Көлік құралдарына салынатын салық
КІРІСПЕ
Салықтар нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып табылады. Салық негізінде құрылатын мемлекет бюджеттің кірісіне қарай, мемлекеттің кәсіпкерлікпен айналысуының және әлеуметтік-кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады. Салық мөлшерлерін заңды құқы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі, төлем қабілеті бар сұраным көлемі реттеледі.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында болып жатқан және мейлінше табиғи құбылысқа сәйкес халықтың әлеуметтік және экономикалық негізде бір-бірінен мүліктік жағынан алшақтай түскен ауқатты топтарына прогркесшіл салықтар жүйесін енгізу болып табылады.
Көлік құралдарына
салынатын салық, тікелей салық және мемлекет
пен көлік құралдарының арасындағы экономикалық
қатынастарды реттейтін салықтарға жатады.
Көлік құралдарының иелері көлік құралдарын
иемдену барысында республиканың автомобиль
жолдарын пайдаланады. Ал осы автомобиль
жолдарын қаржыландыруды мемлекеттік
бюджет жүзеге асырады. Сондықтан көлік
құралдарына салынатын салықтың экономикалық,
мәні зор деп айтуға болады.
Көлік құралдарына салынатын салык салу
обьектісіне қарай тікелей салықтарға
жатады. Ал пайдалану белгісіне қарай
бұл көлік құралдарына салынатын салық
арнайы салықтарға жатады. Өйткені, бұл
салықтан жиналған ақша қаражаттары сол
көліктер жүретін жолдарды жөндеу үшін
арнайы мақсатқа жұмсалады.
Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне
карай көлік құралдарына салынатын салықтар
нақты салықтарға жатады. Өйткені бұл
салық көлік құралдарының сыртқы белгісіне
қарай табыстың түсуін есептеместен салынады.
Ал салық салынатын органға қарай көлік
құралдарына салынатын салық жергілікті
салықтарға жатады.
Бұл салықты төлеушілер болып меншік
құқығында салық салу объектілері бар
заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері
көлік құралдары салығын төлеушілер болып
табылады.
1 КӨЛІК САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУДІҢ МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ
Электронды есептегіш
машиналардың маңызды ерекшеліктерінің
бірі – ақпараттың мол көлемін
сақтау және өңдеу, сонымен бірге
мәтіндік және графикалық құжаттар ғана
емес жарандық жүйе, дыбыстық және бейнефайлдардың
беттері де жинақталады. Бұл мүмкіндіктер
МБ-ның көмегімен іске асады. МБ -
бір арқаулы ауқымға қатысты мәліметтерді
баяндау, сақтау мен амал – тәсілдермен
ұқсата білудің жалпы принциптерін қарастыратын
белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған
мәліметтердің жиынтығы. Адамның қатысуы
ықтимал, автоматтық құралдармен өңдеуге
жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер
ретінде түсініледі.
Мәліметтер базасы дегеніміз ақпаратты
сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан
құрылым.
Электронды МБ-ның басты қасиеті – ақпаратты
тез іздестіру мен сұрыптау, сондай –
ақ берілген форма бойынша есепті қарапайым
түрлендіру мүмкіндігі.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі дегеніміз
жаңа мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен
толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға,
оларды реттеуге, безендіруге және баспа
құрылғыларына шығаруға немесе байланыс
арналарына жөнелтуге арналған программалық
құралдар кешені.
База ақпаратын көрсетушілік ретінде
берілген критерийге сәйкес бейнелейтін
мәліметтерді іріктеу, оларды реттеу,
сосын шығаратын құрылғыға беру немесе
байланыс арналары бойынша беру.
Кез келген МББЖ мәліметтермен төрт қарапайым
операция орындауға мүмкіндік береді:
• Кестеге бір немесе бірнеше жазбаны
қосу;
• Кестеден бір немесе бірнеше жазбаны
қою;
• Кейбір өрістердің бір немесе бірнеше
жазбаларындағы мәндерді жаңарту;
• Берілген шартты қанағаттандыратын
бір немесе бірнеше жазбаларды табу.
МББЖ – нің тағы бір функциясы – мәліметтерді
басқару. Мәліметтерді басқару ретінде,
әдетте, мәліметтерді рұқсат етілмей қол
жетуден қорғау, мәліметтермен жұмыс режимін
көп мәрте пайдалануды қолдау және мәліметтердің
тұтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз
ету.
МББЖ – ның екі жұмыс режимі бар: жобалаушылық
және пайдаланушылық. Бірінші режим база
құрылымын құру немесе баяндауға және
оның объектілірін жасауға арналған. Екінші
режимде базаны толтыру немесе одан мәліметтер
алу үшін бұрын дайындалған объектілер
пайдаланылады.
Жобалаушы кесте құрылымдарын мәліметсіз
жасайды және оны тапсырыс берушімен бірге
келісіп, бір қорытындыға келеді.Базаны
құрушылар базаны нақты мәліметтермен
толтырмайды. База объектілерін қалау
кезеңін де үлгілік мәліметтер мен эксперименттік
толтыру бұған қосылмайды.
Көлік құралдарына салынатын
салық – мемлекет пен көлік
құралдары арасындағы экономикалық
қатынасты реттейтін салық. Көлік
құралдарын иелері көлік құралдарын
иемдену барысында
Көлік құралдарына салынатын салық тікелей нақты салық болып табылады.
Меншік құқығында салық
салу объектілері бар жеке тұлғалар
және меншік, шаруашылық жүргізу не
оралымды басқару құқығында салық
салу объектілері бар заңды
Лизинг алушы қаржы
лизингі шарты бойынша берілген
салық салу объектілері бойынша
көлік құралдары салығын
Мыналар көлік салығын төлеушілер қатарына жатпайды:
- ҚР Үкіметі белгілейтін көлік құралдарына қажеттілік нормативтері шегінде бірыңғай жер салығын төлеушілер;
- меншікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде пайдаланылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер;
- мемлекеттік мекемелер;
- салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар;
- салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша– меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер;
- салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша – Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ері, «Халық қаһарманы» атағын алған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
- ауыл шаруашылық құрылымынан шығу нәтижесінде пай ретінде алынған, пайдаланған мерзімі жеті жылдан асқан жүк автокөліктері бойынша жеке тұлғалар.
ҚР-нда мемлекеттік тіркеуге жататын және есепте тұрған көлік құралдары, тіркемелерді қоспағанда, салық салу объектілері болып табылады.
Мына көлік құралдары көлік салығының салық салу объектілері болып табылмайды:
- жүк көтергіштігі 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар;
- мамандандырылған медициналық көлік құралдары.
Көлік құралдарына салынатын
салықты есептеу айлық есептік
көрсеткіштермен белгіленген
Кесте-1.1 Көлік құралдарына салынатын салықтың ставкалары
Салық салу объектісі |
Салық ставкасы (АЕК) |
1. Двигатель көлемі мынадай жеңіл автомобильдер (текше см.): 1100-ге дейін қоса алғанда 1100-ден жоғары 1500-ді қоса 1500-ден жоғары 2000-ды қоса 2000-ден жоғары 2500-ды қоса 2500-нан жоғары 3000-ды қоса 3000-нан жоғары 4000-ды қоса 4000-нан жоғары 2. Жүк көтергіштігі мынадай
жүк таситын арнаулы 1 тоннаға дейін қоса алғанда 1 тоннадан жоғары – 1,5 тоннаны қоса 1,5 тоннадан жоғары – 5 тоннаны қоса 5 тоннадан жоғары 3. Шынжыр табанды машиналар
мен механизмдерді қоспағанда, өздігінен
жүретін машиналар мен 4. Автобустар: 12 отыратын орынға дейін қоса алғанда 12-ден жоғары – 25 отыратын орынды қоса 25 отыратын орыннан жоғары 5. Мотоциклдер, мотороллерлер,
мотошаналар, көлемі шағын Мотоциклдер (двигателінің қуаты 55 кВт-тан жоғары) 6. Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар (двигательдің қуаты мынадай ат күшіне тең): 160-қа дейін қоса алғанда 160-тан жоғары 500-қоса 500-ден жоғары 1000-қоса 1000-нан жоғары 7. Ұшу аппараттары |
4,0 6,0 7,0 12,0 17,0 22,0 117,0
6,0 9,0 12,0 15,0
3,0
9,0 14,0 20.0
1,0 10,0
6,0 18,0 32,0 55,0 әрбір киловатт қуатта айлық есептік көрсеткіштің 4,0 % |
Жеңіл автокөліктердің 7 АЕК ставкасы бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 1500-ден жоғары – 2000 текше см-ді қоса, 12 АЕК ставкасы бойынша салық салынатын 2000-нан жоғары – 2500 текше см-ді қоса, 17 АЕК ставкасы бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары – 3000 текше см-ді қоса және 22 АЕК ставкасы бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 3000-нан жоғары – 4000 текше см-ді қоса алған көлемде болған кезде салық сомасы двигательдің аталған көлемінен асқан әрбір әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғайтылады.
Салық төлеудің белгіленген
мерзімі аяқталғанға дейін
ТМД елдерінде шығарылған автокөлік құралдары үшін:
6 жылдан – 15 жылға дейін қоса алғанда - 0,3;
15 жылдан жоғары – 25
жылды қоса
25 жылдан жоғары
двигатель көлемі мынадай
басқа автокөлік құралдары
3000 текше см-ге дейін қоса алғанда
3000-нан жоғары – 4000
текше см-ді қоса
4000-нан жоғары
Пайдалану мерзімі 20 жылдан асқан ТМД елдері шығаратын жеңіл автокөліктер мен мотоциклдер бойынша жеке тұлғалар үшін түзету коэффициенті 0.
Мысалы, жеке не заңды тұлғаның меншігінде 1998 жылы шығарылған, двигатель көлемі 3199 текше см Mercedes BENZ G 320 маркалы автокөлігі бар. Осы автокөлік құралына көлік салығын есептелік.
Есептеу
Mercedes BENZ G 320 маркалы автокөлігінің
дв. көлемінің асуы кестеде
((22 x 1 092 ) + (199 x 7)) = 16 837 теңге,
мұндағы, 22 - салық ставкасы (АЕК-пен);
1 092 - 2007 жылға белгіленген АЕК (теңгемен);
199 - дв. көлемінің кестеде көрсетілген дв. көлемі 3000 текше см-ден асуы;
7 - әрбір асқан бірлік үшін салық ставкасы, теңгемен;
0,7 - пайдалану мерзімі 6 жылдан асқан шетел машиналарына (ТМД қоспағанда) түзету коэффициенті.
Белгіленген салық
төлеу мерзімі аяқталғанға
7 жылдан – 14 жылға дейін қоса алғанда - 0,5;
14 жылдан – 20 жылды
қоса
20 жылдан жоғары
Салық кодексімен шетелде
шығарылған жүк автокөліктеріне
пайдалану мерзіміне қарай
Пайдалану мерзіміне байланысты ұшу аппараттарының салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:
1999 жылғы 1 сәуірден кейін
ҚР-ның шегінен тыс жерлерден
сатып алынған ұшу
пайдаланылу мерзімі 5 жылға дейін қоса алғанда - 1,0;
пайдаланылу мерзімі 5 жылдан жоғары – 15 жылды қоса - 2,0;
пайдаланылу мерзімі 15 жылдан
жоғары
1999 жылғы 1 сәуірге дейін
сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылғы
1 сәуірден кейін алынған және
ҚР-нда 1999 жылғы 1 сәуірге дейін
пайдалануда болған ұшу
пайдаланылу мерзімі 5 жылға дейін қоса алғанда - 1,0;
пайдаланылу мерзімі 5 жылдан жоғары – 15 жылды қоса - 0,5;
пайдаланылу мерзімі 15 жылдан
жоғары
Көлік құралының пайдаланылу мерзімі көлік құралдарының паспортында (әуе кемесін ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқамада) көрсетілген көлік құралы шығарылған жыл негізге алына отырып есептеледі.
Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталардың пайдаланылу мерзіміне қарай салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:
5 жылға дейін қоса алғанда
5 жылдан жоғары – 10 жылды қоса алғанда - 0,5;
10 жылдан жоғары – 20 жылды қоса алғанда - 0,3;
20 жылдан жоғары – 30 жылды қоса алғанда - 0,2;
30 жылдан жоғары
1.1 Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны
Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуінің және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық – экономикалық құрылысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - жазылған.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен ажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырады.
Салықтар мемлекеттің
құрылуымен бірге пайда болады және
мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі
болып табылады. Мемлекет құрылымының
өзгеруі, өркендеуі қашан да болса,
оның салық жүйесінің қайта
Салықтар тауар-ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралды салықтардың мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған.
Мысалы: бір адамнан 1 құндыз терісі немесе 10 пұт тұз және т.б. алынған.
Тауар-ақша тауарларының нығаюмен натуралды салықтың рөлі айтарлықтай азайды. Дегенмен, олар соңғы уақытқа дейін пайдаланылды (1953 жылға дейін жүн, жұмыртқа, сүт, май өткізілген).
Егер екі мемлекет бір-бірімен соғыс жүргізсе, жеңген мемлекет жеңілген мемлекеттің барлық байлығын тонап алады, болмаса белгілі бір мөлшерде салық салып отырған.
Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тиым салынады. Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.
Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдаланылуы болып табылады. Осынысымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады.
Салықтардың мынадай негізгі қызметтері (функциялары) бар:
- реттеушілік;
- фискалдық;
- қайта бөлу.
Фискалдық функция – барлық
мемлекеттерге тән негізгі
Салықтардың реттеушілік
функциясы мемлекеттің
Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың ставкаларының, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.
«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
Экономикалық жағынан
салық жүйесі мемлекеттің, аймақтардың
және муниципалды құрылымдардың
қызметін қаржылай қамтамасыз етуге
байланысты әр түрлі мемлекеттер, мемлекет
пен салық төлеуші арасындағы,
әр түрлі салық төлеушілер арасындағы,
сондай-ақ оған тікелей қатысушы заңды
және жеке тұлғалар арасындағы күрделі
өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық
қатынастардың жиынтығын
Салық жүйесіне қажетті негізгі талаптар мыналар:
- салық құрамы дәл анықталуы қажет. Ол үшін салық заңдылығында мемлекетте алынатын салықтардың толық тізімі мазмұндалуы керек;
- салық жүйесі салық төлеушілер үшін салықтан жалтару тиімсіз болатындай етіп жасалуы тиіс;
- салық жүйесінің қарапайымдылығы. Бұл әсіресе, салықтың дұрыс төленуі үшін бақылауды жүзеге асыруда маңызды;
- салық жүйесі салық төлеушінің өз қаражатын өндіріске салуына ықпал етуі керек.
Жалпы, салық жүйесі мемлекеттің қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып, дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен жүзеге асуына мүмкіндік туғызады.
1991 жылға дейін, яғни
КСРО ыдырағанға дейін елде
көбінесе экономиканы
1991 жылдың 25 желтоқсанынан
бастап біздің елімізде тұңғыш
салық жүйесі қызмет ете
Дегенмен, өмірге келген әрбір
жаңа құбылыста кездесетін ерекшеліктермен
қатар кемшіліктер де бұл заңда
да орын алды, яғни ҚР алғашқы салық
жүйесінде бірқатар шешімін таппаған
мәселелер болды. Атап айтсақ, біз
салық жүйесін құрғанда елемізде
жиынтықталған ғылыми және практикалық
тәжірибе болған жоқ. Салық қызметі
де, салық төлеушілер де мұндай жаңа
бастамаға психологиялық
Салық санының көптігі, айналымды анықтаудың қиындығы, шектен тыс дәлелсіз берілген салық жеңілдіктері, салық ставкаларының бір салық түрі бойынша бірнеше түрлі болуы, халықаралық салық салу негіздерінің тыс қалуы және т.б. кемшіліктер салық жүйесін одан әрі реформалаудың қажеттігін көрсетті.
ҚР Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен заңнамасын бірте – бірте халықаралық салық салу принциптеріне сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 24-нде ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Ендібұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны 11 болып қалды. ҚР Президентінің 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-I заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және ҚР заңдарымен бұл заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы уақыт аралығында Президент жарлықтарымен және ҚР заңдарымен бұл заңға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2002 жылға дейін мемлекеттік бюджеттің кірістерін негізінен 17 салықтар мен басқа да міндетті төлемдер құрады.
Бұл әлеуметтік салыққа, амортизация
саясатына, айналымнан алынатын салықты
жоюға, ҚҚС-ты халықаралық принциптерге
сәйкестендіруге қатысты еді. Осы
уақыт ішінде экономика, экономикалық
қатынастар құрылымы, мемлекет пен
салық төлеушілердің өзара
1995 жылдың 24 сәуірінде қабылданған
ҚР Президентінің «Салықтар
Бүгінгі күні республикада салық заңдарының барлық негізгі кемшіліктері ескерілген, әрі жетілдірілген жаңа Салық кодексі дайындалып, 2001 жылдың 12 маусымында қабылданды.
Уақыт ағымының әсеріне, заман талабына сай қабылданған Салық кодексінде келесідей мәселелерді шешуге басты назар аударылған.
Біріншіден, барлық шаруашылық
субъектілеріне салықтандырудың тең
жағдайын жасау. Екіншіден, кейбір жекелеген
категориядағы салық
Әрине, салық заңдылығында өзгерістер мен толықтырулар болашақта да жүргізіліп отырылады. Өйткені экономикалық қарым-қатынастар бір орында тұрып қалмайды, ол жаңа даму сатысына көшкен сайын салық заңдылығының да сол экономикалық саясатқа сай өзгертіліп отыруы керек. Сондықтан өзгерістің енгізілуі де заңды. Бірақ, кодекс бойынша енді жаңадан енгізілген өзгерістер жылына бір рет енгізілуі тиіс. Енгізілген өзгерістер келесі жаңа жылдың басынан бастап күшіне енеді. Бұл ереже біржағынан салық төлеушілерге жаңа енгізулерге алдын ала дайындалып, операциялар мен қаржы шешімдерін жоспарлауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан салық қызметкерлерінің жұмысын жеделдетуге және жеңілдетуге көп әсерін тигізеді.
Салықтар тауарлы өндіріспен
бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және
мемлекеттің пайда болуымен оған
әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың
қажет болуынан пайда болды. Салықтардың
экономикалық мәні – шаруашылық субъектілерінен,
азаматтардан ұлттық табыстың бір
бөлігін алу жөніндегі
Салық – заңды актілерге сәйкес салық төлеушілермен жүзеге асыратын бюджетке төленетін міндетті төлем. Салық – белгілі бір объектілерден төленетін төлем. Салық дегеніміз – белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.
- Өндіріп алу тәсілі немесе салықтарды салу объектісі бойынша:
- тікелей салықтар;
- жанама салықтар.
Тікелей салық – тікелей табыс, немесе меншік иеленушілерін алынады.
Оған жататындар: корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары, әлеуметтік салық, жер салығы, мүлік салығы.
Жанама салық – тауар бағасына қосылады және тауар сатқанда тұтынушылардан өндіріп алынуы. Мәселен, қосылған құн салығы, акциз салығы. Жанама салықтар – тауарлар мен қызметінің бағасы арқылы алынады. Олар тауар бағасын арттырады. Өйткені тауар бағасына немесе қызметке, тарифке үстеме түрінде қосылады және сатып алушы төлейді.
Жанама салықтар былайша
- әмбебап жанама салықтар;
- жеке жанама салықтар;
- қазыналық монополия;
- кедендік баж
- Әмбебап жанама салықтар
Бұл берілген жеңілдіктерді қоспағанда, барлық тауарлардан алынады.
- Жеке жанама салықтар.
Бұл тауарлардың белгілі бір түрінен алынады. Бұл салықтар акциз деп
аталады. XX ғасырға дейін күнделікті сұраныс тауарларына акциз салынып келді.
- Қазыналық монополиялық салықтар.
Мұнда тауарлардың басым бөлігін мемлекет өндіреді. Егер мемлекеттердің өзі тауарды өндірсе және өткізсе, онда тауарды өткізуден түскен барлық түсімнен сауда шығындары шегерілген сомаға салық салынады.
- Кедендік баж.
Бұл – мемлекет кеден
мекемелерінің желісі арқылы мемлекеттік
шекарадан өткізер кезде
Нақты және дербес салықтар.
Тікелей салықтар нақты және дербес салықтар болып бөлінеді.

- Көлік салығының есебі
- Көліктік шаруашылыққа салынатын салымның экономикалық тиімділігін бағалау
- Көмекші өндіріс шығындарының есебі
- Көне Египеттің ең басты ерекшелігі-ажалға қарсылық
- Көне Қытай философиясының негізгі мектептері
- Көне Түркі дәуіріндегі Қазақстан
- Көп арналы байланыс
- Коэффициенты рентабельности
- Коэффициенты уравнений возмущенного движения РН
- Коэффициенты финансового состояния предприятия на примере ТЦ "На Бакинской"
- Коэффициенты финансовой устойчивости
- Көк-Терек станциясының сипаттамасы
- Көлік кешенін муниципалдық басқару
- Көлік қатынастары