Ет және ет тағамдарын эксперттік бағалау
Жоспар
Кіріспе
І.ЕТТІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ
1.1 Ет және ет өнімдеріндегі негізгі заттар
1.2 Еттің сапасына әсерін тигізетін факторлар
1.3 Еттің жіктелуі
II.ІРІ ҚАРА МАЛ ЕТІН САПАСЫН САРАПТАУ
2.1Ірі қара мал етінің қабылдау, тасымалдау және сақтау
2.2Шикізатқа қойылатын талаптар
2.3Еттің сапасын сараптау
2.4Ет және ет өнімдерін сертификаттау тәртібі
2.5Сынау нәтижелері
3.ЕТ БАҒАЛАУДЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
3.1 Ет бағалаудың ветеринарлық-санитарлық ережелері
3.2 Ет және ет өнімдерін тасымалдауға қойылатын санитарлық талаптар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Қазіргі нарық экономикасы
Қазақстанда өсірілетін ірі қара
малдың тұқымдық құрылымына, олардың
таралуына, бас санына және өнімділік
параметрлеріне белгілі бір талап
қояды, олардың мемлекет экономикасының
құрылымындағы рөлін және мәнін
өзгертеді. Тұқымды емес аз өнімді мал
саны елеулі көбейіп, біздің республикада
шығарылған және ауа райға бейімделген
тұқымдар саны азайып бара жатыр. Республикадағы
бағытталған ғылыми және асыл –
тұқым жұмысының нормативті базасының
жоқтығы және соған байланысты асыл
тұқымды малдардың
Ет өнімін өндіру өндірістерінде технологиялық қайта жабдықталу шаралары, өндірістік үдерістерді түгелдей механикаландыру және автоматтандыру, әртүрлі өнімдерді қайталап өңдеуде үздіксіз-тұрақтыжелілар құру, шағын цехтарды көптеп ашу жоғары деңгейде жүргізілуде. Адамзаттың тамақтануында ет өнімде-рінің сапалылығы өз бетімен өзекті мәселе бола тұра, оның өндірістегі техникалық санитарлық-гигиеналық ережесімен тығыз байланысты екенін естен шығармау керек.
Ет және ет өнімдерінде адам ағзасына керекті көп заттар бар. Олар: ақуыз, липидтер мен майлар, көмірсу минералды заттар, витаминдер т.б., осы көрсетілген компоненттер адам ағзасына тез сіңіріледі.
Шикізатты дайындау кезінде аса көп көңіл технологиялық факторларға бөлінеді. Өйткені онда шикізатты дайындау кезіндегі өнімнің сапасын, өндіру процессін және дайын өнімді сақтау процесстері жүреді.
Еттің сапасы әртүрлі факторларға байланысты болады. Онда малдың тұқымы, жасы, жынысы, қоңдылығы, малды азықтандыру тәсілі т.б. кіреді. Малды сойғаннан кейін етте болатын автолитикалық процесстер еттің сапасына және оның жарамдылығына үлкен әсер етеді. Ет пен субөнімдерді төмен температурада суықпен қамтамассыз ету, бұзылудың алдын алу үшін өте қолайлы әдіс болып табылады.
Бұл курстық жұмыста мынадай
мақсаттар мен міндеттер
- ірі қара мал етінің сапасын сараптау;
- жалпы шикізатқа қойылатын талаптар;
- өнімнің сапа көрсеткіштерін анықтау әдістері;
- ет және ет өнімдерін сертификаттау тәртібі.
І. ЕТТІҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ҚАСИЕТІ
1.1 Ет және ет өнімдеріндегі негізгі тағамдық заттар
Сойылған малдан алынған ұшаның иә болмаса жартылай ұшаның құрамына кіретін ұлпалардың жиынтығын ет деп атайды.
Ет – малды сойып және алғашқы өңдеуден кейін алынатын және әртүрлі ұлпалар жиынтығынан тұратын ұша немесе ұша бөлігі. Бұл жоғары құндылықты тамақтанудағы маңызды өнім.
Ет – адам ағзасының
ұлпаларын құру үшін, зат алмасу
мен синтезі үшін қажет жануар
текті толық құнды ақуыздардың
көзі, жүйке ұлпасы, В тобының
дәрумендері мен
Ет – сіңімділігі жоғары өнім, тез өңделеді. Етті ірі қара малды, қой, ешкі, шошқаларды, жылқы, құс және басқа да жануарларды сою арқылы алады.
Еттің құрамына 52-78% су, 16-21% ақуыз, 0,5-49% май, 0,4-0,8% көмірсулар, 2,5-3% экстрактивті заттар, 0,7-1,3% минералды заттар, ферменттер, дәрумендер және т.б. кіреді. Еттің химиялық құрамына малдың түрі, жынысы, жасы, күйлілігі және баска факторлар әсер етеді (1 кесте).
1 кесте - Еттің химиялық құрамы
Ет түрі, қоңы және категориясы |
Құрамы, % |
100 г еттің энергетикалық қоректілігі | ||||
су |
ақуыз |
май |
күл |
ккал |
кДж | |
Ірі қара I |
67,7 |
18,9 |
12,4 |
1,0 |
187 |
782 |
Ірі қара II |
71,7 |
20,2 |
7,0 |
1,1 |
144 |
602 |
Бұзау |
78,0 |
19,7 |
1,2 |
1,1 |
90 |
377 |
Қой I |
67,6 |
16,3 |
15,3 |
0,8 |
203 |
849 |
Қой II |
69,3 |
20,8 |
9,0 |
0,9 |
164 |
686 |
Марқа |
68,9 |
16,2 |
14,1 |
0,8 |
192 |
803 |
Шошқа I(бекон) |
54,9 |
16,4 |
27,8 |
0,8 |
316 |
1322 |
Шошқа II (етті) |
51,6 |
14,6 |
35,0 |
0,6 |
355 |
1485 |
Шошқа III (майлы) |
38,7 |
11,4 |
49,3 |
0,8 |
489 |
2046 |
Жылқы I |
69,6 |
19,5 |
9,9 |
1,1 |
167 |
669 |
Жылқы II |
73,9 |
20,9 |
4,1 |
1,1 |
120 |
502 |
Түйе |
70,7 |
18,9 |
9,4 |
1,0 |
160 |
669 |
Бұғы I |
71,0 |
19,5 |
8,5 |
1,2 |
135 |
679 |
Бұғы II |
73,3 |
21,0 |
4,5 |
1,0 |
125 |
523 |
Үй қояны |
65,3 |
20,7 |
12,9 |
1,1 |
199 |
833 |
Еттің тағамдық құндылығы
ақуыздардың, майлардың, дәрумендер- дің,
минералды заттардың
Ақуыздар
Ет - биологиялық құнды
ақуыздардың көзі. Жеңіл сіңетін
ақуыздардың негізгі бөлігі бұлшық
ет ұлпасында жинақталған. Оларға суда
еритін саркоплазма ақуыздары - миоген,
миоальбумин, глобулин және миоглобин
жатады. Миоген сумен жеңіл экстрагирленеді
де, сорпа бетінде ұйығаннан кейін
көбік түзеді. Миоглобин хромопротеиніндегі
темірдің болуына байланысты етке қызыл
түс береді. Мал сойылғаннан кейін
ет бетіндегі миоглобин ауа
Ет ақуыздары (14...23%) - толық
құнды ақуыздар. Оның құрамында адам
бұлшықтарының ақуыздарына
Бұлшық етте миоген мен глобулин мөлшері - 20-30%, ал миоальбумин мен миоглобин мөлшері - 1-2%. Саркоплазма мен миофибриллде адам организіміне қажетті барлық ауыстырылмайтын амин қышқылдары бар толық құнды ақуыздары бар.
Миофибрилл ақуыздары - миозин, актин, олардың комплексі актомизин, тропомизин, тропонин және т.б.
Миозин - бұлшық ет ұлпасының маңызды ақуызы, ол барлық бұлшық ет ақуызының 40% құрайды. Оның су сіңіру және ылғал ұстау қабілеті жоғары. Актин бұлшық ет ақуызының 15% құрайды, миозинмен әрекеттесіп, жоғары тұтқырлықты актомизин түзеді.
Сарколемма ақуыздары негізінен жалғаушы толық құнсыз ақуызтар-коллаген, эластин, ретикулин болып табылады.
Еттің толық құнсыз ақуыздарында
триптофан ауыстырылмайтын
Еттің тағамдық кұндылығын анықтау үшін ақуызды сапалық көрсеткіш, яғни толық құнды ақуыз мөлшерінің толық құнсыз ақуыз мөлшеріне қатынасы қолданылады. Тек толық кұнсыз ақуыз құрамына оксипролин амин қышқылы кіреді. Триптофан мен оксипролин мөлшерінің қатынасын анықтайды: ақуызды сапалық көрсеткіш жоғары болса, еттің құндылығы да жоғары болады.
Ет құрамындағы ақуыздың мөлшері әдетте көп өзгеріске ілікпейді. Негізінде ол ақуыздар, сапасы жағынан биологиялық құнды болып келеді. Мөлшері 100 г ет, тәулігіне адамға қажет норманың 35-40 %-дай ақуызын қамтамасыз етеді. Ақуыз құрамындағы ең маңызды алмаспайтын амин қышқылдар (триптофан, метионин және лизин) ара қатынасы оптималды болып, адамның азықтану рационының балансылануына көп әсерін тигізеді. Әртүрлі мал етінің құрамындағы амин қышқылдардың абсолюттік мөлшері жағынан көп айырмашылығы жоқ, дегенмен ірі қара мал етінде, қой етіне қарағанда біршама артықтау, ең азы шошқа етінде (100 г етке шағып есептегенде). Семіз еттің құрамында толық құнды ақуыздың мөлшері, арықтау етпен салыстырғанда аз.
Шошқа етінің құрамында дәнекер ұлпаның үлесі аз болады, осы себептен толық құнсыз және нашар қорытылатын ақуыздар да (коллаген, эластин) аздау. Оған мына сандар дәлел, шошқа етінің ұшасында толық құнды ақуыздар үлесі 90 %-дай болса, ірі және ұсақ қара мал ұшасында 75-85 % арасында. Малдың қоңы жоғарылаған сайын, еттің құрамында толық құнды ақуыздардың да үлесі көтеріледі. Ірі және ұсақ қара мал етінің қорытылуы тәжірибе жүзінде бірдей, ал шошқа еті асқазанда көбіректеу уақыт болатын себептен, қорытылу коэффициенті жоғары, яғни 12-15 %-ға.
Еттің биологиялық құндылығы
көптеген факторларға байланысты. Айталық
ақуыздардың пайдалану
Липидтер
Липидтерге май және май тәрізді заттар жатады. Еттің құрамында липидтер, нейтралды майдан, фосфолипидтер және холестериндерден тұрады. Олардың мөлшері де көптеген факторларға байланысты. Негізі майдың мөлшері ет сапасына зор әсерін тигізеді. Құрамында май жоқ, ия болмаса аз болғанда, еттен алынатын өнімдердің де құны, сапасы және т.б. төмен болады. Дегенмен өте майлы ет, оның энергиялық бағасын көтергенмен де, дәмін және қорытылуын төмендетеді.
Бұлшық ет ұлпасында май мөлшері шамамен - 3%, май ұлпасында – 60-94%, шеміршек ұлпасында 1,3-3%, сүйек ұлпасында 3,8-24% болады. Малдың қоңдылығы май қышқылдарының құрамына онша көп әсерін тигізбейді. Бірақ, әртүрлі малдағы майлар май қышқылдарының құрамы бойынша ажыратылады. Мысалы, қой майында алмаспайтын май қышқылдар шамасы - 48 %, ірі қара майында –53 % және шошқа майында – 62 %. Ірі және ұсақ мал майының еру температура нүктесі өте жоғары. Олар сақтауға тиімді. Қой майының құрамында ірі қарамен салыстырғанда, стеарин көпте, пальмитин және көп толық қанықпаған (полиненасыщенные) май қышқылдары аз.
Жануар майларының кұрамында ауыстырылмайтын полиқанық- паған май қышқылдары бар: линол, линолен және арахидон, олар зат алмасуда маңызды орын алады. Майдың түсін каротин және ксантофил пигменттері береді.
Әртүрлі малдағы майлар май қышқылдарының құрамы бойынша ажыратылады. Жануар майы үшглицерид қоспасы болып табылады, оның кұрамына сСонымен қатар аз мөлшерде ди- және моноглицеридтер, бос май қышқылдары кіреді. Глицеридтердің май қышқылдары майлардың физикалық-химиялық қасиетін анықтайды. Мысалы, сиыр және қой майында шошқа майына қарағанда қаныққан стеарин қышқылы екі есе көп. Тауық майында қаныққан май қышкылдары аз, сондықтан шошқа және тауық майы жұмсақ болады. Тауық майында 18-23%, ал сиыр майында - 2-5% қанықпаған линол қышқылы бар.
Ет майлары (2...37%) ет талшықтары арасында орналасып, қатты консистенциялы болады. Жылулық өңдеу үдерісінде майлар балқиды да, жеңіл сіңеді.
Май тәрізді заттарды көбіне лепоидтар депте атайды. Олар май сияқты, тек үшглицеридті май қышқылынан құралады. Липоидтардың адам ағзасына тигізетін әсері мол. Жануарлардың ұлпаларында: фосфолипидтер, стериндер және басқада липоидтар кеңінен таралған.
Фосфолипидтер – физиологиялық
маңызы бар заттар. Оның құрамында
фосфор қышқылының қалдығы бар. Фосфолипидтер
барлық тірі ағзаларда кездеседі, олар
әсіресе жүйке ұлпасында, мыйда,
жұмыртқаның сары уызында, қандағы
эритроциттерде көп. Фосфолипидтерді
тағам өндірісінде кеңінен
Жануарлардың ұлпаларында кең таралған стерин – бұл холестерин. Оның құрамы ағзаға келіп түскен тағам түріне және қатты синтезделуі мен ыдырауына байланысты.
Ет майының негізгі қасиеті баяу ерігіштігі ет майының құрамында қатты, қаныққан май қышқылынан тұрады және ол жоғары температурада ериді.
Күйліліктің азаюынан май қасиеттерінде үлкен өзгерістер болады. Май қышқылының поли қанықпаған құрамы азаяды және қаныққан, қатты май қашқылының құрамы тез көбейеді. Олар жоғары температурада ериді. Арық мал етінің майының тағамдық құндылығы төмен және сіңіру сипаттамасы да төмен болып келеді.
Биологиялық қасиеті бойынша шошқа майы ең жақсы деп есептеледі. Онда поли қанықпаған май қышқылы көп, соның ішінде арахид қышқылы. Бұл қышқыл сиыр етіне қарағанда шошқа етінде 5 есе көп кездеседі. Оған қарамастан шошқа етінің майының еру температурасы төмен. Бірақ басқа еттің майлары өзіне тән биологиялық қасиеттері болады. Сиыр етінің майы басқаларымен салыстырғанда ең жақсы және А және керотин дәруменінің қайнар көзі ретінде саналады. Қой етінің майында фосфолипидтер жақсы көрінеді: кестеде ет майының құрамындағы биологиялық қасиеттерін сипаттайды.
Майға қарағанда бұлшық етте халестерин 1,5 есе аз болады, сондықтан майлы аз етті қолдану ұсынылады.
Сиыр және шошқа майлары:
еру температурасы 40-50 және 33-46 0С
қату температурасы 34-45 және 22-320С
сіңірілу 92-95 және 96-97%
Майдың ерігіштігі төмен
болған тез сіңімді деп есептеледі,
бірақ шұжық өнеркәсібінде
Жас мал етінің май аз болады, ал ылғалы көп болады, сондықтан калориясы минимальды болады. Дайын ет өнімдерінің калориясы майына, байланыстырғыш талшығына, технологиялық өңдеуіне байланысты болады.
Ет майының энергетикалық құндылығы 491 ккалдан (шошқа етінің майы) 101 ккалға дейін болады.
Көмірсулар
Көмірсулар табиғатта кеңінен таралған. Ет құрамында адамның күндегі рацион нормасымен салыстырғанда тым аз, сондықтан ет көмірсу көзі бола алмайды.
Бұл органикалық заттар жануарлар ұлпаларының 2%-дан жоғары емес салмағын құрайды. Көмірсулар негізгі энергия көзі болып табылады және ферменттер, күрделі ақуыздар, липоидтар құрастыруда қатысады.
Көмірсулар үш класқа бөлінеді: моносахаридтер, олигосахаридтер және полисахаридтер. Моносахаридтер – көмірсудың негізгі құрылымы- ның бірлігі, олигосахаридтер құрамы аз мөлшерде моносахаридтерден құралады, полисахаридтер – жоғарымолекулалық заттар, олар мыңдаған моносахаридтерден тұрады.
Еттің көмірсулары гликогенмен көрсетілген, жануар крахмалы деп аталады. Етте оның мөлшері 0,6-0,8%, ал бауырда-5%. Бұлшық ет ұлпасында гликоген бос және ақуыздармен байланысқан күйде болады. Күйлі малда арық малға қарағанда гликоген көбірек. Малды сойғаннан кейін гликоген негізінен сүт қышқылына дейін ыдырайды. Сүт қышқылында көптеген үдерістер жүреді, еттің консистенциясы мен дәміне жанама әсер етеді.
Етті сақтау барысында
көмірсудың мөлшері бірнеше рет
төмендейді, сол себептен еттің тамақтық
қасиетіне тигізетін әсері
Ферменттер
Еттің құрамында 50-ден астам
ферменттер бар, олардың қатысында
әртүрлі заттардың ыдырауы
Ферменттер автолиз үдерісін
(ұлпалардың өздігінен ыдырауы) катализдейді,
нәтижесінде еттің жетілуі
Минералдық заттар
Минералды заттар барлық талшықтар құрамына кіреді. Ақуызда – күкірт, нуклеин қышқылында – фосфор, қан гемоглабинінде темір болады. Магний мен кальций етте еріген немесе ерімейтін қабат ретінде болады. Олар мүйізде, сүйекте, тұқайларында көп болады. Минералды заттар мембрана клеткасындағы осматикалық қысымды бір қалыпты сақтайды. Минералды тұздар жануар қанының рН сақтайды, сонымен қатар рН – тың қышқыл және сілті ортасында араласуы қиын жағдайға алып келеді. Минералды заттардың азаюы талшықтардың құрғауына себеп болады, ол клетканың өлуіне алып келеді.
Ет фосфордың (180мг), кальцийдің (10мг) натрийдің (100мг), калийдің (330мг) қайнар көзі. Етте кобальт, йод, мырыш, фтор, мыс, күміс болады, ал радиоактивті жерлерде радионуклеидтар жиналады.
Минералды заттар бұлшық ет
және сүйек ұлпаларында
Су
Судың еттегі мөлшері малдың күйлілігі мен жасына байланысты өзгереді. Су жас мал етінде ересек мал етіне қарағанда көбірек. Судың бір бөлігі ақуыздармен байланысқан күйде, ал қалған бөлігі бос күйде болады. Ылғалдылығы жоғары ет тез бұзылады. Сиыр етінде 58-70%, шошқа етінде 48-73%, қой етінде 53-69% ылғал болады.
Су мен май, еттің ауыспалы құрамы болып есептелінеді. Еттің құрамында майдың мөлшері көбейген сайын, су мөлшері азаяды, ал ақуыз бен минералдық заттар шамасының өзгеріштік дәрежесі бірқалыпты қалады. Жас арық малдың етінде су және ақуыз мөлшері көптеу болады да, май аз. Ет құрамындағы су барлық биохимиялық үдерістер жүретін орта, ол бос және байлаулы түрде болады. Судың бос болуы осмостық қысымның және жасушалық элементтердің сіңіру (адсорбциялық) қасиеттеріне байланысты. Ондай су етті кептіргенде, қыздырғында, престегенде ұшып кетеді. Еттің суды ұстай алатын және су қосқанда сіңіру қабілеті, оның сапасына әсерін тигізетін факторлардың бірі. Еттің ылғал байлау және ылғал сіңіру қасиеті неғұрлым жоғары болса, соғұрлым өнімнің дәмі және тәттілігі жоғары, екіншіден дайындалған ет өнімінің шығымы да көптеу болады.
Дәрумендер
Ет құрамында әртүрлі дәрумендер болады: тиамин, рибофлавин, пиридоксин, никотин және пантотен қышқылы, холин. Бауырда барлық дәрумендер кездеседі. Сондықтан сойылған жануар еті тағамдық және биологиялық құнды тағамға жатады.
Ет – В дәрумендер тобы (В1,В2, В3, В6, В12), РР, фоли қышқылы, биотин дәрумендерінің көзі. Сиыр етінде рибофлавиннің В2 массалық үлесі 0,13-0,17% мг, никотинамид РР 3,9-3,67% мг, фоли қышқылы 0,013-0,026%мг, биотин 3,4-4,6%мг. Сиыр және қой етінде шошқа етіне қарағанда В12 дәрумені 2-3 есе көп. Ал шошқа еті сиыр және қой етіне қарағанда В1 (0,74-0,94%мг), В6 (0,42-0,5%мг) және В3 (0,7-2%мг) дәрумендеріне бай. Етте майда еритін А және С дәрумендерінің массалық үлесі өте аз. В1 дәрумені етті тұздағанда, қақтағанда, пісіргенде, консервілегенде және жылулық өңдегенде ішінара ыдырайды; В2 және РР дәрумендері пісірген кезде тұрақтырақ (85% қалдық), В6 тұрақты емес (45-60% қалдық). Еттің сорпасына 10-15% суда еритін дәрумендер өтеді, сондықтан оларды рационалды түрде қолдану керек.
Экстрактивті заттар
Еттің негізгі маңызды бөлігі экстракті заттан тұрады. Ол екіге бөлінеді: азотты және азотсыз.
1кг етте шамамен 3,5
гр азотты экстракті зат
Экстракты азотты заттарға – кариозин, креатин, ансирин, пуринді негіздер және т.б. жатады. Экстракты заттардың негізі олардың дәмдік қасиеттерінде және асқорыту темірін ынталандыруда. Азотты экстракты заттар ет дәмінен көрінеді, әсіресе сорпасы мен қабығында, қырғанда пайда болған. Жас мал етіне қарағанда қарт мал еті экстракты заттарға бай және етінің дәмі жақсы болады.
Азотсыз заттарға – гликлген, глюкоза, сүт қышқылы жатады. Ет құрамында шамамен 1% болады. Олар азотты экстракты заттардан аздап кемшілігі бар.
Тірі организмде экстракты
заттар физиологиялық үдерістерге
қатысады. Еттің құрама бөлігі ретінде
адамның тамақ қабылдауына
Жаңа еттің бұлшық етіндегі шамамен есептегендегі азотты экстракты заттар төменде келтірілген.
Аденозин үш фосфор қышқылы 0,25 – 0,4
Ансерин
Карнитин
Карнозин
Креатин+креатинфосфат
Креатинин
Пурин негіздері
Бос амин қышқылдары
Мочевина
Сойылған ет экстрактивті заттарға (азотты және азотсыз) бай, олардың тамақтық бағасы шамалы, дегенмен еттің дәмділігіне, тәбеттің ашылуына, асқазан бездерінің жұмысын пәрмендетілуіне, қорытылуына оң әсерін тигізеді. Етте 1,5...2,8% экстрактивті заттар бар, олар пісіру кезінде сорпаға өтіп, өзіндік дәм мен аромат береді. Ірі қара етіндегі бұлшық ет ұлпасында азотты экстрактивті заттар 11% -н құрайды.
1.2 Еттің сапасына әсерін тигізетін факторлар
Еттің
энергетикалық қоректілігін, ағ
Биологиялық әдіс, жас ағзаға ақуыздың тигізетін әсеріне негізделген. Бұл тұрғыдан оның объективтік көрсеткіші ретінде, ағзаға өтетін азоттың балансы алынады. Ағзаға енген және бөлініп шыққан азоттың айырмашылығын, қорытылатын азот дейді. Мал майының биологиялық құндылығын ағзада сіңілген үшглицеридтің мөлшерімен, жас малдың өсу қарқынына тигізетін әсері және липоидтық алмасуда қатысу дәрежесімен анықтайды. Еттің тамақтық құндылығын ғылыми жолмен дәлелдеу, оның құндылығын объективті бағалау және өндірісте тиімді пайдалану үшін өте қажет. Еттің сапасына әсерін тигізетін негізгі факторлар: малдың түрі, тұқымы, жынысы, жасы және т.б.
Малдың түрі – еттің сапасына әсерін тигізетін негізгі фактор. Еттің қандай мал түрінен алынғанын, оның түсінен, иісінен, бұлшық ет және май ұлпасының консистенциясынан, сүйек құрылысынан және т.б. біледі. Әдетте аумағы және массасы үлкен мал түрінің бұлшық ет талшықтары ірі, дәнекер ұлпасы мықты дамыған, еттің түсі қаралау болып келеді. Мұндай малдың май ұлпасында да өзгерістер бар: оның мөлшері, әр мүшелерде байлануы, консистенциясы және май қышқылдарының ара қатынасы әртүрлі болады. Майдың түсі, консистенциясы және еру температурасының нүктесі, әртүрлі мал етінің объективтік көрсеткіші ретінде қолданылады. Шошқа майының сіңірілу коэффициенті 96-98 %, ірі қара малдыкі 80-84 % және қойдікі 80-85% шамасында. Мал түріне қарай, ет құрамындағы ақуыздың, амин қышқылдарының мөлшері, экстрактивтік заттарының саны және сапасы, биологиялық және энергетикалық құндылығы да әртүрлі.
Мал тұқымы. Әртүрлі тұқымды мал өзара тірілей салмағынан басқа, ет сапалығымен де айрықшыланады. Сапалықтың негізгі көрсеткіштері ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Ет бағытындағы тұқымнан ең сапалы бұлшық ет және май ұлпалары жақсы дамыған ет алынады. Мұндай ет әдетте дәмді, шырынды және жұмсақ болады. Етті-сүтті, сүтті-етті тұқымдас мал етінің сапасы төмендеу, қаңқа-сүйек және дәнекер ұлпа көп, бұлшық ет қабатында май аз, сіңірілуі де төмен.
Малдың жынысы. Сойылған еттің сапасына және мөлшеріне тигізетін әсері мол. Кестірілмеген бұқашықтардың еті қатты, қатаң консистенциялы, бұлшық ет қабаттарында май аздау шоғырланады, дәнекер ұлпасы тым аса дамыған. Кейбір малдардың (қабан, қошқар, бұқа) еті жағымсыз иісті болады.кестірілген малдың еті ірі талшықты болғанымен, бұлшық етінде жақсы май шоғырланып, дәнекер ұлпа үлесі аз. Ұрғашы малдың еті жұқа талшықты, түсі ашықтау және дәмді-жұмсақ келеді.
Малдың жынысына қарай еттің химиялық құрамы да әртүрлі. Айталық, бұқашықтың ұзын арқа етінде 21,7% ақуыз және 1,1% май,кестірілген болса, жоғарғыға сәйкес 22,1 және 2,5 %, сиырдікінде 22,2 және 3,4%. кестірілген бұқашықтар етінде кестірілмегенге қарағанда, толық құнды ақуызтар мөлшері молдау. Кестірілмеген бұқашық етінің рН көрсеткіші өте жоғары, еті тым қызыл, байланған түрдегі судың мөлшері және оксипролин амин қышқылы көп, қызумен өңдеу барысында салмағын аздап қана жоғалтады.
Мал өскен сайын, еттің құрамында аргинин, валин, метионин, изолейцин және фенилаланин амин қышқылдарының да үлесі жоғарлайды. Еркек мал етінде аргинин мен цистин, ал ұрғашы малында гистидин көп. Мал өскен сайын, оның жыныстық өзгергіштігі де өседі.
Малдың жасы. Мал сақайған сайын, оның ағзасында терең өзгерістер болады: бұлшық ет, май және бұлшық ет қабатындағы май ұлпалары толық дамиды. Ет ірі талшықтанып, қатаяды. Дәнекер ұлпасының құрамында эластикалық талшықтың үлесі жоғарылайды, етті қайнатқанда өзгергіш қасиеттері жойылып, оның кулинарлық бағалығы төмендейді. Шошқа етінің дәмділік қасиеті, жұмсақтығы, амин қышқылдар тобы 8 айлық жасында, қой етінікі 6 айлығында, ірі қара малда үш жасында толық қалыптасады. Әрі қарай шошқа денесінде май байлануы жақсы дамиды, оған жеген азықтың көп бөлшегі шығындалады. Еттің химиялық құрамы да жасы өскен сайын өзгереді. Жас малдың етінде 12 айлық жасында 21,7 % ақуыз және 6% май болса, 18 айлық жасында 19,3 және 10,7 %. Тым жас малдың еті дәмсіз, иіссіз және май байлануы нашар болады. Бұлшық ет және май ұлпасының малдың жасына байланысты шығымы 2 кестеде көрсетілген.
2 кесте – Бұлшық ет және май ұлпасының шығымы
Тұқымы |
Бұлшық ет және май ұлпасының шығымы, % | |||||
жасы | ||||||
12 |
15 |
18 | ||||
Бұлшық еті |
Май |
Бұлшық еті |
Май |
Бұлшық еті |
Май | |
Қазақтың ақбас сиыры |
73,5 |
6,1 |
74 |
6,4 |
72,5 |
8,8 |
Абердин-ангусс |
74,2 |
6,1 |
73,2 |
7,7 |
72,2 |
8,9 |
Шортгорн |
73,3 |
5,3 |
73,2 |
5,6 |
72,1 |
7,9 |
Симментал |
75,0 |
3,9 |
70,1 |
8 |
68,9 |
9,0 |
Қырдың қызыл сиыры |
71,4 |
4,4 |
71,2 |
4,5 |
96,6 |
6,0 |

- Етика американського менеджменту
- Етика підприємницької діяльності
- Етика підприємницької діяльності
- Етика підприємницької діяльності
- Етика соціальної роботи в пенітенціарній системі
- Етика та менеджмент в управлінні організацією
- Етика управління сучасною організацією
- ЕС: цели и достижения. Перспективы сотрудничества с РФ
- Етапи логопедичної роботи з корекції дизартрії
- Етапи опрацювання художнього твору
- Етапи проведення аудиту
- Етапи становлення інформатики в початкових класах. Зарубіжний досвід та навчальних закладів України
- Етапи становлення професіонала
- Етапи становлення управлінського обліку