Кашыктыктан окыту
Курстық жұмыстың тақырыбы:
Қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың дидактикалық мүмкіндіктері
Алматы, 2007
КІРІСПЕ
Қашықтан оқытудың білім саласындағы рөлі.
Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына ідектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курысы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.
Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейін көтеру.
Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:
· бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып. мемлекеттік (республикалық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;
· құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;
Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймактық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.
Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондык оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы окулыктарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.
Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол курстың бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт.
Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:
· Оқытушы компъютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.
· Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі қажет.
· Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет.
· Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.
· Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет.
· Жинақталған
түрде оқу бағдарламасын
· Оқу
үрдісін қашықтықтан оқыту
Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес.
Республикалық білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығы ақпараттық қарым-қатынастық технологиялардың білім берудегі педагогикалық мүмкіндіктерін зерттеу жолында ЮНЕСКО институтының тірек нүктесіне жатады және онымен бірге қашықтықтан оқытудың спутниктік каналын ендірудің бірлескен жобасын жүзеге асыруда.
1-тарау. Қашықтықтықтан оқыту (ҚО) технологиясын ұйымдастырудың теориялық негіздемесі
1.1. ҚО-ды ұйымдастырудың теориялық негіздері
Қашықтықтықтан
оқыту (ҚО) - білім, білік дағдыларды
алу үрдісі, бұл кезде оқыту
процедураларының тұтас немесе
белгілі бір бөлігі оқытушы
мен студенттің территориялық
алшақтығына қарамастан жаңа
ақпараттық және телекоммуникац
Қашықтықтықтан оқыту технологиясының кейс және желілік технология деген түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады.
Қашықтықтан оқыту
технологиясынын дамуына
Қашықтықтан оқытуда
өз бетінше жүргізілетін жұмысты
Қашықтықтан оқыту
жүйесін әрқайсысы өз кезегінде
бірнеше компоненттерден
· Дидактикалық жүйе;
· Технологиялық жүйе;
· Қамтамасыз ету жүйелері.
Қашықтықтан оқыту үшін оқытудың жалпы дидактикалык бес әдісін қолдануға болады:
1. Ақпараттық-рецептивті;
2. Репродуктивті;
3. Мәселелік мазмұндау;
4. Әвристикалық;
5. Зерттеу;
1.2.
Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдас
Білім беру жүйесін
ақпараттандырудың негізгі
Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану аркылы дамыта оқыту, кашыктыктан оқыту, дара тұлғаға бағыттап окыту максаттарын жүзеге асыра отырып, оку-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғары-латуды көздейді.
Қашыктықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл-тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Ал, тармағынадағы қашықтықтан оқу ұғымы тындаушылар мен оқытушылар арасындағы, сонымен қатар тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғаргы дәрежедегі қазіргі жаңа ақпаратгық технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т.б.) пайдаланатын белгілі бір тақырыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатьш оқу процесі.
Қашыктықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар:
Кейс-технология - оқытушы-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды үйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.
Кейс технологиясы (ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.
Кейс-технология арналған материалдар түрлері мыналар:
1. Әдістемелік нұсқалар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқужоспарындағы пәндер бойынша әлектрондық тасымалдауышта (CD-ROM) оқу-әдістемелік материалдардың кешені (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістер тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін белсендіруге
2. Жұмыс дәптері.
3. Анықтама.
4.
Оқу, аудио, бейне
5.
Бақылау және емтихан
Қашықтықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері:
- курстың терминдер мен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымы;
- пайдаланушыға
ыңғайлы құрылым – мұғалім
материалды беру реті мен
-
Кейстің құрамына белгілі бір
нормативті талаптар жоқ. Кең
таралған документтер мен
- Оқушы оқулықтың кез келген бетін қағазға шығара алады.
- Оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады (Интернет, CD-ROM).
-
Оқулыққа кіріктірілген
-
Оқулық бетінен Интернет
Желілік –технология - білім алушы, оқытушылар, әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу-әдістемелік қүралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген;
Оқытудың желілік –технологиясына жатады:
- Интернет желісін пайдалану;
- Әлектрондық поштаны пайдалану;
-
Телекоммуникациялық
- Мультимедиамен жабдықталған, Интернетке шығу мүмкіндігі бар желелік компьютерлік класс;
Электронды почта тыңдаушыларға курстың негізгі мәселелері бойынша конфиденциалды хат жазысуға мүмкіндік береді. Электронды почта арқылы ақпаратты жоғары жылдамдықпен жіберу мүмкіндігінің арқасында тыңдаушыға көмек дер кезіңде, сұранысты алған соң бірден көрсетіледі. Интернет көмегімен тыңдаушылармен кері байланыс орнатып қана қоймай, олардың оқу қызметін бақылауға, бағалауға болады.
Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі өз бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан тындаушылар өз бетінше жұмыстың
техникасы
мен әдістемесін, жоғарғы
Сонымен, қашықтықтан оқыту — адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардын негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
1.3. Қазақстан
Республикасының кәсіптік
1.3.1.Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары, қосымша кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында қашықтықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
2. Қашықтықтықтан оқыту (
3. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
· тьютор (Tutor) – білім алушылардың өзіндік жумысына басшылық жасауды жүзеге асырушы қашықтықтықтан оқытудың оқытушы консультанты;
· контент – ақпараттық толықтыру – мәтін, графика, мультимедиа және өзгеде ақпараттық толықтыру;
· тьюторлық сыныптар – компьютерлермен, бейне мониторлармен және басқа да ақпараттық коммуникативтік құралдармен жабдықталған сыныптар.
4. Қашықтықтықтан оқыту:
·
ақпараттық-коммуникациялық
· әлектрондық тасымалдағыштарға арналған мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларының контенті (мазмұны);
·
білім беру процесі субъектілерінің мүмкін
5. Қашықтықтықтан оқыту нысаны
негізгі үш технологиялар
· желілік технология (автономды желілік курстар немесе виртуалды кафедралар, Интернетті пайдаланатын университеттер);
·
кейс-технологиялар негізінде
·
ТВ-технологиялар негізінде
6. Қашықтықтықтан оқыту оқытудың басқа да түрлерімен біріктірілуі мүмкін (күндізгі және қашықтықтықтан оқыту, сырттай және қашықтықтықтан оқыту, кешкі және қашықтықтықтан оқыту, әкстернат және қашықтықтықтан);
7. Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен қызметкерлері қашықтықтықтан оқыту жүйесінің субъектілері болып табылады.
1.3.2.Қашықтықтық нысаны бойынша оқу процесін ұйымдастыру
· Қашықтықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
a) оқытуды даралау;
b) оқытудың тиімділігін (сапасын) арттыру;
c)
дәстүрлі оқыту нысаны қолайсыз
болып табылатын тұлғалар үшін
· Білім беру ұйымдарында қашықтықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру және дұрыс қызмет етуі үшін мынадай функцияларды орындау қажет:
a) оқу курстарын қолдау;
b) білім алушыларға оқу материалдарын жеткізу;
c) кеңестер беру;
d) білім алушылармен кері байланысты ұйымдастыру;
e) білім алушылардың білімдерін бақылау.
· Білім беру ұйымдарында:
a)
білім алушылар үшін оқу-
b) телекоммуникациялық желіге шығатын (Интернет, спутниктік теледидар) жабдықтардың;
c) әртүрлі терминалдардың: мультимедиялық сыныптардың, әлектрондық оқу залдарының;
d) CD, DVD
дискілеріне арналған оқу
e)
желілік оқу мультимедиа
f) тестілеу кешендерінің;
g)
тиісті дайындықтан өткен
h)
жеке меншік контентін (
i) желілік тестілеу кешендерінің;
j) оқытуды басқарудың желілік жүйелері (Learning Management Systems - LMS);
k)
оқыту контентін басқару
· Қашықтықтықтан оқытудың базалық жоғары оқу орындарында қашықтықтықтан оқытудың жетекшісі басқаратын және өзінің құрамында мынадай міндетті қызметтері арнайы құрылым (факультет, орталық, бөлім және басқа) құрылады:
a) оқу процесін ұйымдастыру және басқару;
b) қашықтықтықтан
оқытудың дидактикалық
c)
ақпараттық-техникалық
· Оқу процесін ұйымдастыру және басқару қызметі қашықтықтық нысаны бойынша оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады, қашықтықтықтан оқытумен байланысты құжаттамаларды жүргізеді, қашықтықтықтан оқыту орталықтарының қызметін бақылайды, оқытушылар мен тьюторлардың біліктілігін арттыру мен сертификаттауды ұйымдастырады.
· Қашықтықтықтан оқытудың дидактикалық тәсілдерін әзірлеу қызметі қашықтықтықтан оқытудың әлектрондық оқулықтарын, мультимедиалық курстарды, әдістемелік құралдар мен басқа да әдістемелік құралдарды әзірлеуді, сатып алуды және игеруді жүзеге асырады, тестілеу жүйелері мен білімді бақылаудың басқа да құралдарын, қашықтықтықтан оқытуға арналған ақпараттық ресурстарды қолданудың әдістерін әзірлейді.
· Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету қызметі қашықтықтықтан оқытудың бағдарламалық, ақпараттық және техникалық құралдарын әзірлейді, игереді және оларды пайдалануды қолдайды.
· Оқу процесі базалық жоғары оқу орнының басшысы бекіткен қашықтықтықтан оқытудың оқу жұмыс жоспарының негізінде ұйымдастырылады. Оқу жұмыс жоспары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес үлгілік оқу жоспарларының негізінде жасалады. Жоғары оқу орны білім беру процесінде кезінде қашықтықтықтан оқытудың таңдаған технологияларына сәйкес келетін оқу сабақтарын өткізу түрлерін пайдаланады.
· Жеке оқу жоспарына сәйкес жылдар мен семестрлер бойынша пәндерді бөлуді өзгертуге мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес келетін таңдаған мамандықтары бойынша пәндер тізбесінің шеңберінде мүмкіндік беріледі.
· Қашықтықтықтан оқытудың толық курсы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім беру саласындағы орталық атқарушы орган белгілеген мамандықтардан басқа барлық бағыттар (мамандықтар) бойынша ұйымдастырылуы мүмкін.
· Тиісті бейін бойынша кәсіптік орта білімі немесе түрлі деңгейдегі кәсіптік жоғары білімі бар тұлғалар қашықтықтықтан оқыту бойынша жеделдетілген оқу мерзімінің қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік жоғары білім алуы мүмкін.
· Білім беру бағдарламаларын жеделдетілген мерзімде толық көлемде меңгеру қашықтықтықтан оқытудың базалық жоғары оқу орнының басшылары бекіткен тиісті оқу жұмыс жоспарлары бойынша жүргізіледі.
· Жеке оқу жоспарын білім алушы жасайды, жоғары оқу орны белгілеген тәртіппен қашықтықтықтан оқытудың жетекшісімен келісіледі және бекітіледі.
·
Қашықтықтықтан оқыту нысанына түсуші
тұлғалар үшін білім беру ұйымдары
оқу сабақтары басталғанға
· Білім беру ұйымдарында оқу жылы Білім және ғылым министрлігі белгілеген оқу мерзімдеріне сәйкес басталады, саны мен ұзақтығын жоғары оқу орны өз бетінше белгілейтін академиялық кезеңдерден тұрады. Қашықтықтықтан оқыту нысаны бойынша білім алушылар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім беру-кәсіптік бағдарламаларының мазмұнын толық меңгеруі тиіс.
· Базалық жоғары оқу орны мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім сапасын қамтамасыз ететін қашықтықтықтан оқытудың кез-келген технологиясын қолдануға құқығы бар.
· Білім беру ұйымы қашықтықтықтан оқыту кезінде әрбір білім алушыға ақпараттық-білім беру ортасына кіруге мүмкіндік береді. Білім алушыда қажетті аппараттық-бағдарламалық құралдар болмаған жағдайда білім беру ұйымы оларды оған жалгерлік негізде беруіне болады.
· Тьюторлық сынып компьютерлік оқу жұмыс орнына өткізу мүмкіндігі кем дегенде 50 Кбит/сек болатын Интернеттің ғаламдық желісіне қосуды қамтамасыз ететін коммуникациялық байланыс арналары болуы керек.
· Компьютерлердің саны мен оларды орналастыру. Санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес белгіленеді. Барлық компьютерлер локалдық желіге біріктірілуі керек. Компьютерлік жұмыс орнының конфигурациясы оқу қызметінің тиісті түрлерінің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Оқытушыларға арналған жұмыс орнының саны күніне 3 сағаттық жұмыс және 2 оқытушыға бір жұмыс орны нормасына сәйкес анықталады.
·
Білім беру ұйымы білім алушылардың
мүмкіндіктерін есепке ала отырып,
телекоммуникациялық құралдарды пайдаланумен
бірге оқу процесіне
·
Қашықтықтықтан оқыту технологияларын
қолдана отырып білім беру бағдарламаларын
іске асыру кезіндегі
a) жеке күндізгі (білім алушылардың бастамасы бойынша жекелеген жағдайда);
b) жеке
қашықтықтықтан (бақылау және аттестаттау
жұмыстарына арналған
c) топпен қашықтықтықтан (чат арқылы, Web-сайтында жиі қойылатын FAQ айдары, телеконференциялар түрінде).
· Қашықтықтықтан оқытудың нысандары: бейне лекциялар, теледидар лекциялары; радио-лекциялар; мультимедиалық лекциялар; бейне конференциялар; телеконференциялар; әлектрондық оқу басылымдары бойынша (әлектрондық оқулықтар, мультимедиалық оқыту бағдарламалары, тренажерлар, ақпараттық-анықтамалық жүйелер) студенттің өзіндік жұмыстары, виртуалды зертханалық практикумдар (имитациялық модельдер); компьютерлік тестілеу жүйелері; форумдар, чаттар мен әлектрондық пошта арқылы консультациялар беру.
· Телеконференцялар өкізу үшін білім беру ұйымының жабдықталған студиясы мен тиісті бейне және проекторлық аппаратуралары болуы керек.
· Жоғары оқу орны білім алушылардың ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттау жүйесін, олардың білімдері мен біліктерін және тәелсіз бағалау әдістерін, қол жетімділікті шектейтін әлектрондық әдістерді қолдану арқылы бұрмалауларға, жалғандыққа қарсы қорғауларды, аумақтан тысқары аттестаттау комиссиясының көпшілік қорғау жұмыстарын бағалаудағы әділдігін ұйымдастырады Бітірушілерді қорытынды мемлекеттік аттестаттау (мемлекеттік емтихан, дипломдық жұмыстарды, жобаларды қорғау) базалық жоғары оқу орындарында дәстүрлі әдістермен жүргізіледі.

- Кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке тарту: қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаттамасы
- Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі
- Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
- Кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат келтірген зиян үшін
- Кәсіби лицейдегі оқу процесі кезіндегі оқушылардың жеке мінезінің қалыптасуы
- Кәсіби мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау
- Кәсіби оқытуда арнайы пәндерін оқыту әдістемесі
- Качество хлеба и хлебобулочных изделий
- Качество экономического роста
- Качество экономического роста
- Качество экономического роста как фактор национального развития
- Качество экономического роста как фактор национального развития
- Качество экономического роста на примере российской экономики
- Каштановые почвы Казахстана