Елді мекенді көгалдандыру және оның қала құрудағы орны – қоршаған ортаны жақсарту мақсаттары
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ландшафты дизайн
Тәжірибе сабақтарына арналған
әдістемелік нұсқаулық
Мазмұны
Кіріспе.......................
2 Елді мекендерді көгалдандыруды
3 Ландшафттық стильдер......................
4 Үй аумағы. Жобалау және
шешімдерді қабылдау...........
5 Жасыл екпелерді орналастыру
тәсілдері.....................
6 Көркем композициялардың
заңдары мен элементтері.......
7 Әсем ағаш, бұталардың кеңістік
композициясының элементтері ретінде пайдаланылуы..................
8 Ағаштарды отырғызудың
жалпы ережелері...............
9 Аумақтың ландшафтық дизайны.......................
10 Гүлзәр ..............................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Ландшафты дизайн - қызметтің аса бір түрі, адамдардың тіршілігі үшін табиғи компоненттерді (жер бедері, су, өсімдіктер және т.б.) белсенді түрде пайдаланып, жасанды ортаны құрастырады. Ландшафты дизайнер территорияны көгалдандырады және аббатандырады. Ландшафт маманы бақтардың, парктердің, саябақтардың құрылымын, оларды әртүрлі декоротивті элементтермен, мүсіндермен, шамдармен, қоршаулармен, беседкалармен, көпіршелермен сәндеуде ұсыныс жасап, жалпылайды.
Ландшафты архитектура – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Кейде «ландшафты дизайн» және «ландшафты архитектура» ұғымдары ұқсас, себебі дизайнер жасыл екпелер мен архитектуралық құрылысытардың байланысын міндетті түрде ескереді, ал архитектор экстерьерлер мен интерьерлердің табиғи ортамен байланысуын ойластырады.
"Ландшафты архитектура" термині алғаш рет 100 жыл бұрын алғашқы ұлтттық парктерді ұйымдастыруға байланысты АҚШ пайда болды. Еуропаға ол одан да кешірек келді. Алайда қазіргі таңда, заман талабына сай ландшафты дизайн мамандығы қажетті мамандықтың бірі болып табылады. Қазақстанда бұл мамандық жаңадан дамып келе жатыр.
Ұсынылған әдістемелік нұсқаулық болашақ биология бакалаврларын ландшафты дизайн саласының сұрақтарын терең және жетік білуге, осы бағытта жекеменшік ісін ашуға және оны кәсіби жүргізуге көмегін тигізеді. Осы білім саласын игерген бакалаврлар көгалдандыруда, табиғатты қорғау мекемелерінде, декоративті гүлдер көшетжайларында, мәдени орман саябақ ландшафтарын жобалауда табысты жұмыс істей алады.
Тақырып 1. Елді мекенді көгалдандыру және оның қала құрудағы орны – қоршаған ортаны жақсарту мақсаттары
Мақсаты: Жалпы көгалдандыру туралы түсінік беру. Қоршаған ортаны жақсартудағы ролін айту
Жоспар:
- Көгалдандыру туралы түсінік.
- Көгалдандырудың қоршаған ортаға әсері
- Көгалдандырудың адам психологиясына әсері
- Бақ және саябақ шаруашылығы
Әдістемелік нұсқаулық
Көгалдандыру – қала, ауыл, тағы басқа елді мекендерде
ауаны тазарту, көлеңкелеу үшін ағаш, бұта, гүл, көгал өсіру. Құрылыс аяқталғаннан кейін жүргізілетін
Көгалдандыру жұмыстары мекенжайларға
әсем көрініс береді, шудан, күннен, шаңнан,
тағы басқа қорғайды, санитарлық-гигиеналық
рөл атқарады. Ғылыми деректер бойынша
белгілі бір аймақтың 15%-ы көгалдандырылса,
шаң-тозаңның мөлшері 20%-ға кемиді, 35%-ға
өсімдік өсірілсе, шаң 50%-ға азаяды, ал
65%-ға өсірілсе, шаң 95%-ға кемиді. Жол жағалауларына
отырғызылған ағаш пен бұталар, гүлдер
мен көгал ауадағы көмір қышқыл газды сіңіріп, ауаны оттегімен байытады, шуды
азайтып, мекенжайды желден, күннен және
шаңнан қорғайды. 1 га жасыл алқап 1 сағатта
ауадан 8 кг көмір қышқыл газын бойына
сіңіреді. Кейбір ағаштар өздері айналасына
тарататын фитонцидтері арқылы ауадағы зиянды микроорганизмдерді жойы
Үй маңын көгалдандыру жер бетіндегі ең керемет «хобби»! Адамның болмысы әдемілікті сүйгендіктен, өз қолымен гүл, ағаш, бұталардан композициялар жасау арқылы эстетикалық және психологиялық жақсы деген сезімдерге бөлене алады. Өсімдіктер әсемдігі кезеңдерге байланысты өзгере алу қасиеті, тұрақты архитектуралық құрылғылардан иісімен, түсімен, пішінімен өзгеше. Сондықтан біздің жанымызда басқаша ой мен сезімдер тудырады. Өмірде өзіміздің немесе басқа адамдардың кесірінен кері эмоциялар, тұрмыс қиындықтары, стресс, депрессия көп болады. Мұндай кезде өсімдіктерге күтім көрсету немесе оларды отырғызу жүргізілсе ой мен кері сезімдердерді бір сәтке ұмытып, мәселелерге басқаша қарауға көмектеседі. Өсімдіктің түсі, иісі, пішіні, нәзіктігі адамның оларға деген сезімін оятып, қуаныш әкеле алады.
Ал өсімдіктерден композициялар жасау өте қызық және іскерлікті талап етеді. Еліміздің ауытқымалы климатына сәйкес көгалдандыру ерекшеліктерін қарастырып, тәжрибеде ісіміз сәтті болу маңызды.
Бақ-саябақ өнері - бақтарды, саябақтарды және басқа көгалдандырылатын территорияларды жасау өнері. Оған: саябақ және бақтарды жобалау мен жайластыру, әр түрлі топырақтарға және климаттарға сәйкес өсімдіктерді таңдау, архитектураға, жолдарға, ескерткіштерге, сутоғандарына сай өсімдіктерді топтастыру және орналастыру.
Бақ-саябақ өнері құли еленушілік құрылымы кезеңінде пайда болды. Ол кезде храмдар, сарайлар, усадьбалар сияқты құрылыстардың маңындағы саябақтарға ерекше мән берілді. Ежелгі Египетте бақтардың тек регулярлы түрде жобалайтын, өйткені өсімдіктерді суару үшін солай ыңғайлы болған. Ал, Ежелгі Грекияда бақтарында ең алғашқы рет әр түрлі рәсімдерге арналған коллонадалар және альтарлар, яғни скульптуралар және архитектуралық құрылыстар қойылды. Ежелгі римдік бақтарда қолдан жасалған су тоғандар және су бұрқақтар сияқты күрдерлі гидротехникалық құрылыстар пайдаланылды.
Ортағасырлардағы араб мемлекеттерінің регулярлы бақтары екі жартыдан – гүлдің (гюлистан) және жеміст (бустан) тұрған. Арабтармен жаулап алынған Пиреней түбегінде қамал ішіндегі аулаларда кішірек ерекше бақтар қалыптасты. Европалық бақтарға қарағанда Жапониядағы, Қытайдағы және Кореядағы бақтар мәңгілік табиғаттың жаңаруы идеясындағы пейзажды композиция принципінде жасалынды.
Тарихта регулярлы бақтың концепциясын қайта өрлеу заманында өмір сүрген италяндық Джакомо Виньоло атты архитектор дамытты. Саябақ құрылысы нағыз гүлдеу дәуірі барокко және әсіресе классицизм стильдері үстемдіктері кезеңдерімен байланысты. Осы уақытта саябақ құрылысының негізгі принциптері қалыптасты. XVI ғ. бақтары және XVII-XVIII ғасырлардың регулярлы саябақтарында шпалер сияқты қабырғалары тегіс пішінде қырқылған екпелер фонында құрылыстар және ағаштар көрініп тұратын. Содан соң осылардың негізінде саябақтардың негізгі келесі түрлері пайда болды:
- террасалы (баспалдақты, участоктердің әр түрлі деңгейлерде орналасуы).
- регулярлы «француздық» (боскетті, аллеялы, партері бар, және геометриялық дұрыс формалы суқоймалы).
- пейзажды «ағылшын» (ландшафтты; көгалы бар – табиғи ландшафтты сияқты әдемі композиция).
- миниатюралық бақтар (испандық-мавритандық аулаларда; жапондық бақтар, яғни – судан, өсімдіктер және тастардан символикалық композициялар).
Орыстардың бақтары туралы мәліметтер XII ғ. жатқызылады. Бастапқыда бақтар княздардың усадьбаларында ғана орналасқан бірақ уақыт өте келе бақтар және саябақтар монастырларда, храмдардың айналасында, байлардың усадьбаларында жасала басталды. Бұл бақтарда балығы бар тоғандар болып екпелерге жеміс ағаштары (алмалар, алмұрттар, шиелер) таңдалынды.
Саябақ
Саябақ – демалу үшін жасалған көгалдандырылған ашық территория. Негізінде, саябақтарды мемлекет қолдап және барлық қалаған адамдарға арналып жасалынады.
Саябақ өнері Қытайда, Сучжоу қаласында пайда болып, сосын барокко заманында Францияға (регулярлы) көшкен. XIII ғ. романтизм толқыны кезінде пейзажды саябақ келді. Европада жалпыға қолжетімді қалалық саябақтар тек XIX ғ. басында ғана пайда болды. Сондай саябақтардың алғашқысы болып Мюнхендегі Ағылшын саябағы.
Саябақтың түрлері:
- Ағылшын саябағы (пейзажды саябақ)
- Француз саябағы (регулярлы саябақ)
Сонымен қатар:
- Табиғи саябақ
- Ботаникалық саябақ
- Дендросаябақ
- Зоологиялық саябақ
- Орманды саябақ
- Ұлттық саябақ
- Мәдениет және демалыс саябақ
- Көңіл көтеру саябағы
- Скульптуралар саябағы
Француз саябағының дәстүрі бар – параллельдік пен симметриялыққа (мұндай саябақтар сарайлар мен қамалдарда салынды) негізделген және кеш пайда болған композициялардың табиғилығына ұмтылатын ағылшын саябақтары.
Саябақтың элементтері: аллея, орындықтар, тоғандар, павильондар, жаппалар.
Атақты танымал саябақтар:
- Москва қаласындағы Горький атындағы мәдениет және демалыс саябағы.
- Санкт Петербургтегі (Пушкин қаласы) Царский Селосындағы Александровский саябағы.
- Нью-Йорктегі Орталық Саябақ.
- Лондандағы Гайд-саябақ.
- Әлемдегі ең ірі қалалық саябақтардың бірі – Мюнхендегі Ағылшын саябағы.
- Бельведер (Вена)
- Сан-Суси (Потсдам)
- Тиргартен (Берлин)
- Чапультепек (Мехико)
- Тюильри (Париж)
- Булон орманы (Париж)
- Жазғы бақ (Санкт Петербург)
- Павловский саябағы (Павловск)
- Вигеланд скульптуралар саябағы (Осло)
- Софиевка (Умань, Украйна)
- Воронцовский саябағы (Алупка, Қырым авт.)
- «Легенда» скульптуралық саябағы (Пенза обл.)
Нью-Йорктағы атақты Орталық саябақ
Мәдениет және демалыс саябақтары.
Қалалық саябақтың негізгі міндеті – келушілердің демалысын және тәрбиелік жұмысын қамтамасыз ету. Осы міндеттерге байланысты саябақтың жұмысы келесідей болады:
- Тәрбиелік жұмыс
- Жаппай дене-шынықтыру
- Мәдени-ағарту жұмысы
- Көркемдік жұмыс
- Сауықтыру жұмысы
- Саябақта көңіл көтеру
- Балалармен жұмыс
- Келушілерге тұрмыстық қызмет көрсету
Алматы қаласындағы Орталық Демалыс саябағы
Зерттеулердің арқасында мәдениет және демалыс саябақтардың іс-әрекетін қарастырғанда мұндай жерлерді тәуліктің бірінші жартысында негізінен қарт кісілер аралайды екен, оның үстіне осы келуші қарт кісілердің жартысы өздерімен бірге мектепке дейінгі жастағы балалармен кіретіні анықталған. Олар, саябақтан алыс емес жерлерде яғни, 15-20 минуттық уақыт ішінде жаяу немесе транспортта жететіндей аралықта өмір сүреді. Саябаққа таза ауамен демалу үшін, қалалық шудан тынығуға, су, гүлдерге, ағаштардың әдемі топтарына, бұталарға қарауға, орындыққа отырып кітап оқуға, шахмат ойнау үшін, көрмелерге қатысу үшін келеді.
Ал, сағат 15-тен кейін, мектеп оқушылары дене-шынықтыруға, спортпен айналысуға, ойындар ойнауға, өнерпаздықпен, техникалық және көркем шығармашылықпен шұғылдануға және де аттракциондар үшін келетін болып шыққан.
Кешке болса, саябаққа келушілердің басым бөлігі қаланың әр түрлі аудандарында тұратын орта жастағы және жас буын өкілдері келеді. Осылардың бір бөлігін саябақ, оларды әңгімелесу, дене-шынықтыру және спортпен айналысу, көңіл көтеру (билеу, эстрада, кино, аттракциондарымен) мүмкіндіктері қызықтыратын болса, көпшілігін кітапхана, тибиғатпен байланыс қызықтырады екен.
Қыста, бұл көріністер басқаша – негізгі келушілердің санын коньки тебушілер, шаңғымен, шанамен сырғанаушылар құрайды.
Сөйтіп, мәдениет және демалыс саябақтарында тыныштықта демалу үшін арналған серуендеу және тұрмыстық аумағы мен көңіл көтеру, көрсетілімдер, ойындар, дене-шынықтыру сауықтыру территориялары бар белсенді демалыс аумақтары болуы керек.
Саябақтың жаңадан салу немесе жұмыс істеп тұрған саябақты реконструкциялауды жобалаудың мақсаты, қаланың архитектуралық-көркемдік және гигиеналық жағдайына қарап констрастылы қылып жасау. Оны жасау үшін әр түрлі сұлбалар бар, ол қаланың басты жобадағы осы участоктің орналасуына және табиғи жағдайына байланысты таңдалады. Табиғи кешендегі бір-біріне үйлестіріліп жасалған тынышытық, ашық және көлеңкеленген кеңістіктердің кезектесуі, су бұрқақтардың бұрқағы мен көлшіктердің бейнесі, түсті гүлдер, гүлзәр фонындағы ағаштар мен бұталар топтарының әсемдігі келушілердің жүйке жүйесіне әсер етіп, көңіл күйін жақсартады.
Осындай жағдайды, жасау үшін саябақтың құрылысы архитектурасы және сипаттамасына белгілі бір талаптарды тағайындайды. Саябақта «қалалық» типтегі – көлемі үлкен мәдениет сарайларының, клубтардың, театрлардың болмауы керек.
Аллея
Аллея (француз сөзі alle, aller – жүру) – кейде бұталармен үйлесімде болатын екі жағы ағаштармен отырғызылған жол, жүргінші немесе жаяу адамдар жолы (негізінде саябақта, бақта, жиі олардан тыс территорияда).
Аллеяның түрлері – түзу регулярлыда және қисық сызықты болып пейзажды саябақтар мен бақтарда архитектуралық ойға байланысты болады, олардың жасалулары: екі қатарлы және көп қатарлы, бір қабаттылы және көп қабаттылы, бөліп тұратын жолақты, аркалы (пергола түрінде), тірі қорғанды және тағы басқа пішіндерде.
Ағаштар мен бұталар табиғи өскен немесе пішінделген түрінде болуы мүмкін. Аллеяларға ұзақ жасайтын, өсу талаптарының қолайсыз жағдайларына төзімді жинақы бөрік басы бар ағаштарды қолданады, мысалы: қылқандылардан – балқарағай, шырша, майқарағай, сауыр ағашын, және басқаларын, жапырақтылардан – жөке, емен, шегіршін, қайың, шынар, қармала, үйеңкілерді.
Орташа қатар ішінде 5м болса, ал қатарлар арасы 10м болып бөрік бастарының пішіндері мен көлеміне қарай өзгертіледі.
Аллея
Аллеяның функциялары сонау Ежелгі Римнен бастап қалыптасқан:
- Күннен қорғаныс ретінде - Римдік жолдар маршпен кетіп бара жатқан легиондарды күннен қорғау үшін ағаштармен отырғызылған. Сол үшін Наполен бүкіл Европаға әскерін жүргізу үшін аллеяларды жасауға бұйрық берген.
- Тұманда, жауында, қар жауып тұрғанда бағыт-бағдар беру үшін көмек ретінде.
- Омбы қардан қорғаныс ретінде, яғни аллеяның ішінде ағаштардың бөрік бастары арқасында тез тапталуға келетін жұмсақ қар жатады.
- Биоәртүрлілікті қолдау үшін (құстар және аңдарға тіршілік ететіндей орындарды қосымша жасау арқылы).
- Ауыл шаруашылық зиянкестердің желмен кездейсоқ таралмауы үшін қосымша барьер.
- Жер асты суларын фильтрациялау және тазалау.
- Ауаны шаңнан, түтіннен және зиянды заттардан фильтрациялау және тазалау. Осыдан «Завод бақ» өндіріс территориясын көгалдандыру концепциясын бастау алады.
- Орман материалдары – римдік әскерлер империяның кез-келген нүктесінде жоғары сапалы қоршауды бұзатын және палисад (кедергі) жасайтын ағаштармен қамтылған.
- Үрей туғызатын, дискреттілік және ланшафттың жинақылығының символы – Кіші Азия, Сирия және басқа да оңтүстік аумақтардың халықтарын биік мықты діңдерінің қатары таң қалдырды, өйткені оларда кіші бойлы ағаш сорттар дәстүрлі болған.
- Дыбысты изоляциялау қасиеті – рессор және резинкелер болмаған кезде арбалар жазалау операция жағдайларында қатты шулы болып қарсыластарды алдын-ала хабарлап қоюы мүмкін болған, ал аллея дыбыс толқынының радиуысын жартылау төмендетеді.
- Кей жерлерде аллеялар ландшафттың тар бөліктерінде орналасқандықтан қарсыластың әсіресе атты әскері үшін контршабуылын тоқтату мақсатында бірнеше ағаштарды құлату арқылы кедергі келтіруге болатын еді.
- Әскерлер екі аллеяның қиылысқан жерінде түнеген, өйткені уақытша бекіністердің екі жақтарын үнемдеуге болатын еді және соғыс аумағындағы барлық жүрістерді бақылай алатын уақытша өткізу бекеті болды.
- Егер де, аллеяда жаяу жүргіншілер жолы ағаштармен бөлініп жанында орналасса онда ол жол-транспорттық, яғни арбалар және мінілетін жануарлардан қорғаныш болған.
- Ал, жаппай шабуыл кезінде аллея жолдары қорғаныс территориясының шекарасы қылып жасалды.
Аллея құрылысы принциптерін римдіктер жағалау территориясын бекіту үшін қазіргі Венеция жерінде, ал Нидерландыда Корбулон каналының құрылысында қолданады.
Бульвар
Бульвар (француздың boulevard, немістің bollwerk – қорғану үшін топырақтан жасалған қорған түрінде үйілген үймек) – серуендеуге арналған өзендер, теңіздер жағалауларындағы, көше бойындағы (көбіне ортада) жасыл екпелер жолағы немесе аллея. Бульварлар сонымен қатар жаяу адамдардың жүруіне, олардың қысқа уақытқа демалуын қамтамасыз етіп тротуарлар мен ғимараттарды шудан және шаңнан қорғайды. Бульварларға ескерткіштерді және скульптураларды, су бұрқақтарды, спорттық және балалар алаңшаларын, кафе мен сауда дүңгіршіктерін орналастырады.
Россия, Ярославль қаласындағы Ленин көшесіндегі Бульвар
Бульвар (ортаголландық мағынадан алғанда топырақ үйіндісі, бастион) фортификацияда – топырақтан жасалған тұтас бекініс, оны ХІ ғ. қамалдарды қоршау кезінде пайдаланған.
Ең алғаш бульварды 1428 ж. ағылшындар Орлеанды қоршау кезінде қолданды. Сол кезде бульварлар блиндаждардың саңылауларынан атылатын үш зеңбіректен тұратын бұрыштары шеңберленіп келген шығыңқы орны бар квадратты редут болатын. Кейіннен «бульвар» атауы қамалдардың топырақ үйінділерінің желісіне ауысты. ХІ және ХІІ ғғ. Францияда ортағасырлық барбаконды ауыстыратын қала дуалынан тыс жерде орналастырылатын фортификационды құрылысты белгіледі.
Ол бастапқыда қарсыластар артиллериясынан қорғау үшін қызмет атқаратын, соңынан тасты дуалмен қалқаланатын топырақ шымымен салынатын. Бульвар бас қамалмен дуалдармен жиі байланыстырылатын.
Бульвар атауы бұрынғы қамалдардағы топырақ үйінділерінде орналастырылған, серуендеуге қызмет атқаратын ағаштармен отырғызылған аллеялар ретінде сақталынып қалды.
Астана қаласындағы Бәйтеректен қарағандағы Нұржолы бульварының көрінісі
Нұржолы бульвары (бұрынғы Сулы-Көкті бульвар) – Есілдің сол жағалауында Астананың жаңа әкімшілік-іскерлік орталығындағы жаяу жүргіншілер аймағы бар құрылыс. Бұл бульвар еліміздің және қаламыздың ең негізгі көз тартарлық орны үшін жасалынып және соған айналды. Бульвар президенттің Ақ-Орда Резиденциясынан бастау алып Хан-Шатыр сауда-көңіл көтеру орталығына дейін жалғасады. Осы бульвар қаланың жаңа бөлігінің бас жоспары секілді Кисе Кураковамен жобаланған.
Сквер
Сквер (ағылшынның Square – алаң) – тұрғын жерлердің немесе өндірістік құрылыс салуларының ішіндегі абаттандырылған және көгалдандырылған территория. Ол 0,15-2 га көлеміндегі қаланың көгалдандырылу нысанының участогі. Негізінде, алаңдарда, көше қиылыстарырда болмаса, кварталдар участоктерінің көшеге жалғасатын жерлерінде орналасады. Оның жобалануы жүргінші жолдарынан, гүлзардан, гүлтестелерден, алаңқайлардан, ағаштардың, бұталардың жекелеген топтарынан тұрады. Ол, жаяу жүргінші адамдардың қысқа уақытқа демалысы үшін, архитектуралық ансамбльдерді көркем безендіру үшін жасалады
Сквер
Бақылау сұрақтары:
- Көгалдандыру дегеніміз не?
- Көгалдандырудың ролі қандай?
- Көгалдандырудың қоршаған ортаға әсері қандай?
- Үй маңын көгалдандыру туралы айт.
Тақырып 2. Елді мекендерді көгалдандырудың қысқаша тарихы
Мақсаты: Елді мекендерді көгалдандырудың тарихымен таныстыру, ежелгі қалаларда қолданған көгалдандырудың түрлерін айту.
Жоспар:
- Антикалық кезеңдегі көгалдандыру.
- Қайта өрлеу заманындағы көгалдандыру.
- Қазіргі замандағы көгалдандыру.
Әдістемелік нұсқаулық
Антикалық кезеңде көгалдандыру шығыс елдерінде кең және тез дами бастайды. Ұлы Бабылдың «салбыраңқы» бақтарының әсемдігі біздің заманымызда да таң қалдырады. Ол төрт сатылы террасадан жасалып, тіреулері мықты колонналар болды. Көгалдандыруда керемет, сирек кездесетін өсімдіктер (пальма, кипарис, жемісті ағаштар, гүлдер т.б.) қолданылды. Құстар мен жануарлардың болуы да бұл баққа өз сәнін енгізіп, «жұмақ» бағының атағын алғаны сөзсіз.
Ескендір Зұлқарнайын көп елді бағындырып қана қойған жоқ, сонымен қатар басқа елдердің салт- дәстүрін, көгалдандыру ерекшеліктерін де ала келген. Оған шығыстың зәулім сарай ішіндегі бақтар қатты ұнаған. Сөйтіп Грецияның қоғамдық ғимараттарында төрт бұрышты, колонналармен қоршалған, мәрмәр төсеніші бар ішкі алаңдар пайда бола бастады. Өсімдіктер ыдыстарда егіліп, ішкі алаңда орналастырылған.
Римдіктер эллиндік мәдениетті ұстанып, мұндай алаңдарды «атриум» немесе «атрий» деп атап, оған бассейн қосты. Ол жерді неше түрлі скульптуралармен әсемдеді.
1 сурет. Жоғарыда: қазіргі заманғы «Салбыраңқы Бағы» - Жапония, Фукуока, ACROS көпфункционалды бизнес-центрі. Сол жақта: атақты вавилондық бақтың компьютерден қайта қалпына келтірілген үлгісі. Оң жақта: болжамды «Салбыраңқы Бағы» ежелгі үйінділері. (фото RMNT.RU сайтынан алынған)
Испанияда екі ағымның түйіскен жерінде, яғни Еуропа мен Арабия мәдениетінен испандық мавритандық патио бағы пайда болды. Бассейні бар алаңға қырқылған мәңгі жасыл самшит сияқты өсімдіктердің қырқылған пішіндері әсемдей түсті. Бассейн жаны тас галькамен төселді. Ақ түсті қабырға фонында мәңгі жасыл туя, самшит, кипаристерден тұратын топтар ерекше әсер беруі үшін мұқият таңдалды. Бұл үй немесе ғимарат көгалдандыруының ерекшелігі үймен есік алды бірдей болғандықтан қайда жүргенің байқала бермейтін.
Патио бағы жай демалу үшін таптырмайтын жер болған. Бізге дейін сақталған Испаниядағы маврлар билік еткен заманнан қалған Альгамбра және Генералифе ішкі бақтар өзінің әсемдігімен естен тандырады. Мәрмәр төсеніш, бассейн айналары, фонтандар, коланнадалар, аркалар, топиорлық қырқу, мүсіндер пішіндерінің өлшемдерімен, үйлесімділігімен таң қалдырады.
Патио ішкі алаңдары біздің Азия елдерінде де кең таралған. Әсіресе оңтүстік Қазақстанда суы бар жабық бақ (хауыз) бар.
Жапондық бонсай бағы өте кішкентай пішіндерімен, тастардың орналасуымен әр адамды толқыта алады.
Орта ғасырда діни фанатизм көзқарастардың болуынан әсемдікке мән берілмеді. Көбіне емдік шөптесін өсімдіктер өсірілді.
Қайта туу заманында тартымсыз, ірі, сұр ортаның орнына үлкен, кең террасалар пайда бола бастады. Негізгі көркемдік көрсеткіш бақтың зоналарға бөлінуі болды. Аллеялар, алаңдар қолданылып, үй мен бақтың қызметтік байланысын дамыта түсті.
Барокко кезінде диагональді аллеялар, фонтандарда күрделі мүсіндер пайда болып, көгалдандыру күрделенді. Ол өз кезегінде есік алдында пирамидалар, скиттер, үйінділерден композицияның көрініс ретінде болуын мүлдем жоқ етті.
Осындай күрделі және әр түрлі кезеңдерден өткен бұл сала тек қана ағылшын ландшафттық стиль кезінде адамның табиғатқа деген көзқарасы дұрысталды. Ал бұл стиль табиғаттан әсер алатын. Өткен ғасырдың ең кемелді бақ түрі болып есептелген бұл стильді қазіргі заманда бізде қолданамыз.
Әрине қазіргі заман үйлері көп қабаттылары да кездесетіндіктен көгалдандыру икемделіп қолданылады. Сонымен қатар селекция арқылы өсімдіктердің алуан түрі шығып, барлық талаптарды орындай алуға мүмкіншілік берді. Жаңа материалдардың пайда болуы төсеніштер түрін байыта түсті. Адамдардың эстетикалық талаптарын қанағаттандыру үшін (ойнау, жүгіру, жатып дем алу сияқты) кең, тұрақты гүлзәрлар жасай алу мүмкіндіктері туды т.б..
Бақылау сұрақтары:
- Антикалық кезеңде қалай көгалдандырылған?
- Ежелгі дәуірде сирек кездесетін көгалдандыру өсімдіктерін ата.
- Патио бағы туралы не білесің?
- Қайта өрлеу заманында көгалдандыру қалай дамыды?
- Қазіргі замандағы көгалдандыру туралы түсінік.
Тақырып 3. Ландшафттық стильдер
Мақсаты: Ландшафттық стильдер туралы түсінік беру, әр стильдің ерекшелігімен таныстыру.
Жоспар:
- Ландшафттық стильдер туралы түсінік.
- Француздық ландшафттық стиль.
- Ағылшындық ландшафттық стиль.
- Шығыстық ландшафттық стиль.
- Жапондық ландшафттық стиль.
- Қытайлық ландшафттық стиль.
- Жеңілдікті ландшафттық стиль.
- Модерн ландшафттық стилі.
- Жерорта теңізі ландшафттық стилі.
- Голландтық ландшафттық стиль.
- Селолық (кантри) ландшафттық стиль
Әдістемелік нұсқаулық
Ландшафттық стильдер (жапон бағы, ағылшын, француз бақтары және т. б.)
Сан алуан ландшафттық стильдер қоршаған ортаның тиісті түрдегі қайталанбас аурасын қалыптастырады. Шығыс мәнеріндегі пайымдаушылық пен сабырлылық, француздық нәзіктік пен әсемдік, босаңсушылық пен жеңілдік, ағылшындық табиғилық пен қарапайымдылық - ландшафттық стильді дұрыс таңдау ең жайлы жағдайда тынығуға мүмкіндік береді.
Іс жүзінде неғұрлым жиі қолданылатын ландшафттық стильдерді қарастырып көрейік:
Француздық (классикалық, тұрақты) ландшафттық стиль. Реттілік, қатаңдық, салтанаттылық, жасандылық. Француз бағының ландшафттық стилі геометриялық жағынан дұрыс әрі қатаң түрде симметриялы етіп түзілген жоспарланумен ерекшеленеді. Француз стилінің басты идеясы реттілік болып табылады. Учаскені безендірудегі басымдық сипат болып, әдеттегідей, барлық қалған безендіру байланысты болып келетін ғимарат саналады. Ерекшелікті элемент болып партерлік көгал және жан-жағы ұқыпты етіп кесілген бұталар мен ағаштар болып табылады. Топырақ немесе ірі құм себілген түп-түзу және тегіс етіліп төселген кішкене жолдардың қиылыстарында су бұрқақтары мен мүсіндерді орнатып қояды. Су айдындары сол сияқты нақты геометриялық пішіндерге ие болады.
Ағылшындық (пейзаждық, табиғаттық) ландшафттық стиль. Табиғилық, еркіндік, байсалдылық. Ағылшындық ландшафттық стильдің негізгі белгісі оның табиғатпен жанды түрдегі байланысы болып табылады. Ландшафттың элементтері табиғи әрі еркін орналасқан. Тура сызықтық, симметриялық сипаттар жоққа шығарылады. Басымдық желектің артына жасырынған үй емес, керісінше қалқымалы жағалау желісі бар айдын болып табылады. Табиғи материалдан жасалған ирек шағын жолдардың бойына орманға еніп бара жатқан соқпақтардың бейнесін келтіру үшін аласа бұталарды егеді. Ағылшындық бақтың міндетті болып саналатын ерекшелігі тегіс емес, толқынды жер бедері болып табылады. Ағылшындық бақта гүлдер аз болады, негізінен бұл аталған климаттық өңірдегі мейлінше кең тараған өсімдіктер – түймедақтар, қырмызы гүл, дала гүлдері, бұған қоса оларды клумбаларда емес, керісінше әдемі шоғырлармен орналастырады.
Шығыстық (мавритандық, мұсылмандық) ландшафттық стиль. Су, салқын сабат, тыныштық, жасыл жазира. Мавритандық ландшафттық стильде басым сипат міндетті түрде су көзі – су бұрқағы, су айдыны болып табылады. Одан төрт түтікпен жылғалар тарайды, олар учаскені 4 шаршыға бөледі, осы жылғалардың дәл ортасында су көзі орналасады. Егер бақтың аумағы үлкен болып келсе, онда бұл шаршылар да өз кезегінде шаршыларға бөлінеді. Өсімдіктер еркін отырғызылады. Негізінен бұлар хош иісі аңқыған шөптер мен сан алуан гүлдер болып келеді. Мавритандық бақта өсімдіктерді қырқу болмайды.

- Електричне обладнання рухомого складу
- Електричний розрахунок вхідного кола на магнітній антені
- Електричні двигуни
- Електричні харчоварильні котли з непрямим обігрівом
- Електроенергія. Методика вимірювання показників якості повільних збурень електроенергії
- Електронабжение инструментального цеха
- Електроні гроші
- Екстремальний туризм в туристичних пропозиціях України
- Екстремум функцій двох змінних
- Екстримальний туризм
- ЕҚЫҰ және Қазақстан ынтымақтастығы
- Елiмiзде бәсекенi қолдау мен монополияға қарсы саясат
- Еластичність попиту і пропозиції
- Еластичність попиту та пропозиції