Инфляция және валюталық бағам
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ХЫЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС АКАДКЕМИЯСЫ
“ЭКОНОМИКА
ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА” КАФЕДРАСЫ
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Инфляция
және валютаның айырбас бағамы.
Орындаған: Қабаева А. И.
Алматы
2010
Жоспар
Кiрiспе ……………………………………………………………………… 3
- Инфляция
- Инфляцияның мәнi, түрлері және себептер……………………….. 5
- Инфляцияның
себептерi……………………………………………....
. 8 - Инфляцияның
әлеуметтік – экономикалық зардаптары...................
12
- Валюталық бағам және оның мәні
2.1.
Валюталық бағам түсінігі......................
2.2.
ҚР-да валюталық қатынастарды мемлекеттік
реттеу.………….……21
Қорытынды……………………..….………………………
Пайдаланылған
әдебиеттер …….……………………...……………….
29
Кiрiспе
Инфляция мен валюталық бағам тығыз байлаысқан. Неғұрлым валюталық бағам күрт және қатты өзгеріске ұшыраса, соғұрлым еліміздегі инфляция жағдайы нашарлайды. Бұндай диспропорция, бiрiншiден тауарлар массасының аздығына қарамастан, мемлекет өз шығындарын өтеу мақсатында қағаз ақшаны көп шығаруынан болады.
Инфляцияның мәнi – ол тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiңбағасының өсуi және тауар тапшылығы мен қызмет сапасыныңтөмендеуi салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндiгiнiң құлдырауы.
Курстық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк рынокта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы елiмiз үшiн маңызды. Өйткенi бiздiң экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де әсер етедi.
Жалпы курстық жұмысым екі бөлiмнен тұрады. Бiрiншi бөлiмде, инфляцияның мәнiн, себептерiн, түрлерін толық сипаттап, ал екiншi бөлiмде валюталық бағам мен төлем балансы қарастырылды және ҚР-сы валюта жүйеснің даму барысы мен валюталық жүйені жетілдіру мәселелері қарастырылдым.
Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым бiрiншiден, жалпы халықаралық валюталық жүйенiң түсiнiгiне және құрылымына, оның оның пайда болу себептерi мен негiзiн құраушы элементтерiне, валюталық бағам және оған әсер етушi факторларға тоқталып, екiншiден Қазақстан Республикасының халықаралық валюта жүйесiндегi орнын, елiмiздегi валюталық операциялар мен валюта бағамының жағдайын қарастырып өту және оларды ұлттық экономика дамуына қосар үлесiн қарастыру.
Бұл мақсатқа жету барысындағы негізгі мiндеттерге мыналар жатады:
- Инфляция мен халықаралық валюталық жүйенiң түсiнiгiн анықтап, оның пайда болуының себептерiн талдау;
- Инфляция мәнін, себебін және халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi элементтерiн анықтау;
- Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясатын, сонымен қатар валюталық жүйенің дамуындағы ұлттық валютаның даму тарихы мен валюталық нарықтың негізгі элементтеріне тоқталып өту;
- Қазақстан Республикасындағы инфляция мен валюталық жүйенiң қалыптасуы мен қазiргi жағдайы қарастыру болып табылады.
- Инфляцияның теориялық негіздері
- Инфляцияның мәнi, түрлері
Инфляцияның мәнi – ол тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiң бағасының өсуi және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуi салдарынан ақшаның құнсыздануы, оныңсатып алу мүмкіндiгiнiң құлдырауы. Инфляция - қоғамдық ұдайы өндiрiстегi диспропорцияның көрiнiсi. Ол мемлекеттiң табысы мен шығынының үйлеспеуi салдарынан кездесетiн кез-келген экономикалық формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салдары арасында, коммерциялық құрлымдар, халықтың топтары мен мемлекеттiң және шаруашылық субъектiлерi арасында қайта бөлуге тiрейдi.
“Инфляция” (латынша- inflatio) терминiн қазақшаға аударғанда “қабыну, iсiну” деген сөздi бiлдiредi. Шындығында да, қауырт жағдайларда мемлекеттiк шығындарды қағаз ақша шығарумен қаржыландыру ақша айналымының күрт “көтерiлiп”, қағаз ақшаның құнсыздануына әкеп соқтырады. Оны әр елдегi соғыс жылдарындағы ақша айналысынан байқауға болады. мысалы, АҚШ-тың бостандық үшін 1775-1783 жылдары соғыс және 1861-1865 жылдары Азамат соғысы (оныңсоңғы екi жылында доллардың сатып алу мүмкіндiгi 60 пайызға дейiн төмендеген); XIX ғасырдың бас кезiндегi Англияның Наполеонға қарсы соғысы; 1789-1791 жылдары француз революциясы. Әсiресе, Бiрiншi дүниежүзілік соғыстан кейiн Германияда инфляция жоғары қарқынға жеттi, 1923 жылы күзiнде айналымға ақша массасы 496 квинтиллион рейхсмаркаға жетiп, ал ақша өлшемi триллион есе құнсызданды. Осы келтiрiлген тарихи мәлiметтер инфляцияның бұрыннан келе жатқан феномен екенiн дәлелдейдi.
Ал қазiргi инфляцияға тән бiраз ерекшелiктер бар. Олар:
- егер бұрын инфляция бiр жердiң шеңберiнен аспаса, қазiргi инфляция елдiң бүкiл жерiн қамтиды;
- егер бұрын инфляция бiр мезгiлде ғана әсіресе, қазiргi инфляция көп уақытқа созылған құбылыс;
- егер бұрын инфляция тек ақшаның әсерiнен туындаса, қазiргi инфляция көптеген ақшасыз факторларға байланысты болды.
Инфляцияны келесiдей белгiлерiне байланысты жiктеуге болады:
- Инфляциялық процестiң сипатына қарай:
- ашық инфляция, яғни бағаға ешқандайда кедергi болмайды, оның еркiн өсуi байқалады;
- жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатаңбақылау жасап отырады;
- инфляциялық шошыну, яғни бiр мезетте бiрден баға өсiп кетедi.
2. Таралу орнына қарай: - локальдық инфляция, яғни баға бiр ғана елдiң шекарасында өседi;
- дүниежүзілік инфляция, яғни кейбiр елдер топтарын немесе барлық ғаламдық экономиканы түгелдей дерлiк қамтиды.
3. Бағаның өсу қарқынына қарай:
- баяу инфляция - баға баяу қарқынмен бiртiндеп жылына 10%-ғана өседi.
- орташа инфляция - баға тез қарқынды жылына 20-дан 200%-ке дейiн өседi, ондай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтiк зардаптарға шалдықтырады;
- ұшқыр инфляция - баға жылына 500-ден 1000%-ке дейiн және одан жоғары қарқынмен өседi. Ұшқыр инфляция ақша жүйесінiң құлдырауына әкелеп соғады. Мұндай жағдай да ақша өзiнiң атқаратын қызметтерiн жоғалта бастайды.
Өнеркәсiбi дамыған елдер үшін бiрiншi түрі тән болса, ал дамушы елдер үшін екiншi және үшіншi түрлері тән болып келедi.
Инфляцияның
қарқыны статистикалық
Тұтыну
бағаларының индексi 275-ке жуық тауарлар
мен қызметтердiң аттарын
Дүниежүзілік тәжiрибе инфляцияны мына шартты түрлерге бөледi;
- экономикадағы қамтитын аумағына байланысты жергiлiктi және әлемдiк инфляция;
- жүру қарқынына байланысты- бiркелкi (баға үнемi төмен қарқынмен өседi), үздiксiз және сатылы (бiр қалыпты емес) инфляция;
- даму қарқынына байланысты- жылжымалы инфляция- онда бағаның өсу қарқыны жылына 5-10 проценттен аспайды; қарқынды инфляция – онда бағаның өсу жылына орташа 10 проценттен 50 процентке дейiн (ал кейде 100 процентке) жетедi; ұшқыр инфляция ( гиперинфляция)- онда бағаның өсуi жылына 100 проценттен асады; Халықаралық валюта қоры баға айына 50 проценке өссе,оны ұшқыр инфляцияның iшiндегi аса ұшқыр инфляция (супергиперинфляция) деп атайды. Егер инфляция өндiрiстiң құлдырауымен ұштасса оны стагфлияция деп атайды;
- әсер ететiн факторлар бойынша – сұраныс инфляция және шығын инфляциясы.
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте, төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде кағаз ақшаларды шығаруға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға, удайы өндірістің тұрақты факторыиа айналды.
Инфляция қарқынының жай, орташа журуі кезінде бағанын өсуі 10%-тен аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнешілер, мұндай инфляцияны экономикалық даму ушін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді эконо-микалық саясат жургізуші субъекті деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік береді.
Жоғары қарқынды инфляция тұсында бағаның өсуі 20-дан 200 процентке жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ көптеген контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады. Аса зор, шексіз инфляция (гиперинфляция) айналысындағы ақша мөлшері мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы, Никарагуада, азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300%-ке дейін жетті. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты тобына да қиын болады. Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляцияны басынан еткізген біркатар елдерде бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынынан әлдекайда жоғары.
Инфляция – бұл кез – келген экономикалық даму үлгiсiне тән объективтi құбылыс. Инфляцияның себептерi айналыс және өндiрiс саласында орын алады.
Қазiргi инфляция келесiдей факторларға байланысты болып келедi:
-
Ақша айналысының факторларына:
бюджет тапшылығын жабуға
- Ақшалай емес факторларға: қоғамдық өндiрiстегi теңсiздiкке, шаруашылықтың шығындық механизмiне, мемлекеттiң экономикалық, саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.
Сұраныс инфляциясы ақшалы факторларға байланысты туындайды, яғни айналыстағы ақша массасы көтерiлiп, соның салдарынан төлем қабiлетi бар сұраныста жоғары болады. Ал сол кездегi бiрқалыпты баға жағдайында өндiрiстiң оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайдды. Сөйтiп жиынтық сұраныс экономиканың өндiрiстiк мүмкіндiктерiнен жоғарылап, бағаның көтерiлуiне соқтырады.
Ақша массасының “көтерiлуi”
себептерiнiң ең негiзгiсi - әскери
шығындардың өсуi, яғни шығарылған
әскери техника күнбе-күнге
Алмаған жағдайда баға өседi. Осыдан кейiн өндiрiстiң құлдырауына,оның тиiмдiлiгiнiң төмендеуне және инфляцияның қарқындауына себепшi факторлар әсер ете бастайды.
Сөйтiп,
сұраныс инфляциясы кезiнде шектелуi
ұсыныспен салыстырғанда
Сұраныс инфляциясы келесiдей факторлардың әсерiнен туындайды:
- әскери шығыстардың өсуi, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда пайдалану қажеттiгiнен, нәтижесiнде ақша баламасы айналыс үшін артық болып қалады;
- мемлекеттiк бюджет тапшылығы және iшкi қарыздардың өсуi, яғни мемлекеттiң қыска және орта мерзiмдi мiндеттемелерiн шығару есебiнен бюджет тапшылығын жабу, нәтижесiнде мемлекеттiңiшкi қарызы артады;
- несиелiк
экспанциялау, яғни елдiң орталық
банқiнiң коммерциялық банктер
мен үкiметке несие беретiн
несиелер көлемiнiң ұлғаюын
- импортталған
инфляция, яғни шетел валюталарын
сатып алу барысында тауар
айналымына қажеттiлiктiң
-
ауыр өнеркәсiп саласына өте
көп мөлшерде инвестиция
Шығын инфляциясы өнiмге баға белгiлеуде әсер ететiн ақшасыз факторларға байланысты туындайды. Ол ең алдымен жалақы төлеуге шығындардың өсуi.
Тауар бағасының өсуi халықтың табысын төмендетiп, жалақыны қайта индекстеу қажеттiгiн талап етедi. Жалақы өсуi өз кезегiнде өнiмдi өндiру шығындарыныңөсуiне, пайданыңтөмендеуiне, қолданып жүрген баға бойынша шығаратын өнiм көлемiнiң қысқаруына әкеп соқтырады. Пайданы сақтап қалу мақсатында өндiрушiлер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады. Нәтижесiнде инфляциялық серiппе пайда болады: бағаныңкөтерiлуi жалақыныңөсуiн талап етсе, жалақының өсуi бағаны көтередi. Бұл жалақы мен бағаның “инфляциялық серiппе” теориясы деп аталады.
Шығын инфляциясы өнiмнiңәр бiр өлшемiнiңшығыны көтерiлiп, соған байланысты баға өскенде ғана пайда болады. Алайда жалақы бағаны құрайтын элементтердiңтек бiреуi ғана. Сонымен қатар тауар өндiрiсi шикiзат, энергия көздерiн алу, транспорт қызметiн алу, транспорт қызметiн төлеу шығындары көтерiлуiне байланысты да қымбаттайды. Шикiзат пен энергия ресурстарының және оларды тасымалдаудың қымбаттауы, яғни материалдық шығынының өсуi бүкіл әлемде болатын заңды процесс. Оған қарсы тұратын фактор - өнiмнiң әр бiр өлшемiнiң шығындарын төмендететiн жаңа технологияны пайдалану.
Өнеркәсiбi
дамыған елдерде жылжымалы
- Инфляцияны мемлекеттік реттеу
Қазақстандағы инфляция барлық ТМД елдерi сияқты ел экономикасының мемлекеттiк монополияланған жүйеден нарықтық қатынастарға өту кезiндегi өзгерiстерге байланысты. КСРО –ның халық шаруашылығындағы инфляция көптеген жылдар бойы мойындалған жоқ. Кеңес жүйесiнiң экономикасы жағдайында инфляция болуы мүмкін емес, ол тек капиталистiк өндiрiс тәсiлiне тән деген үзiлдi – кесiлдi тұжырымдар айтылды.
Қазақстандағы қазiргi ифляцияның себептерiн нарықққа өтуге дейiнгi инфляцияны тудыратын факторлардан iздестiру керек. Олардың ең бастысы –шаруашылықты басқарудың жоспарлы - бөлу жүйесі. Ол шаруашылықтың шығынды механизм қалыптастыруға, халық шаруашылыығында материалды-ақшалық үйлесiмсiздiктiң тууына мүмкіндiк жасап, экономиканың барлық салаларына зиян шеккiзедi. Әсiресе:
- Ұлттық өнiмдi жнақтау қорына және тұтыну қорына бөлiп, соның негiзiнде инвестициялқ саясат жүргiзуде;
- құрал жабдықтарды өндiру және тұтыну тауарларын өндiру салаларында;
- мемлекеттiк баға белгiлеу жүйесінде;
- мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсi мен шығынында;
- несиелiк және қаржлық ресурстарды қалыптастыруда байқалды.
Қазiргi инфляцияның бiр көрiнiсi –тауар тапшылығы бiздiң экономикада ондаған жылдардан берi байқалуда, онң түпкi себептерi:
- бұрынғы КСРО-ның20 жылдар аяғынан бастап бұрынғы нарықтық құрылымдарды жоя бастауы;
- бұрынғы КСРО экономикасында көп жылдар бойы үйлесiмсiздiк қалыптасты, яғни бiр жағынан өндiрiстiк құрал-жабдықтар шығаратын ауыр өнеркәсiп жедел қарқынмен дамыса, екiншi жағынан , тұтыну құралдарын өндiретiн салалар қарқынсыз жәй дамиды. Ол-салалар ауыл шаруашылығы , тамақ, жеңiл және басқа өнеркәсiп салалары.
- бұрынғы КСРО-ның Ұлттық табысының жартысына жуығы жинақтау қорына кетсе, алдыңғы қатардағы өркендеген мемлекеттерде ол-15-25 пайыз болды;
- бұрынғы КСРО Ұлттық жиынтық өнiмiнiң 25-30 пайызы ғана тұтыну қорын құраса, өркендеген елдерде ол көрсеткiш 60-65 пайыз болды. Жалақы да өте төмен, яғни ол Ұлттық табыстың 1/3 бөлiгiн құрады, ал өркендеген капиталистiк елдерде ол 2/3 бөлiгi болды.
Сөйтiп бiздiң елде инфляция тудыратын себептер көп жылдар бойы қалыптасты. Бiрақ жоспарлы – әкiмшiлiк экономика жағдайында ол басылыңқы сипатта өрбiдi. Көптеген тауарлар бағасын өндiрiстегi, сұраныс пен ұсыныстағы өзгерiстердi есептемей тұрақты қалыпта немесе төмен денгейде ұстап тұру кейбiр тауарлар мен көрсетiлген қызмет бағасының олардың құны мен салстырғанда әлдеқайда көп ауытқуына әкеп соқтырады. Мемлекет жүйелi түрде көтерме , сатып алу бағаларын қайта қарап, ал бөлшек саудададғы бағасын өзгерiссiз төмен қалыпта қалдырды. Бұл бағалар еңбектiң қажеттi қоғамдың шығындары мен өнiмнiң сапасын, олардың тұтыну қасетiн, оларға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын көрсеткен жоқ, ол әлемдiк денгейден бiраз ауытқыды.
Сөйтiп тауардың көтерме, сатып алу бағасы мен бөлшек саудададғыы бағалары арасындағ үйлесiмсiздiк жылдан-жылға тереңдей түстi. Оған мемлекеттiк бюджеттен дотация берiлiп отырды. Бұл тауар өндiрушiлердiң көтерме және дара бағаларды көтере белгiлеуге деген ұмтылысын күшейтiп, соның әсерiнен кейбiр тауарлардың тапшылығына және кейбiреулерiнiң сауда орындары мен өнеркәсiпте жналып қалуына әкеп соқтырды.
Өндiрушiлердiң өнiмiнiң сапасын жақсартып, оның өз құнын төмендетуге ынтасы болмады. Нәтижесiнде жылма-жыл сауда оырндарында тауарлар кем бағамен сатылып, немесе шығынға жазылып отырды. Осының бәрi “жабық” ифляцияның айғақ белгiлерi.
Қазақстанда 1992 жылдан бастап нарықтық өзгерiстер аясында жүргiзiлген баға белгiлеудi босату шаралары бағаныңкенет көтерiлуiне, сонымен бiрге инфляцияның қарқындап өсуiне әсер еттi. 1993 жылы айналымдағы ақша массасы 6,3 есе, ал баға 21,7 есе өстi. 1994 жылы ақша массасы мен инфляция қарқыны әрқайсысы 845 және 125 процентке өстi, осы көрсеткiштер 1995 жыл 216 және 160 пайыз болды. Ал 1996 жылы ақша массасының өсу қарқыны одан әрi баяулап, инфляцияның бiртiндеп төмендеуiн байқатты.
Жалпы
экономикадағы инфляция денгейiн
тұтыну бағасының индексi көрсетедi.
Ол үй шаруашылығының“тұтыну
Тәуелсiз
Қазақстанның тәжiрибесi инфляцияға
қарсы күресте энергоресурстарына, монополды
құрылымдардың өнiмiне және транспорт
қызметтерiне баға белгiлеуде , сондай-ақ
өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығы өнiмдерiне
баға қайшысын жоюға мемлекеттiк
реттеудiң қажеттiлiгi аңғартты.
- Инфляцияның әлеуметтік – экономикалық зардаптары
Инфляцияның әлеуметтiк – экономикалық зардаптары төмендегi жағдайлардан: тауарлар бағасының өсуiнен, халықтың ақшалы жинағының, шаруашылық субъектiлерiнiң және мемлекеттiк бюджет қаржысынң құнсыздануынан, халықтың экономикалық белсендiлiгiнiң төмендеуi мен жұмыссыздықтың көбеюiнен, Ұлттық валютаның сатып алу мүмкіндiгiнiң төмендеуi мен басқа валюталарға қарағанда оныңнақты курсының бұрмалануынан, көлеңкелi экономиканың белсендi өсуi мен оныңсалық төлеуден жалтаруы және көптеген көлеңкелi процестерден байқалады.
Инфляция зардаптарын жойып, ақша айналамын тұрақтандырудың негiзгi әдiстерi- ақша реформасын жүргiзу және инфляцияға қарсы басқа да саясаттар жүргiзу.
Тарихта ақша реформасын жүргiзуiндегі формасы бар:
- жаңа ақша жүйесін құру- ол алғашқы металл ақша жүйесін құрғанда, сонымен қатар мемлекеттiк құрылым өзгергенде, отаршылық жүйе құлап, оның орнына отаршылықтан арылған саяси тәуелсiз мемлекеттер пайда болғанда және 90-жылдардың басында КСРО-ның орнына ТМД елдерi құрағанда бұл елдердiң даму ерекшелiктерiне байлансты өзiне тән жаңа ақша жүйесі пайда болды;
- ақша жүйесінiң кейбiр элементтерiн өзгерту, яғни жаңа ақша өлшемiн енгiзу, баға масштабын, ақша түрлерін және т.с.с. өзгерту.
Соғыс және революциядан
Нуллификация - ол құнсызданған ақшаны жойып, орнына жаңа валютаны енгiзу әдiсi. Мысалы, 20 жылдары Германияда соғыстан кейiнгi ұшқыр инфляцияның нәтижесiнде рейхсмарка құнсызданып, 1924 жлы енгiзiлген жаңа маркаға 1:1 трлн.ескi рехсмаркаға арақатынасымен айырбасталды. Сөйтiп құнсызданған ескi марка жойылды.
Реставрация- ол ақша өлшемiнiң бұрынғы алтын құрамын қалпына келтiру. Мысалы, Англияда Бiрiншi дүниежүзілік соғыстан кейiнгi 1925-1928 жылдардағы ақша реформасы кезiнде фунт стерлингтiң алтын құрамы соғысқа дейiнгi қалпына келтiрiлдi. Ал Екiншi Дүниежүзілік соғыстан кейiн реставрация – ревальвация ретiнде доллармен салстырғанда Ұлттық валютаның ресми курсын көтеру арқылы жүргiзiлдi. Содан кейiн Халықаралық валюта қоры ақша өлшемiнiңалтын құрамын тiркеуден өткiздi.
Девальвация-
ақша өлшемiнiң алтын құрамын
Деноминация-ол “нольдердi сызу” әдiсi, яғни баға масштабын iрiлендiру. Мысалы, КСРО-да 1961 жылдың1 қаңтарынан бастап баға масштабы 10 есе iрiлендiрiлдi, 1961 жылы шыққан жаңа 1 рубль ескi 10 рубльге теңалмастырылды. 1988 жылы Бразилияда енгiзiлген жаңа ақша өлшемi –нокрузадо бұрынғы құнсызданған 1000 крузадоға эквиваленттi болды. 1998 жылы Ресейде де рубльге деноминация 1:1000 ескi рубльге арақатынасымен жүргiзiлдi.
Инфляциямен күрес әдiстерi- мемлекеттiң экономиканы реттеудегi жүргiзiлетiн iс-әрекеттерiнiң жиынтығы.
Инфляцияны жұмсарту және оны жеңуге мемлекет ифляцияға қарсы шаралар жүргiздi:
- баға мен жалақыны реттеу;
- жалақыны және басқа да табысты индексациялау бағаныңөсуiне байланысты оларды да ұлғайту;
- қаржы-несие жүйесін сауықтыру
- күштi, инфляция мен экономииканың құлдырауы кезiнде ақшаны жаңадан пiшiндеу: ақша жүйесін толық және бөлшектеп жаңарту сондай-ақ ақша айналымын теңестiру шаралары жүргiзiледi.
Жалпы экономикадағы инфляция деңгейін тұтыну бағасының индексі (ТБИ) көрсетеді. Ол үй шаруашылығының "тұтыну қоржының" үлес салмағын есептеу негізінде бірсыпыра тауарлар мен көрсетілген кызмет бағасының өсу индексінің қорытындысымен есептелінеді. Қазақстанда ТБИ 1991ж. белгіленді. "Тұтыну қоржынына" біздің елде 275 тауарлар мен қызмет түрлері кіреді. Бағаның және тұтыну тауарлары құрылымының өзгеруі ескеріліп ТБИ-нің құрылымы да алсін-әлі қайта қаралады. 1995 жылғы әр отбасының бюджетіп тексеру нәтижесіне байланысты 1996ж. шілдеден бастап "тұтыну қоржынының" төмендегідей құрамы бекітілді: азық-түлік - 62,6 процент (бұрынғысы 58,2), азық-түлік емес тауарлар - 23,2 процент (бұрынгысы 30), көрсетілетін ақылы қызмет 14,2 процент (11,8) құрайды.
Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары төмендегі жағдайлардан: тауарлар багасының өсуінен; халықтың ақшалы жинағының, шаруашылык субъектілерінің және мемлекеттік бюджет қаржысының кұнсыздануынан; халықтың экономикалық белсенділігінің төмендеуі мен жұмыссыздықтың көбеюінен; ұлттық валютаның сатып алу мүмкіндігінің төмендеуі мен басқа валюталарға қарағанда оның нақты курсының бұрмалануынан, көлеңкелі экономиканың белсенді өсуі мен оның салық төлеуден жалтаруынан және с.с. көптеген көлеңкелі процестерден байқалады.
Инфляцияның
зардаптарын жойып, ақша айналысын
тұрақтандырудың негізгі
Тарихта ақша реформасын жүргізудің екі формасы бар:
• бірінші, жаңа ақша жүйесін кұру - ол алғашқыда металл ақша жүйесін құрғанда, сонымен қатар мемлекеттік құрылым өзгергенде, яғни отаршылық (колониялық) жүйе құлап, оның орнына отаршылықтан арылған саяси тәуелсіз мемлекеттер пайда болғанда және 90-жылдардың басында КСРО-ның орнына ТМД елдері құрылғанда бұл елдердің даму ерекшеліктеріне байланысты өзіне топ жаңа ақша жүйесі пайда болды;

- Инфляция және жұмыссыздық
- Инфляция және ҚР экономикалық дамуындағы инфляцияны жою жолдары
- Инфляция және циклдің теориялық аспектілері
- Инфляция : зарубежный опыт и проблемы России
- Инфляция: зарубежный опыт и проблемы России
- Инфляция: зарубежный опыт и проблемы России
- Инфляция зарубежный опыт и российская практика
- Инфляция, ее сущность и формы проявления
- Инфляция, ее сущность, типы, методы борьбы
- Инфляция: ее сущность, формы и социально–экономические последствия. Антиинфляционные мер
- Инфляция: её сущность, формы и социально-экономические последствия. Антиинфляционные меры
- Инфляция: её сущность, формы и социально-экономические последствия. Антиинфляционные меры
- Инфляция , ее сущность, формы и социальные последствия
- Инфляция,её функции и сущность