Демография туралы



                                      Демография туралы ұғым

 

Демография (гректің demos— халық және grapho— жазамын деген сөздерінен алынған) — халықтың санын, құрамын, құрылымын, аумаққа бөлінуін, сонымен қатар олардың уақыт кеңістігіне қарай өзгеруін зерттейтін ғылым. Демография немесе халық статистикасы, халықтың қурамын, құрылымын жынысына, жасына, қызметіне қарай және туу, өлім, көші-қонымен анықталатын қозғалыс процесін зерттейді.

Демография туудың, өлімнің, көші-қонның әлеуметтік, экономикалық, биологиялық, саяси медициналық жағдайға сандық   және   сапалық   әсерін,   сонымен   қатар   еңбек ресурстарының іске асырылуына, көшіп-қонушылардың тұрақтауына, отбасын жоспарлаудың саяси процестеріне байланысты әлеуметтік-экономикалык проблемалардың жиынтығын да корытады. Өмірге бала әкелу дәстүрін реттеу және оны өзгерту бағытын анықтап, ол туралы шешім қабылдайды, адамның құндылық жүйесін, балалы болуға тілегін, оны қанағаттандырудағы материалдық мүмкіндігін, отбасының әлеуметтік мәртебесін, т.б. зерттейді, соған байланысты мемлекеттік билік ұйымдарына тиісті ұсыныстар жасайды.

Туу, өлім, некеге тұру, ажырасу, қала мен село халқының саны және халықтың әр түрлі аумақтарда алмасуының статистикалық көрсеткіші мына белгілеріне байланысты сипатталады: жынысы, жасы, отбасы жағдайы, туған, тұрақты жері.

Халықтың жыныстық-жастық көрсеткішінің екі белгісі болады: біріншісі — белгілі бір аумақтағы (ел, аудан, қала) немесе еңбек ұжымы құрамындағы ер мен әйелдің, ал екіншісі — әр түрлі жастағы адамдардың қатынасы. Бұл құрылымдар биологиялық кескін ретінде каралады. Шын мәнісінде еркек пен әйелдің арасынцағы, болмаса бала мен естияр адамның арасындағы катынастың биологиялық не гізі де болады. Бірақ адамдардың жынысы және жасына байланысты жиынтық сапалар әлеуметтік дамудың нәтижесі. Биология не себепті өмірге ер бала қыздан көп келеді, ал кейін өмірде ер балалар қыздан аз болатындығына түсінік бермейді. Мұндай катынастар әлемнің әр елінде әр түрлі, жастық ерекшеліктер де солай.

Ерлер мен әйелдердің сандық айырмашылықтары, еңбек ұжымдарындағы әр түрлі жыныстық-жастық құрылым әлеуметтік-экономикалық жағдайға, ендірістің кәсіби сипатына, әйелдердің немесе ерлердің еңбегін қажет ететін шаруашылық пен кәсіптік салаларға байланысты.

Халық  саныны көбейту – қоғамның  негізгі мәселерәнің  бірі. Қазақстан  халық  саны  бойынша орташа   мемлекеттер  қатарына  жатады. Халақ  саны  жөніндегі толық  мәліметтерді  халық  санағы  береді.

Алғашқы жалпы  халық  санағы 1897  жылы, ал  соңғы  ҚР Ұлттық  санағы 2009 жылы  25  ақпаннан  6  наурыз аралығында өтті.

Бұл  уақыт  ішінде  Қазақстан  халқы 4  есе өсті.

Елдің ,  аймақтың, елді мекеннің  халқының  саны  екі түрлі  себептерге  байланысты.

Бірінші  фактор-туу  мен  өлудің  нәтижесінде  ұрпақ  ауысуы немесе  халықтың  табиғи  өсімі,  ал  екіншісі – адамдардың бір  жерден  екінші  жерге  қоныс  аударуы, оны халықтың механикалық  қозғалысы (коші-қон) деп  атайды. Туу мен  көшіп  келу  тұрғындар  санын  көбейтсе, өлу  мен  көшіп  кету,  керісінше  азайтады.

Демографиялық  көрсеткіш  бойынша табиғи  қозғалысты 3 типке  бөледі:дәстүрлі, өтпелі  және  қазіргі.

Өтпелі  табиғи  12% -ден  артық  болатын,  ал  қазіргі  өсім  бойынша 12%-ден  төмен. Халық  қозғалысының  бір  типтен  екінші  типке  өтуін  демографиялық  революция  дейді.Қазақстандағы  алғашқы  демографиялық  революция – дәстүрлі  типтің  орнына   өтпелі  типтің  келуімен Ұлы  Отан  соғысы  жылдарынан  кейінгі  уақытқа  тұспа-тұс  келді. Бұл  кезде  өлім  біршама  азайды.  Туу деңгейі  жоғарылып,  табиғи өсім  күрт  жоғарылады.Табиғи  өсімнің  күрт жоғарылауын ғалымдар  демографиялық жарылыс  дейді. Жарылысиан  кейін   туу  біртіндеп  төмендеді. Олай  болу  себебі қалалардың  кобеюі.  Қалаларда  ауылға  қарағанда  туу деңгейі  анағұрлым  төмендеді. 1990 ж  басында  халықтың  өтпелі  типі қозғалысы  қазіргі  заман  типіне  ауысып екінші  демографиялық  революция  болды.

Елімізде  тууды  жлғарылату   және  көпбасылы  отбасыларды  қолдауға  арналған  демографиялық  саясат   жүргізілуде.

Сонымен, демография қоғамдағы адам өмірінің қажетті, елеулі сапалық құрылымын, қозғалысын, оның әлеуметтік-экономикалық өмірмен байланысын зерттеп, қорытады. Демография қоғам өміріндегі өте маңызды құбылыс. Демографияға сүйеніп қоғам өзінің өткен тарихын, казіргісін, болашағын аңғарады. Демография — ғаламдық проблема.

 

 

                    Халықтың көші-қоны ( Миграция)

Халықтың көші-қоны- адамдардың бір  ауданнан екінші  ауданға тұру  үшін қоныс  аударуы  болып  табылады.

Көші-қон-өте  күрделі  әлеуметтік  процесс. Бұл  тек  қана  көшіп бару  емес, барған  жеріне  бейімделуі  керек.Осы  кезде  адамның  жинақылығы, шыдамдылығы, кәсіпшілігі және жаңа  жердің  жағдайына  үйренісу байқалады. Сондықтан  да  халықтың көшіп  қонуы – мемлекеттің  даму  деңгейін  көрсетеді.

              Көші-қонның  қоғамдағы рөлі  ерекше  орында. Ол  қазақ халқының  қалыптасуына, мәдениетіне,  тіліне  үлкен  әсер  етеді. Бұл  процеске  қазір  де  үлкен  мән  берілуде: 1) Шетелдегі  қандастарымыздың елге  қайта  оралуы. 2) Халық  санының  көбеюі  және  жетіспейтіе жұмысшылыр  орнының  толықтырылуы. 3) аумақ  бойынша тиімді орналастыру.

              Бұл мәселелердің  шешімін  табу  мемлекетті модернизациялаудың  алғышарттарының  бірі,  яғни экономикалық  әлуетті  толық  пайдалану.

              Көші-қон – халықтың табиғи қозғалысына және  құрылымына  әсер  етеді.  Мигранттардың көбісі  жастар,  әсіресе әйел  адамдар.  Сондықтан  көшіп  кеушілер  көп  келушілер көп  аймақтарда туған  балалардың саны артады, сыртқы  кетушілер  көп аймақтарда  керісінше  болады.  Көшіп  кеушілер көбейсе,  әйел  адамдардың  саны  артып,  көшіп  кеткен  жағдайда  ер  адамдар  көбейеді. Туу деңгейі  төмен  аудандардан  халықтың  көшуі қарт  адамдардың  санын арттырады. Халық қартайып,  өлім  жоғарылайды табиғи  өсім төмендеп,  аяғынды  депопуляцияға  ұшырайды.

              Бағыты бойынша оны  ішкі  және  сыртқы  деп  бөлінеді.  Сыртқы  көші-қон ға  Эмиграция ( елден кету),  иммиграция ( елге  келу)  және реэмиграция  немесе репатрация (көшіп  кеткендердің  елге  қайта  оралуы) жатады.

Қазіргі  уақытта  демографияны дамыту мақсатында  билік   басында көптеген  шаралар қолданылуда. 

Тұрақты демографиялық және экономикалық дамуды қамтамасыз ететiн көші-қон саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көшi-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасы бекiтiлсiн.

2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары мен басқа да мемлекеттiк органдар (келісiм бойынша) Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi Жоспарда белгiленген iс-шараларды iске асыруды қамтамасыз етсiн және жыл сайын, есептi жарты жылдықтан кейiнгi айдың 10-күнiнен кешіктiрмей Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiне олардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi жыл сайын, есептi жарты жылдықтан кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының әкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.

4. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етудi бақылау мен үйлестiру Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiне жүктелсiн.

5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

 

Қазақстан Республикасы әкіметінің 2001 жылғы 29 қазандағы N 1371 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық Бағдарламасы

 

Атауы:     Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама)

Мақсаты:     Түрақты демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамудың қажетті шарттарын жасауқа, көшiп-қонушылардың құқықтарын iске асыру жөнiнде барлық қажетті жағдайлар жасауқа, сондай-ақ елiмiздiң мемлекеттiқ қауiпсiздiгін нықайтуқа бақытталған көші-қон саясатын қалыптастыру

 

Қысқаша мазмұны:    

сыртқа көшiп кету процестерiн ғысқарту және түрақтандыру;

көші-қон процестерiн реттеу және бақылау, соның iшiнде:

еңбек көші-қонын жоспарлау және басқару;

адамды сатуқа қарсы "күрес";

жасырын және жария Көшi-қонды бақылау және реттеу;

оралмандардың елiмiздiң әлеуметтік-экономикалық және саяси өмiрiне қайта араласуына барынша жәрдемдесу;

босқындарға байланысты, бiр жағынан, олардың әлеуметтік ортақа араласып кетуiне және, екiншi жағынан, олардың өздерi шығған мемлекетiне ерiктi түрде қайта оралуына жәрдемдесуге бақытталған процестердi реттеу;

түрақты экономикалық өсу мен және елімiздiң экологиялық қолайсыз, тоғыраған аймағтары мен қалаларынан кәшумен байланысты iшкi көші-қонды реттеу жөнiндегі негізгі бағыттар берiледi

 

Қаржыландыру көздері:     Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергiлiкті бюджеттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған көздер есебiнен және шегінде жүзеге асырылатын болады. Бағдарламаны қаржыландыру кәлемi тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттік заңнаманы қалыптастыру кезiнде жыл сайын нақтыланатын болады.

 

Күтiлетiн нәтижелер:     Бағдарламаны iске асыру көшi-қонның терiс сальдосының оң сальдоға өзгеруi есебiнен республика халқы санының өсуiн қамтамасыз етедi, көшiп-қонушылардың, оралмандардың құқықтарын iске асыру жөнiндегi қажетті жағдайларды жасайды және елiмiздiң ұлттық қауiпсiздiгiн нықайтады

 

Iске асыру кезеңдері:   

1-кезең - 2001-2005 жылдар

2-кезең - 2005-2010 жылдар

Қазақстан Республикасы Көшi-қон саясатының салалық бағдарламасы елімiз Президентiнiң Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының жағсаруы" жөнiндегі Жолдауын iске асыру мақсатында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Көшi-қон саясатының тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 5 ғыркүйектегі N 1346 қаулысына сәйкес өзiрлендi.

Бағдарламаны Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегі агенттiгі өзiнiң аумағтық органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Көші-қон жөнiндегі Халықаралық Ұйым (бұдан әрi - КХҒ) әкiлдiгінiң жәрдемiмен өзiрледi. әзiрлеуге республиканың басқа да мүдделi Орталық атқарушы органдары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, Көшi-қон проблемаларымен айналысатын ғылыми және ғоқамдық мекемелер мен бiрлестiктер де қатысты.

Халықтың көші-қонын реттеудiң құқықтық негізi 1997 жылғы 13 желтоғсанда қабылданған "Халықтың Көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 15 желтоғсанда бекiткен 1951 жылғы 28 шiлдеде қабылданған "Босғындар мәртебесi туралы" конвенцияда және 1967 жылғы 31 қаңтардағы Босғындар мәртебесiне қатысты хаттамада баянды етiлген.

Бағдарламаны әзiрлеу Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясаттың аса маңызды ғұрамдас бәлiгі ретiндегі орташа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi перспективаға арналған Көшi-қон саясатын қалыптастыру және iс жүзiнде жүзеге асыру үшiн негіз болуға тиiс Көшi-қон саласындағы негізгі бағыттарды белгілеудi, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын мүлтiксiз сақтау жолымен Қазақстан халқының белсендi ықпалдасу саясатын жүргізудi, жұмыспен қамту, кәсiби және қызметтік өсу, бiлiм алу, әлеуметтік қорқау, дiн ұстану бостандықын, мәдени қажеттердi ғанақаттандыру, ұлттық дәстүрлердi сақтау саласында ұлтына қарамастан тең мүмкiндiктер берудi болжайды.

 

Осы Бағдарламаны әзiрлеу кезiнде:

2001 жылдың бас кезiне қарай Қазақстан Республикасында қалыптасған көші-қон процестерi;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiқ демографиялық саясатының тұжырымдамасында көрсетiлген мақсаттар мен мiндеттер;

көші-қон мәселелерi бойынша халықаралық шарттар, Қазақстан Республикасы бекiткен құжаттар;

халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидаттары;

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған даму схемасының және әндiргiш күштердi орналастырудың идеологиясы;

Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiқ бағдарламасы;

"Жiбек жолының тарихи Орталықтарын қайта жаңғырту, түркi тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау" Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы;

 

"Бiлiм беру" мемлекеттiқ бағдарламасы басшылыққа алынған негіз болды.

 

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӨШІ-ҚОН ПРОЦЕСТЕРIН ТАЛДАУ

 

1.1. Қазақстан Республикасындағы көші-қонның әткен кезеңiнiң талдамасы және қазiргі жағдайы

Қазақстан Республикасында болып жатқан Көшi-қон процестерiнiң әткен кезеңiне талдау жасау оның елiмiздiң халқын ұдайы кәбейту процестерiнде елеулi рөл атқаратынын көрсетiп отыр. 80-жылдардың ортасында басталған және әсiресе 90-жылдарда күшейе түскен жаңа үрдiс тек елiмiз Үкiметiнiң ғана емес, осы проблеманы зерттеп жүрген халықаралық ұйымдардың да ерекше назарын аударып отыр.

90-жылдардың ортасында республиканың демографиялық дамуының сипатты ерекшелiктерi халықтың ырықсыз қозқалысындағы болып жатқан процестердiң жоғары қарғынынан байқалады, бұл ең алдымен, оның санының әскелеңдiгiнен көрiнедi.

Елiмiз халқының саны азаюының негізгі себебi көші-қонның терiс сальдосы болды. Халықтың табиғи әсiмi көші-қон ағынымен толықымен жұтылып кетiп отырды.

Елiмiз жыл сайын халықтың көші-қон шығынына ұшырауда, 1991-2000 жылдар аралықында олар 2 миллион адамнан асып түсті. Көшiп кету 1994 жылы шырқау шыңына жетті және көшiп кетушiлердiң саны 477,1 мың адамды ғұрады. Соңғы жылдарда Қазақстан Республикасының аумағынан кетушілер саны күрт азайды және жыл сайын 200 мыңнан 160 мың адамқа дейiн ауытғып отырады.

Бала туудың азаюынан, әлімнiң кәбеюiнен туындаған демографиялық ахуалдың нашарлау жағдайында халықтың Көшi-қон шығынының қолайсыз үрдiсi қалыптасуда. 1991 жылы көшiп кету себебiне байланысты әрбiр мың адамнан 3 адам, 1992 жылы - 10, 1993 жылы - 13, 1994 жылы - 25-ке жуығ, 1995 жылы - 15, 1998 жылы - 13, ал 2000 жылы - 11 адам кемiдi.

Көшi-қон шығынының нәтижесiнде қоқамның демографиялық тұрағсыздықы күшейе түсуде. Халықтың, оның iшiнде оның белсендi бәлiгiнiң сан жағынан азаюы орын алуда. 1993-1994 жылдары Көшi-қон шығыны халықтың табиғи әсiмiн жұтып ғана ғойған жоқ, тиiсiнше одан 1,4 және 2,8 есе асып кеттi. Кетiп қалушылар легiнде негiзгі үлестi еңбекке жарамды жастағы адамдар ғұрады (1994 жылы 63,2%, 1995 жылы 62,8%, 1999 жылы 67% және 2000 жылы 68%). Кетiп қалған азаматтардың шамамен 18-20%-ы еңбекке жарамды жасқа толмаған халықты ғұрады. Осыған байланысты халықтың ғұрамында еңбекке жарамды жастан кәрi адамдардың саны кәбейiп барады және тиiсiнше "халықтың қартаю" үрдiсi күшеюде.

Көшi-қон шығыны еңбек әлеуетiнiң сапалық ғұрамының терiс өзгерiсiн туғызады. Көшiп кетушiлердiң арасында жоғары, аяғталмаған жоғары және арнаулы орта бiлiмi бар адамдардың үлесi 1993 жылы - 39%-ды, 1994 жылы - 46,5%-ды, 1995 жылы - 33,0%-ды, 1999 жылы 38%-ды және 2000 жылы 38,8%-ды ғұрады. Ал бiлiм деңгейi мұндай адамдар аз келедi.

Осылайша, елiмiзде "ағыл-ойдың кетiп қалуы", бiлiктi жұмысшылардың, мамандардың кетуi дейтiн үрдiс түрақты қалыптасуда.

Көшi-қон шығынына бiздiң елiмiздiң әсiресе солтүстiк, батыс және шығыс аймағтары ұшырап отыр. 2000 жылы көшiп кету шығынының неғұрлым жоғары пайызы әостанай, Павлодар және әарағанды облыстарында қалыптасты, бұл облыстарда республиканың славян және немiс халқы неғұрлым кәш шоғырланған.

Көшiп кетiп жатқан халықтың ұлттық ғұрамы саналуан. 2000 жылы кетушілер легінде орыстар - 58%-ды, немiстер - 19%-ды, украиндар - 9%-ды, қазақтар - 5%-ды ғұрады. Келушілердiң арасындағы үлес салмағтың 41%-ын орыстар, 33%-ын қазақтар, 6%-ын украиндар, 4%-ын немiстер, 16%-ын басқа ұлт адамдары ғұрады.

Келушілерден кетушілердiң асып кетуi нәтижесiнде қазақтардан басқа, барлық көрсетiлген ұлттардың Көшi-қон шығыны болды. Алайда көші-қон шығынының ең жоғары интенсивтiлiгі немiс халқының арасында байқалады. 1993 -2000 жылдар аралықында 83 мың қазақтың көшiп кетуiне қарамастан қазақ халқының арасында Көшi-қон әсiмi қалыптасты.

Негізгі көші-қон легі Қазақстан мен жағын шет елдер арасында (Ресей мен Орта Азия республикалары арасында басымырағ), ал немiс ұлтының Көшi-қоны Германиямен арада қалыптасты.

Сыртқы көші-қонның аса маңызды ғұрамдас бәлiгi тәуелсiз құқықтық мемлекеттің қалыптасуы жағдайында ол жаңа сипат, өзгеше саяси және әлеуметтiк-экономикалық мазмұн алатын көшiп келу болып табылады. әазiргі кезде елiмiзге халықтың көшiп келуiнiң зор маңызы бар. Ол белгілі дәрежеде көшiп кетудiң терiс ықпалын жоюқа мүмкiндiк бередi, Көшi-қон шығынын азайтады, халықтың демографиялық сипаттамасын жақсартуқа жәрдемдеседi. Осыған байланысты мемлекеттiқ реттеу және көшiп келу процесiн дамытуқа жәрдемдесу қажет.

Халықтың Қазақстанқа көшiп келуiнiң, оның геосаяси жағдайымен (әлеуметтік шиеленiс ошағтарынан алыс болуымен), 1932 жылғы аштықтың және саяси ғуғын-сүргiндердiң салдарынан байырғы қазақ халқының өз отаны шегінен тыс жерлерге жаппай көшiп кетуiне байланысты тарихи бастан кешiргендерiмен, әтпелi экономика жағдайында республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының өзiндiк ерекшелiгімен, iшкi саяси жағдайдың түрақтылықымен, белгілi дәрежеде көшiп келу процестерiнiң, бiрiншi кезекте, еңбек Көшi-қонының басқарылуы мен бағылануымен, квоталау, лицензиялау жүйесiнiң орнығтырылуымен негізделген өзiндiк ерекшелiгі бар.

Республикақа қазақтардың қайта оралуы дәл қазiргi кезеңге тән. 1991- 2000 жылдар аралықындағы кезеңде 43 мыңнан астам қазақ отбасы немесе 183 мың адам көшiп келдi. Келушiлердiң жалпы санының жартысынан астамы дерлiк алыс шет елдерден келгендер. Келушiлер легі Монқолиядан (35%-ы), Ираннан (8%-ы), Түркиядан (2%-ы), әытайдан (1,2%-ы) және Ауғанстаннан (1%-ы) шығғандар есебiнен ғұралады.

Елiмiзге қоныс аударушылардың келуiн реттеу, оларды бiрқалыпты қоныстандыру мақсатында жыл сайын көшiп келу квотасы бекiтiледi. Квотаның белгiленуiне талдау жасау жыл сайын олардың бiртiндеп азайып келе жатқандықын кәрсетедi.

1993 жылы Көшi-қон квотасы 10 мың отбасын ғұрады, 1994 жылы - 7 мың отбасы, 1995 жылы - 5 мың отбасы, 1996 жылы - 4 мың отбасы, 1997 жылы - 2,18 мың отбасы, 1998 жылы - 3 мың отбасы, 1999 жылы - 2000 жылдары әр жылға 500 отбасы.

1991-2000 жылдар аралықындағы кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына қоныс аударушылар мен көшiп келушiлердi екiншi қайталап орналастыру үрдiсi кәрiнiс тапты.

1995 жылдан бастап Көшi-қон шығынының тәмендеу үрдiсi байқалды. Мұндай жағдай республиканың көші-қон теңгерiмi жуығ болашағта жағсарады деп болжам жасауқа мүмкiндiк бередi.

Көшi-қон саясатының маңызды аспектiсi iшкi Көшi-қонды реттеу болып табылады. Ішкi көші-қон - бұл облысаралық және облыс iшiндегі Көшi-қон. 1993-2000 жылдар аралықында iшкi Көшi-қон айналымы 1,4%-қа ұлқайды.

Республика iшiндегі көші-қон айналымының жалпы тәмендеуi кезiнде экологиялық дағдарыс аймағтарынан (Шығыс Қазақстан, қызылорда облыстары) облысаралық алмасу бойынша халықтың көшiп кетуi жоғары болып қалып отыр.

Тұрмыс деңгейiнiң аймақтарда әртүрлi болуының нәтижесiнде әарағанды (Жезқазған аймағы), әостанай (Торқай аймағы) облыстары халықтың көші-қон шығынына ұшырауда.

 

Екiншi жағынан, облысаралық Көшi-қон нәтижесiнде халықты қабылдайтын аймағтар қалыптасты, олар, бiрiншi кезекте, Алматы және Астана қалалары, сондай-ақ Ағмола, Маңғыстау облыстары.

Республика iшiндегі Көшi-қонға қала халқы неғұрлым белсендi қатысады. Мұндай жағдай ауылдық жерлер халқының қалалы жерлерге көшiп кетуi нәтижесiнде қалыптасты. Осыған байланысты республикаiшiлiк ауыл-қала Көшi-қоны салдарынан, сондай-ақ немiс және славян тiлдi халықтар есебiнен Көшi-қон шығыны жоғары интенсивтiлiгі сағталуда.

Көшiп-қонуқа байырғы халық неғұрлым икемдi: 1999 және 2000 жылдарда республикаішілiк Көшi-қонда қазақтардың үлес салмағы 71 және 72%-ды ғұрады. Ел iшіндегі Көшi-қон белсендiлiгі басқа ұлттардың арасында да байқалады.

Урбанизация процесi жүрiп жатыр, бiрағ оның келенсiз жағдайлардан, аграрлық сектордағы жағдайдың ауырлықынан және ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағынан жеткiлiксiз дамуы салдарынан болуы басым. Халықтың iшкi қоныс аударуы кәбiнесе берекесiздiк сипатқа ие және мемлекеттік реттеудi қажет етедi.

 

1.2. Қазақстан Республикасындағы Көшi-қон процестерiн факторлық талдау

Елiмiзде болып жатқан Көшi-қон процестерiне айтарлықтай көп факторлар әсер етедi. Жалпы алғанда, оларды мынадай негiзгi топтарға бәлуге болады:

- саяси;

- этномәдени;

- әлеуметтік-экономикалық;

- табиғи-климаттық, экологиялық;

- ақпараттық-насихаттық.

Көшi-қон процестерiне осы факторлар тобының әсерi әртүрлi болды. Этностың тиiстi тобының тұрып жатқан аймағына көп нәрсе байланысты болды. Яғни оларқа кеңiстіктік-мезгілдiк сипат тән (мәндес).

Жоқарыда тiзiп көрсетiлген факторлар тобының Қазақстанда болған және қазiргі кезеңде болып жатқан Көшi-қон процестерiне талдау жасай келiп, мыналарды бәлiп көрсетуге болады.

Қоғамды демократияландырумен, әртүрлi саяси реформалардың басталуымен Қазақстанда көші-қон процестерiне саяси фактор неғұрлым күштi әсер ете бастады. Әртүрлі халықаралық келiсiмдер, шекараны ашу, еркiн кету және келу, Қазақстаннан өзiнiң тарихи отанына айтарлықтай көп немiстердiң кетуiне мүмкiндiк бердi. Осы фактордың ырықсыз қозқалысқа әсерi басқаларқа Қарағанда неғұрлым күштi болды. Немiстердiң және басқа этностардың легі 80-жылдардың аяғында, 90-жылдардың басында байқала бастады. 1990 жылы Қазақстаннан шет елдерге 79,4 мың немiс, 1,6 мың татар, 1,4 мың белорусь көшiп кетті.

Татарлардың, немiстердiң, белорусьтардың, украиндардың, еврейлердiң өздерiнiң тарихи отанына көшiп кетуi, Көшi-қон процесiнде саяси факторлармен қатар белгілi үлестi этномәдени факторлар рөл атқарғанын және атқаратынын дәлелдейдi.

Халықтың Көшi-қон белсендiлiгінiң күшеюiндегi этномәдени фактордың болуы бұрын Қазақстанқа күштеп кәшiрiлген халықтардың тарихи аумағтар шегінде ұлттардың шоғырлануқа ұмтылысымен негізделген. әазiргі кезеңде тарихи отанына (ең алдымен Германияқа, Израильге, Ресейге) қайта оралған көшiп-қонушылардың көпшiлiгiнде әлеуметтік-мәдени және этномәдени қүндылық басым және олар көп жағдайда немiстердiң, еврейлердiң, орыстардың икемдiлiгін бiлдiредi.

Бiрқатар жағдайларда баяғы жылдардағы күштеп көшiру (қырым татарлары, шешендер, ингуштер мен басқа да халықтар) салдарымен байланысты факторлардың, сондай-ақ тың игеру, жаңа өнеркесiп қүрылыстарының бой көтеру жылдарында Қазақстанқа жаппай қоныстандыру салдарымен байланысты факторлардың әсерi болды. Бұдан басқа Көшi-қонға 1941-1945 жылдардағы ұлы Отан соғысы жылдарындағы өнеркесiп объектілерi мен адамдарды эвакуациялау салдарлары әсер етті.

 

Осы халықтардың өзiнiң тарихи отанына оралғысы келетiн тiлегі жоғарыда тiзiп көрсетiлген факторлардың әсерiмен күшейе түседi.

Әлеуметтiк-экономикалық фактор Көшi-қон көңiл күйiне ықпал ететiн аса маңызды фактор болып табылады. Жұмыстың жоқтықы салдарынан тұрмыс деңгейiнiң тәмендеуi, тiршiлiк етудiң материалдық бұйымдарының азаюы Көшi-қон шығынына айтарлықтай әсер етті. Бұл, Көшi-қонды жұмыссыздықтың өсуiмен салыстыру нәтижесiнде айғын көрiнедi. Оның үстіне бұл тәуелдiлік (бiршама кешіктiрiлiп салыстырылғанда) тура бара-бар дерлiк. Мәселен, егер экономикалық реформалардың бас кезiнде жұмыссыздықтың секiрмелi өсуi етек алған болса, көшiп кету де сонымен бiр мезгілде жүрiп жатты. Сонымен бiрге 90-жылдардың аяғына қарай жұмыссыздар санының азаюы байқала бастаған кезде соған сай көшiп кетудiң азаюы да байқала бастады.

Тұрғын үйдiң болмауынан, әсiресе жастар арасында, Көшi-қон тек сыртқа көшiп кету легі бөлiгінде ғана емес, iшкi бөлiгінде де көбейдi (қаладан-ауылға, қаладан-қалаға және т.б.). Егер 1993 жылы 3856 мың шаршы метр Тұрғын үй пайдалануқа берiлген болса, 1997 жылы 1278 мың шаршы метр Тұрғын үй пайдалануқа берiлдi.

Халықтың көшi-қон легiнiң жандана түсуiнiң елеулi факторы экологиялық жағдайдың нашарлауы болып табылады. Соңғы жылдарда, Семей полигоны және Арал әңiрi сияқты белгілi экологиялық апат аймағтарынан басқа, экологиялық әлшемдерi мүлде қолайсыз Батыс Қазақстандағы Капустин Яр және Оңтүстiк Қазақстан облысындағы Созақ полигоны сияқты жаңа аудандар пайда болды.

Бұрынғы жылдарда қоршаған ортасы жоғары дәрежеде лас және табиғи-климаттық жағдайы ауыр аймақтарда жұмыс iстейтiндердi тұрағтандыратын жағдай әлеуметтiк тәртiппен өтемақы төлеу болды (жалақықа коэффициенттер мен үстеме ағылар, Тұрғын үй жағдайын жақсарту, балалар мекемелерімен, санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету, азық-түлiк және өнеркесiп тауарларымен жақсы жабдықтау). Экономикалық дағдарыс жағдайында бұл өтемақы шаралары iс жүзiнде қолданылмай қалды. Денсаулық үшiн алаңдаушылық туғызатын экологиялық жағдайдың нашарлауы, қоршаған ортаның ластану үрдiсi сақталып отырған кезде "экологиялық көшiп-қонушылар" пайда болып отыр. Осындай лектердi реттеу тетiгiнiң жоқтықы әлеуметтiк-экономикалық сипаттағы бiрқатар проблемаларды туғызады: жұмысқа орналастырудағы қиындық және жаңадан орналастырылатын жерлерде Тұрғын үйдiң жетiспеуi.

Қазақстан Республикасында көші-қон процестерiне кең және жүйелi ақпараттық-насихаттық Жұмыстың жеткiлiксiздiгіне байланысты факторлар елеулi дәрежеде әсер ете бастады. Жария Көшi-қон саласындағы оның түрлерi мен нысандары, сондай-ақ жасырын Көшi-қонның салдарлары туралы ақпараттың жоқтықы соңғы кезеңде адамдарды сату оқиғаларына алып келуде. Бiрiншi кезекте балалар мен әйелдердi.

Нарыққа әту жағдайында Көшi-қон процестерiн реттеуді күшейтудiң қосымша факторы еңбек Көшi-қоны процесiн жандандыру. Нарықтық экономикада шарттық қатынастарқа, келiсiм-шарттарқа, көсiпорындар, фирмалар арасындағы келiсiмдерге сәйкес еңбек ресурстарын орналастыру жедел жүргізiледi. Мұндай жағдайларда өзiнiң кәсiби деңгейi бойынша әндiрiс талаптарына жауап беретiн қызметкерлердi шағыру мақсатымен еңбек Көшi-қонын мемлекеттiқ реттеу қажет және бұл белгiлі бiр аймақтарда жұмыссыздық проблемасын шиеленiстірмейдi.

Республикаішілiк көші-қонды бiрiншi кезекте айғындайтын қосымша факторларқа Астана қаласына мемлекет астанасын көшiрудi, халықтың урбанизациясын, сондай-ақ ауыл шаруашылықындағы экономиканың құрылымдық қайта ғұрылуын жатғызуқа болады, бұл ауыл халқының өнеркесiп Орталықтарына кетуiн туғызады.

Қазақстанда Көшi-қон процестерiн реттеудегі оңды фактор, оның саяси түрақтылықы болып табылады. әазiргі кезде көшіп-қонушылардың тек ғана саяси себептер бойынша елден кету жағдайлары iс жүзiнде жоқ. Бүгінде республикадағы саяси түрақтылық елiмiзден халықтың көшiп кетуi азаюының негізгi факторы болып табылады. Сонымен бiрге ТМД елдерi мен алыс шет елдерде (Ауғанстан) шиеленiс ошағтарының болуы, дүниежүзілік қауымдастықта әртүрлі саяси және ұлттық қағтықыстардың туындауы Қазақстаннан әлеуетті көшiп кетушiлердiң көші-қон көңiл күйiн айтарлықтай бәсеңдетті. Оның үстіне, керiсiнше, кейбiр ТМД аймағтарындағы саяси ахуалдың тұрағсыздықына және ол жерлерде шиеленiс ошағтарының туындауына негізделген босқындар легі көбейдi.

Көші-қон легін түрақтандыруқа ТМД-қа қатысушы елдер арасында болып жатқан ықпалдастық процестер белгілi дәрежеде әсер етедi. Бiрыңқай кедендiк рұғсатнамасыз режим құру, ТМД елдерi шеңберiнде болашағта заңдарды бiркелкi етудiң күтiлiп отырған жағдайлары және ынтымағтастықтың басқа да бағыттары халықтың Көшi-қон көңiл күйiн айтарлықтай дәрежеде бәсеңдетедi.

 

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫНЫҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ НЕГIЗГI МІНДЕТТЕРI

 

Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының негізгі мақсаты Көшi-қон процестерiн басқару, түрақты демографиялық дамуды қамтамасыз ету, елімiздiң мемлекеттік қауiпсiздiгін нықайту және көшiп-қонушылардың құқықтарын iске асыру үшiн жағдай жасау болып табылады.

Көшi-қон процестерiнiң енжарлықын негізге ала отырып, түрақты даму жағдайында Бағдарламаны екi кезеңде iске асыру күтiлуде.

Бiрiншi кезеңде, 2001-2005 жылдардағы орта мерзiмдi перспективада Бағдарламаның негізгі мақсаты Көшi-қонның терiс сальдосын тәмендетуге бақытталған Көшi-қон саясатын қалыптастыру, көшiп-қонушылар құқықтарын iске асыру жөнiндегі қажеттi жағдайлардың бәрiн жасау, сондай-ақ елiмiздiң мемлекеттiқ қауiпсiздiгiн нықайту болып табылады.

 

Алқа қойылған мақсатқа жету үшiн мынадай негізгі мiндеттер шешiлетiн болады:

- көшiп кетудi азайту және түтастай алғанда iшкi Көшi-қон бойынша терiс сальдоны азайту;

- бұрынғы отандастарымыздың отанына оралуына жәрдемдесу;

 

- көшi-қон процестерiн басқару жүйесiн және заңнаманы жетiлдiру.

Екiншi кезеңде, 2005-2010 жылдардағы ұзақ мерзiмдi перспективада Бағдарламаның негізгі мақсаты елiмiздiң экономикалық өсуiндегі Көшi-қон факторларын дамыту, көшiп-қонушылардың құқықтарын iске асыру жөнiндегі қажеттi жағдайларды қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк базаларды одан әрi жетiлдiру болып табылады. Бұл кезеңдегі негізгі мiндеттер мыналар болып табылады: - елiмiздiң экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында iшкi Көшi-қон процестерiн реттеу; - оң сальдоқа шығу мақсатында сыртқы Көшi-қон процестерiн реттеу; - халықтың бiр бәлiгiн қолайсыз аймақтардан солтүстiк және Орталық облыстарқа бiртiндеп көшiру.

 

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫНЫҢ НЕГIЗГI

БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ РЕТТЕУ ТЕТIГI

 

3.1. СЫРТҚЫ КӨШІ-ҚОНДЫ РЕТТЕУ

 

Көшiп кетудi азайту

Орта мерзiмдi перспективада (2001-2005 жылдар) сыртқы Көшi-қон саласындағы негізгі қызмет елiмiз азаматтарының оның шегінен тыс жерлерге кетуiн азайтуқа бағытталатын болады. Бұл бағыттағы негізгі құралдар мыналар болып табылады:

 

өзiнiң кәсiби деңгейi бойынша елiмiздiң еңбек рыногының сұранысына сай келетiн және белгілi бiр аймақтарда жұмыссыздық проблемасын тереңдетпейтiн мамандарды шағыру мақсатында еңбек Көшi-қонын мемлекеттiқ реттеу;

аймағтық саясатты нықайту, бейресми еңбек рыноктарының және Көшi-қон процестерiнiң айғындықы;

Демография туралы