«Деканат» деректер қорының жобасы
Мазмұны
Кіріспе ..............................
1-бөлім.Деректер қорын жобалау,жалпы түсінік
1.1Мәліметтер қорын жобалау кезеңдері,әдістері,режимдері..
1.2 Деректер қорының
моделі және түрлері.......................
1.3 Мәліметтер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ).
Ақпараттарды кестелік өңдеу.........................
2-бөлім. «Деканат» деректер қорының жобасы
2.1 Кесте құру..........................
2.2 Пішім(Форма)құру.. ..............................
2.3 Сұраныс(Запрос)құру...........
2.4 Есептер (Отчеты) жасау.........................
Қорытынды ..............................
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі........................
Кіріспе
Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер қоры басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық – программалық кешендермен қарым – қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәліметтер ғана емес, ақпараттар да сақтай аламыз.
Жобалау – бұл
мәліметтер қорын теориялық
Microsoft Access жүйесінің деректер қорын жобалауға да және оны пайдалануға да ыңғайлы жақсы мүмкіндіктері бар. Access-ті қолданбалы программалар ішіндегі қолдануға арналған ең қолайлы құрал болып табылады.
Деректер қорының маңыздылығы ол мәліметтер қорын енгізіп, сол мәліметтерден керекті мәліметтерді тез және оңай алу үшін қолданады. Бұл жұмыста «Деканат» қосымшасы туралы деректер қоры құрылған.
«Деканат» қосымшасын құру негізінде деректер қорын басқару жүйесінің қолдану аясы кең, оның мәнінің жоғары болуын және қазіргі кезде мәліметтерді сақтау және өңдеу жұмыстарын соңғы жылдарда шыққан программалық өнімдер арқылы жылдам әрі тиімді ұйымдастыруға болатынын анықтау. Бұл курстық жұмыстың өзектілігін көрсетеді.
Access терезесімен жұмыс істеуіне бағытталған, өте қолайлы программа болып табылады. Access кестелері, формалар, сұраныстар, есептер, макростар және модульдер сияқты мәліметтер базасының объектілерімен жұмыс істейді.
Курстық жұмыстың мақсаты: «Деканат» қосымшасын құру және деректер қорымен жұмыс істеу кезінде институттағы деканат бөлімінің жұмыс барысын жеңілдету. Осының негізінде деректер қорының басқа да салаларда қолданысын мүмкін екендігіне көз жеткізу. Осы мақсатқа жетудегі негізгі міндеттері төмендегідей:
1) Деректер қорын басқару жүйесінің негізін ашу;
2) Деректер қоры теориясымен танысу және ДҚБЖ түрлерін қарастырып, олардың ішінен жүйе құру үшін ең тиімді болып табылатынын таңдап алу;
3) Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесінде «Деканат» қосымшасы бойынша мәліметтер қарастыру;
4) Microsoft Access – те кестелер, сұраныстар, пішімдер,есеп берулер арқылы ақпараттық жүйе құру.
Мәліметтер базасын жобалау технологиясы (Технология проектирования базы данных; database design technology) — мөліметтер базасының логикалық және нақты модельдерін құру жөне жөндеу, әдістер мен тәсілдерінің жүйесі.
Курстық жұмыс - кіріспеден, 2 бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер келтірілген.
1-бөлім.Деректер қорын жобалау,жалпы түсінік
1.1 Мәліметтер қорын жобалау кезеңдері, әдістері, режимдері
Мәліметтер қорын құрғанда оған қандай мәліметтер енгізілетінін, қалай сақталатынын, қандай өрістер түйінді болатынын, оларға қалай шығуға болатынын және өрістердің типін айқындау керек. Бұл процесс мәліметтер қорын жобалау деп аталады. Жобалау компьютердің көмегінсіз жасалады.
Мәліметтер қоры жобалауға мәліметтерді ұйымдастыруды 3 кезеңде: ақпаратты – логикалық (инфологиялық), даталогиялық (концепталдық) және физикалық деңгейлерде қарастыру қабылданған. Бұл деңгейлерге пәндік саланың инфологиялық, концепталдық және физикалық модельдері сәйкес келеді. Жобалаудың бүкіл процесін 3 кезеңге бөлуге болады.
Мәліметтер қорын құрғаннан кейін жазбалармен келесі: жазбаларды қосу және өшіру, түзету, ақпарат іздеуді жүзеге асыру, сұрыптау, сұрау бойынша есеп беру амалдарын орындауға болады. Ақпарат іздеу іздеу шарты бойынша жүзеге асырылады. Іздеу шарты логикалық өрнек түрінде жазылады.
Ақпаратты жылдам табу үшін мәліметтер қорындағы жазбаларды сұрыптап алған жөн. Жазбаларды өрістері бойынша өсу немесе кему ретінде алфавиттік ретте сұрыптап, тек содан кейін ғана өзімізге қажет категориялар бойынша ақпарат алуға болады.
Компьютерлік мәліметтер қорын бірнеше әдістермен құруға болады:
1. Программалаудың алгоритмдік
тілдері Basic, Pascal, C++ т.с.с. көмегімен.
Бұл әдісті тәжірибелі
2. Программалау ортасы көмегімен, мысалы Visual Basic, Delphi. Бұл әдіс программалау іскерлігін және программалау ортасында жұмыс жасау дағдысын қажет етеді. Оның көмегімен мәліметтер қорын жасаудың жеке ерекшеліктерін талап ететін мәліметтер қорын құруға болады. Мұндай мәліметтер қорын тәжірибелі қолданушылар үшін құрады.
3. Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) деп аталатын арнайы программалық жабдық көмегімен құруға болады. Бұл жүйе компьютерде жұмыс жасау іскерлігін ғана қажет етеді.
Әдетте мәліметтер қорымен
жұмыс істейтіндерді екі
Бірінші категориясы – жобалаушылар. Олардың міндетті тапсырыс берушінің мақсатына сай мәліметтер қорының кестелерінің құрылымын анықтап беру. Жобалаушы мәліметтер қорын нақты мәліметтермен толтырмайды.
Екінші категориядағы мәліметтер қорымен жұмыс атқарушылар – қолданушылар. Олар жобалаушы құрған дайын мәліметтер қорды толтырумен айналысады.
Осыған сәйкес мәліметтер қорымен жұмыс істеудің екі режимі бар: біріншісі мәліметтер қорын құрып, оның құрылымын өзгертіп, оның обьектілерін құруға арналған болса, екіншісі дайын мәліметтер қорын пайдалануға арналған.
Мәліметтер схемасын даярлау. Тапсырыс берушінің тұтынатын мәліметтерінің негізгі бөлігін анықтап алып, мәліметтер қорының құрылымын дайындауға болады. Мәліметтер қорын оның негізгі обьектісі – кестелерінің құрылымын дайындаудан бастайды.
1. Жұмыс негізгі өрістер
тізімін құрудан басталады (
2. Әр өріске қандай мәлімет орналасқанына қарай ондағы мәліметтердің типтері анықталады.
3. Жалпы тізімдегі өрістерді негізгі кестелерге орналастырады. Егер кестенің қайсыбір өрісіндегі жазбалар қайталанатын болса, онда бұл кестені екі бөлікке бөледі.
4. Әрбір кестеде түйінді
өріс белгіленеді. Мұндай өріс
ретінде мәліметтері
5. Егер өрістер тізімінде мұндай өріс болмаса, оны әдейілеп құруға болады.
6. Қағаз бен қарындаштың
көмегімен кестелер арасындағы
байланысты сызып көрсетіледі.
Кілтті өрістер кестелерде
7. Кестелер арасындағы байланыс бірнеше типті болады: бірден біреуге және бірден көпке. Бір жағында әрқашан да түйінді өріс тұрады (қайталанбайтын айрықша мәнді). Көп жағындағы сол өрістің мәні бірнеше рет қайталанады.
8. Мәліметтер схемасын
жасаумен мәліметтер қорын құру
Мәліметтер қорын басқару жүйесінің екі жұмыс режимі бар: жобалаушылық және пайдаланушылық. Бірінші режим қор құрылымын құру немесе баяндауға және оның объектілерін жасауға арналған. Екінші режимде қорды толтыру немесе одан мәліметтер алу үшін бұрын дайындалған объектілер пайдаланылады.
Жобалаушы кесте құрылымдарын мәліметсіз жасайды және оны тапсырыс берушімен бірге келісіп, бір қорытындыға келеді. Қорды құрушылар базаны нақты мәліметтермен толтырмайды (тапсырыс беруші оларды құпия деп санауына болады және бөгде адамдарға ұсынбайды). База объектілерін қалау кезеңін де үлгілік мәліметтер мен эксперименттік толтыру бұған қосылмайды.
Қорды пайдаланушы - формалардың көмегімен оны ақпаратпен толтырады, мәліметтерді сұрау салулардың көмегімен өңдейді және қорытындыны нәтижелік кестелер мен есептер түрін де алады. Жалпы жағдайда пайдаланушылардың қызметі - нақты жұмыс парағында қарастырылғандарға қор құрылымын басқаруға қолы жететіндей құралдары жоқ.
Қазіргі кезеңде МҚБЖ-нің бірнеше түрі бар. Олардың ішінде белгілі және әйгілілері Access, FoxPro, Paradox. Мәліметтер қорын басқару жүйесі мәліметтер қорын құруды, мәліметтерді өңдеуді, қандай да бір шарт бойынша қордан мәліметтерді таңдауды және қор негізінде әр түрлі формаларға есеп берулерді құруды жүзеге асырады.
Егер мәліметтер топтастырылмаса, толығымен реттеліп отырмаса, біз мәліметтер былығында қалар едік. Мәліметтерді реттеу үшін мәліметтер тақырыптары, өзара қисынды біріктірілген арнайы анықтамалар, каталогтар, карточкалар, энциклопедиялар және т.б. бар.
Осындай үлкен көлемді мәліметтерді сақтау, өңдеу және іздеу үшін компьютерде арнайы программа бар. Мұндай программалар мәліметтер қорын басқару жүйесі деп аталады.
Мәліметтер қорын басқару
жүйесі (МҚБЖ) - бағдарламалық жабдық,
оның көмегімен мәліметтер қоры құрылады,
соның негізінде ақпаратты
МҚБЖ - нің негізгі үш функциясын бөліп көрсетуге болады:
- Мәліметтерді анықтау (data definition) - мәліметтер қорында қандай ақпараттар сақталатынын анықтай аласыз, мәліметтер құрылымын және типін, сонымен қатар бұл мәліметтер бір-бірімен қалай байланысқанын көрсете аласыз. Кейбір жағдайларда мәліметтерді тексеру форматы мен критериін беруге болады;
- Мәліметтерді өңдеу - мәліметтерді әртүрлі тәсілдермен өңдеуге болады. Мәліметтерді онымен байланысқан басқа бір ақпаратпен байланыстырып, нәтиже мәнін есептеуге болады;
- Мәліметтерді басқару - мәліметтерді басқаруда мәліметтермен кім танысуына болатынын көрсетіп, оларды өшіріп немесе жаңа ақпарат қосуға болады. Сонымен қатар мәліметтерді ұжымдық қолдану ережелерін анықтауға болады.
Бір базада орналасқан мәліметтер
өзара қисынды байланысқан
Деректер қорын жобалау технологиясын жаңа түрде келтіру.
Сұраныс - сақталынған мәліметтерді өшіру немесе түрлендіру, таңдау бойынша амалдарды анықтайтын, арнайы түрде сипатталатын қажетті құрал болып табылады. Сұраныстарды орындау нәтижесі жауап деп аталатын жаңа кесте немесе жаңартылған кесте болып табылады. SQL сұраныстар тілі айнымалы реляциялық есептеулерге негізделген. SQL -тілі кестелерге амалдар қолдануға (құру, өшіру, құрылымын өзгерту) және кесте мәліметтеріне (таңдау, қосу, өшіру, өзгерту) амалдарын орындауға арналған. SQL тілі процедуралық емес тіл болып табылады. Сондықтан ішкі программадағы ұйымдастыру, енгізу- шығаруды басқару операциялары қамтылмайды. SQL-ді пайдаланудың екі әдісі бар:
1) Статистикалық
2) Динамикалық
Бұл тілдің негізгі міндеті: сұраныстарды даярлау мен орындау болып табылады.
Деректер қорын жобалау техникасы жүйесінің тиімділігі.
Ақпараттық жүйелердің тиімді
жұмыс жасауы олардың
Архитектура коорпоративті
деректер қоры және дербес деректер қорын
қосатын компьютерлік желі. Соған
қатысты бұл архитектура
- Деректер қорының моделі және түрлері
Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) - көлемді мәліметтер жиынын тұтынушыларға ыңғайлы түрде бейнелеп, белгілі бір форматта сақтап қана қоймай, оны ары қарай өңдеуге арналған программалар кешені.Оның өзіне тән модельдері бар.
1.Иерархиялық модель - мәліметтер арасындағы байланысты реттелген графтар арқылы сипаттауға болады. Қандайда бір программалау тілінде иерархиялық деректер қоры құрылымын есептеу үшін тармақ мәліметтер типі пайдалынылады.
2.Желілік модель - мәліметтердің элементтерінің еркін графтар түріндегі өзара байланысын білдіреді. Желілік деректер қорының схемасын сипаттауға екі тип пайдалынылады: жазба және байланыс.
3.Реляциялық модель - мәліметтердің реляциялық моделін JBM фирмасының қызметкері Эдгар Код ұсынған және ол қатынас ұғымына негізделеді.
Қатынас деп – картеж деп аталатын элементтер жиынын айтады, қатынасты бейнелеудің көрнекті формасы екі өлшемді кесте болып табылады.
4.Постреляциялық модель - мәліметтердің постреляциялық моделі кестенің жазбаларында сақталған мәліметтердің бөлімбеушілік шектеуін алып тастайтын кеңейтілген реляциялық моделі болып табылады. Постреляциялық модель көп мәнді, яғни мәндерді ішкі мәліметтерден құралған өрістерден тұрады.
5. Көп өлшемді модель - ол көп жүйелерге талдау жүргізу және шешім қабылдау үшін ақпаратты жедел өңдеуге мүмкіндік береді.
Қордағы мәліметтерді қарастыратын көп өлшемді тәсілі реляциялық деректер қорын пайдаланылады. Көп өлшемді жүйелерге талдау жүргізу және шешім қабылдау үшін ақпараттық желі өңдеуге мүмкіндік береді. Обьектіге бағытталған деректер қоры құрамына тармақ түрінде берілген мәліметтер. Бұл деректер қорының логикалық құрамының сырттай иерархиялық деректер қоры ұсынылады.
6.Объектіге бағытталған модель - объектіге бағытталған модель тармақталған түрінде беріледі. Объектіге бағытталған деректер қорының логикалық құрылымы сырттай иерархиялы деректер қорына ұқсас.
Ақпараттың өте
үлкен көлемін өңдеу және
Қазіргі кезде дербес компьютерлерге арналған реляциялық типті МҚБЖ – нің бірнеше түрі: dBASE, FoxPro, Paradox бар. Microsoft Office дестесінің құрамына реляциялық МҚБЖ Access кіреді.
1.3 Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) .Ақпараттарды кестелік өңдеу
Деректер қоры (ДҚ) - aқпараттық жүйелердің өңделетін обьектісі, қоршаған ортаның белгілі бір саласының немесе бір пән аймағының нақты обьектілері жайлы берілген мәліметтер жиыны. Екі өлшемді кестелерден, яғни жолдар мен бағаналардан тұратын мәліметтер базасы реляциялық база болып саналады.
Microsoft Access-Windows ортасында жұмыс істейтін 32-разрядты, реляциялық МҚБЖ, мұнда бір мезетте бірнеше мәліметтер базасының кестелерімен қатар жұмыс істей беруге болады. Реляциялық мәліметтер құрылымын қарапайым етіп құрастырып, жұмыс істеуді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Access кестесін басқа компьютердегі немесе сервердегі мәліметермен байланыстыруға және де мұнда Paradox немесе Dbase МҚБЖ-лерінда жасалған мәліметтерді пайдалана беруге болады. Access мәліметтері Excel кестелермен де оңай мәлімет алмаса алады.
Access Windows-технологияның барлық
1) Кестелер - мәліметтерді сақтау үшін жасалған, өрістерден (бағаналардан) және жазбалардан (қатарлардан) тұратын мәліметтер.
Кесте - мәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған негізгі объект, мәліметтер жиыны. Ол өрістер мен жазбалардан тұрады.
Жазба - кестенің бір қатары, яғни жолы. Ол кесте мәліметтерін сақтайтын негізгі блок болып табылады. Жазба сипатталатын бір объект туралы толық мәлімет береді.
Өріс - кестедегі бағана немесе тік жол. Access-те өріс мәліметтерін сипаттайтын оның бірсыпыра қасиеттері болады. Енгізу өрісі деп басқару элементі ретінде мәлімет енгізілетін бір бағанадағы жолды айтады, оған пернелер арқылы мәндер енгізіледі .
Санауыш - кестедегі жазбалардың реттік нөмерлері орналасатын өріс.
2) Сұраныс - жұмыс істеуші адамның керекті мәліметерді бір немесе бірнеше кестеден белгіленген шарттарға байланысты таңдап алу тәсілі. Таңдап алу жолымен сұраныс беру арқылы кестедегі мәліметтерді жаңартуға, жоюға, көбейтуге немесе бұрынғы кестелер негізінде жаңа (виртуальды) кестелер құруға болады. Access-те сұраныстардың бірнеше түрі бар.
3) Форма - мәліметтерді экранда бейнелеу жолы немесе оларды басқару мүмкіндіктері, яғни өзара байланысқан мәліметтерді тұтынушыға ыңғайлы түрде бейнелеуге, қарауға немесе енгізуге арналған тәсілдер.
4) Есептер - мәліметтерді баспаға шығарып қағазда бейнелеу тәсілі, яғни қағазға басып шығаруға арналған тәтижелік құжаттар.
Конструктор - мәліметтер базасы обьектінің (кестелер, сұраныстар, формалар, басылымдар, макростар, модульдер) қасиеттерін анықтау режимі.
Шебер - белгілі бір мақсатта шектеулі әрекеттер жиынын біртіндеп орындайтын программа. Шеберлер оны орындайтын адаммен сұхбаттасу ісін атқара отырып, қойылған мәліметтерді программаға енгізуді қамтамасыз етеді.
5) Макростар - Visual Basic for Application (VBA) тіліндегі программалар сақталады және олар қолданбалы программаларды құру кезінде стандартты емес процедураларды іске асыру үшін жасалады.
Access-те тұтынушыға өз есептерін ойдағыдай шағаруға мүмкіндік беретін әртүрлі диалогтық құралдар бар, оларға меню командалары, саймандар тақтасындағы батармалар, суырылып шығатын түсініктемелік сөздер, Конструктор, Шебер программалары жатады.
Access деректер қорын басқару жүйесімен жұмыс істеу тәсілдері Windows ортасындағы графикалық объектілермен (терезе, тізім, ауыстырып қосқыш, жалауыша, батырма, тағы сол сияқты), жұмыс істеу тәрізді орындалады .
Кесте аралық байланыстың схемасы
Тапсырыстар кестесіндегі кілт өрісі – тапсырыстар коды болады. Онда кім, қашан, қандай бағаға нені тапсырғаны туралы айтылады. Бұнда тағы да қай жұмысшы тапсырманы іске асырғаны туралы білуге болады. Бір жұмысшы көп тапсырманы қабылдай алмағандықтан тапсырыстар кестесінде қызметкер коды өрісі не бірегей, не кілт өрісі бола алмайды, бірақ та қызметкер кестесінде бұл өріс бірегей болады. Мұндай кестелерді реляциялық қатынасты байланысқан кестелер деп аталады. Сәйкесінше, байланысқан кестелермен жұмыс жасай алатын басқару жүйелерін реляциондық ДҚБЖ деп атайды, ал деректер схемасын техникалық әдебиеттерде реляциондық қатынасты схема деп атайды .
Деректер схемасын жасап болғаннан кейін, техникалық тапсырманың «қағаздық» кезеңі бітеді. Бұл схеманы жұмыстың тапсырушысымен ақылдасып келістіру керек, содан кейін барып деректер қорын құруға кірісуге болады. Бірақ мынаны ұмытпау керек, жобаны жасау барысында жұмысты тапсырушының басына жаңа идеялар келіп отырады. Жобалаудың барлық кезеңінде ел бір жүйеге мекеменің барлық жаңа бөлімдері мен қызмет ету орындарын кіргізуге тырысады. Тапсырушының барлық тілектерін орындау мүмкіндігі көбінде деректер қорын жасаушының мамандық дәрежесімен анықталады. Егер деректер схемасы дұрыс болса, қорға жаңа кестелерді қосу қиын емес. Ал егер қордың құрылымы тиімсіз болса, жобалаушы қиын сынақтан өтіп, тапсырушымен қайшылыққа ұшырайды. Орындаушы мен тапсырушының арасындағы қайшылық әрқашан орындаушының мамандық дәрежесінің төмендігін көрсетеді. Сондықтан деректер қорын алдын ала жобалау кезеңін негізгі кезең деп санау керек. Оның табысты болуынан, деректер қорының қаншалықты ыңғайлы болатыны және қолданушылар онымен жұмыс істеуі тәуелді болады. Егер қолданушылардың оған сұранысы болмаса, бұл олардың төмен дәрежелі қолданушылар болғаны емес, қорды жобалаушының мамандық дәрежесінің төмен болуының айғағы .
Деректер қорын алдын
ала жобалау осы кезеңде
2-бөлім. «Деканат» деректер қорының жобасы
2.1.Кесте құру
«Деканат» атты деректер қоры бөліміне арналған мәліметер қоры құрылады, осы құрылған деректер қоры туралы айтып өтсем.
Жұмысты бастау үшін Пуск→Программалар→Microsoft Access командалрымен орындалады немесе жұмыс үстеліндегі Access белгішесін екі рет шерту қажет.
Осы терезедегі “Жаңа деректер қоры” құрлымыннан “Деректер қорын ашу” пунктін таңдау қажет.Және оны «Деканат» атымен сақтаймыз.
2.1-сурет. Access терезесінде Деканат
деректер қорының құрылу
Мәліметер терезесі ашылады. Сол терезеден Кестелер батырмасын басып мәліметтерді енгізуге болатын, конструктор режимін таңдаймыз.Осы конструктор режимін екі рет шерткен кезде кесте шығады. Бұл кестеге мәліметтер бағаналарын енгіземіз. Енгізіп болғаннан кейін деректер қоры ашылады. Осы деректер қорына өзіміздің мәліметтерімізді енгізем.
2.2-сурет.Конструктор режимінде Оқытушылар кестесінің құрылу көрінісі
Жасалған кестені Оқытушылар деген атпен сақтаймыз. Ол үшін «Жабу» белгісін басамыз. Ашылған терезеде кестенің атын сұрайды, оған Оқытушылар деп теріп, ОК батырмасын басамыз.
Кесте режімінде жұмыс.
1. Кесте режимінде
деректерді енгізу мен
Саймандар панеліндегі
батырманы шертеміз;немесе Вид –
Режим таблицы комндаларын
2. Кестені толтыру. Кестеміздің өрістерін берілгені бойыша толтырамыз. «Қызметі» өрісіне дұрыс емес деректер енгізілген жағдайда не болатынын байқаймыз. Өйткені біз деректер қорына Конструктор режимінде өңдеу жасаған болатынбыз.Яғни,«Қызметі» өрісіне енгізілетін деректерге шектеу қойғанбыз; тек қана Профессор, Доцент немесе Ассистент сөздері енгізілуі үшін.Басқа жазба енгізер болсақ(мысалы Лаборант сөзін) ,экранда «Ондай қызмет жоқ, деректерді дұрыс енгізіңіз» деген хабарлама шығады.
2.3-сурет.Оқытушылар кестесінің толтырылу көрінісі
Осындай ретпен келесі үш кесте жасаймыз: Студенттер, Бағалар және Пәндер деп аталатын.
- Студенттер кестесін жасау үшін төменде берілген кестеге сәйкес кестенің өрістерін анықтап алып, Студенттер кестесінің құрылымын Конструктор арқылы жасаймыз.
2.4-сурет.Конструктор режимінде Студенттер кестесінің құрылу көрінісі
Кілттік өріс ретінде «Студенттің кодын» береміз. Ол үшін «Студенттің кодын» өрісін шертіп, одан соң саймандар панеліндегі батырмасын шертеміз немесе Правка– Ключевое поле командаларын орындаймыз. Кестені Студенттер деген атпен сақтап, кестені жабамыз.
Осы ретпен келесі Бағалар кестесін құрып,оны Бағалар атымен,Пәндер кестесін құрып,Пәндер атымен сақтаймыз.
2.5-сурет.Конструктор режимінде Бағалар кестесінің құрылу көрінісі
Ескерте кететін бұл кестеде кілттік өрісті жазудың керегі жоқ, өйткені деректер қайталануы мүмкін. Кестені Бағалар деген атпен сақтап, кестені жабамыз.
2.6-сурет.Конструктор режимінде Пәндер кестесінің құрылу көрінісі
Бұл жерде Кілттік өріс ретінде «Пән кодын» береміз. Кестелер кейін форма режимінде толтырылады. Кестені Пәндер деген атпен сақтап, кестені жабамыз.
Келесі деректер қорының сызбасын құрамыз, яғни ол кестелер арасындағы байланыстарды орнату үшін. Ол үшін Оқытушылар, Студенттер, Бағалар, Пәндер кестелерін өзара байланыстырамыз.Сол кезде мынадай сызба пайда болады.
2.7-сурет.Бағалар,Оқытушылар,
Макетті сақтап терезені жабамыз.
2.2.Пішім(Форма)құру
Microsoft Access-те пішін(форма) жасаймыз, пішін көмегімен кестені деректермен толтырамыз.
Access-тің басқа да объектілері сияқты пішіндерді қолмен (вручную) немесе автоматты түрде бірнеше тәсілмен жасауға болады. Автоматты пішіндердің ең қарапайымы – автопішіндер (автоформалар).
Деректер базасының кестелеріне деректерді толтырудың 2 жолы бар: кесте режимінде немесе форма режимінде.
1. Пішін шебері көмегімен Пәндер пішінін жасаймыз және кестеге келесі деректерді енгіземіз.
2.8-сурет.Пәндер пішімінің құрылу көрінісі
2.9-сурет.Пәндер пішімі кестесінің көрінісі
- Автопішін көмегімен пішін режимінде Студенттер пішінін құрып аламыз.
2.10-сурет.Автопішін көмегімен Студенттер пішінінң құрылу көрінісі
Және студенттер кестесін сәйкесінше пішін көмегімен төмендегіше толтырамыз.
2.11-сурет.Студенттер пішінінің кестесінің көрінісі

- Декарт (4)
- Декларант:понятие,права и обязанности
- Декларант товаров и транспортных средств
- Декларации таможенной стоимости на товары вывозимых с таможенной территории РФ
- Декларация 3НДФЛ
- Декларация на товар как документальная основа таможенной статистики
- Декларация на товары, её характеристика, назначение и применение
- Действующий порядок формирования показателей финансовых вложений на предприятии ООО«Вымпел»
- Декабризм как историческое явление ХIХ века
- Декабристы и их проекты
- Декабристы - цели, планы, деятельность
- Декаданс в русском искусстве
- Декаданс как культурный феномен
- Декаданс.Основные направления декаданса