Бірегей еуропалық валютаны енгізудің кезеңдері

ЖОСПАР 

Кіріспе  

1. Еуро Одақ – қазіргі замандағы маңызды интеграциялық үрдіс

1.1 Еуро Одақ - халықаралық саяси және экономикалық бірлестік

1.2. Жаңа еуропалық валюта – еуроны енгізудің алғышарттары   

2. Бірегей еуропалық валютаны енгізудің кезеңдері

2.1. Еуро және оны  енгізу кезеңдері

2.2. Әлемдік экономикадағы еуроның рөлі және маңызы 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

 

    Интеграциялық үрдістердің дамуы халықаралық тауар және оларды өндіру факторларының қозғалысының өсуінен туындаған заңды құбылыс болып табылады. Интеграциялық үрдістің дамуы мемлекеттер арасындағы сенімді өндіріс байланыстарын құруды және өндіріс факторларының қозғалысы мен халықаралық саудаға кедергі жасайтын жағдайларды жоюды талап етті. Мұны тек қана көпжақты саяси келісімдер негізіндегі мемлекетаралық интеграциялық бірлестіктер шеңберінде  жүзеге асыру мүмкін болды.

  Жиырмасыншы ғасырдың соңында экономикалық және технологиялық дамудың негізгі үш әлемдік полюсі пайда болды, олар – Солтүстік Америкалық (НАФТА), Батыс Еуропалық (ЕО) және Азия-Тынық мұхиты аймағы. Әлемде макроэкономикалық кәрсеткіштер бойынша екінші орынды иемденетін Жапония, абсолюттік экономикалық қуатқа ие АҚШ-тан кейін тұр. Батыс Еуропада біріккен Германия көшбасшы қатарында орналасқан.

   Әлемдік интеграциялық үрдістердің  ішіндегі ерекше – Еуро Одақты  айтсақ болады. Еуро Одақ - әлемдік  саясаттың негізгі тарапы болып  табылады. Бұл зерттей жұмысында  Еуро Одақтың даму кезңдері  мен біртұтас еуропалық валютаның  қалыптасуы, дамуы және мәселелері қарастырылады. 

   1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген Еуропаның валюталық одағының жаңа ақша бірлігі, сөзсіз әлемдегі маңызды оқиға болды. Экономистер арасында әлі күнге дейін бқл қадамның қаншалықты дұрыс екендігі жайында даулар толастамай отыр.

   Мемлекеттің экономикалық саясатындағы  қандай да болмасын өзгеріс  оң және теріс салдарларға ие болатыны белгілі. Көптеген мемлекеттер саясатындағы мұндай өзгеріс табиғи өзгерістермен қатар тосын өзгерістерге де әкелмей қоймады.

   Қазіргі таңда енгізілген еуропалық валютаның бүкіл Еуропаның дамуындағы маңызды кезең екені анық. XX ғасырдың 80-жылдарында Батыс Еуропада аймақтық еуропалық валюталық жүйе қалыптасты. Оның ақша бірлігі болып экю қабылданды. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуропа Одағының ортақ валютасы — еуро енгізілді. Өз кезегінде, еуроны – біртұтас халықаралық валюта десек те болады.

     
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І. Еуро Одақ – қазіргі  замандағы маңызды  интеграциялық үрдіс

1.1 Еуро Одақ - халықаралық  саяси және экономикалық  бірлестік 

     Еуропалық Одақ – Еуропалық континентте орналасқан интеграциялық бірлестік болып табылады. Еуро Одақ жалпы саны 373 млн. адамнан асатын халқы бар Еуропа елдерінің Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люсенбург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Австрия, Филиандия, Швеция елдерінің қатысумен 1993 жылы  құрылған. Еуропалық Одақ Еуропалық қауымдастық атап айтқанда Еуропа көмір мен болат қорыту бірлестігінің 1951 осы ұйым Еуропалық ұйымдастырушылық негізінде қаланды, Еуропалық экономикалық қауымдастық, 1957жылы Рим келісім-шарты бойынша құрылған бұл ұйым " ортақ рынок" деп те аталады, сондай-ақ Атом энергиясы бойынша Еуропалық қауымдастық 1957 жылы құрылған қарым-қатынасы негізінде жұмыс істейді. Еуропалық Одақ аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаты Бірегей европалық актіде ( 1987), Мастрик келісім-шартында (1992) және Амстердам келісімінде (1997) айқындалған. Соңғы жылдары Еуропалық Одақ мынандай бағыттарда:

1. Ортақ  рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту.

2. Кең  өрістілік стратегиясын жүзеге  асыру

3. Бірегей  сыртқы саясатқауым саласында  тұтастық ахуалын қалыптастыру.

     Жерорта теңізінің жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрылығыаймақтық саясатты жандандыру, әлеуметтік саладағы үйлесімділік туралы айтырып, құқық қорғау және ішкі тәртіп сақтау әртекті байланысты өрістету мақсатында қызмет етіп келеді.

    1999 жылы 1 - ші қаңтардан бастап  алғашқы кезекте 11 мемлекет: Австрия, Белгия, Германия, Ирландия, Испания, Италия, Люксенбург, Нидерланд, Португалия, Филиандия/ есеп айырысу операцияларытепе -теңдік қасиеті бекіндірілген бірегей еуро / 1996 жылға дейін экю/ валютасын енгізді.

  Еуропалық  Одақ жалпы органдармен, институтардың  қатарына еуропалық комиссия, еуро  парламент, еуро одақ кеңесі, еуропалық қауымдастық, сонымен қатар экономикалық, әлеуметтік аймақтар жөніндегі комиссия жатады. Еуропалық Одақ 1995 жылдың қаңтарында еуропалық одақ комиссиясының штаб пәтері орналасқан Бруссельде. Еуропалық Одақ ТАСИС бағдарламасы шеңберінде көмек көрсетеді.

    Еуропалық Одақ / ЕО/ әлемдік саясаттың негізгі бір тарапы болып табылады. Қазіргі уақытта Еуропалық Одаққа қарағанда басқа анағұрлым дамыған сауда-экономикалық әрі саяси интеграцияланған бірлестік жоқ. 370 млн. адамы бар біртұтас ішкі рынок жағдайында Еуроодақтың ішкі жалпы өнімі АҚШ-қа тең. Еуропалық Одақ / ЕО/ тауарлардың әлемдік саудасының 40 пайызы және қызмет көрсету саудасының 30 пайызы шығырланған, ғылыми- техникалық және қаржылық әлеуеті АҚШ-тан кейін екінші орынды алады.

Аймақтық ынтымақтастықты дамыту, жанжалдарды реттеу , еропалық құрлықта бітімгершілік операцияларын жүргізу мәселелеріндегі, шығыс блогының елдері есебінен  Одақты кеңейту процесіндегі Еуропалық Одақтың өсе түсіп отырған ролі Еуропалық Одаққа қатысты біздің сыртқы саясатымыздың белсенді болыуын айқындайды, ондағы мақсат өзара іс-қимылды тереңдету әрі оны стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ресми дипломатиялық қатынастар 1993 жылғы 2 ақпанда орнатылды. 1993 жылы желтоқсанда Бруссельдегі Еуропалық Одақ жанынан Қазақстанның өкілдігі ашылды.

    Еуропалық Одаққа  қатысты Қазақстанның саясаиты оның әлемдегі экономикадағы ролімен және Еуропаның 15 дамыған елдері кіретін бірлестіктің жемісті интеграциялық саясатымен айқындалады. Еуропалық Одақ біздің еліміздің ең ірі сауда орталығы.1999 жылы біздің еліміздің Еуропалық Одақ мемлекеттерімен сауда айналымы 2,2 млрд долларды құрады. 2000 жылы Еуропалық Одақ / ЕО/ елдерімен сауда көлемі 3 млрд долларды құрады, оның ішінде экспорт - 2 млрд жуық доллар, импорт - 1 млрд доллар. 
 

1.2. Жаңа еуропалық  валюта – еуроны  енгізудің алғышарттары 

 Соңғы  он жіл ішінде Еуро Одақ  қатары 27 мемлекетпен көбейді. Мысалы, 1995 жылы Австрия, Финляндия, Швеция, 2004 жылдың мамырында Венгрия,  Кипр, Литва, Латвия, Мальта, Польша, Словения, Словакия, Чехия және Эстония кірген болатын. Одақ тарихында осы он жылдық өзіндік белсенділігімен ерекшеленді. Өйткені, осы кезең ішінде Одақты кеңейту туралы жаңа стратегия қабылданды. Сондай-аө Одақтың алдындағы ішкі және сыртқы міндеттері нақтыланып, оның институттарын оған мүше елдердің азматтарына жақындату және одақтың әлемдегі жетекшілік рөлін арттыру жайы белгіленді.

   Дамудың келесі сатысы ретінде  Одақ алдында келесі кезең  – Валюталық одақ құру кезең  тұрды. 

   Валюталық одақтар құру идеясы  ХІХ-ХХ ғасырлардың өзінде еуроапалық  мемлекеттер арасында болған  еді. Ең алғашқы еуропалық Одақ  ретінде (1857-1866 жж.) Австро-герман  одағын айтсақ болады. Келесі  кезекте Францияның ықпалымен  1865 жылы құрылған Латын валюталық одағы (1865-1878 жж.). Бұл Одаққа Франция, Бельгия, Италия және Швейцария кірді. Франция өз кезегінде бұл одақта басты рөлді атқарған болатын. Бқдан кейін (1875-1917 жж.) Дания, Норвегия және Швеция арасында бірдей монеталар шығару жөніндегі келісімге қол қояды.

  1921 жылы Бельгия-Люксембурлық экономикалық  одағы құрылды. Люксембурлық франк  бельгиялық франкқа бірде-бір  қатынасы бойынша ұсынылды.

  1979 жылдың 13 наурызынан бастап 8 мемлекет  құрамымен, олар: Германия, Франция,  Бенилюкс, Италия, Ирландия, Даниямен Еуропалық валюталық Жүйе өз жұмысын бастаған болатын. Еуропалық Валюталық Жүйенің құрылымы 3 элементтен тұрды:

  • Еуропалық валюта бірлігі – ЭКЮ;
  • «супержылан» атты валюта курстарының бірыңғай режимі;
  • Валюталық ынтымақтастықтың Еуропалық фонды.

  ЭКЮ  – бұл Одаққа мүше мемлекеттердің  ұлттық валюталарының салмағын  есептей отыра енгізілген құрылымдық  валюта болып табылады. Мемлекеттер  арасындағы квоталар төмендегідей  болды:  

 

   Сөйтіп,  1979 жылдан Еуропалық валюта жүйесі іске асты. Еуропалық ақша бірлігі – ЭКЮ (ЕСИ). 1998 жылдың соңына дейін ЭКЮ халықаралық есеп бірлігі болды. 1999 жылдың 1 қаңтарында ЭКЮ-дің орнына ақша бірлігі ретінде еуро болды. 2002 жылға дейін енгізілді. Т2002 жылдың 1 қаңтарында ақша формасы ретінде жүрді. Еуропалық Одақтың дамуы Маастрихт келісім-шартына байланысты. Сол келісімшарт бойынша 1995 жылдан бері капиталдың, тауардың, қызметтің және мүше елдер арасындағы жұмыс күшінің еркіндігі қамтамасыз етілді.  
 

2. Бірегей еуропалық валютаны енгізудің кезеңдері

2.1. Еуро және оны енгізу кезеңдері 

    Еуро  «€» — Еуропалық одаққа мүше елдерге арналған бірыңғай еуропалық валюта. Еуропалық одақ шешімі бойынша 2002 жылдан бастап қазіргі қолданылып жүрген ұлттық валюталардың орнына еуро айналымға енуі тиіс. EUR - 17 мемлекетінің ұлттық валютасы: Аустрия, Алмания, Белгия, Грекия, Ирландия, Испания, Италия, Қыбыр, Люксембург, Малта, Португалия, Нидерланд, Слоуения, Словакия, Финландия, Франция, Эстония.

   Еуровалюта (ағылш. eurocurrency;) Елден тыс жерде, осы валютаның эмитентімен, коммерциялық банктер акшасыз депозиттік-несиелік операцияларды жүзеге асыратын шетелдік валюталар. Осылайша Ұлыбритания немесе Германия банктерінің шотындағы АҚШ доллары еуродолларлар, Люксембург немесе Швейцария банктерінің шотындағы неміс маркалары — еуромаркалар деп аталады. Осы сықылды еурофранктер, еурогульдендер, еурофунттар, еуроиендер және т.б. болады.

   Валюталық Одаққа енудің кезеңделген дамуын қарастыратын келісім 11 мемлекет арасында 1992 жылдің ақпан айында Маастрихте (Нидерландыда) қол қойылған болатын. Ал 1993 жылы 1 қарашадан бастап өз күшіне еніп, ратификацияланды. 1994 жылдың қаңтарында Еуропаның орталық банктерінің жүйесін және жаңа валюта – еуроның эмиссиясын  ұйымдастыруға Германияда, яғни Франкфур-Майнда Еуропалық валюталық институт құрылған болатын.

   Бұл және де басқа да шешімдерді  Еуропалық Қауымдастықтың Комиссиясы  арнайы мемлекеттер үшін, мерзім  мен принциптерді қарастырды. Мемлекеттерді Еуропалық Валюталық Одаққа мүше болуға орнатылған негізгі критериялер мен «қаржылық саулықты» көрсететін көрсеткіштер қызығушылықты тудырады. Аталған критерилер мен көрсеткіштер келесідей:

  1. Инфляция деңгейі ЕВО-тың инфляция деігейі ең төмен 3 мемлекетінен 1,5 пайыздан аспауы тиіс:
  2. Мемлекеттік қарыз ЖҰӨ-нің 60 пайызынан аспауы керек;
  3. Мемлекеттік дефицит ЖҰӨ-нің 3 пайызынан төмен болмауы тиіс;
  4. Кем дегенде екі жыл мерзімі ішінде ЕВО орнатқан валюта курсы сақталуы қажет және ЕВО-тың басқа елдерінің валютасына қатысты девальвациясыз өтуі қажет;
  5. Көпмерзімді пайыздық өлшем ЕВО-тың инфляция деңгейі ең төмен 3 мемлекетінен 2 пайыздан аспауы керек;
  6. Еуро Одақ бекіткен өзара валюта курстарын сақтау (+ 15%). Бұл мәліметті келесі кестеден көре аласыздар:
 
 
 
 
  Дефицит госбюджета

(% ВВП)

Гос. долг

(% ВВП)

Уровень инфляции, % Соблюдение  пределов колебания валютных курсов в ЕВС Уровень процентных ставок по долгосрочным кредитам, %
Пропускной

Критерий

3,0 60,0 2,7 да 7,8
Австрия 2,5 66,1 1,1 да 5,6
Бельгия 2,1 122,2 1,4 да 5,7
Германия 2,7 61,3 1,4 да 5,6
Ирландия -0,9 66,3 1,2 да 6,2
Испания 2,6 68,8 1,8 да 6,3
Италия 2,7 121,6 1,8 да 6,7
Люксембург -1,7 6,7 1,4 да 5,6
Нидерланды 1,4 72,1 1,8 да 5,5
Португалия 2,5 62,0 1,8 да 6,2
Финляндия 0,9 55,8 1,3 да 5,9
Франция 3,0 58,0 1,2 да 5,5

   

   Жаңа стратегиялық ынтымақтастықты  жүзеге асыру нәтижесінде – Экономикалық және Валюталық Одақ (ЭВО) құрылған болатын. Оның құрылуының негізгі 3 кезеңін атап көрсетсек болады:

    • 1 кезең – (1990 жылдың шілдесі мен – 1992 жылдың желтоқсаны). Бұл кезеңнің негізгі ерекшеліктері ретінде: Еуро Одақ ішіндегі капитал қозғалысының либерализациялануы, біртұтас ішкі нарықты құрудың аяқталуы және одақ мүшелерінің макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша біршама жақындауы;
    • 2-кезең – (1994 жылдың қаңтары мен 1996 жыл) Еуропалық Валюталық Институт құрылған болатын; Еуропаның Орталық Банкінің жетекшілігімен болашақ Еуропаның орталық банк жүйелерінің зағдық негізі мен алғышарттары дайындалды, Одаққа мүше мемлекеттер – жаңа валюта – еуроны енгізу жұмыстарын бастады;
    • 3 – кезең – (1996 жылдың қаңтары – 1999 жылдың қаңтары) туралы айтар болсақ: Еуропаның Орталық банкінің жұмыс істеуінің басталуы, Экономикалық және Валюталық Жүйе мұшлерінің бірегейвалюталық саясат жүргізуі; бірегей еуроаплық валютаны алғашқыда – тұтас емес, ал кейіннен тұтас ақша айналымына түсу процесін айсақ болады.
 
 
 
 

2.2. Әлемдік экономикадағы  еуроның рөлі және  маңызы 

   Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі — Халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды буындарының бірі. Халықаралық қаржы-қаражат қатынастары халықаралық нарық жүйесінің үш ірі құрылымының өзара әрекетінен туындайды. Олар валюталық, несиелік және инвестициялық (қаражат жұмсау) жүйелері болып табылады. Келесі кезекте - халықаралық валюталық қатынастар — халықаралық экономикалық қатынастардың ең елеулі және қажетті саласы. Ол әлемдік экономикалық байланыстарда валютаның қызмет етуін, дүниежүзілік шаруашылық салаларының өнімдерінің айырбасын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Халықаралық валюталық қатынастар туралы айтпас бұрын валюта ұғымын, олардың түрлерін ажырату қажет. Әр елдің ұлттық ақша бірлігі бар екені түсінікті. Түрлі себептермен ақша бірлігі ұлттық шекараның сыртына шықса, ол жаңа сапаға ие болады, яғни валютаға айналады. Қолданылу аясына қарай валютаның бірнеше түрін ажыратады.

    Әлемдік қаржы жүйесінде келесі  негізгі орынды ұлттық валюта иемденеді.

Ұлттық  валюта — әр елдің ұлттық ақша бірлігі; алтын, күміс және қағаз ақша түрінде  қолданылады. Ең көп қолданысқа түсетіні — қағаз ақшалары. XX ғасырдың 80-жылдарында Батыс Еуропада аймақтық еуропалық  валюталық жүйе қалыптасты. Оның ақша бірлігі болып экю қабылданды. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуропа Одағының ортақ валютасы — еуро енгізілді.

     Әлемдік валюталық жүйе ұлттық және аймақтық валюталар жүйесінің қарқынды дамуы нәтижесінде қалыптасты. Қазіргі кезде жасалатын операциялар төлемі бойынша үш орталық — Лондон, Нью-Йорк, Токио ерекше айқындалады. Сонымен қатар Еуропадағы аса ірі әлемдік нарық орталықтары ретінде Майндағы Франкфурт, Цюрих, Париж, Брюссель, ал Азиядан Сингапур мен Гонконг аталады. Әлемдік валюта жүйесінің дамуы 1968 жылы ортақ есеп бірлігі бар Халықаралық валюта қорының құрылуына негіз болды. Оның қоржынындағы АҚШ долларының үлесі шамамен 42%-ға, жапон иенасы 13%-ға, Батыс Еуропалық түрлі валюталар жиынтығы 43%-ға жетеді.

   Халықаралық инвестиция нарығында еуронарықтың үлесі күннен-күнге артып келеді. Алғашында еуронарық XX ғасырдың 50-жылдарында Еуропа жерінде пайда болып, қазіргі танда бүкіл дүниежүзін қамтып отыр. Бірақ жетекші орын әлі де Еуропа еншісінде. Оның ең ірі орталығы — Лондон. Оның үлесіне еуропалық қаржының 1/5-і келеді. Бұл көрсеткішке мүмкіндігі жағынан Жапония мен АҚШ жақындайды. Әсіресе Токио мен Нью-Йоркте орналаскан ішкі офф-шорлық орталықтар күшеюде. Нью-Йорктегі бұл орталық 1981 жылы, ал Токиода 1985 жылы ашылды. Офф-шорлық орталықтағы барлық қаражат шаралары дүниежүзінің кез келген бөлігінде, сол елдің банк және салық жүйесі бақылауынан тыс, ел экономикасынан тәуелсіз, дербес жағдайда жүргізіледі. Еуропа, Жапония, АҚШ-тан кейінгі ірі қаражат орталықтарына — Сингапур мен Сянган, сондай-ақ Кариб теңізі аймағындағы елдер: Багам және Кайман аралдары, Панама жатады.

    Еуро валютасы аймағы елдерінде экономикалық өсім байқалуы мүмкін деген сарапшылардың болжамы бар.

    Еуропалық Комиссияның соңғы болжамдарына сәйкес, еуро валютасы аймағы елдерінде экономикалық өсім байқалуы мүмкін. Дегенмен, бұл баяу үрдіс болмақ. Сол себепті Еуропада құлдырау басталмайды және еуро өміршең валюта болып қалады.

     Бүгінде Австралияда жүрген Еуропалық Коммиссия төрағасы Жозе Мануэль Барраозу осындай пікірде. Оның айтуынша, Еуропалық Комисся мен Еуропалық Одаққа мүше елдердің ұлттық үкіметтері, еуро аймағы елдеріндегі дағдарысты жою үшін бар күшін салуда. Баррозудың байламдары «Стэндард энд Пурз» рейтингтік агенттігінің ескертуі жарияланған соң айтылып отыр. Агенттік еуро аймағы елдерінде құлдыраудың басталуы туралы ескерткен болатын. Еуропалық Одақтың соңғы деректеріне сәйкес, еуро аймағының жалпы экономикалық өсімі сәуірден бастап маусымның соңына дейін 0,2 пайызға дейін баяулаған. Осы жылда бұл баяулау 0,8 пайыз үстінде болған еді.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

   Қазіргі таңда Еуро Одақ әлемдік аренада жоғары дамыған аса алпауыт одақ. Оның осы белеске жетудегі ұстанған саясаты қандай және дамудың принціптері мен әдістері қандай соны білу. Еуро Одақ валюталық одаққа басшы бола отырып одан әрі өркендеп дамуда, әрі тұрақтылық тепе-теңдігін ұстануда.

     Коммуникация, көлік, кен өндіру, өңдеуші, химия, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, жоғары технологиялы өнімдер, тамақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, туризм саласындағы ынтымақтастық басым болып табылады. Осы секторлардың бәрінде дерлік іс жүзінде Еуро Одақ жетекші орын алғандығы даусыз. Олардың қажетті технологиялары, құралдары, тәжирибесі және басқарудың жаңаша әдістері бар. Байланыс, коммуникациясы және ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың келешегі аса зор. Мұндай технологиялардың Еуро Одақта және әлемнің басқа да елдерінде жедел дамуы жағдайында орташа мерзімді келешекте мемлекеттің әл- ауқаты, ұлттық экономиканың жұмыс істеуі, коммуникациялардың жаңа түрлерінің дамуы, ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолданбалы пайдалану деңгейімен айқындалады. Халықтың әлеуметтік әл- ауқатының деңгейі компютерлік-коммуникацияларлық сауаттылыққа тікелей тәуелді болмақ.

  Еуро Одақ Еуропа елдерінің  экономикасын көтеруде  басқа дамыған елдерге қарағанда едәуір алда.  Еуро Одақтың әлем нарығындағы орыны өте жоғары, ақша бірлігі - еуро құнының құндылығы да көп елдер арасында жоғары, көптеген экспорттық импорттық операциялар осы валюта негізінде жүргізіледі. Еуро Одақ ұстанған саясат өзінің ішкі құпиялылығымен де ерекшелінеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер 

  1. Лебедева  М.М. Мировая политика: Учебник для  вузов. – М.2007.
  2. Пиримбетов С. Международные интеграционные процессы в современном мире
  3. Киреев А. Международные экономические отношения. М.-2005.
  4. Хан Г.Б. Проблемы современных международных отношений.
  5. Ливенцева Н.М. Международные экономические интеграций
  6. www.economica.info.ru
Бірегей еуропалық валютаны енгізудің кезеңдері