Инвеститции Республики Казахстан

ЖОСПАР

 
 
 
 

КІРІСПЕ ……………………………………………………………. 3 б.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

1–  ТАРАУ. Инвестиция теориясының концепциясы және оның аспектілік ерекшеліктері

1.1. Инвестицияның мәні, мазмұны және тарихи эволюциялық ерекшеліктері ………………………………………………      4–10 бб.

1.2. Инвестицияның атқаратын қызметтері … … … …   10–12 бб.

2–ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ инвестициялық  саясаты: мәні және жүзеге асырлуы.

2.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ стратегиялық  бағдарламасына сай инвестициялық саясаты ……………13–17бб.

2.2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ инвестиция динамикасының қазіргі даму тенденциясы...............   17-19 бб.

2.3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  инвестициялық  проблемалары және оларды шешу  жолдары...............20-23 бб.

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................24 б.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................25 б. 
 
 
 
 
 
 
 

               КІРІСПЕ

 
 

    Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға көшу барысында қаржылық ресурстар, өздерінің жүктелген міндеттеріне ие болып, ал оның  реттеушілері қоғамның алға дамуынын анықтауышы факторы болып есептелінеді. Сонымен қатар еліміздегі мол табиғат ресурстары, қоғам мен экономиканың дамуының мемлекеттік стратегиялык максаттарын қорландыру және қор жинау механизмдерін жоғалтып, бүгінгі күнді ауадай қажет болып отырған қаржы тапшылығын жауып отыр.

    Инвестициялар макро- және микроденгйде үлкен роль атқарады. Негізінде олар ел болашағын  анықтап, мемлекет экономикасының локомотивы болып келеді. Ал шетел инвестицияларын  республиканың экономикасына тарту және оларды өңдеу – мемлекеттің өндіру потенциалын көтеріп, шетелдің техникалық және басқару тәжірибесін енгізудің басты құралы болып саналады.

    Жеке  бизнесті көп пайда әкелмейтін проекттер  мен салаларға капитал салу онша қызықтырмайды, бірақ қоғам мен мемлекет үшін бұл өте қажет (көмір өндірісі, темір жол транспорты, жолдар,ауыл шаруашылық және т.б.). Нарықтық экономика  пайданы әлеуметтік тең етіп бөле алмайды, жұмыс құқұғына толық кепілдік бере алмайды, қоршаған ортаны қорғауды мақсат етпейді және қорғаусыз қоғам қабатын көтермейді.

    Мемлекеттің  басты нысаны елдегі тәртіптілікті  пен халық қауіпсіздігін  қамтамасыз ету болып табылады, бұл өз жағынан  инвестициялық жағдайды жақсартуға септігін тигізеді

    Сонда, кез-келген мемлекеттің  экономикасы  дұрыс дамымайды, ал инвестициялар салынбайды, егер мемлекет бұған қажетті жағдай туғызбаса.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты «инвестиция» деген ұғымға ашық көзқараспен қарап, оның басты қасиеттері мен қызметтерін  түсініп, Қазақстанда болып жатқан инвестициялық ахуалға толықтай шолу жасау.мен осы жұмыста «Инвестиция: мәні, мақсаты, қызметтері» атты тақырыбымның мазмұнын ашамын деп ойлаймын. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1–ТАРАУ.

ИНВЕСТИЦИЯ  ТЕОРИЯСЫНЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ  ЖӘНЕ   ОНЫҢ АСПЕКТІЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

 
    1. Инвестицияның түрлері және олардың атқаратын қызметтерінің ерекшеліктері.
 

    Инвестициялардың көзі жаңадан жасалған кұн немесе басқаша айтқанда, таза табыстың сақталатын бөлігі болып қалады. Кәсіпкерлер  оны өзінің табысынан және капиталды нарығынан шоғырландырады. Негізгі капиталды жаңартуға инвестициялардың көзі амортизациялык аударымдар болып танылады.

    Инвестициялар қаржылық және нақты болып  бөлінеді.

    Қаржылық  инвестицияларға - акционерлік кәсіпорындар  немесе мемлекет шығарған акциялар, облигациялар және басқа да бағалы қағаздар, банктік депозиттерге салымдар жатады.

    Нақты инвестициялар - кәсіпорынның негізгі капиталына және материалды өндірістік қорлардың өсіміне салымдар болып табылады.

    Инвестициялардың  технологиялық құрылымы негізгі  капиталдың активтігі элементтердің (құрал-жабдык, негізгі құралдар) шығындары оның пассивті элементтеріне  (ғимараттар, құрылыстар)  қатысуымен аныкталады.

    Қаржылык  инвестициялар  мерзіміне байланысты келесі категорияларға жіктеледі: қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар- 1(бір) жылға дейін иелену мерзімі, ұзак мерзімді- қаржылық инвестициялар 1 жылдан артык иелену мерзімі.

    Қозғалмайтын  мүлікке инвестицияларды иемденген  субъектілер, бұл  инвестицияларды ұзак мерзімді каржылык инвестициялар ретінде есептейді.Қаржылық инвестицияларды алғанда брокерге сый ақы және процент ретінде пайда түседі. Дивидент пайыздары банктік қызметке сыйакы сияқты тікелей сатып алу құнымен бағаланады.

    Алуға дейін есептелген пайыздарды (%), дивиденттерді құрылғн құны бойынша қаржылық инвестицияларды алу, бухгалтерлік есепке сатып алушы  сатушыға төленген пайыз (%) көлемін игергендегі сатып алу құны бойынша бөлінеді.

    Сатып алу құны мен бағалы қағаздарға инвестицияларды өтеу құны арасындағы айырмасы  (сатып алу кезінде пайда болатын жеңілдік немесе сыйақы) инвесторлармен оларды пайдалану ішінде амортизацияланады.

    Қысқа мерзімде қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста: ағымдағы құны, сатып алу мен ағымдағы құны арасындағы ең аз бағалануы бойынша есептелінеді.

    Егер  кысқа мерзімді қаржылық  инвестициялар сатып алу мен ағымдағы құны арасындағы ең аз бағалануы бойынша есепке алынса,баланстың құны жалпы жиынтық құны немесе инвестициялар турлері бойынша немесе жекеліген инвестициялар негізінде анықталуы мұмкін.

    Қысқа мерзімде қаржылық инвестициялардың ағымдағы құны өзгеруінен, алынған табыс немесе шығын,пайда болған  есептік кезеңінде танылады.

    Ұзақ  мерзімді қаржылық инвестициялар – бухгалтерлік баланста: сатып алу құны; қайта бағалауды есепке алғандағы құны;портфель негізінде анықталынатын құн; сатып алу мен ағымдағы құны арасындагы ен аз бағалануы бойынша есепке алынады.

    Ұзақ  мерзімді қаржылық инвестицияларды қайта бағалау соммасы меншіктік капиталды ұлғайтуға жатқызылады.  Инвестициялық құны төмендегі азаю сияқты ,сол инвестициялардың қосып бағалау соммасы  есебінен жүргізіледі.

    Сол инвестицияларының қосып бағалау соммасы  болмаған (жетіспеген) кезде оның құнының төмендеуі шығынға жатқызылады.Бұрын, құны төмендеген инвестицияның қосып бағалау соммасы, сол инвестициялардан шығыны өтелгеннен кейін, ол меншіктік капиталдың ұлғаюына жатқызылады.

    Ұзақ  мерзімді қаржылық инвестициялардың құны төмендеу кезінде осы инвестициялардың баланстық құны қайта  қарастырылуы тиіс. Құнның осындай төмендеуі, әрбір инвестицияларының, әр қайсысына бөлек анықталады және есептелінеді. Бұл кезде тәуекелдің түрі мен инвестордың инвестицияланатын субъектідегі көлемі ескеріледі.

    Қаржылық  инвестициялардың шығуы кезінде, сатудан алынған табыс пен баланстық құны арасындағы айырма, шығындарды (брокер немесе дилер кынвестициязметтері ) шегергенде, табыс немесе шығын деп танылады. Егер инвестициялар бұрын, кайта бағаланған немесе ағымдагы құны бойынша бағаланған болса, онда кайта бағалау соммасы, кабылданбаган «Есептик саясатка» сайкес, табысқа немесе бөлінбеген табысқа жатқызылады.

    Ұзақ  мерзімді қаржылық инвестицияларды кыска мерзімді категорияға ауыстыру келесідей жүреді:

    Сатып алу мен баланстық құнының  ең аз бағалануы бойынша, егер кыска  мерзімді қаржылық  инвестициялар сатып алу мен ағымдағы құнының ең ұзақ бағалануы бойынша есептелінсе. Егер инвестициялар бұрын  қайта бағаланған болса – онда ауыстыру кезінде олардың қайта бағалау сомасы есептен шығарылуы тиіс.Баланстық құны бойынша – егер қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар ағымдағы құны бойынша есепке алынса.

    Қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды ұзақ мерзімді категорияларға ауыстыру келесідей жүргізіледі: Сатып алу мен ағымдағы құныны ең аз бағалануы бойынша;ағымдағы құн бойынша бейнеленеді.Табысқа келесілер кіреді: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар бойынша пайыздар (%), роялти, дивиденттер мен жалпы төлемдер түріндегі  инвестициялардан табыс, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардан шығын қалудан каржылық нәтижелер;қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бойынша өткізілген табыстар мен шығындар; сатып алу мен ағымдағы құнымен ең аз бағалануы бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды көрсету қажетті; ағымдағы құны мен құнның кері өзгеруіне дейінгі төмендеуі; ұзақ мерзімді қаржылык инвестициялардың құнының төмендеуінің  қайтарымсыздығы.

    Инвестициялардың тиімділігі әдетте белсенді элементтердің үлесі өскенде артады.

    Негізгі капиталдың заттай элементтерінің ( негізгі  қор, тауарлы-материалдык қорлар) артуымен қатар,материалды емес өндірістік күштердің  дамуына салымдар тез артуда, зиялылык өндірістің элементі бола бастауда. Капиталданған интелектуалды меншік кәсіпорынның негізгі капиталына салым объектісі болуда.

    Әлемде  өндірістің халықаралық өзгерістер байқалуда, ол капитал экспортының (сыртқы инвестициялар) кажетігінен туындаса,сырткы инвестициялар тура және портфельді болып бөлінеді:

    Тура  инвестициялар кәсіпорынды баскаруға қатысу құқығын береді;

    Портфельді – бұл құқықты бермейді.

    Инвестициялар – экономика дамуынын жоғары және тұрақты қарқынын камтамасыз етуді,.ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін өндірудің, инфрақұрылымның дамуының маңызды факторы.

    Даму  мәселесінде маңызды орын алатын кәсіпорындарды қаржыландыру мен  ұзақ мерзімді несиелендіру маманданатын     инвестициялық банктер және акционерлік қоғамдарды  құру үрдісін, мемлекеттің акциялар пакетін иемденуді жургізуге, кәсіпорындар акцияларын айырбастау және  өткізуді жузеге асыру үшін құрылатын инвестициялы  қорлар басты орыналады.

    Ішкі, сондай-ақ сыртқы инвестицияларда  инвесторлар үшін қаржы  инвестициялар  белгілі бір  тәуекелмен байланысты болатынын есте сактау керек. Бұл тәуекел, есеп пен бакылаудың нашар ұйымдастырылуы, валюта бағаларының өзгеруі, қысқа мерзімді және орта мерзімді несиелерді тарту киындығы және т.б.  себепші болады. Сондай-ақ, саяси тәуекел мен стихиялық апат тәуекелдігін   инвесторлар нвестиция ескеруі керек . 

    Қаржы инвестициялар тек қана техникалық–экономикалық есептер негізінде, инвесторлеу объектісін зерттеу  негізінде ғана жүргізілуі тиіс. Онымен нарыктық қатынастар  жағдайларында тәуекел дәрежесін төмендетуді қамтамасыз етіледі.

    Қазақстан Республикасы зандамасы  экономика саласындағы инвестицияны қолдауға бағытталған. Республикада инвестициялық өнімдерді тиімді жүзеге асыруға бағытталған, жеңілдіктер мен преференциялар жүесі жасалған.

    Инвестициялардың соңғы мақсаты: Жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техника мен ноу-хауды өдіру; отандык тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру; экспортка бағытталған және импорты ауыстырушы өндірістерді дамыту; Қазақстан Республикасының шикізаттық базасын рационалды және кешенді қолдану; менеджмент пен маркетингтің жаңа әдістерін енгізу; жергілікті кадрларді үздіксіз оқыту жүйесін енгізу; олардың мамандық денгейін арттыру; өндірісті  интенсификациялауды қамтамасыз ету; қоршаған  табиги ортаны жақсарту.

    Қазақстан Республикасының экономика салаларын көтеру және дамыту да  шетелдік инвестициялардың маңызы зор.

    Шетелдік инвестициялар – пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет обьектілеріне  инвесторлар салатын, заттың – мүліктің барлық түрі мен оларға құқығы, сондай-ақ интелектуалдық меншіктік құқықтар.

      Инвестициялармен байланысты қызмет, бірлескен және шетелдік кәсіпорындарды, сондай-ақ шетелдік  заңды филиалдарды құру, бақылау, қызмет етуі; келісім шарттарға отыру және орындау: әр түрлі мүлікті интелектуалдық меншікке құқықты косқанда, сатып алу, колдану және пайдаланудан; басқадай мүліктік  құқықтарды алу; зайымдарды, несиелерді; мақсатты банктың  және қаржылық салымдарды ұсыну; Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін, инвестициялармен байланысты басқадай қызметтен тұрады.

    Қазақстан Республикасының шетелдік  инвесторы ретінде келесілер болады: шетелдік заңды тұлғалар,  азаматтығы жоқ тұлғалар; шетелдік азаматтары; шетелде тұрақты орны бар Қазақстан Республикасының азаматтары; шетелдік мемлекеттер; халықаралық ұйымдар.

    Қазақстан  Республикасының  территориясында келесілер құрылуы мұмкін : шетелдік кәсіпорын – Қазақстан Республикасының заңдарына  сәйкес құрылған, толық шетелдік инвесторға жататын, шетелдік қатысуы бар кәсып орын.

    Қазақстан Республикасының заңдарына кайшы келмейтін кез келген  шетелдік инвестициялар  нысанымен және олармен байланысты  қызмет аса ыңғайлы емес, шарттарында жүргізіледі.

    Шетелдік  инвесторлар  өзінің қызметі барысында  алған табыстарын Қазақстан  Республикасына кайта инвестициялау үшін  Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін  тауарларды алуға  және басқада мақсаттар үшін, өздерінің ұйымдары  бойынша қолдана алады.

    Заңдамадағы өзгерістер және халыкаралық келісім шарттардың өзгеруі, күшке енуінің  нәтежесінде шетелдік инвестордың жағдайы нашарласа, шетелдік инвесторларға  10 жыл ішінде, инвестициялар  жүргізілген кездегі заңнамалар  қолданылады, ал өкілетті  мемлекеттік  қоғамдармен ұзақ мерзімді келісім – шарттарымен (10 жылдан көп) көзделмесе, келісім-шарт  мерзімі аяқталғанға дейін жүреді.

    Заңдамадағы өзгерістер және халықаралық келісім–шарттардың өзгеруі күшіне енуінің нәтижесінде,шетелдік инвесторлардың  жағдайы нашарласа, шетелдік инвестормен  республиканың атынан өкілетті мемлекеттік орган  арасындағы келісім-шарттың  жекелеген шарттары  экономикасының  мудделердің  балансына жету мақсатында  екі жақты  келісымімен өзгеруі мүмкін.

    Шетелдік  инвестициялардың есебі ішкі  инвестициялардай  синтетикалық есеп шоттарында ұйымдастырылады ; аналитикалық  есепті шетелдік инвестициялар  жекелесе есепке алынады.    

              
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   1.2       Инвестицияның атқаратын қызметтері. 

    1997 жылғы 27 желтоқсанындағы №266 Қазақстан  Республикасының «Шетелдік инвестициялар  туралы» Заңында әр түрлі өзгерістер  мен қосулар арқылы келесі  анықтама беріледі : «Инвестиция – пайда табу мақсатымен кәсіпкерлікке салынатын мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрі, соның ішінде:

    − Қозғалатын және қозғалмайтын мүлік  және мүліктік құқықтар, қолдану құқықтары  және т.б.,тек импортталатын және өңдеусіз сатылатын тауарлардан басқа.

    − Акциялар және басқа коммерциялық мекемелерде  қатысу құқығы.

    − Облигациялар және т.б. қарыздық құжаттар.

    − Ақша соммаларын, тауарларды, қызмет көрсетулер және тағы басқа келісім-шартта көрсеткен  іскерлікті талап ету.

    − Мемлекет органдарының берген лицензия немесе басқа түрде кәсіппен айналысуға толықтай құқығымен қамтамасыз етіледі.

    − интелекттік іскерліктің қорытындысына  толық құқық, соған қоса авторлық құқық, патенттер, тауар белгілері, өндіріс үлгілері, технологиялық процестер, ноу-хау жатады.

      Инвестициялар экономикалық категория ретінде еш мемлекет   оларсыз қалыпты дамуы мүмкін емес   бірқатар керекті функциялар орындайды. Макродеңгейде инвестиция негіз бола алады:

  • Ұдайы өндіріс саясатын жүзеге асыру үшін;
  • ҒТП үдету үшін, отандық өнімнің сапасын арттырып, оны   бәсекеге қабілетті еткіздіру;
  • Халық шаруашылығының барлық салаларын теңдік дәрежеде дамыту және қоғамдық өндірістің құрылымдық қайта құру үшін;
  • Өндіріске жеткілікті шикізат базасын құру;
  • Азаматтық құрылыс, денсаулық сақтау, мәдениет, орта және жоғарғы оқу орындарын дамыту үшін, солай сияқты басқа әлеуметтік мәселелерді шешу  үшін;
  • Жұмыссыздық проблемасын жұмсарту немесе шешу үшін;
  • Табиғат ортасын қорғау үшін;
  • Әскери – өндірістік кешенді конверсиялау(қысқарту) үшін;
  • Мемлекеттің қорғаныс қабілеттігін арттыру және т.б. көптеген мәселелерді шешу үшін;

      Инвестициялар деңгейі қоғамның  халықтық пайда көлеміне қатты  ықпал етеді: оның динамикасына  мемлекет экономикасындағы көптеген  макропропорциялар тәуелді.

      Солай сияқты инвестициялар микродеңгейде де басты роль ойнайды. Бұл деңгейде олар келесі нысаналарға жетуге өте қажет:

  • Ұдайы өндірісті дамыту;
  • Негізгі фондтың моральді және табиғи тежелуінің асқындырмауын болдырмау;
  • Өндірістің техникалық деңгейін көтеру;
  • Арнаулы кәсіп орынның сапасын арттырып және бәскеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
  • Табиғатты қорғауға  шаралар қолдану;
  • Бағалы қағаздарды сатып алу және қаржыларды басқа кәсіпорындардың активтеріне салу;

    Республика  саясаткерлері мен экономисттерінің ойы бойынша, шетел капиталының ұйымдасуымен келесі мәселелерді шешуге болады:

  • Экспорттық потенциалды арттыру, оның шикізаттық бағдарлануын қысқарту;
  • Мемлекеттің экспорттық экспансиясын күшейту және оның орнын сыртқы нарықта тұрақтандыру;
  • Импорт ауыстырушы өндірісті дамыту;
  • Өндірістің ғылыми – техникалық деңгейін жаңа техника және  технология, басқару және өнімді өткізу әдістері арқылы дамыту;
  • Мемлекеттік бюджетке салықтық табыстың көбеюі;
  • Артта қалған және депрессивті аудандардың дамуына көмектесу;
  • Мемлекеттік экономикада жаңа жұмыс орнын құру;
  • Кадрларды дайындау және қайта оқыту арқылы қазіргі өндіріс және басқару тәжірибесін қолдану;
  • Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігіне қол жеткізу;

    Міне  инвестициялар макро- және микродеңгейде, солай сияқты Қазақстан моделінде атқаратын қызметтері.  
 
 
 
 
 
 
 

2.ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ: МӘНІ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ. 

    2.1 Қазақстан Республикасы стратегиялық бағдарламасына сай  инвестициялық саясаты. 

    Қазақстан Республикасысындағы инвестицияның бастамасы болып мыналар саналады: кәсіпорындардың негізгі құралы, мемлекеттік бюджет, шетел инвестициялары, қаржы структурасының  кредиттері. Мен өз зерттеуімнің  нәтижесінде мынадай қортындыға келдім: мемлекет өзі игере алмайтын көлемде қаржыны талап етеді. Сонда инвестициялық проблема өзінің басқа деңгейіне келеді. Оны былай белгілеуге болады: инвестицияны қаржыландыру механизмі икемді емес. Ол түскен қаржыны өңдеп үлгермейді,сондықтан да мемлекеттік сектор өз жылдамдығынан айрылады.

    Менің келесі байқағаным – шетел инвестицияларын қолдану өз мазмұндылығын жояды. Қазақстан Республикасы заң шығарушы органы мемлекеттік инвестициялық климатын жаксартатын заң кабылдады. Ол 11 млрд. долл. шетел инвестициясын иемденуге әкелді.

    Егер 1994 ж негізгі капиталға деген инвестиция 80,9 млрд. тенге болса, 2005 ж 1185,9 млрд. болды. 40 мемлекет Қазақстан экономикасына өз  нвестициясын енгізеді. Шетел инвестицияларың пайдалану бойынша Қазақстан 2002 жылы «Мудис» және 2004 жылы «Фитч» халықаралық рейтинг агенттіктері шешімі бойынша ТМД елдері ішінде лидер атанды. Приоритет тікелей инвестициямен  беріледі. Ең ірі шетел инвесторы Оңтүстік Корея, Ұлыбритания,Германия, Франция, АҚШ, Канада, Жапония. Шетел инвестицияларының көп бөлігі мұнай-газ, құрылыс салаларына жұмсалады.

    Приоритетті объектіні таңдағанда мемлекет бәсеке артықшылығы орын алады. Олар тез озгереді: 90 жж кризис әсерінен көптеген артықшылықтар жойылды. Халықтың төлеу мүмкіндігі қалпына келмеді, табиғи ресурсты алу қиындады, Қазақстан ішіндегі баға әлемдік бағаға жақындады.

    Бұндай жағдайда стратегиялық инвестор қажет болады.Олар бағаны кәсіп орын бағасына келтіреді. «Тікелей инвестиция салудың»  мемлекеттік колдауы бойынша 5 приоритетті экономикалық секторлар белгіленген. Олар: өндірістік кәсіпорын өндірісі, тұрғын үй, әлеуметтік сфера объектісі, туризм, ауыл шаруашылығы. Толығымен пайдаланылатын инвестициялық қаржыландыруды дамытқан жөн.

  • 1995 ж бастап  өмір сүріп келе жатқан нарыққа адамның қатысуы халық құралы үшін  құқықтық база.
  • мемлекет қаржылай ресурстары.

      Қор биржасы механизиминде көптеген резервтер бар. Казіргі уақытта кор биржасының функциясына көп көңіл бөліне бастады. Мысалы, Орталық банктердің  сауданы іске асыру жерін  қор  биржасы деп атайды. Англия мен Америкада қөр биржасы жеке компания негізінде дамыған, ал Германия мен Францияда биржаның әрекеттерін мемлекет қадағалап отырады.

        Классикалық қор биржасының басты сипаты болып мемлекеттік шаруашылық комплекс жүйесіндегі экономикалық бағыты саналады. Тауардың материалдық өндірісінің пайда болған  ақша ағымы капитал мен и. трансформациясы жағдайына әкеледі. Өндірістің дамуы, еңбек бөлінісі, инвестициялық сфера бөлінісі, нарықтық қатынастардың дамуы, ресурстар мобилизациясы қор нарығының  дамуына әкелетің басты шарттар.

    Баска да нарық сияқты қор нарығы сұраныстан,ұсыныстан және оларды теңестіретін бағадан тұрады. Қазақстан Республикасы үкіметінің инвестициялық  қаржыландыруға табысы жетпейтін сұранысты кәсіпорындар құрады. Олар қарызға алушылар болады, ал халық  болса кредиторлар болады. Қор нарығының басқа нарықтан айырмашылығы – тауар спецификасы (бағалы қағаздар ).

    Қор нарығының басты мақсаты белгілі  меншік бөлінісі, инвестиция механизмінің іске асуы үшін құрылған экономикалық қаржы және өндіріс секторларының байланысы. (1).

    Пайда және дивиденттер нормасы  жоғары салаларда бағалы қағаздар комиссиясы арқылы косымша капитал мобилизациясы жузеге асады (2). Осы уакытта нақты активтері жоқ элементтердің орнына өндіріс проектісіне қызмет көрсететін элемент пайда болуы тиіс. Осы аркылы қор нарығынын басты функциялары мыналар болады:

  • капитал ағымы механизмінің құрылуы.
  • жеке капитал мен халыктағы бос ақшаны максималды турде  инвестицияның өсуіне әсерін тигізуі.
  • Кәсіпорындардың Жаңа капиталға жолы болуын қамтамасыз ету.

    Дамыған мемлекеттердің қор нарығы биржалық болады, яғни келісім-шарттардың 95% осыдан өтеді. «Дамыған мемлекет және қор нарығы дамыған мемлекет» деген түсініктемелер тең келмейді. Греция мен Португалия дамыған мемлекеттер қатарына жатады, бірақ олардың қор нарығы дамушы болып келеді. Гонконг пен Сингапур дамушы мемлекеттер болса да, қор нарығы  жақсы дамыған. ТМД елдерінде мулдем басқа жағдай. Мұнда қор нарығы жартылай биржалық емес. Акционерлік қоғам жақсы дамыған мемлекетте капитал салымы өте жаксы дамиды. Сондықтан құралдар эмиссиясы мен банк ссудалары көп мәнге ие болады.

    Капитал жинағынан гөрі ұлттық байлықты болуде қор нарыгінің маңызы зор болады Қор нарығы дамыған мемлекетте алғашқы әмиссия көлемі кейінгі эмиссия көлемінен аз болады. Қор нарығы  дамуының анықтауыштары: қызмет құнының төмендеуі, бәсекені болдырмастың шекара мен кедергілерді жою, жаңатехнологияны пайдалану, жеке сауда жүйесінің құрылуы т.б.

    Қазақстан Республикасы барлық  инвестиция ағымы құрылған кәсіпорындарды қаржыландыруға негізделеді: Стратегиялық инвесторлар акциялар құнының жоғары болуын да ,акциялардың нарыққа шығуын талап етпейді . Қазақстан нарығы портфельді немесе спекулятивті инвесторларға қызықты болмайды .

    Қазакстанға мыналар сай келеді:

  • қор нарығы құрыларда өте жақсы дамиды да, кейін ол құлдырауга ұшырайды
  • портфельді және несие  инвестицияларының өсуі немесе құлдырауы арасында шетел инвестициялары тікелей инвестицияға айналады .

    1997 ж. жеке меншікті болудың жаңа фазасы құрылды: оған сай несиелер:

    – нетривиалы  жүйені қолдану (векселді сатып алу, сенім жүйелері)

    - қайта бөлудің басты обьектісі – үлкен және перспективті  компаниялар

    мемлекеттің белсенділікті білдіру.

    Бұл кезеңнің басты ерекшелігі – ескі монополия мен жаңа—қаржы  өңдірістік топтың көрінісі .

Инвеститции Республики Казахстан