Білім беру принциптері
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
БІЛІМ БЕРУ ПРИНЦИПТЕРІ
Орындаған: Баржаксина Б.А.
Астана 2014ж
Мазмұны
Кіріспе....................... |
3 | |
1 |
Білім беру принциптердің теориялық
негіздері..................... |
4 |
1.1 |
Оқыту заңдылықтары туралы жалпы түсінік....................... |
4 |
1.2 |
Қазіргі кездегі білім беру принциптердің
түрлері....................... |
5 |
1.3 |
Білім беру принциптердің жалпы дидактикалық ерекшелігі.............. |
8 |
2 |
Білім беру принциптердің практикалық
жағдайлары.................... |
10 |
2.1 |
Техникалық пәндерді оқыту барысында
түрлі оқыту принциптерін қолдану ерекшеліктері................. |
10 |
2.2 |
Техникалық пәндерді оқытуда қолданылатын принциптер.............. |
11 |
2.3 |
Колледждерде болашақ маманның даярлығын
қалыптастырудың дидактикалық ұстанымдары................... |
12 |
2.4 |
Оқытушының сабаққа дайындалуы.................... |
16 |
Қорытынды..................... |
19 | |
Қолданылған әдебиеттер.................... |
23 | |
Кіріспе
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында орта білім беру мақсаты- жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі көрсетілген.[1]
Осы тұрғыдан алғанда оқушыларға білім беру мәселесінің ғылыми- теориялық негізінде зерттелуі қоғамдық қажеттілік болып табылады. Себебі, білім берудің басты мақсаттарының бірі- оқушыларды білім негіздерімен қаруландыра отырып, адам ретінде тәрбиелеу.
Дидактикалық принциптер-оқытудың мазмұның, ұйымдастыру түрлеріін, әдістерін оқытудың мақсатын мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын және заңдылықтарын пайдалану әдістерін сипаттайды. Сабақ бөлімінің негізгі құрамды мақсаты- оқушылардың оқу материалын тереңде, сапалы меңгеруін анықтау.
Зерттеу объектісі- оқыту процесінде білім беру принциптерін қолдану
Зерттеу мақсаты- оқу-тәрбие жұмысында білім беру принциптерінің түрлерінің сипаттамасы.
Зерттеу міндеттері:
- Оқу жұмысында білім беру принциптері жайлы ұғымын қалыптастыру
- Колледж ішіндегі білім беру принциптері туралы ұғым беру
- Техникалық пән бойынша білім беру принциптерінің
түрлерінің
Бұл қайшылықтарды біздің зертеуіміздің мәселесін нақтылауға, яғни техникалық білім мазмұнын талдауды, білім беру принциптерін анықтап жүйелеуге, білім мен біліктілікке қойылатын талаптарды іріктеуге, білім беру жолдары мен әдіс-тәсілдерін анықтап отырып, білім берудің ғылыми әдістемелік жүйесін құруға негіз болды.
Осы жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Негізгі бөлімде тексеру мен бақылаудың теориялық негіздері, олардың әдістемелік ерекшеліктері, практикада қолданылуы қарастырылған.
Қорытындыда жүргізілген жұмыстарға қысқаша шолу жасалынып, білімді тексеру мен бақылаудың қажет ететін мәселелеріне ерекшеленіп көрсетілген.
1.Білім беру принциптердің теориялық негіздері
1.1. Оқыту заңдылықтары туралы жалпы түсінік
Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылықтарды меңгеру негізінде жүзеге асады.
Құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады. Өзара байланысы бар объектілер, байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықта заң деп білеміз.
Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Оқыту заңдылықтары сыртқы және ішкі, жеке және жалпы деп бөлінеді. Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайлардан тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері, құралдары, түрлері арасындағы байланысты сипаттайды. Жалпы заңдылықтар бүкіл оқыту жүйесін қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке бөліктерін қамтиды.
Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары:
1.Оқыту мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс-тәсілдері қоғам талабына, мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымының даму деңгейіне тәуелді.
2.Білім беру, тәрбиелеу және дамыту өзара байланысты.
3.Оқушының таным белсенділігі артқан сайын, оқыту сапасы
жоғарылайды.
4.Оқытудың тиімділігі кері байланысқа, қайталауға, түзету іс-әрекеттеріне тәуелді.
- Әрбір түлғаның жас және дара ерекшеліктеріне байланысты таным әрекетін ұйымдастыру.
- Оқыту мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс-тәсілдерінің өзгеріп, жаңарып, толықтырылуы.
Жеке заңдылықтарға дидактикалық, психологиялық ұйымдастыру заңдылықтары жатады.
Оқытудың негізгі заңдары:
- Қоғамдық қатынастар, әлеуметтік қүрылыс пен әлеуметтік тапсырыс тәрбие мен оқыту жүйесін қалыптастыруға ықпал етуі туралы заң.
- Білім алу, іс-әрекет жолдарын меңгеру және тұлғалық дамудың өзара байланысы туралы заң.
- Педагогикалық процестің бөліктерінің бірлігі және біртұтастығы туралы заң.
- Оқытуда теория мен тәжірибе бірлігі және өзара байланысы туралы заң.
- Оқу іс-әрекетінің жеке және ұжымдық түрлерінің бірлігі және өзара байланысы туралы заң.
Заңдылықтар мен заңдар ғылыми теорияның негізгі бөліктері болып келеді. Кейбір зерттеушілер педагогиканың өз заңдылықтары мен заңдары жоқ, сондықтан ол ғылым емес деген пікірді білдіреді. Жоғарыда аталған педаогикалық заңдылықтар мен заңдар теріс пікірлерді жоққа шығарады.
1.2 Қазіргі кездегі білім беру принциптердің түрлері
Принцип (латын сөзі)- басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида. Дидактикалық принциптер-оқытудың мазмұның, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың мақсатын мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын және заңдылықтарын пайдалану әдістерін сипаттайды.
Дидактика тарихында зерттеушілер оқыту принциптерін, негізгі қағидаларды белгілеуге көп күш салады.
Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты. Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгертіп отырғандықтан, кейбір принциптер ескіріп (табиғатқа сәйкестілік, партиялық), кейбіреулері жаңадан пайда болады (кіріктіру, ізгілендіру). Кейбір авторлар оқыту принциптерінің санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керісінше, кеңейтуді ұсынып келеді. Заманауи принциптер оқу процессінің барлық құрамдас бөліктеріне (логикасына, мақсатына, міндеттеріне, мазмұнын қалыптастыруға, түрлері мен әдістерін таңдауға, ынталандыруға, нәтижелерді жоспарлау мен талдауға) өз талаптарын ұсынады.
Оқыту процесінде кез келген оқытушы дидактиканың принциптерін басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын таңдап, шәкіртерін жоғары нәтижелерге жеткізуі шарт. Оқытушы дидактикалық принциптерді дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ тиімді және нәтижелі болары даусыз.
Дидактикалық принциптердің қызметі: олардың негізінде оқушыларда оқытудың мақсатына сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі, саналықпен белсенді түрде меңгеруге деген қызығушылықтар пайда болады. Дидактика принциптері оқыту процесінің негізгі буыны ретінде бірімен-бірі логикалық өзара байланыста болады.
Сонымен, ең негізгі, ғасырлар бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесі:
- ғылымилық
- саналылық пен белсенділік
- көрнекілік
- жүйелілік пен бірізділік
- беріктілік
- тиімділік
- теория мен тәжірибенің байланыстығы
Осы принциптерді талдаудан алдын принциптер мен ережелер байланысына тоқталайық. Педгогикалық ереже - жалпы принциптерге негізделген белгілі жағдайдағы белгілі мақсаттағы педагогтың қызметін бейнеленуі.Ережелер оқыту принциптерін қолданудың тәжірибелік жақтарын көрсетеді, теориядан тәжірибеге көшу жолдарын айқындайды. Заңдылықтармен, принциптермен салыстаррғанда ережелер оқытушыге нақты педагогтық жағдайда қандай нақты шаралар пайдалану қажеттілігін ұсынады.
Осы жерде айта кететін жайт: ережелерді қатаң, мүлтіксіз орындау ұстаздың қолын байлап қояды; ережелерге немқұрайлы қарау оқыту сапасын төмендетеді. Сондықтан, әрбір оқытушы дидактикалық ережелерді типтік, стандарттық жағдайларда тиімді пайдаланса, күрделі педагогикалық жағдайларда дидактикалық принциптерге сүйеніп шығармашылық танытса, қойылған мақсатына жетті деген сөз.
Ережелер принциптерге сүйенеді, принциптер ережелер арқылы жүзеге асады. Ережелер педагогтың тәжірибенің қортындысы ретінде дидактика принциптерін қолдану құралы болады. Сонымен, педагогтар оқытудың принциптеріне сай қалыптасқан белгілі ережелерге сүйеніп мақсат - міндеттерін іске асырады.
Енді принциптер мен ережелердің мәнін ашу жолдарын қарастарайық.
1. Ғылымилылық принципі.Оқытудың ғылымилық принципіне орай оқушыларға ғылыми білімдер мен ғылыми әдістерді меңгеру керек. Бұл принциптің астарында жатқан заңдылықтар: дүниені танып білуге болады,
адам өмірінде ғылымның рөлі күннен күнге өсуде, оқытудың ғылымилығы оқытудың мазмұны және оқытушынің іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Мысалы, педагог ғылым жаңалықтарын адам үшін қызмет ететін түсіндіре отырып, оқушыларда дүниеге диалектикалық, ғылыми-материалистік көзқарас қалыптастырады.
Аталмыш принципті іске асыру үшін педагог орындайтын негізгі талаптар:
- Білім мазмұның педагогика, психология ғылымдарының қазіргі даму дәрежесіне сәйкестендіру, жаңа әдістемелер мен жашыл ұстаздардың тәжірибесін қолдану.
- Оқушылардың ғылыми диалектикалық ойлау қабілетін дамыту, бастауыш мектептің өзінде тек индукциялық ғана емес, дедукциялық оқытуды енгізу
- Шәкірттерге жаңа ғылыми ұғымдарды түсіндіру, жүйелі түрде қайталау, пайдалану, қолдану, іске асыру.
- Оқыту әдістері арқылы оқушыларды ғылыми әдістермен таныстыру, оларды ізденушілікке, шығармашылыққа баулу, зерттеу тәсілдерін пайдалану үшін кітаппен, анықтамалармен жұмыс істеуге ынталандыру.
- Әрбір ғылымның ашқан жаңалықтарын оқушылар санасына жүйелі түрде қарапайым ұғымдармен берік түрде жеткізу оқытушынің негізгі міндеті.
- Ғылымдағы жаңалықтардың жан-жақты байланыстарын көрсетіп оқушылардың білім деңгейімен ұштастыру, жаңа пән сөздерді қолдану
- Белгілі ғылымдардың өмірбаянымен, олардың қосқан үлесінмен оқушыларды таныстыру.
2. Жүйелілік пен бірізділік принципі. Бұл принциптің өзекті негіздері: адам миында сыртқы дүниені бейнелейтін өзара байланысты түсініктер жүйесін қалыптасқанда ғана, оның білімі толық және шынайы болады; оқылатын оқу материалын белгілі реттілікпен оқушыларға жеткізгенде, олардың санасына ғылыми білімдер жүйесі оқу материалының ішкі логикасына және әрбір оқушының таным мүмкіндіктеріне бағынышты; оқушыларды логикалық ойлауға үйрету, дағдыларын жүйелі түрде шынықтыру, олардың тұлғасын үздіксіз, кедергісіз дамыту. Бұл принцип оқытудың ғылымилылығын принципімен тығыз байланыста болғандықтан, ғылыми білімдер негізін оқушылардың жүйелі түрде және реттілікпен ұғынуы сабақтардың мазмұның негізгі өзегі болуы тиіс.
Әрбір оқытушы сабаққа әзірлену барысында не сабақ барысында жүйелілік пен бірізділік принципін жүзеге асыру үшін келесі ережелерді назарға алады:
- Оқу міндеттерін оқушылар түсініп, оқу материалын логикалық тұрғыдан жүйелі қабылдауы мақсатында кесте, сызба, жоспарларды қолдану
- Оқу мазмұны мен әдістерінің жүйелілігі сақтау, бастауыш пен орта, орта мен жоғары сыныптардағы оқу мазмыны мен әдістерінің бірізділігін қамтамасыз ету.
- Оқу-пәні ғылымның көшірмесі болғандықтан оқушыларға ғылымның жүйесін көрсетіп, пәнаралық байланыстарды пайдалану
- Бұрын ұғындырған білімді жиі қайталау және жетілдіру; қысқа қорытындылады сабақтың басында, барысында және аяғында өткізу.
- Тек тіл оқытушыдері емес, барлық педагогтар барлық сабақтарда оқушылардың ой білдіру әдістері мен түрлерін бақылау; үнемің оларды өз қателерін тауып, талдауға үйрету.
- Әрбір тақырып, бөлім, тарау, пән аяқталғанда қорытындылау және жүйелеу сабақтарын өткізу
- Табиғатына байланысты, шәкірттер бірнеше сабақта меңгеретін материалды бір сабақта « айлақорлықпен» ұғындырмау
- Оқушылардан әр тарау мен бүкіл бағдарлама бойынша білім, дағды, білік жүйесін меңгеруін талап ету.
Сонымен, жоғарыда сөз болған принцип Я.А. Коменскийдің «бүкіл оқыту кешегіні бекітіп, ертеңгіге жол салады» өсиетін. Нақтылай түседі.
3. Теория мен тәжірибенің байланыстылығы принципі. Бұл принцип философияның «тәжірибе-танымның ілкі бұлағы» қағидасына негізделген. Оның түбінде көптеген заңдылықтар жатыр: оқытудың сапасы мен тиімділігін тәжірибе көрсетеді, тексереді, анықтайды; тәжірибе- ақиқаттың көрсеткіші; тәрбие өмірмен, тәжірибемен тығыз байланысты; теория мен тәжірибе байланысы оқу мазмұнына, әдістеріне, түрлеріне тәуелді; оқушыларды мамандыққа бағдарлау сапасы жоғары болса, олар заманауи өндіріске тез икемделеді.
4. Саналылық пен белсенділік принципі. Бұл приципке негіз болатын заңдылықтар: тек өз ақылымен қабылдаған сапалы да, саналы білім адам білімінің шынайы өзегі болады; оқушылардың білімді саналы түрде меңгеруі таным әрекетінің белсенділігі мен оқуға ынталануына, оқытушы қолданатын әдістерге тәуелді, ғылыми білімдерді меңгеруде саналылық, әрі белсенділік танытқан оқушылар ғана оны терең және ойларына берік тоқулары сөзсіз.
5. Көрнекілік принцип. Оқыту жүйесінде Я.А.Коменский көрнекілік принципін оқу материалын меңгеру құралы ретінде қарастырып, дидактиканың алтын ережесі деп атаған. Оқушылардың дүниетанымы негізінен көрнекілік арқылы жүзеге асырылады: олар заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін тікелей көріп, байқап таниды. Бұл принципті соңғы ғылыми жетістіктер де дәлелдеді. Мысалы, көру органдары миға есту органдармен салыстырғанда 5 есе, сипалау органдармен салыстырғанда 13 есе көп ақпарат өткізеді екен.Көз арқылы алған мәліметтерді адам жеңіл, тез, берік сақтайды.
Көрнекілік принципін жүзеге асырып, оқушылардың білім көлемін тереңдету, қызығушылығын арттырып және есте сақтау қабілетін шыңдату үшін оқытушы өз ойын оқушыларға нақтылы жеткізуі үшін қолданатын ережелерді атаған.
6. Беріктілік принципі. Оқытудың тиімділігін, сапасын жақсарту үшін оқушылардың білімдерінің берік болуы даусыз. Бұл принцип көптеген тәжірибелік және теориялық заңдылықтарға сүйенеді: оқушылардың білім мазмұның менгеруі мен танымдық дамуы, оқу процесінің өзарабайланысты екі жағы; білім беріктігі оқушының оқытушыге, оқу пәніне, жалпы оқуға деген субъективті қатынасына тәуелді; оқушылардың білім беріктігі оқытудың ұйымдастырылуы, түрі, әдістері,уақыты арқылы қамтамасыз етіледі; қызықты және маңызды материал ұзақ әрі берік есте сақталады.
Оқытуды ережелерге бағындыру-оқушылар білімінің ұзақ уақыт бойы есте сақталуын, сол білімді өз өмірінде пайдалануын қамтамасыз ету.
7. Сәйкестілік принцип. Бұл принцип ғасырлар бойы жинақталған педагогтық тәжірибеге негізделіп, оқушыларға жеке-дара қарауды талап етеді.
Демек бұл оқушының бойында бар білім, білік, дағдылар деңгейіне сай жаңа ақпаратты ғана меңгере алады. Сәйкестік принципін дәлелдейтін заңдылықтар: оқыту жас және дара ерекшеліктерге, оқу процесінің ұйымдастырылуы мен әдістеріне тәуелді; ақыл-ой дамуы мен алғашқы білімдері жетік оқушы жаңа материалды тез меңгереді, оқудағы қиыншылықтарды жою баланың мінез-құлығына, қабілетінің қалыптасуына, білімнің сапасы мен нәтижелілігіне оң ықпал етеді
Әрбір оқытушы оқыту процесіне байланысты білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметінде үнемі дидактикалық принциптердің басшылыққа алуы шарт.
1.3 Білім беру принциптердің жалпы дидактикалық ерекшелігі
Кәсіптік білім беруде оқыту принциптерінің екі тобы болады: жалпы дидактикалық және кәсіптік білімге ғана тән - кәсіптік.
Жалпы дидактикалық принциптер барлық оқыту мекемелерде жүзеге асады, бірақ оның асыруы КТМ-де өз кәсібие оқытуда рекшеліктерін қамтиды.Төменде көрсетілген жалпы дидактикалық принциптер кәсіптік білім беру мекемелерде қолданады:
- Ғылымилық
- Көрнекілік принцип ғылыми-техникалық ойлауды жетілдіреді
- Саналылық принцип- оқушылардың басшылық пен инженер-педагог қызметінде шығармашылық белсенділікті артырады
- Жүйелілік принцип- оқытудағы бірізділікті сақтауға мүмкіндік береді
- Оқушылардың жеке дара қасиеттерін ескеруі
- Теория мен практика, ғылым мен өндіріс
- Білім, білік, дағдының қалыптасуына мүмкіндік береді.
Кәсіптік оқытудағы арнайы принциптерді ескеру- жалпы педагогикалық принциптерден басқа кәсіптік мектептерде инженер-педагог арнайы кәсіптікке арналған принциптерді ескеру қажет,осы принциптер тек белгілі бір КТМ-ге тән қолданады. Олар келесі принциптер:
- Жалпы техникалық және жалпы білім беретін кәсіптік бағдар принципі.
Оның жүзеге асыруы білім беру мақсатымен, жалпы техникалық пен кәсіптік пәнмен сәйкес келуі керек, сонымен қатар оқытушыдердің білім беру бағдарламасымен сәйкес болу керек. Инженерлік педагогикалық мамандардың пәндік қасиетінен емес кәсіби жағынан бірігуі, оқушының болашақ мамандығынның білімін жақсы менгеруіне әкеледі.
- Оқыту материалын меңгерген кезде технологиялық бірізділік принципі.
Осы принцип тек қана «Өндірістік оқыту» және «Арнайы технология» пәнін оқытуда арнайы өндірісте жұмыс істейтін адамдар үшін түрлі операцияларды қолдануға мүмкіндік береді.
3.Оқыту процесінде түрлі
Осы принцип бойынша
- жұмыс орында жасалынатын-жүйелер
- жұмыскер шеше алатын-есептер
- алдына қойылған есепті шешу үшін- арнайы кәсіби білім, білік, дағдының қалыптасуы.
4.Кәсіптік жан-жақтылық
Ол оқушының аз уақытта техникалық құралды,технологиялық процесстерді және жаңа мамандықты игеруде мүмкіндік беретін білімді кеңейтуге болады. Жан-жақтылық, оқушының білім деңгейінің дүниетанымын, практикалық мәселені шешуге, өндірісті алдын ала жоспарлау мен болжауды көрсетеді.
Оқытудың басты мақсаты- оқушының кәсіби білімін жетілдірумен қатар өз интеллектуалдық мүмкіндіктері дамыту. Кәсіптік оқыту оқушының аз уақыт ішінде жаңа техникаға, технологияға, еңбек күшін ұйымдастыруына тез бейімделуге үйретеді.
5. Кәсіптік оқытудағы модульдеу принципі.
Оның негізгі ерекшелігі- оқушыға оқытушы ұсынған тақырып бойынша жеке дара жұмыс істей алады.Ол арқылы оқушы алдына қойылған мақсатқа және дидактикалық мақсатқа жете алады.
Бағдарлама түрлі жолдарды көздейді, модульдер мазмұны әр уақытта жаңарып отырады.
Модульдік принцип жүзеге асырылуы оқушының түрлі интеграциялық аясында жұмыс істеуі, оның шешім табу жолдары мен кәсіби дайындалу денгейін көтереді.
Осы аталған жүйелерді сақтау инженер- педагогқа алдына қойған дидактикалық, тәрбиелеу және дамыту мақсаттарын орындауға мүмкіндік береді.
2.Білім беру принциптердің практикалық жағдайлары
2.1 Техникалық пәнді оқыту барысында түрлі оқыту принциптерін қолдану ерекшеліктері
Техникалық білім беру өте өзекті және көп қырлы болып табылады, себебі оқушылардың, олардың ата-аналарының, ұстаздардың мүдделерін қорғайды. Техникалық білім беру мен тәрбиелеу саласындағы зерттеулер философиялық, психологиялық, педагогикалық және техникалық ғылымда айтарлықтай орын алып отыр.
Техникалық білім беру жай ғана маңызды мәселе емес. Алғашқы техникалық білім дағдылар, сұраныс пен оны қанағаттандыру туралы алғашқы түсінік балалардың санасында мектепке дейін қалыптаса бастайды.
Техникалық білімнің едәуір бөлігін математика, ана тілі, табиғаттану сабақтарында игеруге болады. Бүл оқу пәндеріне техникалық пән терминдері мен техникалық мінез-қүлықтың ең қарапайым дағдыларын енгізу мектептегі білім берудің бастауыш деңгейінің педагогикалық тиімділігін арттырады. Техникалық білім беру жүйесінің жиырма бірінші ғасыр басындағы өзектілігін белгілей отырып, бұл жүйенің басты жағдайларына сүйенуге болады. Техника оқу пәні ретінде мына принциптер негізінде қүрылу тиіс:
- гуманитарлық (техникалық ойлаудың білімнен басымдылыгы);
- объективтілік (ақиқаттық әмоциялардан басымдылыгы);
- идеологиядан тыс болуы;
- этникалық ерекшеліктер (дүниежүзілік тәжірибе мен ұлттъщ ерекшеліктің үйлесімділігі);
- психологиялық сәйкестік (психиканың жас ерекшеліктерін есепке алу);
- өзектендіру (теория мен тәжірибенің байланысына негізделу);
Осы принциптердін барлығының үйлесуі техниканы оқытуды қызық, әрі уақытылы негізгі оқыту пәніне айналдыруға мүмкіндік береді. Бастауыш білім беру сатысында баланың жасына сәйкес басты құбылыстар ересектермен сенімді қарым-қатынастар, қиялдың талдаудан гөрі басымдылығы және өзі мен қоршаған әлемге сынаушылық көзқарастың жоқтығы болып табылады. Бұл ерекшеліктерді ұқыптылық пен еңбекті сыйлау, отбасының сұранысы мен мүмкіндіктерінің аражігін ажырату, мемлекет, отбасы және жеке мүдделердің бірлігі, т.с.с. техникалық құныдылықтарды патриархалдық-дәстүрлік тәрбиелеу барысында қолдануға болады. Бастауыш мектеп оқушыларына техникалық білім берудің басты мақсаты - қоршаған техникалық өмір жағдайлары және қоршаған авдамдардың қызметі туралы бастапқы ұғымды қалыптастыру. Мұндай білім адамның жалпы мәдениетінің бір маңызды бөлігі.
2.2 Техникалық пәнгдерді оқытуда қолданылатын принциптер
Техника пәнін оқыту әдістемесі - техниканы ұғынудың заңдылықтарын, оның қыры мен сырын балаға үйретудің жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогикалық ғылымның бір саласы. Сабақ үстінде, тақырыпты меңгерту барысында оқытушы дидактиканың оқыту, білім беру жөніндегі тероиялық қағидаларына сүйенеді.
Техника пәнін теориялық білім мен практикалық дағды беруде оқытушы дидактикалық принциптер мен әдістемелік заңдылықтарға сүйенеді. «техника және оның қызметі» тақырыбын оқытуда білім беру прицниптерін пайдалануды қарастырайық.
- Оқытудың гылымилылық принципі бойынша оқулықтағы техника туралы материалдардың мазмұны техника саласындағы ұғымдар мен олардың құрылымына сәйкес келуі тиіс. Материалдың ең негізгі белгілерін, яғни «техника» ұғымын, оның қазіргі жағдайда қалай түсінідіріліп жүргенін ұстаз ой елегінен өткізіп, оқушыларға жеткізеді. Оқытушы оқулықтағы ережемен ғана шектеліп қалмай, ғылыми материалды да саралап қолданғаны жөн.
- Оқытудың жүйелілік принципі оқу материалдарының логикалық жағынан бір ізбен сатылай құрылу, берілу тәртібі. Ақша туралы түсінікті алдымен «қүн», «қүн формалары», «тауар» деген үғымдарды меңгертіп барып беру керек. Себебі, ақшаның пайда болуы аталған түсініктердің даму әсерінен шығады. Сондықтан оқыту жүйелі болуы үшін ақшаның пайда болу тарихынан бастап, даму кезеңдерін жүйелеп түсіндіру қажет. Білімнің жүйелілік және бірізділік принципі жаңа материалды түсіндіруде, білім мен дағдыларды бекітуде, тексеруде, үй тапсырмасын беруде және оны тексеріп, еске түсіруде іске асырылады. Оқушыларға сабақ түсіндірмес бүрын «Ақша деген не?» деген сияқты сұрақ қою арқылы оқытудың жүйелілігін үйымдастыруға болады. Бүл принцип ғылыми принциппен өте тығыз байланыста болғандықтан, оқыту барысында ғылыми білімдерді жүйелеп және реттілікпен үғындыруды көздейді. Жүйелілік принципіне сай бүрын өтілген материалды оқушы әбден меңгергеннен кейін ғана жаңа материал өтіледі. Ақшаның түрлері мен қызметін оқушыға меңгерткеннен соң, ақша жүйесі туралы мағлұмат беріледі. Өйткені, ақша жүйесіне металл ақша, қағаз ақша және несие ақшалары, яғни ақшаның түрлері кіреді.
3. Оқытудың көрнекілік принципі оқушыларға материалды дәл, анық түсіндіруде іске асырылады. Әрбір сабақта көрнекі қүралдарды үлымды пайдалана білу сабақтың сапасын жақсартады. Оқушыны байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтырады. Ақшаның қызметін сызба түрінде көрсетуге болады.
Сызба бойынша оқушылар ақша төлем құралынан айналыс құралына қалай ауысатынын оңай үғына алады. Көрнекілік оқушының зат, құбылыс туралы түсінігін нақтылай түседі, бақылау қабілетін жетілдіріп, ақыл-ойын дамытады. Сол сияқты арнайы дайындалған үлестірме қағаздар арқылы ақша ұғымы туралы білімдерін кеңейте түседі. Сондықтан оқытушы өзі жасаған үлестірме қағаз, схема, кесте сияқты көрнекі қүралдардың сапасына, тазалығына баса назар аударуы қажет. Техника пәнін оқытуда көрнекілік көбінесе график, кесте түрінде беріледі.

- Білім беру технологиялары
- Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары
- Білім процесінде мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым – қатынаспен іс-әрекетің ролі
- Біогеграфічні особливості о. Мадагаскар
- Біогеохімічний цикл Радону (Rn)
- Біогеоценологія – вчення про екосистеми
- Біографія та особисте життя
- Бікамералізм в українських реаліях сьогодення
- Білiмді беру және тiлді оқыту салаларында тiлдiк даму
- Білікті мамандарды дайындау
- Білікті мамандарды дайындау
- Білім беруде педагогтың құзырлығы мен тұлғалық сапалары
- Білім беру жүйесі
- Білім беру жүйесі