Кәсіби оқытудың мазмұны мен жүйесі
Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі: Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев, «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз. Демек, барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт», – дейді.
Одан соң «Жаңа әлемдегі
Жаңа Қазақстан» атты 2007 жылғы
Жолдауында, «Еңбек нарығының даму
серпіні мен келешегіне сәйкес
келетін білім беру мен
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа биылғы Жолдауында «Біз техникалық және кәсіптік білімнің рөлін жаңаша сезінуге тиіспіз. Үкімет, барлық деңгейдегі әкімдер жастарға кәсіптік білім беретін оқу орындары желісін дамытуға бағытталған пәрменді шараларды қолдануға тиіс», – деп білім нарығындағы бәсекелестікте мамандардың қажеттілігі – біліктілік деңгейімен айқындалатынын баса айтқан. «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» облысымыздың кәсіптік білім беру мекемелеріне үлкен жауапкершілік жүктейді. Әр оқу мекемесінің міндеті білім беруді дамыту бағдарламасына сәйкес сапалы білім беру мақсатында түрлі оқу әдістемелерін, практикалық іс-шараларда тәрбиелік мақсатпен ұштастыру болып табылады. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің басты бағыты – кәсіби білім берудің тиімділігін арттыру болып табылады.
Кәсіби білім – қандай да бір кәсіп аясында біліктілік қызметіне қажетті жүйелі білік, дағдылыарды игеру процессі, құралы мен нәтижесі, және де сол кәсіби ортаға сай мінез-құлық ережелері мен нормаларды сақтауды қарастырады.
Кез келген ғылым саласын ақпараттандыру,
сол ғылым ерекшеліктеріне тән,
оның ішкі дүниесін сипаттайтын алгоритмдерін
анықтау және оның ақпараттық қорын
жасау болып табылады. Білім беру
жүйесін ақпараттандыру – өте
күрделі және ұзақ орындалатын процесс
екені белгілі. Мәселен, оқу процесін
ақпараттандыру үшін, оқитын әр пәннің
алгоритмдерін анықтап және алгоритмдік
оқыту бағдарламасының
Зерттеудің мақсаты: республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіби лицейлік және колледждік білім жүйесінің қалыптасуы мен даму тарихын тарихи, теориялық, әдістемелік және деректемелік негізде қарастыра отырып, объективті түрде бағалау.
Зерттеудің нысаны: тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі республикадағы кәсіби лицейлер мен колледждердің қалыптасу тарихы мен дамуына және онда маман жұмысшыларды даярлау барысына тарихи талдау жасау.
Зерттеу пәні: кәсіби лицейлер мен колледждердің нарықтық экономика, еңбек нарығы талабына сәйкес бәсекеге қабілетті жұмысшылар мен орта буынды мамандар дайындауын ғылыми қорытындылау.
Зерттеудің міңдеттері:
- Қазақстан лицейлері мен колледждерін қалыптастырудың алғы шарттарын анықтау;
- Қазақстанда лицейлер мен колледждердің қажеттілігін нақтылаудағы көзқарастарға талдау жасай отырып, баға беру;
- колледждер мен лицейлерге қатысты үкіметтің қаулылары мен шешімдерінің мәнісін айқындай отырып, бұл оқу орындарын дамыту қажеттілігін дәлелдеу;
- техникалық және кәсіби білім саласы жүйесіндегі бәсекеге қабілетті жұмысшылар мен орта білімді мамандарды дайындаудың түрлері мен тәсілдерін анықтай отырып, жүйелеп көрсету;
- экономиканың әрбір салаларына қажетті кәсіп иелерін дайындаудағы колледждер мен лицейлердің рөлін көрсету;
- дағдарыс жылдарында кәсіби оқу орындарының қиыншылықтарын көрсете отырып, нарықтық экономика талабына бейімделуін дәйектеу;
- лицейлер мен колледждердің материалдық-техникалық базасының жағдайын және оны әлеуметтік серіктестердің қатысуы арқылы нығайтудың шараларын зерделеу;
- бәсекеге қабілеттілікті іске асырудағы лицейлер мен колледждердің білім беру түрлері мен тәсілдерін талдау, әлемдік стандартқа сәйкестігін анықтау;
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 Кәсіби оқытудың мазмұны мен жүйесі
1.1Кәсіби лицейлер мен колледждердің материалдық-техникалық базасы
2008-2012 жылдарға арналған бағдарлама бойынша техникалық және кәсіби білім беру жүйесін қаржыландыру 2007 жылдан бастап 1,5 – 1,8 есе артты, яғни материалдық базаға осы жылдар ішінде 58178,9 млн теңге жұмсалда, ол 5943,04 млн теңгеге оқу орындарына күрделі жөндеу іске асырылады [3, 68-71б].
Көптеген
оқу орындары ақылы оқудан түскен
қаржылармен өз қажеттіліктерін
өтеп келді. 2007 жылы 185 мемлекеттік колледждердің 139-
1991-1999 жылдары
кәсіби оқу орындарын
2000 жылдан
бастап жағдай өзгере бастады,
оқу орындары еңбек нарығының
талабына бейімделе бастады.
Шымкент, Жамбыл, Қарағанды, Өскемен, Алматы қалаларына 2 мың шаштараз, аспазшы қажеттігі анықталды. Ақмола облысының тың колледжі халықтың тілегін ескеріп механик, бухгалтер, экономист мамандықтарын, Талғар ауылшаруашылық техникумы, ауылшаруашылық экономисі, агроном, жер өлшеуші, бухгалтер, тамақ бұйымдарын сақтаушы деген мамандықтарды дайындауға кірісті. Ауылшаруашылық министрлігіне қарайтын барлық колледждер мамандықтың түрлерін қайта қарап, еңбек нарығына қажетті мамандарды дайындауға кірісті. Алматының экономикалық колледжі бухгалтер-экономист, кондитерлік өндіріс экономисі, экономист жоспарлаушы, Атырау теңіз (морской) колледжі, балық технологиясы, мұздатқыш (холодильник) механигін, кеме жүргізуші мамандарын дайындап балық өнеркәсібіне жұмысқа жолдады, осы техникумның түлектерінің жұмысқа орналасуы 1996 жылы 90 пайызды құрады [12,92-94б ].
Сөйтіп,
2000 жылдан бастап кәсіби оқу орындары
еңбек нарығының талабын
Сөйтіп, Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, нарықтық экономикаға көшіп, оның алғашқы нәтижесін көре бастағанда, қоғамның даму бағыты жаңа арнаға түсіп, кәсіби оқудың мазмұны, құрылымы, бағыты бұрынғы өзгерістерден, жоғарыда жазғанымыздай, мүлдем тың жаңа кезеңге ене бастады. Бұған тікелей әсер еткен жаңа жүйе пайда болып, қалыптасып келе жатқан меншік иелерінің, яғни жұмыс берушілердің жұмыс күшіне деген қажеттілігінің артуы.
2000 жылдың
желтоқсан айында Қазақстан
Отандық және шетелдік озат тәжірибелер көрсеткеніндей, еңбек нарығындағы жағдайды, сонымен қатар халықтың өмір сүруін жақсартудың, экономиканың әлеуметтік ауа райын және оны тұрақтандырудың бір шешуші факторы - әлеуметтік серіктестік болды. Осы Заңға сәйкес серіктестік республикалық, салалық, аймақтық деңгейде ұйымдастырыла бастады.
Әлеуметтік
серіктестерге жататындар: Мемлекет,
себебі ол қаражат бөледі, мамандар
дайындауға тапсырыс береді, екіншіден
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
органдары, Білім және ғылым саласының
жоғарыдан төменге дейінгі
Қазақстан
Республикасында осы Заңға
Әлеуметтік
серіктестік – жаңа техниканы
меңгерген еңбек нарығында
Білім және ғылым министрлігінің өз құжаттарында серіктестіктің әлі өз кезегінде қалыптаса алмай келе жатқанын атаған. Бұл министрліктің әлде де әлеуметтік серіктестікті қалыптастырудағы шалағайлығынан туындап отыр. Әрине, біз білеміз, барлық лицейлер мен колледждер, облыс, аудан және қала әкімшіліктері кемшіліктің барын жақсы түсінеді.
2001 жылдан
бастап «Әлеуметтік
Кәсіби лицейлер мен колледждерді бітірушілердің жұмысқа орналасуы біртіндеп жақсара бастады, бұл көрсеткіш 1994-1999 жылдар аралығында 30 – 35 пайыздан аспаса, 2003 жылы – 72, 2004 жылы – 75 пайызды құрады. Жоғарыда аталған Мемлекеттік Бағдарламаға сәйкес техникалық және кәсіби оқу орындарынын бітірушілердің 2008-2012 жылдар аралығында жұмысқа орналасу үлесі 80 пайызға дейін ұлғаятын болады.
Кәсіби оқу орындарын бітірушілердің жұмысқа орналасу жағдайын қорыту еңбек нарығында әр түрлі мамандарға әр түрлі сұраным мен ұсыныс барлығын көрсетті. Кейбір кәсіби топтардың қажеттілігі оларды бітірушілерге сәйкес, ал басқа бір мамандықтар бойынша олар еңбек нарығының қажеттілігінен артық екенін көрсеткен (олар – экономика, заң, газ, мұнай құбырын пайдалану мамандары). Сондықтан оқу орындары еңбек нарығында сұранымы азайған мамандарды дайындауды қысқартып, сұраным көбейгендерді оқуға қабылдауды көбейткен.
2000-2004 жж.
колледж бітірушілердің
Колледжді бітірушілердің, облыстық және Астана, Алматы қалаларының департаменттерінің мәліметі бойынша 2002 жылы 17080-і (54 пайыз) жұмысқа орналасқан, жоғары оқу орнына 7062-сі (22,4 пайыз) түскен, әскер қатарына 1068-і (3,4 пайыз) алынған, 1173-ы (3,7 пайыз) республикадан тыс жерлерге кеткен. Сонымен 2002 жылы колледжді бітіргендердің 79,8 пайыз жұмыспен және оқумен қамтылған [13, 75-77б].
Еңбек нарығының бос орнының 90 пайызын жұмысшылар құрайтынын ескерсек, кәсіби оқу орындарының өз түлектерінің жұмысқа орналастыру көрсеткіштері әлдеқайда жоғары болуы шындық. Бірақ жоғары кәсіпті жұмысшылар мен мамандарға деген сұраным мен ұсыныстың бұзылуының нәтижесінде еңбек нарығында бос орындарды мамандығы жоқ адамдар да иеленуде.
Жұмыссыздардың,
әсіресе жастардың тарапынан
орын алуы жұмыс берушілердің және
оқу орындарының талап
Кәсіби
мектептер мен колледждерді бітірушілерді
жұмысқа орналастырудағы орын алып
отырған кемшіліктер жұмыс
Дамыған елдерде кәсіби мектепті қаржыландырудың бұлағы жұмыс берушілердің салықтан түскен қаржысы есебінен іске асырылады. Көптеген елдерде жұмысшылар мен мамандарды дайындауға деген арнаулы қор құрылған, мемлекеттік жәрдем де беріледі. Ол жұмыс берушіні жаңа жұмыс орнына жұмысшылар дайындауға ынталандырады. Сонымен қатар кәсіби – техникалық оқу орындарының түлектерін қабылдап және жұмысқа тұрақтандырғаны үшін жұмыс берушілерге жеңілдік те беріледі.
Индустриалық-инновациялық бағдарламаға сәйкес еліміз шикізаттық экономикадан жаңа технология негізінде өңдеуші экономикаға өтеді. 2015 жылға қарай Қазақстан экономикасы 3,5 есе артуы керек, бұл еңбек нарығында жұмысшылар мен мамандарға сұранымды көбейтеді, бастауыш және орта кәсіби оқу орындарын жаңғырту бағдарламасын жасауды талап етеді.
1.2 Кәсіби лицейлердің оқу және тәрбие жұмысы
Кәсіптік
бастауыш білім, кәсіптік мектептер
мен кәсіптік лицейлерде негізгі
жалпы білім беру базасында алынып,
жалпы орта білім алумен ұштастырылады
және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары
бойынша білікті еңбек
Кәсіптік орта білім беру
Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім беру базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған. Колледжде, училищеде оқу мерзімі - 3-4 жыл. Ұқсас мамандықтар бойынша жалпы орта және кәсіптік бастауыш білімі бар азаматтардың қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша кәсіптік орта білім алуына болады [16, 5-6б].
Кәсіптік орта білім колледждерде, негізгі жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған.
Кәсіптік жоғары білім беру
Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде, институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім
Республика
азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда
оқып, ғылым кандидаттары мен докторлары
дәрежелерін, доцент пен профессор
атақтарын алуға мүмкіндік
Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қосымша білім беру
Жұмысшылар
мен мамандардық басшы
Қосымша
білім беру үшін денешынықтыру - сауықтыру,
техникалық, мәдениеттану, тіл және
басқа бағыттағы мекемелер
Сонымен, білім мен тәрбие беру - бұл республика азаматтарының құзыретін және адамгершілік, ақыл-ой, мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз педагогикалық процесс. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық дәстүр салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Республикада "Білім туралы" Заңды жүзеге асырудық маңызды жолының бірі - болашақ мұғалімдерді мектепте халықтық педагогика негізінде жүргізілетін тәлім-тәрбие ісіне даярлау. Бұл бағыттағы басты мақсат - оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады.
Сонымен, білім берудегі инновациялық процестерді жүзеге асырып, дамыту – бұл білім беру жүйесінің дамуы, оны жаңарту мен тиімділігін арттырудың шарттары. Сондықтан да қазіргі таңда балаға деген көзқарас пен қарым-қатынаста баланы объект деп қарамай, оны дамушы тұлға ретінде қабылдап, оқу-тәрбие жұмысын осыған лайық өзгерістерге сай, қазіргі педагогикадағы тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа технологияны енгізудің қажеттілігі туындап отыр. Ал жаңа технологияны пайдаланудың мақсаты – міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, шығармашылық деңгейге жету.
Оқу процесінің
тиімділігін арттырудағы
Лицейлер
мен колледждердің оқушылардың
білім сапасын көтеруде жүргізілген
әдістемелік жұмыстардың
Кәсіби білім
беру ісінде кемшілік жоқ десек қателесеміз.
Ол - оқу орындарының оқу-
Оқу орындарының оқушылары техникалық шығармашылық үйірмелерге қатынасып, өздерінің техникалық шеберліктерін арттырды. Әрбір оқу орындарында орта есеппен 10-12-ден кем емес техникалық үйірмелер жұмыс істеген.
Колледждерге
қабылданатын жастардың көбеюіне байланысты
олардың инженер-педагог
Техникалық
және кәсіби оқу орындарында кадр
құрамының есею (қартаю) тенденциясы
орын алуда. Барлық педагогикалық кадрлардың
1 – 10 жыл арасында жұмыс еңбек
өтілі барлары 30 пайыз, 10 жылдан жоғарылары
– 70 пайызды құрап отыр. Бір оқытушының
оқу жүгі 1,5 деңгей, олардың арнаулы
пәндерге қажеттілігі 1194 адамды құрайды.
Бірақ 2002 жылы кәсіби лицейлер мен колледждерге
жоғары оқу орындарында инженер-
Оқушыларға сапалы білім берудің бір шарты мұғалімдер мен оқу шеберлерінің біліктілігін арттыру болып саналады. Сондықтан да Білім және ғылым министрлігі, облыстық және қалалық білім департаменттері лицей мен колледждердің инженер-педагог кадрларының білімін көтерумен айналысып келеді. Барлық облыстағы және екі қаладағы мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары лицей мен колледжердің мұғалімдері мен шеберлерінің білімін көтерумен айналысатын әдістемелік бөлім ашты. Оларды 3-4 маман-әдіскерлер жұмыс істеп келеді. 1991-1998 жылдар аралығында республиканың лицей мен колледждерінің мұғалімдері мен шеберлерінің, әр жыл сайын 12 пайызы ғана солардың жанындағы бір айлық курстардан өткен [20]. Бұл, әрине, жеткіліксіз. 2001-2004 жылдарда, яғни осы үш жылда, мультипикаторлық әдістеме негізінде 1350 кәсіптік лицей қызметкерлері білім алған. Жобалық материалдар мультипикаторлар арасында кеңінен таратылып, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері үшін теориялық және практикалық сабақ өткізуде және ұйымдастыруда жақсы бәсекелестік туғызған [15, 92-94б ].
Білім және ғылым министрлігі лицей және колледждердің мұғалімдері мен шеберлерінің білімін көтерумен үнемі айналысып отырды. 2005 жылдың 27 шілдесінде министрлік техникалық және қызмет көрсету еңбегі саласындағы кадрлардың кәсіби дайындығын көтеру, оларды қайта даярлау және мамандықтарын арттыру туралы методикалық нұсқауды бекіткен, бұл нұсқау ҚР-ның «Білім туралы» Заңының 19-бабына сәйкес дайындалған. Олар төмендегідей міндеттерден тұрады:
- маман-жұмысшылар
мен орта буын мамандарды
- оларды
қайта дайындауды өндірістің
жаңа бағыт және мақсатымен, еңбек
нарығының талабына
- техникалық
және қызмет көрсету саласы
кадрларының білімін көтеру
Білім және ғылым министрлігінің бұл нұсқауы барлық облыстық және қалалық білім департаменттерінде талқыланып, басшылыққа алынды. Бірақ арнаулы пән оқытушыларын және оқу шеберлерін оқыту, олардың біліктілігін көтеру ісіне кәсібі жоғары мамандар тарту өндіріс орындарының жекешеленіп кетуіне байланысты қиындықтар да туғызды.
Білім және
ғылым министрлігі жылма жыл
республикалық және халықаралық
конференциялар мен семинарлар өткізген.
Оларда лицей және колледждердің
педагог-кадрларының
Облыстардағы біліктілікті жетілдіру курстарынан 2006 жылы техникалық және кәсіби білім беру саласы бойынша 3444 адам өткен, бұл көрсеткіш 2005 жылмен салыстырғанда 465 адамға (14 пайыз) артық болды.
Арнаулы орта білім беретін медициналық колледждердің оқытушыларының білімін көтеру өзіндік ерекшелігі бар. Батыс Қазақстан медициналық колледжі жанынан 1990 жылы орта білімді медицина қызметкерлерінің білімін көтеретін бөлім ашылды. 2007 жылдың наурыз айында сапа менеджменті жүйесі бойынша бұл колледж сертификат алып, оған толық негіз қалады, оның 90 жылдық өмірі бар, заман талабына сай қызмет істеп жатқан оқу орындарының бірі, кадр дайындау ісінде бай тәжірибесі бар, 5 мамандық бойынша білім береді, осы жүйенің талаптары бойынша жұмыс істеуде.
Колледждің өз оқу-материалдық базасы әр түрлі пәндер бойынша 58 кабинеттен, 15 зертханадан, 25 жұмыс аудиториясынан тұрады. Колледжде диплом алғаннан кейін орта буын мамандардың білімін көтерумен айналысады. Білім көтеру ісі өндірістен қол үзіп те, қол үзбей де өткізілген. Осы 17 жылда мамандық көтеру бөлімі 13178 адамды қайта дайындау курстарынан өткізген: 1991-1994 жылдарда - 1232, 1995-1998 жылдарда – 1211, 1990-2002 жылдарда – 3610, 2003-2006 жылдарда – 7125 [19, 30-32б].
Білім және ғылым министрлігі, облыстық оқу департаменттері мұғалімдердің білім жетілдіру институттары арқылы лицей мен колледждің педагог кадрларының біліктілігін көтеруде белгілі қызмет атқарды. Дегенмен жұмыс істеп отырған оқу шеберлерінің біліктілігін арттыру өз дәрежесінде шешімін тапқан жоқ.
Оқытушылар
мен оқу шеберлерінің кәсіби дайындығын
арттыруда, оқу орындарының оқу-
тәуелсіздік алуымен оқушылардың арасындағы тәрбие жұмысының жаңа кезеңінің беті ашылды. Білім қоғам дамуының интеллектуалдық қана емес, сонымен қатар экономикалық базасын жасайтын өндірістің рухани маңызды саласы, ол әлеуметтік-экономикалық өрлеу дәуірінде қарқынды дамудың қайнар көзі болып саналады.
Кәсіби лицейлер мен колледждердің жас жұмысшылар мен орта буын мамандар дайындаудағы тәрбие жұмыстарының перспективалық бағдарламалары талданды, кәсіби бағыт оқу-тәрбие жұмысының ең құрамдас бөліміне айналды, оның түрлері мен тәсілдері сан алуан болды. Кәсіби оқу орындарының оқушылары мектептердің шеберханаларын жөндеуден өткізді, жаңа құрал-саймандармен жасақтады. Облыстарда телеклуб жұмыс істеді. Кәсіптік-техникалық оқу орындары өз оқушыларын еңбек озаттарымен кездестіріп отырды. оқушылар ел тәуелсіздігінің әсерінен жаңа леп, қарқын алды, өз елінің патриотына айналды.
Колледждерде 2001-2007 жылдар аралығында
құрылыс бөлімдері жұмыс
Кәсіби оқу орындарында жеке тұлғаның кәсіби құндылық сапасын қалыптастыру мақсатында өткізілген сынып сағаттары, диспуттар, дебаттар, көрмелер мен конференциялар қорытылды. Оқу орындарында республика күні, Тәуелсіздік күні, «Наурыз», жаңа жыл мерекелері өтіп тұрады. Қызғылықты өтетін іс-шаралар: «Наурыз аруы», «Жігіт сұлтаны», «Колледж аруы». Жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен марапатталып отырған. Сонымен қатар тәрбие мәселесінде жетістікке жеткен оқу орындарының ұлағатты ұстаздары да аталды.

- Кәсіпкелік құықы мәні
- Кәсіпкердің құқықтың түрлері
- Кәсіпкерлердің бәсекелестігі және кәсіпкерлік құпия
- Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың азаматтық- құқықтық формалары
- Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың азаматтық- құқықтық формалары
- Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың азаматтық- құқықтық формалары
- Кәсіпкерлік
- Кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке тарту: қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаттамасы
- Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі
- Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
- Кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат келтірген зиян үшін
- Кәсіби лицейдегі оқу процесі кезіндегі оқушылардың жеке мінезінің қалыптасуы
- Кәсіби мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау
- Кәсіби оқытуда арнайы пәндерін оқыту әдістемесі