Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі дипломатия

I. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі дипломатияның қалыптасуы 

1.1 Екінші дүниежүзілік  соғыс қарсаңындағы  КСРО қауіпсіздігін  қамтамасыз етудегі  дипломатиялық алғышартар

     1939 жылы 1 қыркүйекте басталған екінші дүниежүзілік соғыс ұлы трагедия қатысушыларын бірден өз орындарына қойған жоқ. Франция мен Ұлыбритания Германияға соғыс жариялады, бірақ олар неміс әскерлері екі апта бойы поляк армиясын талқандағанын және Молотов – Рибентроп анықтаған шекаралық сызыққа шыққанын бақылап отырды. Бұл сызықты неміс әскерлері кесіп өткен жоқ, олар кеңес жасақтары 17 қыркүйекте Батыс Украина және Белоруссия жеріне ене бастағанын 3-4 күн күтті. Егер олай етпегенде, немістер поляк қарсылығын біржолата басып тастар еді.

     Кейбір  «білгіштер» КСРО-ны Германиямен келісімге сәйкес Польша аймағына кірді деп сөгеді. Ол поляктардың арқасына пышақ сұғуға шақ қалды. Бірақ 17 қыркүйекте Польша әскери және саяси басшылығы бытыраңқы болып іс жүзінде өмір сүруін тоқтатты; ал немістерге бұл қолайлы сәт болып көрінді. Қызыл Армияның Польша жеріне енуі туралы У.Черчилль былай деді: «Ресей жеке мүдделеріне қатысты суық саясат жүргізіп отыр. Біз үшін орыс армиясы қазіргі позицияларында қалып, Польшамен одақтас және бізбен дос болып қала бергені жақсы еді. Бірақ Ресейді ұлтшылдардың қаупінен қорғау үшін орыс армиясы осы сызықта тұрғаны қажет болды» [3,17-б].

     Біздің  білгеніміздей, поляктар өздері біздің досымыз болғысы келген жоқ. У.Черчилль мұны білді, сондықтан КСРО әрекетіне  түсіністікпен қарады. Бұл туралы Шарль де Голль былай деп жазған: «Кеңес Одағының араласуы поляктар жеңілісін тездетті. Сталиннің позициясында Франция орнынан қозғалмайды, Германия қолы бос болады, құрбан болғанша табысты бірге бөліскен дұрыс. Қарсылас күші Вислада болғанда Франция Рейнге шығу үшін ештеңе істеген жоқ » [3,196-б].

     Польшамен соғысу үшін Гитлер Батыс фронтты  жалаңаштады. Алайда одақтастар мүны пайдаланған  жоқ. Бірақ олар Финляндияны Кеңес  Одағымен әскери шиеленіске итермеледі, финдерге қолдау көрсетеміз деп сендірді. Финляндия ағылшын француз блогына  енді. Жекелей тұрып ол өзінен күшті  көршісіне шабуыл жасай алмас  еді, оған ерекше себептер де болған жоқ. КСРО оларға ешкараны Ленинградтан Выборгаға  жылжытуды ұсынды, ал орнына кеңес  жерлерінің кей бөліктерін шығарды, Фин бұғазындағы аралды жалға  сұрады, финдерге тиімді көптеген ұсыныстар  айтты.

     КСРО  мен Финляндия соғысы 1939 жылы 30 қарашада басталып, 1940 жылдың 12 наурызына дейін жалғасты. Оның соңы белгілі болатын: ағылшындар мен француздар финдерді сатып кетті. Финляндиямен бейбіт келісім бойынша ол антикеңестік коалицияға енуге тиіс емес болатын. Бірақ Англия мен Франциядан опық жеген жеңіліс тапқан ол сол кездегі жеңімпаз Германияға назар аударды [4].

     1940 жылы көктемде Англия мен Франция қарсы әрекеттерін кездестірмеген соң немістер Дания мен Норвегияны оккупациялады. Одақтастар Германияны талқандауына болар еді, бірақ олар Германиямен шын мәнінде жауласқысы келген жоқ, онда Екінші дүниежүзілік соғыс басқаша бағыт алуы мүмкін еді. Олардың стратегтері немістермен КСРО-ға қарсы келісуге болады деп үміттенді, сондықтан да Польшаны, Финляндияны, Данияны, Норвегияны құрбан етті, немістерге Кңес Одағына шабуыл жасау үшін плацдармын кеңейтіп берді. Ағылшын француз сыртқы саясатының негізгі бағыты осы антисоветизм болды.

     Герман  оккупациясының келесі жоспары балтық елдері Литва, Латвия, Эстония болуы  мүмкін еді, бұл жердегі буржуазияда  қажетті германдық құрылым бар  болатын. Әскери стратегия тұрғысынан мұндай қателікті кеңес үкіметі  жіберуі мүмкін емес. Балттық елдерінің  мықты Ресейге қосылуға деген  ұмтылысы күшті болатын. Нәтижесінде  1940 жылы Литва, Латвия, Эстония парламенті КСРО құрамына кіру туралы шешім қабылдады. Бұл уақытта кеңес әскерлері Бессарабияға кіріп, оның КСРО құрамындағы мүшелігі қайта қалпына келтірілді.

     Осылайша, 1939 жылдың қыркүйегінен Кеңес Одағы батыс шекарасындағы стратегиялық конфигурациясын жақсартты. Бұл кезде Германиямен қатынас бірқалыпты дамыды, Гитлердің және неміс ұлтшыл элитасының ойлары туралы елестер болған жоқ. Елдер арасында идеологиялық қайшылықтар көрініс бере батады.

     1940 жылы 10 мамырда неміс армиясы Бельгияға енді, оны айдың соңында тізе бүктірді. Одан ертерек, 14 мамырда Нидерланды мен Люксембург жеңілгенін мойындаған еді. Осы елдер арқылы немістер ағылшын экспедициялық корпусы орналасқан Францияға соққы берді. Барлық техникасын тастап, ағылшындар өз аралдарына қашты, ал Франция 22 маусымда тізе бүкті.

     Германия  жағында үрысқа 1940 жылы 10 маусымда әскерлері Францияның оңтүстік жағына кірген Италия енді. 1941 жылы сәуірде Германия Греция мен Югославияны жеңді. Венгрия, Румыния, Болгария басқару режимдері Германия жағына шықты. Оған Швеция, Түркия және Испания нейтралитет сақтады.

     Бірақ, Кеңес Одағымен соғысқа дайындала  отырып, Гитлер оқиғалардың басқаша  желісінің сценарийлерін зерттеді. 1940 жылы қарашада Берлинге үкімет басшысы, КСРО сыртқы істер халықтық комитеті В.М.Молотов шақырылды. Келіссөздерде Гитлер Кеңес Одағына Ұлыбританияға қарсы бірігіп күрес жүргізуді ұсынды. Бұл жағдайда кеңес әскерлері ағылшындарды Иран мен Индиядан қуып шығуы мүмкін еді. Гитлер бұл ұсынысқа бірнеше рет оралды. Молотов біржақты жауап берген жоқ [4].

     Тарихтың  басқа жолдары жоқ еді, екі  жауыздық ішінде кеңес үкіметі батыс  демократиясымен, жаулық ниетте болса  да, өмір сүруге болатынын көрді, ал ұлтщыл агрессивті Германиямен жоқ, себебі ресми жарияланған герман сыртқы саясатының басты мақсаты  антибольшевизм болды. Еуропа мемлекеттері соғыс жағдайында болғанда КСРО не істеуі керек еді? Ол өз өзіне көмектесуі керек болатын. Қалайша? Қиын уақыттағы оқиғалардың қатысушысы болған АҚШ мемлекеттік хатшысы Корделл Хеллдің көзқарасы: «Ресей пассивті позиция ұстанған жағдайда да оның соғыс барысына күшті ықпал етері маған белгілі болды. Ол герман кеңес келісіміне қарамастан Гитлерді түрлі ойларға қалдырды. Ресейдің қалай әрекет етерін ол қорғануға дайындала ма, әлде Германия шабуылынан қашуға тырыса ма оны ешкім білмеді... Шабуыл жасаспау туралы кеңес герман келісімі 1939 жылы тамызда Гитлерге Еуропада жаңа соғыс өртін тұтандыруға стимул жасады. Дегенмен, 1940 жылы мамырдан кеңес елінің әрекеттері Гитлердің мақсаттарына қайшы келді. Молотовтың Берлинге сапары екі ел арасында жақсартудан гөрі қиындыққа әкелді».

     Германиямен соғыстан бас тарта отырып, КСРО басшылығы онымен ұрысудан қашу өнімсіз  екенін түсінді. Бірақ бұл уақытқа  дейін дипломатиялық әрекеттер  жалғасты. Енді жүргізуші рөлі Жапонияға  келді. 1941 жылы наурызда сыртқы істер министрі Мацуока Мәскеуге шабуыл жасамау немесе нейтралитет туралы келісім жасасу үшін келді. Жапонияға Солтүстік Сахалинді беру және Қытайға әскери көмек беруді тоқтату ұсынылды.

     Мацуоканың  Сталинмен жеке кездесуінде келтірген  айғақтары қызық. Жапонияның мемлекеттік  құрылымын ол моральды коммунизм  деп анықтады. Оны күшейту индивидуализммен және капитализммен күресу арқылы мүмкін. Екі жауыздықтың негізгі арқа сүйері әлемдік үстемдікке тырысатын  англосакстар. Сондықтан, Мацуоканың айтуынша, Қытайда Жапония қытай үкіметімен емес, англосаксон капиталистерінің қызметшісі Чан Кайши режимімен  күресуде. Өз ұсыныстарын Мацуока  Мәскеуде қалдырып, ал өзі Берлиннің  ізімен жүрді. Онда Гитлер және Гиббентроп оны Ұлыбританияға қарсы соғыс  жариялап, Сингапурды басып алуды  ұсынды. Олар КСРО тарапынан шабуылды болдырмауға келісті. «еЕгер Кеңес Одағы Жапонияға қарсы шықса, - деді Риббентроп,- Германия тез арада КСРО-ны шабуылдайды».

     Кеңес герман қатынастарына Риббентроп сонда  айтқан болатын: «Ресеймен қақтығыс болу мүмкіндігінде тұр. Мацуока өз еліне оралған соң императорға Ресей мен Германия арасындағы соғыс мүмкіндігін баяндай алмайды. Керісінше, қақтығысты мүмкін деп санау орынды, бірақ нақты емес». Гитлер сонда кеңес герман шекарасында 160 дивизия шоғырланғанын хабарлады.

     Жапония КСРО-мен шабуыл жасаспау туралы, Мацуоканың баяндауына немістер суық көзқарас танытты, олар жапон министрін «Ресеймен тым жақындамауды» ескертті. Мәскеуге оралған соң Мацуока Молотовтың табанды позициясына кезікті, шабуыл жасаспау туралы пакттың келешегі жоқтай көрінді. Бірақ 1941 жылы 12 сәуірде Мацуока кенеттен И.Сталинмен кездесуге шақырылып оған жалпылама халықаралық мәселелерді баяндады [4].

     Біріншіден, Жапонияның Германиямен одақтық  келісімі бар. Алайда, бұдан Жапония  КСРО-мен күшін байланыстыру керек еместігі келіп шығады. Керісінше, егер Германия мен КСРО арасында әскери шиеленіс болса, ол екі арада жүруді қалайды. Жапония мен КСРО шекаралас мемлекеттер болып табылады және ол олардың арасындағы қатынастарды жақсартуға тырысады.

     Екіншіден, Азиядағы жаһандық мәселелерді еске ала отырып, ұсақ-түйекке назар аудармай, КСРО және Жапония арасындағы қатынастарды түпкілікті шешу қажет. Егер жапон-кеңес қатынастарын түпкілікті шешуге осылай қарасақ, ұсақ мәселелер уақыт ағымымен өз шешімін табады.

     Үшіншіден, Азияны азат ету үшін, англосаксондықтардан құтылу керек, сондықтан ұсақ мәселелерден бас тартып, ірілерінде бірігу керек.

     Төртіншіден, Жапонияға Қытайдан не керек? Ол Қытайдан англосаксондықтардың қуылғанын қалайды? Чан Кайши ағылшын американ капиталының  агенті.

     Солтүстік Сахалин талабынан Мацуокаға  бас тартуға тура келді.

     Ақыр  соңында 1941 жылы 13 сәуірде Кремльде КСРО мен Жапония арасындағы нейтралитет туралы пакт қабылданды. Оның мазмұны кеңес жағымен дайындалды.

     I бапта екі жақта міндетті түрде бейбіт және достық қатынастарды қолдау, өзара аймақтық тұтастықты құрметтеу, келісуші жақтарға қол сұғылмаушылық.

     II бапта егер келісуші жақтардың бірі басқа державаның әскери объектісіне айналса, басқа келісуші жақ шиеленістің жалғасуында нейтралитет сақтайды.

     III бапта пакт өз күшін бес жыл сақтайды деп атап көрсетілді.

     Пакттың негізгі кемшілігі Кеңес Одағымен келісімге негативті түрде қарайтын Жапонияның әскери орталары нейтралитет  туралы пактқа онша мән берген жоқ. 1941 жылы 14 сәуірде жапон бас штабының «Соғыстың құпия күнделігінде» келесі жазбалар жазылды: «Келісімнің мәні оңтүстікте қарумен шығуды қамтамасыз етпеуден тұрады. Келісім КСРО-мен осғыстан қашудың құралы болып табылмайды. Ол кеңестерге қарсы соғыс бастаудың өз бетімен шешім қабылдауына тек қосымша уақыт береді». Одан да нақтырақ әскери министр Х.Тодзио айтқан болатын: «Пактқа қарамастан, біз КСРО-ға қарсы әскери дайындықты белсенді жүргіземіз».

     Кеңес басшылығының назарынан келесі факттар  тыс қалмады. 1941 жылы 2 шілдеде Токиода «Жағдайдың өзгеруіне сәйкес ұлттық саясаттың бағдарламасын» қабылдаған империялық конференция болды. Оның бір пунктінде көрсетілді: «егер герман кеңес соғысы империя үшін тиімді бағытта дамитын болса, ол қарулы күштерінің арқасында солтүстік мәселелерін шешеді». Ал сол жылдың шілде айының соңында Жапонияның КСРО-мен нейтралитет туралы келісімге қол қойған сыртқы істер министрі Мацуока қызметтен кетті [3,356-б].

     Бұл жерде жоғары жапон орталарының  «солтүстік мәселесіне» назар аударған жөн. Жапония барлық Куриль аралдарына және Сахалин бөлігіне иелік етті. Жапондарға тағы не керек болды? Олар «солтүстік мәселесін» шешу нені қалайды? Төрт Куриль аралының тізбегін бе? Сол уақытта Жапонияның минимум бағдарламасы бүкіл Сахалин мен Камчатканы жаулап алудан тұрса, максимумы Қиыр Шығыстың барлығы болды [4].

     Келтірілген және көптеген фактілер кеңес армиясын 1941 жылы маусымда Қиыр Шығыстан әкетуге рұқсат етпеді, бірақ Жапония АҚШ-қа шабуылдап, Ұлыбританиямен соғыс бастайтыны белгілі болғанда, сол жылы қыста оған рұқсат етілді. Бірақ Жапонияның тиімді міндеттемелерінің жетіспеушілігі нейтралитет туралы пактпен байланысты КСРО үшін тиімді болды. КСРО 1939 жылы 23 тамызда Германиямен шабуыл жасамау туралы пактқа, 1941 жылы 13 сәуірде Жапониямен нейтралитет туралы пактқа қол қоя отырып, империалистер бейбітшіліктен тыс жүргізіп жатқан соғыстарына біршама уақыт араласқан жоқ.

     Алайда  КСРО-ның соғысқа дайындалуына уақыты аз болды және ол 1941 жылды толық дайын күйінде қарсы алған жоқ. Германия шабуылды бастамас бұрын батыс шекараларындағы күштердің ара салмағы мынадай болды: 

Мемлекеттер Жеке құрамы (мың. адам) Танктар және     САУ Артиллериялық қару және минометтер Жауынгер ұшақтар
Германия  және сателлиттер 5500 3842 47200 4980
КСРО 2680 2923 37500 7930
 

     Бірақ сандық арақатынас әлі ештеңе емес. Бірақ қанша қайғылы болса  да, мойындау керек, 1941 жылы маусымда Қызыл Армиядан гөрі, гитлерлік жасақтың әскери дайындығы әлдеқайда жоғары болды. Жалпы КСРО мен Еуропаның өндірістік және адами потенциалы тең емес болды. 1943 жылға дейін әскери күштердің сандық үстемдігі олармен Сталинградты талқандауға дейін немістер жағында болып келді.

     1942 жылы 7 наурызда У.Черчилль АҚШ Президенті Ф.Рузвельтке жазды: «Барлығы көктемде кең көлемде Ресейге немістердің басып кіруін алдын ала хабарлайды, біздің герман армиясымен күресіп жатқан жалғыз елге көрсетер көмегіміз шамалы» [3,153-б].

     Герман  армиясы тек санымен ғана емес, сапасымен де ерекшеленді. Бұл авиацияда  ерекше көрініп, немістерге әуеде үстемдік етуге мүмкіндік берді. КСРО-ға  іс жүзінде бүкіл Еуропамен соғысуға тура келді. Англия мен Франция біздің одақтастарымыз болып табылғанмен, олар: орыстар мен немістер бір бірін көбірек өлтірсін принципін ұстанды.

     1944 жылы 2 желтоқсанда Шарль де Голльдің мойындауы: «Француздар Кеңестік Ресей олардың азат етілуінде басты рһл атқарғанын біледі» [11,340-б].

     Германияның КСРО-ға шабуыл жасауына қатысты тағы бір аспект назар аударуды қажет етеді. Германияның әскери-саяси элитасының кейбір бөлігі Кеңес Одағымен соғысудан қауіптенді, дегенмен қағаз жүзінде стратегтердің санауы бойынша жеңіс шындық болып көрінді. Бұл қатынаста германия СІМ бас хатшысының өз бастығы Риббентропқа 1941 жылы 28 сәуірде жазған хаты қызықты көрінеді: «Мен орыс-герман шиеленісіне өз көзқарасымды бір ғана фразамен айта аламын. Егер де күл болатын әрбір орыс қалаларының суға кеткен ағылшын әскери кемелері сияқты құны болса, мен орыс-герман соғысын бастауды ұсынар едім. Бірақ мен, біз Ресейді әскери қатынаста ғана ұтамыз, екінші жағынан, экономикалық қатынаста жеңілеміз деп есептеймін.

     Мен, біз Мәскеуге дейін және одан әрі  сәтті жылжимыз деп санаймын. Алайда, менің басып алынған славяндардың пассивті қарсылықтарын пайдалана  алатынымызға күмәнім бар. Мен коммунистік  жүйені ауыстыруға қабілетті, бізбен одаққа кіретін және бізге пайдалы болатын  қандай да бір оппозициялық әрекетті көріп тұрғаным жоқ.

     Сондықтан бізге 1942 жылы көктемде әскери қозғалыстардың қайта жандануымен  Сібірде және Шығыс Ресейде сталиндің жүйенің сақталуымен санасуға тура келеді» [4,130-б].  

1.2 Екінші дүниежүзілік  соғыс кезіндегі  дипломатиялық шаралар

     1941 жылы 8 желтоқсанда Кент крейсерінің бортында Ұлыбританияның сыртқы істер министрі А.Иден Кеңес Одағына нацистік  Германияға және оның Еуропадағы одақтастарына қарсы соғыста, екі ел арасындағы ынтымақтастықты мақсат еткен келіссөз жүргізу үшін сапарға шықты. А.Иденмен бірге сыртқы істер министрінің тұрақты орынбасары А.Кадоган, жеке кеңесші О.Харви, Форин Офис өкілі Ф.Робертс, империялық бас штаб басшысының орынбасары генерал А.Ней және басқа да тұлғалар еріп жүрді. Лондоннан делегациямен бірге Мәскеуге Ұлыбританиядағы КСРО елшісі И.М.Майский шықты.

     Кеңес Одағының жағдайы тым ауыр болды. Соғыс басталысымен неміс әскерлері  қысқа уақыт ішінде солтүстік-батыс  бағытында 400-450 км, батыста 450-600 км, оңтүстік-батыста300-350 км жылжыды, сонымен бірге Латвия,  Литва аймағын, Эстония, Украйна бөлігін, бүкіл Белоруссия мен Молдавияны жаулап алып, Ресей Федерациясының аймағына еніп, Ленинград, Смоленск, Киевке шықты. Кейінірек Оңтүстік-Батыс және Оңтүстік фронт әскерлері Киев, Одесса, Донбасты артта қалдырды. Қарсылас Қырымға жетіп, толығымен Севастопольге еніп, қазан айында Ростов-на-Донуға жетті. Ең маңызды, Мәскеу бағытында  кеңес әскерлері шілденің соңында Смоленскіні қалдырды. Вермахт дивизиясы Мәскеуге жақындады. 20 қазанда Мәскеу және қала маңындағы елді-мекендер мен аудандар қоршау жағдайында деп жарияланды. Жағдай тыс ауыр шекке жетті, қарсылас қазан айында Мәскеу-Еділ каналына дейін жылдамдатып біршама уақытта Химокқа дейін жетті. Кеңес әскерлерінің құрбандары өте көп болды. 1941 жылдың шілдесінен желтоқсанға дейін Қызыл Армия мен Әскери-Теңіздік Флот өлгендер, жарақаттан қайтыс болғандар, түтқынға түскендер және із-түссіз жоғалғандар есебінен 3 млн 138 мың адамынан айырылды, 6 млн астам атқыш қару бірліктерін, 20 мың танк, 100 мың қаружәне миномет, 10 мың ұшақтарын жоғалтты. Тек қана Киев пен Вязьма маңында 1,2 млн Қызыл Армияның жауынгерлер және командирлер қоршауға алынып тұтқынға түсті [10,56-б].

     Біртіндеп жауыздықтың шектен шыққан бұл күресте  кеңес елінің бірлігі және қайраты, оның фронттағы мен тылдағы өз-өзін аямай күресуі үлкен маңызға  ие болды. Бресттің, Лиепаидың, Таллиннің, Могилеваның, Ленинградтың, Одессаның, Севастопольдің және Мәскеудің берік  қорғанысы гитлерлік 1941 жылы қыс  түскенге дейін бітеді деп есептелген  «найзағайдай соғыс» жоспарының тас-талқанын шығаруға ықпал етті.

     Кеңес жасақтары соғыс жүргізу өнеріне  үйренді, жауға қкарсы табанды түрде  қарсылық көрсетіп жатты. Неміс мәліметтеріне  қарағанда, 1941 жылдың маусымынан қазанына дейін вермахттың жаяу әскерлері  Германияның одақтастарын есептемегенде  өлгендермен, жараланғандармен, түтқынға түскендермен 750 мыңдай адамын жоғалтты.Неміс  авиациясының шығындары сол кезеңде 5,5 мың ұшаққа жетті. 5-6 желтоқсанда  Қызыл Армия әскерлері Мәскеу жанында стратегиялық  контршабуылға  көшті, ол фронттағы жағдайды түпкілікті түрде өзгертті және әлемдегі әскери-саяси  күйге үлкен ықпал етті [9].

     Иденнің сапары болжап болмайтын жағдайда төтенше  оқиға болған кезге сәйкес келді, соғыстағы күштердің ара салмағын түпкілікті түрде өзгерткен, 1941 жылы 7 желтоқсанда жапон авиа күштерінің АҚШ-тың негізгі әскери-теңіздік базасына кенеттен болған шабуыл нәтижесінде  Тынық мұхитта АҚШ пен Жапония  арасында соғыс өрті тұтанды. Жапонияның Перл-Харборға шабуылы АҚШ-тың соғысқа  кірісуі туралы ақпарат Иденге Англияда Лондоннан Скапа-Флоуға Кент крейсері күтіп тұрған кезде жеткен болатын. Бұл уақытта Ұлыбритания да  КСРО сияқты қиын жағдайда болатын, дегенмен вермахттың Британ аралдарына тікелей  шабуылы артта қалған еді. Мемлекет екі жылдан бері соғыс жүргізіп жатты, 1940 жылдың жылдың қаупіне берік шыдады, Африкадағы итальян әскерлерін талқандады, Франция үшін күресте жеңіліс  тауып,  балқан және скандинавия  плацдармындағы стратегиялық ұстанымдарын жоғалтты. 1941 жылы 18 қарашада басталған  Ливиядағы 8-британ армиясының (Қызыл  Армияның Сталиннің қарсы шабуылына  тең сияқты, оның табысы келіссөздерде  Иденнің ұстанымын бекітуі тиіс болды,) қарсы шабуылы итальян-неміс  әскерлерін Египет шекарасынан біртіндеп  шегінуге мәжбүр етті. Бірақ Тынық  мұхиттағы жағдай шұғыл өзгерді. Англия Жапонияға қарсы соғыс  жариялауға мәжбүр болды. Перл Харбордағы шабуылдың ізімен жапон қарулы күштері  Ұлыбританияның бұл аймақтағы маңызды  стратегиялық позицияларына шабуыл жасады, 7-8 желтоқсанда Британ Малай  және Сиамдағы десанттарды түсіріп  кетті. Жапон авиациясы Ұлыбританияның Шығыс флотының негізгі күші Рипалс крейсерін және 10 желтоқсанда Принц  Уэльский крейсерін суға батырды, британ аэродромдарын бомбалады, оның қалдықтары Австралияға жасырынды. Бұл іс жүзінде, Ұлыбританияның Шығыс Азиядағы империялық иеліктері Сингапур, Цейлон, Үндістан теңіздегі қорғанысынан айырылғанын көрсетті, жапон флотының үстемдігі негізінде, авиация мен жаяу әскерге қауіп төндірді.

     Британ  кеңес қарым қатынастары Германия КСРО-ға шабуыл жасағаннан кейін бір  сәтте өзгерді. Соғыс алдындағы  жылдары халықаралық аренадағы, екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы біріккен қауіпсіздік жүйесінің  құрылуына және герман агрессиясының  алдын алуға кедергі келтірген  қатал қарсылық, ортақ жауға қарсы  күресте екі елдің бірігіп  күресуі мақсатымен маңызды саяси  шешімдер қабылдаумен өзгерді. Кең  таралған көзқарас бойынша, Германия КСРО-ға шабуыл жасамас бұрын және кеңес  герман келісімі бекітілгеннен кейін  ағылшын кеңес қатынастары жаулық ниетте болды, бұл кейбір анықтауларды қажет етті. Екіжақты келісімдерді ( Лондонда негізінен келіссөздер  И.Майский мен сыртқы істер министрі Р.Батлер арасында жүрді, онда сонымен  бірге Э.Галифакс, А.Иден, ал Мәскеуде С.Криппс қатысты), және қатынастарды объективті түрде сипаттау үшін келесі мысалдарды келтірейік [9].

     1939 жылы 6 қазанда достық және  шекара  туралы кеңес герман келісімі  бекітілген соң, У.Черчилль И.Майскийді  шақырып, оның: «Гитлердің бейбіт  келісімі туралы не ойлайсыз?»  - деген сұрағына былайша жауап  берген: « Кейбір менің кертартпа  достарым бейбітшілікті ұсынады.  Олар соғыс барысында Германия  большевиктік болды деп қорқады.  Бірақ мен соғыстың соңына  дейін тұрамын. Гитлер жойылуы  тиіс. Ұлтшылдық мәңгілікке жоғалуы  қажет. Мейлі Германия большевиктік  болсын. Бұл мені шошытпайды. Ұлтшылдықтан  гөрі коммунизм». Ары қарай ол  британ үкіметінің пайда болған  жаңа жағдайдағы ұстанымын түсіндірді:«  1) Англия мен КСРО-ның негізгі  мүдделері ешқайда тоғыспайды; 2) КСРО Балтық теңізінің шығыс  жағалауының қожасы болуы тиіс, сондықтан ол, балтық елдерінің  герман мемлекеттік жүйесіне  емес, біздікіне енгеніне өте  қуанышты; 3) немістердің Қара теңізге  шығуын біріккен күшпен жабу  қажет; 4) КСРО нейтралитеті Ұлыбритания  қатынасында достық ниетте болғанын  британ үкіметі қалайды» [10,85-б].

     1940 жылы 21 ақпанда В.Молотов И.Майскийге  КСРО саясаткері Р.Батлерге Германиямен  қатынасын түсіндіруде келесі  түрде бұйрық жіберді:« 1) Біз  КСРО Германиямен әскери одаққа  енді деген мақұлдау емес, жай  ғана жорамалдың өзін күлкілі  және қорлау деп санаймыз; 2) Германиямен  шаруашылық келісімі тек қана  сауда айналымы туралы, ол бойынша  КСРО-ның Германияға экспорты 500 млн маркіге жетеді, және келісім  КСРО үшін өте тиімді, КСРО  Германиядан үлкен көлемде құрал  сайман алады, ол бірталай қарудың  мөлшеріне тең, Англиядан да, Франциядан  да бас тартты; 3) әрине, Англия  мен Франция КСРО-ға шабуыл  жасап, қолына қару алуға мәжбүрлемесе,  КСРО нейтралитет қалпын сақтап  қала береді. КСРО мен Германияның  әскери одағы туралы кең таралған  сыбыстар Англия мен Францияны  достастыру үшін тек Германияның  өз ішінде ғана емес, Англия  мен Францияның кейбір агенттері  ішкі саясат аумағында КСРО-ның Германия лагеріне айналу елесін өз мақсаттары үшін пайдаланды» [8,89-б].

     1941 жылы 24 ақпанда А.Иденнің И.Сталинмен  кездесуі үшін Мәскеуге келу  бастамасына жауап ретінде ағылшын  кеңес қатынастарын жақсарту  мақсатымен халықтық комитеттің  сыртқы істер министрінің орынбасары  А.Вышинский Мәскеудегі британ  елшісі С.Криппске «үлкен мәселелерді  шешетін уақыт келмегенін» хабарлады [5,78-б]. Ағылшын кеңес қатынастарының негативті тенденциясы 1941 жылы 10 мамырда НСДАП туралы Гитлердің орынбасары Р.Гесстің Англияға ұшып келуімен және ағылшын герман келісімі жайлы кеңестік күдікпен жаңа бағыт алды. Алайда, қол жетімді британ құжаттары куә болғандайГесстің миссиясымен байланысты кеңес күдіктері расталған жоқ. АҚШ пен Ұлыбритания үкіметі көбіне жақындап келе жатқан Германияға қарсы соғыста КСРО-дан қолдау іздеді. Ең ірі оқиға 1941 жылы 12 шілдеде Мәскеуде Германияға қарсы соғыста бірігіп әрекет ету туралы, антигитлерлік коалицияның құрылуына бастама болған ағылшын кеңес келісімін бекіту болды. Келісімде бір біріне міндетті түрде көмек және гитлерлік Германияға қарсы соғыста қолдау көрсету, сепараттық келісімдер жасаспау сияқты салалары болды [10,47-б].

     Ағылшын кеңес ынтымақтастығының дамуында 1941 жылы 16 тамыздағы сауда айналымы, несие және клиринг туралы келісім  біршама рөл атқарды. Ол бойынша  Кеңес Одағына 10 млн ф.ст. көлемінде  несие беру қарастырылды. Иденнің  келуінен бұрын бұл бағыттағы  тағы бір маңызды оқиғаның бірі 1941 жылы 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында (конференциядағы ағылшын делегациясын қорғаныс министрі лорд Бивербрук, американы  президенттің жеке елшісі А.Гарриман, ал кеңес үкіметі тарапынан келіссөздерді  И.Сталин және В.Молотов жүгізді) Мәскеуде өткен үш державаның КСРО, Ұлыбритания  және АҚШ-тың Мәскеу конференциясындағы шешімі болды. Конфереция барысында  КСРО-ға батыс одақтастарынан көмек  ретінде алғашқы нақты шешімдер қабылданды.

     Бұл уақытта КСРО мен Ұлыбританияның әскери саяси ынтымақтастығында  алғашқы нақты нәтижелерге қол  жетті.  1941жылы тамыз айының соңында  екі ел үкіметінің келісуімен  ағылшын  және кеңес әскерлері Иранға енгізілді, қыркүйектің басында олар елдің  Германия жағында соғысқа кірісуінің алдын алу үшін Тегеранға кірді. Осы жылы 8 қыркүйекте Тегеранда  соғыс жылдары ағылшын кеңес  иранынтымақтастығының бастамасы  болған келісімге қол қойылды. Иран үкіметі КСРО мен Ұлыбританияның гитлерлік Германиямен күресіне қандай да бір залал келтірмеуге  міндетті болды, иран аймағы арқылы одақтастардың  әскери жүктерін өткізуге көмектесу, бұл  кейіннен КСРО-ға ленд-лиз бағдарламасын  жеткізуге үлкен септігі тиді. КСРО мен Ұлыбритания өз кезегінде  Иранға экономикалық көмек көрсетеміз деп шешті. Қазанда КСРО мен Ұлыбритания  бірлесіп Ауғанстан үкіметінен өз аумағында  әртүрлі топтардың германдық  іс әрекетін тоқтатуды талап етті. Жауап ретінде 5 қарашада король Захир  Шахпен шақырылған елдің жоғарғы  заң органы Үлкен джирга қатал нейтралитет саясатын қолдады. КСРО мен Ұлыбританияның Түркияға қатысты алдын ала қолданған шаралары, бұл елде герман ықпалын әлсіретуге мүмкіндік берді.

     Мұның бәрі екі елдің стратегиялық мүдделеріне  сәйкес келген маңызды және тиімді шешімдер болды.

     А.Иденге Мәскеуде КСРО мен Ұлыбритания арасында одақтық келісімге келуді талқылауға тура келді. Агрессорларға қарсы  күресте күш біріктірген антигитлерлік  коалицияның алдыңғы державаларының одақтық қатынастарына, саясат пен  стратегияға байланысты мәселелерде  өткір қайшылықтар еріп жүрді, олар кейде жоқ болып кетсе, кейде  көшбасшылардың, басқа да мемлекеттік  тұлғалардың жеке кездесулері, хаттар алмасулары,  дипломатиялық кызмет жолына бағытталғаны арқылы шешіліп  отырды. Бұл бірінші кезекте КСРО-ның  батыс одақтастарымен өзара қатынасына қатысты болды. Иденнің кеңес  басшылығымен келіссөздерінің бастамасына  анықтауды талап ететін екі мәселе – жақтардың өзара әскери әрекеті, соғыстан кейінгі Еуропадағы құрылым, бірінші кезекте КСРО-ның батыс  шекараларына қатысты тұрды. А.Иденнің  сапарының негізгі мақсаты - Ұлыбритания  мен КСРО арасында одақтық келісімге  қол қою болды. Кеңес және ағылшын  тараптары келіссөзге тыңғылықты дайындалды. Иден Лондоннан келісімнің британдық  жобасын әкелді [9]. НКИД ғимараты орналасқан Кремльде және Кузнецк көпірінде екі келісімнің жобасы дайындалды. Мәтіндеріне байланысты келісім жобасының және келіссөздердің онша айырмашылығы болған жоқ. 

1.2 Екінші дүниежүзілік  соғыс кезіндегі  дипломатиялық шаралар

     1941 жылы 8 желтоқсанда Кент крейсерінің бортында Ұлыбританияның сыртқы істер министрі А.Иден Кеңес Одағына нацистік  Германияға және оның Еуропадағы одақтастарына қарсы соғыста, екі ел арасындағы ынтымақтастықты мақсат еткен келіссөз жүргізу үшін сапарға шықты. А.Иденмен бірге сыртқы істер министрінің тұрақты орынбасары А.Кадоган, жеке кеңесші О.Харви, Форин Офис өкілі Ф.Робертс, империялық бас штаб басшысының орынбасары генерал А.Ней және басқа да тұлғалар еріп жүрді. Лондоннан делегациямен бірге Мәскеуге Ұлыбританиядағы КСРО елшісі И.М.Майский шықты.

     Кеңес Одағының жағдайы тым ауыр болды. Соғыс басталысымен неміс әскерлері  қысқа уақыт ішінде солтүстік-батыс  бағытында 400-450 км, батыста 450-600 км, оңтүстік-батыста300-350 км жылжыды, сонымен бірге Латвия,  Литва аймағын, Эстония, Украйна бөлігін, бүкіл Белоруссия мен Молдавияны жаулап алып, Ресей Федерациясының аймағына еніп, Ленинград, Смоленск, Киевке шықты. Кейінірек Оңтүстік-Батыс және Оңтүстік фронт әскерлері Киев, Одесса, Донбасты артта қалдырды. Қарсылас Қырымға жетіп, толығымен Севастопольге еніп, қазан айында Ростов-на-Донуға жетті. Ең маңызды, Мәскеу бағытында  кеңес әскерлері шілденің соңында Смоленскіні қалдырды. Вермахт дивизиясы Мәскеуге жақындады. 20 қазанда Мәскеу және қала маңындағы елді-мекендер мен аудандар қоршау жағдайында деп жарияланды. Жағдай тыс ауыр шекке жетті, қарсылас қазан айында Мәскеу-Еділ каналына дейін жылдамдатып біршама уақытта Химокқа дейін жетті. Кеңес әскерлерінің құрбандары өте көп болды. 1941 жылдың шілдесінен желтоқсанға дейін Қызыл Армия мен Әскери-Теңіздік Флот өлгендер, жарақаттан қайтыс болғандар, түтқынға түскендер және із-түссіз жоғалғандар есебінен 3 млн 138 мың адамынан айырылды, 6 млн астам атқыш қару бірліктерін, 20 мың танк, 100 мың қаружәне миномет, 10 мың ұшақтарын жоғалтты. Тек қана Киев пен Вязьма маңында 1,2 млн Қызыл Армияның жауынгерлер және командирлер қоршауға алынып тұтқынға түсті [10,56-б].

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі дипломатия