Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде
Мазмұны
Кіріспе |
3 | |
1 |
Қазақстанның инновациялық дамуының проблемалары және оны талдау |
7 |
1.1 |
Инновация түсінігі, жаңашылдық қызмет ұғымы және түрлері |
7 |
1.2 |
Инновация функциялары және инновациялық үрдіс |
17 |
1.3 |
Инновациялық үрдістің тиімділігін арттырудың маңыздылығы |
23 |
2 |
«Альянс Банк» АҚ-ның шаруашылық қызметін
талдау |
37 |
2.1 |
«Альянс Банк» АҚ-ның басқарудың құрылымдық талдауы |
37 |
2.2 2.3 |
«Альянс Банк» АҚ-ның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау Қазақстан банктеріндегі қолданылатын электронды карталар және оларды талдау |
43 55 |
2.4 |
«Альянс Банк» АҚ-ның Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг жүйесінің қызметі |
60 |
3 |
Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде |
67 |
3.1 |
Инновациялық қызметтің негізі - электронды карталар айналымы |
67 |
3.2 |
Электронды карталардың дамуының шетелдік тәжірибесі |
71 |
Қорытынды Қолданылған әдебиеттер |
78 81 | |
Қосымша А Интернет-банкингке қосылу тәсілі |
84 |
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанда банктік қызмет жинақтарының кеңеюіне байланысты, банктің электронды қызметтер жүйесін енгізу, дамыту және әрі қарай жетілдіру және оларды есепте көрсету банк ісіндегі инновацияның басты факторы ретінде көкейкестілік маңыз алып отыр.
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі оның қаржылық-несиелік жүйесінің терең реформалануымен жүретіні белгілі. Қаржылық-несиелік жүйенің басты тетігі банктік жүйе болып табылады, оның тиімді әрекеттеріне экономикалық дағдарысты жеңу, құнсыздануды төмендету және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі табысқа жету көп дәрежеде байланысты болады. Бәсекелестіктің күшейген жағдайында банктер жаңа банктік құралдарды енгізіле бастайды, базалық технологияларды жетілдірудің жолдарын іздестіріледі, өз тәжірибесіне ақпараттық технология саласындағы соңғы жетістіктерді қарқынды пайдалана түседі.
Төлем айналымның өсуі және олардың тудыратын еңбек шығындарының өсуі жағдайында, ақша қаражаттары айналымын тездетуді және айналыс шығындарын төмендетуді қамтамасыз ететін, ақша есеп айырысуының өте жаңа механизмін жасау өткір мәселесі тұрды. Біздің елімізде қазіргі кезеңде төлемдерді жылдамдату кезек күттірмейтін мәселе болып табылады. Әлемдік банктік тәжірибеде бұл алдымен, ақшамен есеп айырысуды автоматтандыру және механикаландыру, банктік және кәсіпкерлік әрекеттерді кеңінен компьютерлендіру есебінен «қағазсыз» технологияның көмегімен шешімін табады.
Қазіргі кезде әлемдегі 200 астам елдер төлеу айналымында пластикалық карточкаларды пайдаланады, ол пластикалық карточкалардың банк ісінде «технологиялық революция» деп аталатынның ең маңызды элементі болып табылады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Осы пластикалық карточкалар бір қатар жағдайларда электронды банк жүйесінің (және басқа да жүйелердің) негізгі элементі ретінде көрінеді. Олар бірте-бірте чектер мен чек кітапшаларын ығыстыра, өнеркәсіптік дамыған Батыс елдеріндегі ақша айналымын ұйымдастыруда алдыңғы қатарға шықты
Бұл процесс екі деңгейде жүзеге асырылады. Бірінші деңгейде банктік көтерме бизнеске қызмет көрсететін, электрондық техникалық құралдар негізінде есептеудің күрделі ішкібанктік және банк аралық жүйелері енгізіледі. Екінші деңгейде, клиенттерге - заңды не жеке тұлғаларға болсын, бөлшектеп автоматтандырылған қызмет көрсету жүйесі енгізіледі.
Банк клиентерімен электрондық ақша есеп айырысуды жүзеге асыратын құралдар пластикалық карточкалар болады. Пластикалық карточкалардың ең маңызды ерекшелігі, оларда ақшалай есеп айырысу мен басқа да операцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, әртүрлі қолданбалы бағдарламаларда пайдаланатын, белгілі бір ақпараттар жинағы сақталады.
Бүгінде пластикалық карточка тек төлем құралы ретінде ғана емес, мекемелерге кіруге рұқсатнама ретінде, компьютерлік желіге шығуға, жүргізуші куәлігі, сауда желісіне немесе басқа да мақсаттарға жеңілдік беретін құрал ретінде пайдаланыла алады. Және де пластикалық карточкалардың көмегімен көрсетілетін қызметтің таратылу аясы мен көлемі тұрақты түрде кеңеюде.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Қазақстан халқына арнаған «жаңа әлемдегі, Жаңа Қазақстан» атты жолдауында алдағы он жылға арналған Қазақстанның даму стратегиясын айқындап берді. Жолдау үкімет алдына 10 жылдың ішінде орындалуға тиісті 10 міндет және 30 бағытты айқындады. Бұл жолдаудың экономикалық жақтары басымдау екендігін баса айтыуымыз керек. Жолдаудың басты 30 серпінді бағытының 18-і Қазақстанның экономикалық дамуының сапалық жаңа кезеңін сипаттайды және оның Кеңес Одағынан кейінгі кеңістіктегі, әрі Орта Азиядағы көш бастаушы тұғырынан, таймай әлемнің бәсекеге барынша қабілетті және серпінді дамып келе жатқан елінің біріне айналуын көздейді. Солардың ішінде еліміздің дәл бүгінгі жағдайында ең маңыздыларына тоқтала кетсек, оларға мыналар жатады:</h4>
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің тұрлаулы сипатын қамтамасыз етуге бағытталған толымды стратегия жасау және оны іске асыру.
- Қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі.
- Қазақстан үшін тиімді
- Экономикалық әртараптандыру
және шикізаттық емес секторды
дамыту. Экономикалық өсу мен
бәсекеге қабілеттіліктің
Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясын, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге мейлінше қабілетті елу елдің қатарына кіру Стратегиясы мен 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру экономиканы диверсификациялауды, технологиялық серпілістерді жүзеге асыруды, сонымен қатар кәсіпкерлік секторды нарық қатынастары мен бәсекеге қабілетті экономиканың негізгі іргетасы ретінде дамытуды болжайды. Стратегияның басты міндеттерінің бірі – жеке секторды қолдайтын және бәсекелі артықшылықты жетілдіретін, нақты өндірістерде қосымша құн элементтерін меңгеретін, ғылыми және жоғарғы технологиялы экспортқа бағытталған өндірістерді құруды ынталандыратын, елдің экспорттық әлеуетін тауар және қызмет көрсету пайдасына әртараптандыратын, әлемдік сапа стандартын енгізетін, ықпалдастықты әлемдік ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосу жолымен әлемдік экономика деңгейіне ұштастыратын кәсіпкерлік климат орнату және қоғамдық институттар құрылымын құру болып табылады.
Нарықтық жағдайда өндірістің тиімділігін арттыруды жаңа технологиялар, бәсекеге қабілетті жаңа өнім түрлері ретіндегі инновациялық процестер арқылы жүзеге асыруға болады. Инновацияны іздеу мен оны қолдану кәсіпорындардың өзекті мәселесі болып табылады. Жаңа техникалық және ұйымдастырушы-технологиялық шешімдердің дамуы, отандық нарыққа сәйкес басқарудың негізгі қағидаларын жетілдіру кәсіпорынның өндіріс процесін жаңалауға жағдай жасайды және экономикалық өсім үшін қосымша серпіліс береді.
Қазіргі заманғы экономикада инновацияның атқаратын ролі айтарлықтай өсті. Инновацияны қолданбай жоғары деңгейдегі ғылыми негізделген және жаңашылдыққа ие бәсекеге қабілетті өнімді шығару мүмкін емес. Осылайша нарықтық экономикада инновациялар бәсекелестік күрестің тиімді құралы болып табылады. Себебі олар жаңа қажеттіліктердің пайда болуына, өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне, инвестициялардың тартылуына, жаңа өнімдерді өндірушілердің имиджінің өсуіне, жаңа нарықтарды ашуына және жаулап алуына өз септігін тигізеді.
Жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерде қолданылатын электронды қызметтердің мәнін ашу және олармен жүргізілетін операцияларға сипаттама беру және негізгі жетілдіру жолдарын қарастыру болып табылады.
Жұмыстың міндеттері болып табылатындар:
- арнаулы монографиялық әдебиеттердің негізінде айналымға банк карточкаларын енгізудің әлемдік тәжірибелерін жалпылау;
- нормативтік актілер негізінде Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерде қолданатын, банк карточкалары нарығына талдау жасау;
- нормативтік актілер мен банктің өзінің ережелері негізінде «Альянс Банк» АҚ банктік электронды қызметтерін қолдану тәжірибесін зерттеу;
- банк карточкаларының
Зерттеу объектісі болып «Альянс Банк» АҚ және Қазақстан Республикасындағы басқа да коммерциялық банктер қызметі табылады.
1 Қазақстанның инновациялық дамуының проблемалары және
оны талдау
- Инновация түсінігі, жаңашылдық қызмет ұғымы және түрлері
ХХ ғасырдың аяғына қарай ғылыми-техникалық сала ғылымның, білімнің, ғылымды қажетсiнетін салалардың, әлемдiк рыноктар технологияларының Даму деңгейi - бай және кедей елдер арасындағы шекараларды айқындайтыны, серпiндi экономикалық өсiмнiң негізiн құрайтыны, күштер орталықтарын қалыптастырудың маңызды факторы болып табылатыны анық болды.
Ғылыми-техникалық саладағы басымдықтарды таңдау оның өзіндік даму перспективаларының шеңберiнен шығатын мәнге ие болды.
Сонымен қатар жаһандану процестері және экономикалардың өспелі өзара тәуелдік инновациялық процестерді басқару міндетін барынша қиындата түседi және жекелеген мемлекеттiң инновациялық әлеуетiн дамытуға меншiкті стратегиялық әдiстердi дұрыс белгiлеу қабілетіне тәуелдi етедi.
Жиырмасыншы жүз жылдықтың 90-жылдары ғылыми-технологиялық әлеуеттi әлсіретуге, ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердiң дағдарысына әкелген, Қазақстанда ғылыми-технологиялық дамытудың маңызды стратегиялық бағыттарындағы зерттеулердi күрт қысқарту, ғалым беделiнiң және ғылыми нәтижелердiң сұранысқа ие болуының құлдырауы, кәсiпорындардың инновациялық белсенділігінің төмендеуi, мамандар мен зияткерлiк меншіктердi шетелге қайтару болды.
Инновациялық процестердi басқаруға кешендiк, жүйелiк әрекет етудiң болмауы елдің инновациялық әлеуетiн дамытуды тежейдi және оны одан әрi дамытудың басымдықтарын дұрыс бiлдiруге мүмкiндiк бермейдi.
Шешiм таппауы отандық инновациялық әлеуеттiң дамуына терiс әсер ететін мынадай негізгі проблемаларды бөлуге болады:
- оларды тұтынушылардың талап етуі үшiн оларды рынокқа шығару мақсатында технологиялар мен өнiмдердiң көпшiлiк ғылыми әдiстемелерiнiң аяқталмауы. Бұл әлеуетті серiктестердiң көз алдында ұсынылған технологиялардың (немесе өнiмдердiң) құнын күрт төмендетедi.
- технологиялық жаңа ендірмелерді енгiзудiң және оларды рынокқа шығарудың қазіргі заманғы тетiгiнiң болмауы. Нарықтық жағдайлардағы жаңа ендірмелерді игеру тетігі жоғарғы тәуекел, бiрақ табысты жағдайда жоғары қайтарым тән болатын шағын инновациялық нарықпен үздiксiз байланысты. Дамыған экономикаларда шағын инновациялық кәсiпкерлiктi дамыту үшін қажетті жағдайды (инфрақұрылымды) қамтамасыз ететiн халық шаруашылығының ерекше секторы жұмыс iстейдi.
- инновациялық жобаларға жәрдемдесетiн, технологиялық парктер және мамандандырылған бизнес-инкубаторлар, тәуекелдiк қаржыландыру қорларының желісі (венчурлiк қорлар), олардың жылдам өсу кезеңiндегi фирмаларды қолдаудың арнайы қаржылық тетіктері, фирмаларды және зияткерлік меншікті сертификацияланған бағалаушылар және басқалары сияқты, дамыған инфрақұрылымдық элементтердiң болмауы;
- ішкі рынокта озық технологияларға және өнеркәсіптік жаңа ендірмелерге төлем қабілетті тапсырыстың болмауы. Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет қызметтер саласына жатады және бұл қызметтердi рынок талап етуi тиiс. Өкiнiшке орай ғылыми қызметтер мен ғылымды қажетсiнетiн өнiмдердiң отандық рыногы қазiргi уақытта өте аз. Кәсiпорындардың көпшілігі ғылымның қызметтерiн "сатып ала" алмайды.
Инновациялық жүйе қалыптастыруға жүйелiк әрекет жасауды iске асыру үшiн мемлекет тiкелей немесе жанама қатысу арқылы инновациялық саясатты тиiмдi iске асыра алатын, оның негізгі кiшi жүйелерiн бөлу және қайта талдау қажет.
Инновациялық жүйе әрқайсысы тиiсiнше осындай элементтердi қосып алатын мынадай негiзгi кiшi жүйелерге бөлiнедi:
- ғылыми әлеует коммерциялық пайдалану деңгейiне дейiн iргелiк әзiрлемелердi "жетілдiрудi" жүзеге асыратын қолданбалы зерттеулердiң дамыған саласын құру жолымен инновациялық даму үшiн сөзсiз қажеттi фактор қалыптасады;
- ғылыми әлеует мыналарды қамтиды:
- мемлекеттiк ғылыми ұйым - ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғарғы оқу орындары, жобалық институттар;
- ұлттық компаниялар жанындағы ғылыми ұйымдар, iрi кәсiпорындар жанындағы зертханалар;
- жеке ғылыми-зерттеу және жобалық институттар;
- ғылыми зерттеулермен айналысатын шағын және орта кәсiпкерлiктер;
- ғылыми кадрлар және дербес өнер тапқыштар;
- материалдық-техникалық база.
Бүгiнгi күнi елдің ғылыми әлеуетi Білiм және ғылым министрлiгiнiң, салалық министрлiктердiң ғылыми ұйымдарымен, жеке ғылыми-зерттеу ұйымдарымен, шаруашылық жүргiзу құқығындағы сәйкес бейiмдi институттарының қызметiн үйлестіретiн ғылыми зерттеулер бағыттары жөнiндегi зерттеу орталықтарымен, сондай-ақ ұлттық компанияның қарамағындағы ғылыми-зерттеу институттарымен (бұдан әрi - ҒЗИ) танымал.
Инновациялық кәсiпкерлiк ғылыми-техникалық және өндiрiстiк салалар арасындағы (делдалдық) рөлдердi байланыстыратын дамуды көздейдi. Инновациялық кәсiпкерлiктiң түпкі мақсаты жаңа буынның рыноктың ағымдағы конъюнктуралық ахуалына жедел ден қоюға және бәсекеге қабілетті ғылымды қажетсiнетiн өнiмдi сериялық өндiрудi және әлемдiк стандарттар деңгейiндегi жоғарғы сұранысты жолға қоюға қабiлеттiк кәсiпорындарды дамыту болып табылады;
Инновациялық кәсiпкерлiк мыналарды қамтиды:
- бизнес-серілер;
- кәсiпорындар;
- инновациялық менеджерлер;
- инновациялық қызметтi iске асыру үшiн қызмет көрсететiн және жағдайларды қамтамасыз ететiн өзара байланысты өндiрiстiк, консалтингтік, білiм және ақпараттық құрылымдардың кешенi айқындалатын көп деңгейлi инновациялық инфрақұрылым.
Инновациялық инфрақұрылым мынадай элементтерден тұрады:
- ұлттық технологиялық парктер;
- өңiрлiк технологиялық парктер;
- технологиялық бизнес-инкубаторлар;
- ғылым қалашықтары; және с.с.
«Инновация» термині ХІХ ғасыр мәдениеттанушыларының зерттеулерінде алғаш пайда болған. ХХ ғасырдың басында философ-экономист Йозеф Шумпетер инновация ұғымын макроэкономикалық талдауда қолдана бастады. Шумпетердің айтуы бойынша: «Инновациялық фактор – экономикалық дағдарыстан шығатын жол», ал философтар Э.Тофлер, Д.Белл, Э.Гидденстер: «Инновация – болашақтың фундаментальды ұғымы», - деген. П.Лемерель: «Инновация – ғылымдағы, экономикадағы, басқарудағы жаңалық, жаңа өнім және оны өндіру әдісі»,-деген.
Инновация термині латынның «innovation», яғни жаңалық, жаңашылдық деген сөзінен шыққан. Қазіргі кезде бұл сөз өзінің қолданысын тауып отыр. Бұл ұғымның өзінде кең мағына жатыр: жаңаның болуы, жүзеге асуы және қолданылуы. Ал «in» деген сөздің алдында қойылған қосымшаның өзі бұл ұғымның тәжірибелік жағын, технологиялық бағытын көрсетеді. [2]
С.И.Ожегов инновацияға келесідей анықтама берген: «Инновация – жаңа, алғаш жасалған, жуықта пайда болған, алдыңғының орнына келген, жақын бұрынғыға жататын немесе қазіргі кезде көп біле бермейтін, аз таныс нәрсе». С.И.Ожегов жаңалық сөзіне 3 түрлі анықтама береді:
1) бірінші рет шыққан, жасалған немесе жаңадан пайда болған;
2) бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған;
3) бұрыннан таныс емес
Неміс ғалымдарының ішінен инновация теориясының бастапқы негізін салушылар В.Замбарт, В.В.Мейтчерлих. Бұлардың көзқарастары австриялық ғалым Й.Шумпетердің көзқарастарымен ұқсас. Инновациялық үрдісті Й.Шумпетер 1911 жылы экономика саласында «жаңа комбинациялар» ретінде қолданып, кейін «инновация» терминімен алмастырды. Ғалым зерттеулерінде «Инновация – сұраныс тауарларының жаңа түрлерін өндірістің, транспорттың жаңа құралдарын ендіру мен пайдалану мақсатындағы өзгерістер», - деп түсіндіреді.
«Инновация» түсінігі «innovation» деген ағылшын сөзі болып табылады. Ағылшын тілінен дәлме-дәл аударымы «жаңалық енгізу», «жаңашылдық» дегенді білдіреді. «Жаңалық» дегеніміз жаңа тәртіп, жаңа дәстүр, жаңа әдіс, жаңа құбылыс, ойлап шығару. «Жаңалық енгізу» сөз тіркесі жаңалықты пайдалану процесін білдіреді. Осылайша жаңашылдықты тарату кезеңінен бастап «жаңартпа» (инновация) бола бастайды.
Күнделікті тәжірибеде жаңалық, енгізілген жаңалық, жаңалық енгізу және жаңарпа сөздерінің мәндері теңестіріледі. Әртүрлі өнер табыстары, жаңа құбылыстар, қызмет түрлері немесе әдістері таратуға қабылданған кезде (коммерилизациялау) ғана жалпы халықтық құптауға ие болады және олар жаңа сапада «жаңартпа» (инновация) ретінде саналады. Инновация түсінігіне келесідей анықтамалар беріледі.
Инновация – жаңа техниканы, технологияны, ғылыми зерттеулерді дайындауға қаржы салу, жаңашылдықты инвестициялау.
Инновация - өндірістік жүйенің тиімділігінің сапалы түрде артуын қамтамасыз етуші, ғылыми жетістіктер мен алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдануға негізделген, техника, технология, еңбекті ұйымдастыру немесе басқару салаларындағы жаңашылдықтар.
Инновация – (латын тілінде ionatio «жаңару», iovare «жаңарту») 1) қандай да бір жаңартуды енгізу; жақсартылған зат; модернизация; реформа; 2) жаңа технологияға, еңбек және басқаруды ұйымдастырудың жаңа формаларына бағытталған экономикалық қаржы салымдары.
Инновация (жаңашылдық) – нарыққа енгізілген жаңа немесе жетілдірілген өнім, әлеуметтік қызмет көрсетудегі жаңа тәсіл не тәжірибелік қызметте қолданылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдіс түріндегі инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі.
Инновация (жаңашылдық, инновациялық өнім) – бұрынғы өнім немесе ұйымдастырушылық-экономикалық формамен салыстырғанда қосымша экономикалық (шығындарды үнемдеу немесе қосымша табыс табу) және қоғамдық пайданы қамтамасыз ететін, жобалауда, өндірісте, өткізуде, өнімдерді тұтыну мен утилизацияда қолданылатын сапалық көрсеткіштерге ие жаңа өнім, қызмет, технология немесе жаңа ұйымдастырушылық-экономикалық форма түріндегі инновациялық қызмет нәтижесі.
Отандық тәжірибеде инновацияны инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі, ал шетелде – қызмет, өзгеріс процесі деп қарастырады.
Инновация (жаңашылдық) – нарыққа енгізілген жаңа немесе жетілдірілген өнім, тәжірибеде қолданылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдіс, сондай-ақ қажетті экономикалық және қоғамдық пайданы қамтамасыз ететін жаңа немесе жетілдірілген ұйымдастырушылық-экономикалық формадағы инновациялық қызметтің нәтижесі.
Инноавация түсінігі енгізілген жаңалықтарды жаңа технологиялар, өнім мен қызмет түрінде, өндірістік, қаржылық, коммерциялық, әкімшілік және басқа да түрдегі ұйымдастырушы-техникалық, әлеуметтік-экономикалық шешімдер ретінде кірісті пайдалануды білдіреді.
Кәсіпорындағы кез келген технологиялық үрдістегі немесе шығарылатын өнімдегі өзгерістердің бәрін инновация деп қарастыруға болмайды.
Инновацияның ең басты қасиеті болып ғылыми-техникалық жаңашылдық табылады. Сондықтан да инновацияны өнімнің және технологиялық процестің мардымсыз ғана өзгертілген түрлерінен (түсінің, формасыны және сол сияқты т.б. өзгерулер) өнімнің техникалық немесе сыртқы сәл ғана өзгерістерін, сондай-ақ нарықта белгілі болып үлгерген, кәсіпорында бұрын шығарылмаған, өндірісті игеру арқылы кеңейтілген өнім номенклатурасынан ажырата білу қажет.
Инновацияның «жаңашылдығы» технологиялық параметрлер, сонымен бірге нарықтық позиция бойынша бағаланады. Бүгінде технологиялық инновацияның анықтамасы 1992 ж. Осло қаласында қабылданған халықаралық стандарттарға сай негізделген. Бұл стандарттар жаңа өнімдерді және жаңа процестерді, сондай-ақ олардың айтарлықтай технологиялық өзгерістерін қамтиды.
Инновацияны жасау, игеру және тарату процесі инновациялық қызмет немесе инновациялық үрдіс деп аталады.
Инновациялық қызметтің нәтижесін инновациялық өнім деп аталады.
Инновация (жаңашылдық) – нарыққа шығарылатын жаңа немесе жетілдірілген өнім және тәжірибелік қызметте қолданылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдіс түрінде жүзеге асырылған инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі.
«Инновация» термині «ойлап шығару» және «жаңалық ашу» түсініктерімен тығыз байланысты.
«Ойлап шығару» түсінігіне адамның жасап шығарған жаңа құралдар, механизмдер, жабдықтар жатады.
«Жаңалық ашу» түсінігіне бұрын соңды белгісіз болған мағлұматтарды табу немесе бұрын соңды белгісіз болып келген табиғат құбылыстарын бақылау процесі жатады. Инновацияға қарағанда открытие, әдетте, пайда табуды көздемейді.[4]
Инновацияның анықталған белгілері бойынша нақты топтарға жіктелуін инновация классификациясы деп аталады.
Инновацияның негізгі 2 тұрпаты ажыратылады:
- өнімділік;
- үдерістік.
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады.
Үрдістік инновация – бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту.
Инновацияны басқару тәжірибесінде инновацияның әртүрлі классификаторларын пайдаланады:
- технологиялық параметрлеріне қарай инновациялар өнімдік және процестік болып жіктеледі.
- өнімдік инновацияларға жаңа
материалдарды, жартылай дайын фабрикаттар
мен комплектующийларды
- үрдістік инновациялар
- нарықтағы жаңашылдық түрлері бойынша инновациялар келесідей топтарға бөлінеді:
- әлемдік салалар үшін жаңашылдықтар;
- мемлекеттік салалар үшін жаңашылдықтар;
- аталмыш кәсіпорын үшін жаңашылдықтар.
- пайда болу стимулы бойынша:
- ғылым мен техниканың дамуынан туындаған инновациялар;
- өндірістің қажеттіліктерінен туындаған инновациялар;
- нарық қажеттіліктерінен пайда болған инновациялар.
- жүйедегі орны бойынша (кәсіпорында, фирмада) былайша жіктейміз:
- кәсіпорынға кіргендегі инновациялар (шикізат, жабдық, ақпарат және т.б.);
- кәсіпорыннан шығардағы жаңашылдықтар (бұйымдар, қызметтер, технологиялар, ақпарат және т.б.);
- кәсіпорынның құрылымдық жүйесіндегі жаңашылдықтар (басқарушылық, өндірістік).
- енгізілген өзгерулердің маңыздылығы бойынша:
- радикалды (базистік) инновациялар – ірі ойлап шығаруларды жүзеге асырады және техниканы дамытудағы жаңа бағыттарды құрайды;
- жетілдіретін жаңашылдықтар – ұсақ ойлап шығаруларды жүзеге асырады, ғылыми-техникалық циклда тұрақты дамуын қамтамасыз етеді;
- модификационды инновациялар – техника мен технологиялардың ескіріп қалғандарын ішінара жетілдіруге бағытталған.
Технологиялық инновациялар – инновацияны дайындау және енгізумен байланысты қызмет. Соның ішінде өнеркәсіпте технологиялық жаңа өнім мен үрдістер, сонымен қатар айтарлықтай технологиялық жетілдірілген өнім мен үрдістер, қызмет көрсету сферасы саласындағы жаңа немесе неғұрлым жетілдірілген өндірістік әдістер мен қызмет көрсетулер. [5]
Жаңа немесе айтарлықтай жетілдірілген қызмет көрсетулердің немесе оларды өндіру әдістерінің енгізуге тікелей қатысы болмаса, олар технологиялық инновацияның қызмет түріне жатпайды. Атап айтқанда:
- басқарудың алдыңғы қатарлы әдістеріне ауысуды, ұйымдастырушылық құрылымға енгізілген айтарлықтай өзгерулерді, кәсіпорынның экономикалық стратегиясының жаңа немесе біршама өзгертілген бағыттарын жүзеге асыруды қосқандағы ұйымдастырушылық және басқарушылық өзгерулер;
- сапа стандарттарын енгізу;
Өнеркәсіпте технологиялық инновацияларға мына төмендегі өзгерулер жатпайды:
- өнімдегі эстетикалық өзгерулер (түсі, дизайны және т.с.с.);
- кострукторлық құрылымы

- Инновациялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімділігін бағалау
- Инновациялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімділігін бағалау
- Инновациялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімділігін бағалау
- Инновациялық қызмет
- Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің
- Инновациялық оқыту әдістері
- Инновация на предприятии
- Инновация как объект менеджмента
- Инновация как основной фактор повышения эффективности производства
- Инновация как средство эффективного использования потенциала развития фирмы
- Инновация как экономическая категория, критерии инновации
- Инновация - лазерные скальпели
- Инновациялық бағдарламаны іске асыруда жинақтық зейнетақы қоры мүмкіндіктерін пайдалану жолдары
- Инновациялық басқару және кәсіпорынның инновациялық қызметі