Дәстүрлі үнді құқығының институттары
Дәстүрлі үнді құқығының негізгі институттары
Кіріспе
Үндістан
жер көлемі және халқының саны
жөнінен өте ерте уақыттардың
өзінде-ақ Азия елдерінің
Біздің дәуірге дейінгі үшінші мыңжылдықта Үндістанның батыс-солтүстік жағында мемлекеттер болып, ол мемлекеттерде мәдениеті жоғары, өздерінің жазу әдебиеті бар тайпалар өмір сүргені мәлім. Ежелгі Үндістанның мәдениеті бірінші мыңжылдықта гүлденіп, көрші халықтарға да әсерін қатты тигізді. Үндістан буддизм дінінің отаны.
Үндістанның
географиялық жағдайы өте
Құқық дегеніміз
мемлекетте қолданылатын
Заңдар
адамның құқықтық дәрежесін
Құқықтың алғашқы элементі – құқық нормасы. Құқық нормасы дегеніміз – мінез-құлық, тәртіп ережесі, тіршілік процесіндегі тәртіп пен мінез-құлық, ережелерінің үлгісі. Ал мінез-құлық дегеніміз – жеке алып қарағандағы әрбір адам емес, тұтас адамдар ұжымына да тән жағдай. Жеке адаи ғана емес, бірнеше адамнан құрылған ұжымдар да бір-бірімен қатынасқа келеді. Демек, құқық нормаларымен реттелетін қатынастарға түсе отырып, адамдар, олардың ұйымдары өздерінің мінез-құлқымен сол нормаларды бұзбайтын болуға тиіс.
Құқықтық нормалардың жиынығы ретіндегі құқық, қоғам тіршілігінде маңызды рөл атқара отырып, өмірдің қай саласында болса да адамдар арасындағы қарым-қатынастарда тәртіп болуына бағытталады. Адамдар бір-бірімен экономикалық қатынаста, яғни материалдық игіліктерді өндіру жөніндегі қатынастарда болады. Мысалы, заводтарда, фабрикаларда нормативтік құқық актілері аоқылы белгілі бір реттілік, еңбек тәртібі орнатылады. Материалдық игіліктерді бөлу мәселесінде де экономикалық қатынастар пайда болады. Қызметкерлер өздерінің еңбегі үшін сияпат ақы алуға тиіс. Бұл да тиісті нормативтік актілермен реттеледі. Адамдар бір-бірімен неше түрлі шарттық қатынастарға түсіп жатады. Олардың арасындағы сату-сатып алу, айырбас, жоралғы, қарыз т.б. әрекеттер құқық нормаларының шеңберінде ғана хатталуға тиіс.
Құқық қоғамның
саяси өмірінде маңызды рөл
атқарады. Мемлекеттік органдардың
құрылымы, оларды жасақтау тәсілдері
(сайлау, тағайындау, олардың билік
аясы (өкілеттілігі), іс-әрекеттерінің
түрлері мен әдістері т.т.
Қоғамдық тәртіп (демократиялық немесе халыққа қарсы бағытталған) тек қана құқықтық актілер арқылы орнатылады, оны тәртіп органдары қамтамасыз етеді. Азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатынасу үшін пайдаланатын саяси құқықтары мен бостандықтары тек қана нақ осы құқықтық актілер арқылы белгіленеді.
Құқық қоғамның
әлеуметтік өмірінде де зор
рөл атқарады. Құқықтық нормалар
білім алудың, денсаулық сақтаудың,
отбасын құрып, оны нығайтудың
т.б. қажеттіктердің заңдық
Сөйтіп, құқық дегеніміз адамдардың өміріне қалыпты жағдайлар туғызуға, қоғамның барлық бағыттарда дамуын заңдық жағынан қамтамасыз етуге тиісті мемлекеттік қуатты құрал болып табылады. Құқық тек жұртты жазалау үшін, оларға күштеу шараларын қолдану т.с. үшін қажет деп ойлау дұрыс емес. Азаматтар өздеріне берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланғанда, құқық нормаларының талаптарын орындағанда, мемлекеттік органдар құқық нормаларының талаптарын бұзған адамдарға шара қолданып, тиісінше жазалап отырғанда, құқық нақты іс жүзіне асқан болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі: Үндістан өте беделді әрі ұлы державалар болып саналатын мемлекеттер қатарында және оның көптеген құқықтық жүйелерге негіз болған құқығын зерттеу заңгерлер үшін қажетті.
Курстық жұмыстың міндетері:
- Үндістанның құқық
институтарының негізгі және
қайнар көздерін анықтап,
Курстық жұмыстың зерттелу объектісі: Үнді құқығының институттары.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Үндістанның қоғамдық құрылысы
Ежелгі
Үндістанның әлдеқашаннан келе
жатқан әлеуметтік-таптық
Сот.
Үндістанның соты патша және қоғамдағы соттар болып екіге бөлінетін. Қауымның соттары каста бойынша құрылған. Олар қауымның арасындағы істердің көпшілігін өздері қарайтын. Он ауылға бір сот жұмыс істейтін. Ол үш адамнан тұратын еді. Қалалардың әкімдері қылмыскерлерге қарсы күресті қүшейтті. Оларды ұстап, іздеп, түрмеге салу да олардың міндеттеріне жататын еді. Жоғарғы сотты патшаның өзі басқарды. Ол брахмандармен және тәжірибелі ақылшыларымен біріктіріп "сабха" деген сот алқасын құрды. Патшаның жыл сайын кешірім жариялауға құқығы болатын.
- Ежелгі Үндістандағы құқығы
Алғашқы мемлекеттік құрылымдар Үндістанда Үндістан түбегінің солтүстік бөлігінде, Үнді жəне Ганг өзендерінің аймағында пайда болып, ауыл шаруашылығы мен қолөнердің дамуының жоғары деңгейімен ерекшеленген. Б.э.д. ІІ мыңжылдықтың ортасында Үндістанның аумағына арийлер көшпенді тайпалары жаулап кірді, олар біртіндеп бүкіл аумақты
жаулап алды да, ежелгіүндістандық
өркениетті құртты. Жаулап кірген арийлерде
рулық құрылым сақталған
Жер өңдеудің одан əрі дамуы мен қолөнердің оқшаулануы қауымдастықтардағы еңбек бөлінісіне алып келді, ал бұл, өз кезегінде, жеке меншіктің пайда болуына жəне қоғамның таптарға бөлінуіне негіз болды. Осылай мемлекет пайда болды.
Ежелгі Үндістанның мемлекеті жəне құқығы тарихының кезеңдері:
1 кезең — алғашқы қауымдық
құрылымның ыдырауы жəне
2 кезең — Үнді мен
Ганг аймақтарында құлиеленуші
мемлекеттердің құрылуы (б.э.д.
3 кезең — Маурийлердің орталықтанған мемлекетінің
құрылуы жəне гүлденуі (б.э.д. ІҮ — ІІ ғ.ғ.)
4 кезең — үнділік
Қоғамдық құрылым. Ежелгі Үндістандағы қоғамдық құрылымның өзіндік сипаты варналар (касталар) жүйесінің болуымен анықталды, олар өзінің құқықтық жағдайы бойынша тең емес тұйық əлеуметтік топтар ретінде қалыптасты. Қоғамның таптарға бөлінуінен кейін қауым төрт варнаға бөлінді:
брахмандар варнасы (абыздар); кшатрийлер варнасы (əскери тұлғалар); вайшийлер варнасы (жер өңдеушілер); щудралар варнасы (қаналушы батырақтар).
Мемлекеттік құрылым. Мемлекет басында патша — раджа немесе магараджа тұрды. Маурийлер дəуірінде маңызды орган ретінде патшаның билігін шектеуші жəне брахмандар мен құлиеленуші аристократтардан құралған паришад танылды. Мемлекеттік аппаратта шенеуніктер екі топқа бөлінді — орталық жəне жергілікті басқару шенеуніктері жоғарғы шенеуніктердің арасында мыналар ерекше орынды иеленді: пурохита — патшаның басты кеңесшісі жəне абызы; сенапати — əскер қолбасшысы; ахармадьякша — сот істері бойынша жоғарғы шенеунік. Басқарудың орталық аппараты үш мекемеге бөлінеді: əскери, қаржылық жəне көпшілік істер бойынша.
Жергілікті басқару. Маурийлер мемлекетінде мыналар ерекше бөлінді: патшаның басқаруы мен бақылауындағы облыстар мен белгілі бір автономияға ие жерлер (провинциялар), провинциялар, өз кезегінде, округтерге, округтер аудандарға бөлінген. Ең төменгі аумақтық бірлік қауым — ғана болған.
Əскер. Маурийлер дəуірінде əскерді алты алқаға бөлген 30 мүшеден құралған əскери кеңес басқарған. Олар үнділік əскердің төрт түріне жетекшілік жасаған: жаяу əскерге, атты əскерге, пілдер мен арбалы əскерге, əскери флот пен көліктік əскерге.
Құқықтың негізгі сипаттары. Ежелгі Үндістанның құқығы дінмен, діни моральмен тығыз байланысты болған. Құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде Ведалар — діни кітаптар мен дхармашастралар — діни-құқықтың, ережелердің жиынтығы саналған, олардың ішінде аса маңызды болып Манудың дхармашастралары табылған. Ману заңдары 12 тарау мен қоссөздер (шлок) түрінде жазылған 2685-баптан құралған. Құқықтық материал ІҮ, ҮІІ, ҮІІІ жəне Х тарауларда мейлінше толық көрініс тапқан.
Ежелгі Үндістанда жеке меншік ерекше дамыған, оның объектілері ретінде құлдар, мал, астық жəне үй жабдықтары саналған. Ал жерге деген жеке меншік аса дамымаған. Х — тарауда мүлікті иемденудің жеті заңды тəсілдері аталып өткен: мұрагерлік, сыйға алу немесе тауып алу, жаулап алу, саудагерлік, жұмыс орындау, қайырымдылықты қабылдау. Міндетте мелік құқыққа (Ману заңдары бойынша) келесі шарт түрлері тəн болған: сату-сатып алу, заем, сыйға беру, тасымалдау, сақтау.
Отбасы құқығында касталық қағида негізге алынған: аралас неке лерге тыйым салынған немесе олар шектелетін болған, шудра мен брахман ның некесінен туған бала чандал деп танылған, олардан қоғам бет бұрған.
Мұрагерлік құқықта əкенің мүлкін мұраға алудың екі тəсілі аталған: не ол ұлдардың арасында теңдей бөлінген, не оны үлкен ұлы толығымен иемденіп, қалғандары сол ұлдың жанында өмір сүрген. Қыздар мұраға ие болмаған, бірақ оларға жасау берілетін.
Сот процесі. Ежелгі Үндістанның сот өндірісіндегі қылмыстық жəне азаматтық іс жүргізудің арасы ажыратылмаған. Сот істері мүдделі тұлғалардың ынтасы бойынша қозғалған. Сотта істі қарау жарыспалылық сипатына ие болған. Ежелгі Үндістан мемлекеті туралы сөз қозғамас бұрын ежелгі кезде "Үндістан" ұғымы қандай мағына бергеніне тоқталып өтейік. Сез болып отырған дәуірде бұл елдің атауы болмаған. Бізге дейін жеткен әдеби мұраларда (мейлінше кейінірек шыққан) "Бхаратаварша" ("бхараттар елі") деген сөз кездеседі. Бүл сөз Үндістанның солтүстік бөлігіне немесе Ганга аңғарына ғана байланысты болған тәрізді. Үнді мифологиясында Үндістан түбегі "Джамвудьипа" деп аталады, бірақ бұл атау кең түрде қолданылмаған.
3. Ману Заңдары
Ману заңы (санскритше манавадхар-машастра) — үнділердің жеке және қоғамдық өмірдегі мінез-құлқын, жүріс-тұрысын анықтайтын ежелгі діни-құқықтық нормалар жиынтығы. Үнді аңыздарына қарағанда оны адамдардың арғы атасы Ману құрастырған. Тарихи деректер бойынша Ману заңын шамамен б.з.б. 2 — б.з. 2 ғ-лар аралығында діни абыздар (брахман-риши) жазған. Діни-әдеби шығарма болғандықтан, Ману заңының мазмұны құқық мәселесінен өзге дін, саясат, әдеп мәселелерін, яғни ежелгі Үндістандағы қоғамдық қатынастардың барлық саласын қамтыды. Ману заңы 12 бөлімнен тұратын 2 652 шумақты өлең сипатында санскрит тілінде жазылған. Заңда варналардың, яғни таптардың пайда болуы егжей-тегжейлі баяндалып, олардың мұрагерлік-кәсіптік сипаты нақтылы көрсетілген. Ману заңы бойынша, брахмандар — абыздар, кшатрилер — әскери ақсүйектер, вайшилер — қатардағы қауым мүшелері, шудралар — құлдар. Тіршілікті жаратушы Брахма құдайы брахмандарды өз аузынан, кшатрилерді қолдарынан, вайшилерді белінен, ал шудраларды өкшесінен жаратты делінген. Брахмандар ең биік дәрежеде болды. Әскери іс кшатрилердің құзырында болса, вайшилер жер өңдеумен, мал өсірумен, қолөнермен және саудамен айналысуға, ал шудралар осы варналарға қызмет етуге тиісті болды. Варнаның бірінен екіншісіне өтуге тыйым салынды. Ману заңында жеті түрлі меншік құқығының пайда болу жолдары нұсқалған: мұрагерлік, сыйға алу немесе олжа тауып алу, сатып алу, жаулап алу, өсімқорлық, атқарылған жұмыс ақысына алу, қайырымдылық жасау. Ману заңында патша өзіне қарастыларды қорғамай, салық салса, онда ол тозаққа барады делінген. Қарызын тиісті мерзімде өтей алмаған борышқор жұмыс істеп өтеуге міндетті болды. Бірақ төм. кастаға жататын несиегер жоғ. касталық борышқорды жұмыс істетіп өтетуге мәжбүрлей алмады, ол борышын біртіндеп беріп отырды. Борышқор қайтыс болса, оның міндеттемелері баласына немесе туысқанына көшті. Ману заңы бойынша әйел адам жас шағында әкесіне, кейін күйеуіне, ал күйеуі дүниеден озған соң балаларына бағынуға міндетті болды. Ер адам өзінен төмен варнадан әйел алуға ерікті болғанмен әйел адамның өзінен төмен варна адамына күйеуге шығуына тыйым салынды. Шудраның брахман әйел алуы сорақы күнә болып есептелді. Отбасы мүлкін қожайын басқарды. Қожайын өлген соң дүние-мүлік не әр балаға үлестірілді, не үлкен балаға қалды. Үлкен балаға қалған жағдайда ол басқа балаларды қамқорлығына алды. Қыздарға мұра тиесілі болмады, бірақ оларға бауырлары өз үлесінің төрттен бірін беруге тиіс болды. Заңда патша жауларына қызмет көрсету, қала қорғанын, қала қақпасын бүлдіру секілді мемлекеттік қылмыстар алдыменен сөз етілді. Түнде ұрлыққа түскен адамға тағайындалатын жаза — екі қолын да кесіп, шанышқыға отырғызу. Бір рет ұрлық қылған адамның қолының екі саусағы, екінші ұрлық үшін қол мен аяқ кесілді, үшінші рет ұрлық жасаған адамға өлім жазасы берілді. өрлықты көре тұра айтпаған адам да жазаға тартылды. Ал ұрлықтың ізін жасырушы ұрының өзімен бірдей жазаланды. Адам өлтірушіге де өлім жазасы тағайындалды. Жоғары сот қызметін патша мен брахмандар атқарды. Қылмыстық және азаматтық іс жүргізушілік арасында айырмашылық болмады, сот отырысы жарыспалы түрде өтті. [1]
Ману заңдарында қылмыстық-құқықтық нормалар жалпы тыйымдар дың ішінен бөліп қарастырылмаған. Сонымен қатар заңдарда патшаға немесе мемлекеттік билікке қарсы бағытталған əрекеттерді жазалайтын баптар болмаған. Ал жеке меншікке, жеке тұлғаға нұқсан келтірушілік пен отбасылық ережелерге қарсы бағытталған əрекеттер өте қатаң жазаланған.
Мұндай жағдайда касталық ерекшеліктерге ерекше мəн берілген. Жасалған қылмыстар үшін негізгі жазалардың қатарынан өлім жазасы, тілді кесу, қолды, аяқты кесу, таңба салу, құлдыққа салу орын алған.Бұл өсиеттерді үш бөлімге бөліп қарауға болады: олардың біріншісін брахмандардың түрлі діни өсиеттері құрайды, екіншісін нормалар, яғни, мемлекеттік биліктің ұйымдасуы мен оның азаматтармен қарым-қатынасын реттейтін нормалар жиыны, үшіншісін азаматтық және қылмыстық істер нормалары құрайды.
Ману Заңдары өлеңмен жазылған (шлокпен). Жинақ 12 бөлімнен тұрады. Әр бөлімі өте көп шлоктардан құралған.
Брахманизм
мен буддизмнің шиеленіскен
Буддизм
б. д. дейінгі VI-V ғ.ғ. пайда
болған. Ол құл иеленушілік құрылыстың
ыдырауының алғашқы белгілері
байқала бастаған кезең еді.
Ашоктың тұсында буддизм
Мүлікті
ұзақ уақыт бойы адал түрде
пайдалану оған иелік ету
Қылмысты түрлерге бөліп қарастырған:
1. Мемлекетке қарсы жасалған қылмыстар; 2. Жеке адамға (оның денсаулығы мен өміріне) қарсы жасалған қылмыстар; 3. Ар-ұжданға қарсы жасалған қылмыстар; 4. Меншікке (негізінен жеке меншікке) қарсы қылмыстар; 5. Отбасына қарсы қылмыстар.
Бұлардың
әрқайсысына және оларға
Қорытынды
Соттағы
әділдік халық талабы екендігі
ескеріліп, Ману зандарына
Сонымен, біз жоғарыда Ежелгі Үндістанның құқықтық ескерткіші, тарихи нұсқа саналатын Ману зандарына талдау жасадық. Шығыстық деспотия елдерінің қатарына жататын Ежелгі Үндістан мемлекетінің өмір сүрген кезеңіне, ол дәуірдегі құқықтық мәдениет өркениеті, не құқықтық сана және құқық көздеріне шолу жасай отырып, солардың бірі Ману заңдары деп аталған дхармадағы өсиеттерге ерекше тоқталып өттік. Ежелгі дәуірге қатысты бұл жинақ (б. д. д. ІІ-б. д. II ғ. ғ.) қазіргі заманға дейін өз маңызын жойған жоқ. Үндістанда бұл зандардың XIX ғасырға дейін қолданылып келуі осының дәлелі. Соған дейін маңызын жоймай, елдің негізгі заңдық құжаты болып келуі бұл жинақтың заңцық негізінің мықтылығын байқатады.

- Два варианта таможенной политики
- Два кризиса инфляции в Российской Федерации: 1990-е и 2000-е годы
- Две Вивьен Ли: Скарлетт О’Хара и Бланш Дюбуа
- Две культуры: естественно-научная и гуманитарная
- Две стороны маркетинга: искусство и технология
- Две точки зрения на проблему государственного долга
- Двигатели внутреннего сгорания
- Дәлелдеме ұғымы
- Дәмхана жұмысын автоматтандыру
- Дәрілерді сынауды метрологиялық қамтамасыз ету
- Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы
- Дәрілік препараттар нарығын дамытудың бағыттары бойынша ұсыныстар
- Дәрістер тезисі
- Дәрістік сабақтарының конспектілері