Дәлелдеме ұғымы



                                                                  Кіріспе  

 

 Мен Күдербеков Әділхан Сәкенұлы  осы _________ аралығында  «Азаматтық іс жүргізу» пәні бойынша оқу тәжірибиесінен өттім. Тәжірибеден өту барысында: ҚР Конституциясы және өзге де заңды тұлғалардың қызметін реттейтін заңнаманы білу; ҚР Конституциясын  және өзге де нормативтік құқықтық актілерді , заңнамаларды білу, оларға енгізілген өзгерістерді бақылау; нормативтік құқықтық актілердің  жіктелуін білу және олармен жұмысты орындауды білу; азаматтық құқықтық мәмілелер мен шарттардың жіктелуін білу; мәмілелердің және міндеттемелердің түрлеріне талдау және сипаттама жасау; міндетті мүлік түрлерін, талап арыз түрлері мен олардың үлгісін толтырып үйрендім.   

  Менің оку тәжірибиемнің тақырыбы «Дәлелдеме ұғымы». Осы тақырыпты таңдай отырып мен құқықтық мемлекеттің құрылуын және де шығу тарихын терең зерттедім. Зерттеу барысында азаматтардың  және ұйымдардың құқықтарын қорғауды жүзеге асырудағы органдардың ішінде ерекше орын сот әділдігі органы ретінде  сотқа беріледі. Оның қызметі істің  ақиқатын қамтамасыз ететін азаматтық  іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелетін түрінде. Сотпен  субъективтік құқықтарды және заңмен қаралатын мүдделерді қарау азаматтық  істерді қарау мен шешу арқылы жүргізіледі. Құқықтар мен  мүдделерді қорғау актісі болып заңды және негізделген  сот шешімі. Сот төрелігін  жүзеге асыру үшін сотқа алдымен  азаматтық істі қозғалғанға дейінгі  орын алған фактімен мән-жайларды анықтау  қажет, содан кейін оларға материалдық  құқықтық (азаматтық, отбасылық, әкімшілік) нормалары қолданылады. Фактілік мән-жайларды анықтау соттық дәлелдерді жүзеге жүргізу  арқылы жасалады. Соттық  дәлелдемелер көмегімен істің фактісін мән-жайларды анықтап алып және қолдануда  жататын материалдық нормаларға сүйене, сот ішкі наныммен көмегімен  субъективтік құқықтар және міндеттер  туралы шынайы қортындыға жетеді. Сот қызметі  барысында нақты фактілердің  бар немесе жоқ екендігін дәлелдеуі. Сот дәлелдемесіне жатқызылатын, істі дұрыс шешу үшін маңызы бар  фактілерді тікелей немесе жанама түрде  растайтын фактімен мәліметтер.

Қазіргі таңда көптеген азаматтық істер  бойынша фактілік мән жайларды дәлелдейтін  дәлелдемелерді дұрыс зерттемеу  барысында, көптеген материалдық және процессуалдық құқық қағидалары бұзылуда. Соның барысында, мұндай істер  бойынша шығарылған мәлімдердің  күші жойылуда. Дәлелдеме түсінігі дәлелдеме теориясында  және дәлелдеме құқығында негізгі  орын алады. Соттық қараудың көп көлемі дәлелдеу қызметіне беріледі. Соған  байланысты, дәлелдемелер бойынша сұрақтар қарау және оны тәжірибеде азаматтық  іс-жүргізуде оны пайдалануда  ерекше маңызға ие болады.

Бітіру  жұмысымның тақырыбы қазіргі азаматтық  іс жүргізу құқығындағы өзектілігін жоғалтпаған мәселелердің бірі болып табылады. Дәлелдемелер жинау және оны сот процесінде ұсына беруден сот шешімі тікелей тәуелді деп атауға болады. Заңмен  көзделген тәртіпте сот тараптардың  талаптары мен қарсылықтарын  негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде  алынған нақты деректер іс бойынша  дәлелдемелер болып табылады.

Осы бітіру жұмыстың мақсаты болып дәлелдемелермен дәлелдеудің мәнін түсіндіріп ашу, азаматтық іс жүргізу құқығындағы  алатын орнын көрсету табылады. Бітіру  жұмыстың мақсатына жету үшін қойылатын  негізгі міндеттер:

-    дәлелдеудің түсінігі мен міндетін  көрсету;

-    дәлелдемелерді ұсыну, оған жол  беру және растығын қарастыру;

-    дәлелдемелерді қамтамасыз ету;

-    куәнің айғақтары, міндеттері  мен құқықтары;

-    жазбаша дәлелдемелер;

-    заттай дәлелдемелер;

-    сараптама тағайындау және оны  жүргізудің тәртібі.

Бітіру  жұмысының мақсатына   жету   үшін   төмендегі   авторлардың еңбектері қаралып, зерттелді. Олар, Суханов Е.А., Сергеев А.П., Осипов П.М., Муинс А.М., Треушников М.С., Шакарян А.А. және т.б. 

 

 

  

 

 

  

 

                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         1.  Азаматтық іс жүргізудегі сот дәлелдемелері  

 

                                           1.1 Дәлелдемелер түсінігі 

 

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 64-бабына сәйкес дәлелдемелер дегеніміз — Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың  талаптары мен қарсылықтарын  негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын  сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өре  де маңызы мән-жайларды солардың негізінде  анықтайтын заңды түрде алынған  нақты дәлелдер. Осы баптың екінші тармақшасында төмендегідей қалып  бекітілген: бұл нақты деректер тармақтардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерінен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс-жүргізу  әрекетінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады. Енді  дәлелдемелердің маңызын, мазмұнын ашып түсіну үшін белгілі ғалымдардың  осы айында берген анықтамаларына тоқталып өтейік. Орыстың революцияға дейінгі  процесуалист ғалым К.Н.Малышев: "Дәлелдеме  біздің ойымызды кез келген фактінің растығына немесе өтіріктігіне сендіретін бәрін тайқызған. Бұл мағынада дәледемелер  логика ғылымына жатады — деген, ал техникалық мағынада соттық дәлелдемелер — деп даулы юридикалық фактінің бар-жоқтығына туралы соттық шешіміне себеп болатын занды негіз", - деп айтқан. Шын мәнінде Малышев  соттық дәлелдемелерге анықтаманың  логикалық дәлелдемелер тұрғысынан бастап заң талаптарымен байланыстырып  аяқтаған. Шынымен де логикалық дәлелдемелер мен соттық дәлелдемелер бір-біріне ұқсас. Басты айырмашылығы М.К.Треутниковтың ойы бойынша басты айырмашылығы дәлелдеме мәнінде. Треутников: "логика нысанында дәлелденіп отырған ой казси деп, ал дәлелдеуін ой аризметі деп аталады" — дейді: басқаша айтқанда дәлелдеме ретінде көпшілікке белгілі ойлар, дәлелдемені ережелер болады. Ал сот тәжірибесінде фактінің нағыз өмірде орын алған, алмағандығы дәлелденеді: ірілікті күнделікті қолданып жүрген логикалық дәлелдемелермен соттық дәлелдемелердің мәндері арнаулы". Треутниковтың берген анықтамасын төмендегідей: "Соттық дәлелдемелер дегенімі - қатыстылық сипаты бар істі дұрыс шешуге маңызы бар фактілерді тікелей немесе жанама бекітетін заңда көзделген процесуалдық сипаттағы және заң талаптарына сай алынған және зерттелеген мән-жайлар". С.В. Курылевтің көзқарасы бойынша дәлелдемелердің мәні бірге белгілі фактілер мен біресе белгісіз фактімен арасындағы байланыста. Бұл жерде автор табиғаттағы және қоғамдағы барлық құбылыстардың бір-бірімен байланысты, бір-бірімен шарталған деген материалистік диалектикалық заңына сүйеніп берген. Дәлелдемелерді  тек фактілер ретінде процессуалдық  формасынан айырып қарауға болмайды.

Өйткені заң талаптары бойынша  дәлелдемелер ретінде тек қана заңда көрсетілген бойынша алынған дәлелдемелер танылады. Осы туралы М.Х.Хутыза былай деген: "Дәлелдеу құралынған бөлек фактілер деректер немесе дәлелдеу құралдары фактілі деректерден бөлек дәлелдемелер ретінде таныла алмайды" — деген. Басқа ағым өкілдері дәлелдемелерді екі құбылыс ретінде қарайды. Олардың ойы бойынша сот дәлелдемелері екі мағынаны береді, және бұл мағыналар бір-біріне синоним ретінде қолданылады. Бірінші мағыналы, - деректі фактілер, екіншісі, дәлелдемелер көзі. Мысалы, М.С.Строгович: "Дәлелдемелер біріншіден, адамның әрекет жасаған — жасамағандығын, қылмыстың бар-жоқтығын және адамның негізін де анықтайтын фактілер, ал екіншіден заң қалыптарында көрсетілген дәлелдемелердің қайнар көздері". Т.В.Саханова көзқарасы бойынша: "Соттық дәлелдемелер біртұтас түсінік. Бұл түсінікте  фактілік деректен дәлелдеу құралы өте  тығыз байланымдан және бір-біріміз  фактілік деректер де дәлелдеу құралы да дәлелдеу функциясынан айырмада басқаша  айтқанда соттық меншікте заңды негіз  бола алмайды". Бұл оймен көптеген авторлар келеді, және де автор: "деректер туралы фактілер", "деректі фактілер" деген ұғымның орнына "информация", "мәлімет" деген ұғымды қолдануды  ұсынды.

Бұл нақты  деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың  түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың  қорытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің  хаттамаларымен және өзге де құжаттармен  анықталады.

Әр тарап  өзінің талаптарының және қарсылықтарының  негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс. Дәлелдемелерді  тараптар мен іске қатысушы баска  да тұлғалар береді. Істі  дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың және іске қатысушы басқа  да тұлғалардың тараптары мен  қарсылықтарының негізінде, материалдық  және іс жүргізу құқығының қолданылуга  тиіс нормаларын ескере отырып, сот  анықтайды. Сот тараптарға және іске қатысушы басқа да тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша  дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға  құқылы. Тараптар  мен іске қатысушы басқа да тұлғалар үшін дәлелдемелерді ұсыну қиындық  келтірген жағдайда, сот олардың  өтінімі бойынша дәлелдемелерді сұратып алдыруға жәрдемдеседі. Дәлелдемелерді  сұратып алдыру туралы өтінімде сол  дәлелдемелер көрсетілуге, сондай-ақ осы  дәлелдеме арқылы іс үшін маңызы бар  қандай мән-жайлар анықталатыны немесе бекерге шақырылатыны, дәлелдемені  өз бетінше алуға кедергі келтіретін себептер және оның тұрған жері көрсетілуге  тиіс. Қажет болған жағдайда сот өтінім берген адамға дәлелдемені алу үшін сұрату береді.

            Соттың талап еткен дәлелдемесі  бар тұлға оны тікелей сотқа  жібереді немесе сотқа табыс ету  үшін тиісті сұратуы бар адамның  қолына береді. Сот дәлелдеме  талап еткен, оны жалпы немесе сот белгілеген мерзімде беруге мүмкіндігі жок лауазымды немесе өзге тұлға  соттың сұратуын алған күннен бастап бес күн мерзім ішінде себебін  көрсетіп, бұл туралы сотқа хабарлауға міндетті. Хабарламаған, сондай-ақ егер дәлелдеме беру туралы соттың талабы сот дәлелсіз деп таныған  себептер бойынша орындалмаған жағдайда, кінәлі лауазымды немесе іске қатыспайтын  өзге де тұлғаларға әкімшілік құқық  бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкімшілік  жазаға қолданылады. Әкімшілік жаза қолдану талап етілген дәлелдемесі  бар адамды оны сотқа беру міндетінен босатпайды. Соттың талабын қасақана орындамаған жағдайда аталған тұлғалар қылмыстық жауапқа тартылады. Егер  тарап сот сүратқан дәлелдемені  өзінде ұстап қалса және оны соттың сұратуы бойынша ұсынбаса, ондағы мәліметтер осы тараптың мүдделеріне  қарсы бағытталған деп ұйғарылады және ол тарап таныған деп есептеледі. Егер  дәлелдеме іс үшін маңызды мән-жайлардың  бар екендігі туралы тұжырымдары  растайын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін нақты деректер болса, сот дәлелдемені іске қатысты  деп таниды. Заң бойынша  белгілі бір дәлелдемелермен  расталуға тиіс істің мән-жайлары  ешқандай басқа дәлелдемелермен  расталуға тиіс емес. Нақты деректер, егер олар заң талаптарын бұза отырып, іске қатысушы тұлғалардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларды ығыстыру арқылы немесе істі сотта  қарауға дайындау кезінде немесе сотта қарағанда азаматтық процестің  өзге де ережелерін бұза отырып, оның ішінде:

1)күш   қолдану,   қорқыту,   алдау,   сол   секілді   өзге   де   заңсыз   іс-әрекеттерді қолдана  отырып;

2)оларға  түсіндірмеудің, толық немесе дұрыс  түсіндірмеудің салдарынан   туындаған   іске қатысушы адамдардың өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты жаңылуын пайдалана отырып;                  

3)осы азаматтық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның іс жүргізу іс-әрекетін  жүргізуіне байланысты;

4) қарсылық  білдіруге жататын адамның іс  жүргізу іс-әрекетіне қатысуына  байланысты;

5) іс  жүргізу іс-әрекетінің тәртібін  айтарлықтай бұза отырып;

6) белгісіз  көзден немесе сот отырысында  анықтала алмайтын көзден;

7) дәлелдеу барысында қазіргі ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдана отырып алынған болса, олар нақты деректердің растығына әсер етсе немесе әсер етуі мүмкін болса, оларды сот дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайды деп тануға тиіс. Іс бойынша  іс жүргізу кезінде нақты деректерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайтындығын, сондай-ақ оларды шектеп пайдаланудың мүмкіндігін өз бастамашылығы бойынша немесе іске қатысушы адамдардьгң өтінімі бойынша сот белгілейді.

           Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелер заңдық күші жоқ деп танылады және сот шешімінің негізіне жатқызыла алмайды, сондай-ақ іс үшін маңызы бар кез келген мән-жайды дәлелдеу кезінде пайдаланыла алмайды.

Тексеру нәтижесінде дәлелдеменің шындыққа сәйкес келетіні анықталса, дәлелдеме рас деп есептеледі. Сот жалпыға  белгілі деп таныған мән-жайлар дәлелдеуді қажет етпейді.

Соттың  бұрын қаралған азаматтық іс бойынша  заңды күшіне енген шешімімен  белгіленген мән-жайлар сот үшін міндетті және сол адамдар қатысатын  басқа азаматтық істерді талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейді. Соттың  қылмыстық іс бойынша күшіне енген  талап қоюды қанағаттандыру құқығы танылатын үкімі оған қатысты  соттың үкімі болған тұлға әрекеттерінің  азаматтық-құқықтық салдары туралы істі қарайтын сот үшін міндетті. Заңды  күшіне енген сот үкімі мұндай азаматтық істі қараған сот үшін, осы іс-әрекеттер орын алды ма және оларды осы адам жасады ма деген  мәселелер бойынша, сондай-ақ үкіммен  белгіленген мән-жайларға және олардың  құқықтық бағасына қатысты да міндетті болып табылады. Заңға сәйкес анықталды деп ұйғарылған фактілер азаматтық істі талқылау кезінде  дәлелденбейді. Мұндай ұйғарым жалпы  тәртіппен теріске шығарылуы  мүмкін. Егер  тиісті құқықтық ресімдер шеңберінде керісінше дәлелденбесе, мына мән-жайлар: 

1)осы заманғы ғылымда, техникада, өнерде,кәсіпшілікте жалпы қабылданған зерттеу әдістерінің дұрыстығы;

2) адамның  заңды білуі;

3) адамның  өзінің қызметтік және кәсіби  міндеттерін білуі;

4)олардың бар екендігін растайын құжатты ұсынбаған және арнаулы даярлық немесе білім алған оқу орнын немесе басқа да мекемені көрсетпеген адамда арнаулы даярлықтың немесе білімнің болмауы дәлелдемелерсіз анықталған мән-жайлар болып есептеледі.       Дәлелдемелер  сотта істің ақиқатты мән-жайын  анықтау үшін қолданылады. Сот бірде-бір  істі оның мән-жайын анықтамай шеше алмайды. Соттың міндеті – құқықтармен, заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау болатыны мәлім.

Осы қорғауды көрсету  үшін сот әрбір жағдайда, талапкер құқықты қорғауды сұрап жатқан құқықтың бар болуын, жауапкерде сәйкестенген міндеттің жатқандығын, даулы құқық қатынастарын ашып анықтау керек. Бірақ, құқықтар мен міндеттер өздері туындамайды. Осылардың пайда болуын, өзгеруін және тоқталуын, заң белгілі – бір заңи ақиқаттың басталуымен байланыстырады. Сондықтан, сот даулы құқық қатынастарды анықтау үшін алдымен нақты қандай заңи ақиқаттардың болғанын анықтау керек. Сот әділдігі – бұл қатаң анықталған процессуалды нысанда жүзеге асатын және оның қажетті  талабының бірі, соттық шешімінің  процессте дәлелденген ақиқаттарға  негізделуі болатын қызмет. Процесстен  тыс, дәлелдемелер қатарынан емес алынған  ақиқаттар туралы мәліметтер мен  мәлімдемелер сот пен қолданылмайды. Мысалы, судьялар жеке өмірден, басапның мәліметінен т.б. істің мән-жайы туралы  білсе, мұндай мәліметтер соттың қорытындысы  үшін негіз бола алмайды. Азаматтық іс жүргізу заңының 218 бабының 2 бөлімі, сот шешімді сот отырысында  зерттелген дәлелдемелерге ғана  негіздейді деп мәлімдейді. Сотта дәлелдемелер ретінде не қолданылатындығын процессуалды заң анықтайды. Соттың дәлелдемелерге – тараптар мен үшінші тұлғалар түсініктемелері, сарапшылар қорытындылары  т.б. жатады.

 

 

                          

 

                      1.2   Дәлелдемелердің  қатыстылығы, жарамдылығы 

 

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 64-бабындағы  анықтаманың мазмұнынан шығатын  термин — дәлелдемелердің қатыстылығы. Бұл терминге арнайы азаматтық іс жүргізу кодексінің 64-бабы арналған: "Егер дәлелдеуде іс үшін маңызды  мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымдарды растайтын, теріске шығаратын  не оларға күмән келтіретін нақты  деректер болса, сот дәлелдемені  іске қатысты деп таниды". Азаматтық істегі дәлелдемелердің көлемін  қатыстылығын анықтайды. Сот іске қатысушы тұлғалармен ұсынылған дәлелдемелердің  ішінен бейімділікке жататын фактілермен  мағынасымен байланысты дәлелдемелерге ғана көңіл бөледі. Соттың істі жасық, жан жақты және объективті қарап  шешім шығаруы үшін бір жоқтан қаншалықты көп дәлелдемелерде зерттеп  екінші жағынан өз мағынасымен қаралып  отырған іске байланыссыз дәлелдемелерді айырып алып тастаған дұрыс. Қатыстылық  дегеніміз соттық дәлелдемелермен  сот қарауының объектісі болып  отырған фактілердің арасындағы объективті байланыстың болуы.

Бұндай байланыстың болуы зерттеліп  отырған дәлелдемелер арқылы барлық орын алған немесе орын болмаған мән-жайлар туралы мәлімет алуға болады. Юридикалық  әдебиеттерде дәлелдемелердің қатыстылығын әртүрлі талдалады. Бір қатар  авторлар қатыстылық бұл дәлелдемелердің  белгілі десе, бір қатар авторлар қатыстылық бұл дәлелдемелерді процеске қосу-қоспаудың алғы шарты ретінде  түсінеді.Сот дәлелдемелердің  қатыстылық ережесі бойынша болашақ  осы қаралып отырған іс бойынша  негізінен шешім шығару үшін жеткілікті мөлшерде дәлелдемелер көлемін анықтауы керек.

Заң әртүрлі  істер бойынша керекті әртүрлі  дәлелдемелердің толық шеңберін ашып көрсетпейді. Сол себеппен дәлелдемелердің  қатыстылығы соттық өзінің ішкі өкімі  бойынша бағалайды (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 16-бабы) М.К.Треутниковтың  ойы бойынша қатыстылығын бағалау  процесін екі этапқа бөлуге болады. Бірінші этап: дәлелдемелердің қатыстылығын шешпей жатып осы тартылып жатырған дәлелдеме арқылы орнатылмайын деп  жатырған факті осы азаматтық  іс үшін маңызы бар ма жоқ па?

Сонан  кейін барып екінші этапта осы  дәлелдеменің осы фактіге қатыстылығы  туралы мәселе шешілуі тиіс дейді. Бұл ереже "жалпыдан жекеге" методы негізінде құралған ереже соттық о бастан дәлелемелер шеңберін дұрыс анықтамалар немесе қатыстылық мәселесіндегі ісі бойынша дұрыс шешім шықпауына әкеліп соғады. Өйткені іс бойынша керек емес дәлелдемелер немесе нағыз керекті дәлелдемелер талап етілмей қалуы мүмкін. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 65-бабында дәлелдеу міндеті көрсетілген. Бұл бап бойынша әр тарап өзінің талаптарын және қарсылықтарын негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге тиіс. Бұл қалып тараптардың дәлелдемелер ұсыну міндетін ашып көрсеткен. Кейбір авторлар қатыстылық мәселесін соттың жеке шешуі оған шетпен тыс құзырет беру деп санайды14. Меніңше 65-баптағы қалып 67-баптың тежегіш механизмі рөлінде көрсетілген. Қатыстылық нормасының дұрыс қолданылуын қамтамасыз етуші тағы бір ережелер 65-бапта көрініс тапқан:

1.  Дәлелдемелерді  тараптар мен іске қатыушы  басқа да тұлғалар береді.

2.  Істі  дұрыс шешу  үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың  және   іске   қатысушы  басқа да  тұлғалардың талаптары   мен   қарсылықтарының   негізінде, материалдық және іс жүргізу құқығының қолдануға тиіс   нормаларын ескере отырып, сот анықтайды.

3.  Сот  тараптарға және іске қатысушы  басқа да тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы.

4.  Тараптар  мен іске қатысушы басқа да  тұлғалар үшін дәлелдемелерді   ұсыну қисынды келтірген жағдайда, сот олардың өтініші бойынша дәлелдемелерді сұратып алдыруға жәрдемдеседі.

Осылайша іске қатысушылар соттың дәлелдемелер шеңберін анықтауына қатыса алады.

Егерде  алдыда қарағанда белгілі болғандай  қатыстылық бұл дәлелдеменің мазмұнындағы мәліметке байланысты болса дәлелдемелердің  жарамдылығы сол дәлелдемелердің  процессуалдық формасына немесе процессуалдық дәлелдеу құралдарына  байланыстылығы қаралады.

Жарамдық институты азаматтық іс жүргізу құқығында да қылмыстық  іс жүргізу құқығында да көп зерттеліп  келе жатыр. Белгілі қылмыстық процессуалист  Кипнис Н.М. қылмыстық құқықтағы  дәлелдемелердің жарамдылығын зерттей  келе жарамдылық қасиеті төрт критерийден  тұрады деген тұжырымға келген:

1. дәлелдемелер  алуға байланысты процессуалдық  әрекет жүргізуге құқылы субъектінің  болуы;

2. жарамды  фактілік дерек көзі (дәлелдеменің  мазмұнын құраушы);

3.дәлелдеме алу үшін жасалған әрекеттің процессуалдық талаптарға сай болуы (процесуалдық әрекет);

4. дәлелдеме  алу үшін қолданылған процессуалдық  әрекеттің талаптарға сай болуы.                                                 Дәлелдемелердің жіктелуі дегеніміз — дәлелдемелерді ұқсас белгілеріне байланысты топтауды айтамыз. Жіктеу арқылы біз дәлелдемелерді бірыңғай жүйеге келтіреміз. Бөлу дәлелдемеге  тиесілі бір маңызды белгісі  негізінде жүзеге асырылады. Бөлу жүргізілген  белгі теорияда жіктеу негізі деп  аталады.

Дәлелдемелерді  жіктеу бірге осы дәлелдемелерді тереңірек зерттеуге, белгілі бір  топқа жататын дәлелдемелерді шындыққа қол жеткізудегі маңызын, немесе осал жақтарын білуге мүмкіндік береді. Дәлелдемелерді  жіктеудің негізі болып әртүрлі  белгілер болуы мүмкін. Мысалы дәлелдемелердің  мазмұнына байланысты, немесе процессуалдық  формасына байланысты, соттық бағалау  нәтижесіне байланыты т.б. әртүрлі  негіздерге байланысты бөлуге болады. Заң әдебиеттерінде көп кездесетін және жіктеудің даусыз бір негізі бұл дәлелдемелердің  мазмұнының дәлелденіп жатырған фактімен байланысына байланысты дәлелдемелер екіге бөлінеді: тікелей және жанама17. Тікелей дәлелдемелер деп мазмұны дәлелденіп жатқан фактімен тікелей байланыста болатын дәлелдемелер. Тікелей байланыс дәлелденіп жатқан факті туралы бір жақты жауап береді. Мысалы, өнімнің нақты өмірде орын алған немесе болмағандығы туралы өлім туралы акт жауап береді. Жанама дәлелдемелер дәлелденіп жатқан фактімен көпмағыналы байланыста болады. Көпмағыналы байланыс дәлелдеу барысында бірнеше мүмкін қорытындыларға алып келеді.

Факті туралы деректердің құрылу процессіне байланысты дәлелдемелер алғашқы және туынды болып  екі топқа бөлінеді. Алғашқы дәлелдемелер дәлелденейін деп отырған фактінің тікелей дәлелдемеге мәлімет  қалдыруымен сипатталады.Ал туынды дәлелдемелер дегеніміз — басқа  дәлелдеме көзінен жазылып алынған  дәлелдемелер жатады. Басқаша айтқанда дәлелденіп отырған фактімен зерттеліп  отырған, дәлелдеменің ортасындағы  тағы да басқа аралық мәлімет тасмалдаушылар бар. Дәлелдемелерді  процессуалдық формасының сипаттамасына  немесе дәлелдеу құралы бойынша бөлу олардың пайда болу көзіне байланысты бөледі18. Бұл негізде жіктеуге келгенде көптеген теоретиктердің ойлары бірнеше топқа бөлінеді. Жалпы осы негіз бойынша өзіндік және заттық болып бөлінеді. Өзіндік дәлелдемелерге қайнар көзі адам болып табылатын дәлелдемелерді жатқызады: тараптардың және үшінші жақтың түсініктемелері, куәлардың анықтамалары, тарапшының қорытындысы. Ал заттық дәлелдемелерге жазбаша және заттық дәлелдемелер жатқызылады. Авторлардың пікірлері көбіне осы жерде айырылады. Мысалы, К.С.Юдельсон өзіндік дәлелдемелерге жоғарыда көретілген дәлелдемелермен  қатар жазбаша дәлелдемелерді қосады.

Автор өз позициясын келесі ойлармен бекітеді. "Жазбаша дәлелдемелер әрқашанда белгілі бір адаммен  шығады, және дәлелдеме мазмұны материалдық  объектіде бекітілгендігі маңызды  емес", - дейді автор19. С.В.Курылев осы негізде дәлелдемелерді жіктеген кезде тағы бір топ алып оны аралас дәлелдемелер тобы деп атады. Бұл топқа Курылев сарапшының қорытындысын, таныту фактісін, тергеу эксперименті нәтижелері — фактісін жатқызады20. Автордың бұлай топтау себебі төмендегідей. Сарапшы өз қорытындысын жасау үшін алдымен заттық дәлелдемені зерттеп осы заттық дәлелдемеден алынған мәлметті қағаз бетіне түсіріп өзі де мәлімет тасмалдаушы, дәлірек атқанда мәліметтің жаңа қайнар көзі болады. Даусыз деректер деп екінші тарап дәлелдейтін, бір  тараптан танылған деректерді айтамыз. Біздің азаматтық іс жүргізуші деректе  тану – іс бойынша тек дәлелдеме  болуы саналады. Танылған дерек –  дәлелдеу оған қатысты іске асқан  дерек болып табылады. Бұл істің  мәні бойынша, тараптың тануымен дәлелденген  іс бойынша дәлелденетін, тараптың тануынан дәлелденгендігіне байланысты, істі дәлелдеу пәніне кіретін деректер құрамынан оны алып тастауға негіз  жоқ.

Цивилистика әдебиетінде дәлелдеу пәніне материалдық  – құқықтық мәні бар деректерді жатқызады . Бірақ, сотта дәлелдеу қызметі осындай деректерді ғана анықтаумен шектелмейді. Азаматтық істі қарауда, басқа да мән-жайларды анықтауда материалдық – құқықтық емес, процессуалдық мәнді қажеттілік туындайды. Мысалы, істің соттылығы туралы мәселені шешу үшін, жауапкердің мекен-жайын нақтылау қажеттігі туындайды. Сондықтан, жазбаша дәлелдеме болатын сәйкестенген анықтамалар алынады. Белгілі бір процессуалды сұрақтарды шешу мән-жайларға байланысты, ал бұл мән-жайлар дәлелдеу арқылы дәлелдемелермен анықталады. Процессуалды  мәні бар мән-жайларға, тағы дәлелдемелік деректер жатады. Олар дәлелдеме ретінде  қолданылатындықтан процессуалды мәнге  ие болады. Бұған дейін олар басқа  дәлелдемелер арқылы анықталуы, яғни дәлелденуі керек.

Сонымен, іс бойынша дәлелдеуге тиіс деректер көлемі, дәлелдеу пәні ұғымымен үйлеспейді. Бұл көлем өзіне материалдық-құқықтық мәні бар деректерді (дәлелдеу пәні); процессуалды- құқықтық мәні бар деректерді (процессуалды сұрақтарды шешетін деректер және дәлелдемелік деректер) алып жатады. Істі  шешу үшін қажетті деректерді анықтау, сотқа дәлелдемелерді ұсыну және оларды сот мәжілісінде зерттеу  арқылы дәлелденеді.

Процесс үшін аса маңызды жәй ретінде кімде  дәлелдеу міндеті шығады. Біздің  процессімізде жарысушылық қағидасына сәйкес дәлелдеу міндеті тараптарда болады. АІЖК 65-бабына сәйкес22 , әрбір тарап өзінің талабымен қарсылығының негізіне,сілтеме жасайтындай белгілі бір мән-жайды дәлелдеу керек. Осыдан, біз тараптарда дәлелдеу міндеті болатынын және әрбір тарап өзінің талабын негіздеу үшін сол мән-жайды дәлелдеуге міндетті екенін көреміз. Тараптың  талабымен қарсылығын негіздейтін  дерек болған соң тарап оның анықталуында мүдделі болатындықтан, сол тараптың осы деректің расталуы үшін барлық шаралар жасайтынын айта өту керек. Егер де белгілі-бір тарап деректі  дәлелдемесе, онда шешім оның пайдасына  шешілмейді. Бірақ та,біздің процессте  сот тараптарға дәлелдеуге ықпал  жасайды. Егер де тараптар ұсынған дәлелдемелер аз болса, сот оларға қосымша дәлелдемелер ұсынуға жол береді. Егер қосымша дәлелдемелерді ұсыну  қиын болса, сот тараптардың шағымымен дәлелдемелерді жинауға ықпал жасайды. Бірақ та, тараптар соттың ықпалына сене бермеуі керек, соттық дәлелдемелердің болуын тек тараптардан білетіндігін де есепке алу керек. Процесстегі тараптардың қызметсіздігі, дәлелдеменің табылмай қалуымен анықталуға тиіс деректің дәлелденбей қалуына алып келеді. Осы жоғарыда айтылған ережелерден кейде бас  тартулар да болады, бұлар дәлелдемелік жорамалдар арқылы анықталады.

                                        

                              1.3 Дәлелдемелерді қамтамасыз ету 

 

Өздері  үшін қажетті дәлелдемелерді ұсыну  соңынан мүмкін болмайды немесе қиындық  келтіреді деп қауіптенуге негізі бар іске қатысушы адамдар соттан осы дәлелдемелерді қамтамасыз ету  туралы сұрай алады. Дәлелдемелерді  қамтамасыз ету куәлардан жауап  алу, сараптама жүргізу, оқиға болған жерді қарап шығу және басқа да әдістер арқылы жүргізіледі. Дәлелдемелерді  қамтамасыз ету туралы өтініш сотқа  дәлелдемелерді қамтамасыз ету жөніндегі  іс жүргізу әрекеттері жасалуға тиісті аумақ бойынша беріледі. Дәлелдемелерді  қамтамасыз ету туралы өтініште қамтамасыз етілуге қажетті дәлелдемелер, растау үшін осы дәлелдемелер қажет мән-жайлар, өтініш берушіні қамтамасыз ету туралы өтініш жасауға итермелеген себептер, сондай-ақ қамтамасыз етілетін дәлелдемелер қажет болып отырған іс көрсетілуге тиіс. Дәлелдемелерді  қамтамасыз ету туралы өтінішті қарау  нәтижесі бойынша сот ұйғарым  шығарады. Мұндай өтінішті қабылдаудан  бас тарту туралы судьяның ұйғарымына жекеше шағым берілуі мүмкін. Дәлелдемелерді  қамтамасыз етуді судья жүргізеді. Істің сотта  туындауға дейін дәлелдемелерді қамтамасыз етуді заңдармен көзделген  тәртіппен сотта нотариустар  немесе консулдық мекемелердің лауазымды  адамдары жүргізеді. Өтініш  беруші және іске қатысушы басқа тұлғалар дәлелдемелерді қамтамасыз ету уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтінішті қарауға  кедергі болып табылмайды. Хаттамалар  және дәлелдемелерді қамтамасыз ету  тәртібімен жиналған нәрсенің бәрі іске қатысушы тұлғаларға хабарлана отырып, істі қараушы сотқа беріледі. Әрбір дәлелдеме - қатыстылығы, жол берілуі, растығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығы азаматтық істі шешу үшін жеткіліктігі тұрғысынан бағалануға тиіс. Судья дәлелдемелерді өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды.Дәлелдемелердің жиынтығы, егер іске қатысты дәлелдеуге жататын немесе тарап жоққа шығармаған барлық және әрбір мән-жайлар туралы ақиқатты   даусыз   айқындауға   жол   беретін   және   сенімді   дәлелдемелер жиналса, азаматтық істі шешу үшін жеткілікті болып табылады. Тараптардың және үшінші тұлғалардың іс үшін маңызы бар, өздеріне белгілі мән-жайлар туралы түсініктемелері іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен қатар  тексеруге және бағалауға жатады. Көрсетілген тұлғалардың түсініктемелері ауызша және жазбаша болуы мүмкін.

Тараптың  талабын немесе қарсылығын негіздейтін  фактілерді екінші тараптың мойындауы  ол тарапты осы фактілерді одан әрі  дәлелдеу қажеттігінен босатады. Тарап  мойындаған факті сот отырысының хаттамасына енгізіледі және оған фактіні  мойындаған тарап қол қояды. Егер фактіні тану жазбаша өтініште баяндалған болса, ол іске қосып тігіледі. Егер  фактілерді тану шындығында болған мән-жайды  жасыру мақсатымен не алдаудың, күш  қолданудың, қорқытудың немесе жаңылудың  әсерінен жасалғандығына соттың күдігі болса, ол тануды қабылдамай, ол туралы ұйғарым шығарады. Мұндай жағдайда осы фактілер жалпы негізде дәлелденуге  тиіс. 

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

 

                                             2. Дәлелдемелер түрлері 

 

                                             2.1 Дәлелдеу құралдары 

 

              Дәлелдеу  құралдарына азаматтық іс жүргізу  кодексінің 78, 79, 81, 86, 96 — баптарыңца көрсетілген дәлелдемелер түрлері  жатады. Енді осы баптарда берілген дәлелдеу құралдарының түсінікгемелеріне  тоқталып өтейік. Кодекстің 78-бабында  тараптардың және үшінші тұлғалардың  түсініктемелерне байланысты келесідей  қалыптар бекітілген. Тараптардың және үшінші тұлғалардың іс үшін маңызы бар өздеріне белгілі мән-жайлар туралы түсініктемелері іс бойынша  жиналған басқа да дәлелдемелермен  қатар тежелуге және бағалауға жатады.

             Көрсетілген тұлғалардың түсініктемелері  ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Тараптардың талабын немесе қарсылығын негіздейтін фактілерді, екінші тараптың мойындауы ол тарапты осы фактілерді одан әрі дәлелдеу қажеттілігінен босатады. Тарап мойындаған факті сот отырысының хаттамасына өткізіледі және оған фактіні  мойындаған тарап қол қояды. Егер фактіні тану жазбаша өтініште баяндаған  болса, ол іске қосып тігіледі. Егер фактілерді тану шындығында болған мән-жайды  жасыру мақсатынмен не алдаудың, күш  қолданудың, қорқытудың немесе жақылудың  әсерінен жасалғандығына соттың күдігі болса, ол тануды қабылдамай, ол туралы ұйғарым шығарады. Мұндай жағдайда осы фактілер жалпы негізде дәлелдеуге тиіс. Кодекстің келесі бабында куәнің айғақтарына байланысты ережелер бекітілген. Оған сәйкес іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы қандай да болмасын мәліметтер өзіне белгілі болған тұлға куә  болып табылады. Адамның айғағы, егер ол өзінің хабардар болу көзін  көрсете алмаса, дәлелдеме деп  танылмайды. Жазбаша дәлелдемелердің  анықтамасы 81-бапта орын тапқан. Ол бойынша іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтер қамтитын актілер, құжаттар, іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар жазбаша дәлелдемелер болып табылады делінген. Заттай дәлелдемелер түсінігі 66-бапта бекітілген. Егер заттар өзінің сыртқы түрімен, қасиеттерімен немесе өзге де белгілерімен іс үшін маңызы бар  мән-жайды анықтау құралы бола алады  деп ұйғарға негіз болса, олар заттай дәлелдемелер деп танылады. 96-бапта сарапшының қорытындысы  туралы түсініктемелер берілген. Сарапшының қорытындысы бұл сарапшының алдына сот зерттеуге, оның ішінде арнайы ғылыми білімдерді пайдалана отырып жүргізілетін заттай дәлелдемелер мен үліглерге  негізделген қорытындылар.

Дәлелдеме ұғымы