Инфляция және циклдің теориялық аспектілері

       1 ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ЦИКЛДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 

       1.1 Инфляция түсінігі, пайда болу  себептері, түрлері 

       Инфляция  – бұл күрделі  де  көпфакторлы құбылыс. Ол ақша айналым арналарының артық ақша белгіліремен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі. Латын тілінен аударғанда инфляция «көтерілу, қабыну» дегенді білдіреді. Ол қағаз ақша  айналымына негізделген экономикаға  тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.

       Батыс елдерінде 10 %-ке дейінгі баяу инфляция қауіпті деп саналмайды. Керісінше, белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың дамуын жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскенде  тұрғындар тауарды көбірек сатып алады, себебі кейін ол одан да қымбат  түсетінін біледі. Бұл, өз кезегінде өндірушілерді ұсынысты арттыруға ынталандырады, нарық тауарға тез толады. Инфляция жағдайында әртүрлі салаларда баға бір қалыпты өспейді. Сондықтан, инфляция экономикада қалыптасқан диспропорцияларды түзетуге және нарық шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік береді. Баяу инфляция кезінде бағалар еңбекақыдан тезірек өседі. Бұл жағдайда өндіріс шығындары төмендеп, кәсіпкерлік дамиды.

       Инфляция  – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкесіздігі инфляцияны қалыптастармайды.

       Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті, күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі  тауар нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігінің бұзылуы, әлі инфляция емес.

       Инфляцияның пайда болу себептері:

       Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық Орталық банктің несиесі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады, сондықтан инфляцияны қалыптастыруы мүмкін.

       Екіншіден, егер инвистицияларды қаржыландыру, жоғарыда айтылған әдіспен, яғни Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, онда бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін.

       Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуін ХХ ғасырда нарық құрылымының өсуімен түсіндіреді. Бүгінгі нарық – көбіне олигополия түрінде қалыптасқан. Осы күнгі ірі фирмалар (тауар өндірушілер, ұсынушылар) белгілі бір деңгейде нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне бағаны өзі белгілей алады.

       Төртіншіден, ұлттық экономикалардың «ашыла» түсуіне, олардың дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы қауіпі артады. «Импортталған инфляциямен» күресу мүмкіншіліктері де шектеулі келеді.

       Бесіншіден, «инфляцияны тосу» деген жағдайда байланысты инфляциялық процесс өзін-өзі қолдап жалғаса береді. Батыс елдерінде, көптеген экономистердің пікірінше, «инфляцияны тосу» психологиясын жеңу антиинфляциялық саясаттың негізгі мақсаты деп анықталады.

       Инфляцияның түрлері. Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы, соғыс кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көп мөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы екі-үш онжылдықта көптеген елдерде инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналды. Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы экономистер инфляцияның баяу түрін өндірістің дамуына қосымша онды әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияның саясаты өндіріс пен нарық (сұраным) жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді.

       Баяу  немесе жылжымалы инфляцияда бағаның  өсуі 10% дейін болады. Бұл экономикаға қауіп туғызбайды.

       Қарқынды  инфляция (бағалардың жылына 10% - 200%-ке дейін өсу түрі) – экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді.

       Гиперинфляцияда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке (Кэган бойынша айына 50%) артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың өсу қарқыны айналымға шығарылған ақша көлемінің өсуінен көп есе артып кетеді.

       Инфляция  теңгермелі түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты және баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес процент кесімі (ставкасы) да өседі. Нарықта тепе-теңдік (тұрақтылық) сақталады. Теңгермелі емес инфляция кезінде жеке тауар топтарына баға бірқалыпты емес, әртүрлі қарқынмен өседі.

       Сонымен, тосылған инфляцияны тосын инфляциядан айыра білген жөн. Тосылған инфляцияны алдын ала болжауға болады, немесе оны үкімет арнайы мақсатпен «жоспарлайды». Тосын инфляция бағалардың кенеттен және тез өсуінен көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады. Тұрғындар бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды.

       Макроэкономикалық деңгейде мұнымен қатар не іскерлік белсенділіктің құлдырауы, не бағалардың төмендеуі болады. Алайда фирмалар, компаниялар жағдайдың жақсаруына үміттене отырып, нарықта тұра алуға тырысады және бағалар мен өндіріс шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Процестің жаппай ауқымдағы әрекеті инфляцияның төмендеуіне мүмкіндік жасайды. 

       1.2 Инфляцияның экономикалық іскерлік  циклі 

       Экономикалық  цикл – нарықтық экономиканың бір дағдарыстан екінші дағдарысқа жылжу кезеңі; ол іскерлік белсенділіктің (өндіріс көлемінің, табыс және жұмыспен қамтылу деңгейінінің, қаржы және сауда қызметінің) ауытқуымен сипатталады. Кезеңділік нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу тетігі болып табылады.

       Өнеркәсібі  дамыған елдердегі экономикалық даму циклді сипатта: құлдырау, өрлеу, қаржылық дағдарыс, жандану, қайта құлдырау, қайта жандану және т.б. Осы фазалар спираль тәрізді тәртіппен жүреді, прогрессивті қозғалыс. Циклділік экономиканың теңдік жағдайынан ауытқуы. Ауытқудың үш түрі болады:  

     1.2.1 кесте - Циклділік экономиканың теңдік жағдайынан ауытқуы

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       Қазіргі заманғы экономистер цикл себептерін үш түрлі түсіндіреді: циклді сыртқы факторлармен (экзогенді) байланыстырады; екіншісі ішкі факторлармен (эндогенді) байланыстырса, үшіншісі көзқарас цикл экзогенді және эндогенді фокторлар синтезінен дейді.

       Сыртқы (экзогенді) факторларға экономикалық жүйеден тыс факторлар, яғни халық  санының өсуі немесе кемуі, технологияның  толық өзгерісі, саяси өзгерістер т.б. жатады. Ішкі (эндогенді) факторларға  жүйе ішіндегі: тұтыну, инвестиция, үкімет қызметі т.б. кіреді.

       Қазіргі цикл туралы ілім Самуэльсон мен Хикстің  іскерлік циклі ілімімен байланысты. Онда экономикалық цикл ұлттық кіріс  пен тұтыну және капитал жинағының  өзара әсері ретінде қарастырылады. Бұл байланыс тұрақты және мультипликатор мен акселератормен сипатталады.

       Мультипликатор капитал салымы өсімінен ұлттық кірістің қаншаға өсетіндігін өлшейді.

       Акселератор салым өсімінің ұлттық кіріс өсіміне  тәуелділігін өлшейтін көрсеткіш.

       Цикл  ЖҰӨ өсімінің қарқыны, сауда көлемі, баға деңгейі, жұмыссыздық деңгейі сияқты экономикалық белсенділіктің әртүрлі көрсеткіштерінің тербелісінің жиынтығы.

       Экономикалық  жүйе төрт фазадан тұратын циклда дамиды: жандану, өрлеу, жоғарғы шек, құлдырау.

       Құлдырау  фазасында запастар жойылады, өндірістік инвестиция азаяды, еңбекке сұраныс кемиді, товар бағасының өсу қарқыны азаяды, пайда күрт кеми бастайды, несиге сұраныс азаяды, проценттік ставка төмендейді.  Құлдыраудың максималды нүктесі рецессия мен депрессия.

       Өрлеу құлдыраудың айнадағы бейнесі сияқты, барлығы кері бағытта жүреді.

       Жоғарғы шекті нүкте іскерлік белсенділіктің шыңы, экономика максималды мүмкіндіктері шегінде қызмет етеді, инвестициялық және тұтынушылар шығындары өте жоғары, товарларға сұраныс та баға да өседі.

 

        1.3 Инфляцияның әлеуметтік - экономикалық салдары 

       Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын (себептерін) айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай — монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындарыбұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік - саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік қаржының дағдарысы бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай - ақ несие жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде несие құралдарының өсуі және басқалары жатады.

       Инфляцияның іс - әрекетін қаржы проблемаларымен  байланыстырып отыру қажет, өйткені  инфляция құбылысы мынандай қаржылық факторларға тәуелді болып келеді:

       - белгілі бір салық нысандары  мен әдістерін қолдану; инфляциялық  сипаттағы шараларды мемлекеттік  бюджет арқылы қаржыландырудың  ауқымы;

       - мемлекеттік бюджеттің тапшылығын  жабудың әдістері; мемлекеттік берешектің  көлемі.

       Нарықтық  экономика кезінде қаржы инфляциялық процеске бірқатар факторлар арқылы айтарлықтай әсер етеді (инфляциялық тенденцияларды күшейте түседі).

       Бірінші фактормемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлей алушылық сұранымының артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді. Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен, салық түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды. Бұл сөзсіз болатын ұзақ уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады.

       Екінші  фактортабысқа (пайдаға) салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және нарықтағы бағаның көтерілуінің басты себебі болады.

       Үшінші  факторбюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары (өндірістік емес шығындардың неғүрлым өсуімен байланысты).

       Инфляция  қаржы қатынастарын да өзгерістерге ұшыратады.

       Біріншіден, инфляция тауарлар мен қызметтерге  бағаның өсуі салдарынан мемлекет шығыстарының өсуін жандандырады.

       Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салық түсімдерін арттырудың қажеттігін тудырады.

       Үшіншіден, инфляциялық процесс мемлекеттің  берешегі проблемаларын шиеленістіреді.

       Сөйтіп, қаржы мен инфляция өзара тәуелді  болып келеді. Қаржы инфляциялық  процестердің тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы қатынастарына әсер етеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің шығыстарын көбейтудің қажеттігіне, салық ауыртпалығының күшеюіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштың өсуіне ұрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақыттың белгілі бір межелдемелері арқылы түседі, сондықтан мемлекеттің алу сәтінде олар құнсызданады. Осыған ұқсас мемлекеттік берешектің проблемасы шиеленіседі, өйткені қарыздарды тарту үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын несиелік пайыз деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы өсуін тудырады.

       Инфляцияны  бағалау және өлшеу үшін бағалар индексінің көрсеткіші — 16 пайдаланылады. Бағалар индексі тұтыну тауарлары мен қызметтердің ("нарық себеті") белгілі бір жиынтығының сатып алу бағасы мен базалық кезеңнің бағасы арасындағы арақатынасты өлшейді. Инфляциялық процестің қуаттылығын бағалауды және инфляцияның түрлерін мынандай критерийлер бойынша ажыратады.

  • Бағалар өсуінің қарқыны бойынша;
  • Бағалар өсуінің теңгерімділік дәрежесі бойынша;
  • Болжаулық ( болжап айтушылық ) дәрежесіне қарай.

       Қаржы мен инфляцияның өзара байланысын инфляцияның екі типі бойынша бақылап отыруға болады: сұраным инфляциясы (тұтынушылар инфляциясы) және шығындар инфляциясы (өндірушілер инфляциясы).

       Бірінші жағдайда ол заңды және жеке тұлғалардың ақша массасының өсуімен байланысты өнімге, тауарларға және қызметтерге сұранымның өсуінің салдары болып табылады.

       Екінші  жағдайда кәсіпорындардың еңбекке ақы төлеуге, кредиттер бойынша пайыздық мөлшермелердің көбеюіне, тұтынатын шикізатқа, материалдарға бағаның, қызметтер көрсетуге (тасымалдауға, электр қуатына, ақпаратқа және т.т.) тарифтердің өсуіне жұмсалатын шығындардың көбеюі инфляцияны тудырады.

       Инфляция  өндірістік сфераға, халықтың көптеген жігінің материалдық жағдайына, инвистициялық қызметке қауіпті әсер етеді.

       Инфляцияның классикалық көзі — мемлекеттік  бюджет тапшылығы Қазақстан үшін де сипатты. Бюджет тапшылығы инфляцияның  қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан  және осыған байланысты мемлекет кірістерінің құнсыздануынан туады. Инфляцияның дамуына инфляциялық нәтижені тудырған жаңа салықтарды — алғашқы мөлшерлемесі 28% қосылған құнға салынатын салықты, акциздерді, экспорттық және импорттық кеден баждарын енгізу, өнімнің өзіндік құнына қосылатын қаражаттар аударымдарын экономиканы жаңғырту қорына, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорына аудару, әлеуметтік сақтандыруға аударылатын аударымдарды бірден көбейту сияқты қаржыны және әлеуметтік шараларды асығыс жүргізу мүмкіндігін туғызды.

       Инфляцияның дамуының қосымша факторы пайдаланылатын кредиттер бойынша пайыздарды жатқызудың тәртібі болып табылады; кредит үшін төлемақының өсуі жағдайында бұл өнімнің өзіндік құнының, оның ізін шала бағаның да өсуіне соқтырады.  

       2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯ ҮДЕРІСІН ТАЛДАУ 

       2.1 Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі инфляцияның үдерістің серпінін талдау 

       Инфляция  деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының  индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 508 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі.

       2008 жылы азық-түлік тауарлары рыногында бағаның өсімі нан және жарма өнімдеріне 1,2% құрады. Күріш бағасы 3,4%, жармалар – 1,3%, ұн – 1,1%, макарон өнімдері – 1%, нан – 0,5%-ға өсті. Қант 2,1%, май және тоң май – 0,9%, ет өнімдері – 0,3%-ға қымбаттады. Бағаның төмендеуі жұмыртқаға – 1,1%,  жемістерге – 3,8%,  көкіністерге – 4,7%-ға  тіркелді.

       Бензин  бағасы 2,6%, дизель отыны – 2,1%-ға өсті. Кеңсе тауарларының бағасы 1,9%, ж  уғыш және тазалағыш құралдар – 1,2%, жеке басқа арналған гигиеналық тауарлар – 1%, медициналық дәрі-дәрмектер – 0,7%,  үйге қажетті заттар – 0,6%, киім және аяқ киім – 0,4%-ға қымбаттады.

       Тұрғын  үй-коммуналдық қызметтерге баға өсімі 2,5% құрады. Электр энергиясы тарифтері  7,6%, газ – 4,6%, орталықтан жылыту – 1,4%, сумен жабдықтау- 1%, к әріз – 0,6%, тұрғын үйді күтіп ұстау – 0,5%-ға өсті. Автомобиль көлігімен жол жүру үшін төлем  5,5%,  әуе – 1,4%, теміржол – 0,5 %-ға өсті. Шаштараз, мейрамханалар мен қонақ үйлер қызметтеріне баға 1%-дан, медициналық мекемелер – 0,8%, мәдениет және білім беру  – 0,4%-дан өсті.

       2009 жылы Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,6%-ды құрады. Баға азық-түлік тауарларына 0,4%, азық-түлік емес тауарларға - 0,3%, ақылы қызмет көрсетулерге - 1,1% -ға өсті.  

       2.1 кесте - Қазақстан Республикасындағы негізгі азық-түлік тауарларының орташа бағасы (2008 ж. -2009 ж.) 

  Бір килограмының бағасы теңгемен, 2009 ж. 2008 жылы орташа баға
орташа ең төмен ең жоғары алшақтық,

есе

қала баға Қала Баға
Бірінші  сұрыпты  
бидай ұны
84 Павлодар 57 Астана 123 2,2 77
Бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан  78 Ақтөбе 59 Ақтау 103 1,7 75
Күріш 209 Қызылорда 172 Астана 264 1,5 124
Ұнтақ жарма 121 Павлодар 80 Атырау 191 2,4 93
Қарақұмық  жармасы 137 Павлодар 109 Ақтау 202 1,8 132
Сиыр  еті 602 Көкшетау 476 Алматы 751 1,6 566
Сары  май 663 Жезқазған 476 Алматы 936 2,0 608
Күнбағыс  майы, литр 242 Өскемен 205 Ақтау 358 1,7 313
Шикі  сүт, литр 99 Көкшетау 74 Алматы 143 1,9 92
Жұмыртқа, ондығы 178 Қостанай 130 Алматы 237 1,8 193
Картоп 75 Павлодар 55 Ақтау 95 1,7 75
Ақ  қауданды қырыққабат 61 Павлодар 38 Ақтау 95 2,5 111
Құмшекер 126 Жезқазған, Қостанай 117 Алматы 147 1,3 105
Шай 1018 Көкшетау 873 Астана 1239 1,4 865
 

       2009 жылы азық-түлік тауарлары рыногында бағаның өсуі шикі сүтке 4,6%, жұмыртқаға, кофе, шай және какаоға - 1,8%-дан, сүт қышқылды өнімдерге - 1,7%, май және мал майына - 1,6%, алкогольсіз сусындарға - 1,3%, алкогольді ішімдіктерге - 1,2%, балық және теңіз өнімдеріне - 1%, кондитерлік өнімдерге - 0,6%, ет өнімдеріне, жемістер мен көкөністерге - 0,2%-дан белгіленді. Бағаның төмендеуі нанға, макарон өнімдеріне - 0,3%-дан, жармаға - 1,7%, күрішке - 2,7%, ұнға - 5,1%-ға тіркелді. Тұтыну  бағаларының  индексі  2009ж.  қаңтарда 2008ж.  желтоқсанмен  салыстырғанда 100,3% құрды.

       Баға  деңгейі медициналық қызмет көрсетулерге 0,5%, шаштараз, мейрамханалар мен қонақ үйлер қызмет көрсетулеріне - 0,9%-дан, жолаушылар көлігі қызмет көрсетулеріне - 1,2%-ға жоғарылады. Тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетулер саласында тарифтің өсуі ыстық суға 4,2%, кәрізге - 3,7%, орталықтан жылытуға - 2,6%, суық суға - 1%-ға байқалды.  

       2.2 кесте – Қазақстан Республикасында 2008 ж. - 2010 ж. аралығындағы салыстырмалы түрдегі тұтыну бағалар индексінің (ТБИ)  көрсеткіштері  

                                                                                                        

Тауарлар  атауы ТБИ
2008 ж. 2009 ж. 2010 ж.
Азық-түлік  тауарлары 39,4% 38,8% 39%
Азық-түлік  емес тауарлар 32,3% 32,4% 31,8%
Ақылы қызмет көрсетулер 28,3% 28,8% 29,2%
 

       2.2 сурет – Қазақстан Республикасында 2008 ж. - 2010 ж. аралығындағы салыстырмалы түрдегі тұтыну бағалар индексінің көрсеткіштерінің динамикасы 

 

       Кестеден  көріп отырғанымыздай, 2008 жылы ТБИ-де азық-түлік тауарларының үлес салмағы – 39,4%, азық-түлік емес тауарлар - 32,3%, ақылы қызметтер - 28,3% құрады. 2009 жылы ТБИ-ді есептегенде азық-түлік тауарларының үлесі - 38,8%, азық-түлік емес тауарлар - 32,4%, ақылы қызметтер - 28,8% құрады. 2010 жылғы қаңтардан бастап ТБИ-ді есептегенде азық-түлік тауарларының үлесі – 39%, азық-түлік емес тауарлар – 31,8%, ақылы қызметтер – 29,2%-ды құрады.

       2010 жылы баға деңгейі жұмыртқаға 2,2%, шикі сүтке – 0,2%-ға төмендеді. Бағаның көтерілуі сүт консервілеріне 0,3%, мал майына – 0,4%, кофе, шай және какаоға – 0,7%, ұнға – 0,8%, ет және құс етіне – 0,9%, қарақұм жармасына – 2,9%-ға байқалды.

       Бағаның өсімі кеңсе тауарларына 3,6%, темекі өнімдеріне – 3,5%, кітаптар мен газеттерге – 0,6%, фармацевтика препараттарына – 0,5%, жеке гигиена тауарларына, киім мен аяқ киімге – 0,3%-дан құрады.

       2010 жылда Қазақстан Республикасындағы тұтыну бағасының индексі 100%-ды құрады. Баға азық-түлік тауарлары мен ақылы қызмет көрсетулерге өткен айда 0,1%-дан төмендеді, ал азық-түлік емес тауарларына 0,4%-ға өсті.

       Бағалар бензинге 0,2%, дизель отынына – 0,3%-ға өсті. Білім беру қызметтері 0,5%, мейрамханалар мен қонақ үйлер – 0,6%, жолаушылардың темір жол көлігі – 2,4%-ға қымбаттады.

       Инфляцияны өсіруші, сөйтіп, экономиканы «Голланд ауруына» әкеліп тіреуші қоздырғыш күші әлеуметтік төлемдердің еселеп арттырылуы болып шықты. Бір жағынан халыққа жақсылық жасағандай, ал сол жақсылық экономикаға кері әсерін тигізіп отыр. Мұны экономика тілінде «Голланд ауруы» дейді. Біреулер Қазақстанды «Голланд ауруымен» үрейлендіре бастағанына екі-үш жылдың жүзі болды. Бірақ ондай дерттің алуы мүлде алыс. Оған себеп Қазақстан экономикасы әлі де болса ондаған, тіпті жүздеген миллиард доллар көлеміндегі инвестицияны ағзасына сіңіре алатын, қазақшалап айтқанда мүлде «шөліркеп қалған» субъект.  

       2.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық циклдің ерекшеліктерін талдау 

       Сонымен біз инфляцияны екі типке бөлдік – сұраныстың артуынан және шығындардың  өсуінен болатын. Күнделікті өмірде бұл екі типті ажырату өте қиын. Мысалы, денсаулық сақтау шығындары тез арада өсті, артынан жиынтық шығыны көбейді, бұл сұраныс инфляциясын тудырады. Егер тауарларға, ресурстарға сұраныс өссе, онда кейбір фирмаларда материалдарға, ресурстарға, жанармайға шығын өсіп жатқандығы байқалады. Сол кезде өндіріп жатқан тауарлардың бағасын көтеруге мәжбүр болады.

       Өндірістік  шығындар өсуі салдарынан сұраныс инфляциясы пайда болады. Бірақ көптеген фирмалар оны инфляция шығыны деп ойлайды. Бұл екі типтің қайсысы екенін ажырату қиын.

       Сұраныс инфляциясы жиынтық шығындар болғанда байқалады. Ал инфляция шығыны автоматты  түрде өз-өзінен жоқ болады. Ұсыныс азайған кезде нақты ішкі өнім көлемі және айналым қысқарады. Бұл  шығындардың өсуіне кедергі болады.

       Инфляцияның үйлестірімді әсері. Ал енді инфляцияның зардабын зерттейік. Біріншіден, инфляция табысты қалай жіктейтінін және ЖІӨ-ге қалай әсер ететінін көрелік.

       Баға  деңгейі және ЖІӨ арасында белгілі  бір қарым-қатынас бар. Нақты көлем  және өндірістік бағалардың деңгейі  бір қалыпта көтеріледі немесе қысқартылады. Бірақ соңғы 20 жыл ішінде көптеген оқиғалар болды. Мысалы, нақты өндірістік көлем қысқартылып, ал бағалар өсіп жатады.

       Нақты өндірістік көлем белгілі бір  деңгейде тұр, барлығы жұмыс істеп  жатыр. Нақты өндірістік көлемнің және табыстың өскенін елестетелік. Бұл жерде инфляцияның әсер етуін және табыс жіктелуін көре аламыз.

       Егер  ұлттық табыс өзгермеген болса, онда инфляция қалай әсер етеді?

       Атаулы  және нақты табыс. Бұл сұраққа жауап беру үшін біз атаулы табыс және нақты табыстың айырмашылығын білуіміз керек.

       Атаулы  табыс – бұл айлық немесе пайыз  түрінде алынған ақшаның саны.

       Нақты табыс – бұл тауарлар саны немесе қызмет, яғни біз осы табыс арқылы атаулы табысты сатып аламыз.

       Егер  атаулы табысыңыз бағаның өсу  деңгейіне қарағанда тезірек өссе, онда нақты табыс өседі. Және, керісінше, егер баға өсу деңгейі атаулы табыс деңгейіне қарағанда тезірек өссе, онда нақты табыс азаяды.

       Тұрақты атаулы табыс алушылар. Атаулы және нақты табыс арасындағы айырмашылық  бізге белгілі. Тұрақты атаулы табыс алған адамдарға инфляция жазалаудың бір түрі. Инфляция тұрақты табыс алушылар арқылы, басқа адамдар тобына табысты жіктейді.

       Негізгі  мақсатты  орындау үшін Ұлттық Банкке  мынадай  міндеттер жүктелген:

        - мемлекеттің ақша – кредит  саясатын әзірлеу және жүргізу;

        - төлем жүйелерінің  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  ету;

        - валюталық реттеуді және  валюталық   бақылауды жүзеге асыру;

        - қаржы жүйесінің  тұрақтылығын  қамтамасыз етуге ықпал  ету.

       Жалпы алғанда, инфляцияға  қарсы саясаттың  ұзақ мерзімдік стратегиялық  және  күнделікті  жүргізіліп  отыратын ағымдық, тоқтаусыз  тактикалық  түрі болды.

       Монетарлық  саясат негізінен  күнделікті  жүргізіліп отыратын, айналымдағы ақша  көлемін  қадағалап  реттейтін  тактикалық  саясат түріне жатады.

Инфляция және циклдің теориялық аспектілері