Кәсіби мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау



МАЗМҰНЫ

Кіріспе         3

1. Кәсіби мектеп  оқушыларын кәсіптілікке үйрету, кәсіпке бағдарлау............6

1.1.Кәсіби бағдар берудің  даму тарихы................................................................6

1.2.Кәсіби мектеп оқушыларын кәсіпке дайындау.................................................................................................................15

2. Кәсіби мектеп  оқушыларына кәсіби бағдар берудің   әдістемесі.................20

2.1.Кәсіби мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің формалары мен әдістері................................................................................................................... 20

2.2. Кәсіби бағдар берудің  жүйесі.......................................................................33

3.Кәсіби мектеп оқушыларының оқу шеберханасындағы қауіпсіздік ережелері............................................................................................................... 46

3.1. Кәсіби бағдар беру  жұмысының міндеттері............................................... 46

3.2.Кәсіби мектепте кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыру......................................................................................................... 50

Қорытынды                                                                                                            52

Қолданылған әдебиеттер.                                                                                     56

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Қазақ халқының  ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин мектепте берілетін тәрбие мен дағдыны  халыққа пайда келтіретін қару ретінде бағалады. Оқу ағарту ісіне Ы. Алтынсарин енгізген жаңалық – қазақ жастарына  кәсіптік мамандық беру  мәселесінің ғылыми негізін жасау.  Ол қазақ халқының экономикалық дамуына қажетті мамандар даярлау  ісіне ерекше мән берді: қолөнер, ауыл шаруашылығы  училищелерін  ұйымдастырды.

Ы. Алтынсарин  еңбектің бала тәрбиесіндегі  ерекше маңызын көре білді. Оның еңбек тақырыбына  жазған  әңгімелерінен бала жынын  жазбай танитын нәзік психолог екенін  аңғаруға  болады.

Халықтық  мұраны  ізгі  дәстүрлі – жас ұрпақты еңбек етуге, кәсіби тәрбие беруде  өнерге баулудың бірден- бір жолы.  Жеке адамның жан - жақты    да, үйлесімді дамуында еңбек шешуші  факторлардың бірі болып табылады. Адам еңбексіз дами алмайды, керісінше біртіндеп кері кетеді.

Еңбек адамның  іскерлігі  мен ой- өрісін ғана өсіріп  қоймай, оның  адамгершілік, дүниеге  көзқарасын қалыптастырып, рухани сезімін  байыта отырып,  болашақ кәсібіне  бағыт  сілтеп икемдейді. «Еңбек - өнер өрісі, өнер - өмір  жемісі,»- дегендей адамзат баласының болашағына барар жолға бағыттайды.

Кәсіби  тәрбие берудегі халық педагогикасының  адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты  тәрбиелеу  туралы  арман –  мұраттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын  қамтып  көрсететін педагогикалық  идеялар мен салт- дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді.  Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта жинақталып,  ұрпақтан -  ұрпаққа беріліп отырады.

Ұлы  педагог  Ы. Алтынсарин 1887 жылы балаларды бір  орталықтан  еңбек тәрбиесіне  тәрбиеленуінен  бастау алған, қазіргі кезде  мектептерде жүріп жатқан технология пәнінің  бір ғасырдан астам тарихи негізі болса да, жалпы орта білім беретін  мектеп өмірінде күні бүгінге дейін  еңбекке  баулу  пәнінің эспериментальдық  тұрғыдан түспей,  пәннің  бірі болуда.

Жаңа  қоғамның ағымындағы республикамыздың өркениетті елдер қатарына қосылуы,  әрбір  оқушының тәрбиелілігі  мен кәсіби тәрбие  деңгейінде болуымен де, талаптылығымен де тығыз байланыста екенін  өмірдің  өзі көрсетіп отыр.

Халық  педагогикасында  кәсіби білім  беру, еңбек  тәрбиесі өте ертеден бастау алады.  Халықтың педагогикалық идеяларын,  әдіс- тәсілдерін ашып беретін ерекше  жазбаша шығармалар  ең бай бұлақ  көзі болып табылады.  Олар: мақал- мәтелдер, ән- жыр, аңыз- әңгімелер, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, т.с.с. Мақал – мәтелдер – халық ауыз  шығармашылығының  ең белсенді де, кең тараған түрі.  Онда қоғамның  материалдық және рухани талап тілектері бейнеленген.

Оқушының кәсіпке  тәрбиелеудегі  еңбек қажеттілігін  тек күнделікті  жұмыспен айналысу  арқылы қалыптастыруға болады деп есептегендіктен,  қазақ  халқы отбасы өмірінде педагогиканың  маңызды талаптарының  бірі- бала еңбегінің  жүйелілігі мен бірізділігін сақтауға ұмтылады.

Оқушыны  еңбекке  даярлау  үрдісін басқаруға сипаттама берер  кезде осынау  әдіснамалық  тәсілдерді қолданамыз. Жас  буын өкілдерін тәрбиелеу, оқыту, дамытуға бағытталған педагогикалық  үрдіске қатысушылардың  қоршаған ортамен рухани  құндылықтармен өзара  байланысы  педагогикалық  жүйені құрайды.

Сондай- ақ, ғылыми  еңбектерде оқушыларды еңбекке  даярлау  жүйесінің өзге де анықтамалары кездеседі. Мәселен, кіріктірілген  үрдістердің  мынадай бағытттары бар: оқу- тәрбие жұмысындағы  еңбек тәрбиесі пәндеріне  политехникалық сипат беріп отыру,  оқушылардың жалпы білімге  қоса еңбек дағдысын  алуын қамтамасыз ету;  сабақтан тыс немесе демалыс кездерінде  қоғамдық  белсенді еңбекке  жұмылдыру;  кәсіптік  бағдар беру, т.б.

Кәсіби білім  беруде,  еңбек тәрбиесі мен  қолөнеріне  баулуда негізгі тұлға – еңбек сабағының  оқытушысы болып саналады.  Еңбек пәнінің мұғалімі  оқушының еңбек сабақтарында  алған  білімдерін практикада  қолдана білуге  үйретеді, мамандықты  таңдауға  бағыт береді.

Оқушылардың  жұмысын  ұйымдастырушының  негізгі  қызметі: біріншіден,  кәсіби білім беру  кабинетінде анықтамалық  консультация  материалдарын  жинау; екіншіден, әртүрлі  сыныптарда  кәсіптік  бағдар беру әдісі  және  оқушыларға психо- педагогикалық  мінездеме  дайындау  жөнінде  пән  мұғалімдері  және  сынып жетекшілері үшін  консультация  ұйымдастыру; үшіншіден, мамандықтар туралы  оқушылармен кездесу өткізіп, әңгіме  сұхбат жүргізетін,  кәсіпорын өкілдерімен байланыс  жасау;  төртіншіден, бүкіл кәсіптік  бағдар беру  жұмысын жоспарлау, қорытынды жасау.

Қазіргі педагогиканың  жетістігі, ол тек  қана  жас ұрпақты  күнделікті,  үздіксіз  тәрбиелеуге әсерін тигізіп  қана қоймайды, сонымен  бірге  халық  мұрасының ізгі  дәстүрі – жас  ұрпақты  кәсіпке, өнерге  баулудың бірден- бір жолы.   

 Жұмыстың  мақсаты: оқушылардың  мамандық таңдау кезіндегі олардың қабілетіне, қызығушылығына, икеміне қарай кәсіби бағдар беріп, әр оқушымен жекеше кәсіби консультация  жүргізу.

Жұмыстың    міндеті: оқушылардың саналы түрде бір кәсіпте жұмыс  істеп, мамандықты  дұрыс таңдауына зор ықпал ету: пікір- талас, деспут, сыныптан тыс үйірмелер, кездесу, көрнекілік, саяхат, т.б. жұмыстарын ұйымдастыру.

Зерттеу пәні: оқушылардың  кәсіби бағдар  беру жұмысы.

Еңбек объектісі: оқушыларға кәсіби бағдар  беру.

 

 

 

 

1. Кәсіби мектеп оқушыларын  кәсіптілікке үйрету,

кәсіпке бағдарлау

1.1 Кәсіби бағдар берудің  даму тарихы

Еңбек пәні атадан  балаға мұра ретінде қалыптасып келе жатқан кәсіп түрлерін және жаңа технологияны қолдана отырып, үйреніп білуге үйретеді. Онда орындалатын іс- әрекеттер жайында  мағлұмат  берумен бірге  әрбір адамның айналысқан  кәсібін жеке мамандықтарға бөледі. Мамандық дегеніміз- адамның белгілі бір қызмет  атқаруына мүмкіндік  беретін материалдық не рухани өндірісте  алған білімі мен практикалық дағды жиынтығы.

Қызметкердің  мамандануы  кәсіби еңбек бөлінісінің бір түрі. Ол «кәсіп» және «мамандық» деген екі түсінікті қамтиды. Мамандық пен кәсіптің қалыптасуының тарихи сипаты болды. Өндірістің жаңа саласының пайда болуы және техникалық  прогресс нәтижесінде жаңа технологияның енуі  жаңа «мамандық» тудырады. Ескі ауыр дене еңбегін қажет ететін кәсіптер жойылып, жаңа мамандықты игерудің арқасында техникамен жұмыс істеу  мүмкіндігін алды. Еліміздегі  еңбек өнімділігін арттыруда жіне еңбек ресурстарын пайдалануды жақсартуда оның мәні зор.

Адам баласын  еңбекке үйрету, өмірге бейімдеп тәрбиелеу- адамзат қоғамының халық тәрбиесімен  бірге жасалып келе жатқан тәрбие түрі. Тіптен жазу – сызу  болмаған тайпалық дәуірдің өзінде өз ұрпағын  өмірге бейімдеп тәрбиелеу, оларды отбасында  еңбекке, қол өнерге, аңшылыққа үйрету дәстүрлі халық өмірінен өзекті орын алған.

Қазақ халқы  да ертеден-ақ өз балаларын жас кезінен  еңбекке үйретіп, баулыған. Қы баланы үй сыпыру, сиыр сауу, ас пісіру, іс тігу,  ал ұл баланы құлын ұстап, мал бағуға, ағаштан әр түрлі күбі, астау, келі- келісап, домбыра ат әбзелдерін жасауға,  ер шабуға үйреткен. Осы еңбектердің барлығы жетіле келе қазір ауыл шаруашылығына арналған еңбекке айналды. Сол еңбектің арқасында адам жерді игерді, күнкөріс үшін қажетті өсімдіктерді  алдымен жабайы қалпында пайдаланды. Кейіннен оларды мәдениетті түрге айналдырды. Сөйтіп, ауыл шаруашылығының егіншілік саласы дамыды.

Бүгінгі таңда  жас ұрпақты оқыту – тәрбиелеуде  технология сабағында басты мақсатымыз ауыл шаруашылығы мамандықтары туралы мәлімет беру. Негізінен егін шаруашылығы, мал шаруашылығы  және техникамен айналысатын кәсіпкерлер. Жалпы алғанда ауыл шаруашылығы мамандығы әрбір адамның өсуіне қамқоршы. Адам баласының тіршілігі  үшін аса қажетті азық- түлік даярлайтын, өсіретін, оны өңдейтін  ауыл шаруашылық мамандары.

Қазіргі ғылыммен барлық ауыл шаруашылық жұмыстарын техникамен атқарады. Өсімдіктерді егу, күту, арамшөптерден  қорғау, жинау және сақтау мен кайта  өңдеу жұмыстарының бәрі технологиялық  процесс.Сол технологиялық процестерді  өзіне тән мамандар атқарады.

Жұмысшы тобының  қатарына жыл сайын мектеп бітірушілерден  миллиондаған жастар келіпқоысылып  жатады. Осылардың бәрін мамандықты саналы түрде  таңдап алу керек. Бізге  жастарды қазіргі өзгерістермен, қазіргі  заман өндірісіндегі еңбекке  орналастыру  жағдайымен, жұмыссыздықпен күрес жолдарымен таныстыру қажет. Мамандықты таңдау мен игеру жеке адамның туа және жүре пайда болатын көп санатты қабілетіне де байланысты болады.

Қабілеттілік- бір адамды өзге адамдармен ажырататын жеке психологиялық ерекшелігі. Қабілеттілік деп- жеке адамның барлық ерекшелігі емес, тек қандайда болмасын бір немесе бірнеше қызметті табысты орындай алатын ерекшелігін айтады.       

«Кәсіп» және «Мамандық» ұғымдары қамтитын әртүрлі қызметтер сапасы көп. Өмірге жаңа араласқан жасөспірімнің алдында бірнеше мыңдаған кәсіптің біреуін таңдау міндеті тұрады.  Әрбір адам бір ғана емес, көптеген кәсіпке қабілетті болады. Кәсіптік бағыт беру міндеті жасөспірімдердің болашақ өмір жолын таңдап алуына, оның жеке басының қабілетіне көбірек сәйкес келетін мамандықты таңдауына ғылыми негізделген  көмек беруде болып табылады.

Әртүрлі кәсіптің сапасын дамыту үшін, егер ол ағаш шебері болса, ол ағашты өңдеудің әртүрлі әдістерін  білумен бірге  электр құралдары  мамандығын, электр жабдықтарын пайдалана білуді  жетілдіруі тиіс.

Қазіргі кезде  әртүрлі мамандықтың сапасын  жақсарту үшін мердігерлік тәсіл  қолданылады. Оған бірнеше мамандық иелері қатынасады. Мердігерлік тәсілдің  артықшылығы- ол жұмысты кең индустрияландыруға, жаңа техниканы және құрылыс өндірісін ұйымдастыру мен технологияның озат тәсілдерін құрастыру мен монтаждауға, ауыл шаруашылығын  көп кешенді әдіспен  жүргізуге, малды арнайы бригадалар  арқылы бағу  кезінде неғұрлым тиімді өндіріс процестерін механикаландыру мен автоматтандыруды енгізуге жағдай жасайды.  Осындай жұмыстарда көп салалы мамандық қажет етеді.  Бұл әсіресе қазіргі нарықтық экономика жағдайында өте қажет.Сондықтан әр оқушыны бірнеше мамандық иесі болу, оны жақсы меңгеру талабы қойылады.

Сан алуан өндіріс  түрлеріндегі мамандық иелері  терең ақыл ойлы, зор қиялды болуға, сыза білуге және техникалық суреттер жасай білуге тиіс. Ұйымдастырушылық қабілет аса қажет. Жалпы білім беретін орта мектепті бітірушілер алдындағы үлкен міндет- кәсіптің жеке түрлерімен толық танысып, оның ішіндегі өзінің бейіміне сай түрін таңдап алу.

Қазіргі кеде жабылған зауыттар орнына  іскер адамдар  жеке акционерлік қоғам құрып, кішігірім  цехтар ашып, жұмыссыз қалған адамдардың жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызуда. Оны жүзеге асырудың негізгі жолы сол мамандықты жете меңгеру.

Қазіргі нарықтық және жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыру кезеңінде, жетістікке нарықтық жас ұрпаққа ие екенін жете білдіру  арқылы ғана қол жеткізуге болады. Нарық-бұл өндіріс факторын  немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі. Осы жүйені оқушыларға дұрыс жүргізгенде ғана мәдени- тұрмыстық  және экономикалық жағдай жақсы болады. Өндірісті өркендету жаңа еңбек құралдарын  тиімді пайдалану, технологияны жетілдіру нәтижесінде бұрын қалыптасқан салалардан жаңа салалардың бөлініп шығуына және жаңа тұрпатты кәсіпорындардың құрылуына жағдай жасайды. /7/

Қазірде елдің экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік даму жолындағы маңызды  мәселелердің шешімі табу барысында ерекше рөл жоғары мектептің үлесіне тиеді, ол жастардың еңбек қызметінің белгілі бір саласына бейімделіп, тәжірибе жтнақтауына, дамыған жұмыс күшіне айналуына мүмкіндік беруге тиіс.

Дамыған өндіріс  жағдайында жасампаз еңбек түрінің  бірі инженерлік-техникалық қымет болып табылады, қазіргі таңда мұндай қызметсіз қоғамдық өндірістің болуы мүмкін емес. Оның үстіне, қоғамның өндіргіш күштерінің дамуы жаңа деңгейдегі материалдық-техникалық база құрылуы өндірістік қатынастардың жаңа сатыға көтерілуі дәрежесіне орай инженерлік қызметтің мәні де арта түседі, себебі мемлекет шын мәнінде бүкіл қоғамның өкіліне айналған кезде адамдарды басқару жүйесінің орнына заттарды басқару және өндірістік процестерге басшылық жасау жүйесі орнайды.

Қазіргі таңда  ғылыми-техникалық прогрестің техникаға, технологияға, өндірісті ұйымдастыру мен басқаруға қосып жатқан жаңалықтарының қарқыны сондай, болашақ инженерлер дайындаудың саналылығы  мен тиімділігін үнемі жаңа сатыға көтеріп отыруды талап етеді.Осылайша, ғылыми-техникалық прогрестің жеделдеуі инженерлік-техникалық білім беру жүйесін мүлде жаңаша құруға алып келеді.

Жоғары мектеп қабырғасында берік кәсіби құштарлығы бар болашақ инженерді- қоғам  дамуының осы заманғы талаптарына  жауап беретін жаңа типтегі маманды  тәрбиелеп шығару ісі оқушылардың инженерлік шеберлік негіздерін алғышарт болып қаланатын кәсіби ынта қалыптастыру міндетімен сабақтас. Кәсіби ынтаның ерекше маңыздылығы көптеген психологиялық-педогогикалық зерттеулерде барынша терең талданып көрсетілген. Бұл бағыттағы зерттеу жұмыстарының бірқатары кәсіпке бағдарлау шараларының көмегімен кәсіби ынтаны дамыту мүмкіндіктерін саралауға арналды. Сонымен бірге, кәсіби ынтаның белгілі бір кәсіпті таңдау кезіндегі негізгі итермелеуші күш ретіндегі мән-маңызы оқушылардың білім алуға және қоғамдық жұмысқа белсене араласуындағы, кәсіпке бауыр басу процесіндегі, болашақ маманның кәсіби тұрғыдан танымды қалыптасуындағы рөлі толық дәлелденген.

Екінші жағынан, техникалық мектептердегі мұғалімдерінің бәрінің бірдей педогогикалық білімі жоқ, сондықтан олар оқушылардың іс-әрекетке сыртқы және ішкі құштарлықтарының оянуына сай олардың кәсіби ынталарын қалыптастыру бағытында педогогикалық ықпал етуді қалай ұйымдастыруды әрқашан да біле бермейді. Оқушылардың кәсіби ынтасын тәрбиелеуге арналған зерттеулер де өте аз.

Сондықтан кәсіби бағдар берудің даму тарихы осы кәсіби ынтаны қалыптастырумен тығыз байланысты екендігін терең түсіне отырып, ынта мәселесіне анықтама беріп көремін.

Ынта  дегеніміз- субъектінің ішкі мәні мен объективті дүниенің бейнеленуі, бұл субъектінің санасындағы адамзат мәдениетінің материалдық және рухани байлықтарының жиынтық көріністерінің бірлігі.

Мамандыққа  бағдарлау мен іріктеу жұмыстарының қолға алынуына байланысты кәсіби қызметтің  негізгі себептер бөлігі ретінде  кәсіби бағдар берудің мән-маңызын түсіну қажеттігі пайда болды. Психологтар мен мамандыққа бағдарлаушылардың кәсіби бағытты бекітудің арнаулы методикасын жасап шығаруы қажет болды және шамалауды үйреніп алу керек болды. /9/

Кәсіби бағдар беруде кәсіби ынтаны зерттеуді американ психологы Е.Стронг бастады, оның авторлығымен кәсіби ынтаны зерттеуге арнрлған тұңғыш сұраулар жинағы 1927 жылы жарық көрді. Эмприкалық зерттеулер жолымен әртүрлі кәсіп саласындағы мамандар ынтасының үлгілері құрастырылды, бұл үлгілерді құрастыру барысында олардың өз мамандығына және еңбек қызметінің басқа түріне, тегіне, типіне көзқарастары ескерілді.

Кәсіби бағдар берудің даму жолдарындағы мәнін  түсінуге қатысты кең тараған  ғылыми көзқарастарға шолу жасап, көптеген авторлардың мынадай методологиялық тұғырды ұстанатынын көрсетеді: кәсіби бағдар беруді қалыптастырудағы басты фактор адам қызметіне қажетті әлеуметтік жағдай болып табылады. Әсіресе әлеуметтік мүмкіндіктердің бар болуы мамандық алудың басты шарты іспетті, уәсіби бағдар берудің пайда болуы үшін осы шартты сақтау керек.

Осылайша, кәсіби ынтаны қалыптастыруды айқындайтын  фактор мен адамның іс-әрекетіне  қажетті әлеуметтік жағдай болып  табылады, себебі кәсіби ынта табиғаты адамның өзі таңдаған іс-әрекет объектісіне  қатысты танымдық, сезімдік және қажыр-қайраттың, белсенділігінің болуын талап етеді.

Қазіргі уақытта  Қазақстанда болып жатқан өндірістік қатынастардың  түбірлі өзгерістері  «нарық экономикасы жағдайында жұмыс  істейтін біліктілігі жоғары мамандар»  даярлауды қажет етеді, әрі мамандық деңгейіне жаңа, биік талап қояды. Мамандар даярлаудың сапасы мен тиімділігін көтеру, тұтас алғанда, халыққа білім беру ісін қайта құруға, оның ішінде жоғары техникалық мектептің жұмыс түрін, тәсілін, мазмұнын мамандардың инженерлік қызметке қызығуын, кәсіби тұрғыда өзін-өзі тәрбиелеу мен білім алуға ынтасын қалыптастыру мақсатында қайта қарауға байланысты.

Ғылым жетістіктері мен жаңа техниканы өндіпріске енгізу ғана емес, еңбекті техникалық-ұйымдастырушылық тұрғыда түбірлі өзгерту қажет  болғандықтан, ол үшін іргелі теориялық білім керектіктен, инженер тұлғасы туралы ұғым да басқаш болады. /6/

Бүгінгі таңда  ғылыми-техникалық даму барысынан байқалатын негізгі ерекшеліктер: техникалық әмбебаптығы, ол автоматтандырылған еңбек құралдарын жасау әдістері мен заңдылықтарының ортақтығымен сипатталады; еңбек заттары мен технологияның кешенді сипат ала түсуі; қоғамдық өндірісті компьютерлендіру. Осыған орай, маман еңбегінің міндеттік мазмұны өзгереді- еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыруды жетілдіруге, ғылыми техникалық есептер шығаруға байланысты ғылыми зерттеушілік, талдамалық міндеттердің үлес салмағы артады. Қазіргі заман инженері жоғары білікті, техникалық танымы кең, өндіріс тәсілдерін өдігінен дамытып, жетілдіре алатын болуы тиіс. Сондықтан жоғарғы техникалық мектеп кең профильді, нақты салаға бағытталған терең білімі мен практикалық даярлығы ұштасқан маман қалыптастыруға көшуі керек.

Кәсіби бағдар беруді күшейту техникалық профиль  мамандарын даярлау сапасына қойылар  талапты да қатайтады.

 Жалпы теориялық пәндерді кәсіптік бағытпен оқытуды күшейту зерттеу объектісі ретінде өте күрделі педогогикалық жүйеге жатады, оны табысты зерттеу үшін теориялық үлгілерді пайдалану керек. Шынында да оқу-тәрбие факторлары мен әдістемелік-ұйымдастырушылық шарттардық оқушылардың кәсіби бағдарын дамытудағы маңызы зор, олардың ешқайсысы назардан тыс қалмай, тұтастық құрайтын бөліктерінің барлығының өзара байланысы мен сабақтастығы ескерілуі тиіс.

Мұндай үлгіні жасау үшін жоғары техникалық оқу  орнында жалпы теориялық пәндерді оқытудағы оқу-тәрбие үрдісін тұтас қарастыру қажет.

Жоғары техникалық оқу орындарында жаопы теориялық  пәндерді оқытуды болашақ маманның кәсіби бағдарын күшейту бағытындағы  әрекет деп санауға болады.

Қоғамдық құрылымның өзгеруі, еңбек бөлісінің тереңдей түсуі, өндірістің күрделенуі, қиындауы, жұмыс жағдайының түбегейлі өзгеруі, ескі кәсіптік құрылымның күйреуі, ғылыми-техникалық ақпараттың бұрын-сонды болып көрмеген қарқынмен көбеюі, басқа да саяси-әлеуметтік жағдайлар жастардың білімін және кәсіптік шеберлігін арттыруды күн тәртібіне қойнп отыр. Өйткені білім мен тәжірибенің экономиканы дамытуға рөлі күн санап өсіп келеді. Кәсіптік бағдар өндірісті материалдық-техникалық базасын жасауда шешуші күшіне айналды./13/

Қазіргі кезде  басты міндеттердің бірі- жастардың саналы түрде бір кәсіпте жұмыс істеп, мамандықты дұрыс таңдауы. Сондықтан да кәсіптік бағдар беру жұмысын жолға қою- бүгінгі өмір талабы. Кәсіптік бағдар- бүкілхалықытық, мемлекеттік іс және күрделі кешенді мәселе.

Кәсіптік бағдар жастар арасында тек мамандық таңдаған кезде жүргізілетін жұмыс меес. Ол барлық адамдар арасында да жүргізіледі. Мәселен, объективті жағдайлар мен өндіріс саласынан босаған, екінші бір жерге қоныс аударған, сондай-ақ, қоныс аударғысы және мамандығын өзгерткісі келген, өздері таңдап отырған немесе жұмыс істеп жүрген, мамандықтарына деген сүйіспеншілігін арттырғысы келетін адамдар арасында да кәсіптік бағдар жұмысы ұйымдастырылады.

Кәсіпті бағдар және мамандық таңдау- көп мәселелерді  қамтитын кешенді мәселе. Әр түрлі  саладағы ғылыми күштерді біріктіру арқылы ғана бұл жұмысты жемісті жүргізуге болады. Мәселен, мектептен тыс уақыттарда өлкетану-туристік жұмыстар ұйымдастыру шәкірттердің білімге деген құштарлығын   оятуға ғылыми негіздерін тереңдетіп үйретуге, өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізуге, ең бастысы жастарға болашақ мамандықты таңдауға көмектеседі.

Жастарға кәсіптік бағдар беруде мектеп қашанда шешуші рөл атқарады. Дамыған кейбір шетелдік тәжірибеге назар аударсақ, нарық  жағдайындағы жастардың әлеуметтік икемділігі олардың кәсіби даярлық деңгейіне байланысты екені мәлім. Олар кәсіпорындар мәселесін дербес шешеді және қызметкерлерге нақты талаптар қоя алады. /15/

Кәсіптік бағдар оқушыларды кәсіпті саналы, дербес таңдауға мақсатты даярлауды көздейді. Мектеп бітірушілер таңдаған мамандығын неліктен ұнатқанын, кәсіптің ерекшеліктерін талдайды. Кәсіптік таңдауды қалыптастыру кәсіптік бағдар берудің ең басты міндеті болып табылады. Оны ойдағыдай шешу үшін оқытушы әрбір жас өспірімнің бойындағы қабілетті дәл аша білуі, сөйтіп, оның дербес тұлға болып қалыптасуын қамтамасыз етуі тиіс.

Жеке адамның  кәсіби бейімделуіндегі мамандықты таңдау, теориялық даярлық, мамандықта игеру, кәсіби біліктілігін арттыру  жағдайындағы дағдарыстармен олардың  пайда болу факторларының психологиялық  маңызы ерекше. Алайда, кәсіби сананың мағыналық құрылымында жаңа мақсат та пайда болып, әлеуметтік-психологиялық түзетулер мен өзара алмасулар байқалып, кейде мамандықты толық өзгертумен аяқталуы мүмкін. /4/

Кәсіби бейімділіктің  қалыптасуындағы дағдарыстардың психологиялық ерекшеліктерін жеке адамның қалыптасуында кәсіби білім, даярлық, бейімделу, бастапқы және екінші кәсіби біліктілік пен шеберліктің 7-кезеңімен байланысты қарастыруға болады. Бірінші кезең оптация немесе кәсіби ниеттің қалыптасу стадиясы. Ол 14-18 жас аралығын қамтиды. 14 жас шамасында жеткіншектерде мамандық түрлері туралы бірқатар білім қоры жинақталып, бір немесе бірнеше мамандықты өзіне таңдау құбылысы байқалады. Содан барып жоғары сыныптардағы білім алу кәсіби бағдар прооцесімен ұштасады. Осы кезед қалаулы болашақ пен реалды бүгінгі өмір арасында қайшылық пайда болады. Екінші кезең, кәсіби білім алу барысындағы студенттердің таңдаған мамандығына көңілі қалуымен сипатталады. Ол 16-20 жас аралығында пайда болады. Жекелеген пәндерег қанағаттандау, кәсіп таңдаудың дұрыстығына күмән келтіру, оқу іс-әрекетіне қызығушылықтың төмендеуі байқалады. Бұл мамандық таңдау дағдарысы деп аталады. Үшінші кезең жеке адамның кәсіби білім алуы аяқталып, кәсіби іс-әрекетке бейімделу кезеңімен байланысты. Бұл жағдай 18-23 жас аралығында байқалады. Бұл кезде жас маман алған білімін яғни қалыптасқан теориялық ұғымдармен, күткен нәтижелермен реалды практикалық іс-әрекетке сәйкес келмеуінен дағдарысқа ұшырайды. Сондықтан алғашқы апта, ай жас маманға өте ауыр тиеді.Төртінші кезең адамның кәсіби қалыптасуының дағдарысы кәсіби біліктіліктің алғашқы кезеңінде 4-5 жылғы кәсіби жұмыстан кейін байқалады. 30-35 жас аралығында. Ет қызуымен алғаш жұмысқа кіргенде ешнәрсені керек қылмаған жас маман 4-5 жыл өткен соң саналы немесе санадан тыс тұрғыда кәсіби өту қажеттігін сезінеді. Өсу перспективасы болмаған жағдайда ішкі дискомфорт, психологиялық шиеленушілік пайда болып, жұмыстан босау, жұмыс орнын ауыстыру сияқты ойлар басым болады. Бұл кәсіби өсу дағдарысы деп аталады. Бесінші кезең маманның кәсіби дамуында екінші біліктілік кезеңіне әкеледі. Жеке адам шын мағынасында профессионалмын деп санап іс-әрекетті өзі жүзеге асырудың индивидуалды сипаты туады. Алтыншы кезең кәсіби іс-әрекетті орындаудың шығармашылық деңгейімен сипатталады. Жеке адамның кәсіби самоантуализациясы өзіне, қоршаған ортаға, жағдайға, кәсіпке деген қанағаттанбау сезіміне әкелуі мүмкін. Бұл дағдарыс әлеуметтік кәсіби өзіндік антуализация деп аталады. Жетінші кезең кәсіби іс-әрекеттегі соңғы дағадарыс- маманның кәсіби арнадан кетумен сипатталады. Маман иесі зейнет назына жетуімен байланысты мамандықыты жоғалту дағдарысын бастан кешіреді. Зейнетке шығу- әлеуметтік–кәсіби қарым-қатынас шеберлігінің тарылуы, финанстық мүмкіндіктерінің төмендеуімен сипатталады.

Сондықтан да, болашақ мамандарды оқыту, тәрбиелеу процесінде жеке адамның жалпы индивидуалды-психологиялық ерекшеліктеріне сүйену керек. /5/

 

1.2 Кәсіби мектеп оқушыларын кәсіпке дайындау

Кәсіптік жұмылдыру принципі ғылыми таным саласы ретінде кәсіптік бағдар мазмұны, ұйымдастырылу және әдісі бойынша жалпы дидактикалық принципке және тәрбие принципіне бағынады.

Қазіргі кемелденген  қоғамның кәсіптік бағдар принциптері  жеке  басты жан-жақты және үйлесімді  дамытудың теориясынан  туындайды. Мұндай принциптерге кәсіптік бағдардың политехникалық бағыты, жеке адамның ынта-ықыласы мен бейімділігіне және нақты экономикалық ауданның кадрларға мұқтаждығына қарай кәсіптік ой-ниетінің қалыптасуы, кәсіптік бағдар бойынша мектептің, семьяның және өндірістің бірлесіп жұмыс істеуі. Кәсіптік бағдардың принциптері біртұтас және бір-бірімен тығыз байланысты.

Кәсіби бағдардың  тәрбиелік сипаты жеке адамның таңдаған мамандығы бойынша ойдағыдай  жұмыс істеуге, қажетті сапаларын  қалыптастыруға бағытталған. /3/

Адамның туа  біткен кейбір табиғи қасиеттері болады, алайда олардың негізінде қандай қабілет қалыптасатыны, сол адамның тәрбиесі мен тұрмыс жағдайына байланысты.  Бір адам қалада, екіншісі ауылда тұрады, біреуі жалпы білім беретін мектепте, екіншісі кәсәптәк техникалық училищеде оқиды, олардың семьядағы тұрмыс жағдайы да біркелкі емес.

Кәсіп таңдау көбіне еңбекке баула арқылы жүргізілетін ұйымдасқан тәрбиелік процеске байланысты. Мұның өзі оқушыны өндіріспен кеңінен таныстырып қана қоймай, оларды өнімді еңбек етуге атсалысуға жұмылдырады.

Оқушылардың кәсіптік бағдары оқу, сыныптан тыс және мектептен  тыс жұмыстардың мазмұнына жатады. Мұның өзі оқушының жеке басын, оның дербес ерекшелігін білп-тану негізінде  жүргізіледі. Кәсіптік бағдардың тәрбиелеу  принципі адамның қабілетіне деген  нық сенімнен, жеке адамның дамуының  диалектикалық түсінігінен туындайды.

Техниканың  қауырт дамуы қызмет орнын уаыстырмай-ақ еңбек түрін жиі ауыстыруға мәжбүр етті, мұның өзі кәсіптік даярлықтың политехникалық бағыты жағдайында жүзеге асырылып, мұнда болашақ жұмысшының қазіргі заманға өндіріс аса маңызды ғылыми принциптері жөнінде түсінігі қалыптастырылады. /16/

Ғылыми-техникалық жағдайда мектептің аса маңызды  әлеуметтік функциясы – оқушыларды материалдық өндіріс саласындағы  жұмыстарға бағдарлау. Ғылыми-техникалық деңгейі мен мазмұны жағынан мүлде жаңа жұмысшы кәсібін игеру үшін ең әуелі оқушыларды мектептің еңбекке баулу сабағында өндіріс негізінің теориясымен және практикасымен таныстыру, олардың қарапайым құралдарды пайдалана алуына және онымен өнімді еңбек ете білуіне дағдыландыру керек.

Кәсіби мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау