Бройлер-балапандарды өсірудің технологиясы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университеті
«Биотехнология, мал және балық
шаруашылығы» кафедрасы.
Құс шаруашылығы, құс өнімдерін өндіру технологиясы пәнінен
Курстық жоба
Тақырыбы:
«Бройлер-балапандарды өсірудің технологиясы»
Орындаған: ТППЖ– 41 топ студенті Алижанова Б.Н.
Орал 2013ж
Жоспар
1. Кіріспе………………………………………………...……
1.1. Әдебиетке шолу................
2. Негізгі бөлім
2.1. Бройлер тауықтары мен
2.2.Жаңа заманғы бройлер
2.3. Етті бағыттағы тауық
2.4. Бройлер
балапандарына арналған
2.5. Қазақстандағы еттік құс шаруашылығының заманауи жағдайы
3. Қорытынды…………………………………………….…..
4. Пайдаланылған әдебиеттер………………
Кіріспе
Құс шаруашылығы — ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді.
Құс шаруашылығының өнімдері өте құнды, бағалы, дәмді, сапалы. Тауық жұмыртқасының құрамында көп мөлшерде адамға қажетті витаминдер, ферменттер және басқа биологиялық белсенді заттар мол.
Медициналық нормалар бойынша адамды жылдық ет және ет өнімдерімен қамтамасыз етуде, олардың біршама бөлігін жеңіл қорытылатын, диеталық, емдік қасиеті жоғары құс еті толықтыруы қажет. Құс жұмыртқасы да тіршілікке қажеті барлық амин қышқылдарымен толықтырылған өте құнарлы тағам.
Бройлер – ет бағытындағы тауықтың тез жетілгіш, будан балапаны. Оның 40-60 күндігіндегі салмағы 1,4-1,7 кг-ға дейін жетеді. Бройлердің толық тазаланған ұшасының түсімі орта есеппен 60-62%. Етінің дәмі, қоректілігі мен сапалығы ересек құстардікінен әлдеқайда артық болады.
Курстық жұмысымның мақсаты – бройлер – балапандарды өсірудің заманауи технологияларымен танысу, Қазақстандағы қазіргі жағдайын зерттеу және бройлер етін өндіру және өңдеу технологиясын меңгеру.
Курстық жұмыс 31 беттен, 4 кестеден, 3 сызбадан және 1 суреттен тұрады.
- Әдебиетке шолу
Қазіргі уақытта дүние жүзінде тауықтың 100-ден астам тұқымы белгілі. Қазіргі бізге белгілі тауық тұқымдары 5 түрге бөлінеді:
- Жұмыртқа бағытындағы
- Ет бағытындағы
- Ет-жұмыртқа бағытындағы
- Сәндік бағыттағы
- Төбелескіш тауықтар
Менің курстық жұмысым бройлер- балапандард туралы болғандықтан, өз жұмысымда мен ет және ет – жұмыртқа бағытындағы құстарға толығырақ тоқталып өтемін.
А.Б. Таңатаров, Ш.Ә.Әлпейісов, С.Т. Дабжанованың [1] мәліметтерінде бройлерлер – етті немесе е т – жұмыртқа бағытындағы тұқымдардың, аталық іздерімен, олардың 7-8 апталық мерзіміне дейін етке арнайы өсірілген буданының (өнеркәсіптік будандар) балапандары.
Ф.Ф. Алексеевтің [2] пікірінше, дәл осындай кезеңінде бройлерлер 1,6-1,7 килограмға салмақ тартып, жақсы еттік сапаларға әсер етеді, буын шеміршектері мен төс сүйегі қатая түсіп тері астына және ішіне аздап май жинай бастайды. Озат құс фабрикаларында бройлер өсімінің 1кг салмағына 2-2,5 кг және одан да аз арнаулы құрама жем жұмсайды.
Қ.Н. Бегімбеков және т.б. ғалымдардың [3] пайымдауынша, құстың барлық түрін бағалағанда, олардың белгілі бір жасқа дейінгі өміршеңділігі (немесе өлім – жітімін), өнімі (10 жұмыртқаға шаққанда немесе қосқан 1 кг салмағына) жұмсаған азық мөлшері, өніп – өсу қасиеттері (жұмыртқаның ұрықтануы, балапандардың шығымы, т.б.) есепке алынады. Құсқа қорытынды баға бонитировкалық класс арқылы беріледі. Сонымен қатар, құстардан мол өнім алу үшін олардың рационындағы қоректік, биологиялық белсенді және минералдық заттар кешенін қамтамасыз ететін ғылыми негізделген азықтандыру жүйесі жасалуы тиіс.
Бірақ, И.А. Мымриннің [4] пікірінше, оларды бағалау үшін ата – атасын, шежіресін білу керек. Жақсы тұқымды тауықтардың барлық қасиеттері балапандарға өзгеріссіз берілмейтінін де ұмытпау керек. Жоғары өнімділік көрсеткіштерге ие, әбден сұрыпталған, яғни асылдандыру жұмыстары ұзақ жылдардан бері жүріп келе жатқан шаруашылықтарда,жүйелі түрде тадалып, арнайы жұпталған тауықтарда генетикалық өзгерістің бұндай түрі аз байқалады және қажетті деп танылған өнімділік көрсеткіштері жақсы сақталады.
Жалпы алғанда, тәуліктік және одан да жоғары жастағы балапандардың ішінен дені сау, мықтыларын таңдағанда, сіз бағалау, сұрыптау жұмыстарымен айналысқан болып есептелесіз. Құстарды өзінізді қызықтыратын белгілер бойынша таңдап алып, сол бағыттағы құс шаруашылығымен де айналыса аласыз. Бірақ есте болатын жайт, ата – аналық топ құру барысында, арнайы мөлшерленген қораз-мекиен арақатынасы сақталу керек, яғни етті бағыттағы тұқымдар үшін ол 1:8-10 болу керек. (И.И. Кочиш [5])
Э.Э. Пенионжкевичтің [6] мәліметтерінде кез – келген ауыл шаруашылық құстарының табынын құрудың негізгі принциптерінің бірі болып құстың жасын және оны пайдалану ұзақтығын анықтау болып табылады. Табынның жастық құрамы оның бағытына, құстың алғашқы жұмыртқалауына және жұмыртқалағыштықтың ұзақтығына байланысты. Соның ішінде, ет бағытындағы құстары мен кросстарын 26 апталығында ересек топқа көшіреді. Өте қарт және өте жас өндірушілер ең төменгі өнімділік көрстекішіне ие болады. Соған байланысты, ет бағытындағы тұқымдардың ең жақсы, асыл тұқымдық көрсеткіштерге ие әтештерін әрі дегенде 1-2 жасқа дейін ұстайды. Ал табынның басқа құраушыларын сойғанға дейін ұстайды.
Көптеген шаруашылықтарда, Б.Р. Әкімбеков және т.б. ғалымдардың [7] еңбектері бойынша, ет өнімділігі бағытындағы тауықтар негізінен бройлер өсіру үшін өсіріледі және оларды шығару барысында аталық түр ретінде корниш тұқымы, аналық түр ретінде ақ плимутрок тұқымы пайдаланады екен.
А.И. Ламакин, М.М. Ламакинаның [8] деректерінде кей жұмыртқа бағытындағы тұқымдардың әтештерін өсіріп, бордақыласа, олардын да сапалы ет алуға болатыны жайлы айтылған. Бірақ әтештерді бұндай технологиямен жетілдіруде барлық зоотехникалық-ветеринарлық ережелерді қатаң сақтау керек.
Кез – келген құсты өндіріске пайдаланар алдында, И.П. Жубантаев, М.Г. Султанов [9] өздерінің еңбектерінде, міндетті түрде зоотехникалық-ветеринарлық тұрғыдан зерттеу жүргізу керек деген. Ветеринарлық зерттеудің келесідей тәртібі ұсынылады:
- анамнез мәліметтерін жинау;
- құстың жалпылама тексерісі;
- жалпы тексеру кезінде ауру деп танылған құстардың ішінен таңдамалы зерттеу;
- арнайы және зертханалық зерттеулер.
С.И.Боголюбскийдің [10] кітабында халықтың құс еттерін пайдалану көрстекіштері берілген: тауық еті – 75 -76%, күркетауық еті – 3-4%, үйректікі– 20-21%, қаз еті – 0,3-0,5%. Ал барлық тауықтан өндірілетін еттің 70% - бройлерлерге тиесілі.
Б.Ф. Бессабаров және т.б. [11] мәліметтері бойынша, етті тұқымдардың мекиендері 23-24 апталығында жұмыртқалай бастайды. Осы кезге дейін оларға ағаш қалдықтары төселген ұялар дайындайлып тұру керек. Бұндай ұялардың бір ұяшығы 4-5тауыққа есептеледі. Ұялардың жерден биітігі 40 см-ден төмен болмауы керек. Әр тауықтың ұяда жұмыртқалауын қатаң қадағалау керек.
Осындай ұяшықтарды қолдану тиімді болу үшін, http://yesyes.ru [12] сайтында көрсетілгендей, арнайы оптимальді микроклимат орнату қажет. Жас балапандар ересектеріне қарағанда, жылырақ температураны керек етеді. Мысалы 1-5 күндік балапандарға 26-24оС температура оптимальді болса, ал 31-63 күндік балапандарға 19-18 оС жарап қалады. Температура көрсетілген нормадан төмен болса, олардың өсуі баяулап, қозғалыстары азайып, әлсіздері өліп қалады.
http: //subscribe.ru [13] сайтында бройлер өсіру үшін жарықтың да маңыздылығы атап көрсетілген. Жарық арнайы тәртіппен ұйымдастырылады. Алғашқы үш аптада тәулік бойғы (24 сағат бойы) жарықтандыру ұйымдастырылады. Одан кейін жарықтандыру ұзықтығын жаймен 17 сағатқа дейін азайтады және осындай деңгейде бордақылау мерзімі аяқталғанға дейін ұстайды. Алғашқы 10 күнінде жарықтандыру 1 м2 еденге 5-6 Вт болу керек, ал одан соң біртіндеп 1 м2 еденге 1,5-2 Вт болатындай етіп төмендетеді.
http://webfermer.narod.ru [14] сайтындағы мәліметтерде тәуліктік жарықтандырудың мақсаты – балапандардың науа мен астауды табуын жеңілдету болып табылады делінген. Бройлер балапандардың жұмыртқа бағытындағы балапандарға қарағанда қозғалғыштығы төмен, сондықтан астау мен науаны өздіктерінен қараңғыда табуы қиындайды және балапандар тек жарықта ғана азықтанып, ал жарықсыз жерде демалады екен. Жарық ең болмағанда астау мен науалардың үстінен түсіп тұру керек. Ал бұл ыдыстар әрдайым су мен азыққа толы және балапандар үшін қолжетімді жерде болу керек.
http://i-news.kz [15] сайтында бройлер балапандарды үй жағдайында өсіру жолдары мен технологиялары көрсетілген. Әдетте бройлер тауықтарын өсіру үшін олардың балапанын бройлер құстарын өсіретін фабрикалардан немесе стансалардан сатып алады. Балапанды туған бетте, яғни бір тәулік пен үш тәуліктің аралығында сатып алған жөн. Сатып алынған балапандарды алғашқы кезде тор ішінде ұстайды. Мұндай жағдайда балапандар жедел салмақ қосады және қимыл-қозғалыстары шектеулі болғандықтан азықты да аз жейді.
http://imurat.kz [16] сайтындағы мәліметтер бойынша, торды қолдан дайындауға да болады: еден мен алдыңғы есік ретінде шыбықтардан жасалған торды пайдалануға болады. Әр балапанға ұзындығы кемінде 3 см болатын жемдеу орны беріледі. Міндетті түрде жемдеу орнында жем үнемі болуын қадағалап отыру қажет. Ең дұрысы дәндер қоспасымен толтырылатын цилиндр тәрізді аспалы жемдеу ыдыстарын пайдалану. Сонымен қатар әр балапанға1,5 см есебімен су ішетін ыдыс қажет.
http://old.egemen.kz-те[17] өз қолымен өсірген бройлер балапандарды табыс табу мақсатында, сатуды ұйымдастыру жолы көрсетілген. Бройлер тауықтарын өткізу үшін ең алдымен олардың тұрақты өткізу рыногының болуын ескерген абзал. Сондықтан сіз бұл іске кіріспес бұрын бұл өнімді қай жерге өткізуге болатындығына алдын-ала зерттеулер жүргізіп көріңіз. Мәселен, арнайы орындарға барып, олардың қожайындарымен сөйлесіп, келісім жасау арқылы өз өнімдеріңізді шағындап өткізе аласыз. Егер сіз оларды тұрақты түрде бройлер өнімімен қамтамасыз ете алатындығыңызға сенімді болсаңыз, бұл мәселе олардың көңілінен шығуы әбден мүмкін. Өйткені, адамдар көбірек тұтынатын сапалы да дәмді өнім түрін тұрақты түрде жеткізіп бере алатын сенімді серіктестің пайда болуы ең алдымен олардың өз бизнесін тұрақтандыруына қолайлы жағдай туғызатындығын ескеріңіз.
http://sharua.kz [18] сайтындағы ақпарда бройлер балапандарға арналған «Клуша» шкафы деп аталатын «балабақша» конструкциясы ұсынылған. Бұл туралы мәліметтер менің курстық жұмысының негізгі бөлімінде толығырақ көрсетілген.
http://dov.kz [19] сайтында кез – келген шаруашылықта құс өсіру мәселесін дұрыс шешу үшін түрлі малдәрігерлік – санитарлық жұмыстарды жақсарту, зоотехникалық шараларды дер кезінде өткізу, құс фирмаларында тұрақты микроклимат жағдайын туғызу, дұрыс азықтандыру. Нысандарды дұрыс жобалау, құрылыс және қайта құру кезінде зоогигиеналық талаптарды орындау және де құстардың биологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет.
Б.В. Рубан [20] өз әдебиетінде бройлер шаруашылығының әлемдік деңгейі баяндалған. 1996ж жүргізілген зерттеулерге сәйкес, құс етін өндіру бойынша алдыңғы орында АҚШ тұр, сол жылы АҚШ-та өндірілген құс еті 12307 мың тонна болған. Автор келтірген кестеде құс етін өндіруден алғашқы 10 орында тұрған мемлекеттер тізімі берілген:
1.АҚШ – 12307 мың тонна
2. Қытай – 8139 мың тонна
3.Бразилия – 3800 мың тонна
4.Жапония – 1255 мың тонна.
5.Франция – 1182 мың тонна
6 Мексика – 1145 мың тонна
7. Ұлыбритания – 1016 мың тонна
8. Россия – 880 мың тонна
9. Тайланд – 860 мың тонна
10. Италия – 832 мың тонна
Жоғарыда аталған http://sharua.kz [21] сайтында тағы да бір мақалада Қазақстандағы еттік құс шаруашылығының заманауи жағдайы туралы мәлімет толығымен берілген. Қазақстанда өткен ғасырдың 90 жж аяғында ет және жұмыртқа бағытындағы 70 құс фабрикасы жұмыс істеді. Жыл сайын бұл кәсіпорындар 3,5 млн-нан астам жұмыртқа және 140 мың тонна құс етін беріп отырды. Алайда мемлекетсіздендіру, азық өндіру үшін жыртылған жерлердің жетіспеушілігі, өнеркәсіптік өнімдерге бағаның төмендеуі және т.б. бірқатар оқиғалардан соң, мұндай жүкті көтере алмай, өз өндірістерін тоқтатты. Қазақстан аумағында қазіргі уақытта 56-ға жуық құс фабрикасы жұмыс істейді, оның 17-сі ет, ал 39-ы жұмыртқа бағытындағы деп мәлімденеді бұл сайтта.
http://www.soltustikkaz.kz [22] сайтында 2012-2013 жылдар аралығында өңірімізде бройлерлік бағыттағы бірінші кезектегі асылтұқымды репродукторлар және елімізде халықаралық талаптарға сай келетін премикс өндіретін зауыт құрылатын болады. Бұл асылтұқымды құс санын үздіксіз балапандармен толықтырып отыруға және құс пен мал өсіретін шаруашылықтарды аралас жемазықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Бұл кезеңнің құны – 2,3 миллиард теңге. Күтіліп отырған нәтиже де кісі қызығарлықтай. Құс шаруашылығындағы генетиканы дамыту, 2 миллионға дейін балапан өсіру, шетелдік құс етін ығыстыру үшін отандық құстың еті 76,3 тоннаға дейін өндірілмек. Сондай-ақ жылына 1000 тонна премикс, 1332 тонна қоспа өндіру көзделіп отыр. Мұның дені экспортқа шығарылатын болады. Осындай ауқымды жұмысты жүзеге асыруда 77 тұрақты жұмыс орны, ал құрылыс барысында 100 жұмыс орны ашылмақ. Қазақстан Республикасының алдағы уақытқа жоспарлап қойған экономикалық саясатымен осы сайтта таныс болдым.
Осы сайттан (http://www.soltustikkaz.kz [23]) Қазақстандағы құс шаруашылығы мен құс өсірудің қыр-сыры, қиындықтары туралы да мәліметтерді табуға болады. «Құс өсіру мал өсіруге қарағанда әлдеқайда жауапкершілігі мол жұмыс. Енді ше, салмағы 40-50 грамдық тәуліктік сарыауыз балапандардың 30 мыңдайын бір мезгілде қораға қабылдап көріңіз. Үй жағдайында 30-40 балапанның өзін күту оңайға түспейді ғой. Соның бәрін бір балапан күтушінің атқарып отырғаны – ғылым жетістігінің арқасы. Бізде барлық технологиялық үдерістер толық автоматтандырылған, бәрі компьютер арқылы басқарылады. Балапан өсірілетін құс қораларында технологиялық талапқа сай микроклимат болуы тиіс. Балапан күтушілерінің сәл қателік жіберуіне, құс рационының бұзылуына немесе сырттан инфекция енгізуге болмайды. Құс балапандарының болымсыз нәрседен қырылып қалу қаупі зор. Оны мал өсіруден де қиын көретініміз сондықтан» – дейді осы Петропавл бройлер құс фабрикасының директоры Рамазан Мәлгаждаров. Бұл құс фабрикасы «Росс-308» тұқымын өсіреді, ал құс балапандарын “Астана – құс” тұқым шаруашылығынан алдырады.
Сонымен қатар, И.П. Салеева [24] өзінің мақаласында кішкентай орында үй жануарларының көптеген дарасын ұстау, бірнеше деген қолайсыздықтар мен шешілуі қиын мәселелердің пайда болуын әкеліп соқтырады. Бұндай қолайсыздықтарды ветеринария және микробиология ғылымдарының жетістіктері көрсетіп отырғандай, заманауи пребиотикалық препататтарды қолдану арқылы шешуге болатынын және сол шешімнің тиімді екенін көрсетіп отырғаны жайлы да түсіндіре кеткен.
О.Ю. Юнусова [25] мақаласында құс етінің маңызы мен сапасына әртүрлі пребиотиктер мен антибиотиктердің әсері туралы баяндалған. Тағамдық антибиотиктер көптеген жылдар бойы моногастритті жануарлар, яғни құстар мен шошқалардың ас қорытуын жақсарту үшін пайдаланғаны белгілі. Бірақ, 90 жылдардың орта шамаларында антибиотиктердің баламасы ретінде қолданылса да, оларға қарағанда біршама зиянсыз құралдар шығарылған. Бұл мақалада осы құралдардың пайдасы туралы толық сипаттама жазылған.
Ж.Ө.Өтесінов және Б.Ә. Оразалиевтің [26] әдебиеттерінде көрсетілгендей, құстардың ас қорыту жүйесін жақсарту үшін олардың азығына аса зор мән беру керек. Құс азығының сапасына ветеринариялық – санитарлық бақылауды азық қорын сырттай қарап көру арқылы немесе кез – келген ветеринариялық зертханада санитарлық – гигиеналық және химия-токсикологиялық зерттеу жолымен жүзеге асырады. Тауықтарды азықтандыру оның жасына, өнімділігіне, тұқымына және ерекшеліктеріне байланысты.
Б.М.Махатов және т.б. [27] оқулығынан алған ақпараттарда бройлер балапандарға шикі протеин мөлшері көбірек, ал кальций мөлшері басқа құстарға қарағанда азырақ мөлшерде берілетіні айтылған.
Е.Шекенов және т.б. ғалымдардың [28] мәліметтерінде, азықтық рационы дұрыс қойылған, бордақыланған бройлер балапандарды сою және тауық етін өндіру процесі қарқынды технологияға көшірілген. Бройлер етін өндіруге жоғары өнімді будан құстың балапандары өсіріледі. Олар қысқы мерзімде союға өсіп – жетіледі. Бройлер өсірудің технологиялық процестері механикаландырылған, автоматтандырылған. Өндіріс процесі толық циклды атқарылады.
Е.Т.Әлібаев, Б.Ермұхан [29] әдебиетінде заманауи бройлер етін өндіру технологиясының жоғарыда аталған ерекшеліктерінен басқа тағы да басты ескеретін принциптерін атап өткен:
- үздіксіз,
жыл бойынғы технологиялық
- толық
рационда құрғақ құрама
- құстың
сақталуын қамтамасыз ету үшін
малдәрігерлік – санитарлық
Т. Жолшыбек [30] оқулығында бройлерді семіртетін құс фабрикалары туралы мәлімет берілген. Бұл құс фабрикаларында аналық тобы цехы, инкубация цехы, бордақы цехы, сойыс және өңдеу цехы бар. Бордақы цехында бройлерлер ауыстырылмайтын төсеніштерде немесе торда бағылады. Құсты союға дейін 6-8 сағат азықсыз ұстайды. Құс сою конвейерлі жүйеде жүзеге асады. Құс фабрикаларында бүкіл санитарлық –гигиеналық шараларды орындау айрықша маңызды, себебі құс жұқпалы ауруларға өте сезімтал келеді.
Н.Омарқожаұлы, Б.Әкімбековтің [31] оқу құралында да құсты сою технологиясы жайында толығымен сипатталған. Құсты іштен не сырттан бауыздап сояды. Сырттан бауыздарда құстың аяғын байлап іледі де, қанаттарын айқастырады. Бауыздалған құсты қаны ағып болғанша басын төмен қаратып іліп қояды. Қаны ағып бола сала құстың қауырсынын жұлады. Қауырсыны жұлынған құстың ұшасынан ет пен басқа субөнімдерді алу процесі жүреді. Алынған ет тұздалып сақталады немесе сатылымға жіберіледі.
Бұл курстық жұмыстың өңделу мен көркемделу жұмыстары Б.Т. Тулебаевтың [32] «Құс шаруашылығы, құс өнімдерін өндіру технологиясы» пәнінен курстық жоба дайындауға арналған әдістемелік нұсқауын пайдалана отырып жүргізілді.
2.1. Бройлер тауықтары мен балапандарын өсіру
Бройлер (ағылш. broіler; broіl – отқа қақтау) — ет бағытындағы тауықтың тез жетілгіш, будан балапаны. Оның 40-60 күндігіндегі салмағы 1,4-1,7 кг-ға дейін жетеді. Әр 1 кг үстеме салмақ алу үшін 2,0-2,5 кг жем жұмсалады. Бройлердің толық тазаланған ұшасының түсімі орта есеппен 60-62%. Етінің дәмі, қоректілігі мен сапалығы ересек құстардікінен әлдеқайда артық болады. Бройлер өсірумен арнайы ірі құс шаруашылықтары айналысады.
Бройлер
өсіру ет және ет-жұмыртқа бағы
Бір тауық қорада ұстайтын балапан санын 1 м2 жерге 18-20 есебімен анықтайды. Жемді үстемелеп беріп, суды күніне кем дегенде 2 рет ауыстырып отырады. Межелі салмаққа жеткеннен кейін балапандар етке өткізіледі. Балапандарды, көбінесе, 56 күндігіне дейін ұстайды. Сондықтан Бройлер өсіру жылына кем дегенде 4-5 рет қайталанады. Тауық қораны келесі бройлер тобын қабылдауға жоғарыда айтылғандай тәртіппен қайта дайындайды. Әдетте бұл дайындау мерзімінің ұзақтығы 14 күннен аспайды.
Қазақстанда бройлер өсіру ірі құс фабрикаларында (Алматы, Қарағанды, т.б.) жүзеге асырылады.
Бройлер – тез өсіп жетілетін, еті жұмсақ та дәмді болып келетін, азықтандыру шығындары оны өсірушіге неғұрлым арзанға түсетін тауық түрі. Әдетте бройлер тауығын 6-9 аптаның ішінде, салмағы 1,5-2 килоға жеткен кезде сойып, пайдаланады. Бройлер еті диеталық тағам түріне жатады. Оның етінің құрамында 22,5 пайызға дейін белок болады. Бұл белоктардың 92 пайызы адам денсаулығы үшін өте пайдалы амин қышқылдарынан тұрады.
Тауықтарға арналған лайықты қора – олардың денсаулығы мен өнімділігінің жақсы болуы үшін ең басты алғышарт. Тауыққора тауықтар еркін қозғалуы үшін кең (қолайсыз ауа райы кезінде, қыс мезгілінде тауықтар үнемі қорада болатындықтан), қолайсыз ауа райы ықпалынан қорғау үшін шатыры, қабырғалары мен едені жетерліктей ылғал мен жылу өткізбейтін, сонымен қатар жарық, жақсы желденетін және оңай тазаланатын болуы керек.
Тауық – қысқа ас қорыту жолы бар тамақ талғамайтын құс. Ол ең алдымен, азотты заттарға бай концентрацияланған дәндер, жануарлардың ақуызы және т.б жемдерді қажет етеді. Құнарландырылған жемдер тауықтардың тамақтануының үштен екісін, ал қалған бөлігін тамақ қалдықтары мен минералды заттар құрағаны жөн. Жұмыртқалау кезінде тауық кальцийді көп мөлшерде қажет етеді. Егер оның қорегінде кальций аз болса немесе сіңімді болмаса тауықтар сылақты, ең жаманы жұмыртқаны шоқи бастайды. Жұмыртқаламайтын кезеңде ересек тауықтар үшін дән мен үй шаруасының қалдықтары іспетті қорек жеткілікті. Ал жұмыртқалау кезінде жұмыртқа шығаратын тауықтарға арналған құрама жем қажет. Жаз мезгілінде тауықтарды сыртқа шығару үшін арнайы алаң қарастыған жөн, ал қыстыгүні жоңышқа, қалақай ұндарымен, тамырлы жемістермен қоректендірген дұрыс. Қыс мезгілінде жасыл жемнің орнына тауықтар дұрыс қоректену үшін тамырлы түйнекті жемістерді азығына (картоп, қызылша, сәбіз және т.б.) қосу керек. Жұмыртқалау кезінде тауықтарға дәннің бір бөлігін өскін түрінде беру қажет.
Бройлер тауықтарын азықтандырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Өйткені, мұндай тауық түрлері құрамында азот пен белок молынан кездесетін құнарлы азық түрлерін қажет етеді. Мұндай құнарлы заттар ең алдымен астық дәндерінде молынан кездеседі. Бройлер тауығы жейтін азықтың 3/2 бөлігін астық дәндері, ал қалған бөлігін түрлі тамақ қалдықтары мен минералды заттар құрағаны жөн.Бройлер тауықтарының жұмыртқалау кезінде оларға берілетін азық құрамында кальцийдің молырақ болғандығын ескеру қажет. Осы кезде оған құрамында молынан кездесетін құрамажем әзірлеп беру керек. Егер азық құрамында кальций жеткіліксіз болса, онда тауықтар еден сылақтарын шұқи бастайды. Тіпті кейбір жағдайда өз жұмыртқаларын шұқып, оларды жарып та тастайды. Ал жұмыртқалау кезеңі аяқталған шақта оларды астық дәндерімен және түрлі тағам қалдықтарымен азықтандыра беруге болады.
Жазғы уақыттарда тауықтарды далаға шығарып, жайып алған жөн. Бұл кезеңде тауықтар еркін жайылу арқылы өз ағзаларына қажетті азық құрамын өздері тауып жей алады. Ал қысқы кезеңде қолда тұрғанда олар жеміс тамырларымен, жоңышқамен және ұнтақталған қалақаймен азықтандырылады. Әрине, қысты күні тауыққа қажетті жасыл өсімдіктер тауып беру қиын болатындықтан, азық рационына картоп, азықтық қызылша, сәбіз және шөпті қосуға болады. Тауыққа жұмыртқалау кезінде дәннің бір бөлігін ылғалдандырып беру керек.
Бройлерді өсіру үшін көп жағдайда бройлерлі құс фабрикаларынан немесе құс өсіру станцияларынан балапанның етті түрін таңдап алу қажет. Балапандарды 1 тәулік пен 3 тәулік аралығындағы жас шамасында алу қажет. Балапан өсірудің өнімді әрі тиімді жүйесі – торда ұстау. Торлық жүйеде бройлерлер салмақты жылдам жинайды және кеңістіктің тар болуы себебінен жемді аз жейді.
Торды қолдан дайындауға да болады: еден мен алдыңғы есік ретінде шыбықтардан жасалған торды пайдалануға болады. Әр балапанға ұзындығы кемінде3 см. болатын жемдеу орны беріледі. Міндетті түрде жемдеу орнында жем үнемі болуын қадағалап отыру қажет. Ең дұрысы дәндер қоспасымен толтырылатын цилиндр тәрізді аспалы жемдеу ыдыстарын пайдалану. Сонымен қатар әр балапанға1,5 см. есебімен су ішетін ыдыс қажет.
Балапандар қатайғаннан кейін оларды құс қораға ауыстырады. Балапандардың дұрыс өсуі мен дамуын қамтамасыз ету үшін тауыққораның бірқалыпты температурасын ұстап тұру қажет. Интенсивті жемдеп, дұрыс күтіп-баптаса бұл тауық өсіру әдісі 48-70 күнде1,5 кг салмақ мөлшерінде құс етін алуға мүмкіндік береді.
Бройлерлерге жем ретінде
Бұл өндірістен пайда тек өткізу нарығын дұрыс жолға қойғанда ғана түседі. Сондықтан, қай сауда нүктелерінде бұл өнімді өткізуге болатынын анықтаңыз. Өткізудің тағы бір жолы – мейрамхана, дәмхана басшыларымен көтерме бағамен жеткізу туралы келісу.
Болжамды есептеулер.
Бройлер өсірудің мөлшерлі шығындары: Бір балапан шамамен алғанда 300 теңге тұрады. Егер сіз 30 балапан сатып алатын болсаңыз, оған 9 мың теңге жұмсайсыз. Бройлер тауығына қажетті 1 кило азықтың бағасы 67 теңге. Оларды 2 ай азықтандыру үшін сізге кемінде 80 килодай жем қажет болады. Сонда сіздің оған жұмсайтын шығыныңыз шамамен алғанда 5500 теңгені құрайды.
Сөйтіп, сіз 30 балапанды сатып алып, оларды азықтандырып өсіріп жеткізу үшін барлығы 15 мың теңге көлемінде шығын шегесіз.
Бройлер өсіруден түсетін мөлшерлі кірістер:Бір бройлер тауығын сатқанда одан кем дегенде 1200 теңге пайда табуға болады. Сонда сіз 30 тауықтан 36 мың теңге пайда көре аласыз. Әдетте, бұл кәсіппен шұғылданған адам тек 30 балапанды сатып алып бағумен шектелмейтіні анық. Өйткені, бұл кәсіптен дұрыс пайда көру үшін ең кемінде жүздеген тауық өсіру қажет. Сонда ғана сіздің жоғарыдағы табысыңыз бірнеше еселеп арта түсетін болады.
Қысқаша есептеу жолы:
Құс етінің бәсекеге қабілеттілігі – құс фабрикалары үшін бәсекелік артықшылықтар туғызып, нарық үлесін жаулау, сақтау, жоғарылатуға мүмкіндік беретін экономикалық көрсеткіштер мен тұтынушылық қасиеттердің жиынтығы. Құс шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін қарастыруда бұндай өнімдердің өндірісіндегі және оларды өткізудегі ерекшеліктеріне тоқталу керек:
- құс шаруашылығы өнімдері бұқаралық сұраныс өнімдері қатарына жатады, әдетте тұтынушылар оны сатып алуда аса көп ойланбайды, соған байланысты өндірушілер нарықтағы тұтынушының қалауын қанағаттандыру үшін өндірілетін өнім сапасын жоғарылату, ассортиментін кеңейту, емдік қасиеттері жоғары құс өнімдері өндірісін қолға алу сияқты тауар саясатына қатысты мәселелерді үнемі қарастырып, нарық талаптарына сәйкестендіріп отыруы олардың бәсекеге қабілеттіліктерін жоғарылатады;
- құс шаруашылығы өнімдері тез бұзылатындықтан оларды тасымалдайтын арнайы көліктер мен сауда құрал-жабдықтарына деген қажеттілік туады. Бройлер балапанының еті нарық жағдайлары мен бағаға қарамастан қажет салмаққа жеткен кезде, ал жұмыртқа ұзақ сақталмай, кідірместен сатылуы керек.
Жалпы алғанда, басқа ет түрлері нарығымен салыстырғанда құс етінің әлемдік нарығы жедел дамып келеді. Соңғы 20 жылда бұл ет түрінің өндірісі 30 миллионнан 75 млн тоннаға өскен. Әлемдегі құс етін өндіру мен тұтынуда нарықтың негізгі үлесін тауық еті алады. Бүкіл құс етінің 30%-ға жуығы Азияда, Солтүстік және Орталық Америкада өндіріледі. Оңтүстік Америка мен Еуропаның үлесі шамамен 15% құрайды. Солтүстік және Орталық Америка, Азия сияқты ірі өндіруші аймақтарда АҚШ, Бразилия, Қытай мемлекеттері көшбасшы болып табылады, олардың әлемдік құс еті өндірісіндегі үлесі 55%. Өзіндік құны бойынша құс еті қымбат ет болып отыр. Құс өнімдерінің өзіндік құны жоғары болуының негізгі себебі материалдық шығындардың жоғары болуы, олардың үлесі құс өнімінің өзіндік құнында жылдан жылға өсіп келеді. 1997-2004 жылдар аралығында құс етінің өзіндік құны 7,4%, жұмыртқаның өзіндік құны 29,1% өскен. Өнімдердің өзіндік құнының өсу себептеріне келетін болсақ, өнеркәсіптік негіздегі құс шаруашылығы кәсіпорындарының қызметі көптеген жабдықтаушылармен тығыз байланыста жүреді. Олар құрал-жабдық, жем-шөп, дәрумендермен және басқа да қажет заттармен қамтамасыз етушілер. Бұл жерде, әсіресе, құрамдас жеммен қамтамасыз етушілердің маңызы жоғары, өйткені, құс өнімдерінің өзіндік құнының құрамындағы жем-шөптің үлесі 73,9% құрап отыр. Құс етінен жасалатын өнімдердің толық өзіндік құнында тұрақты шығындар 13%, оларды өндіріс көлемін ұлғайту және әкімшілік шығындарды төмендету арқылы қысқартуға болады. Өзіндік құнның 87%-ын, яғни, өзгермелі шығындарды тауықтарды өсіру мерзімін қысқарту, толық рационды жеммен қамтамасыз ету, құстардың өнімділігін арттыру, жемдеу жұмыстарын автоматтандыру арқылы еңбек ақы шығындарын азайту негізінде төмендетуге болады.

- Брокерская деятельность на рынке ценных бумаг
- Брокерская и дилерская деятельность
- Брокерская (риэлтерская) фирма, её функции и организация деятельности
- Брокерская (риэлтерская) фирма, её функции и организация деятельности
- Брокерская фирма, функции, биржевые торги
- Брокерские интернет-услуги
- Брокерские интернет-услуги
- Бродяжництво та бездоглядність дітей як соціально-педагогічна проблема
- Бродяжництво та безпритульність як соціально-педагогічна проблема
- Бродяжничество детей как социально-педагогическая проблема
- Бродяжничество и беспризорность детей как социально-педагогическая проблема
- Бродяжничество и беспризорность как социально-педагогическая проблема
- Бродяжничество как форма девиантного поведения молодежи
- Брожение пива в ЦКТ