«Идеал-Маркет» ЖШС-нде жеке тұлғаларына салық салу механизмі және оны жетілдіру

Мазмұны

 

Кіріспе........................................................................................................................3 
1. Жеке тұлғаларға салық салудың мәні мен экономикалық мазмұны…...6  
1.1 Жеке тұлғаларға салық салудың мазмұны………………………………..6 
1.2 Жеке тұлғалаға салынатын салық түрлері…………………………….…11 
1.3 Жеке тұлғаларға салынатын салықтың объектісі……………………….21

 
2. «Идеал-Маркет» ЖШС-нің экономикалық сипаттамасы және қаржы жұмысының ұйымдастырылуы  
2.1 «Идеал-Маркет» ЖШС-нің құрылу және даму тарихы  
2.2 «Идеал-Маркет» ЖШС-нің экономикалық сипаттамасы

2.3 «Идеал-Маркет» ЖШС-нің қаржылай жағдайының ұйымдастырылуы

 
3. «Идеал-Маркет» ЖШС-нде жеке тұлғаларына салық салу механизмі және оны жетілдіру 
3.1 «Идеал-Маркет» ЖШС-нде төленетін жеке тұлғалар  салығының салық салу объектісі

 3.2 «Идеал-Маркет» ЖШС-нде жеке тұлғалар салығын есептеп, төлеу тәртібі

3.3 ҚР  жеке тұлғаларға салық салуда  кездесетін мәселелер

3.4 ҚР- нда жеке тұлғаларға салық  салуды жетілдіру бағыттары 

 
Қорытындылар мен ұсыныстар

Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………..………..…………….…62 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Салықтар кез-келген елдерде мемлекеттің қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекеттік кірістердің  негізгі көзі болып табылады. Барлық елдерде мемлекеттік шығындар мен салық салу мәселелеріне үлкен көңіл бөлінеді. Нарықтық қатынастар қалыптасқан елдерде салықтар мемлекеттік және муниципалдық табыстарды қалыптастыруда басты рөл атқарады, экономиканы басқарудың күшті негізгі құралы болып табылады. Әсіресе олар ғылыми-техникалық прогрессті жеделдетуге, антиинфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруда белсенді қызмет атқарады. Сондықтан мемлекет алдында салық механизмін жетілдіру өте қажетті мәселеге айналған.

 Салықтар  өз қызметін жүзеге асыруда мемлекет экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу механизмы жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету болып табылады, яғни өндірістің дұрыс әрі толық дамуын қамтамасыз ету. Салықтық реттеудің механизмдері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Макро деңгейде салықтық реттеу экономиканы реттеу болып табылса, ал микро деңгейде шаруашылық қызметті реттеу құралы болып табылады.

  Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей бүкіл дамыған мемлекеттердегі салықтық реттеу - несие-қаржылық реттеумен бірігіп отырып нарықтық экономиканы жүргізудің аса тиімді формасы болып табылады. Ол нарықтық қатынастардың қалыптасуы арқылы мемлекеттік экономикаға тигізетін әсерін реттеп отырады.

 Қазақстанда  1991 жылға дейін экономиканы басқарудың  әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға  қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес  келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болағаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді, содан бері салық қызметі үнемі жетілдіріліп отыр.

  Қазір Қазақстанда кәсіпкерлік қозғалысын дамытуды және шағын бизнестің өсуіне қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салық салу рәсімін оңайлатуға бағытталған бірқатар шаралар көзделген.

  Жылдан жылға табыстардың орындалуы экономикалық жағдайымыздың өркендеуінің көрсеткіші. Экономикалық және әлеуметтік дамудың барлық жақтары, жоспар мен болжамның мақсаты мен талаптары, қоғамдық өндірістің салалары мен құрылымдарының дамуындағы сандық және сапалық өзгерістер бірімен-бірі тығыз байланысқан көрсеткіштер арқылы беріледі.

Салықтар барлық елдерде  олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы  мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды.Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік пәндердің, соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді. 

        Салық салу жүйесін жекелей  алғанда, оны нарықтық қатынастардың жаңалықтарына жатқызуға болмайды, бірақ жаңалық болып тәуелсіз бақылаудың пайда болуы табылады. Ол қоғамдық тәжірибелік қажеттілікті жүзеге асыруды- пайдаланушылар қызығушылығындағы экономикалық субъектілер ісі жөніндегі қаржылық ақпараттардың нақтылығын растауды қамтамасыз етті.

Салық салу- мемлекеттің  әлеуметтік және экономикалық гүлденуі жолындағы қоғамның дамуының, мемлекеттің  қызмет етуінің негізгі шарттарының  бірі. Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар.

Қазіргі кездегі  салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік  органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда.

  Дипломдық жұмысымның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы жеке табыс  салық жүйесі жайлы жан-жақты мағлұмат беру, оның қалыптасу кезеңдерін, принциптерін қарастырып, қазіргі заманғы жеке тұлғаларға салық салу жүйесіндегі мәселелерді зерттеу және оның шешілу жолдарын қарастыру.

Дипломдық жұмыстың аталған мақсатына  жету үшін келесі мақсаттар қойылды:

  • жеке тұлғаларға салынатын салықтың мазмұнын, объектісін және түрлерін қарастыру;
  • жеке тұлғаларға салықты салу және төлеу тәртібі;
  • жеке тұлғаларға салынатын салықтың жетілдіру амалдарын қарастыру.

Дипломдық жұмысты зерттеу  кезінде Салық кодексі, әрекеттегі Қазақстан Республикасының заңдары, әдебиеттер және «Идеал-Маркет» ЖШС бухгалтерлік және есепті құжаттамасы қарастырылды.

 

  1. Жеке тұлғаларға салық салудың мәні мен экономикалық мазмұны  
    1.1 Жеке тұлғаларға салық салудың мазмұны 

Жеке табыс салығы классикалық салық түрі. С.Г.Пепеляевтің  айтуы бойынша «жеке табыс  салығы басқа салықтарға қарағанда жас» -  деп есептейді. Бұл ең танымал және кең тараған салық түрі. Ең алғаш рет Англияда 1798 пайда болған бұл салық түрі Наполеонға қарсы соғыста қаржыландыру мақсатында енгізіліп, 1842 жылдан бастап ағылшынның салық жүйесінде тұрақты түрде орын алды. 1965 жылға дейін табыс салығын заңды және жеке тұлғалардың барлығы төледі. Корпорация пайдасына салынатын салық енгізілгеннен кейін, табыс салығын тек жеке тұлғалар ғана төлейтін болды. Салық реформалары жеке табыс салығының төменгі ставкасын 20 пайызға дейін төмендету болды. Жеке табыс салығы көптеген елдердің мемлекеттік бюджеттерінде қомақты үлесі бар, ол дегеніміз барлық салықтан алынған табыстың 12 пайызын (Франция) 41 пайызы (Канада) дейін. Бұл ең танымал және көп тараған салықтың түрі. Ол кез-келген мемлекеттің тұрғындарының көп бөлігін қамтиды. Дамыған елдердегі салықтан түсетін табыстар оның қомақты үлесінің негізгі себебі бұл елдердегі халықтың табыс деңгейінің өсуі болып табылады. Жеке табыс салығының дамыған елдердегі рөлі мен даму тенденциясына әр түрлі теориялық мектептер ұстанымдары үлкен әсер етеді [19].

Осы салықтың өндіріс  және де әлеуметтік құралына әсеріне  келгенде теоретикалық мектептердің көз қарастары әр түрлі. Мысалға, экономикалық іс-әрекеттің маңызды ынталандырушы ретіндегі төлем мүмкіндігі бар сұраныстың ұлғаюын қарастыратын кейсияндықтар жеке табысқа прогрессивті шкала бойынша салық салу қажет дейді. Себебі төменгі табыс бірдестен тұтынуға кетіп, тұтынушылық сұранысты ұлғайта отырып, өндірістің өсуін ынталандырады. Ал табыстың жоғары болуы, оның көп бөлігін жинақтауға айналдырады, сонымен қатар бұл құбылыс өндірісті аса қатты ынталандырмайды. Сондықтанда жеке табысқа салынатын салықты жоғарылату өндірістің өсуін ынталандыруға еш кедергі әкелмейді [12].

Осылайша кейсияндықтар байларға прогрессивті салық салу мен қатар аз қамтылған халық бөлігін салықтан босату тұжырымдамаларын қорғай отырып, бұл шаралардың рөлінің тек ынталандырушы ғана емес, сонымен қатар оның әлеуметтік - әділдік сипатында негіздейді.

Монетаристер мен «Ұсыныс экономикасы» теориясының жақтаушылырының ұстанымдары мен көз-қарастары басқа. Олардың айтуынша, жоғарғы табыстан құралатын жинақтау инвестицияның көбеюуі. Соған сәйкес өндіріс үшін қаржы ресурстарын қалаптастырады. Осыған байланысты өндірістің өсуіне әкелетін төмен және пропорционалды табыс салығын ұсынып отыр [22].

Монитаристер мен «Ұсыныс экономикасы» теоретиктері бай таптарға жеке табыс салығын төмендетуін әлеуметтік әділдік пен бай таптардың ынталандырушы сипатына жүгіне отырып өз пікірлерін негіздейді. Өз шараларының әлеуметтік әділдігін олар қоғамда маңыздырақ, соған сәйкес жоғарғы табысты қызмет атқара алатын мүмкіндігі бар адамдарға жоғары жеке табыс салығын салу арқылы жазалауға болмайды деп түсіндіреді.

Сонымен, бүгінде теоретикалық мектептер жеке табыс салығын реформалау кезінде аз қамтылған халық мүддесін қорғау үшін ғана емес, сонымен қатар осыған қарама-қарсы бай таптарын да қорғау үшін әлеуметтік-әділдікке жүгінеді [27].

Жоғарыда көрсетілген  теоретика мектептерінің пікірлері  жеке табыс салығын салу тәжірбиесінде көптеген дамыған елдерде қолданыс тапты. «Ұсыныс экономикасы» теоретиктер пікірлерінің әсерінен көптеген елдерде жеке табыс салығының ставкалары төмендетілді. Мысалға Америка Құрама Штатында ең үлкен ставка 70 пайыздан 30 пайызға дейін төмендетілді. Егер жеке табыс салығы ставкасының төмендеуі жоғарғы табыс алатын халық бөлігіне тиімді болса, осы уақыттағы дамыған елдердегі аз қамтылған халық бөлігіне салықтан толықтай немесе бөліктеп босату тәжірбиесі соңғысының жағдайын біршама жақсартты.

Негізінен жеке табыс  салығы дамыған елдерде прогрессивті шкаламен есептелінеді. Шкала саны екеуден (Ұлыбритания және Америка  Құрама Штатты)  он төртке (Франция). Ал ең төменгі салық ставкасының  мөлшері 10-25 пайызға дейін, ең үлкен  ставка мөлшері 33 пайыздан (Америка Құрама Штатты) 60 пайызыға (Ұлыбритания) дейін.

Дамыған елдердегі жеке табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу тәжірбиесі макроэкономикалық  жоспарда мемлекеттегі табыстардың  теңсіздігін теңдестірумен де байланысты. Бұл жағдай американдық танымал Лоренц қисығына келетін болсақ, жеке табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу салық төленгенге дейінгі мемлекеттегі табыстың бөлу сызығын бірқалыпты бөлу сызығына жақындатады.

Жеке табыс салығының  экономикалық рөлін бағалай келе, Батыс сараптаушылары оны «енгізілген автоматикалық ынталандырушы» ретіндегі рөлі мен қызметін айқындайды. Себебі шаруашылық коньюктураның жағымсыз жағдайлары болғанда, салық салғанға дейінге қарағанда салық салғаннан кейін жеке табыс азырық қысқару керек [24].

Жеке табыс салық  жүйесі соққының белгілі бөлігін  өзіне ала тұрып амортизациялық рөлді атқаруы мүмкін. Сонымен, талдаудан көріп отырғанымыздай, жеке табыс салығы бүкіл экономикаға және де жеке азаматтар үшін де үлкен мағынаға ие. Басқа елдерде 19 ғасырдың аяғы 20 ғасырдың басында осы салық түрі енгізілді. Ресейде жеке табыс салығы 1916 жылдың 6 сәуірінде енгізілді.

Ал ең алғаш рет  Қазақстан Республикасында жеке табыс салығының заңдылығы 1991 жылдың 24-і  желтоқсанында енгізілді.

Жеке табыс салығы басқа да салықтар сияқты көптеген сипаттамасы бар:

  • Мемлекеттен басқа, салықты еш кім ала алмайды. Салықты енгізуде мемлекет саяси орган ретіндегі субъектісі. Салықты бекіту Парламентке жүктелген.
  • Салық – ол ақшалай төлем, мемлекет алдындағы борышы. Жеке табыс салығы басқа салықтардан қарағанда айырмашылығы, мемлекеттің ерікті зайымдары, яғни салық төлеуші ақшасын мемлекетке беруі.
  • Жеке табыс салығы эквивалентсіз төлем болып табылады. Экономикалық тілмен айтқанда, салық ақшалай түрдегі форма, бірақ қарама-қарсы тауарлы формасы жоқ айналыс.
  • Салық- Е.В.Пороховтың айтуы бойынша “салық тек құқықтық форма түрінде”- дейді, яғни салықты қабылдау үшін мемлекет заң шығару арқылы құқықтық актіні қабылдауы.

Салық – ол заңмен бекітілген төлем: Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес: ”Заңмен бекітілген салық төлемдері және де бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер әр кімнің мемлекет алдындағы міндеті”.

Көптеген елдерде  жеке тұлғалардың табыстарына салынатын  салықтың принциптері ортақ болып  келеді. Негізгі принциптері мыналар:  

  •   барлық салық төлеушілер резидент және резидент емес деп бөлінеді. Резиденттікті анықтаудың басты белгілері болып жеке тұлғаның нақты бір ел аумағында алты айдан астам мерзім аралығында болуы. Резидент салық төлеушілер ел ішінде және елден тысқары жерде алған барлық табыстарынан салық төлесе, резидент еместер тек ел ішінде алған табыстарынан салықты «төлем көзінен» төлейді, яғни олардың салық жауапкершілігі шектеулі;

• салық салу барысында әр түрлі көздерден алған барлық табыстары негізінде жиынтық табысы анықталады; салық төлеушінің салық салу барысында өзіне, асырауындағы әрбір адамға салық салынбайтын минимум мөлшері беріледі;

• салық салу кезінде медициналық шығындар, әлеуметтік сақтандыруға төлеген жарналар, кәсіби шығындар жиынтық табыстан шегеріледі;

•  салық сомасы үдемелі салық ставкасы негізінде анықталады;  

         •   жұмыс  істейтін ерлі-зайыптылар  салықты бірге  немесе бөлек төлеуіне болады.

Салықтың есептелу немесе алыну тетіктерінде кейбір ерекшеліктері  болмаса, салық салудың объектісі және төлеушілері ұқсас болып келеді, жеке тұлғалар табыстарынан бөлек, салықты жеке өзі төлейді немесе жиынтық табыстан төленеді. Көптеген мемлекеттерде қандай әдіс негізінде салық төлейтінін салық төлеушінің өзі таңдайды, сонымен бірге асырауындағы адамдарға қатысты салық шегерімдерін ерлі-зайыптылардың біреуінің ғана қолдануына болады [14].

Табыстардың негізгі құрамына: еңбекақы, сыйақы, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс, зейнетақы, алимент, жылжымайтын мүлікті жалға беруден түскен табыс, бір жолғы жәрдемақы, жұмыссыздық және жұмысқа уақытша жарамсыздық (денсаулығына байланысты) бойынша төлемдер, дивиденд және рента түріндегі табыстардың барлық түрлерін жатқызуға болады.

Табыс салығы 12 айға тең болатын күнтізбелік немесе қаржы жылы ішінде алынған барлық табыстарынан алынады. Нақты бір кезеңдегі салықты есептеу барысында табыстан салық заңдылықтары бойынша бекітілген кейбір шегерімдер шегеріліп, жеңілдіктер қолданылады. Барлық елдерде «салық салынбайтын минимум» пайдаланылады. Ал салық салынбайтын минимум барлық салық төлеушілерге, олардың отбасы мүшелеріне, асырауындағы адамдарға беріледі. Сонымен бірге есепті кезең аралығында жасалған барлық нақты шығындар да салық салынатын табыстан шегерілiп тасталады. Нәтижесінде анықталған салық - салық салынатын табысқа (АҚШ-та ол түзетілген салық салынатын табыс деп аталады) үдемелі шәкіл негізінде салық есептеліп салынады [13].

Жеке тұлғалардың табыстарына салынатын салықты есептеу барысында мемлекеттер арасында мынадай айырмашылықтарға назар аударуға болады. Атап айтқанда:

•   салық салу барысында қамтылатын табыстардың құрамы;

•   салықты азаматтардың жеке өзі немесе отбасы атынан төлеуі;

•   салық жеңілдіктерінің құрамы және қолдану ерекшеліктері;

•  салық салу шәкілі (шкала) әр елдерде әр түрлі болуы.

Салық жеңілдіктерін қолдану  барысында назар аударатын тағы да бір ерекшелік — салық жеңілдіктерінің салық несиесі немесе салық төмендетуі түрінде беріледі болмаса салық салынатын табысты анықтау барысында оған табыстың жекелеген түрлерін қоспайды.

Салық жеңілдіктері екі топқа бөлінеді:

•   стандартты;

•   стандартты емес.

Стандартты салық жеңілдіктеріне салық төлеушінің өзіне және асырауындағы адамдарға, сондай-ақ мүгедектерге, қарт адамдарға берілетін салық салынбайтын минимумды жатқызуға болады.

Жалпы стандартты салық жеңілдіктерінің мынадай түрлері бар:

• негізгі, яғни салық төлеушінің табыс мөлшеріне тәуелсіз өзіне салық жеңілдігінің берілуі. Бұған салық салынбайтын минимумды жатқызуға болады;

• отбасы жағдайына байланысты жеңілдіктердің  берілуі, «отбасылық төмендету» деп аталады;

• асырауындағы адамдарға берілетін салық төмендетулері. Кейбір мемлекеттерде жеңілдік балаларға берілетін салық төмендетулерінің орнына балаларға берілетін жәрдемақы сомасына қосылып беріледі.

Стандартты емес салық  жеңілдіктерінің стандартты салық жеңілдіктерінен айырмашылығы - оның салық төлеушінің нақты жұмсаған шығындарымен байланысты болуында.

Бельгия, Финляндия, Греция, Норвегия, Люксембург сияқты елдерде салық жеңілдігі сол елдердің заңы бойынша белгіленген төменгі табыс деңгейін салықтан босату арқылы беріледі. Бұл «нольдік ставкамен салық салу» деп те аталады.

Жеке табыс салығы — жеке тұлғалардың ең бірінші кезекте төлейтін салығы болып саналады. Себебі, тапқан табыстарынан немесе табыс көздерінің бір бөлігін салық ретінде аударып отырады.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында жеке табыс салығының ставкаларын төмендетіп, салық төлеу тәртібін оңтайлы етіп, белгілі бір жүйеге келтіруді атап өтті, яғни мұны жеке тұлғаларға халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына қосқан үлесі ретінде қарауға болады [17].

Жеке табыс салығы алғашқы салықтардың бірі. Салық кодексі қабылданғанға дейінгі кезеңде бұл салық түрі «жеке тұлғалардың табыстарына салынатын табыс салығы» деп аталатын. Салық кодексі қабылданып, бұл атау қысқарып, халықаралық стандартқа  сәйкес,   «жеке   табыс   салығы»   деп  аталды.

Жеке табыс салығын - салық салу объектілері бар жеке тұлғалар төлейді. Резидент емес жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша салықты есептеп, төлейді және жеке табыс салығы бойынша салық декларациясын табыс етеді.

Жеке табыс салығы бойынша  негізінен екі салық салу объектілері бар:

  • төлем көзінен салық салынатын табыстар;
  • төлем көзінен салық салынбайтын табыстар.

 

 

    1. Жеке тұлға табыстарының құрамы

 

Салық төлеушінің төлем көзінен  салық салынатын табыстары жеке тұлғалардың ақшалай түрде алған барлық табыстарының жиыны болып табылады және оның құрамына жататындар:

1) қызметкердің табысы;

2) біржолғы төлемдерден алынған табыс;

3) жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы

              төлемдері; 

4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;

5) стипендиялар;

6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады.

Салық агенттері жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалуды төлем кезінен салық салынатын табыс төленетін күннен кешіктірмей жүргізеді. Салық агенттері, төленген кірістер бойынша салықты аударуды төлем төленетін айдан кейінгі айдың 15-іне дейін өзінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады. Салық агенттері тиісті бюджеттерге құрылымдық бөлімшелер бойынша салық төлеуді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. Салық агенттері жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапты салық органына салық төленетін жер бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей табыс етеді [9]. Енді салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстарына тоқталайық:

1. Қызметкердің табысы.

Қызметкердің  жұмыс беруші есептеген, көзделген  салық шегерімдері сомасына азайтылған табыстары төлем көзінен салық салынатын табысы болып табылады.

Сонымен қатар  қызметкердің табыстарына:

• жұмыс беруші материалдық, әлеуметтік игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрінде берген табыстар;

• жұмыс беруші төлейтін ақшалай немесе заттай нысандағы кез келген табыстар жатады.

Қызметкердің заттай нысандағы табыстарына жататындар:

1)   заттай нысандағы еңбекақы;

2) қызметкер алған тауарлар, қызметкердің мүддесін көздеп орындалған жұмыстар, қызметкерге өтеусіз негізде көрсетілген қызметтер;

3) қызметкердің үшінші тұлғалардан алған тауарлар (орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер) құнын жұмыс берушінің төлеуі;

4) қосылған құн салығы мен акциздердің тиісті сомасын қоса  алғанда, заттай  нысандағы  тауарлардың  (жұмыстардың, қызметтердің) құны [1].

Қызметкердің материалдық  пайда түріндегі табыстары:

1) қызметкерге сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет  көрсетулердің) құны мен осы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып алу бағасы немесе олардың өзіндік құны арасындағы теріс айырманы;

2) жұмыс берушінің шешімі бойынша қызметкердің оның алдындағы қарызының немесе міндеттемесінің сомасын есептен шығаруды;

3) жұмыс берушінің өз қызметкерлерінің сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлық ақыларын төлеуге жұмсаған шығыстары;

4) жұмыс берушінің қызметкердің өз қызметіне байланысты емес шығындарының орнын толтыруға жұмсаған шығыстарды құрайды.

Қызметкердің төлем көзінен  салық салынатын табысын анықтау кезінде салық жылы ішіндегі әрбір ай үшін шегерімге мыналар жатқызылады:

1) Қазақстан Республикасының заң актісінде табысты есептеудің  тиісті  айға  белгіленген  бір  айлық  есептік  көрсеткіш мөлшеріндегі сома;

2) асырауындағы адам пайда болған айдан бастап қызметкердің асырауындағы отбасының әрбір мүшесіне айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сома. Аталған шегерімдер бір салық төлеушінің табысына — отбасы мүшесіне қолданылады.

3) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде төленетін міндетті зейнетақы жарналары;

4) Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған   республикалық   бюджет   туралы   заңында   айлық   есептік көрсеткіштің 10 еселенген сомасынан аспайтын мөлшерде өз пайдасына енгізген ерікті зейнетақы жарналары;

5) жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары;

6) Тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінде Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйді жөндеу, салу немесе сатып алу үшін алған тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сомалар.

Бірге тұратын және ортақ  шаруашылық жүргізетін ерлі-зайыптылар, балалары мен ата-анасы (оның ішінде уақытша болмағандар) отбасы деп  танылады. Асырауындағы адам, салық төлеушінің табысы есебінен өмір сүретін және айына бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын жеке табыс көзі жоқ, салық төлеушінің отбасы мүшесі.

Қызметкердің табысы бойынша жеке табыс салығының сомасы қызметкердің салық жылы ішінде төлем көзінен салық салынатын табысына 1-кестеде белгіленген ставкаларды қолдану жолымен есептеледі. Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ұлғаю нәтижесімен ай сайын жүргізіледі. Салық жылы аяқталғанға дейін қызметкерді жұмыстан шығару кезінде салық агенті нақты жұмыс істелген кезең үшін алынған табысты негізге ала отырып, жеке табыс салығын қайта есептеуді жүргізуге және қызметкерге алынған табыс пен төленген салық туралы есеп-қисап беруге міндетті. Жұмыс орнын өзгерткен кезде жеке тұлға жаңа жұмыс орны бойынша салық агентіне жұмыс істеген кезеңде алған табысы мен төленген салық туралы бұрынғы жұмыс орнынан есеп-қисап беруге тиіс [2].

2. Біржолғы төлемдерден түскен табысқа - өздерінің қызметіне байланысты жеке кәсіпкердің, жеке нотариус пен адвокаттың кіріс бойынша төлемдерін қоспағанда, салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық агенттерімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табысы, сондай-ақ жеке тұлғалар төлейтін басқа да біржолғы төлемдер жатады. Жеке табыс салығының сомасы Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген мөлшерде және жағдайларда жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасына азайтылған төлем көзінен салық салынатын біржолғы төлемдерден түскен табысқа 1-кестеде белгіленген ставкаларды қолдану жолымен есептеледі.

3. Төлем көзінен салық салынатын зейнетақы төлемдеріне салық төлеушілердің зейнетақы жинақтарынан жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын, табыс есептеудің тиісті айына Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген айлық есептік көрсеткіш сомасына азайтылған төлемдер жатады. Жеке табыс салығының сомасы 1-кестеде белгіленген ставкаларды қолдану жолымен есептеледі.

4. Жеке табыс салығының сомасы жеке тұлғаларға төленетін дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыстарға 15 пайыздық ставканы қолдану арқылы есептеледі. Білім беру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік стипендияларға арналған мөлшерде төленетін стипендияларды қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқып жүргендерге төлеуге арналған ақша сомасы, сондай-ақ мәдениет, ғылым қайраткерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне және басқа жеке тұлғаларға төлеуге арналған ақша сомасы табыс кезінен салық салынатын стипендия болып табылады. Стипендиялар түріндегі табыстарға 1-кестеде белгіленген ставкаларды қолдану арқылы есептеледі.

5. Жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыстарына:

•    жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары есебінен;

• жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары есебінен;

•  жұмыс  берушінің   жинақтаушы   сақтандыру   шарттары бойынша жұмыскерлердің пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықтары есебінен  төленген, сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері жатады.

Жеке тұлғалардың  жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысына осындай шарттар мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда төленетін сатып алу сомасы да жатады. Жеке тұлғалардың жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысына сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері сомасының сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан асып кеткен сомасы да жатады. Жеке табыс салығының сомасы 2-кестеде белгіленген ставкаларды жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төленетін табыс сомасына қолдану жолымен есептеледі [15].

«Идеал-Маркет» ЖШС-нде жеке тұлғаларына салық салу механизмі және оны жетілдіру