«Gulnar Tour» ЖШС туристік фирмасының сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру

МАЗМҰНЫ            Кіріспе................................................................................................................................2

I. Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері

1.1Сыртқы экономикалық қызметтердің  жалпы мәселелеріне сипаттама  ................................................................................................................................................5

1.2 Сыртқы экономика қызметінің  көрсеткіші..................................................................9

II. «Gulnar Tour» ЖШС туристік фирмасының сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру

2.1«Gulnar Tour» туристік фирмасы сипаттамасы........................................................ 11

2.2«Gulnar Tour» ЖШС-ның сыртқы эконмиксын талдау...........................................15

Қорытынды ......................................................................................................................17

Пайдаланылған әдебиеттер ...........................................................................................18

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қурстық жұмыстың өзектілігі: Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің негізгі түрлері тауарлады экспорттау мен импорттау болып табылады. Тауарларды экспорттау-тауарларды (жұмыстарды,қызметтерді) сатып алушының еліне жөнелту арқылы шетелдік сатып алушыға сату; импорттау-тауарды сатып алушының еліне әкелу арқылы шетелдік сатушыдан алу.

Сыртқы экономикалық қызметке экспорттық, импорттық, реэкспорттық және ыңғайласпа мәмілемелер болып ажыратылады.

Экспорт – бұл елдің кеден аумағының шекарасынан кері әкелуге міндеттемесіз шығаратын тауарлар және шетел азаматтарының кызметі мен зиялылық меншікті нәтижесіне мүмкіндік беретін құқық.

Импорт – шетел сатушыларынан сатып алынатын, сөйтіп, елдің кеден аумағына сатып алушының алып келетін тауарлары.

Реэкспорт – шетел сатушыларынан сатып алынатын тауарлар, елдің аумағында оларды әкелу, осы тауарларды өзінің бастапқы түрінде шетелдің сатып алушыларына қайта сату.

Ыңғайласпа сауда (ыңғайласпа мәміле) – экспортты, импортты оперцияларды ұйымдық-ұштастыру болып табылады. Экспортшы өзінің тауар құнының барлығын немесе сатып алушының ыңғайласпа тауар құнының бір бөлігінің төлемін қабылдауға міндеттенеді. Бұған ыңғайласпа мәмілесі тауар айырбасы негізінде   баспа-бас ынтымақтастық мысал бола алады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Кәсіпорыннның сыртқы экономикалық қызметінің есебін ұйымдастыруды зерттеу. Осы мақсатты орындау үшін курстық жұмыста келесі мәселелер қарастырылған:

  • Шетелдік валюта операцияларының есебі.
  • Тауарлардың импорты бойынша жасалатын операцияның есебі.
  • Тауарлардың экспорты бойынша жасалатын операциялардың есебі.

Сыртқы экономикалық мәміле контрактымен рәсімделеді, онда олардың құқы, міндеттемесі және тараптардың жауапкершілігі көрсетіледі. Сондықтан дұрыс рәсімдеу үшін Халықаралық  сауда палатасының әзірлеген  Халықаралық сауда терминін («Инкотермс») пайдалануды ұсынады.

Қазақстан Республикасы аймағына әкелінетін және оның шекарасынан шығарылатын  барлық тауарлардың кедендік бақылаудан өтетіндігін көрсетеді. Бұл кезде  заңда қаралған кедендік төлемдер экспорттауға да, импорттауға да салынады, оның құрамына мыналар кіреді:

-кедендік баж салығы;

-кедендік рәсімдеу үшін кедендік  алымдар;

-тауарды сақтауға алынатын кедендік  алымда;

-шығарып салғаны үшін кедендік  алымдар;

-Қазақстан Республикасының кедендік  органына лицензия бергені үшін  алынатын алым;

-кеден ісін рәсімдеу бойынша  машықтанған мамандық аттестатын  бергені үшін алым;

-алдын-ала қабылданатын шешімдер  үшін төлем.

Бұл төлемдердің көбісінің мөлшері  кедендік тауар құнына тәуелді болып  келеді, олардың құрамына шетелдік валютамен есептелген тауардың нақты  құны және шетелде төленген үстеме шығысы кіреді. Егер де үстеме шығысын  жабдықтаушының өзі төлесе, онда ол тауардың нақты құнына бағаның бір  элементі ретінде болады және оны  сатып алушы өтейді.

Курстық жұмыстың міндеті:Жоғарыда аталған мақсатыма жетіп қана қоймай, аталған мәселерге тоқталып кету. Жалпы кәсіпорының сыртқы экономикалық қызметі – бұл экспорт және импорт тауарлары мен қызметін халықаралық өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациялармен байланысты өндірістік-шаруашылық салаларының қызметтері.

Кәсіпорының халықаралық рынаокқа шығуы кәсіпорының өзі үшін қалай болса, жалпы елдің экономикасы үшін солай болып жатқан жағымды мезеттерге экономиканы тұрақтандыруға қосымша ынталандарудың елеулі факторы болып табылады. Нарыққа өту кезеңінде дағдарыс құбылыстарын жеңудің бірден-бір бағыты – сыртқы экономикалық байланыстарды іске асыру.Бұл жөнініде соңғы кездереде республикамызда атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Екіншіден, кәсіпорын сыртқа экономикалық факторларға икемді және жедел сезінуі, дүниежүзілік шаруашылық байланыстарын ұтымды пайдалану мақсатында белгілі өндірістік ресурстарды оңтайлы жұмылдыруы мүмкін. Үшіншіден, және де кері байланысты да болады: түрлі елдердің серіктері шаруашылық ынтымақтастық шеңберінде Қазақстанмен кәсіпкерлікті нақтылы дмытуға елеулі ықпал етеді, оның техникалық деңгеінің артуы, ең ақырында экономиканың өсуіне әкеледі. Соңында, төртінші, тек ұлттық шаруашалық кешенінде тұйық оңа йшаланған, сыртқы пайдалы бәсекеден айырылған кәсіпкерлік, белгілі тиімділік дәрежеге жете алмайды.

Солай болғандықтан, сыртқы экономикалық қызмет ел экономикасында үлкен маңызды болғандықтан, оған мемлекет тарапынан барынша ынталы қамқорлық жасау қажет-ақ. Мемлекет дүниежүзілік рынокқа шығатын ұлттық кәсіпорындарды реттестіреді және қолдайды. Сондықтан да, мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі – активтік төлем балансын алу және халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатындағы дүниежүзілік рынокте тауарлар мен қызметті одан әрі дамытуды қамтамасыз ететін нысаналы саясат.

Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің негізгі түрлері тауарлады  экспорттау мен импорттау болып  табылады. Тауарларды экспорттау-тауарларды (жұмыстарды,қызметтерді) сатып алушының еліне жөнелту арқылы шетелдік сатып  алушыға сату; импорттау-тауарды  сатып алушының еліне әкелу арқылы шетелдік сатушыдан алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

I. Кәсіпорынның сыртқы  экономикалық қызметінің жалпы  мәселелері

1.1 Сыртқы экономикалық  қызметінің жалпы мәселелеріне  сипаттама

Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің негізгі түрлері тауарлады  экспорттау мен импорттау болып  табылады. Тауарларды экспорттау-тауарларды (жұмыстарды,қызметтерді) сатып алушының еліне жөнелту арқылы шетелдік сатып  алушыға сату; импорттау-тауарды  сатып алушының еліне әкелу арқылы шетелдік сатушыдан алу.

Сыртқы экономикалық қызметке экспорттық, импорттық, реэкспорттық және ыңғайласпа мәмілемелер болып ажыратылады.

Экспорт – бұл елдің кеден аумағының шекарасынан кері әкелуге міндеттемесіз шығаратын тауарлар және шетел азаматтарының кызметі мен зиялылық меншікті нәтижесіне мүмкіндік беретін құқық.

Импорт – шетел сатушыларынан сатып алынатын, сөйтіп, елдің кеден аумағына сатып алушының алып келетін тауарлары.

Реэкспорт – шетел сатушыларынан сатып алынатын тауарлар, елдің аумағында оларды әкелу, осы тауарларды өзінің бастапқы түрінде шетелдің сатып алушыларына қайта сату.

Ыңғайласпа сауда (ыңғайласпа мәміле) – экспортты, импортты оперцияларды ұйымдық-ұштастыру болып табылады. Экспортшы өзінің тауар құнының барлығын немесе сатып алушының ыңғайласпа тауар құнының бір бөлігінің төлемін қабылдауға міндеттенеді. Бұған ыңғайласпа мәмілесі тауар айырбасы негізінде баспа-бас ынтымақтастық мысал бола алады.

Ыңғайласпа сауда сонымен қатар жүзеге асырылуы да мүмкін:

  • бірлескен кәсіпкерлік негізінде;
  • ыңғайласпа жеткізілімнің негізінде жатқан өндірістік кооперацияларда;
  • сатушының қатысуымен тауарларды сатып алушыларға сату.

  Сонымен, ыңғайласпа сауда сыртқы экономикалық кызметінде өнеркісіптік ынтымақтастықты және өндірістік кооперацияны жүзеге асыруда ең маңызды нысаны болып табылады.

Экспорттық қызметті іске асыра  отырып, кәсіпорын экспорттың мақсаты, экспорттық қызметтің стратегиясы, сыртқы рыноктың талабы, қазіргі кездегі  және балашақтағы өзінің мүмкіншілігі мен ресурстары жөнінді айқын  мағлұматы болуы тиіс. Басқаша  айтқанда, кәсіпорын өзінің нақты  экспорттық саясытын әзілеу қажет.

Кәсіпорының экспорттық саясаты сыртқы рынокта кәсіпорын қызметінің стратегиясы  мен принциптерін, тауаралардың экспорттық сұрыптамаларын болжамайды, сол сияқты экспорттық өнімдерді жаңарту қарқының, бағаны, сапалық деңгейін, кепілдікті және сервистік қызмет көрсетуді  анықтайды.

Кәсіпорының экспорттық саясатының маңызды  құрамды бөлігі тауарлардың экспорттық сұрыпталымын қалыптастыру және басқару  болып табылады. Негізгі міндеті  мынадан тұрады: экспортты дер  кезінде тауарлардық белгілі  жиынтығына ұсыныс жасауды, оның өндірістік іс-әрекеттің бейініне (профиль)сай  болатын және шет елдің сатып  алушыларын белгілі санатының талаптарын толық қанағаттандыру.

Кәсіпорын – экспортшы сыртқы рынокта  халықаралық бәсекемен айналыса бастайды.

Бәсекелік күрестің мына түрлерін бөлуге болады:

  • функциялық бәсеке – кез келген қажеттілікті түрлі тәсілдермен қанағаттандыруға байланысты болады. Сондықтан да, барлық тауарлар. қанағаттандыруды қамтамасыз ететін осындай қажеттілікті функциялық бәсеке деп атайды;
  • көріністі бәсеке – нақтылы қажеттілікті қамтамасыз етуге арналған ауарлардың елеулі параметрлерінің өзгеше көрініуі салдарынан болуы мүмкін;
  • заттық бәсеке – ұқсас тауарлар тек өзінің сапалық сипаттамасының ерекшелену мүмкіндігінің нәтижесі,
  • бағалық бәсеке – біркелкі тауарларды түрліше бағалармен ұсынуды ұйғарады. Тура бағалық бәсекеде кәсіпорын шығарған немесе сатуға арналған қолда бар тауарларының бағалары төмен екендігін хабарлайды;
  • бағадан тыс бәсеке – әдепкіде бәсекелестерге қарағанда, сенімділік, аз бағада және қазіргі дизайннан тым көбірек жоғары бағаны ұсынады.

Сыртқы экономикалық мәміле контрактымен рәсімделеді, онда олардың құқы, міндеттемесі және тараптардың жауапкершілігі көрсетіледі. Сондықтан дұрыс рәсімдеу үшін Халықаралық  сауда палатасының әзірлеген  Халықаралық сауда терминін («Инкотермс») пайдалануды ұсынады.

«Инкотермстің» барлық термині 4 базалық  категорияға топтастырылған:

Кесте 1 -  «Инкотермстің» категориялары

Топ

Жабдықталудың

шартты белгілері

Франкировка жағдайы (тасымалдау шарттары)

Е

EXW

Завод франкасы

F

FCA

FAS

FOB

Еркін тасымалдаушы

Еркін кеме бортының жағасына дейін әкелу

Еркін бортқа әкелу

C

CFR

CIF 
CFT

CIP

Құны және фрахтысы

Құны, сақтандыру және фрахтысы

Тасымалдауға дейін төленген

Тасмалдау мен сақтандыру төлемі жүкті тасымалдауға дейін  төленген

D

DAF

DES

DEO

 

DDU 
DDP

Шекараға дейін жеткізілген

Кемемен жеткізілген

Кеме тоқтайтын жерге  дейін, яғни айлаққа дейін жеткізілген( баж салығы қосылған)

Баж салығын төлемей жеткізілген

Баж салығын төлеп жеткізген


«Е» тобының шарты бойынша сатып  алушы сатушының қоймасынан жөнелтуге  дайын тұрған тауарды алады. «F»  тобының шарты бойынша, сатып  алушы көрсеткен транспорттық құрауына дейін тауарды сатушының өзі  жеткізіп беруге міндеттенген. «С»  тобының шарты бойынша сатушы тасмалдаушылармен шартқа отырады, бірақ жүкті жөнелткеннен кейін  пайда болатын шығыстарға және тауардың бұзылуына (жоғалуына) жауап бермейді. «Д» тобының шарты бойынша сатушы барлық тәуекелділіктерді және жүкті белгіленген жеріне дейін жекікізіп берумен байланысты шығындарды өзіне алады.

СIF тауарды жеткізіп беру кезіндегі  жағдайында сатушы жүктің әрбір тоннасын сақтандырады,фрахтысын анықтайды,жүкті  жөнелтетін портқа жеткізіп,оны өз есебінен мерзіміне сәйкес порт кемесіне тиеді және сатып алушыға құжаттарын қоса береді.Сатушының міндетіне  тауардың транспорттық тәуекелділігі  де кіреді.

Сөйтіп,СIF шарты кезінде сатып  алушының жабдықтаушыға төлейтін бағасының  ішіне тауардың құны, фрахтысы және сақтандырулар кіреді. DAF жағдайында экспорт үшін рұқсат етілген белгіленген  орнына дейін тауарды жеткізіп теру бойынша жауапкершілікті сатушы алады, ал сатып алушы көрсетілген  орнында және көрсетілген уақытында  тауарды қабылдап алуға міндетті. FAS жабдықтау шартына сәйкес сатушы кеме бортына дейін тауарды өз есебінен жеткізіп беруді мойнына алады, ал содан кейінгі шығыстарды (арту,фрахт) сатып алушы алады.Транспорт құралына дейінгі тауардың бұзылуын және басқа  да шығыстарын сатушы өз мойнына алады. FOB сату жағдайына сәйкес жабдықтаушының бағасына тауардың құны, кеме бортына  арту және оған дейін жеткізу шығыстары, т.б. кіреді.

«Инкотермс» ұсыныстық сипатта  болады және оның белгісі белгілі  бір бөлігін немесе толық көлемін  пайдалануы тараптардың келісіміне пайланысты болады.  Кедендік төлем мөлшерлері мынандай түрлерге бөлінеді:

адвалорлық-салық мөлшері салынатын  тауарлардың кедендік құнына проценттпен  есептеледі;

ерекше-салық мөлшері салынатын  тауарлар бірлігінің белгіленген мөлшерімен есептелінеді;

аралас-салық мөлшері жоғарыда аталған кедендік салық түрлерін екеуіне де үйлестіріледі.

Сыртқы экономикалық қызметте қолданатын негізгі құжаттар болып:

- техникалық құжаттаулар-техникалық төлқұжаты, сызбасы, жинау бойынша нұсқауы, монтаждауы, техникалық жағдайын сипаттайтын құжаты және т.б.

- тауарлы-ілеспе құжаттаулары-тауар сапасының сертификаты, буып-түю парағы, құрастырушы тізімдемесі.

- транспорттық, экспедиторлық және сақтандыру құжаттаулары-теміржол накладнойы және оның көшірмесі (жүк түбіршегі, коносамент, автотранспорттық накладнойы т.б.) сақтандыру полисі немесе сертификаты;

-  қойма құжаттары – экспорттау тауарына портта берілген қабылдау актісі, тауардың сақтауға алынғаны туралы қойманың қолхаты, басқа да кепілді куәлігі т.б.

- есеп айырысу құжаттаулары – шот фактурасы, аударма векселі ( тратты);

-  банкы құжаттаулары – валютаны аудару өтініші, инкассо тапсырмалары, аккредетив ашу туралы тапсырмалар, чектер, Қазақстан Республикасының кеден депозитіне қаражатты аудару туралы тапсырмалары, есеп айырысу және валюталық шоттар бойынша жасалған операциялардың көшірмесі.

Сыртқы экономикалық қызмет бойынша  есеп айырысу шетелдік валюта бойынша  жүреді.

Шетелдерден материалдарды, құрал-жабдықтарды, тауарларды, материалдық емес акривтерді және басқа да мүліктерді сатып алумен байланысты импорттау операциялары жасалады, олармен есеп айрысудың  есебі 671 «Мердігерлермен және жабдықтаушылармен  есеп айырысу» шотында жүреді, ал ол келесі аналитикалық тұрғыда топтастырылады:

- шетелдік жабдықтаушылармен есеп айырысу-есеп айырысу алдында инкассалық тәртіпте есептелінеді, содан соң акцептеу, акредитив, шотты ашу, сондай-ақ аванстық төлем жасау шаралары бойынша жүреді.

- коммерциялық неисе бойынша шетелдік жабдықтаушылармен есеп айырысу.

Есеп айырысу операциялары бойынша  жүреді, онла олардың аударма векселінің акцептелген немесе акцептелмеген  жағдайында импорттық тауарлар жеткізіледі.

- шетелдік валютада берілген векселдер. Есеп айырысу, шетел жабдықтаушыларына берілген коммерциялық несие бойынша есептелінеді және олар бойынша есептелген пайызға вексел немесе шетел жабдықтаушыларының акцептеліп жазылған аударма векселін береді.

Келіп түскен импорт тауарлардың есепте көрсету кезінде олардың сатып  алынған құнын дұрыс көрсетудің маңызы зор, өйткені онда контракт бойынша  сатып алу бағасымен қоса, әкелінген  тауарға баж салығы, комиссиондық марапаттау, жабдықтау, делдал, транспорттық дайындау шығыстары және басқа шығыстар кіреді. Сондықтан әрбір тауар  түрінің сатып алу құнын есептеуге  тура келеді. Бірақ олардың құнын  тек жабдықтаушының бағасынан ғана анықтауға болады, ал ол мына формула  бойынша есептелінеді:

Се=ЦП х (1+К)

Мұнда:

Се-тауар бірлігінің құны;

ЦП-жабдықтаушының бағасы;

К-жалпы шығынның жабдықтаушының шотында  көрсетілген жалпы шығын сомасына қатынастық коэффициенті.

Өз кезегінде,

К=ОЗ/СП,

Мұнда:

ОЗ-жалпы шығын;

СП-жабдықтаушының шотында көрсетілген  жалпы сомасы

Бұл жерде жабдықтаушылармен есеп айырысу тек шетелдік валютада жүреді,сондықтан  есеп жазбаларын қалыптастырған кезде  мынаны ескірген жөн.

Ал олар бухгалтерлік есепте тек  теңгемен көрсетіледі,яғни ҚР  ҰБ белгілеген бағам бойынша операцияның болған күніне сәйкес шетелдік валютадан теңгеге  ауыстырылады.Шетелден әкелінген тауарға  тиісті кеден төлемі мен салығын  төлеген соң,олар Қазақстан Республикасының  аймағына еркін айналысқа түседі.

Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарымен сәйкес кедендік төлемдермен алымдардан басқа тауарларды импорттау кезінде қосылған құн  салығын (осы салықтардан босатылғандардан басқасы) және акцизделетін тауарлар бойынша  акцизін төлейді.

Импортталатын акцизделген тауарлар бойынша кеден заңдарымен сәйкес анықталатын құн немесе натуралдық көлем салық салынатын обьект болып табылады.

Әкелінген тауарлар бойынша ҚҚС мына формула бойынша анықталады:

Мұнда:

Тст-кедендік құны;

Ит.п.-импорттық кедендік баж салығы;

Тсб-кедендік алымдар;

А-акциздер;

ҚҚС=(Тст+Ит.п.+Тсб+А)хН/100

Н-ҚҚС мөлшерлемесі.

Қосылған құн салығы және акцизді  импорттаушы(декларант),не кедендік төлемін  қосып төлеген басқа тұлғалар төлейді және оған зачетқа немесе төлемі кейінге қалдыратын қосылған құн салығы қосылмайды.

Кедендік процесін рәсімдеу кезінде  төленген қосылған құн салығы зачетқа  жатқызылады.

Мысал.Қазақстан Республикасының  аймағына 2002 жылы 10 ақпанда тауар  импортталды делік.Ол тауар өңдеу  өнеркәсібіне арналған.Осы тауарға  салынатын ҚҚС салық төлеушінің өтініші бойынша үш айға кейінге  қалдырылған. Оның кейінге қалдырылған  сомасы 160 мың теңге құраған. Бірақ  салық төлеушінің бұған дейін  және үш ай барысында ҚҚС бойынша  артық төлемдері болса, онда кейінге  қалдырылған ҚҚС зачетқа жатқызылады. Ал егер де үш ай барысында ҚҚС бйыншща  төлеген сомасы кем болса, яғни бар  болғаны 100 мың теңге төлесе, онда кәсіпорын 11 мамырдан бастап 60 мың теңгеге  айыппұл төлей бастайды.

Өз өндірісінің қажеттілігі  үшін әкелінген запас бөлшектер, құрал-жаб-дықтар үшін қосылған салығын  төлеген кезде  зачеттық әдісін пайдалана  алмайды. Бірақ құрал-жабдықтардың және запас бөлшектердің тізімін  Қазақстан Республикасының Үкіметі  анықтайды.

Тауарды экспорттау-бұл оларды сатып  алушы елге жөнелтіп, шетел сатып  алушыларын сатылған тауар.

Экспорттауға арналған тауардың қозғалысын рәсімдеудің негізі болатын құжаттар қатарына мыналар жатады:

- жабдықтаушылардың шоттары (инвойстары), көліктің барлық түріне жасалатын тауарлы-көліктік накладнойлары, спецификациялау, сертификаттар, коносаменттер және т.б. құжаттары қоса тіркелген төлемдік талап тапсырмалары;

- материалдарды қабылдауға жасалған тауарлардың станция (айлақтық) жанындағы және тағы басқа да қалаларға келіп түсетінін куәләндыратын актілері;

- тауарлардың кем түскен, артық шыққан, бүлінген не табиғи кему фактілерін кәуландыратын коммерциялық актілері;

- сақтандыру полисі (егер де жүк жабдықтаушымен сақтандырылса);

- контракт бойынша қарастырылған басқа да құжаттар.

Тауарды экспорттау бойынша жазалатын  жазуларды бухгалтерлік есепте рәсімдеу мәміленің нақты жағдайына және валюталық есеп айырысу нысанына көп жағдайда тәуелді болып келеді.

 

Кесте 2 – Шаруашылық операция.

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Сомасы, теңге

Шоттар корреспонденциясы

дебет

кредит

1

2

3

4

5

1.

Шетел сатып алушысына тауар жөнелтілді

-алынған құнына

-контракт құнына (ҚҚС  0-ді мөлшерлемесі бойынша) 2869000 теңге  (19000х151)

 

 

1600000

 

 

2869000

 

 

802

 

 

301

 

 

222

 

 

702

2.

Кеден төлемі-кеден алымы бойынша  есептелінген (0,2%) 5738 теңге (2869000х0,2%)

 

 

5738

 

 

811

 

 

687

3.

Кеден төлемі төленді

5738

687

441

4.

Сатылған тауар үшін шетел әріптесінен  төлемі келіп түскен 2865200 теңге (19000х150,8)

 

2865200

 

431

 

301

5.

Тауардың сатылған күні мен тауардың төленген күнінің арасындағы пайда  болған бағамдық айырмасы көрсетілді 3800 теңге (19000х151-19000х150,8)

 

 

 

3800

 

 

 

844

 

 

 

301


Мысалыға, егер де тауар сатып алушыға  франко-қойма шарты бойынша экспортталатын болса, онда экспортер сатып алушының еліндегі қоймасына дейін жеткізіп беруді өз міндетіне алады және тасымалдау, тауарды сақтандыру, арту, түсіру сатып  алушының қоймасына дейін жеткізіп беру шығыстарын түгел көтереді, ал сатып алушы банкке кепілдік бере отырып, онда валюталық операциялар  бойынша есеп айырысу үшін «ашық  шоты» ашылады, ал сатушы тауарды  сатып алушыға жөнелтіп, ол банкіні  жанай өте, почта арқылы оған шот-фактурасын бағыттайды. Құжатты алып және оны  тексеріп, импортер өзінің банкісінен экспортердың банкісіне валютаны аударады. Экспортты көрсету бойынша шоттар корреспонденциясы төменде келтірілді.

Экспортер осы аталған құжатқа  сәйкес заңмен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасындағы өзінің банктегі шотына валюталық түсімін  аударуды қамтамасыз етеді.

 

1.2 Сыртқы экономика көрсеткіштерінің қызметі

Сыртқы экономикалық қызметінің мәмілесіне сай, тауардан басқа жұмыстардың  атқарылуы, қызметтің көрсетілуі мүмкін. Сыртқы экономикалық қызметтегі бұл  мәміленің артықшылық белгісі салық  салу тәртібі болып табылады. Мысалға, қазақстандық кәсіпорындарының атқаратын  жұмысын, көрсеткен қызметін сату орны Қазақстан Республикасы болмаса  онда оларға қосылған құн салығы салынбайды.

Франчайзинг бойынша жасалатын  операциялардың есебі. Франчайз –бұл кіші дербес кәсіпорын мен ірі шетелдік немесе отандықкәсіпорындары- ның арасында жасалатын келісімшарттық қатынас. Сол қатынастың мақсаты біріншісіне белгілі бір қызметпен және тауар түрімен бәсекелестік нарығында бас кәсіпорынның сауда маркасымен сатуына және өндіруіне ерекше  құқық беру деп түсінеміз. Іс жүзінде франчайзингті үш түрге бөлуге болады: тауарлық – бұл кезде келісім-шартта қаралғандай, шағын кәсіпорын  бас кәсіпорынның тауарын сатумен шұғылданады; өндірістік –бұл кезде келісім-шартта қаралғандай, шағын кәсіпорын бас кәсіпорынның шығаратын өнімін шығарумен шұғылданады, бірақ оның сауда маркасын сақтайды; іскерлік-бұл кезде нарықтағы жекелеген өнім түрлерінің, жұмыстарының, қызметтердің бағасы, тауар нарығы туралы ақпараттармен ой бөліседі.

Франчайзигке қатысушылардың екі  түрі болады: франчайзер және франчайзи.

Франчайзер (немесе марка ұстаушы) - бұл нарықта үлкен сұранысқа  ие өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді  жасаушы ірі компаниялар.

Франчайзи – франчайзермен жасалған келісім-шарттың жағдайында франшиза құқығын алатын шағын кәсіпорындар.

Егер де франшиз 1 жылдан артық мерзімге алынған болса, онда ол франчайзиде  материалдық емес активтер есебінде есепке алынады; ал 1 жылдан аз болса  – болашақ кезеңнің шығысына жатқызылады.

Франшиздың өтелуі мен алынуы мына шоттарда көрініс табады: 106,343 шоттары  дебеттеледі де, 441 шоты кредиттеледі.

Франчайзинг келісім-шартында франчайзер мен франчайзидің арасында есеп айырысудың келесі жағдайлары қарастырылуы мүмкін:

- франчайзи франчайзердің пайдасына алынған таза табысынан балгілі бір пайыз түрінде роялтиді аударады. Ол өз қызметінің алғашқы 3 жылында төменгі пайызда, ары қарай- жоғары пайызда төлейді. Осы есептелген пайыз

821 шотының дебеті бойынша көрініс  табады, содан соң ол төленген  кезде 686 шоты дебеттеліп, 441 немесе 431 шоттары кредиттеледі.

Өкілетті орган нарықтық бағадан  мәміле бағасының ауытқуын анықтаған  кезде олар салық салынатын объектілеріне  түзетулер енгізеді, корпоративтік  табыс салығына, ҚҚС, акцизге, роялтиге және табысқа салынатын салықтарға, кеден төлемдеріне қайта есептеуді  жүргізеді, демек осы мәмілерден түсетін табыстарын айыппұл мен  өсімдерді қолдана отырып, нарықтың бағасынан шығарады.

Бұл жағдайда келесі шарттары ескеріледі:

  • жеткізіп берілетін тауардың, атқарылатын жұмыстың көрсетілген қызметтің  саны;
  • жеткізіп берілетін тауардың сапасы;
  • міндеттемені орындау мерзімі;
  • төлем шарты;
  • бір-біріне тәуелді кәсіпорындар өзара мәміле жасақан кезде қолданатын жеңілдіктер (1 кезекте бағадан жасалатын жеңілдіктер).

Кеден органы қойма иесінің пікірін  ескере отырып, қоймада сақталатын тауарлардың түріне, конструкциясына, босату қабілетіне және де басқа да қойманың нақты функционалдығын  қозғайтын фактілеріне байланысты кеден қоймасының қолдану режимінің  процедурасын бекітеді.

Тауар қоймада 3 жылға дейін сақталады. Көрсетілген мерзім кейбір жеке тұлғалар үшін шектелуі мүмкін. Тауарды сақтаудың  нақты мерзімі тауар сақтаушы мен қойма еисінің арасында анықталады.

Сақтау мерзімі аяқталған тауарлары  бойынша олардың басқа кеден  тәртібіне көшкендігі туралы хабарландырады. Тауарлардың кедендік құны олар еркін  айналысқа түспей тұрып және жаңа кеден тәртібіне көшпей тұрған кезінде  анықталады. Бұл кезде тауардың құны кеден қоймасына өткізбей тұрғандағы бағасынан кем болмауы тиіс.  Кәсіпорын импорттардан консигнацияға қабылданған тауарды сатқанға (меншік құқығының ауысыуына) дейін, олар кеден қоймасының тәртібі бойынша рәсімделуі мүмкін.

«Gulnar Tour» ЖШС туристік фирмасының сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру