Кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке тарту: қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаттамасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ
______________________________
______________________________
Магистранттың тегі, аты, әкесінің аты
Болатұлы Фархат
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫБЫ
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке тарту: қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаттамасы
Мамандығы: ______________________________
(классификатор бойынша мамандық шифры мен атауы, мамандануы)
Ғылыми жетекшісі: _______________
______________________________
Қорғауға жіберілді: «______» _____________________________ 200____ж.
Кафедра меңгерушісі: _____________
______________________________
Астана 20____
Мазмұны
Кіріспе.......................
1 тарау
1.1 Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының
жалпы сипаттамасы...................
1.2 Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының пайда болу негіздері................11
2 тарау
2.1 Кәмелетке толмағандарды қылмыстық
іске тартудың негізгі себептері.....................
2.2 Кәмелетке толмағандар қылмысының қауіптілігінің
ерекшеліктері.................
2.3 Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының
алдын алудың жолдары.......................
Қорытынды ..............................
Пайдаланылған дереккөздер
тізімі........................
Кіріспе
Адамның тәні туғаннан бастап қартайғанға дейін ұдайы өзгереді, сол сияқты мінез-құлық та ешуақытта қандай да бір тиянақты деңгейге жетіп тоқтамайды. Мінез-құлық пен тән дамуы өзара тығыз байланысты және олардың кейбір кезеңдері біріне-бірі едәуір сәйкес келеді. Сондықтан, адамның мінез-құлқына табиғат пен орта бірлесіп ықпал етеді – адамның қандай да бір әрекетке бейімділігі қанында бар болса, ол ортаның әсерінен не артады, не кемиді деген ұғым орынды, – деп есептейміз. Яғни, адам дамуының күрделі де сан қилы процесінде биологиялық және әлеуметтік факторлар араласады, ой мен сезім айқасады, ішкі сенім мен сыртқы ықпал бірігеді. Бұл процестің ағымына қоршаған ортаның әсері зор, сонымен қатар оның әр адам үшін өзіндік сипаты бар. Осы арқылы даму процесі жүзеге асырылады. Ал, адамның дамуы (биологиялық және әлеуметтік) – әлеуметтік ортада да, адамның өз басында да бар көптеген факторлар әсер ететін күрделі, ұзақ және қайшылықты процесс. Адам дамуының көрсеткіші ретінде санадағы, мінез-құлықтағы, қызметтегі, оның қоршаған әлемге көзқарасындағы сапалық өзгерістерді – даму, ал өнеге, рух өзгерісін – адамның қалыптасуы деп атауға болатындығын көрсетті.
Сонымен қатар, адамның дұрыс өсіп, дұрыс қалыптасуына азаматтық тәрбиенің орны өте үлкендігі жұмыста нақты аталып көрсетілген. Азаматтық тәрбиенің, әр адамның қоғамдағы адамгершілігін, Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырудағы ролі сөз болады.
Қоғам үшін қауіпті адам, ол – қылмыскер. Қылмысқа жақын кісі, өзінің жеке басының мақсатын іске асыруды көздеп жүреді. Ол сол жолда тіпті ештенеден тайынбайды. Біреуді жәбірлейді, әлдебіреудің қанын төгеді, тонайды, ұрлық жасайды, бопсалаумен айналысады. Бұл ретте қылмыс табиғатын, мәнін түсіну қиынға соғады. Сондықтан да ол заң тұрғысынан алғанда әрқашанда жеке іс ретінде қаралады. Себебі әр қылмыстың себеп-салдары, нәтижесі, тіпті көздеген мақсаты да бір-біріне ұқсамасы белгілі. Қылмыс табиғатының астында көп себеп бар – кек алу, өшпенділік, есе қайтару, пайда табу, тағысын тағылар. Абайсызда жасалатын қылмыстар да болады. Құлағымыз үйреніп қалған қылмыстық жаңалықтардың ішінде жасы кәмелетке толмағандардың бар болуын қалай түсінуге болады? Жалпы, мұндай балалар бесіктен белі шықпай жатып қылмысқа қалай барады? Әлдебіреулердің ықпалына, азғыруына түсіп қала ма, ол жағын біржақты ұғыну да оңай емес.
Еліміздегі жасөспірімдер қылмысының белең алуы сананы сан-саққа жүгіртіп, ойды мазалайды. Жүрекке салмақ салатын сұрақтарға жауапты ата-ананың бала тәрбиесіне жауапкершіліксіз қарауынан, отбасындағы келеңсіз жағдайлардан, тұрмыс-тіршіліктің нашарлығынан, аяқасты жағдайларға душар болуынан, жанашырының жоқтығынан, дұрыс тәрбие көрмеуі сияқтытағы да басқа мәселелерден іздеген жөн тәрізді.
Жастар бойындағы агрессивтік мінез-құлықтың асқындауына оларға ата-ана тарапынан көрсетілген қатыгездік, ата-ананың арасындағы өзара түсініспеушілік, төңірегіндегілердің басқа адамдарға агрессивтік мінез көрсетуі, өмір құндылықтарының бұрмалануы және т.б. қатты әсер етеді. Сондықтан да мемлекет әлеуметтік-экономикалық саясатқа көбірек назар аударып, халықтың тұрмыстық деңгейін ұдайы көтеріп отыруы керек. Жас ұрпақты сөзбен, уәдемен алдамай, нақты істерді жүзеге асыру қажет, тәрбиелеу, оқыту, моральдық-өнегелік құндылықтарды санасына құю, тамаша эстетикалық және этикалық сезімдерге баулу – агрессияны азайтудың бірден бір жолы. Агрессия психиканың жағыдайымен туындауы мүмкін. Психиканың осындай жағдайды тудыруға жалпы әлеуметтік жағдайдан, рухани жетіспеушілігінен, порнографияны, қатыгездік пен зорлыққа бас ұруды насихаттайтын ойын-сауық бизнесінің, баспа, кино және видеоөнімдерінің дамуына байланысты әдепсіз мінез-құлықтың модельдерінің таратылуынан тәуелді болады, осы өз кезекте жезөкшеліктің және әдепсіз өмір салтының дамуына әсер етеді.
Сонымен қатар нашар ата-аналар, олардың әлеуметтік статусының төмендігінің әсер ететіндігі туралы айтса да болады. Бір бала толық емес отбасында немесе балалар үйінде тәрбиеленсе, екіншісі жайсыз отбасында тәрбиеленген кездер де қатты әсер етеді. Бірақ, бұл дәлелдер жеткіліксіз, себебі балалар үйінен беделді адамдар да шығуы мүмкін, ал жайлы отбасынан баршаға белгілі, үнемі тәртіпті іс азаматтар да шыға бермейді. Оған күнделікті өмірде болып жатқан оқиғалар арқылы біліп отырмыз. Сонымен бірге ата-анасы, ұстазы және қоршаған адамдар жеткіншектің әрекетінің қай деңгейде екенін байқап, түзетпеген, кері шегінген балаға қол ұшын бермегені салдарына байланысты мәселенің бастауы осы болып саналады
Этология ғылымының тұжырымына сүйенсек, жануарлар өздерінің агрессивтік әрекетін туыстарына қарсы мақсатсыз жасамайды екен. Өзіне қажеттіден артық ешнәрсе өлтірмейді. Ал, адам қылығы мүлде басқа, бәлкім ол оның ақылдылығымен байланысты болар. Сол ақыл оған өз қажеттілігін қандай жағдайда толығырақ қанағаттандыруға болатындығын көрсететін болу керек.
Жеткіншектер көбіне ұрлық, тонау, қарулы шабуыл сияқты мүліктік қылмыстар жасайды, кейбір өмір мен денсаулыққа қарсы, қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстарға барады. Кәмелетке толмағандар арасында негізінен ересектерге тән мынадай қылмыс түрлері көбірек тарауда: қару мен есірткі затты сату, сутенерлік, қарулы шабуыл, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қол сұғу, компьютерлік қылмыстар, ұрланған затты сату, өз ортасында рэкет жасау.
Кәмелетке толмаған құқық бұзушылар біздің қоғамның немқұрайлы қарауының, өз ата-аналарының қолы тимеуінің құрбаны. Панасыздық-біздің өміріміздің шындығына айналды. Панасыздар-ол педагогикалық бақылаудан тыс қалған, қамқорсыз және өздерінің қоғамдық көрінісіне, денсаулығына зиянды жағдайда тұратын кәмелетке толмағандар.
Кәмелетке толмағандардың себептері мен жағдайлары – олар қылмыстылықты және жалпы қылмысты тудыратын әлеуметтік жағымсыз көріністер мен процесстер. Сонда-ақ, психологтар айтқандай, жасөспірімдер құқыққа қарсы қылықтар арқылы өздерінің серіктерінң арасында өз-өзін бекітеді, егер басқа ойын-сауықтар шаршатып жіберсе, басқа да сезімділікті іздейді. Ұрлықтың себебі бөтеннің қымбат заттарына қызығушылық болуы мүмкін. Балалар негізінен жақсы және жаман қылықтардың арасындағы шекараны көрмейді. Моральдық тұрақсыздылығында түбегейлі қалу қажет.
Мысалы, егер кәмелетке толмағанның қалыптасуы, негізінен, бейресми демалу топтарының арасында жүзеге асырылса, онда оның бойында биресми арақатынастар үшін маңызды қасиеттер дамиды. Ол адамдармен тез сөз табысады, олардың көңіл-күйін қабағынан біліп тұрады және т.б. Сонымен қатар, олардаға еңбек ұжымында бағаланатын қасиеттер: тәртіп, кәсіби шеберлік және басқалар да әсер етеді. Яғни:
1) жеке бастың
2) бұрындары биморальдық іс-әрекеттер мен әртүрлі құқық бұзушылық жүйесі ықпал етудің заңда белгіленген шараларын қабылдағаннан кейін де қайталануын қоймаған;
3) адамның қоғамдағы орнын;
4) өз іс-қимылын теріс
бағалағанға көну, өзін-өзі қорғаудың
әлеуметтік-психологиялық
Кәмелетке толмағандар
қылмысының мәселесі әрдайым көпшіліктің
назарын аудартып, осы қауіпті
қылмыстың алдын алу шараларын
және күресу жолдарын іздестіруге барлық
әлем қауымдастығының алаңдатушылығы
Сүрініп кетіп, тағдырын бүлдіріп алған жасөспірімдерді тәрбиелеуге мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үрдісіне орай, тәрбиеленушілердің спортпен шұғылдануға мүмкіншіліктері бар. Тар қапаста бостандықтың қадірін түсініп, қасиетін сезінгендер Аллаға құлшылық етіп, имандылыққа бас бұруда.
1.1 Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып, құқықтық мемлекет негізін қалыптастыруда. Жаңа ғасырдағы Қазақстан қоғамын сипаттайтын саяси , әлуметтік және экономикалық өзгерістер мен қайта құрулардың шапшандығына Қазақстан жастарының қал- жағдайына және дамуына кейде жағымды, ал кейде теріс ықпал етуде . Яғни, жастар проблемасы бүгінгі таңда бірқатар теріс факторлардың әсерінен асқынып отырғаны баршаға белгілі. Бүгінгі таңдағы білім алудағы қиындықтар, жастар ұйымдарының қызметін үйлестіретін бірегей орталықтың жоқтығы, жасөспірімдердің бос уақытының шамадан тыс молдығы, олардың арасында бақылаусыздық пен қараусыздықтың болуы, тағы басқа осы сияқты жағдайлар кәмелетке толмағандар қылмыстылығының күрт өсуіне негіз болып отыр. Тұтас алғанда қазіргі қазақ жастарын бүгінгі қоғамдық және экономикалық байланыстар мен қатынастар жүйесіне жарым – жартылай бейімделген, тұрақсыз статусқа не әлеуметтік топ ретінде тани аламыз.
Біздің елімізде жүгізілген сынақ нәтижесі бойынша Қазақстанда он бес миллионнан аса адам тұрады екен , ал соның ішінде жастар мен жасөспірімдер саны үш миллионға жуық, ал бұл халықтың жиырма пайызы. Олай болса, жастар арсындағы маскүнемдікпен нашақорлықтың және бопсалау , қарақшылық, тонау , ұрлық сияқты қылмыстардың күннен -күнге өршуі қаншалықты дәрежеде қауіпті екендігі айтпаса да түсінікті. Статискалық көрсеткіштерге сүйенетін болсақ меншікке қарсы қылмыстардың ішінде қорқытып алушылық , қарақшылық, тонау, ұрлық қылмыстары отыз пайызға өскен.
Кәмелетке толмаған қылмыскер жайлы айтатын болсақ, қазіргі таңда кәмелет жасқа толмаған балалар арасында қылмыс көбейе түсуде. Оның көбі ұрлық, тонау, қарақшылық секілді мүліктік тұрғыдағы қылмыстар. Сонымен қатар, жиі кездесетіні бұзақылық болып отыр. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен жаза тағайындауына Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің жалпы бөлімінде бөлек тармақ арналған. Бұл кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстары, жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандардың әлеуметтік-психологиялық дамуының ерекшеліктеріне, әлеуметтік деңгейінің жетіспеуіне, психофизикалық жас жағының жетіспеуіне, мораль туралы пікірінің төмендігіне, мінез-құлқының ерекшеліктеріне, жасы үлкен адамдардың және формальды емес лидерлардың ықпалына түсуіне байланысты.
Бүгінгі таңдағы елдің ертеңі деп сенген жастардың қиын тәрбиесі негізінде, сот өз міндеттеріне немқұрайлы қараған балалардың ата-аналарымен көшеде бақылаусыз, қараусыз қаңғып жүріп, балалықпен, түсінбеушілікпен әртүрлі қылмысқа ұрынып қалмауы үшін тәрбиелік мәні бар әңгімелер өткізу қажеттігін, оқушыларға полиция қызметкерінің қатысуымен әртүрлі лекциялар мен кездесулер ұйымдастыру керектігін ескерген жөн. Жоғарыдағыларды тұжырымдай келе, кәмелетке толмағандар қылмыс, қылмыскер деген ұғымдарға онша мән-бере бермейді. Көбіне сот үстінде балалықпен жасалған іс екендігін айтып қынжылады. Сондықтан тәрбие мәселесіне қатты көңіл аударуымыз керек. Бос уақыттарында әртүрлі үйірмелерге қатысып, спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын қалыптастыруына жағдай жасағанымыз дұрыс.
Бір қарағанда, әр баланың өмірі әртүрлі жағдайда өтеді. Әлеуметтік қиындығы бар отбасының баласы мен төрт түлігі сай отбасындағы баланың мінезін, өмірге деген көзқарасын салыстыруға мүлде келмейді. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды» деген сөз бекер айтылмаған болар. Отбасылар арасындағы әлеуметтік теңсіздік баланың тағдырына, тіпті ойлау жүйесіне де әсер етеді. Бала айналаға қарап өседі. Өзінің құрбы- құрдастарына қарап еліктейді. Баланың не себепті тура жолдан тайып, қылмыс әлеміне еніп кететінін кім біледі? «Ақша», «байлық» дейтін түсініктердің дәуірі жүріп тұрған заманда, жақсы тұрмыс, қалың қалта баланың да ойына кіріп-шықпай ма? Оның үстіне, жұмысбасты болып кеткен ата-ананың да баласының өмірін қадағалайтын мүмкіндіктері жоқ. Балалардың ермегі болатын дұрыс нәрселер азайып кетті. Бала бүгінде ермекті өзі тауып алатын болды. Көшеге шығады, өзі сияқты бос жүргендермен жолығысады. Ақшасы болса, ойын залдарына барып уақыт өткізеді. Ақшалары болмаса, бірігіп не істейтіндерін ойластыра бастайды. Дос-жарандар бір жерге шақырады. Олардан қалмауға тырысып, сол қатарда абыройлы, беделді болуы үшін не істемейді. Топтың айтқанымен, солардың меңзеуімен жүріп-тұруына тура келеді. Ол әлсіздерді кешірмейді. Барлығын бір ортақ ұғымға, түсініктерге ұйыстырады. «Баланы көше тәрбиелейді» деген сөзді жиі естиміз. Бұл дұрыс. Өйткені бүгінгі бала, шын мәнінде, өз өмірімен жеке қалып отыр. Түске дейін мектепте болса, түстен кейін өз еркі – өзінде. Үйінде қарайтын біреу болса жақсы, болмаса, ол жағы да қиындау. Мұндай шақ кез келген бала үшін сын сағатына айналады. Аяғын шалыс басса, қылмыс жасап қойып, заң алдында жауап беруі де ғажап емес. Жастайынан қылмыскер атанып, темір тордың ар жағында отырғандар аз емес. Олардың тағдыры мен өмірі не себепті солай болды? Ойланатын мәселе. Солардың арасында айналаға қатыгездік көзбен қарайтындары да жоқ емес. Қылмысын жасады, жазасын алды. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың туындау себебін қоғамдық жағдайлардан, әлеуметтік себеп-салдардан, тәрбиелік жұмыстардың әлсіздігінен көруге болатын шығар. Дегенмен бұл бағытта көп жұмыстар атқарылады. Тәрбие беріледі, қылмыстың алдын алу шаралары, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Оның бәрі қылмыстың аз болуына ықпал жасайтыны рас. Бірақ қылмыстың болуын түбегейлі жойып жібере алмайды. Осыған байланысты «неге» деген сұрақ туындайды. Өйткені жасы кәмелетке толмаған баланың өмірге деген көзқарасы қалыптаспаған. Ол әлі ненің жақсы, ненің жаман екенін де ажыратып үлгермеген. Турасын айтқанда, олардың кейбіреуіне айтылған ақыл бір құлағынан кіріп, екінші құлағынан шығып кетеді. Себебі ол сондай кезеңді басынан өткеруде. Ғаламтор бола ма, әлде басқа да нәрселер бола ма, баланың табиғатына көп әсерін тигізуде. Кеңестік кезеңде «Аула клубтары» деген болды. Ол балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін жоспарланатын. Қазір ондай орталықтар жоқтың қасы. Кәмелетке толмағандардың өмірі мектеп өмірімен тығыз байланыста. Мектеп – әлеуметтік ортаның бір бөлігі. Бүгінде мектептерде не болып жатқаны барлығна белгілі. Оқушылар арасындағы төбелес те, мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы дүрдараздық та мектептегі жағдайлардан хабар береді. Оқушылардың бірін-бірі пышақтап кетуі, тапа-талтүсте оқ жаудыруы – ойлантарлық мәселе. «Олардың қолына суық қару қалай түсіп жүр, мұны бақылауда ұстауы тиіс органдар қайда» деген сауалдар туындайды. Қазіргі таңда мектептерге бір-бір инспектордан бөлініп жатады. Бірақ та инспектордың назарынан тыс қаншама дүниелер жасалуы мүмкін. Мың сан оқушыны ол күндіз-түні жұмыс істесе де, бақылауында ұстай алмасы анық. Әйтеуір инспектордың мектеп өміріне атсалысып жүргенінің өзі біраз қылмыстың болдырмауына сеп болары ақиқат. Баланың тағдыры, баланың психологиясы бір қалыпты емес. Ол азғыруға көп ұшырайды. Бір өзі шешім қабылдап қылмысқа барған баланы аз жолықтырасың. Олар қылмысқа көбінде топ болып барады екен. Бірен-сараны болмаса, балалардың біраз бөлігі үшін өз араларындағы абырой беделі бәрінен жоғары болмақ. Сол жолда ол неге болса да баруға дайын тұруы мүмкін. Қылмыстың шеті осы жерден басталады. Бұл күнде көп кездесетін қылмыстардың ішінде мүліктік қылмыс, қарақшылық тәрізді қылмыстар аталады. Күнделікті көріп жүргеніміз – оқушылардың қолындағы ұялы телефондардың әртүрлі болып келетіндігі. Жағдайы жақсы бай баласы қымбат ұялы телефон ұстайды. Ал материалдық жағдайы одан төмен отбасының баласы ұялы телефонның арзанын ұстайды. Осындай теңсіздіктер қылмыстық себептерді туындатады.
Сонымен қатар жасы кәмелетке толмағандар өзімен қатарлас балалардың әдемі, бағалы ұялы телефон ұстап жүргенін көреді. Сөйтіп, «онда неге бар, менде неге жоқ» деген түсінік пайда болады. Ол оны қылмыс деп те есептемейді. Қылмыс жасағаны жөнінде кейбіреулерінен сұрағанда «біз бұған қылмыс деп қарамадық» деп жауап береді. Тағы бір топқа үлкендердің ықпалы әсер еткен. Әйтпесе өзін қоршаған айналасының ықпалына ұшырайды. «Досымызға жәрдем берейік, соған ақша қажет болып тұр», «бір жерге қарыз болып қалыпты» деген желеумен қылмысқа бой ұрады. Сөйтеді де ең оңай сатылатын – ұялы телефонды ұрлайды немесе біреуден тартып алады. Оны 5-10 мыңға сатып, пайдаланатын кездері болады. Балалардың мұндай қылмыс жасауына көбінесе өмірлік қағидасының қалыптаспағаны әсер етеді. Ауылда өсті. Тоғызыншы сыныпты бітіреді, қалаға келіп колледжге түседі. Еліктеп, басқалар сияқты ұялы телефон ұстағысы келеді, жақсы киінгісі келеді. Ол үшін ақша қажет. Оны қалай табуды білмейді. Сөйтіп жүргенде жанындағы біреулер «гоп-стоп» жасадық та, мына ұялы телефонды алдық» деп әлгі баланы қызықтырады. Оған «мен солай неге жасамаймын» деген ой келеді. Содан кейін барады да біреуден тартып алады. Ашық тартып алған соң Қылмыстық кодекстің 178-бабына, ал топ болып жасаса, осы баптың 2-бөлімі, яғни топ болып тонауға жатады. Ал егер өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданам деп қорқытса, Қылмыстық кодекстің 179-бабымен қарақшылық қылмысқа өтіп кетеді. Қарақшылыққа өтетін себебі, олардың біреуінің қолында пышақ болады, не болмаса жарақат түсіруге бейімделген заттары болады.
Бұдан түсінгеніміз, қылмысқа
баратын әрбір баланың
Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға ҚР Қылмыстық кодексінің Жалпы бөлімінде жауаптылық көзделген. ҚК 78-бабымен , қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар кәмелетке толмағандар деп анықталады . Кәметке толмағандардың қылмыстық ісін қарау барысында сот олардың жасын (күні, айы, туған жылын) нақты анықтауы қажет.
Қылмыстық құқық бойынша жауаптылық 16 жастан басталады. Кейбір жағдайларда бірқатар қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық 14 жастан белгіленген. Аталған қылмыстардың тізімі ҚК 15-бабында көзделген. 14 жасқа дейінгі балаларды қылмыстық жауаптылыққа тартуға жол берілмейді. Заңмен анықталғандай 14 жасқа толған адам, өзінің жасаған әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынады. Бірақ, адам психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалауы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс- әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде түсіне алмаса қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес (ҚК 15-бабы 3- бөлігі).
Қылмыстық кодекстің 78- бабы 2- бөлігі, қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға жаза тағайындалуы мүмкін не оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолдануы мүмкін екендігі туралы белгіленген.Соттық тәжірибеден тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолданудың үш шартын қолданудың негіздері белгіленген:
а) қоғамға қауіпті
әрекет жасаған адамның кәмелетке толмауы;
б) қылмыстық әрекетінде кішігірім немесе
орташа ауырлықтағы қылмыстардың қамтылуы;
в) адамның қылмыстық жазаны өтеусіз –ақ
түзелуіне мүмкіндіктерінің болуы.
Кәмелетке толмаған адамдарға тәрбиелік әсері бар мынадай мәжбүрлеу шаралары тағайындалуы мүмкін:
а) ескерту;
б) ата – аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;
в) келтірілген зиянда қалпына келтіру міндетін жүктеу;
г) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның жүріс – тұрысына ерекше талаптар белгілеу;
д) кәмелетке толмағандарға арнаулы тәрбие немесе емдеу - тәрбиелеу мекемесіне орналастыру.
Кәмелетке толмаған адамға бір мезгілде тәрбиелік әсері бар бірнеше тәрбиелеу шаралары тағайындалуы да мүмкін. Қылмыстық кодекстің 52-бабы 3- бөлігіне сәйкес, жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез – құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән – жайлар, сондай – ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы ескеріледі. Қорыта айтқанда, бүгінгі таңда жас ұрпақ өзіне ерекше назар аударуды , әрі тәрбиелеу бағытындағы ықпалды шараларды үздіксіз жүгізіп отыруды, сонымен қоса қоршаған дүниенің заңдылығын дұрыс түсіну үшін үздіксіз көмек көрсетіп отыруды қажет етуде. Олай болса, болашақтың бүгіннен басталатынын ескере отырып, жас ұрпақ мәселесіне мемлекеттік деңгейде көңіл бөлгеніміз абзал. Жастар проблемасын асқындармай, алдын алған елде ғана кемел келешек болары сөзсіз.
1.2 Кәмелетке толмағандар деген кімдер? Бұл терминді этимологиялық тұрғыдан - «кәмелеттік» жасқа толмаған адам деп түсіндіруге болады. Яғни, белгілі бір жас кезеңіне жетпеген тұлға. Және бұл кезеңнің шегі түрлі тарихи кезеңдер мен түрлі елдерде әртүрлі болды. Көптеген елдерде кәмелетке 18 жаста толады. Ал кейбір елдерде – кәмелеттік жас 21 жас болып табылады. Кәмелетке толмаған деп 18 жасқа толмаған баланы айтуға болады. Қай жастан басталады деген сауалдың туындауы заңды да. Үш жаста да, бес жаста да, тіпті он жастағы баланы кәмелетке толмаған деп айтуға бола ма? «Кәмелетке толмаған» деген ұғым көп жағдайда заң терминологиясында қолданылады және қылмыстық жауапкершілік туындайтын жаспен байланыстырылады. Бұл жағдайда да бұл шек түрлі елдерде әртүрлі болады. Мысалы, Ұлыбританияда қылмыстық жауапкершілік 10 жастан басталады, Польшада - 13 жастан. Ресей мен Қазақстанда 14 жастан басталады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 78-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандар деп «қылмыс жасаған уақытында он төрт жасқа толған, бірақ әлі он сегізге толмаған тұлғалар танылады» . Осындай анықтамаға сәйкес, кәмелетке толмаған деп, 14 жастан 18 жасқа дейінгі баланы айтуға болады. Алайда 14 жасқа толмаған балалар да құқық бұзушылық жасайды. Егер бала 11-12 жаста болса және ол құқық бұзушылықты жасаса, онда ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Бірақ бұл жағдайда ол кәмелетке толмаған деп есептелуі мүмкін бе деген сұрақ туындайды.
Психологиялық тұрғыдан қарағанда кәмелетке толмаған деген кім? «Кәмелетке толмаған» санатына 14 тен 18 дейінгі жас аралығы жатады, ал бұл жас ауқымы екі жас кезеңдерінің – жеткіншек (орта мектеп) және жасөспірім (жоғары мектеп) жасының ауысуымен сипатталады.
Әдебиетте адам өміріндегі бұл жас кезеңі түрлі атаулармен сипатталады: жеткіншектік, өтпелі кезең, пубертальды, пубертантты кезең, жасөспірім, жыныстық жетілу жасының қолайсыз фазасы, екінші рет кіндік кесу жасы. Түрлі атаулар жеткіншектің өміріндегі болатын өзгерістердің алуан жақтарын көрсетеді.
Жеткіншек кезеңінің биологиялық мағынасы пубертантты кезең немесе жетілу кезеңі ретінде анықталады. Қалыпты физикалық пубертанттылық кезеңінің басталуының төменгі шегі 11-12 жасқа, жоғарғы шегі 17-18 жасқа жатады. Дәстүрлі түрде (Ш. Бюлерден кейін) пубертант кезеңінің екі басты фазасын атап өтуге болады – теріс фаза және позитивті фаза (жастық шақ).
12-14 жаста көптеген
балалардың психологиялық
тіл алмаушылық дүмпуі,
дөрекілік,
қырсықтық;
тұйықтық;
дәлелсіз ересектерге қарсы тұру;
мұғалімдерге қатысты теріс қылық;
ересектердің ескертулерін елемеу;
құрбыларының арасына сіңісе алмау жағдайын қатты уайымдау,
белгісіз жарқын болашаққа деген үміт;
өз тәуелсіздігін көрсететін, материалдық мүдделерге жақындығын көрсететін дөрекі қимыл.
Көптеген психологтардың пікірінше, жеткіншек дағдарысы жеткіншектердің өзін жеке тұлға ретінде тану қабілеті мен қажеттілігінің туындауы сипатты белгісі болып табылатын, өзін-өзі танудың жаңа деңгейінің пайда болуына байланысты. Бұл жеткіншектің өзін өзі қалыптастыру, өзін-өзі таныту және өзін-өзі тәрбиелеуге деген ұмтылысынан көрініс табады. Өзіндік сана-сезімді дамыту механизмі рефлексия болып табыла ды. Жеткіншектер өздерінің теріс мінездерінің теріс бітістеріне сыни көзбен қарайды, басқа адамдармен өзара қарым-қатынастар жасау мен достасуға кедергі келтіретін мінез бітістері үшін уайымдайды. Мінез құлықтарының теріс сипаттары туралы мұғалімдердің ескертулерінен кейін бұл күйзелістер күшейе түседі. Бұл ашу-ыза мен кикілжіңдерге әкеліп соғады.
Дамудың әлеуметтік жағдаяты тәуелді балалық шақтан дербес және жауапты ересек өміріне өту кезеңін білдіреді. Жеткіншек балалық шақ пен ересектілік арасындағы аралықты алады. Жеткіншек – сәби емес, бірақ әлі де ересек емес. Бұл аралық ұстаным бірқатар келеңсіздіктерге әкеліп соғады. Жеткіншек кезеңіндегі дамудың әлеуметтік жағдаяты алдыңғы кезеңдегі жетекші оқу қызметі ересектер әлеміндегі және қоғамдық қатынастар құрылымындағы өз орнын анықтауға, әлеуметтік өзін-өзі анықтауына бағытталған қызметпен ауыстырылады.
Жеткіншек жасының негізгі орталық жаңа түзілімдері:
- Өзін-өзі қалыптастыру қажеттілігі;
- Өзіндік сана-сезімді дамыту;
- «Біз» -тұжырымдамасының қалыптасуы;
- Референттік топты қалыптастыру;
- Ересектік сезімі;
- Ата-аналарының эмансипациясы;
- Оқуға деген жаңа қатынас;
- Құндылықтарды қайта бағалау;
- Автономды мораль.
Сонымен қатар біз жас өспірімдер тұлғасының бағыттылығын да атап көрсетеміз:
- Ізгілік бағыттылығы – жеткіншектің өзіне және қоғамға деген қатынасы жағымды;
- Өзімшілдік бағыттылығы – қоғамға қарағанда оның өзі неғұрлым мәнді болып табылады;
- Торығушылық бағыттылығы – ол өзі үшін ешқандай құны жоқ;
- Өзіне-өзі қол жұмсаушылық бағыттылығы – қоғам да, өз тұлғасы да өзі үшін ешқандай құндылыққа ие емес;
- Жеткіншектік жаста түрлі қызығушылықтар пайда болуы;
- «менмендік доминантасы» – жеткіншектің өз тұлғасына деген қызығушылығы;
- «қашықтық доминантасы» – жеткіншектің өзі үшін жақын, ағымдағы, бүгінгіге қарағанда, неғұрлым субъективті жарамды, кең, үлкен ауқымды белгілеуі;
- «жігер доминантасы»
- кей кездері қырсықтық,
«қиялшылдық доминантасы» - белгісіздікке, тәуелділікке, қызықты оқиғаларға, батырлыққа деген қызығушылығы.
Есею кезеңіндегі ата-
жеке мәселелерін «өздері шешсін», жеткіншек мұндай шешімдердің табыстылығын ғана бағалайды. Ата-аналарын түсінуге, бірдеңе беруге, «өзімен ой бөлісуге» деген дайындығы жоқ. Көп жағдайларда, өз белсенділігін түсіре отырып, тек ата-анадан «алу» ғана емес, «беру» бағдары да болады.

- Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі
- Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
- Кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат келтірген зиян үшін
- Кәсіби лицейдегі оқу процесі кезіндегі оқушылардың жеке мінезінің қалыптасуы
- Кәсіби мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау
- Кәсіби оқытуда арнайы пәндерін оқыту әдістемесі
- Кәсіби оқытудың мазмұны мен жүйесі
- Качество экономического роста
- Качество экономического роста
- Качество экономического роста как фактор национального развития
- Качество экономического роста как фактор национального развития
- Качество экономического роста на примере российской экономики
- Каштановые почвы Казахстана
- Кашыктыктан окыту