Гендерлік әлеуметтану. Басқару және ұйымдастыру әлеуметтануы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ
ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
103 - топ
“Әлеуметтану” пәнінен
СӨОЖ
Тақырыбы: 1. Гендерлік әлеуметтану.
2. Басқару және ұйымдастыру әлеуметтануы.
Алматы қаласы
2013 жыл
Жоспар:
- Гендерлік стратификация дегеніміз не?
- Гендерлік дифференциация дегеніміз не?
- Қоғамдық-саяси өмірде гендерлік теңдікке жету мақсаты.
- Басқару әлеуметтануы.
- Басқару тәсілдері
- Ұйымдастыру әлеуметтануы.
- Әлеуметтік ұйымның бірқатар өзіне тән белгілері.
- Қорытынды.
- Қолданылған әдебиет
Гендерлік
стратификация - гендер әлеуметтік стратификаци
Гендерлік дифференциация - еркек пен әйе
Қоғамдық-саяси өмірде гендерлік теңдікке жету мақсатында:
2006 жылдың маусым айында облыс әкімінің өкімімен Қарағанды облысы әкімінің жанындағы отбасы мен әйелдер ісі жөніндегі облыстық комиссия Қарағанды облысы әкімінің жанындағы отбасы ісі мен гендерлік саясат жөніндегі облыстық комиссия болып қайта құрылған. Біржола комиссияның жаңа құрамы бекітілді;
Облыс әкімдігінің 26.12.2006 жылғы «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын» Қарағанды облысында іске асыру бойынша2007-20008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» № 28/04 қаулысы әзірленген және бекітілген;
Барлық мемлекеттік органдарда мемлекеттік гендерлік саясатты іске асыруға жауапты қызметкерлер анықталған;
«Әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері» заңының жобасын жалпылай талқылау ұйымдастырылған, сонымен қатар оны аймақта қоғамдық және ҰСҰ қатысуымен талқылауға бірқатар дөңгелек үстелдер өткізілген;
сайлау лауазымдарына үміткерлерді жылжытуға гендерлік жүйені ендіру мәселесі бойынша «Нұр-Отан» саяси партиясының активтерімен кездесу өткізілген. Қазір «Нұр-Отан» партиясының қатарын облыстың 52 пайыз әйелдері құрайды.
қалалар мен аудандар әкімдеріне облыстың 30 аудандары мен қалаларында әкімдерді сайлауға хат жіберілді. Әкімдерге алдағы болатын сайлауға қатысқылары келетін әйелдерді қолдауға ұсыныс берілді;
облыстық әйелдер көшбасшысы жүйесі құрылды, оған 7 қолданыстағы орталық пен мектептердің жұмысын құрайтын 6 ҰСҰ кіреді, оның ішінде 3 Қарағанды, Жезқазған, Теміртау қалаларының халықаралық ұйымдарына ықпал етумен құрайды.
Басқару социологиясы
Еңбек ұйымдары қызметінің орталық осі болып басқару табылады. Басқаруға деген әлеуметтік көзқарастың негізгі үш түрлі компонентті бөлуге байланысты. Олардың біріншісі - мақсатты ойлау мен мақсатты жүзеге асыруды қамтитын мақсатты бағытталған басқарушы әсер, ол басқарудың негізін құрайды. Мұндай әсер сыртқы (басқару органы объекттен тыс болғанда) және өзін-өзі басқару (әсер объектке кіретін бөлімше және субъектпен орындалса) түрінде болады. Басқарудың екінші компоненті - әлеуметік өзін-өзі ұйымдастыру, яғни ұжымшылык реттеудің кездейсоқ процестері (лидерлік, ²престиж шкаласы², бейресми ұйымдасқан топтар, әлеуметтік нормалар). Аталған екі компонент үшінші компонентті тудырады – «бұрынғы» басқару еңбегінің өнімдерімен қатар (тұрақты лауазымдық құрылымда административті тәртіппен, объективтелген шешімдер), ұжым ішіндегі кездейсоқ қалыптасқан ережелер мен қарым-қатынас нормаларын қамтитын ұйымдастыру тәртібі.
Берілген элементтердің оптималды сәйкестігі олардың шекараларын пайдалану мүмкіндіктері мен есептеу, мүмкін болатын қарама-қайшылықтарды жою негізінде олардың интеграциясын меңзейді. Осылайша, басқарушы шешімдердің көп бөлігін (бұйрық, тапсырма) бір реттік ықпал ету формасынан ұзақ мерзімді тәртіп формасына көшіруге немесе кездейсоқ реттеуіштерді ұйымның алдына қойылған мақсатына «қосуға» мүдделі.
Басқару тәсілдері
Бұл ұжым, топ, жұмысшыларға деген мақсатты ықпалдың әлеуметтік тәсілдерінің жиынтығы. Әрбір көрсетілген деңгейде басқару ерекше мәселелерге тап болады, сондықтан сәйкесінше әдістерді құрайды. Олардың біреулері әрбір үш жағдайға да қолданылады, ал келесілерін қолдану нақты бір жағдаймен шектеулі.
Жеке кәсіпорын жұмысшысына қатысты оның мінез-құлқына түрлі ықпал етудің түрлерін бөлуге болады:
1) тікелей (бұйрық, тапсырма);
2) мотивтер мен
қажеттіліктер арқылы (
3) құндылықтар жүйесі арқылы (тәрбие, білім және т.б.)
4) қоршаған әлеуметтік орта арқылы (административтік және бейресми ұйымдарда және т. б.еңбек жағдайларын, статусты өзгерту).
Кәсіпорынның өндірістік ұжымына кіретін топқа қатысты әлеуметтік басқару тәсілдері келесідей бөлінеді:
1) топ құрамының
мақсатты құрылуы (
2) топтардың ынтымақтастығы (жарыс ұйымдастыру, басқару стилін жетілдіру, әлеуметтік-психологиялық факторларды және басқа әдістерді қолдану);
Кәсіпорынды әлеуметтік ұйымдастыру денгейінде мынадай тәсілдер қолданылады:
а) ресми және бейресми құрылымдарды үйлестіру (жоспарланған және шындығындағы байланыс пен нормалар арасындағы қарама-қайшылықтарды жою);
ә) басқаруды демократиялау (қоғамдық ұйымдар рөлін жоғарылату, жұмысшыларды біріккен шешімдерді жасап шығаруға жұмылдыру, өндірістің кейбір баскарушыларын таңдалуы, еңбек активтілігін арттыру және т. б. арқылы);
б) әлеуметтік жоспарлау (жұмысшылардың квалификациясын жоғарлату, ұжымның әлеуметтік құрылымын жетілдіру, тұрмысты жақсарту және басқа шаралар).
Басшылық – бағынушы қатынасы
«Басшылық» ұғымы басқару
Екіншіден, басшылық – бұл ортақ еңбек процесіндегі жеке жұмыс функцияларының қатынасы:бірі – тым ²жалпы² болса, екіншісі – тым ²жеке². Онда (еңбек процесінде) бір жағынан ұйымдастыру функциялары, екінші жағынан атқару функциялары байланысады.
Үшіншіден, басшылық – бұл сонымен бірге жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастың ерекше түрі. Соңғы жағдайда оның әлеуметтік-психологиялық мазмұны – бірін-бірі мойындау, ықпал ету, стиль, мүдделер қарастырылады.
Аталмыш ²басшылық
- бағынушы² қатынасының жақтары бір-бірінсіз
өмір сүре алмайды, олар бір-бірімен тығыз
байланысты болса да, салыстырмалы дербестікке
ие. ²Басшылық-бағынушы²
Ықпалдың екі
түрі болуы мүмкін: тікелей (бұйрық, тапсырма) және
жанама, мотивтендірілген(стимулдар арқылы).
Бірінші жағдайда басшылық қоластындағыларының
іс-әрекетіне бағытталған және сәйкес
мінез-құлықтың қажеттілігі олардан ауытқуға қойылатын
санкциямен бекітіледі. Осының нәтижесінде
талаптарды орындамағаны үшін мүмкін
санкциялардан жұмысшының ²шығындары²оның
орындауға ²шығындарынан²
Басшылық стилі
еңбекті ынталандырумен айқындалады.
Ынталандыру - жұмысшының еңбек мінез-құлқына
жанама ықпалы, оның еңбекке жұмсаған
күшіне компенсация ретіндегі жеке
адамның қажеттіліктерін
Бірақ ынталандыруды
ұйымдастыру тікелей ықпал
Стимулдың ²материалды² және ²
Басқарушылық шешімдер
Басқарудың
ең басты өнімі не? Әрине бұл
оның қабылдаған шешімдері. Басқарушылық
шешімдер – бұл ұйымдағы белгілі
бір өзгерістердің ресми
1) Қатаң детерминацияланған шешімдер: мұнда басшының индивидуальды ерекшеліктері мүлдем ықпал етпейді, не шамалы ғана болады. Бұл жағдайда шешім субъектісінің тұлғасы оны қабылдау процесіне тартылмайды, себебі, шешімнің мазмұны ұйымдастырушылық ережелермен (заң, инструкция, жоғарғы инстанция бұйрығы және т. б.) анықталады. Мұндай шешімдер екі түрлі болуы мүмкін: а) стандартталған, күнделікті (мысалы, жалақы төлеу туралы, өтініш жазған жұмысшыны жұмыстан шығару туралы, жұмысқа байланысты аурулар бойынша төлемақы төлеу туралы шешімдер) және ә) туынды, екінші ретті шешімдер, яғни, басқа шешімдерді орындау мен дамыту бойынша және олардан туындайтын шешімдер (бұрын қабылданған, сырттан келген, т.б.);
«Инициативтік» шешімдер – (яғни қатаң детерминацияланбаған) шешім субъектінің индивидуальді үлесін білдіреді. Онда тербеліс диапазоны маңызды болуы мүмкін. Бұл ұйым үшін өте маңызды зардаптар әкеледі. Мұнда да 2 түрді бөліп көрсетуге болады: а) эпизодтық және жергілікті сипаттағы жағдайлық шешімдер (мадақтау, жаза, жеке тағайындаулар т. с. с.); ә) қайта ұйымдастырушылық, яғни ұйымның белгілі бір элементін өзгеруге бағытталған (ресурстарды қайта бөлу, жаңа мақсаттарды ойластыру, әкімшілік құрылымның өзгеруі т. б.)
Өзін-өзі ұйымдастыру
Басқару қызметі тек басшы – бағынышты тік қатынастарын ғана қамтымайды. Ұйымдарға сондай-ақ өзін-өзі ұйымдастыру тән. "Өзін-өзі басқару” ұғымы әдетте екі мағынада болады: кең және тар. Кең мағынада "өзін-өзі басқару” ұғымы белгілі бір ұйымдастырушылық жүйенің автономды функциялануын, өзінің ішкі проблемаларына байланысты шешімдерді қабылдауға құқылылығын білдіреді. Бұл мағынада өзін-өзі басқарудың қейбір деңгейі кез-келген кәсіпорын, мекеме, т.б. тән. Бірақ әлеуметтік көзқарас бойынша, яғни тар мағынада, өзін-өзі басқару – ұжымдық басқару, ұйымның барлық мүшелерінің сәйкес басқару органның жұмысына қатысуы, атқарушыларды шешімдерді қабылдау процесіне жұмылдыру болып табылады. Өзін-өзі басқару – бұқаралық, ұжымдық немесе топтық ауқымдағы әлеуметтік ықпалдың өнімі.
Басқаруда өзін-өзі ұйымдастыруды қолдану соңғысының тиімділігін арттырады және еңбек ұйымдарындағы маңызды даму факторын құрайды. Өзін-өзі басқару процестері конструктивті де, деконструктивті де рөль атқаруы мүмкін, яғни, дезорганизация ретінде байқалады.
Басқару циклының соңғы ұғымы – бұл "әлеуметтік реттеу”. Ол басқару объектісінің тұрақтылығын сақтау және оған реттеушілерді (нормалар, ережелер, мақсаттар, байланыстар) енгізу арқылы дамыту арасындағы тепе-теңдікті сақтауға бағытталған, мақсатты басқарушылық ықпалды білдіреді. Әлеуметтік реттеу жанама басқару болып табылады және ("тікелей” басқарумен қатар) объектіге қажетті нәтижені беру және оған жету жолдарын нұсқау арқылы жүзеге асады. Әлеуметтік реттеу арқылы басқару субъектісі тұрғысынан қалаулы басқару объектісінің мотивациясы мен мақсатты ойлауды тудыратын қызмет шектеулері және мүмкіндіктері пайда болады.
Қазіргі жағдайда менеджменттің дамуы
Қазіргі қоғамның дамуы жүйелік сипаттағы терең әрі динамикалық өзгерулермен сипатталады. Мемлекеттік, саяси және экономикалық тұлғалар өзгеріп, жаңа әлеуметтік және өндірістік технологиялар енеді. Осы процестердің барлығы күрделі ұйымдасқан әлеуметтік жүйелердегі басқарудың маңызын елеулі арттырады.
Әлемде жұмыс күшінде және біріккен еңбек құрылымында маңызды сапалық өзгерістер пайда болды. Енді басқарушылар, білімі төмен, тіл алғыш атқарушылармен емес, мамандармен көп кездесетін болды. Қазіргі өндіріс өзінің технологиялық құрылысы бойынша кәсіби маманданған еңбекті кең пайдаланады. Сондықтан, қазіргі менеджерлер басқару шешімдерін іске асыруға шығармашылық ықпал ететін және бағалай білетін жұмыскерлерді басқарады.
Сонымен қатар, жұмысшылар құрамы да өзгереді: егер бұрын шаруалар, жұмысшылар және сервистік қызметкерлер басым болса, қазіргі экономикада басты маманданған топтар болып "басқарушылар және мамандар” саналады. Олардың арасындағы қайшылық кез-келген ұйымның динамикасын анықтайды.
Басқаша айтқанда, басқарудың әлеуметтік объектілеріндегі үлкен өзгерістер қазіргі өндірістік менеджменттің сипаты мен түрін өзгерту қажеттілігіне әкеп соғады. Ал бұл процесс өте күрделі және ерекшеліктері әлі толық зерттелмеген. Өндірістік менеджмент ұлттық экономиканы ұйымдастыру қағидаларын өзгерту және қоғамда нарықтық реформа жүргізу кезінде ерекше рөльге ие болады.
Өндіріс құрылымын, экономикалық байланыс сипатын өзгерту, макроэкономикалық дисфункциялар және жалпы қаржылық дисбаланс, жекеменшік революциясы және тұтыну жүйелері кәсіпорын дамуындағы белгісіздік және дезорганизация сипатын тудырады. Мемлекеттік кепілдік жүйесінің жойылуы және өзара міндеттерді орындау ортақ экономикалық кеңістіктің бөлшектенуіне әкеледі. Мұндай жағдайда әр аймақ, әр өндіруші өзінің жеке антикризистік басқармалық стратегияларын қолдануы қажет.
Осылайша, әлеуметтік-экономикалық
жүйенің түбірлі
- реформалау процесінің басқарылу мәселелерін және
реформалардың әлеуметтік бағасының оптималдандырылуы;
- басқарудың "маркетингтік”
қасиетінің пайда болу
- өндіріс сапасына
радикалды ықпал ету
Қазіргі өндірістің дамуының елеулі ерекшеліктері бүкіл басқару философиясының және менеджменттің тәжірибелік қайта бағытталуынының өзгеруіне әкеп соқты. Бұл процестерді талдай отырып, Ю.Г.Волков және И.В.Мостовая өндірісті ұйымдастырудың төрт басты жаңа ерекшеліктерін анықтайды:
1) күрделі технологиялық, экономикалық, тұтынушылық және әлеуметтік-коньюнктуралық өзгерістерге жауап түріндегі қазіргі менеджментті ақпараттандыру;
2) корпоративтік
қағидаларды және
3) эвристика,
жаңа енген психологияның,
4) антикризистік
реттеу стратегияларын қолдану,
Бүгінде көптеген
кәсіпорындарда қоғаммен байланыстың
арнаулы бөлімдері пайда
Осыған орай, мамандар қазіргі өндірісті басқару формаларын ұйымдастыру мәселелеріне байланысты мәселелерді зерттеуге көп көңіл бөледі.
Бірақ басқару технологияларын зерттеу және әлеуметтік әрекеттестіктің жаңа түрімен қаланған инновация енгізу қағидаларының ұйымдастырылуы айырықша өзектілікке ие.
Негізгі ұлттық ресурсы түрінде адам капиталын әлеуметтік басқарудың сапасы қазіргі өндірістің табысты нарықтық өзгерістеріне және қарқынды бәсекелестікке әкелудің басты факторы болуы мүмкін.
Өндірістік саладағы инновациялық менеджменттің басты қағидалары:
1) валеологиялық (превентивті, антикризисті, әлеуметтік-экологиялық);
2) коммуникативті (ақпараттық, мәдениеттік, әлуметтік-реактивті);
3) синергетикалық (инновациялық, эвристикалық, барлаушылық, ықтималдылық);
4) социократикалық
(адамның орталықтандырылуы,
Бүгінде инновациялық өндірістік менеджмент әдеттегі басқару мен бюрократикалық басқару түріндегі қарама-қайшы әрекеттестік түрінде іске асады. Ол "басқару” моделінен "үйлестіру” моделіне және "технократикалық” ойлау стилінен жаңа "социократикалық” басқару стиліне көшумен сипатталады.
Басқарушылық инновациясының қажеттілігі нарыққа көшу жағдайларындағы әлеуметтік үйымдастырудың өзгеруінің тоқыраушылық процесінде өндірістің мәні ерекше: еңбек ұжымының ішінде маманданған кадрлар топтарының статусы төмендейді, жұмыс күші басты өндірістен өндірістік емес салаға көшеді, квалификацияланған еңбектің үлесі азаяды, жасырын жұмыссыздық дамиды. Бұның бәрін тривиалді әлеуметтік басқару стратегияларын іске асыру арқылы жоюға болады.
Қазіргі еңбектегі және өндірістегі өзгеріс сапалық сипатта болып келеді. Олар тіпті жеке кәсіпорында да байқалады және әлемдегі экономикалық күштің орналастырылуында да бейнесін табады.
Менеджменттің жаңа философиясының іске асуы, ең алдымен өндірістік демократияның жетілуі және дамуы, менеджерлер мен жұмысшылардың қызметтестігінің қарқындылық жүйесін құру және басқарудың децентризациясын білдіреді. Себебі, еңбек қазіргі адамдар үшін өмір сүру жолынан өзін-өзі дамытудан өзін-өзі бекітуге айналуда.
«Ұйым» (фр. organisation, лат. organiso -хабарлаймын, үйлeciмдi түр, жөнге салу, түзеу, ұйымдастыру) термин ретінде бipінші мағынада қолданылады: 1) қоғамньң әлеуметтік құрылымыньң бөлшегі ретінде; 2) кез келген топтьң қызмет ету түрі ретінде; 3) жүйенің бөлшектерінің міндетті кызметтерін аткарудьң ішкі реттілігінің, келістірілгендігінің дәрежесі ретінде. Әлеуметтік институттар әлеуметтік ұйымдармен тығыз байланысты. Н.Смелзер ұйымды қысқаша былай анықтайды: бұл "белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін жасақталған үлкен топ”. Формула қысқа әрі нұсқа, бірақ түпкілікті емес. Себебі "ұйым” деген сөздің өзінің әр түрлі мағынасы болады.
Біріншіден, қоғамда белгілі бір орын алатын және азды-көпті айқын белгіленген функцияларды орындауға арналған институттану сипатындағы жасанды бірлестікті ұйым деп атауға болады. Бұл мағынасында ұйым белгілі мәртебесі бар әлеуметтік институт болып табылады және автономдық объект ретінде қарастырылады. Мұндай мәнінде "ұйым” деген сөзбен, Мысалы, кәсіпорынды, билік органын, ерікті одақты және т.с.с. атауға болады.
Екіншіден, "ұйым” термині функциялар бөлінісін, орнықты байланыстар орнатуды, үйлестіруді және т.б. қамтитын ұйымдастыру жөніндегі белгілі бір қызметті білдіре алады. Бұл жерде ұйым объектіге көзделген мақсатпен ықпал етумен байланысты, демек ұйымдастырушы мен ұйымдасатындар контингенті болатын процесс болып табылады. Бұл мағынасында "ұйым” ұғымы "басқару” ұғымымен парапар келеді, әйткенмен түпкілікті емес.
Үшіншіден, ұйым дегенде қандай да бір объектінің тәртіптелу дәрежесі ойға келуі мүмкін. Онда бұл терминмен белгілі бір құрылымды, құруды және объектінің әр түрі үшін ерекше болатын бөліктерді біртұтастыққа біріктіру тәсілі ретіндегі байланыс түрлерін белгілейді. Бұл мағынасында объектіні ұйымдастыру - объектінің қасиеті, бір белгісі. Термин мұндай мазмұнымен, Мысалы, ұйымдасқан және ұйымдаспаған жүйелер, қоғамның саяси ұйымы, тиімді және тиімсіз ұйым және т.б. туралы сөз болғанда қолданылады. "Ресми” және "бейресми” ұйым ұғымдарында дәл осы мәні алынады.
Әлеуметтік ұйымның бірқатар өзіне тән белгілері бар:
1. Ол белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін құрылып, мақсатқа қол жеткізуі арқылы бағаланады. Бұл адамдар бөлек-бөлек, жалғыз дара қол жеткізе алмайтын мақсаттар үшін адамдарды біріктіру және мінез-құлықтарын реттеу функцияларын қамтамасыз ету құралы мен аспабын білдіреді.
2. Мақсатқа қол жеткізу жолында ұйымның мүшелері рөлдері мен мәртебелері бойынша бөлінуге мәжбүр болады. Демек, әлеуметтік ұйым оған кіретін мүшелерінің әлеуметтік позициялары мен атқаратын рөлдерінің күрделі өзара байланысқан жүйесін білдіреді. Әлеуметтік ұйым адамның қажеттіліктері мен мүдделерін оның алдын ала белгіленген әлеуметтік мәртебесімен, әлеуметтік рөлдерімен, сол әлеуметтік ұйымдағы қалыптасқан
Қорытынды
Жалпы гендерлік стратификация
- гендер әлеуметтік
Басқарудың
ең басты өнімі не? Әрине бұл оның қабылдаған
шешімдері. Басқарушылық шешімдер – бұл
ұйымдағы белгілі бір өзгерістердің ресми
жобасы. Басқаша айтқанда, басқарудың
әлеуметтік объектілеріндегі үлкен өзгерістер
қазіргі өндірістік менеджменттің сипаты
мен түрін өзгерту қажеттілігіне әкеп
соғады. Ал бұл процесс өте күрделі және
ерекшеліктері әлі толық зерттелмеген.
Өндірістік менеджмент ұлттық экономиканы
ұйымдастыру қағидаларын өзгерту және
қоғамда нарықтық реформа жүргізу кезінде
ерекше рөльге ие болады
Пайдаланылған әдебиеттер
Әлеуметтану Оксфорд сөздігі
«Гендерные проблемы и развития» оқулығы. «Весь мир» баспасы 2002 ж.
«Ақиқат» журналы.
www.google.kz

- Гендерна психологія в педагогіці
- Гендерна соц-пед робота з молодою сімєю
- Гендерная идентичность
- Гендерная лингвистика
- Гендерная обусловленность социального интеллекта
- Гендерная политика и аспекты ее развития
- Гендерная политика Казахстана
- Гельминты человека в Республике Северная Осетия - Алания
- Гель-хроматография
- Гельштальтпсихология
- Геммополихромия кварца
- Гемофилия как наследственное заболевание
- Гендарная маркированность английских фразеологизмов
- Гендер географических названий