Инвестиции. 6

    Жоспар : 
 

  1. Кіріспе
 
  1. Негізгі бөлім
    1. Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы.
      1. Инвестицияның мәні, қызметі.
      2. Инвестиция түрлері мен есептеу әдістері.
    1. Инвестицияның қызметі мен операциялары.
    2. Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуы.
    3. Қ.Р-ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері.
    4. Еліміздегі шетел инвесторларының рөлі және оның қызметтері.
    5. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті реформалау заңдары.
    6. Қазақстан Респулликасының инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер.
  1. Қорытынды
  1. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

        Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдары қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.          

        Қазақстан экономикасын тұрақтандыру  және дамытудың маңызды жолдарының  бірі – инвестициялық қызметті  ұлғайту, ең алдымен еліміздің  ішкі резервтерін жұмылдыру және  көбірек тиімді пайдалану болып табылады.  

    Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасына  Жолдауында өтпелі кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы республиканың бет бейнесі айқын көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір көзі – шетел инвестициясын пайдалану. Әрине Қазақстанның халықаралық байланыстары осы кезеңде де алдымен жақын көршілеріміз – Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД елдерін қамтиды. Бірақ ірі трансұлттық капиталды, ҚХР, Батыс және Шығыс елдері, Мұсылман әлемімен де экономикалық қтынастар ұлғаяды. Мұны біздің республиканың геосаяси, геоэкономикалық, географиялық жағдайлары талап етеді.     

    «Қазақстан – 2030» стратегиясында Н. Ә. Назарбаев халықаралық қатынастардың мынадай маңызды бағыттары мен факторларын атады:   - қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауға сөзсіз елеулі рөл атқаратын күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен ұлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірде өмір сүріп отырмыз;       - шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу;    - Ұлттық қауіпсіздікке Ресей, ҚХР, Орта Азия, Таяу және Орта шығыс елдерінің, АҚШ, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік Азия, Еуропа, Ислам даму банктерінің, халықаралық институттардың қолдауларын барынша пайдалану.           Кәсіпорын – түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.

        Инвестициялар деп - өнеркәсіпке,  құрылысқа, ауыл шаруышылығына  және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.    
 
 
 

    1.Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы 

       Инвестиция  туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық  қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер. Сондай – ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде банктік жүйеге келтіріледі. Болашақ мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және тәжірибелік түрде бағытталған шетелдерде қалыптасқан инвестициялық инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері және оларға банктердің қатысу тәжірибесін қарастырады.

       Шаруашылық  іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар күрделі қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.

       Қазақстандағы болашақ басты міндеттердің бірі – XXI ғасырдың ортасына таман экономиканың алдыңғы қатарлы салаларын бет бұрыс жасау. Мұны іске асырудағы алғашқы орындардың бірі шетел инвестицияларын кеңінен тартуға бөлінеді.

       "Инвестиция" деген сөз латынның "инвест" (салу) дегенінен шыққан. Енді кім инвестор, ол не салады, не мақсатпен және қайда салады деген сұрақтарға жауап туады. Капиталды салады, оның көптеген түрі болады:

       Сөйтіп, нені салуға болады? ірі банктердің қаржылық ресурстары, өнеркәсіптік фирмалардың  миллиардтаған пайдалары, жай адамдардың жинаған ақшалары, кәсіпқойлық дағды мен қабылеттілік "ноу-хау", әрбір бизнесменнің денсаулығы мен уақыты. Мұнда инвестиция жөнінде кеңінен қандай да болмасын қаржыны ірі және ақша ғана болуы емес салудан кейіннен табыс, пайда алу көзделеді.

       Бұл - акцияны сатып алу, олармен биржадағы  ойынға қатысу, бартерге жұмсау, тауарлы-материалдық  запастармен сауда жасау және  басқадай толып жатқан ойындар да болуы мүмкін.

       Инвестиция дегеніміз – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық интелектуалдық құндылықттар.

       Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды  салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.

       Инвестициялаудың  тар кәсіпқойлық анықтамасы бұдан  да қатты, мұнда қаржы салымы ең алдымен  бизнестің материалдық бөлігіне жұмсалады: жабдықтарды сатып алу  және орнату, техникаға, шикізатқа, ғимарат  құрлысына. Қандай болмасын кәсіпорнының материалдық бөлігі негізгі және айналым қаржыларын енгізеді. Теоретиктер "мұның бәрін "нағыз капитал" терминіне қосып атайды.

       Енді қаржыны кімдер салады ? Негізгі салымшылар кәсіпорындар, фирмалар, мемлекет және халық.

       Инвеетицияны  жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, бұлар коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге, саудагерлерге және  ойыншыларға бөлінеді.

       Инвестор - бұл капиталды салған кезде, көбіне басқа біреудің ең алдымен ойлайтыны  тәуекелділіктің аз болуы; инвестор – бұл күрделі қаржыны қаржыландырудағы делдал.

       Кәсіпкер - бұл белгілі бір тәуекедділікпен  өз капиталың салушы адам.

       Саудагер - бұл белгілі, алдын-ала есептелінген тәуекелділікке баруға дайын адам.

       Ойыншы - қандай да болмасын тәуекелдікке баруға дайын адам.

       Инвестициялау мақсаты - табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны бизнестің материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ белгілі жағдай, ұзақ мерзімді кәсіпорнының әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық - саудагерлік іс - әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуды ұмытып кететіндері де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал мұның өзі нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болады.

       Сыртқы  экономикалық қызметтің маңызды  аспектісі - шетел инвесторларының  қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын жетілдірудің басым міндеттерін шешу, рынокты тұтыну тауарларымен молайту және экспорттық әлуетті кеңейту үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы тиіс. Сыртқы кредиттерді қамтамасыз ету үшін алтын-валюта резервтері жасалған, олар сонымен бірге ұлттық валютаны да қамтамасыз етеді. Кредиттерді қамтамсыз етудің басқа нысаны экспорттық тауарлардың қорлары болып табылады.

             Жаңа қоғам өзінің соны өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі. Сол сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамға инвестиция ұғымын ала келді. Бұл өркениетті әлемде әлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты заңдылығына айналып кеткен ұғым болып табылады. Елімізге келген шетелдік инвесторлар мұнай мен газ саласына көбірек қаржы құйғаны мәлім. Қазіргі уақытта да инвестицияның басым бөлігі кең-қазба байлықтарын құрайды. Өз кезегінде Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы атқарып жатқан іргелі істері елімізге шетелдік инвестицияның көптеп келуіне жол ашып отыр. Оның сыртында елдің ішкі саяси тұрақтылығы, экономикадағы реформаның бірізділікпен жүзеге асырыла бастауы сырттан келетін қаржының тұрақтылығына мүмкіндік береді. 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан экономикасына 25,8 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде тура шетел инвестициясы тартылды. Сараптамалық бағалау бойынша Орталық Азияға келген тура инвестициялардың 80 пайыздан астамын Қазақстан экономикасы алып отыр. Дүниежүзілік банк біздің елімізді инвестициялар әкелуге өте қолайлы 20 елдің қатарына қосты. Халықаралық "Мооdy′s Investors Service" рейтинг агенттігі Қазақстанға қаржыландыру мен инвестициялаудың жаңа, өте жоғары рейтингін берді. Бұл Қаржы министірлігіне төмен пайызбен, біріншіден, кредиттер алуына мүмкіндік береді. Екіншіден, екінші деңгейдің барлық банктерінің тиісті рейтингтері жоғарылайды. Енді бұған Қазақстанның нарықтық экономика мемлекеті ретіндегі танылғанын қоссақ, бүкіл дүние жүзі біздің еліміздегі тұрақтылықты, саяси тұрлаулылықты, экономиканың артуы мен реформалардың біз қалаған бағытта дамып келе жатқанын танып отырғаны тұлғаланып шығады.

       Қазақстанда нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін Бүкіл дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық  қайта құру және даму банкі, Ислам  даму банкі, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық қаржы институттарымен, басқа да халықаралық қаржы мекемелерімен іс-әрекетті үйлестірудің үлкен мәні бар. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы бүгінде дүние жүзіндегі үлкенді-кішілі 55 халықаралық ұйымға мүше болып табылады, олардың 61-іне қаржылық міндеттемелер төлеу көзделген. Осыған сәйкес республика халықаралық қаржы-кредит және басқа ұйымдарға қатысудан туындайтын мүшелік жарналарды, борыштық операциялар мен мәмілелер бойынша қажетті төлемдерді жүзеге асырады. Айта кету керек, 1992 жылдан бергі уақыт ішінде Қазақстанның халықаралық ұйымдарға берешегі 21 миллион АҚШ доллары көлеміне жеткен. 
 

2. Инвестицияның мәні, қызметі. 

    Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.

    Инвестиция  дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.

    Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі  фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция  экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.

    Нақтылық  инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық , құрылыс) өсуіне , дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады.

    Қаржылық  инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады.

    Қаржылық  инвестициялар иелену мерзіміне  қарай мынадай категорияларға жіктеледі:

    а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі  бір жылға дейін;

    ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі  бір жылдан артық; 

    Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады.

    Ұлттық  инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы.

    Инвестиция  дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді:

    - жеке инвесторлар (жеке адамдар).

    - инстиуттандырылған инвесторлар (банктер , инвестициялық қорлар , зейнетақы қорлары , тағы басқалары).

    Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.

    Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді.

    Ал , капитал дегеніміз - тауар өндірісінің  жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде тікелей өндірушілер өндіріс құрал- жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің қолына жинақтала бачстады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған жұмысшы өз жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді.

    Капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі  мыналар :

  1. Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы;
  2. Дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы;
  3. Жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі;
  4. Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы;
  5. Саяси тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал;

        Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі:

        - өнеркәсіп, сауда т.б. кәсіпорындарына  тікелей инвестициялар ;

        - портфельдік инвестициялар (шетелдік  облигацияларды, акцияларды және  басқа да құды қағаздарға алу  үшін);

    Ішкі  инвестициялық ресурстар өте  тапшы бүгінгі экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыруға , реформаларды тереңдету және құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру шетел капиталын тартпайынша мүмкін емес.

    Шетел инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары , шетел мемлекеттері , халықаралық ұйымдар , шетелде тұрақты тұрғылықты мекені бар Қазақстан Республикасының азаматтары , егер олар шаруашылық қызметін жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар елде тіркелген жағдайда.

    Шетелдік  инвестиция дегеніміз-қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді. Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді.

    Шетелдік  инвестицияларын тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан эксимбанкі, сырттан қарыз алу жөніндегі комитет және инвестициялар жөніндегі комитет тәрізді органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы үшін қолайлы ахуал ққалыптасты.

    Шетел инвестицияларын тартудың басты  бағыттарына тіршілікті қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ және мұнай  – химия салалары , электр энергетикасы , металлургия , коммуникация және де Қазақстан  дәнді дақылдапр , жүн , мақта т.б. ірі өндіруші болу себепті, ароөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен газ өндіріп , экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға жұмсалады.  

    1995 жылдың шетелдік инвестициялардың көлемі 235 млрд. $-ға артып, 2.6 трлн $ деңгейін жетті. Шетелдік инвестицияларды тартудың маңызды көзі- потрфель инвестициялары . Олар ірі корпорациялардың , мемлекеттік және жекеменшік банктердің облигациялық қарыздарын қаржыландырады.

    Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялар  мынадай элементтерді: негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды , материалдық айналым қаражаты қорын толтыруға жұмсалған инвестицияларды , өндірілмеген және материалдық емес активтерге жұмсалған инвестицияларды , басқа да қаржы емес активтерге жұмсалған инвестицияларды өзіне қосады.

    2004 жылғы қаңтарда қаржы емес активтерге инвестициялардың бағалау көлемі (материалдық айналым қаражатының қорларын толтыратын инвестицияларсыз ) 57.6 млрд. Теңгені құрады, оның 56.9 млрд теңгесі (98.7%) негізгі капиталға инвестицияларға келеді.

    2004 жылғы қаңтарда негізгі капиталға  инвестициялар  56.9 млрд. теңге болды,  бұл 2003 жылдың қаңтарымен салыстырғанда  17.2%көп.

    2004 жылғы қаңтарда инвестицияның  өсуі республиканың 12 өңірінде  байқалды. Ең көп өсу Жамбыл (4.8 есе), Павлодар (2.2 есе), Оңтүстік Қазақстан(1.6 есе), Қостанай , Атырау, Қарағанды (1.4 есе) облыстары мен Астана қаласында да (1.9есе ) байқалды. Өсім сондай-ақ Шығыс Қазақстан , Ақмола, Қызылорда, Алматы облыстарында мен Алматы қаласында да (4-13%) байқалды.

    Өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда инвестиция көлемінің төмендеуі Ақтөбе (45%), Батыс Қазақстан (44%), Солтүстік Қазақстан  мен Маңғыстау (6%)облыстары байқалды.

    Мұнай өндіру және табиғи газ (негізгі капиталға  инвестициялардың жалпы көлемінен (61%) , жылжымайтын мүлікпен операция (12%), өңдеу өнеркәсібі (8%), көлік және байланыс (4%)) басым салалар болып табылады.

    Шетел инвестицияларының жалпы республикалық  көлемінің ең көп үлесі Атырау (46%) және Батыс Қазақстан (33%) облыстарында игерілді.

    Инвестициялық қызмет дегенімізшаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншікті капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы.

    Негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялар – сатып алуға, құруға , негізгі құралдарды қайта өндіруге және күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жиынтығы болып табылады.

    2002 жылы Қазақстан Республикасындағы  инвестициялық қызметтің нәтижесі- қаржы емес активтерге жұмсалған  1307.2 млрд. теңге инвестицияны игеру  болды, мұның 1100 млрд. теңге инвестициясы негізгі капиталға жұмсалған. Қаржы емес активтерге жұмсалған  инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлесі 84.2% құрады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2001 жылғымен салыстырғанда  10.6 %-ға (2001 жылы-44.7%-ға; 2000 жылы – 48.5%-ға ; 1999 жылы – 33.0%ға ) өсті.

    Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар  көлеміндегі ірі кәсіпорындар дың  үлесі – 47.0%, орташаларынікі -27.9%, шағындарынікі  – 23.9% , халық үлесі – 1.2% құрады.

    Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрылымына сәйкес тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың үлесі  45.0% құрады, бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 9.6пайыздық пунктке артық. Тұрғын үйлерге салынған салымның үлесі 0.6 пайыздық пунктке өсіп, 4.8% құрады.

    Машиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек- жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1.6 пайыздық пунктке төмендеді.

    Негізгі капиталға жұмасалған басқа шығындар 131 млрд. теңгені құрады, оның 89.1% геологиялық  барлауға жұмсалған.

    Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия өнеркәсібінің үлесіне ғана негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 44.4%тиеді.

    Көлік және байланыста негізгі капиталға  жұмсалған инвестициялардың елеулі үлес салмағы құбырлармен айдауға (42.3%) әуе көлігіне (15.4%) және электр байланысқа  (19.8%) келеді.

    Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі ауыл шаруашы- лығында бұрынғысынша мардымсыз  (1.3%).

    Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі де табиғат қорғау шараларына мардымсыз болды.

    Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың  жалпы көлемінде үйлер мен ғимараттарды күрделі жөндеуге кеткен шығындар үлесі 13.3%құрады,бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 4.2 пайыздық пунктке артық. Күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жалпы көлемінен үйлер мен ғимараттарға – 52.3%, машиналар мен жабдықтарға кеткен шығындар 47.7%  құрады. 
 

3. Инвестиция түрлері мен есептеу әдістері. 

   Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметі үшін қолданылатын, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе бекітілген активтерін ұлғайтуға  салынған мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) лизинг келісімшарттарын жасау кезінен бастап лизинг құралдарын қоса және оларға құқық.

   Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, ел ішіндегі және шетелдегі капиталдың экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.

   Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар – капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т.б. жұмсалымы. Қаржы инвестициялары – мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.

   Бірінші жағдайда инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін - өндірістік негізгі  қорлар мен айналым қорларына  ұлғайтады. Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.

   Капиталдың  кейбір салымдары шығысты құраушыларға әсер етеді. Мәселен, шығынды азайтуға апаратын шығыстарға, ал басқалары – табысқа да, шығысқа да. Табыс пен шығыс статьяларына инвестицияның әсерін болжау – салыстырмалы еңбекті қажет ететін тапсырма, олардың өсім немесе, керісінше төмендеу көлемін бағалау өте қиын. Жаңа өнім (тауар, қызмет көрсету) шығару үшін өндірістік қуаттарға инвестиция салу айналым капиталын ұлғайтуды қажет етуі мүмкін (шикізат көлемі, аяқталмаған өндіріс, қоймадағы дайын тауар). Өнімді несиеге сату кезінде дебиторлық қарыз көбейеді және т.с.с.

   Барлық  инвестициялар екі негізгі топқа  бөлінеді: нақты (капитал құрушы) және портфельді. Нақты инвестициялар  – бұл негізінен құралдардың (капиталдың) тікелей өндіріс құралдары  мен тұтыну затына ұзақ мерзімді салымдар. Олар нақты әдетте, ұзақ мерзімді жобаға салынатын қаржы салымдарын білдіреді және нақты актив иеленумен байланысты. Сонымен бірге заемды капитал, оның ішінде банктік несие қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда банк те нақты инвестициялауды жүзеге асырушы инвестор болып табылады.

   Портфельді  инвестициялар – құнды қағаздар сатып алумен және олардан тиімді портфель алумен байланысты жобаларға  капитал салымы. Берілген жағдайда инвестордың негізгі міндеті  – қор нарығында құнды қағаздарды сату мен сатып алу операциялары арқылы жүзеге асатын оптимальды инвестициялық портфельді құру мен басқару. Портфель – бір тұтасқа жинақталған инвестициялық құндылықтардың шоғырлануы .

   Нақты инвестицияларды кейде тікелей  деп атайды, өйткені олар өндірістік процеске тікелей қатысады, мәселен, ғимаратқа, жабдыққа, тауарлық-материалдық қорларға және т.б. құралдар салымы.

   Қаржылық  мүлікке салым бас кәсіпорындардағы үлестік қатысуларға құқық алу, олардың акцияларын, басқа да құнды  қағаздарын, қарыз беру құқығын сатып  алу – қаржы инвестициялары деп аталады. Интеллектуалды материалды емес инвестицияларды да бөліп қарастырады – патенттер, лицензиялар, ноу-хау сатып алуға, персонал дайындау мен қайта дайындауға, ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар мен жарнамаларға және т.б. салымдарға шығындар.