Дәрілік препараттар нарығын дамытудың бағыттары бойынша ұсыныстар

  М А З М Ұ Н Ы

 

Кіріспе……………………………………………………………………….……3

 

  1. Маркетингтік зерттеулердің теориялық негіздері....................................4

 

    1. Маркетингтік зерттеулердің мәні....................................................................4
    2. Маркетингтік зерттеу процесі және оның кезеңдері.....................................7

 

  1. Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық нарықтың жағдайын зерттеу мен талдау .....................................................................11

 

    1. Қазақстанның дәрілік препараттар нарығының жалпы сипаттамасы........11
    2. Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығын маркетингтік талдау («Химфарм» компаниясының мысалында)......................................14
    3. Дәрілік препараттар нарығын маркетингтік зерттеуді дамытудың бағыттары мен ұсыныстары...........................................................................20
    4. Дәрілік препараттар нарығын дамытудың бағыттары бойынша ұсыныстар....................................................................................................24

 

Қорытынды..........................................................................................................27

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................28

 

 

 

 

 

 

К І Р І С П Е

 

Қазіргі замандағы  әлемдік медицина әртүрлі дәрілік  препараттардың шамамен он мыңдай түрін  пайдаланады. Медициналық тәжірибеде қолданылатын маңызды препараттардың тізіміне шамамен 700 түрі кіреді. Әлемдік  елдердің бірде біреуі медикаменттердің толық номенклатурасын өндіре алмайды. Әлемнің дамыған елдері маңызды дәрілердің өндірісін қамтамасыз етуге, ал тапшылықты өзара жабдықтаулармен толықтыруға тырысады. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсібі дамуы жағынан артта қалды. Біздің мемлекетіміздің қажеттілігі соммасы 500 миллион АҚШ долларынан асатын медикаменттерге болып отыр. Ішкі күштер жылына қажеттіліктердің 11 пайызын қамтасыз етеді. Қалғаны жақын және алыс шетелден импортталады. Осыған байланысты, бүгінгі күні республиканың денсаулық сақтау басқармасы шетелден дайын дәрілік препараттарды сатып алу үшін қажет валюталық құралдардың бар болуына 94 пайыздан астам тәуелді.

Нарықтық  экономикаға өту кезеңінде Қазақстан  Републикасында қалыптасқан қаржылық тапшылық кезінде дәрілік препараттар  импортына тәуелділік дәрілік қамтамасыз ету жағдайын кенет нашарлатты. ЮСАИД  мәліметтері бойынша, Қазақстандағы  медикаменттердің бағасы (2005 жылы) 1993 жылмен салыстырғанда 386 ретке ұлғайды. Өзіндік  дамыған фармацевтикалық өндірістің болмауы нәтижесінде бұл жағдай әлеуметтік маңызы бар мәселеге айналды. Сонымен қатар, импорт бойынша дәрілік  препараттарды сатып алуды жалғастыру экономикалық мағынада мынаны білдіреді  – шетелдік фармацевтикалық фирмаларды қазақстандық қаржы көздерінен қаржыландыру.

Осының барлығы  фармацевтикалық нарық құрылымын  зерттеудің өзектілігін және оны  жетілдіру бағыттарын жасауды көрсетеді.

Курстық жұмыстың мақсаты – дәрілік препараттар  нарығын зерттеу, проблемаларды  анықтау және осы нарықты жетілдіру  үшін ұсыныстар беру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

    • маркетингтік зерттеудің теориялық аспектілерін зерттеп білу;
    • дәрілік препараттар нарығына жалпы сипаттама беру;
    • «Химфарм» акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасын беру;
    • дәрілік препараттар нарығын зерттеу және талдау;
    • осы нарықтағы проблемаларды анықтап, оларды шешу жолдарын ұсыну.

 

1Маркетингтік зерттеулердің теориялық  негіздері

 

    1. Маркетингтік зерттеулердің мәні

 

Маркетингтік  зерттеулер – бұл анықтау тиімділігін  жоғарлатуға және маркетингтік мәселелерді (мүмкіндіктерді) шешуге бағытталған  ақпаратты идентификациялау, жинау, талдау және таратудың жүйелі және объективті үрдісі.

Олардың негізгі  мақсаты маркетингтік шешімдерді қабылдау және олармен байланысты белгісіздік  деңгейін төмендету үшін ақпараттық – талдау базасын құру болып табылады.

Міндеті –  ақпараттық қажеттіліктерді бағалау  және шаруашылық субъектісінің қызметінің шынайы жағдайын көрсететін объективті, сенімді, дәл уақыттағы ақпаратпен қамтамасыз ету.

Маркетингтік зерттеулердің  міндеттеріне мыналар жатады: фирманың нарықтағы бәсекелестік позициясын анықтау оның өткізу және баға саясатын, тауарды нарыққа жылжытудың мәселелерін  бағалау, тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу, сатып алушылардың жаңа тауарға деген әсерін, бәсекелестер тауарын макроортаны талдау.

Маркетинг мақсаты  – сатып алушылардың қажеттілігін қанағаттандыруы арқылы сатушылардың пайдасын көбейту.

Кез – келген маркетингтік іс – әрекет басталады:

  • аналитикалық – анықтамалық  зерттеуден стратегиялық және ағымдық  жоспарлау іске асырылуы;
  • нарыққа жаңа тауар өндіру мен өткізу программасын әзірлеу;
  • өндірушілерден тұтынушыларға дейін  тауарды жылжыту каналдарын анықтау;
  • жарнама компаниясы құрылады және тауарды нарықта жылжыту шаралары маркетингтің барлық циклінде қолданылады.

Осындай зерттеудің пәні – нарықтағы маркетингтік қызмет, сондай-ақ онымен байланысты нарықтық үрдістер.

Объект ретінде  шаруашылық субъектінің өзі, ол қызмет жасайтын маркетингтік орта, ол бәсекелік  белсенділігін көрсететін нарық, сонымен  бірге тауарлық, бағалық, коммуникациялық  және өткізу қызметі саласындағы  онымен жүргізілетін маркетингтік тырысулар  болуы мүмкін.

Маркетингтік зерттеулер  дегеніміз - компанияның  басқару  шешімдерін  дұрыс  қабылдау  мақсатымен  алдына қойған маркетингтік міндеттерге  сәйкес ақпаратты жинау, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындыларды ұсыну /17 -69б./.

Маркетингтік  зерттеулер басқарушылық үрдістің барлық кезеңдерінде ақпараттық – біріктіруші  рөл атқарады және шаруашылық субъектінің  маркетингтік қызметін жоспарлау, мәселелерді  шешу және бақылау үшін сенімді ақпараттық база болып табылады.

Маркетингтік зерттеулер-бұл  тұтынушылардың талғамдары мен талаптарын  зерттеуге бағытталған фирманың маркетингтік әрекетінің маңызды түрінің  бірі.Мұндай зерттеулерді кәсіпорындар маманданған және консалтингтік фирмаларға тапсырыс жасау арқылы немесе өзінің маркентингтік бөлімдерінің күшімен өткізеді. АҚШ компанияларының 75%-інде осындай бөлімшелер бар, онда маркетологтар, статистер, бағдарламашылар, әлеуметтанушылар, психологтар жұмыс істейді.

Маркетингтік  зертеулерді жүргізуге қажеттілік мына жағдайларда болады, егер шаруашылық субъектісі:

  • қойылған корпоративтік және маркетингтік мақсаттарға жетпесе;
  • бәсекелік стратегиялар мен бәсекелік белсенділіктің тиімділігін бағаласа;
  • өсу стратегиясын іске асыруды жоспарласа;
  • инвестициялық жобалармен байланысты жаңа портфельді стратегияларды жасаса;
  • сегментеу және позициялаумен байланысты функционалдық стратегияларды таңдаса.

Қазақстанда маркентингтік  зерттеулерді көптеген маманданған  компаниялар жүргізеді. Оларға жататындар: БРИФ әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер агенттігі, «Gallup Media Asia», «Amer-Nielsen»,BISAM,Cuar,Cessi Kazakhstan,Sange Resarch, IGM, Комкон-2 Евразия, Эксперт  Консалт және тағы басқа компаниялары.Бұл  ұйымдарға қаржылық мүмкіндіктері  бар қазақстандық кәсіпорындар тапсырыс жасайды. Мысалы, «Amer-Neilsen» фирмасының жылдық айналымы 9 млрд. доллардан астам  болса, Қазақстандағы маркетингтік зерттеулерді жүргізетін компаниялардың біржылғы айналымы-700-800 мың доллар.

Отандық кәсіпорындардың  көпшілігі зерттеулерді жүргізудің қажеттілігін әлі түсіне бермейді.Сондықтан  Қазақстаннарығында осындай тапсырыстардың 80%-і шетелдік компаниялар үлесіне  тиіп отыр. Солай бола тұса да, маркетингтік зерттеулердің бағасы Қазақстанда  Ресейдегіден 1,5-2,0есе, ал Еуропадағыдан 5-10 есе төмен. Соған қарамастан, кәсіпорындар мен ұйымдарда маркетингтік зерттеулер кеңінен қолданылып жүрген жоқ. Мысалы, Жапонияда шоколадты тұтыну талғамдарын  пікір сұрау әдісімен зерттеу (750 адамға 40 минутта пікір сұрау  жүргізу) 63 мың доллар, АҚШ-та-62,7 мың, Батыс Еуропада-36 мың, Орталық Еуропада-14 мың доллар, Қазақстанда-10 мың доллар тұрады.

Екінші ретті ақпаратты  жинап, талдау зерттеу мәселесі онсыз  шешу мүмкіндігі болса да міндетті түрде жүргізіледі. Екінші ретті  ақпараттың жалпы құндылығын бағалау  үшін оның жақсы жақтары мен кемшіліктері анықталады.

Екінші ретті ақпарат  көп түлі көздерінен алынады. Негізінде  оларды екі түрге бөлуге болады: ішкі және сыртқы ақпарат. Біріншісі  фирманың өзінен алынады. Ол-фирманың қаржы баланстары, тауар өтімі  туралы мәліметтері, кірісі мен шығысы, клиенттер есебі, қорлары туралы мәліметтер, одан бұрын жүргізілген  зерттеулердің нәтижелері.Екіншісі сырттан алынған ақпарат мәліметтері. Олар үкімет мәліметтері және де басқа  жақтан алынатын мәліметтер. Үкімет мәліметтері  негізінде мемлекеттік статистикалық  орындары арқылы кең көлемде тегін немесе номиналды бағамен таратылады. Алайда үкіметтік мәліметтер әдетте кешігіп жарияланады.

Ал басқа мәліметтер негізінде  мерзімді басылымдар арқылы түседі.Олар кітаптар, монографиялар,журналдар, газеттер, жеке меншіктегі зерттеу ұйымдарының  коммерциялық мәліметтері (мысалы, Қазақстандағы  «БРИФ»маркетинг агенттігі) тағы басқалар.

Екінші ретті  ақпараттың ұтымды жақтары мен кемшіліктері:

Ұтымдысы:

Арзан түсуі, тез арада  жиналуы бірнеше көздері барлығы, фирманыңт өзі жинай алмайтын мәліметтердің болуы, тәуелсіз көздерінен алынған, дәлелді мәліметтердің  болуы, зерттеу барысында зерттеу  мәселені алдын ала анықтауға  көмектесу.

Кемшіліктері:

1.Екінші ретті ақпарат  ескі болуы мүмкін, өйткені ол  басқа мақсат үшін жиналған.

2.Ақпарат жалпы сипатта  болғандықтан жүргізіліп отырған  зерттеулер мақсатына сәйкес  келмеуі мүмкін.

Екінші ретті ақпарат  негізінде жүргізілетін зерттеулер «кабинеттік»  деп аталады.

Екінші ретті ақпарат  фирманың ішкі құжаттамаларында және сыртқы ақпарат көздерінде болады. Фирманың ішкі құжаттамаларында-пайда  туралы есептер, бухгалтерия және қаржы  қызметінің есеп берулері, баланстар, өткізу көрсеткіштері, шот-фактуралар, тауарлық-материалдық құндылықтардың есеп тізімдемесі жатады.Сыртқы ақпарат  көздері-мемлекеттік мекемелердің басылымдары, стастистикалық анықтамалар, газеттер мен журналдар, кітаптар, консалтингтік  фирмалардың, жарнама агенттіктерінің  есеп берулері мен шолулары.

Бірақ мұндай мәліметтерді байқап талдау керек, өйткені олар әр түрлі мақсаттар мен әр түрлі  жағдайларда жинақталғандықтан, ескіріп  кетуі мүмкін. Сондықтан қайталама  ақпараттардықолдану алдында олардың  шүбәсіз сенімділігін және сонылығын  мұқият тексеру керек.

Егер зерттеуші өзіне  қажетті ақпаратты сыртқы көздерден  таба алмаса, онда оларды жинау керек.

Бастапқы ақпарат-бұл  нақты зерттелетін мәселені шешу үшін жаңа ғана жиналған ақпарат. Мұндай зерттеулер «далалық» деп аталады.

Бастапқы ақпарат жинау  үшін көп шығын, еңбек және уақыт  керек.Сондықтан бастапқы ақпаратты  жинаудың арнайы жоспарын дайындау қажет.

Бастапқы ақпараттардың  артықшылықтары:

1.Зерттеудің нақты мақсатына  сәйкес жиналады.

2.Ақпаратты жинау әдістемесі  бақыланады және белгілі болады.

Кемшіліктері:

1.Көп уақыт және қаражт  керек (сыпамалы маркетингтің  нақты нәтижесін алу үшін 6 айдан   астам уақыт кажет).

2.Кейбір мәліметтер алынбауы  мүмкін.

1.2  Маркетингтік  зерттеу процесі және оның  кезеңдері

 

Маркетингтік  зерттеулер шаруашылық субъектінің  сыртқы және ішкі ортасы туралы ақпарат  бере алады, ал оның нәтижелері нарықтағы  маркетингтік қызметтің тиімділігін  жоспарлау, іске асыру және бақылау  үшін негіз болып саналады.

 

Кесте1. Маркетингтік зерттеулер классификациясы

Классификация белгілері

Маркетингтік зерттеулер түрлері

1

Зерттеулер бағыттары бойынша

  • сыртқы
  • ішкі

2

Қолдау саласы бойынша

  • проблеманы анықтау үшін
  • проблеманы шешу үшін

3

Зерттеулік дизайн бойынша

  • ізденушілік
  • қорытынды

4

Зерттеулердің мақсаты мен типіне байланысты

  • ізденушілік (барлаушылық)
  • сипаттамалық (дескриптивті)
  • каузальді (себеп – салдарлық, эксперименттік)

5

Қолданылатын ақпарат көздеріне  байланысты

  • кабинеттік (екінші ретті)
  • далалық (бастапқы)

6

Алынатын нәтижелердің сипатына қарай

  • сандық
  • сапалық

7

Проблеманы қамту дәрежесіне қарай

  • толық
  • ішінара (толық емес)

8

Зерттеулерді жүргізу тұрақтылығына  байланысты

  • бір ретті
  • көп ретті (панельдік)

9

Мүдделер саны бойынша

  • жеке
  • ұжымдық

10

Территориялық қамту бойынша

  • аймақтық
  • үлттық
  • халықаралық

11

Зерттеулерді жүргізудің ұйымдастырушылық формалары бойынша

  • маркетингтік зерттеулерді өзіндік маркетинг бөлімі арқылы жүргізу
  • маркетингтік зерттеулер бойынша қызмет көрсететін тәуелсіз зерттеу компаниялары мен фирмаларды тарту

Дерек көзі. [ ]


 

Маркетингтік  зерттеулер шаруашылық субъектінің  сыртқы және ішкі ортасы туралы ақпарат  бере алады, ал оның нәтижелері нарықтағы  маркетингтік қызметтің тиімділігін жоспарлау, іске асыру және бақылау үшін негіз болып саналады.

Маркетингтік зертеулерді  бес кезеңмен өткізуге болады:

  • Зерттеу мәселесі мен мақсаттарын айқындау.
  • Зерттеу жоспарын құру.
  • Ақпарат жинау.
  • Жиналған ақпаратты талдау.
  • Зерттеу қортындылары туралы есеп.

Маркетингтік зерттеудің тұжырымдамасы – зерттеудің міндеттерін, объектісін және мақсаттарын айқын  белгілеу, жұмыс жоспарын жасау.

Маркетингтік зерттеу  қалыптасқан мәселелерден пайда  болады, осы мақсаттарға жетуі  анықтама алуға қол жеткізеді. Маркетингті  зерттеудің мінезінің мақсаты зерттеу  түрін алдын - ала анықтайды.

Зерттеу мақсаты, міндетті нақтылау және зерттеу мәселесі туралы бірінші  түсінікті қалыптастыру болып саналады.

Маркетингтік зерттеудің бірінші кезеңіндеоны әзірлеу талаптарын қалыптастыру және зерттеу мәселесін  анықтау қажет. Мәселені анық баяндау  – табысты маркетингтің негізі. Егер мәселе дұрыс тұжырымдалса, ол аздап шешілді деуге болады. Мақсаттар  мен мәселелер неғұрлым анық және түсінікті белгіленсе, маркетингтік зерттеулер соғұрлым тиімді болады. Ақпарат  жинау - өте қымбатқа түседі сондықтан, мәселе бұлдыр немесе дұрыс белгіленбесе, қажетсіз шығындарға ұшыранады. Мәселелерді  айқындау процедурасына мәселелер  каталогы кіреді. Әдетте, мәселелер  өндірістік - өткізу қызметін талдау нәтижесінде  және басшылар мен мамандардан сараптамалық пікір сұрау жүргізу арқылы анықталады.

Мәселелер анықталғаннан  кейін мақсаттар қойылады. Егер мәселе (обьект) – бұл міндеттердің жалпы  қойылымы болса, онда мақсаттар –  зерттеу обьектісінен шығатын жеке міндеттердің жиынтығы болып табылады. Мақсаттар анық құрастырылып, олардың  сандық өлшемі болуы қажет. Мысалы, тауар өлшемінің өткізу көлемді  төмендей бастады. Осы құбылыстардың  себептері мен факторларын анықтау  зерттеулердің мәселесі болып табылады. Бұл мәселені шешуде маркетингтік зертеудің  алдында мынандай мақсаттар қойылады: өнімге сатып алушылар көзқарасын айқындау; осы өнімді сату көлемінің өзгеруіне  бәсекелестерінің тигізетін әсерін талдау; осы өнімді сату көлемінің  өзгеруіне бәсекелестердің тигізетін  әсерін талдау; тауар өніміне нақты  сұранысы бар анықтау.

Қорғау шараларын енгізу қазақстандық кондитерлерді теңсіз бәсекелестіктен қорғауға және мемлекет нарығында өз орнын сақтап қалуға көмектесуге тиіс болды бірақ  бұл жағдайда  енгізілген кондитерлік  өнімнің  қорғау импорт салықтары  ішкі нарықта бәсекелестіктің төмендеуіне  әкелді, соның нәтижесінде мемлекеттік  ішкі нарықта баға көтерілді.

Маркетингтік зерттеулердің  әдістері оны жүргізу мен ақпарат  алу техникасы бойынша сандық және сапалық болып бөлінеді.

Сандық әдістер деп – жабық типті құрылымдық сұрақтарды пайдалану арқылы әр түрлі пікір сұрау жүргізуді айтады.

Сапалық әдіс – ақпаратты сапалы сипаттау және оны стандартты емес түрде жинау арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс бақылау, тереңдетілген сұхбат, фокус-топтар және т.б. қолдануға негізделген.

Зерттеу мақсаттарына сәйкес зерттеудің мынадай  түрлері бар:

1.   Барлау (іздеу) зерттеулері – мәселелер мен болжамдарды дәлірек анықтау үшін ақпаратты алдын ала алу мақсатында жүргізілетін маркетингтік зерттеулер. Бұл зерттеулер мәселені нақтылауға, идеялар ұсынуға және білімді көтеруге бағытталған. Мысалы, сату көлемінің төмендігі жарнаманың нашарлығына байланысты деген жорамал бар, бірақ барлау зерттеуінің нәтижесінде басты себеп өткізу жүйесінің олқылығында екендігі анықталды.

Барлау зерттеулерін жүргізудің негізгі жолдары – екінші ретті  мәліметтерді қолдану, әдебиеттермен  жұмыс істеу, сарапшылардан және фокус-топтардан пікір сұрау алу, тањдалған оқиғаларды талдау. Барлау зерттеулерінде сауалнамалық пікір  сұрау қолданылмайды, оларды жүргізудің нәтижесінде идеялар мен болжамдар  алынады.

2.   Сипаттама зерттеулер – маркетингтік мәселелерді, әр түрлі жағдайларды, нарықтарды, тұтынушының өнімге қатысын сипаттауға бағытталған маркетингтік зерттеулер. Мұндай зерттеулерде не, кім, қайда және тұтынушылар өнімді қашан, қалай сатып алады деген сұрақтарға жауап ізделеді. Мұндай мәлімет қайталама ақпаратта бар, сонымен қатар  оны пікір сұрау мен бақылау жүргізу арқылы да алуға болады.

3.   Казуалды зерттеулер – себеп-салдар байланысына қатысты ғылыми болжамдарды тексеру үшін жүргізілетін маркетингтік зерттеулер. Мұндай зерттеулерді қолдана отырып, мынадай сұрақтарға жауап алуға болады.

«Егер Х факторының мәнін өзгертсек, онда Y-тің белгілі бір мөлшерін ала аламыз ба?» Мысалы, «Эйр Астана» әуе компаниясы билеттерінің бағасы 10%-ға төмендесе, онда жолаушылар саны 7%-ға ұлғаюы мүмкін бе? Мұндай зерттеулер негізінен математикалық әдістерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Маркетингтік  зерттеулер барлаушы зерттеуден басталып, сипаттаума зерттеуге көшеді, одан соң  казуалды зерттеулер жүргізіледі. Маркетингтік зерттеудің негізгі бөлігі, ол – болжамды тексеруде қолданатын сипаттаума зерттеулер, бірақ олар себеп-салдар байланысын айқындауда онша тиімді емес.

Маркетингтік  зерттеулердің кең қолданылатын әдістеріне мыналар жатады:

1.      Құжаттарды талдау әдісі;

2.      Тұтынушылардан пікір сұрау жүргізу;

3.      Сарапшылар бағалауы.

1.Сауалнамалар (анкеталар)  тарату жолымен пікір сұрау. Пікір сұрау пошта, телефон және жеке әңгімелесу арқылы жүргізіледі. Жеке әңгімелесу (сұхбат) – пікір сұрау жүргізудің ең әмбебап әдісі. Қажет болса, зерттеуші сауалнамадағы (анкетадағы) сұрақтардан да басқа сауалдар қойып, зерттеу нәтижелерін толықтыруы мүмкін. Бұл тәсіл – мұқият дайындықты, әңгіме өткізуді жоспарлауды және білікті мамандардың қатысуын талап ететін қымбат әдіс.  Пікір сұрау  жүргізудің мынадай әдістерін атап өтуге болады:

  • Жеке сұхбат  – бір адаммен әңгімелесу. Жеке сұхбат жұмыс орнында, үйде және далада жүргізілуі мүмкін. Ол сұрақтарына, сұрақ санына және уақытына байланысты бірнеше минуттан бір сағатқа дейін созылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда сұхбат беруге кеткен уақыт үшін шағын сыйлық, не ақшалай өтемақы беріледі. Жеке сұхбат – мәлімет жинаудың ең қымбат әдісі.
  • Топтық сұхбат – 5–10 адаммен бірнеше сағат ішінде сұхбат жүргізіледі. Әңгімені жүргізуші жоғары білікті, объективті болуы, тақырыпты білуі және топтар мен тұтынушылардың мінез-құлқын, ерекшеліктерін ұғынуы қажет.
  • Ірі дүкендерге келушілерден сұхбат (интервью) алу алғашқымен салыстырғанда арзан.
  • Кеңселерде өткізілетін сұхбат. Әдетте мұндай сұхбат өндірістік-техникалық мақсатқа арналған өнім жөніндегі ақпаратты жинау кезінде пайдаланады. Мұндай әдістің білікті мамандар жүргізуіне байланысты бағасы жоғары болады.
  • Телефондық сауалдама ақпарат жинаудың ең жылдам әдісі болып табылады. Артықшылықтары: көп респонденттердіқамтиды, салыстырмалы түрде бағасы төмен болады. Кемшіліктері – пікір тек телефоны барлардан сұралады және ресми сипаттағы қысқа әңгіме өткізіледі, жауап алу және оның сапасын тексеру қиынға соғады.
  • Компьютерленген сұхбат. Интернет көмегімен ақпарат жинау – ең жаңа әдіс. Артықшылығы: ақпаратты жинау жылдамдығы, жоғары тиімділігі, шығындарының төмендігі.Кемшіліктері: жауап берушіні білмеу, көзбе-көз көрмеу.
  • Респонденттердің қалдырылған анкетаны өздері толтыруы. Мұндай тәсіл сұхбат алуды ыңғайлы және арзан өткізу үшін қолданылады. Қатысушылар ретінде бір сыныптың оқушылары, топ студенттері, ұйым қызметкерлері, қонақүй тұрғындары бола алады. Бұл тәсіл сұхбат жүргізушінің респонденттерге ықпалының аздығымен және салыстырмалы түрде арзандығымен сипатталады.
  • Пошталық пікір сұрау–сауалнамаларды (анкета) пошта арқылы жіберу. Алайда пошталық сауалнама қарапайым және қисынды мазмұндалған  сұрақтарды талап етеді.  Ал жауап қайтару дәрежесі төмен және баяу болады.

 

 

 

 

2 Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық нарықтың                 жағдайын талдау және бағалау

 

2.1 Қазақстанның дәрілік препараттар нарығының жалпы сипаттамасы

 

Халық пен  Қазақстан Республикасының денсаулық  сақтау мекемелерін дәрілік препараттармен және арнаулы медициналық бұйымдармен  қамтамасыз ету маңызды әлеуметтік мәні бар проблемалардың қатарына жатады. Халықтың ауру – сырқауының жалпы  жоғары деңгейі салдарынан медикаменттерді  тұтынудың ұлғаюы сипат алады. Осыған байланысты дәрілік препараттарға  сұраныс анықталады. Қазіргі кезде  Қазақстан Республикасында 6,5 мың  фармацевтикалық қызметтің объектілері  әрекет етеді. Олардың ішінде 2% өнеркәсіптік өндірістер, 8% дәріханалық қоймалар, 90% дәріханалық ұйымдардың тармақталған желісі. ҚР дәріханалық ұйымдардың 98% жеке меншікте, 3% мемлекеттік меншікте болып отыр.

Қазақстанда дәрілік препараттарды өндірумен  айналысатын 100-ге тарта кәсіпорын  тіркелді. 2005 жылы жалпы соммасы 3,16 миллион теңгені құрайтын медициналық  препараттар өндірілді, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 110 %-ке жоғары. Айта кететін  жайт, 2005 жылы медициналық препараттардың экспорты 305,8 миллион теңгені құрады.

ҚР фармацевтикалық  өнеркәсібінің тұрақты даму тенденциясы  бар. Егер 1997 жылы соммасы 9 миллион  АҚШ долларын құрайтын дәрілік препараттар  шығарылса, 1998 жылы – 10 миллион АҚШ доллар, ал 1999 жылы – 11,5 миллион АҚШ доллары. 1997 жылы дәрілік препараттардың 132 түрі өндірілді, ал 2003 жылы бұл көрсеткіш 30 - 40% өсіп, 700 түрді құрады.

Отандық өндіріс галендік препараттарды, дәрілік өсімдік шикізатты, антибиотиктерді, вакциналарды, сарысуларды, рентген құрал – жабдықтарын, таңу материалдарын өндіретін 90 кәсіпорындармен көрсетілген. Олардың ішінен 51 кәсіпорын Алматы қаласында қызмет етеді. Осы кәсіпорындардың тек алтауында ғана өмірлік маңызы бар дәрілік заттардың 64 түрі шығарылады.

ҚР  фармацевтикалық қызметтер нарығының  даму үрдісін шартты түрде келесі кезеңдерге бөлуге болады:

1992 - 1994 жылдар - өтпелі кезең мен бағалардың  либерализациясы жағдайында фармацевтикалық  қызметтер нарығының қалыптасуы;

1995 – 1999 жылдар  – фармацевтикалық қызметтер  сферасындағы нарықтық қатынастардың  эволюциялық дамуы жеке меншіктегі  фармацевтикалық бизнестің заңды  түрде тіркелуімен сипатталады;

2000 – 2002 жылдар  – фармацевтикалық қызметтер  нарығын мемлекеттік реттеудің  белсенділігі;

2002 жыл –  қазіргі уақытқа дейін – фармацевтикалық  қызметтер нарығының тұрақтылығы.

2005 жылы импорт  көлемі 26 миллиард теңгені (186,6 миллион  АҚШ долларын) құрады, 2004 жылмен салыстырғанда  26 % өскенін білдіреді. 
Берілген мәлімметтер бойынша ішкі күштер нарық қажеттіліктерінің 11% қанағаттандырады. 
Бірақ орташа қазақстандық тұтынушының дәрілік препараттарды сатып алудың нақты көлемдері дамыған елдердегі (АҚШ, Батыс Еуропа) медициналық препараттарды тұтынумен салыстырғанда бірнеше рет (шамамен 10 рет) төмен. 

ҚР  фармацевтикалық және медициналық  өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары  мыналар болып табылады:

  1. «Химфарм» АҚ (Шымкент қаласы) дәрілік препараттарды жасау мен ендіруге, ампулдық, дәрілік түрлерді, антибиотиктерді өндіруге маманданған. Бұл республикада наркотиктік препараттар (прамедал, морфин, эфедрин) мен этил спиртінің үлкен көлемдерін өндіретін жалғыз өндіруші.
  2. «Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ (Алматы қаласы) тұнбалардың, эликсирлердің, тамшылардың, экстрактардың, майлардың, линименттердің ірі өндірушісі.
  3. «Береке» АҚ (Орал қаласы) флакондардағы залалсыздандырылған ерітінділердің өндірушісі.

Дәрілік препараттарды өндіретін шетел  үлесі бар кәсіпорындар:

  1. «Қазақ Аджанта фарма ЛТД» ЖШС БК (қазақстан – үнді кәсіпорны).
  2. «Ақсу – Дзен» ЖШС БК (қазақстан – корей кәсіпорны).
  3. «Глобал фарм» ЖШС БК (қазақстан - корей кәсіпорны).
  4. «Экофарм» ЖШС БК (қазақстан – бельгиялық кәсіпорны).

2002 жылдан  бастап республикада «Дәрілік  препараттардың мемлекеттік реестры»  деген электронды анықтамалық  шығып жатыр. Көп жылдар бойы  осында өмірлік маңызы бар  дәрілік препараттар жетіспей  жүр.

Қазақстанның  фармацевтикалық нарығының сиымдылығы әртүрлі ақпарат көздерінің мәліметтері  бойынша 150 – 300 миллион АҚШ долларын құрайды. Бүгінгі күні Қазақстанда 6000 астам дәрілік препараттар  тіркелген.

Дәрілік тәуелсіздік  мәселесінің тиісті шешімі – мемлекеттік  дәрілік саясаттың басымдылығы  – отандық зерттемелерді мемлекеттік  қолдау кезінде және сапалы бәсекеге қабілетті дәрілік препараттарды  өндіргенде ғана мүмкін болады.

Қазақстандағы нарықтық қарым-қатынастардың дамуымен байланысты тауарлардың әртүрлілігінің өсуі тек қана азық – түлік тағамдарының нарығына ғана емес, сондай-ақ дәрілік препараттар нарығына да үлкен әсерін тигізді. Қазіргі уақытта дәрілік препараттар нарығында әлемдік фармацевтикалық нарықтың барлық танымал өндірушілері ұсынылған. Бұл жағдай тұтынушыға өзіне негұрлым ыңғайлы және тиімді дәріні таңдауға мүмкіндік береді. 
Қазақстандағы дәрілік препараттар нарығын қарастыралық. TNS Gallup Media Asia компаниясының Қазақстаннның он бір ірі қалаларында жүргізген пікір – сұрауларының нәтижелері Қазақстанда дәрілік препараттарды бүкіл халықтың 80 пайызы пайдаланатынын көрсетті. 
Халық арасында неғұрлым кең тараған дәрілік препараттар болып бас ауруына қарсы дәрілер және ауырмайтын етуге (жансыздандыруға) бағытталған дәрілер саналады. Осындай препараттарды дәрілік препараттарды алатын тұтынушылардың 72,5 пайызы сатып алады. Екінші орында – суық тию мен тұмауға қарсы дәрілерді тұтынушылардың 54,3 пайызы сатып алады. Ал үшінші орында – тұтынушылардың 40,7 пайызы сатып алатын жөтелге қарсы дәрілер тұрады 

Дәрілік препараттар нарығын дамытудың бағыттары бойынша ұсыныстар