Инновациялық қызмет

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ.................................................................................................................3

1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ

1.1 Кәсіпорындағы инновациялық қызмет, оның мәні, маңызы және жіктелуі....................................................................................................................4

1.2 Ғылыми – техникалық прогрестің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі..................................................................................................................7

2 «УРКЕР КОСМЕТИКС» ПКФ-НЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ

2.1 «Уркер косметикс» ПКФ-ның өндірістік-шаруашылық қызметін талдау......................................................................................................................11

2.2 «Уркер косметикс» ПКФ-ның инновациялық қызметінің тиімділігін талдау......................................................................................................................16

3 КӘСІПОРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Кәсіпорынның инновациялық қызметін дамытудағы шетелдік озық тәжірибелерді қолдану..........................................................................................18

3.2 Кәсіпорынның инновациялық-стратегиялық қызметін жетілдіру жолдары..................................................................................................................20

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................23

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Біздің еліміздің болашағы  - оның интеллектуалды қоры, ғылымы және инновация жетістіктерінде. Бұл  сөздер Президент Н.Ә. Назарбаевтың халық-қа арналған жолдауында айтылған болатын. Өмір өзі көрсеткендей, шикізат сатуға бейімделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы ғылым жетістіктеріне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті. Сондықтан да, ғылымға және ғылыми – техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлуі тиіс. Міне, осы курстық жұмыстың өзектігі болып табылады.

2003 жыл индусртиялық – инновациялық стратегиямызды іске асырудың  алғашқы жылы болды. Елімізде даму институттары құрылып, олар қазірдің өзінде өңдеуші салаларды жақсартуға нақтылы жағдай жасай бастады. Даму банкі жарты миллиард доллардан астам сомаға 20 инвестициялық жобаға кредит бөліп отыр.

Жазылып отырған курстық жұмыстың басты мақсаты инновацияларды және инновациялық прогресті жан – жақты зерттеу, олардың жіктелуін көрсету, Қазақстан кәсіпорындарының инновациялық қызметіне талдау жасау. Курстық жұмыстың объектісі  - «Уркер косметикс» кәсіпорны, пәні  және аталмыш кәсіпорынның инновациялық қызметі болып табылады.

Бұл курстық жұмыста көптеген әдебиеттер қолданылған. Ол дегеніміз – газеттер, журналдар және кітаптар.

  «Қазақстан  - 2030» стратегиясының ең тұтқалы басымдылықтарының бірі экономиканың теңгерімді дамуының, жалпы ұлттық өнімін құрайтын шикізатты жоғары технологиялы, оның ішінде экспорттық өнімге кезең  - кезеңмен алмастыру және елдің ғылыми – техникалық әлеуетін тиімді пайдалану негізінде экономикалық өсу болып табылады.

Қазақстанда бұл үшін барлық алғы шарттар бар. Бұл –  бай табиғи ресурстар, бос өндірістік қуаттардың болуы, жеткілікті білікті ғылыми  - техникалық қызметкерлер және жоғары жалпы білімділік деңгейімен ұштасқан арзан жұмыс күші, бірқатар технологиялық тұрпаттар бойынша дайындықтардың  болуы.

Сонымен бірге, бірқатар бөгеуші факторлар да бар. Атап айтқанда, соңғы жылдары Қазақстанның технологиялық тез мешеуленуінің деңдеген кезі болды. Қазіргі өндірістің тұқыртылуы, өндіргіш күштердің индустриясыздануы, өндірістің абсолюттік көрсеткіштерінің күрт қысқаруы және жанбасылық, тұтыну мен қорланудың төмендеуі тегеурінді экономика-лық даму үшін республиканың аттаныс жағдайын едәуір күрделендіреді.

Экономикалық қарым  – қатынастардың жалпы жүйесінде  инновациялық қызметке негізгі орын беріледі, өйткені елдің экономикалық қуаты оның ақырғы нәтижелерімен - өндіріс тиімділігін көтерумен  ғылымды қажетсінетін өнім көлемін өсірумен айқындалады.

 

1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ  НАРЫҚТЫҚ 

             ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ

    1. Кәсіпорындағы инновациялық қызмет, оның мәні, маңызы және        

                        жіктелуі

Кәсіпорынның инновациялық қызметі  - бұл жаңа  немесе өнімнің  жақсартуы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми – техникалық және зияткерлік әлеуметтік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын  қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.

Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:

  • өнімділік;
  • үдерістік;

Жаңа өнімді өндіріске  енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделінеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады.

Процестік инновация  - бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту.

Жаңалық дәрежедегі инновация  негізінде жаңа, яғни өткен, отандық  және шетелдік практикада ұқсастығы  жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталынады. Негізінде  өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады.

Инновацияның өмірілік кезеңі өзара байланысты процестердің және жаңалықтарды енгізу сатысының  жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірілік кезеңі уақыт аралығы ретінде  идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.

Кәсіпорынның инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары:

  • жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа

зертханалық үлгілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны  және бұйымдарды дайындауда ғылыми –  зерттеу және конструкциялық жұмыстарды жүргізу;

  • өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдың

қажетті түрлерін таңдап алу;

  • жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;
  • қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан өткізу

және жаңа техникалық үлгілерін енгізу;

  • жаңалықтарды іс-жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық  -

басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу;

  • қажетті ақпараттық ресустарды және инновацияны ақпаратпен

          қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;

  • қажетті ғылыми – зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу

үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді арнайы әдіспен іріктеу;

  • инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік

зерттеулерді жүргізу.

Жаңалықтардың енуін, талдануын, құрылуын қамтамасыз ететін басқарушылық, технологиялық және экономикалық әдістердің бірігуі кәсіпорынның инновациялық қызметін құрайды. Оның мақсаты – басқа фирмалармен бәсекелестігін жоғарылату және өндіру мен сату рентабельділігін жоғарлату.

Кәсіпорын инновациялық қызметте үлкен нәтижелілікке жету үшін белгілі бір объектіге негізделінуі керек және де ішкі және сыртқы орта факторларын ескеруі қажет. Ол үшін инновациялардың толық классификациясын, олардың қасиеттерін және де қаражаттану көздерін білу керек. Кәсіпорын қызметінің объекті ретіндегі инновациялардың классификациясы 1- кестеде толығымен көрсетілген. Жаңалықтардың мінездемесінің бірден – бір көрсеткіштері болып,олардың абсолютті және қатысты жаңалығы, басымдылығы мен прогрессивтілігі, унификация мен стандартизация деңгейі, бәсекелестігі, шаруашылықтың жаңа талаптарына сай болуы, модернизацияға бейімділігі, экономикалық эффективтілігінің көрсеткіштері, экологиялық қауіпсіздік және бағы басқа сайып келгенде, бұл көрсеткіштердің барлығын жаңалықтардың технико – ұйымдастырушылық деңгейінің және бәсекелестігінің көрсеткіштері деп атауға болады. Олардың маңыздылығы осы факторлардың кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелеріне әсер ету дәрежесіне байланысты болып келеді.

Инновациялық қызметтің  мотивтері болып сыртқы және ішкі факторлар саналады. Сыртқы мотивтері:

  • шаруашылықтың жаңа талаптарына кәсіпорынның бейімделуі;
  • салық, несие – ақша және қаржы саясатындағы өзгерістер;
  • сату нарығын жетілдіру мен динамикалау;
  • бәсекелестерді активизациялау;
  • конъюнктуралық тербелістер;
  • құрылымдық салалық өзгерістер;
  • жаңа арзан ресурстардың пайда болуы, өндіріс факторлар нарығының

кеңеюі демек, сұраныстың қысымы және тағы басқа.

Инновациялық қызметтің  ішкі мотивтеріне келесілер жатады:

  • сатудың көлемін ұлғайтуға ұмтылу;
  • нарық бөлігінің кеңеюі, жаңа нарықтарға көшу;
  • фирма бәсекелестігін жақсарту;
  • кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігі және қаржылық

тұрақтылығы;

  • ұзақ уақыт кезеңінде пайданы өсіру.

Мазмұны бойынша

  • Тауарлар
  • Қызметтер
  • Техникалық
  • Ұйымдастырушылық
  • Экономикалық
  • Экологиялық
  • Ақпараттық

Өңдеу мен тарату деңгейі  бойынша

  • Мемлекеттік
  • Республикалық
  • Регионалды
  • Салалық
  • Корпоративтік
  • Фирмалық

Жаңалық дәрежесі бойынша

  • Абсолютті
  • Салыстырмалы
  • Шартты
  • Жеке

Өңдеу мен тарату сфераларына  байланысты

  • Өндірістік
  • Қаржылық
  • Қызмет көрсету
  • Сату делдалдық
  • Білімдік – педогогикалық
  • Құқықтық

Инновациялық потенциалы бойынша

  • Радикалды
  • Шоғырланған
  • Модивикациялық

Қаражаттандыру көздеріне байланысты

  • Өз қаржылары
  • Тікелей бюджеттік
  • Қаржыландыру
  • Тартылған қаражат
  • Заемдық қаражаттар

Инновациялық потенциалы ерекшеліктеріне байланысты

  • Ұйым ішіндегі
  • Ұйым аралық

 

 

Инновациялық процестің  этаптарының    ұзақтылығына байланысты

 



1-кесте - Инновациялар мен инновациялық процестердің классификациялық

                                                   белгілері.

Ескерпе: [Ниязбекова, Р. К. Кәсіпорын экономикасы ,оқу құралы / Р. К. Ниязбекова, Б. А. Рахметов, П. Т. Байнеева ; ред. Қ. Өмірғалиева, К. Мөңкебаева. - Алматы : Экономика, 2008. - 791 б. - 1000]

 

 

    1.  Ғылыми – техникалық прогрестің экономикалық және әлеуметтік

тиімділігі 

  

Нарықтық экономика  жағдайында инновациялық қызметтің  тиімділігін талдау  қиындайды  және көп сатылылығын білдіреді. Талдаудың бірінші кезегінде – жаңа техниканы және технологияны қолдану қажеттілігін дәстүрлі қорытындылайтын техникалық деңгейдегі жеке көрсеткіштер және жаңа техника мен технологияның тиімділігі.

Техникалық ұйымдастырушылық деңгейінің экономикалық тиімділігін арттыру көрсеткіштері және өз деңгейінің көрсеткіштері, яғни техниканың, технологияның, ұйымдастырудың, басшылықтың ғылыми  - зерттеу және конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді әдіснамалық тұлға айыру қажет. Ең ақырында өндірістің техникалық – ұйымдасыру деңгейі өндірістік процестің негізгі  элементтерін пайдалану деңгейіде байқалады: еңбек, еңбек құралдары, еңбек заттары. Міне, сондықтан да, мұндай экономикалық көрсеткіштер, еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну, айналым қаражатының айналымдылығы ретінде өндірістің қарқынды ресустарын пайдалануды қамтитын жаңа техника мен технологияның экономикалық деңгейін арттыру көрсеткіші болып табылады. Жоғарыда аталған көрсеткіштер (еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну және айналым қаражатының айналымдылығы) қарқындатудың жеке көрсеткіштері деп аталады. Бұларды талдау техникалық ұйымдастырушылық деңгейінің нысаны бойынша жүргізу қажет. Жеке көрсеткіштер мен қатар қорытындылайтын көрсеткіштер де пайдалынылады.

Өндірістің технологиялық деңгейінің ең үлкен дәрежесі технологиялық  әдістік заттарға технологиялық  қарқындылық және технологиялық басқарылатын процестерге, оның бейімделу – ұйымдық деңгейіне әсер етуіне байланысты болады. Жобалауда, әзірлеуде және жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізуде бұл шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау төрт кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – бұл  инновациялық шараларды іске асыру  үшін қажетті шығындарды анықтау;

Екінші кезең – бұл қаржыландыру мүмкіншілік көздерін анықтау;

Үшінші кезең – Бұл жаңа техника  мен технологияны өндіріске енгізудегі экономикалық тиімділікті бағалау;

Төртінші кезең – бұл экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы салыстырмалы жаңалықтардың тиімділігін бағалау.

Жалпы түрінде ғылыми – техникалық прогресті жеделдету тиімділіктің бірнеше түрін жасайды: экономикалық, ресурстық, техникалық және әлеуметтік.

Экономикалық нәтижелілік –  бұл еңбек өнімділігінің артуы, еңбек және материалдық сыйымдылықтарды  төмендету, өнімнің өзіндік құнын  кеміту, пайданы өсіру және пайдалылықты одан әрі арттыру.

     Ресурстық нәтижелілік – бұл кәсіпорында ресурстарды босатып алу: материалдық, еңбек және қаржы.

     Техникалық нәтижелілік – бұл жаңа техника мен технологияны ашу, өнертабыс және оңтайландыру ұсынысы, ноу-хау және басқа да жаңа енгізілімнің пайда болуы.

    Әлеуметтік нәтижелілік – бұл халықты материалдық және мәдени – тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде мұқтаждарын қанағаттандыру, жағдай және техниканың еңбек қауіпсіздігін жақсарту, ауыр қол еңбегінің үлесін төмендету және тағы басқа.

     Бұл нәтижелерге қол жеткізуге болады, егер де үкімет тарапынан ғылыми – техникалық прогресті жеделдетуге толық жағдай жасалса.

     Қандай да кәсіпорын болмасын жаңа техника мен технология енгізгенде белгілі бір шығындарға ұшырайды. Жаңа техниканы енгізуге кеткен шығындар дегенімізде капиталдық енгізілімдердің, айнымалы қорлардың және адам еңбегінің қосындысын айтамыз. Экономикалық эффект келесі формула арқылы табылады:

 

Э - З   ,    (1)

 

     Мұндағы, Э - айырысу кезеңінде жаңа техниканы енгізуден болған экономикалық эффект тг;

    Р - айырысу кезеңіндегі жаңалықтардың құндық бағасының нәтижесі тг;

    З - айырысу кезеңінде жаңа техника мен технологияны енгізуге және тағы басқа сол сияқты жұмыстарға кеткен шығындарға құндық баға беру тг.

     Жаңалықтарды енгізудегі бүкіл кезеңі бойынша әр уақытағы шығындарды келесідей формула арқылы есептейміз:

 

Р = Р a ,   (2)

 

Мұндағы,  Р - t жылуындағы құндық баға;   

a – шығындар көрсетілімінің  коэффициенті.

     Келесі жылдардың шығындары мен капиталдық енгізілімдердің вариант бойынша уақыт факторын ескере отырып есептеу керек. Ол шығындар көрсетілімінің коэффициенті:

 

a =(1+Е) ,         (3)

 

Мұндағы, t – шығындар көрсетілімдердің коэффициенті;

Е - әр көлемдегі шығындардың  қабылданған нормативі;

Т – шығындар жылы мен нәтижелі жылын бір-бірінен айырылатын уақыт аралығы.

     Сонымен, қорыта келе инновация :

  1. Техникалар мен технологиялардың ауысымын қамтамасыз етуге

          байланысты экономикаға қаржы жұмсау;

  1. Ғылыми – техникалық прогрестің жетістігі нәтижесіндегі жаңа техника

          және технология екенін білдік. Инновацияны анықтайтын фактор – ол    

          өнертапқыштық, оңтайландыру, ірі жаңалықтарды жарыққа шығару

          болып табылады.

Инновациялар ғылымды қажет ететін технология негізінде инвестиция арқылы жаңа құрылыстар салуды және жұмыс істеп тұрған өндірісті қайта құруды  қамтамасыз етеді.

Инновацияның қаржылық базасы кәсіпкердің жеке меншігіндегі қаржысынан және қарыз қаражатынан құралады. Инновациялық менеджмент банк несиесі, бағалы қағаздар, ақша нарығына сүйеніп іс жасайды, инвестицияны қатыстыра отырып, өндірістік жаңа енгізілімін жүзеге асырады.

     Инновацияға қатысушылардың арасындағы қатыныстардың тиімділігін белгілеу: өндірістік субъектісімен, инвесторлармен (тапсырыс беруші), жұмыс атқарушылармен, жеткізушілермен, олардың жобалау жөніндегі қызметін үйлестіру, инновациялық жобалауды басқаруда назар аударатын мәселе – оның нәтижелілігін бағалау.

     Инновациялардың өмірлік циклі дегеніміз жаңалықтарды құрудың стадиялары  мен процестері.   Инновациялардың өмірлік циклі дегенді ойдың туумен сол негізінде пайда болған инновациялық өнім уақыт аралығын айтамыз.

     Инновациялардың өмірлік циклі туралы мәлеметті 1-суреттен көруге болады.                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

1- сурет - Инновациялардың өмірлік циклының жалпылама схемасы

2 «УРКЕР КОСМЕТИКС»  ПКФ-НЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН 

                                               ТАЛДАУ

2.1 «Уркер косметикс» ПКФ-ның өндірістік-шаруашылық қызметін талдау

 

«Уркер косметикс» парфюмерия – косметикалық фабрикасы қазіргі  уақыттағы қазақстандық ең негізгі косметика өнімдерін шығарушы кәсіпорын болып табылады. Қазақстан нарығында 1993 жылдан бастап қызмет етуде. Кәсіпорынның негізгі бизнесі – парфюмерлі косметикалық өнімдерді шығару мен өткізу. Бұл косметикалық өнімдерге: су сабын, крем, балаларға арналған косметикалық өнімдер, тазалық заттары сонымен қатар тұрмыстық химия өнімдері жатады.

     Кәсіпорында 240 адам жұмыс істейді. «Уркер косметикс» Қазақстан нарығында 1993 жылдан бастап жұмыс істегендіктен, химиялық шикізат шығарытын халықаралық масштабтағы лидермен, шикізатты, жеткізуші шетел фирмаларымен ұзақ мерзімді келісімдерге көп отырған. Оларға келесі фирмаларды жатқызуға болады: Cleariant, Asko Nobel, Bopelins, Goldsmidt (Германия), Floresans, Reno Fils (Франция), Pradoko (Австрия), Eurocompound (Бельгия), Bauer, Irlan Aticet (Турция), Olbright Vilsan (Ұлыбритания), Zohar (Израиль), IFF, Jar (Нидерланды), Tuba Ambalasa (Словакия).

     Кәсіпорын 1995 жылдың маусымынан бастап Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында өз бөлімшелерін ашқан. Осы бөлімшелердегі тармақталған дистрибьюторлық тор кәсіпорында шығарылған өнімнің 77% өткізіп отыр.

     «Уркер косметикс» ПКФ – бірдей технологиялық жүйемен қамтылған өндірістік кешен. Ол сапа стандарттарына сай кең ассортименттегі барлық косметика өнімдерін шығара алады. Кәсіпорынның келесі құрылыспен қамтылған:

  • өндірістік және қосымша корпус;
  • әкімшілік корпус;
  • қоймалық шаруашылық;
  • транспорттық блок;
  • локальді – тазалағыш құрылыс;
  • тереңдік бұрғыма;
  • насостық станция;
  • жылжыту пештарі;
  • буландыру пештері.

 

Өндірістік корпуста полимерлік ыдыс, тұрмыстық химия, ваннаға арналған паста, косметикалық кремдер, су сабын, гельдерді шығаруға арналған бөлімшелер бар. Косметикалық өнімдерді өндіру үшін қазіргі заманғы – технология мен батыс елдердің комьпютерленген желілермен, автоматтармен жабдықталған. Кәсіпорын жұмысын талдау кезінде өнім сату көлемінің өскендігін бақылауға болады. Оның себебі өнім өндіру көп көңіл бөлінді.Тұтынушыларға қызмет көрсетудің Van Sell жүйесінен аралас Van Sell жүйесіне және жекелеген аймақтарда Press Sell жүйесін енгізу 30 мөлшерде сауда нүктелері көбейді. Сонымен қатар бұл жүйені енгізгеннен кейін өнімді өткізуде кететін шығындар 19% - дан 16% - төмендеді.

     Қазіргі кезде компания ассортименті 4 өнімдік желіден тұрады:

1. Су сабын

2. Тіс пастасы

3. Кремдер

4. Тұрмыстық химия

     Белсенді жарнама жүргізу мен ассортиментті дамытудың есебінен сату көлемін ұлғайту көзделеді.

    1. жылы ассортименттік саясатты жүзеге асырғандықтан ол мұндай

мүмкіндіктерді береді:

1. Магия природы су сабынын модернизациялау;

2. 2002 жылдың мамырында жаңа Wear Black су сабынын нарыққа шығару;

3. Сошеттерде су сабынды шығару 2002 жылы сабынды сату көлемін айына 14 млн. теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік берді.

     2001 жылда тұрмыстық химия құрамында 3 ассортименттік тон болды. Олар:

  1. Ағартқыштар

2. Су жуғыш заттар

3. Тазалаушы ұнтақтар

     

Ал 2002 жылы ассортимент 5 топқа жетті. Олар:

1. Ағартқыштар

2. Су жуғыш заттар

3. Тазалаушы ұнтақтар

4. Кір жуғыш ұнтақтар

5. Ыдыс жууға арналған гель

     Өнімдерді өткізудегі 1 айдағы нарықтық потенциалдық сыйымдылығы: су сабын – 5 млн. дана, тіс пастасы – 4 млн. дана, кремдер – 2 млн. дана, тұрмыстық химия – 10 млн. дана. Шығарылған өнімді сатумен аймақтың сату бөлімшесі айналысады. Бұл бөлімшелердің барлығы 1 ақпараттық компьютерлік тормен біріктірілген. Қазақстан республикасы бойынша сауда сайын 7560 көтерме бөлшек саудасының сауда нүктелері бар.

 

 

 

 

 

2-кесте - “Уркер космитикс” ПКФ-ң технико – экономикалық көрсеткіштері

                                          (2007 – 2008 жж)

 

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2007

2008

Ауытқуы (+)/(-)

1

2

3

4

5

6

1

Дайын өнім өткізуден  түскен табыс

млн.тг

1 584 460

1 528 420

-56 040

2

Өткізілген дайын өнімнің  өзіндік құны

мың.тг

879 620

685 310

-194 310

3

Жалпы табыс 

мың.тг

704 840

843 110

138 270

4

Кезеңнің шығындары

мың.тг

602 740

665 770

63 030

5

Негізгі қызметтен түскен табыс  (шығын)

мың.тг

102 100

177 340

75 240

6

Негізгі емес қызметтен  түскен табыс (шығын)

мың.тг

215 200

231 982

16 782

7

Негізгі қызметтен салық  салғанға дейінгі табыс (шығын)

мың.тг

317 300

409 322

92 022

8

Корпоративті салық 30%

мың.тг

95 190

122 796.6

27 606.6

9

Негізгі қызметтен салық салғанға дейінгі табыс (шығын)

мың.тг

317 300

409 322

92 022

10

Таза табыс

мың.тг

222 110

286 525.4

64 415.4

11

Негізгі қорлардың орташа жылдық құны

мың.тг

1 785 880

1 838 790

52 910

12

Қор қайтарымдылығы

тг

0.89

0.83

-0.06

13

Қор   сыйымдылығы

тг

1.13

1.2

0.07

14

Жұмысшы саны

адамдар саны

210

240

30

15

Еңбек ақы қоры

мың.тг

97 020 000

118 080 000

21 060 000

16

Еңбек өнімділігі

 

7 545

6 368

-1 177

17

1 жұмыскердің орташа айлық жалақысы

тг

38 500

41 000

2 500

18

Сатудың рентабельділігі (таза табыс)

%

14

19

5

19

Сатудың рентабельділігі (жалпы табыс)

%

44.5

55.2

10.7

20

Өнімнің рентабельділігі

%

15

21

6

21

Өнімнің 1 тг. кеткен  шығындар

тг

0.94

0.88

-0.6

22

Өндіріс рентабельділігі

%

12.4

15.6

3.2

23

Қормен қарулану

мың тг

8 504

7662

-842

Ескерпе: «Уркер косметикс» ПФК-ның  жылдық есептері бойынша есептелген


 

     Кестені қарастырсақ 2 жылдағы мәліметтер арасында біршама айырмашылықтар бар екенін байқаймыз. Енді сол өзгерістердің себебін анықтап, талдап көрейік.

     Өткізілген өнімнен түскен табыс 2007 жылы 1584460 теңгені құраса, 2008 жылы 1528420 теңгеге көтерілген. Оның себебі 2007 жылы бүкіл дүние жүзінде қаржы дағдарысы басталып, ол біздің еліміздің экономикасына да өз ықпалын тигізді,сонымен бірге кәсіпорынға да әсерін тигізбей қоймады, сондықтан да кәсіпорын 2007 жылы  2008 жылға қарағанда аз табыс тапты.

Өткізілген өнімнің  өзіндік құны базалық жылы 879620 теңге  болса, есепті жылы 685310 теңгеге дейін  төмендеді. Өзіндік құнның төмендеуінің себебі жаңа технологияны қолданудан болған. Сонымен қатар, шикізатқа деген шығындардың азаюы да себепші болып отыр.

Жалпы табыс  2007 жылы 704840 теңге болса, 2008 жылы 843110 теңгеге жеткен. Базалық жылмен салыстырғанда 1,2 есе өскен. Жалпы табыстың өсуінің себебі, өткізілген өнімнен түскен табыс кеміп,өнімді шығаруға кеткен шығындар азайып отыр.

Кезең шығындарына тоқталатын болсақ,бұл есепті жылы шығындар 665770 теңге болса, базалық жылы 602740 теңгеге, 1.1есе төмен болған. Оның себебі есепті жылы жалпы және әкімшілік шығындар және пайыздар бойынша шығындар өсті.

     Негізгі қызметтен түскен табыс. Бұл көрсеткіш бойынша есепті жылы (177340) базалық жылмен (102100) салыстырғанда пайда 1,7 есе өсіп отыр. Бұл өсу жолы табыстардың өсуі есебінен болып отыр.

Таза табыс. Кестеден көріп отырғандай базалық жылмен салыстырғанда есепті жылы таза табыс 1,29 есе өсіп отыр. Бұның негізгі себебі 2008 жылы жалпы табыс өсіп отыр.

Негізгі қордың орташа жылдық құны. Бұл көрсеткіштің сомасы 2007 жылы 1785880 теңге болса, ал 2008 жылы бұл сома 1838790 теңгеге дейін жоғарылады. Ауытқу 52910 теңгені құрап отыр.

Қор қайтарымдылығы. Базалық жылы бұл көрсеткіш 0.89 болса, есепті жылы 0,83-ке тең болып отыр. Бұл жердегі ауытқу -0.06-ға тең болып отыр. Бұл ауытқудың негізгі себебі өткізілген өнімнен түскен табыс кеміп отыр.

Қор сыйымдылығы. 2007 жылы бұл көрсеткіш 1.13 болса, 2008 жылы 1.2-ге дейін өсіп отыр. Бұл көрсеткішке де негізгі қорлардың орташа құны мен өткізілген өнімнен түскен табыс әсер етіп отыр. Кестеден көріп отырғанымыздай негізгі қорлардың орташа жылдық құны есепті жылы базалық жылмен салыстырғанда жоғарылап отыр. Қор сыйымдылығының өсуіне осы себепші болып отыр.

Қызметкерлердің тізімдік саны. Базалық жылы қызметкерлердің саны 210 теңге болса, есепті жылы 30 адамға өсіп, 240 адамды құрады. Бұның себебі өнімнің жаңа түрін шығаруға жоғары маманданған қызметкерлер керек болды.

Еңбек ақы қоры. 2007 жылы 97020000 теңге болса, 2008 жылы  118080000 теңгеге дейін көтерілді. Бұның себебі кәсіпорында жұмысшылардың көбеюінің есебінен болып отыр.

Инновациялық қызмет