Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Академик Жолдасбеков атындағы институт
Гуманитарлы-экономикалық факультет
Экономикалық пәндер кафедрасы
Тақырыбы: «Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің
қаржысы».
Талдықорған 2006жыл.
Жоспар:
Кіріспе.______________________
І. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысы
І.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының
мазмұны және оны ұйымдастыру.__________________
І.2. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысын
ұйымдастырудың негіздері.____________________
ІІ. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен кәсіпорындары
қаржыларының қорлары.
ІІ.1. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін
қаржыландырудың көздері.______________________
ІІ.2. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары._____12-15
ІІ.3. Кәсіпорындар мен коммерциялық емес ұйымдардың қаржы
қорлары.______________________
ІІІ. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекмелердің қаржысын басқару.
ІІІ.1. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық ұйымдар мен
мекемелердің қаржысын басқару.______________________
Қорытынды. ______________________________
Қолданылған әдебиеттер.___________________
Кіріспе.
Кез келген шаруашылық жүргізуші коммерциялық мекеме өз қаржысын құруды көздейді. Бұл оның міндеті, алға қойған мақсаты. Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру, өнім ендіріп, оны өткізу, меншікті қаржы ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды белу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады. Коммерциялық есеп шоттары кәсіпкерлік нысанында іске асырылады. Нарықтық қатынастардың дамуы меншіктің барлық нысандарының тендігі қамтитын, мүлікке иеліктің бостандығын және қызмет сфераларын тандауды іске асырудың негізінде шаруашылық бастамаға жөне азаматтардың кәсіпкершілігіне жағдайлар жасайды. Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы қаржы жүйесінің маңызды сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ЖІӨ жасау, бөлу және пайдалану процестерін қамтиды. Олар негізінен ЖІӨ мен ҰТ жасалатын материалдық өндіріс сферасында іс-әрекет етеді. Сондықтан коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы материалдық өндіріс кәсіпорындары (ұйымдары) қаржысының мазмұнымен және оларды ұйымдастырудың қағидаттарымен бірдей болып келеді.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметін қаржыландыру көздері әр түрлі болып келеді. Оларды бұл құрылымдардың іс-әрекет етуіне мемлекеттің қатысу дәрежесіне қарай топтастыруға болады. Мемлекет тиісті функцияларын толық атқарған жерде ұйымдарды ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Бұған мемлекетгік басқару, құқықтық тәртіпті қорғау, қорғаныс, ішінара білім беру жене денсаулық сақтау жатады. Іргелі ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығындардың басым бөлігі осы қаражаттар есебінен қаржыландырылады. Бюджет ресурстары сондай-ақ мәдениет пен шығармашылық мекемелерін: кітапханаларды, мұражайлар мен көрмелерді, сарайларды, театрларды, филармонияларды, музыкалық ұжымдарды, ансамбльдерді, мемлекеттік теле және радиостудияларды, киностудияларды және т.т. қолдап отыруға пайдаланылады.
Қаржыны басқару стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару және оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық басқару қаржы ресурстарьш келешекге болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде көрінеді. Оны дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғарғы органдары — Президент аппараты, Парламент, Үкімет, Қаржы министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентіне көп жағдайда Президент аппараты арқылы қаржыны басқаруға үлкен өкілдік берілген. Президент стратегиялық жоспарларды, республикалық бюджетті және оның орындалуы туралы есепті әзірлеу тәртібін белгілейді, мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық жоспарларды бекітеді. Президент Үкімет актілерінің іс-қимылын бұзады (алып тастайды) не түгелдей немесе ішінара тоқтатады.
І. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысы.
І.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру.
Өндірістік емес сферада коммерциялық негізде жұмыс істейтін тұрғын үй-коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және басқа кәсіпорындарымен (ұйымдарымен) қатар коммерциялық емес қызмет жүргізетін ұйымдардың үлкен бөлігі жұмыс істейді.
Kipic түcipy негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.
Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы қаңтардың 16-сындағы № 142-И КРЗ Заңына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық басқа да мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардынң құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтардың рухани және өзге қажеттіктерді қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту заң кепілін көрсету үшін, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді және өз қатысушылардың игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметтің мақсаттары құрылтай құжаттарымен айқындалады.
Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі қоры, діни бipлecтiк, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестік нысанында және заңнамалық актілерде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Бұл ұйымдардың қызметін мақсаты пайда немесе табыс табу емес, керісінше қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игіліктер мен кызметтерді жасау мақсатында материалдық салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде кұрылатын ақша қорларынының қозғалысын ортақтастыратын ақша қатынастарының жиынтығын түзеді.
Коммерциялық емес ұйымдардың каржысын ұйымдастыруға негізінен олардың ұйымдық-құқықтық нысандары әсер етеді. Сондықтан коммерциялық емес ұйымдар қаржысының ерекшеліктерін анықтау үшін оның құрамына қажетті мекемелерді, ұйымдарды, олардың қызметі сипатын, басқаруды ұйымдастырудың және қаржыландырудың әдістерін ескере отырып зерделеген жөн.
Құрылтайшысы басқару, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады.
І.2. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын үйымдастырудың негіздері.
Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс (пайда) алу мақсатында қүрылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар; шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер; өңцірістік кооперативтер. Коммерциялық негіздерде материаддық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді: коммерциялық банктер, сақтық ұйымдары, қаржы секторының басқа мекемелері (жинақ депозит мекемелері, инвестициялық қорлар, қор биржалары, бағалы қағаздар рыногі мен ақша-кредит рыноктеріне қызмет көрсететін әр түрлі мекемелер), сауда-делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар, трасттық компаниялар және басқалары.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы қаржы жүйесінің маңызды сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ЖІӨ жасау, бөлу және пайдалану процестерін қамтиды. Олар негізінен ЖІӨ мен ҰТ жасалатын материалдық өндіріс сферасында іс-әрекет етеді. Сондықтан коммерциялық кәсілорындар мен ұйымдардың қаржысы материалдық өндіріс кәсіпорындары (ұйымдары) қаржысының мазмұнымен және оларды ұйымдастырудың қағидаттарымен бірдей болып келеді.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру, өнім ендіріп, оны өткізу, меншікті қаржы ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды белу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады.
Мұндай экономикалық қатынастарды жиі ақша немесе қаржы қатынастары деп атайды, қаржы қатынастары ақша қатынастарының бір бөлігі болып саналғанымен, ол ақша қозғалысы кезінде ғана пайда болады және орталықтандырылған жене орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастырьш, пайдаланумен қосарлана жүретіндігін біз жоғарыда атап көрсеткенбіз.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады:
коммерциялық-шаруашылық есеп (қаржылық қызмет саласын-дағы дербестік, өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру, қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысына ынталылық, оның нәтижелері үшін жауаптылық, кәсіпорынның қызметіне бақылау жасау);
жоспарлылық;
меншіктің барлық нысандарының тендігі;
қаржы резервтерінің болуы.
1. Коммерциялық (шаруашылык) есеп — кәсіпорыңдар мен үйымдардың шаруашылық-қаржы қызметін жүргізудің негізге алынатын қағидаты және басты әдісі. Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпорынға оның қызметі үшін, оның жарғылық капиталын құрайтын қажетті негізгі және айналым құралдары (капиталы) тұрақты пайдалануға бөліп берілетінін білдіреді. Шаруашылық жүргізудің әдісі ретіндегі коммерциялық есеп қағидаты шығындарды шаруашылык қызметінен алынған табыспен өлшеуді және табыс алуды талап етеді.
Коммерциялық есеп шоттары кәсіпкерлік нысанында іске асырылады. Нарықтық қатынастардың дамуы меншіктің барлық нысандарының тендігі қамтитын, мүлікке иеліктің бостандығын және қызмет сфераларын тандауды іске асырудың негізінде шаруашылық бастамаға жөне азаматтардың кәсіпкершілігіне жағдайлар жасайды.
Коммерциялық есептің айқындаушы қағидаттары өзін-өзі өтеушілік пен өзін-өзі қаржыландыру болып табылады.
Өзін-өзі өтеушілік — шаруашылық жүргізудің негіз қалаушы қағидаты, ол көсіпорынның өз өнімін (орындалған жүмыстарды, көрсетілген қызметгерді) өткізуден түсетін түсім-ақша есебінен оны өндіру және жеткізілім жолындағы бүкіл шығындарды өтеуді білдіреді. Өзін-өзі өтеушіліктің төменгі шегі — залалсыздық, яғни кірістер мен шығыстардың сандық тендігі. Шығыңцарды өзін-өзі өтеушілікке жету — кәсіпорын өнім өндіруді игеру, шаруашылық процестерді күйіне келтіру, нарықтық ортаға бейімделу кезіндегі кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңінің мақсаты. Нарықтық қатынастар жағдайында жақсы даму перспективасы бар немесе қоғамдық басым маңызы бар шаруашылықтар сыртқы қодцауды пайдалана алатындықтан кәсіпорын рентабедці жүмыс істеуі тиіс; бірінші жағ-дайда олардың кредит ресурстарын пайдалану, екшшісінде бюджет-тік қаржыландыруды пайдалану мүмкіндігі бар.
Жеткізушілер, банктер, бюджет, ер түрлі несиегерлер тарапы-нан кәсіпорынға қойылатын талаптар мен міндеттемелерді кәсіпорынның уақытында қанағаттандыруға төлем қаражатгарының жетіспеуімен байланысты түрақты қабілетсіздігі кезінде белгілі бір рәсімдерді: сауықтыруды, қайта ұйымдастыруды, тәуелсіз басқаруға беруді, сатуды немесе таратуды қолданумен кәсіпорын заңмен белгіленген тәртіппен банкрот деп жарияланады.
Өзін-өзі қаржыландыру — нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты. Бүл қағидат өнім өндіру мен кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасын ұлғайту жөніндегі шығындардың толық өтелуіне негізделеді, ол әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын меншікті көздері есебінен жауып отыратындығын білдіреді. Қаражаттардың уақытша жетіспеушілігі кезінде оған деген қажеттілік банктің қысқы мерзімді кредиттері мен коммерциялық несие есебінен (ағымдағы шығындарға пайда-ланылады) және ұзақ мерзімді кредиттер есебінен (күрделі жүмсалымға пайдаланылады) қамтамасыз етілуі мүмкін, олар кәсіпорын-ның қарамағында қалатын пайданың есебінен отелінеді.
Нарықтық экономика мен жекешелендіру процестерінің дамуы жағдайында өзін-өзі қаржыландыру қағидатын қамтамасыз етуге акционерлік капиталды, бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен пайыздарды, қаржы операцияларынан алынған табысты (пайданы) пайдалану арқылы қол жетеді.
Бюджеттік жөне салалық қаржы көздері өзінің маңызын жоғалтты және олар негізінен экономиканың құрылымдық қайта қүрылуьш қаржыландыруға, конверсияға қодданылады.
Өзін-өзі қаржыландыру кәсіпорындардың толық қаржы дер-бестілігімен және жауапкершілігімен тығыз байланысты. Оларға өздерінің меншікті ресурстарын оз бетінше ұйымдастырып басқаруға, тартьыатын және қарыз қаражаттарын іздестіріп, айналымға салуға құқық берілген. Мемлекет кәсіпорындардың қаржы ресурстарын қайта бөле алмайды. Қаржы қатынастарын мемлекет тарапынан реттеу бюджетке салық алудың, амортизациялық қорды қалыптастырудьщ, валюталық түсім-ақшаны бөлудің, бағалы қағаздарды өткізудің, шығындарды өзіндік құнға жатқызудың және т.т. жүйесі мен тәртібін белгілеу ақылы жүзеге асырылады.
Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы бюджет, қорлар алдындағы міндетін орындамағаны үшін заннамада белгіленген қаржы санкцияларының жүйесімен анықталған. Бүдан басқа, кәсіпорындар өздерінің міндеттемелері бойынша меншікті мүлкімен жауапты болады.
Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы көсіпкерлік тәуекелді сақтандыру жүйесімен және көсіпорыңцардың қаржы ресурстарында сақтық компаниялардан түсетін сақтық төлемдердің рөлінің артуымен күшейіп келеді.
Нарықтық экономика және меншіктің әр түрлі түрлеріне негізделген сан алуан ұйымдық-қүқықтық нысандар көсіпорындардың қалыптасуын және дамуын, жаңа меншік иесінің, жеке азаматтардың, сондай-ақ кәсіпорындар еңбек үжымдарының пай-да болуын қажет етеді. Бүл — маңызды алгышарт және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне мүдделіктің себебі. Бұл қащцатгы іс жүзінде жүзеге асыру кәсіпорыңдарға берілген және мемлекетгің қолдауынсыз өзінің шығындарын қаржыландыру қажеттігіне ғана байланысты емес, сонымен қатар салықтарды төлегеннен кейін кәсіпорын, үйым, фирма қарамағында қалатын пай-даның (табыстың) үлесіне де байланысты.
Шаруашылық қызметінің нәтижелігіне мүдделік бірдей дәре-жеде көсіпорындар мен үйымдардың ұжымдарьша, жеке қызметкерлерге және жалпы мемлекетке тән нәрсе. Бүл қағидатты іске асыру лайықты еңбек ақы толеумен, мемлекеттің оңтайлы салық саясатымен, таза табысты (пайданы) тұтыну мен қорланымға бөлуде экономикалық жағынан негізделген үйлесімдерді сақтаумен қамтамасыз етілуі мүмкін; кәсіпорындардың үжымдарын қаржылық ынталандырудьщ қуатты түтқасы олардың өздері тапқан қаражаттары есебінен әлеуметтік-мәдени мақсаттарға жүмсалатьш шығындар болып табылады.
Қаржылық жауапкершілік пен мудделік — бір процестің — ша-руашылық жүргізудің тиімділігін артгырудың ынталандырмаларын жасау мен іске асыру процесінің екі жағы.
Сөйтіп, екі экономикалық категорияның — экономиканың негізгі буыны — кәсігюрын, үйым, басқа шаруашылық субъекті сферасын-дағы қаржы мен коммерциялық есептің өзара байланысы керінеді.
2. Жоспарлылық қағидаты кәсіпорынның қаржылық қызметі өндірістің мақсаттарына, мідцеттеріне, оларға жетудің белгіленген әдістеріне, жетудің дәйектілігі мен мезгіліие қарай оның пара-метрлерін есептеу арқьшы алдын ала қарастырылатынын бідціреді. Есеп-қисаптар негізінде және белгіленген қаржы нормативтерін пайдалану арқылы арнаулы қүжатта — қаржы жоспарыңца (болжа-мында) қамтылып көрсетілетін қаржы көрсеткіштері анықталады. Кәсіпорынның болжалды қызметі факторларының тұрлаусыздығы жағдайында қаржы кәрсеткіштерін егжей-тегжейлі пысықтаудың — жоспарлаудың орнына болжау қолданылады, яғни қолда бар мәліметтерді зерделеудің, өзгермелі факторларды ғылыми ендеудің (үлгілеудің, экстраполяідеялаудъщ) және қорытындылаудың негізінде кәсіпорынның қаржылық дамуының болжамы жасалады. Бол-жам кәсііюрындардың шаруашылық қызметінің нүсқалары бойынша бағалау және кейінгі шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді.
Кәсіпорын ірірек шаруашьшық қүрылымға — бірлестік, ассоциация, концерн және т.с.с. кіргенде кәсіпорындардың қаржы жоспарларының көресткіштері бүл үйымдардың жиынтық қаржы жоспарларына біріктіріледі.
Кәсіпорындар мен үйымдар меншігініц барлык, нысандары-
ның теңдігі қағидаты қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің
түрлі нысандары — мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекетге-
рінің және олардың занды үйымдары мен азаматтарының, халық-
аралық ұйымдардың нысандары дамуының мемлекет кепілдігівде
жүзеге асырылады. Меншіктенуші өз білгенінше өзінің мүлкіне
иелік жасайды, пайдаланады және басқарып үйымдастырады, оған
қатысты заңга қарсы келмейтін кез келген іс-әрекет жасайды,
мүлікті кез келген шаруапіылық және заңмен тиым салынбаған
озге де қызмет үшін пайдаланады.
Кәсіпорындардың қаржысын үйымдастырудың қажетті
қагадаты — басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің
(резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы. Қаржы резервтері әр түрлі
өдістермен ондірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пай-
ызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша ауда-
рымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржы резерві уақытша бола-
тын қаржы қиыншьшықтарын жоюға және шаруашылықтардың
қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-
ақ, өдетге, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және
өлеуметгік дамумен байланысты шығындарды (ойда болмаған шы-
ғьтңдарды) қаржыландыруга арналған.
Нарықтық экономика жағдайында көсіпорындардың қаржы-сын үйымдастыруда елеулі өзгерістер болуда. Әріптес-кәсіпорындардың арасында деңгейлес байланыстар күшейіп келеді, олардың банк жүйесімен озара іс-қимылы нығайып келеді. Бүл процестер салалық қүрылымдардан бас тартып, жаңа үліідегі қүрылымдарды — экономикалық мүдделермен, бірыңғай акциялармен және мемлекеттің мүліктегі үлесімен байланысты ұқсастық негіздегі және көпсалалық құрылымдарды жасауда көрінеді, бұл құрылымдар рынок жағдайында анағүрлым өміршең болып келеді.
ІІ. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен кәсіпорындарының қаржы қорлары.
ІІ.1. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметін қаржыландыру көздері әр түрлі болып келеді. Оларды бұл құрылымдардың іс-әрекет етуіне мемлекеттің қатысу дәрежесіне қарай топтастыруға болады. Мемлекет тиісті функцияларын толық атқарған жерде ұйымдарды ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Бұған мемлекетгік басқару, құқықтық тәртіпті қорғау, қорғаныс, ішінара білім беру жене денсаулық сақтау жатады. Іргелі ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығындардың басым бөлігі осы қаражаттар есебінен қаржыландырылады. Бюджет ресурстары сондай-ақ мәдениет пен шығармашылық мекемелерін: кітапханаларды, мұражайлар мен көрмелерді, сарай-ларды, театрларды, филармонияларды, музыкалық ұжымдарды, ансамбльдерді, мемлекеттік теле және радиостудияларды, киностудияларды және т.т. қолдап отыруға пайдаланылады.
Коммерциялық емес үйымдарды қаржыландырудың маңызы жағынан екінші көзі көрсетілетін қызметтерден, орыңцалатын жүмыстардан алатын табыстары (түсім-ақша) түріндегі меншікті қаражаттары, сондай-ақ ведомствоға қарасты көсіпорыңцарда өнім өндіруден алынған жалпы табыс (пайда) үйымның меншігіндегі басқа мулікті пайдаланудан тускен табыстар болып табы-лады.
Қызмет көрсетуден алынған түсім-ақша үйымның оларды орындауға жұмсаған шығындарын жабады және ұйымның одан әрі өздігінше дамуына жеткілікті таза табысты (пайданы) қамтиды. Мұндай әдістермен білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен шығармашылық мекемелерінің қызметтеріне деген халықтың қосымша қажетгіліктері қаржыландырылады.
Меншікті көздердің қатарына сонымен бірге ғимараттарды, қүрал-жабдықты және ұйымның басқа мүлкін жалға беруден алынатын қаражаттар , мүлік пен ғимараттарды кепіддікке беруден алынатын қаражатгар жатады.
Қаржыландырудың үшінші көзі — банктердің кредиттері. Бүл көзді ақылы қызмет көрсететін үйымдардың пайдалануы мүмкін, өйткені қарыз қаражаттарын қайтарудың қажеттігі үйымның кредитгі пайдалану уақытьшан асып түсетін мерзімі бойынша жақсы жолға қойылған, бірқалыпты жүмыс істеуін керек етеді. Қаржыландырудың бұл әдісі, кредит қаражаттарының қамтамасыз етілуі мен өтімділігін кепідцендіретін өдіс ретінде, қарамағында ведомствоға қарасты кәсіпорындары бар ұйымдар үшін аса қолайлы болып келеді.
Қоғамдық бірлестіктер мен үйымдарды (саяси партиялар, кәсіптік, шығармашылық одақтар, азаматтардың діни бірлестіктері, қоғамдық үйымдар, ассоциациялар және басқаларын) қаржыландырудың айрықшалықты әдісі олардың қатысушыларының мүшелік жарналары болып табылады. Олардың қаржылық өзара байланыс-тары қоғамдық бірлестікгердің өздерінің қызметін ұйымдастыруға байланысты өзгешелігімен және сипатымен бөлектенеді. Қоғамдық бірлестіктерді ұйымдастырудың еріктілігі олардың қаржы ресурстарының негізгі көзі кіру және мүшелік жарналары болып келетіндігіне соқтырады: оларға бюджет қаржысын (салық төлеушілердің табысынан қалыптасатын) пайдалануға рүқсат етілмейді. Қызметтің қоғамдық сипаты бірлестіктер меніиігін олардың мүшелерінің жеке-дара табыстар табуға пайдалану мүмкіндігінен айыра-ды. Қалыптасатын қаржы ресурстары бірлестіктердің жарғысына байланысты шығындарды жабуға жүмсалады.
Материалдық өндіріс сферасының көсіпорындары мен үйым-дары тарапынан болатын қайырымдылык, мақсаттарына аударыла-тын аударымдар, шетелдік мемлекеттердің, үйымдардың, компа-ниялардың, халықаралық ұйымдардың ізгілікті көмегі әлеуметтік бағыттылық, мәдени және шығармашылық үйымдары мен меке-мелерін, қоғамдық үйымдарды, қорларды қаржылаңцырудың көзі ретінде қызмет атқарады. Осындай қаржыландырудың алуан түрлілігі ретінде белгілі бір үйымның немесе қызмет түрінің түрақтылық белгісімен ерекшеліктенетін демеушілік кдржыландыруы бола алады.
Ғылыми зерттеулерді қаржыландырған кезде гранттар — жеке адам, компания, фирма, халықаралық үйым, мемлекет тарапынан белгілі бір бағыттағы ғылыми талдамаларды (зерттемелерді), жобаны, ғалымдардың бір тобын немесе жеке ғалымды зерттеуді аяқтап, оның нәтижелерін ендіруге немесе басқаша қолдануға дейін жеткізу мақсатымен өтеусіз қолдау әдісі қолдалынады.
Коммерциялық емес қызмет үйымдары мең мекемелерін үстау және дамытуға арналған қаражаттарды толықтырудың белгілі бір көзі олардың қарамағыңцағы ресурстардың бір бөлігін коммерциялык; және жинақ банктерінің депозиттеріне, сондай-ақ қаржы рыногінде бағалы қағаздарға орналастырудан алынатын табыстар болып табылады.
Қаржыландырудың аталған көздері коммерциялық емес қыз-мет үйымдары мен мекемелерінің ақша қаражаттарын өр түрлі үйлесімдерде және аталған коздердің толық жинақталымында қалыптастыруы мүмкін. Мысалы, білім беру жүйесінде аталған коздердің жинақталымы толығырақ, мемлекеттік басқаруда — екі-үш коздермен шектеледі. Бірақ кез келген нүсқада — қаржылан-дырудың қосымша көздерінің көп немесе аз болуы — мемлекетгік бюджеттен оның кірістері мен шығыстарының тізімдемесінде қарас-тырылған қаржыландырудьщ көлемдері азайтылмайды. Ықпал жа-саудың мүндай түтқасы ұйымдар мен мекемелердің қоғамдық-пайдалы қызметін дамытудағы, олардың жүмысының тиімділігін арттырудағы үжымның бастамасы мен шығармашылық ізденісін ынталандыруға шақырады.
ІІ.2. Коммерциялық емес үйымдар мен мекемелердің шығыстары.
Коммерциялық емес үйымдар мен мекемелердің шыгыстары қағидада, жарғыда немесе өзге бекітілген құжатта қарастырылған олардың функционадцық қызметін қамтамасыз етуге бағытгалған. Шығыстардың қүрамы мен қүрылымы үйымның немесе мекеме қатысушыларыньщ қызмет бағьптарының біріне тиістілігіне (қатыс-тылығына), сондай-ақ бүл қызметті жүргізуде пайдаланылатын өдіске қарай анықталады.
Шаруашылык, есеп пен өзін-өзі өтеу негіздерінде іс-әрекет ететін үйымдар мен мекемелер жүмыстың қаржылық нәтижелерін есептеп, жоспарлайды және оларды кәдуілгі қаржы жоспарының немесе бизнес-жоспардың көрсеткіштерінде ресімдейді. Бүл жағдайда өндіріс пен қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындардың тізбесі материалдық өндіріс сферасында жинақталатынға ұқсас болып келеді, бірақ қүрылымында материадцық шығындардың үлес салмағы едәуір аз болып, еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мүқтаждарға аударылатьш аударымдарға (өлеуметтік салықты қоса) жүмсалатын шығындар басымырақ болады. Басқа құрылымдық ауытқу-лар болуы мүмкін, мысалы қымбат түратын жабдық пен приборларды пайдаланатын ғылыми мекемелерде амортизациялық аударымдардың үлесі үлкен болады. Бюджеттен ішінара қаржыландырылған жағдайда оның квлемі қаржы жоспарының үшінші бөлігінде — «Бюджеттен қаржы бұл» бөлігінде қаражаттарды балтар бойынша бөле отырып, белгіленеді.
Коммерциялық емес қызмет жүргізетін үйымдар мен мекемелер өздерінің қаржы жоспарларын өздері жасайды. Мүның үстіне тек бюджет қаражаттары есебінен қаржыланатын мекемелер шы-ғындардың смвталарын жасайды, онда мекеме қызметінің сипатты көрсекіштері және қаражаттарды баптар бойынша белу қамтып көрсетіледі, ал өздерінің қажетгіктерін бюджет қаражаттарымен ғана емес, қаржы ресурстарының басқа да түрлерімен қамтамасыз ететін үйымдар мен мекемелер шыгындар мен табыстардыц сметаларын жасайды.

- Коммерциялық емес ұйымдар қаржысы
- Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
- Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
- Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
- Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
- Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- Коммерция на примере "Агросеменная компания"
- Коммерциялық банктер қызметіне талдау
- Коммерциялық банктер қызметіне талдау
- Коммерциялық банктер қызметіне талдау
- Коммерциялық банктер маңызы мен қызметі
- Коммерциялық банктің активтік операцияларын басқару және оларды жетілдіру жолдары
- Коммерциялық банктің пайда болуы
- Коммерциялық емес мекемелер мен ұйымдардың қаржылары