қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде еркін
меңгеруін қалыптастыру. Біріншіден, бұл
қоғамдағы өзара түсіністікке әсер етеді,
екіншіден, тіл – ынтымақтастықтың негізгі
көзі, еліміздегі бірлік пен ынтымақтастықтың
тірегі болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысының ұлттық жаңғыру
мектебінде этникалық диаспоралардың
өкілдері үшін «Қазақ тілі және мәдениеті»
атты бөлім ашылған. Педагогтар балалардың
мемлекеттік тілге деген қызығушылығының
күннен күнге артып отырғандығын байқауда.
Егер қазақ сыныптарына 2002 жылы 30 бала
қатысса, 2004 жылы олардың саны 50-ге жетті.
Риддер қаласында он жылдан бері жұмыс
істеп келе жатқан «Шаңырақ» атты қазақ
жексенбілік мектебі мемлекеттік тілді
үйрету тәжірибесін мол жинақтаған. Осы
жылдарда мектепті мемлекеттік тілде
жетік меңгерген этникалық топтардың
ондаған өкілдері тәмамдады. Осы мектепте
білім алушылар қазақ тілі пәні бойынша
облыстық, республикалық олимпиадалардың
жеңімпаздары атануда. Сондай-ақ осы мектепті
бітірген талантты әрі қабілетті балалар
бүгінде жоғары оқу орындарында оқып жүр
және қазақ тілінен сабақ беруде. Мысалы,
Марина Бухарина – «Тіл – достық дәнекері»
атты мемлекеттік қызметшілер арасындағы
республикалық конкурстың жеңімпазы атанды.
Шығыс Қазақстан университетінің қазақ
филологиясы факультетін бітірген ол
Шығыс Қазақстан облысының әкімі аппаратында
бас маман болып жұмыс істейді. Сол мектептің
түлегі Семенова Олеся жоғары оқу орнын
аяқтап, Риддер қаласындағы №3 мектепте
қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беруде.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, сол
«Қазақ тілін меңгеру – қазақстандық
патриотизмнің құрамдас бөлігі» бастамасы
қазақстандықтардың біртұтас ұлт ретінде
тату-тәтті өмір сүруіне және қазақстандық
патриотизмнің негізі болуға әбден лайық. Қандай да бір халықтың болмысы,
өркениеттілігі, саналылығы және сауаттылығы
оның тіл мәдениетімен, сол тілдің қолданыс
ауқымының кеңдігімен, орамдылығымен
және ұтымдылығымен өлшенеді.
Еліміз егемендік алғалы ана тіліміз мемлекеттік
мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді.
Белгілі бір тілдің мемлекеттік мәртебеге
ие болуы оңай бола қалатын іс емес. Себебі
ол тіл сол мемлекеттің иесі болып отырған
халықтың мүддесінен шығып, барлық саладағы
мұқтаждықты өтей алатын дәрежеде болуы
шарт. Яғни, ол өнер, әдебиет, мәдениет,
баспасөз, радио, теледидар, дипломатиялық
қарым-қатынас, ғылым, өндіріс, ресми іс
қағаздар, т.б. салаларға дейін қызмет
ететін қоғамның қажетті құралына айналуы
керек. Есеп-қисап, қаржылық және техникалық
құжаттамалар да осы тілде жүргізілуге
тиіс. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары,
Қарулы Күштер, ғылым және білім беру салалары,
халықаралық қызмет те осы талаптарға
толық жауап беруге міндетті. Тілдерді
дамыту - еліміздегі мемлекеттік саясаттың
аса маңызды бағыттарының бірі. Тіл проблемаларын
оңтайлы шешу — ұлтаралық, қатынастар
үйлесімділігінің, халықтардың топтасуы
мен қоғамдық келісімді нығайтудың алғышарты.
Жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы
жанартау болған жұрт жүрегінің жалыны
бүгінде де бәсеңдеген жоқ. Ұлтының тілін
ұлықтаған ұрпақтың ұмтылысы ұдайы ұрандаудан
тұрмайтыны хақ. Бұған сол жылдардағы
жағдай мен қазіргі күйді салыстыра қарасақ,
көзіміз жетеді. Әрине, әлі де алаңдатып
отырған мәселе аз емес, алайда ауызды
қу шөппен сүртуге де болмайды. Қоғамда
тіл тағдырына деген түсіністік орныға
бастады. Бұл осы уақытқа дейін барлық
мүмкін болар оңды-солды жағдайды жете
бағамдай отырып жүргізілген мемлекеттік
тіл саясатының нәтижесі.
1989 жылғы тұңғыш Тіл туралы заң, алғашқы
Конституция қабылданар тұстардағы талас-тартыс,
қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесінің
бекітілуі, мұны нығайта түсу үшін 1997 жылы
тіл туралы жаңа заң қабылдау қандай жағдайларда
жүзеге асты? "Ауру батпандап кіріп,
мысқалдап шығады" деген мәтелді халық
тіршілік заңдылықтарына сүйене отырып
айтқан. Тілдің даму процесінің өзі табиғи
кұбылыс. Оған жанды дүниенің өсуіне қажет
жағдайдың ешқайсысы жат емес. Сондай-ақ
адам алақаны табиғатқа аялылық таныта
бермейтіні де анық. Меніңше, мәселе осында.
Тіл тағдырына деген жеке адам ретінде
жанашырлығымыз бен немқұрайлығымыз өз
ықпалын қатты тигізіп отыр.
Бүгінгі күнгі тікелей жауапкершілігіміздегі
міндет — мемлекеттік тіл саясатын қоғамымызда
жүргізіліп отырған сындарлы саясат негізінде
одан әрі жалғастыру. Бүгінгі күні тілдерді
дамытуға деген қамқорлық жан-жақты көрсетілуде.
Еліміздегі тілдердің дамуы мен қолданылуына
қатысты нормативтік құқықтық негіздер
нығайтылуда. Мемлекеттік тіл саясатының
тірегі — тіл туралы заң, заңды жүзеге
асыруды қамтамасыз етуші қаулы-қарарлар,
бекітілген бағдарлама бар.
Қазақстан Республикасы Президентінің
2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында
проблеманың бүгінгі тандағы жай-күйіне
талдау жасай, сараптай отырып, соның негізінде
жақын болашақтың басым бағыттары айқындалып,
қазақ тілінің әлеуметтік-коммуникативтік
қызметін кеңейту мен нығайту, орыс тілінің
қолданылуын қамтамасыз ету, жалпы мәдени
қызметін сақтау, этностық топтардың тілдерін
дамыту міндеттері алға қойылған. Тіл
саясатының бұл мүддесі мемлекеттің қоғамдағы
барлық ұлттардың дамуын көздеген ұстанымына
негізделген.
Бағдарлама қоғамдағы саяси тұрақтылық
мүдделерін ескере отырып жүргізіліп
келе жатқан тіл саясатының табиғи сабақтастығын
қамтамасыз етеді және еліміздегі тіл
саясатының жақын болашақтағы бағыт-бағдарын
берік бағамдауға және ең бастысы, тіл
болашағына деген халық сенімін нығайта
отырып, жұртты ортақ мақсатқа жұмылдыруға
қызмет етуі тиіс. Ол мемлекеттік деңгейде
қабылданар құжаттың құрылымдық талаптарына
сай және тіл саясатына қатысты қамтылуы
тиіс мәселелерді толық қарастырады. Әр
тараудың мақсатына сай атқарылуы қажет
міндеттер мейлінше нақтыланып керсетілді.
Жоғарыда айтылған нормативтік кұқықтық
қамтамасыз ету тұрғысында Үкіметтің
"Мемлекеттік органдарда мемлекеттік
тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы",
"Тілдер туралы заңдардың сақталуына
бақылау жасаудың тәртібі туралы ереже",
"Тауарлардың заттаңбаларына (этикеткаларына)
мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат
енгізу жөніндегі талаптар туралы",
"Мемлекеттік тілде кұжат дайындауды
жүзеге асыратын әкімшілік қызметшілерді
көтермелеу туралы" қаулылары қабылданды.
Тіл заңын бұзғаны үшін жауапкершілікке
тарту "Қазақстан Республикасы Әкімшілік
бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 81,
82-баптарында көрсетілді. Сондай-ақ 1999
жылдың 23 шілдесінде қабылданған "Бұқаралық
ақпарат құралдары туралы" Заңның 3-бабы
2 тармағына "...мемлекеттік тілдегі
берілімдердің көлемі уақыты жағынан
басқа тілдердегі берілімдердің жиынтық
көлемінен кем болмауға тиіс" деген
толықтыру енгізілді.
Осыған сәйкес қазіргі кезде аталған заң
талаптарын 92%-дан астам телерадиокомпаниялар
орындап отыр.
Дегенмен, бұл талаптың телерадиокомпаниялар
тарапынан әлі де болса үстірт орындалу
жәйттері жиі кездесетіні құпия емес.
Әсіресе, мемлекеттік тілде берілетін
хабарлардың басым бөлігінің тек түнгі
уақытта және негізінен бейнеқордағы
концерттік бағдарламалардан тұрып, қайта-қайта
көрсетіле беруі дүйім жұртшылықтың орынды
ренішін туғызуда. Баспасөзде, сондай-ақ
мемлекеттік органдарға келіп түсіп жатқан
шағымдарда бұл жағдай көпшілік тарапынан
қоғамдық санада мемлекеттік тілді өгейсітуге
жасалған әрекет ретінде, тіпті оны мазақ
қылу есебінде қабылдануда.
Сондықтан да мемлекеттік тілді қолдау
туралы мәселені қазақ тілді оқырмандар
мен көрермендер де, Қазақстан Парламенті
Мәжілісінің депутаттары да тұрақты көтеріп
келеді. Атап айтқанда, Мәжіліс депутаттары
Амангелді Айталы, Мұхтар Шаханов, Бекболат
Тілеухан мемлекеттік тіл мәселесін үзбей
алға тартуда. Аталмыш мәселе бойынша
Мәжілісте арнайы депутаттық топтың кұрылып
жатқаны да белгілі. Осы орайда, депутаттардың
бастамасымен еліміздің ұлттық қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге бағытталған заң топтамасы
қаралған тұста біздің министрлік оны
толықтай қолдап шыққанын айтқан жөн.
Ең бастысы, қазір қазақстандықтар тарапынан
мемлекеттік тілді қолдау және дамыту
бағытында барынша мүдделілік танытылып
отыр. Мәселен, таяуда ғана ұлттық мәдени
орталықтардың бір топ өкілі Елбасы Н.Назарбаевқа
мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту
қажеттігі жөнінде арнайы өтінішпен шықты.
Біздің министрлік 2003 жылдан бастап мемлекеттік
тіл саясатын электронды БАҚ арқылы жүргізу
мақсатында ақпарат саясатын жүргізу
мәселесі бойынша мемлекеттік тапсырыс
аясында арнайы конкурстар өткізіп келеді.
Аталған бағдарлама бойынша биылғы жылы
мемлекеттік тапсырыс шеңберінде хабар
шығарудың көлемі 3308 сағат деңгейінде
көзделіп отыр. Оған республикалық телерадиокомпаниялармен
қатар, өңірлік БАҚ-тар да кеңінен тартылып
келеді.
Жалпы, электрондық бұқаралық ақпарат
құралдарындағы мемлекеттік тілдің бүгінгі
жағдайы көлемі жағынан да, сапалық тұрғыдан
да төмен екеңдігі жасырын емес. Мемлекеттік
емес телерадиокомпаниялардың басым көпшілігінде,
әсіресе республикалық телерадиокомпанияларда,
қазақ тіліндегі мазмұны мен шығармашылық
деңгейі көңілге қонатын тұшымды бағдарламалар
мен хабарлар тек мемлекеттік тапсырыс
аясында ғана, мемлекет қаржысы есебінен
шығарылады. Ал компаниялар болса өз қаражатын
мемлекеттік тілдегі хабарлар шығаруға
шығындауға мүдделі емес, яғни, қазақ тілін
өркендету тек мемлекеттің күзырындағы
мәселе деген көзқарас қалыптасқан.
Мұның өзі мемлекеттік тіл үшін де, мемлекеттің
қауіпсіздігі үшін де алаңдатарлық жағдай.
Қоғамдық пікірді, жаңа қоғамдық сананы
қалыптастыруда айрықша орын алатын бұқаралық
ақпарат құралдарының мемлекеттік тілдің
тағдырына немқұрайлы қарауы қалың көпшілікті
де аландатып отырғаны сөзсіз. Ата Занда
атап көрсетілгендей, қазақ тілі мемлекеттік
тіл ретінде қоғам тұтастығының бірден
бір факторына айналуы тиіс және оған
барлық қазақстандықтар азамат ретінде
атсалысуы керек. Соңдықтан, заң тұрғысынан
БАҚ-тардың жауапкершілігін арттыратын
шаралар қарастыру өте орынды болар еді.
Атап өтерлік бір жәйт, үстіміздегі жылғы
18 сәуірде өткен Қазақстан Журналистері
конгресінде "Бұқаралық ақпарат құралдары
туралы" жаңа заң жобасының түсаукесері
жасалды. Онда қазақ тілін қолдау бағытында
"мемлекеттік тілде дайындалған хабарлардың
эфирдегі таралу уақыты тәулік бойында
біркелкі болуы шарт" деген арнайы қағидат
қарастырылған. Аталмыш заң жобасын бір
топ депутат арқылы Мәжілістің қарауына
енгізу көзделіп отыр.
Жалпы, мемлекеттік тіл саясатын толыққанды
жүзеге асыру бұл бұқаралық, іске айналғанда
ғана көздеген мақсатына жете алады деп
есептеймін. Бұл ретте бұқаралық ақпарат
құралдарының ықпалы орасан зор болмақшы.
Олар тіл мүддесін қорғап, тіл зәрулігін
қамтамасыз етуде тек мемлекеттік органдарға
талап қоюшылықпен ғана шектелмей, оларға
тиісті қолғабыс жасауға үйренулері керек.
"Тіліміз кұрып кетті, құрдымға батып
бара жатыр", деп көздің жасын төге бермей,
оның маңызы мен мүмкіндіктерін жан-жақты
ашып, жұрттың оған деген сенімін нығайта
түсуге күш салған дұрыс. Тілді насихаттау
мен үйретуде жеке адамдардың, отбасының
атқарар қызметін жан-жақты зерттеп, оны
жүзеге асырудың озық әдістемесін жасауда
да БАҚ-тың атқарар қызметі мол болуы тиіс.
Қазіргі жаһандану кезеңінде еліміздің
ақпараттық кеңістігін әлемдік стандарттарға
сай кеңейте отырып, мемлекеттік тілді
ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бір нысаны
ретінде жетілдіруді және қорғауды қамтамасыз
еткеніміз абзал.
Мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде
және біліктілік талаптарына сай білуді
қажет ететін кәсіптер, мамандықтар мен
лауазымдар тізбесін заңдық түрғыдан
бекіту орайында мемлекеттік қызметшілерге
қатысты мәселелер Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекеттік
қызмет істері жөніндегі агенттік және
басқа да тиісті органдар тарапынан ойластырылып,
көп кешікпей бір шешімін табары анық.
Мемлекеттік тіл мәселесі ешқашан назардан
тысқары қалып көрген емес. Мемлекеттік
тіл саясатын жетілдіру, нығайту бағытындағы
жұмыстар үнемі жалғасын табуда. Соның
көрінісі ретінде үстіміздегі жылдың
18 ақпанында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан
халқына арнаған "Қазақстан экономикалық,
әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында"
атты дәстүрлі Жолдауында қазір еліміздің
әлеуметтік, мәдени саланы өркендету мақсатында
жаңа белеске қадам басқандығын атап көрсетті.
Барша қазақстандықтарды біріктірудің
басты факторларының бірі болып отырған
мемлекеттік тілді одан әрі дамытуға күш-жігерін
салу - әрбір азаматтың парызы екендігі
тағы бір рет қайталанып, халқына ой салды.
Жолдауды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың
жалпыұлттық, жоспарының 21-тармақшасына
сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың
2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының
мемлекеттік тілді дамыту бөлігіне өзгерістер
енгізу қолға алынды.
Бүгінгі таңда мемлекеттік тіл саясатын
жүзеге асыру мемлекеттік тілді инновациялық
технологиялар арқылы дамыту үшін әлеуметтік,
экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық
жағдай жасауға бағытталған.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын
іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына
сәйкес біртұтас қазақ ұлтының құрамдас
бөлігі ретінде шетелде тұратын қазақ
диаспорасын әлеуметтік-экономикалық,
құқықтық қорғау, қолдау жүйесін жасау
мақсатында "Шет елдерде тұратын қазақ
диаспорасын қолдаудың мемлекеттік бағдарламасының"
жобасы әзірленуде.
Қазақ тілі қазақ халқымен қатар әлемнің
басқа да көптеген елдерінде тұратын отандастарымыздың
ұлттық тілі екенін ұмытпауымыз қажет.
Сондықтан да мемлекеттік тілді игеруге
көмектесетін компьютерлік оқулықтар
шығару, Интернет жүйесі арқылы мемлекеттік
тілдегі ақпараттық кеңістікті дамыту,
шетелдерде тұратын отандастарға арналған
арнайы веб-портал ашу әрі жетілдіру өзекті
мәселе екені даусыз. Әлемнің әр түкпірінде
қоныс тепкен қазақтардың бір-бірімен
электрондық жүйе арқылы хат-хабар алмасуына
олардың түрлі әліпбиді қолданатыны мүмкіндік
бермейді. Сонымен бірге кұзыретті органның
алдында шетелдерде қазақ халқының салт-дәстүрін
танытып, мәдениеті мен өнерін насихаттау
мақсатында мәдени орталықтар ашу, Еуропа
елдерінде тұратын қазақ жастарының өнер
және спорт фестивалін халықаралық деңгейде
ұйымдастыру, Дүниежүзі қазақтарының
Құрылтайын жоғары дәрежеде өткізу міндеттері
тұр.
Тіл саясатын жүргізуді мемлекеттік реттеу
қажеттігі қазақстандық қоғамдастық мүшелері
арасында түсіністік орнату мен бұл бағытта
белсенді әрекет ету мақсатынан туындайды.
Бұл орайдағы басты міндет - қазіргі күні
қалыптасып отырған тілдік ахуалды нығайту
үшін нысаналы, мақсатты жұмыстар жүргізу.
Қазақстанда тұратын өзге халықтардың
ана тілін оқып-үйрену ісіне мемлекет
пен қоғам тарапынан жан-жақты қолдау-көмек
көрсетіліп келеді. Бұл мақсатқа республикалық
бюджеттен жүйелі түрде қаржы бөлініп
тұрады.
Айтылған тоқтамдар мен деректерге келсек,
Қазақстандағы тіл саясатының көпұлтты
мемлекетіміздің тұрақты дамуына ізгілікті
қызмет етіп отырғандығы қуантады. Біздегі
мемлекеттік тіл саясаты шын мәнінде саяси
тұрақтылыққа, этносаралық жарастыққа
және қоғамдық келісімге алғышарт бола
алады.
Алайда, біз қандай жағдайда да, қай кезде
де өзге тілдердің дамуына еш нұқсан келтірмей,
оларға деген мемлекеттік қолдау-қамқорлық
аясын тіпті де тарылтпай отырып, қалай
дегенде де Қазақстан Республикасы мемлекетінің
негізін құраушы, ел-жер иесі қазақ халқының
ұлттық тілі — қазақ тілінің, мемлекеттік
тілдің мүддесін мейлінше кең көздеуге
маңыз береріміз белгілі. Бұл бір-бірімізден
бөліп-жарып міндет бөлісетін шаруа емес,
ол Отаным деген барлық қазақстандықтың
қастерлі парызы Президентіміз тіл саясатын
өткір сынға ала отырып, бұл мәселеге табандылықпен
тікелей өзі қозғау салды. Енді түйінді
тіл мәселесі өз шешімін тауып, оңалар
деген үміттемін. Рас, тіл мәселесі оқтын-оқтын
көтеріліп-ақ келеді. Алайда Ассамблеяның
биылғы ХІІ сессиясындағыдай мемлекеттік
тіл төңірегінде мұндай өзекті ой қозғалып,
қажеттілігі нақты шегеленіп, бұрын-соңды
айтылған жоқ еді.

- Білікті мамандарды дайындау
- Білікті мамандарды дайындау
- Білім беруде педагогтың құзырлығы мен тұлғалық сапалары
- Білім беру жүйесі
- Білім беру жүйесі
- Білім беру принциптері
- Білім беру технологиялары
- Бізнес-планування в системі управління організацією
- Бізнес - планування на підприємстві
- Бізнес-планування на підприємстві.Приклад розроки бізнес-плану
- Бізнес-планування як складова стратегічного планування діяльності підприємств туристично-готельного бізнесу
- Бізнес-планування як складова стратегічного планування діяльності підприємств туристично-готельного бізнесу
- Бізнес-план (удосконалення, організація) оптимізації лінії приготування кормів для свиней
- Бікамералізм в українських реаліях сьогодення