Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
КІРІСПЕ
1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
1.1 Кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды,
балалардың құқық бұзуына жағдай туғызушы
ата-аналарды, олардың орындағы адамдарды
анықтау және есепке алу жөніндегі жұмыстарды
ұйымдастыру
2.1 Кәмелетке толмағандар саласы бойынша
қызметтік тексерулер мен тергеулер жүргізу
2.2 Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден
шартты түрде мерзімінен бұрын босату
2.3 Соттылық және оның жоюлуы
ҚОРЫТЫНДЫ
Кіріспе
Менің курстық жобамның тақырыбы "Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы".
Курстық жобамның жалпы түсінігі: Кәмілетке толмаған балаларға қолданылатын жазалардың түрлерін ашық, қарапайым етіп түсіндіру. Қазақстан Республикасын Қылмыстық Кодексінің қандай баптарда қолданатынын, жалпы түсінігін беру.
Зерттеу объектісі: Жасөспірім балалардың қылмысқа бару жолын анықтау. Кәмілетке толмағандар саласы бойынша қызметтік тексерулер мен тергеулер жүргізу.
Курстық жобамның негізгі мақсаты: «Кәмелетке толмағандарға қылмыстар» деген ұғымды түсіндіру.
ҚР Қылмыстық кодекстің 78- бабының 1- тармағына сәйкес «Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады». Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға жаза тағайындалуы мүмкін не оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Жалпы кәмелетке толмағандарға бас бостандығына айыру он жылдан аспайтын, ал ауырлататын мән – жайларда кісі өлтіргені үшін немесе қылмыстардың жиынтығы бойынша қылмыстардың біреуі ауырлататаын мән- жайларда кісі өлтіргені үшін 12 жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін.
Кәмелетке толмағандардан, олардың ата-аналарынан, басқа да адамдардан жасалған немесе дайындалып жатқан, қылмыстар туралы ақпарат алған кезде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімше инспекторлары бұл туралы жазбаша түрде қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органының бастығына, не оның жедел жұмыс жөніндегі орынбасарына баяндауға қажет болып келеді.
Курыстық жобамның негізгі тапсырмасы:
1. Кәмелетке толмағандардың жауаптылығы.
1.1. Кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды, балалардың құқық бұзуына жағдай туғызушы ата-аналарды, олардың орындағы адамдарды анықтау және есепке алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
2.Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын
жаза түрлері.
2.1 Кәмелетке толмағандар саласы бойынша қызметтік тексерулер
мен тергеулер жүргізу.
2.2 Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен
бұрын босату
Жұмыстың құрылымы: Кiрiспеден, екі бөлiмнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады. Ол бөлімдерде негізінен кәмілетке толмағандардың жауаптылығы, балалардың құқық бұзуына жағдай туғызушы ата-аналарды, олардың орындағы адамдарды анықтау және еспке алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жайында айтылады.
Жұмыстың өзектілігі: Кәмелетке толмағандарды қылмыстық немесе қоғамға қарсы әрекеттер жасауға итермелейтін ата-аналарды немесе олардың орындағы, сондай-ақ өзге де ересек адамдарды анықтау болып табылады. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ата-аналардың немесе олардың орындағы адамдардың, оқу, емдеу және өзге де мекемелер қызметкерінің балалар тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттыру.
1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
1.1. Кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды, балалардың құқық бұзуына жағдай туғызушы ата-аналарды, олардың орындағы адамдарды анықтау және еспке алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелердің учаскелік инспекторлары кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, құқық бұзушылықтардың және қадағалаусыз қалудың алдын алу, жолын кесу мақсатында, құқық бұзушы жасөспірімдерді, балалардың құқық бұзуына жағдай туғызушы ата – аналарын, басқа да ересек адамдарды, егер де олардың құқыққа қарсы немесе қоғамға қарсы мінез-құлқы белгіленген тәртіппен соттың, қамқорлыққа алу органдарының, оқу тәрбие, емдеу мекемелерінің, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу, ақтау орталығы, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері әкімшіліктерінің және ішкі істер органдарының басқа да бөлімшелерінің үкімінде, анықтауында, шешімінде, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың хабарламаларында, азаматтардың шағымдары мен арыздарын тексеру материалдарында анықталса, онда оларды 10 күндік мерзім ішінде есепке алады.
Бақылау істерін (N 6,7 қосымшалар) және бақылау – тіркеу карточкаларын (N 7а қосымша) ашуды қамтитын профилактикалық есепке қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдары қызмет көрсететін аумақта тұратын адамдар алынады.
Қажет болған жағдайда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелерінің лауазымды адамының рапорты бойынша, көліктегі ішкі істер органдарының желілік бөлімі (бөлімшесі) бастығының және қалалық, аудандық ішкі істер органдары бастығының немесе олардың қызмет жөніндегі орынбасарларының келісімімен көлік объектілерінде құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарды, олардың ата-аналарын, егер бұл адамдар көлік объектілерінде жұмыс істесе, көлік қызметі үшін мамандар даярлайтын оку орындарында оқыса, көлік объектілеріне тиіп тұрған тұрғын үй алабтары мен елді-мекендерде тұрса, немесе қала сырты бағытындағы поездарды жұмыс, оқу орнына бару үшін үнемі пайдаланып тұрса, көліктегі ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелеріне есепке қоюға рұқсат беріледі.
Статистикалық есеп беруде бұл кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналары олармен профилактикалық жұмыстар ұйымдастыруға толық көлемде жауап беретін көліктегі ішкі істер органдарының тек кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелердің есебінде тұратындар ретінде көрсетіледі. Тұрғылықты жері бойынша қалалық, аудандық ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелерінің осы санаттағы жасөспірімдер тарапынан жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуда, жолын кесуде, ашуда бұл құқық бұзушылар есебінде тұрған көліктегі ішкі істер органдары кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелердің лауазымды адамдарына көмек көрсетеді.
Кәмелетке толмағандар тұрғылықты жері бойынша да, көлік объектілерінде де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайларда, олар тұрғылықты жері бойынша қалалық, аудандық ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелерінің есебіне алынады. Көліктегі ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі бөлшелері қалалық, ауңдандық ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі юөлімшелерінің лауазымды адамдарына осы адамдар тарапынан жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі жұмыстарына көмек көрсетеді.
Қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдарының бастығы немесе оның қызмет жөніндегі орынбасары кәмелетке толмағандардың, балалар мен жасөспірімдер тарапынан құқық бұзушылықтар жасауға жағдай туғызушы ата-аналарының, жасөспірімнің жеке тұлға болып қалыптасуына теріс әсер ететін басқа ересек адамдардың құқыққа қарсы мінез -құлықтарын растайтын материалдары болған жағдайда есепке алу туралы жазбаша түрде рұқсат береді.
Көрсетілген басшылар әкімшілік полициясы бөлімшелерінің бастықтары мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелерінің лауазымды адамдарының полицияның учаскелік инспекторларымен, криминалды полиция бөлімшелерінің жедел учаскелік инспекторларымен, криминалды полиция бөлімшелерінің жедел уәкілдерімен, тергеушілермен, анықтаушылармен және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелердің есебінде тұрған адамдардың арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және ашу жөніндегі қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдарының басқа да бөлімшелерінің қызметкерлерімен бірлескен іс-қимылдардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.
Тоқсанына бір рет кәмелетке толмағандардың, ата-аналардың бақылау істерімен, ересек адамдарға жинақталған материалдармен танысады және оларға қолданылып жүрген әсер ету нысандары мен әдістерінің тиімдщілігін арттыруға бағытталған жазбаша тапсырмалар береді.
Бақылау ісі ашыла отырып, есепке мынадай кәмелетке толмағандар тіркеледі:
- Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар;
- Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалау шараларына соттталғандар;
- «Тұтқан» түрінде жазау шараларын өтеп келгендер;
- Бас бостандығынан айыруға шартты түрде сотталғандар;
- Қылмыстық жауапкершіліктен және жазалаудан ақталмайтын негіздер бойынша босатылғандар, оның ішінде рақымшылық немесе кешірім жасау актісінің негізінде («Қазақстан Республикасы ҚК 65, 66, 67, 68, 69, 73, 74, 75, 76, 81, 82 баптары);1
- Қылмыс жасаған деп айыпталғандар және алдын ала тергеу кезеңінде күзет қамауына алынбағандар;
- Қылмыстық жауапкершілікке тартылу жас мөлшеріне толғанға дейін қылмыстық белгілері бар қоғамға қауіпті әрекет жасағандар;
- Жабық үлгідегі арнайы оқу - тәрбие мекемелерінен оралғандар;
- Жүйелі түрде спиртті ішімдіктер қолданатын не еліртетін есірткі және басқа да күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта пайдаланатындар;
10) 16 жасқа дейін үйінен өз
еркімен бірнеше рет кетіп
қалғандар, сондай-ақ міндетті орта
білім алудан қасақана
11) Жезөкшелікпен айналысатындар;
12) Жылына екі не одан да
көп рет әкімшілік құқық
Топтасып құқық бұзушылықтар жасағанда, оның ішінде ересектермен бірге жасаса, бақылау ісі міндетті түрде ашылады.
Бақылау ісі ашылғаннан кейін бір тәулік ішінде криминалды полицияға есептегі адамды (адамдар тобын) жедел бақылауға алу үшін бақылау ісін ашу туралы шығарылған қаулының көшірмесімен бірге шолу анықтамасын жібереді. Криминалды полицияның кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлімшелерінде 1, 2, 4, 5, 6, 8, тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандардың санатына, сондай-ақ құқыққа қарсы бағыттағы кәмелетке толмағандардың топтарына, оның ішінде аралас топтарға, жедел- бақылау істерінің екінші бөлімі ашылады.
Егер топ құрамына кіретін адамдар осы ереженің 19 тармағында қарастырылған негіздемелер бойынша есепке қойылған немесе қойылуы мүмкін болса, онда кәмелетке толмағандардың тобына бір бақылау ісі ашылады. Мұндай жағдайларда көрсетілген іске бұрын топ жекелеген мүшелеріне ашылған бақылау істері қосылады. Топтарды бақылау істері нақты топқа қатысты тексеру материалдары оның құқыққа қарсы бағытын растайтын болса, сондай-ақ оған кіретін жасөспірімдердің қоғамға қарсы мінез-құлықтарын куәлендірілген жағдайда ашылады.
Қызмет көрсету аймағында топтың көпшілік мүшелері немесе топтың серкесі тұратын. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелердің инспекторы топқа бақылау ісін ашады.
Бақылау ісі ашыла отырып, есепке тәрбиесінде кәмелетке толмаған балалары бар ата-аналар немесе олардың орнындағы адамдар мына жағдайларда;
- Спиртті ішімдіктерді теріс пайдалану, не дәрігердің тағайындауынсыз есірткі немесе еліртетін басқа да күшті әсер ететін заттарды қолдану, немесе наркологиялық мекемелерінде «нашақор», «алкоголизм», «уытқор» диагноздарымен есепте тұратындар;
- Із балаларының тәрбиелеу міндеттерін орныдаудан жалтару, ата-аналық құқыққа қарсы мінез -құлықтарымен балаларға кері әсерін тигізу;
- Із балалары мен басқа да кәмелетке толмағандарды спиртті ішімдіктер пайдалануға тарту, сондай-ақ бұрын сотталғандар кәмелетке толмағандардың тобына қылмыстар жасағаны үшін алынады.
Балаларының құқық бұзуына мүмкіндік туғызатын ата-аналар қалалық, аудандық, желілік ішкі сітер органдарында басқа негіздер бойынша (мысалы, әкімшілік қадағалауда жүрген, «нашақор» диагнозы бар) есепте тұрған жағдайларда, Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелерінің лауазымды қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдарының сәйкес бөлімшелерінің қызметкерлерімен бірге ата-аналарының балаларға теріс әсер етуінің алдын алу шараларын жүзеге асыруға қатысады.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелерде көрсетілген ата-аналардың санатына бақылау ісінің дубликаты ашылады.
Бақылау – тіркеу карточкасы ашыла отырып, есепке 18 жасқа толмаған, және кәмелетке томағандарды спиртті ішімдіктер қолдануға тартқан ересек адамдар тіркеледі:
Ересектердің осы санатындағылардың жинақтау материалдары жеке номенклатуралық іске салынады.
Осы рольде ата-аналар болған жағдайларда осы ереженің 21.3 тармағына сәйкес бақылау ісі ашылады.
Бақылау істері мен бақылау – тіркеу карточкаларын ашу кезінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелердің учаскелік инспекторлары бір мезгілде;
- Кәмелетке толмағанмен, оның ата-анасымен, басқа да ересек адамдармен әңгіме өткізеді, оларға есепке тіркеудің негіздерін, есепке қою мерзімдерін және есептен шығару негіздерін түсіндіреді. Топқа кіретін кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік заңдарымен қарастырылған топтық және қайта жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін жауапккершілікті реттейтін нормативтік актілердің талаптарын түсіндіреді. Топқа кіретін кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың санаттарына қарай оларды қайта бейімдеу немесе бөлшектеу, топ лидерлерінің жасөспірімдерге кері әсер етуінің жолын кесу үшін шаралар қолданады, қылмыс жасаған белсенді мүшелеріне қатысты жолын кесу шараларын өзгерту мүмкіндіктерін қарастыру туралы тергеушіге ұсыныстар жасайды, немесе белгіленген тәртіпте мұндай адамдарды жабық үлгідегі арнайы оқу орындарына жіберу жолымен оқушаулау үшін материалдар дайындайды.
- Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелердің есепке тіркеу журналында (N 9 қосымша) есепке алынған адамдарды тіркейді. Бұл журналда сондай-ақ адамдар, басқа қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдарынан келіп түскен не оларға жіберілген бақылау істері мен бақылау-тіркеу карточкалары ескеріледі;
- ІІББ, ІІБ, КІІБ-на жіберілетін құқық бұзушыларға ақпараттық-іздеу карточкалары және Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелерінде есепке алынғандардың есепке алу карточкалары толтырылады, олар полицияның учаскелік пункттеріне есепке алынған контингенттің өмір сүу салтымен тұрғылықты жері бойынша тоқсан сайын тексеру арқылы танысу үшін жіберіледі.
Полицияның учаскелік инспекторлары тоқсан сайын кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелерінің инспекторларына тексеру нәтижелері және анықталған құқық бұзушылықтар туралы, оның ішінде құқық бұзушыларға қолданылған әсер ету шаралары туралы ақпарат беріп отырады;
- Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелерінде есепке қою туралы:
- есепке алынғандардың оқу, жұмыс орының әкімшіліктеріне, сондай-ақ жергілікті атқару органдары жанындағы кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссияға хабарлайды. Ақпараттың көшірмесі бақылау ісінің материалдарына немесе номенклатуралық жинақтау ісіне жинақталады;
- спиртті ішімдіктерді жиі пайдаланатын, еліртетін есірткі және күшті әсер ететін басқа да заттарды пайдаланатын кәмелетке толмағандар, ата-аналары туралы наркологиялық мекемелерге;
- 16 жасқа толмаған жасөспірім ер балалар туралы аудандық (қалалық) әскери комиссариатқа хабарлайды. Бұл хабарламада кәмелетке толмаған жасөспірімнің өмірбаяндық деректері, қашан және қандай нақты құқық бұзушылық үшін есепке алынғандығы, спиртті ішімдіктерді жиі пайдалануы, еліртетін есірткі және күшті әсер ететін басқа да заттарды пайдалануы туралы мәліметтер көрсетіледі.
Аудандық (қалалық) әскери комиссариатқа мұнан басқа Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелерінде есепте тұратын 17 жастан 18 жасқа дейінгі ер балалардың жоғарыдағы деректері көрсетілген тізімі жылына екі рет (1наурызда және 1 қыркүйекте) жіберіліп отырады;
- қамқоршы және қорғаншы органдарға қолайсыз отбасылары туралы онда тәрбиеленіп жатқан кәмелетке толмағандар туралы толық деректер хабарламасымен қоса;
- соттарға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалау шарасын қолдану туралы соттың шешіміне сәйкес есепке алынғандар не шартты жазалау шарасын қолдану немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершілік пен жазалаудан босату туралы хабарлайды.
Соттың шешіміне сәйкес жазалау мерзімі аяқталғанда қылмыстарды қайталаудың алдын алу шаралары бойынша қолданған шаралар және олардың нәтижелері туралы тәрбиелеу колонияларына, жабық үлгідегі арнайы оқу орындарына мекемеден келген және есепке алынған адамдар туралы, жүргізілген профилкатикалық шаралар жайлы баяндай отыррып, ақпарат жіберіледі.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелердің қызметкерлері қызмет көрсету аймағында тұратын кәмелетке толмағандарды көрсетілген мекемелерге жіберген жағдайларда тәрбие колониялары және арнайы мектептермен олардың тәртіптері туралы ақпараттар алмасу жолымен жүйелі түрде байланыс орнатуға міндетті;
Кәмелетке толмағандарды қадағалау істері жыл бойы жүргізіледі, жыл аяғында оны тоқтатуға осы Ереженің 29, 30, 31 тармақтарында қарастырылған негіздер болмаған жағдайда істі жүргізу мерзімі ол 18 жасқа толмағанға дейін бір ретте алты айға ұзартылып отырады.
Түзеу жұмыстары немесе шартты түрде бас бостандығынан айырылған кәмелетке толмакғандарды бақылау істері түзеу жұмыстарының немесе шартты сотталу мерзіміне толық ашылады. Соттың белгілеген мерзімі аяқталғанда кәмелетке толмағандар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелердің есебінде осы ереженің 19 тармағында көрсетілген басқа негіздер (жүйелі түрде спиртті ішімдіктерді, еліртетін есірткі және күшті әсер ететін басқа да заттарды пайдалану, жезөкшелікпен айналысу, бір жыл ішінде екі не одан да көп әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау, 16 жасқа дейінгі кезде жүйелі түрде үйінен өз еркімен кетіп қалу) болғанда ғана қалдырылуы мүмкін. Бұл жағдайда бар негізгі бойынша бақылау ісін жүргізудің мерзімін ұзатру туралы жаңа қаулы шығарылады.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімше инспекторы кәмелетке толмағандардың осы санатына қатыстыларға;
- Шешімнің көшірмесін алғаннан кейін он тәулік ішінде шешім шығарған сотқа сотталған адамның тәртібіне бақылау орынатылғандығы туралы хабарлама жасайды.
- Сотталғанмен алғашқы әңгімені ата-аналарының қатысуымен өткізеді, оған жүктелген міндеттерді, оларды орындамаған жағдайда, қоғамдық тәртіпті бұзу немесе жаңа қылмыс жасағанда болатын зардаптарды түсіндіреді. Әңгіме нәтижелері туралы анықтама жазылады.
- Сот анда-санда ішкі істер органына тіркеу үшін келіп тұру міндетін жүктеген кәмелетке толмағандардың мәліметтерін тіркеуді іске асырады.
Тіркелу үшін келу саны (айына төрт реттен көп емес), оның уақыты мен орны қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органының бастығы немесе оның қызмет жөніндегі орынбасары бекіткен қаулыда көрсетіледі. Қаулы сот шешімінің көшірмесін алған сәттен бастап үш тәулік ішінде шығарылады. Тіркеу үшін келу уақыты мен орны туралы сотталған мен оның ата-анасы қолхат арқылы хабарланады.
Қажет болған жағдайларда сотталғанның тәртібіне қарай ай сайын тіркеу үшін келу санының өзгеруі туралы осыған ұқсас тәртіпте қаулы шығарылады.
Қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органынан айтарлықтай қашықтықтағы ауылды жерде тұратын сотталғандарды тіркеуді қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органы бастығының тапсырмасы бойынша полицияның учаскелік инспекторы жүзеге асырады.
- Ішкі істер органының келісімінсіз тұрғылықты немесе, оқу орынын өзгертпеу міндеті жүктелген сотталғандардың оны өзгертуге рұқсат сұраған арыздарын қарайды, олар бойынша ұсыныстар жасайды және оларды шешім қабылдау үшін қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органының бастығына баяндайды.
Сот жүктелегн міндеттерді орындамағаны туралы нақты мәліметтер қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органы бастығының атына жазылған рапортта толық, жазылады. Рапортқа кәмелетке толмағанның, оның ата-анасының түсініктемесі, сондай-ақ тиісті фактілерді растайтын басқа да матерниалдар қосылады.
Іс бойынша жұмыс жоспары істің ашылған сәтінен бастап әр үш айға жасалады.
Есепке алу-профилкатикалық істі жүргізудің мерзімін ұзарту туралы дәлелді қаулыны қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органының бастығы немесе қызмет жөніндегі орынбасары бекітеді. Бұл қаулыға іс мерзімін ұзартқан сайын жасөспіріммен жүргізілген профилактикалық жұмыс туралы анықтама және мұнан әрі жүргізілетін шаралар жоспары қосылады.
Бақылау ісіне осы ереженің N 6 қосымшасында тізілген құжаттар келіп түсуіне қарай хронологиялық тәртіпте қоса беріледі.
Мына жағдайларда бақылау ісі тоқтатуға жатады және кәмелетке толмағандар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелердің есебінен шығарылады:
- Түзеу. Мұндай «нашақор», «уытқор» диагноздарымен есепте тұратындар есірткі және есіртетін
басқа да заттарды қолданудан бас тартқан уақыттан бастап үш жыл өткеннен кейін,
ал мұндай заттарды көрсетілген диагноздарсыз
медициналық емес мақсатта қолданатындар
– қолданудан бас тартқан уақыттан бастап
бір жыл өткеннен кейін есептен шығарылады;
2) 18 жасқа толғанда;
3)Жабық үлгідегі арнайы оқу орнына орналастырылғанда;
4)Бас бостандығынан айыруға сотталғанда;
Егер кәмелетке толмағанға алдын ала тергеу кезеңінде күзет қамауына алу түріндегі жолын кесу шарасы таңдап алынған болса, бақылау ісі бойынша қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органы бастығының немесе қызмет жөніндегі орынбасары бекіткен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімше инспекторының дәлелденген (жолын кесу шарасының таңдап алынғаны туралы қаулы көшірмесімен қоса) рапортының негізінде тоқтатылады. Есептен шығару туралы ақырғы шешім істі сот қараған соң қабылданады.
Тергеу кезеңінде 18 жасқа толған адамдар сот ақырғы шешім қабылдағанға дейін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімше есебінен шығарылмайды.
- Есепке алу үшін негіз болған материалдар расталмаса;
- Құқық бұзушылықтар жасау мүмкін болмайтын жағдайлар туғанда;
- Бас ботандығынан айырумен байланысты емес (шартты сотталу, түзеу не қоғамдық жұмыстарға сотталу) жазалау мерзімі яқталғанда.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімше инспекторы кәмелетке толмаған тұрғылықты жерін өзгерткен кезде бұл туралы үш күндік мерзім ішінде аумақтылығы бойынша қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органына хабарлама жібереді. Кәмелетке толмағанның жаңа тұғылықты жерге келген туралы растау қағазын алғаннан кейін бақылау ісі осы қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органына тапсырылады. Кеткен кәмелетке толмағанның жаңа тұрғылықты жеріне келмегені туралы хабарлама алған кезде, бұл адамды іздеу туралы мәселені шешу үшін материалдар белгіленген тәртіппен қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органының бастығына баяндалады.
Кәмелетке толмағандар тобын бақылау ісі оның құрамына кіретін барлық адамдар осы ереженің 30, 31 тармақтарында қарастырылған негіздер бойынша есептен шығарылса, не болмаса топ құрамында қоғамға жат мінез-құлықтарын доғарса, тоқтатылады. Топ таратылып, бірақ оның жекелеген мүшелері құқық бұзушылықтар жасауды жалғастырып жүрген жағдайда белгіленген тәртіппен ол адамдардың әрқайсына жеке- жеке бақылау ісі ашылады немесе жаңартылады. Кәмелетке толмағанды (толмағандарды) есептен шығару туралы қаулы шығарылмайынша және қабылданған шешімді растайтын материалдар болмайынша бақылау істерін мұрағатқа тапсыруға үзілді - кесілді тыйым салынады. Қоғамдық немесе түзеу жұмыстарына тартумен, сондай-ақ белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан айыруға сотталған адамдарды бақылау ісі олар 18 жасқа толғанда қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органының қылмыстық –атқару инспекциясына тапсырылады.
Балалардың құқық бұзушылықтарына ықпал ететін ата-аналар мен басқа да ересек адамдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелердің есебінен мына жағдайларда шығарылады:
- Балаларға теріс әсер етуді тоқтатқанда;
- Бас бостандығынан айыруға сотталғанда;
- Ата-аналық құқығынан айырылғанда, олар егерде өздерінің бұрынғы балаларымен бірге тұрмаса және оларға теріс әсер еспесе;
- Есепке алу үшін негіз болған материалдар расталмаса;
- Құқық бұзушылықтар жасау мүмкін болмайтын жағдайлар туғанда;
- Балалар кәмелеттік жасқа толғанда.
Балалардың құқық бұзушылықтарына ықпал ететін ата-аналарды есептен шығару кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімше инспекторының дәлелденген рапортының негізінде мұндай шешімді қабылдау үшін 34 тармақтағы көрсетілген негіз болғанда ғана жүзеге асырылады. Ата-аналары немесе басқа да ересек адамдар тұрғылықты жерін өзгерткен жағдайда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімше инспекторы осы ереженің 31 тармағында көрсетілген тәртіпте іс-қимылдар жасады. Кәмелетке толмаған, ата-аналарын бақылау істері мен бақылау-тіркеу карточкалары үш күндік мерзім ішінде қалалық, аудандық, жеілік ішкі істер органының немесе кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімше мұрағатына тапсырылады, онда 3 жыл бойы сақталады, сондан кейін белгіленген тәртіппен жойылады.

- Кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат келтірген зиян үшін
- Кәсіби лицейдегі оқу процесі кезіндегі оқушылардың жеке мінезінің қалыптасуы
- Кәсіби мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау
- Кәсіби оқытуда арнайы пәндерін оқыту әдістемесі
- Кәсіби оқытудың мазмұны мен жүйесі
- Кәсіпкелік құықы мәні
- Кәсіпкердің құқықтың түрлері
- Качество экономического роста как фактор национального развития
- Качество экономического роста как фактор национального развития
- Качество экономического роста на примере российской экономики
- Каштановые почвы Казахстана
- Кашыктыктан окыту
- Кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке тарту: қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаттамасы
- Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі